МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ 3 страница





1.11. Сурет.Астыңғы жақтың бүйір күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінідісі; е, ж — тігінен кесіндісі

1.4.2. СҮЙІР ТІСТЕР ТОБЫ

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ ( 1.12 сурет)

 

Тіс сауыты Ірі, көбіне көп бес бұрышты, пішіні найза тәріздес. Кесу қыры негізгі төмпешіктердің еңістігінен құрылған. Ерін беті дөңестеу, тігінен білік орналасқан.
Тіс қуысы Медиодистальді бағытта созыла отырып тіс сауытының пішінін қайталайды және айқын шекарасыз түбір өзегіне ауысады.
Нұсқалар Сауыт пішіні кейде конус немесе трапеция тәріздес болып келеді.
Тіс түбірі Негізінен біреу, бүйір жағынан аздап қысыңқы келген конус тәріздес. Ьарлық тіс түбірлерінің ішіндегі ең ұзын түбір.
Тіс түбірінің өзегі Негзінен кең жақсы өтетін бір өзек болады.
Нұсқалар Кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.

1.12. Сурет.Үстіңгі жақтың сүйір тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі; е, ж — тігінен кесіндісі

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ (1.13 сурет)

 

Тіс сауыты Көлемі жағынан үстіңгі сүйір тістергі қарағанда кішілеу. Ерін беті дөңестеу, тілдік беті жазықтау және аздап иілген.Тілдік бетінде жақсы дамыған төмпешік бар
Тіс қуысы Сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральді көлемі медиодистальдіге қарағанда үлкендеу. Тіс қуысы бірден шекарасыз түбір өзегіне ауысып кетеді.
Нұсқалар Сауыт пішіні күрек тістер пішініне немесе астыңғы жақ кіші азу тістер пішініне ұқсас балуы мүмкін.
Тіс түбірі Үстіңгі жақ сүйір тістер түбіріне қарағанда қысқалау, біреу, медиодистальді бағытта қатты қысыңқы келеді. Апроксимальді бетіндегі сайлары жақсы дамыған
Тіс түбірінің өзегі Түбірі айырлануы мүмкін, бірақ бұл жағдайда екі түбір өзегі –вестибулярлы және тілдік өзектер анықталады. Түбірдің айыршықтануы тіс мойынынан бастап түбірдің әр деңгейінде болуы мүмкін.
Нұсқалар Кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.

 

1.13. Сурет.Астыңғы жақтың сүйір тістері: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі; е, ж — тігінен кесіндісі

1.4.3. КІШІ АЗУ ТІСТЕР ТОБЫ

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ ( 1.14 сурет)

 

Тіс сауыты   Вестибулярля бетінің алаңы таңдай бетіне қарағанда үлкендеу. Онда тігінен білік арналасқан. Вестибулярлы бетінің пішін үйлесімі сүйір тіске ұқсас. Вестибулярлы беті жанасу бетіне өткен кезде доғалданған бұрыш құрайды. Жанасу бетінің пішіндері үшбұрыш пішінді болып келеді. Дистальді жанасу беті медиальді бетіне қарағанда дөңестеу. Бүйір беттері ешқандай бұрыш жасамай таңдай бетіне ауысады. Окклюзиялық беті екі ұрттық және тілдік төмпешіктен құрылған. Ұрттық төмпешік көлемі жағынан үлкен. Төмпешіктер арасында жиектік айдаршыққа дейін жететін жақсы дамыған табиғи сызаттар (фиссура) орналасқан.
Тіс қуысы   Түбірі тіс мойынына жақын арада екіге бөлінсе көп дәрежеде ұртық төмпешігі оральді жаққа қарай иіледі.
Нұсқалар   Сауыт пішіні күрек тістердің немесе астыңғы жақ кіші азу тістердің пішініне ұқсас болуы мүмкін.
Тіс түбірі   Түбірі мезиодистальді бағытта қатты қысылған. Апроксимальді бетінде тігінен сайлар бар. Көбіне түбірі екіге бөлінген.  
Тіс түбірінің өзегі Тісте екі түбір өзегі болады. Таңдай өзегі ұрттық өзекке қарағанда кең.
Нұсқалар   Көбіне көп түбір ұшы бөлігінде, аздап орта және мойын бөлігінде екіге айырылады.

 



1.14.Сурет.Үстіңгі жақтың бірінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е— тігінен кесінді;

 

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУ ТІСІ (1.15 сурет)

 

Тіс сауыты Бірінші кіші азу тіске қарағанда аздап кішілеу. Ұрттық және таңдайлық төмпешіктерінің көлемі бірдей. Құрылымы, орналасуы, сызаттары, жиектік айдаршықтары, тесіктері бірінші кіші азу тіске ұқсас. Сауыттың вестибулярлы беті дөңестеу, тігінен білігі бар. Жанасу беттері де дөңестеу.
Тіс қуысы Пішін үйлесімі жағынан бірінші кіші азу тіске ұқсас, бірақ төмпешіктер жағындағы сайлары қысқалау. Тіс құысының ең кең бөлігі мойын деңгейінде орналасқан.
Нұсқалар Сауыттың вестибулярлы беті сопақ немесе бесбұрышты болуы мүмкін. Вестибулярлы төмпешіктің пішіндері ір түрлі болуы мүмкін.  
Тіс түбірі Көбіне түбірі біреу ұшы вестибулярлы жаққа қарай иілген конус тәріздес. Түбірдің медиальді және дистальді беттерінде сайлар бар.
Тіс түбірінің өзегі Тіс қуысы мойын бөлігінде тарылып өзек сағаларын құрайды және кең өзекке айналып кетеді.
Нұсқалар Кейде түбір мойыннан төмен деңгейде екіге айырылады. Өзектердің екіге айырылуы бір түбір кезінде де байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда түбір өзектері түбір ұшында бір немесе екі тесікпен ашылуы мүмкін.

1.15. Сурет.Үстіңгі жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е— тігінен кесіндіде түбір өзектерінің құрылымының нұсқалары

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ (1.16 сурет)

 

Тіс сауыты Вестибулярлы беті дөңестеу. Сауыттың дөңестік белгісі жақсы дамыған. Жанасу беттері де дөңестеліп біртіндеп тілдік бетке ауысады. Тілдік беті вестибулярлы беттен кішілеу. Окклюзиялық бетінде екі төмпешік бар. Тілдік төмпешігі вестибулярлы төмпешіктен кішілеу. Төмпеш Язычная поверхностьіктер бір бірінен сызаттар арқылы бөлінген. Жиектік айдаршығы жақсы дамыған.
Тіс қуысы Қуыстары медиодистальді бағытта қысылған. Пішіні сауыт пішінін қайталайды және екі сайының тілдік сайы анық бейнеленбеген.
Нұсқалар Кейде тілдік төмпешіктен ұрттық төмпешікке қарай бүйір жақтарынан тұйық тесік құрайтын кіреуке білігі пайда болады. Барлық кіші азу тістердің ішінде сауыт көлемі ең кіші тіс болып келеді.
Тіс түбірі Түбірі тік, алдыңғыартқы бағытта аздап жалпақталған. Медиальді және дистальді беттерінде түбірдің орта бөлігінде жақсы бейнеленген сайлар бар.
Тіс түбірінің өзегі Тістің мойын бөлігінде тіс қуысы біртіндеп түбір өзегіне ауысады. Өзек үстіңгі жарты бөлігінде өте кең, ал одан кейін түбір ұшына бағыттала келе конус тәрізденіп тарылады. Көлденең кесіндіде сопақ пішіндес.
Нұсқалар Кейде түбірде вестибулооральді орналасқан екі өзек болады.

1.16. Сурет.Астыңғы жақтың бірінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы ұрттық беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е,ж— тігінен кесіндіде түбір өзектерінің құрылымының нұсқалары

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ (1.17 сурет)

 

Тіс сауыты Бірінші кіші азу тіске қарағанда көлемі үлкен. Вестибулярлы және тілдік төмпешіктері жақсы бейнеленген және бер бірнен сайлар арқылы бөлінген. Жанасу беттері дөңестеу. Жиектік айдаршығы жақсы бейнеленген.
Тіс қуысы Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Қуыс алдыңғыартқы бағытта қысылғандықтан саңылау тәрізді пішіндес болып келеді.
Нұсқалар Үш төмпешігі болуы немесе одан да көп төмпешік болуы мүмкін. Көптөмпешікті болу кезінде ортаңғы сай әр төмпешіктке қарай тарамдар жасайды.
Тіс түбірі Тік, конус пішіндес.
Тіс түбірінің өзегі Тіс қуысы суқұйғыш тәрізденіп түбір өзегіне ауысады. Көп жағдайда алдыңғыартқы бағытта қысылған түзу бір өзек болады.
Нұсқалар Түбір ұшының үштен бір бөлігінде өзек екіге айыршақтануы мүмкін.

 

1.17. Сурет.Астыңғы жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы ұрттық беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е,— тігінен кесінді

1.4.4. ҮЛКЕН АЗУ ТІСТЕР ТОБЫ

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.18 сурет)

 

Тіс сауыты Ең үлкен және ірі тіс. Шайнау беті бұрыштары тегістелген ромб тәріздес. Төрт төмпешігі бар. Екі тілдік және ұрттық. Төмпешіктерді бһліп тұратын сызаттар Н әріпіне ұқсас. Ұрт жақ төмпешіктері конус тәріздес, ал таңдай төмпешіктері жатыңқы аздап тегістелген. Алдыңғы төмпешіктері артқы төмпешіктерге қарағанда үлкен. Сауыттың ұрттық беті таңдай бетінен үлкен.
Тіс қуысы Негізінен сауыт пішінін қайталайды. Қуыстың күмбезі дөңестеу және төмпешік аймақтарында 4 тереңділі сайлар бар. Тіс қуысының табанында түбір өзегі сағалары орналасқан.
Нұсқалар Алдыңғы таңдай төмпешігінде әр түрлі дәрежеде бейнеленген, бірақ шайнау бетіне дейін жетпейтін қосалқы төмпешік орналасқан. (Ауытқулы Карабелли төмпешігі).
Тіс түбірі Жақсы дамыған — конус пішінді, тік қатты таңдайға қарай иілген екіұрттық және бір таңдайлық үш түбірі бар. Ұрттық түбірі алдыңғыартқы бағытта жалпақтанған және алдыңғы, артқы деп бөлінеді. Артқы түбір ең қысқа.
Тіс түбірінің өзегі Түбір өзегінің сағалары тіс қуысының табанында үшбұрыш тәріздене орналасқан. Ең кең өзегі таңдайлық, алең тар өзегк ұрттық
Нұсқалар   Алдыңғы ұрттық түбірінде қосымша медиобуккальді түбір өзегі болады.

1.18. Сурет.Үстіңгі жақтың бірінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — көлденең кесінді; д — окклюзиялық беті; е, ж, з — өзектердің тігінен кесіндісіндегі құрылым нұсқалары;

 

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.19 сурет)

Тіс сауыты 4 нұсқалы құрылымы бар : — 1 нұсқа— тіс сауыты бірінші үлкен азу тіс сияқты, бірақ көлемі жағынан кішілеу. Бұл нұсқаға тән қасиет Карабелли төмпешіктерінің болмауы; — 2 нұсқа— тіс сауыты ромб пішінді болып келеді. Алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктердің жақынауы көрінеді; — 3нұсқа — алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктердің бірігуіне байланысты сауыт үш төмпешікті болып келеді; — 4 нұсқа — сауыт үшбұрыш пішіндес. Шайнау бетінде үш төмпешік бар. Біреуі таңдайлық , екеуі ұрттық.
Тіс қуысы Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды.
Нұсқалар Ең көп кездесетіні 1 және 4 нұсқа
Тіс түбірі Тіс үш түбірден тұрады — бір таңдайлық екі ұрттық
Тіс түбірінің өзегі Таңдай түбір өзегінің диаметрі ең үлкен. Өзектер алдыңғы артқы бағытта қысылған.
Нұсқалар Түбірлердің бір түбір болып қосылуы мүмкін. Кейде тек қана ұрт жақ түбірлер ғана бірігеді.

1.19. Сурет.Үстіңгі жақтың екінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — тігінен кесінді; ж, з,и — өзектердің көлденең кесіндісіндегітүбір өзектерінің сағасының орналасу нұсқалары;

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.20 сурет)

 

Тіс сауыты Үстіңгі жақ үшінші азу тіс азу тістер ішіндегі ең көлемі кіші тіс. Тіс сауытының пішіні әр түрде бейнеленеді. Көбіне көп окклюзиялық бетінде 3-4 төмпешік орналасады. Кешігіп шығуына байланысты (20–21 жаста) ақыл тіс деп аталады.
Тіс қуысы Тіс қуысының пішіні де саут сияқты әр түрде болады және сауыт пішінін қайталайды.
Нұсқалар Кейде сауыт көлемі бірінші азу тіс тің көлемі сияқты және 6-8 төмпешігі болуы мүмкін. Көбіне –көп тіс қуысы сауыт пішініне сәйкес келмейді.
Тіс түбірі Тісте басқа азу тістер сияқты үш түбір болады. Түбірлері бірігіп кетуі мүмкін. Көбіне –көп артқы ұрт және таңдай түбірлері бірігіп кетеді.
Тіс түбірінің өзегі Өзек сағалары үшбұрыш тәріздене орналасқан. Таңдай өзегі ең кең өзек.
Нұсқалар Түбірлер саны 1 ден 5 ке дейін болуы мүмкін. Түбірлердің әр түрлі бірігіп кетуі байқалады.

1.20.Сурет.Үстіңгі жақтың үшінші үлкен азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — көлденең кесінді; д - окклюзиялық беті; е — тігінен кесінді;

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.21сурет)

 

Тіс сауыты Астыңғы жақтағы азу тістердің ең үлкені. Тіс сауытының пішіні куб тәріздес. Вестибулооральді бағытта біршама ұзарған. Тістің окклюзиялық бетінде 5 төмпешік орналасады. Екеуі оральді, екеуі вестибулярлы, біреуі дистальді. Шайнау бетінде төмпешіктер арасымен өтетін екі сай бар: біреуі медиодистальді, ал басқасы вестибулооральді бағытта өтеді.  
Тіс қуысы Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Тіс қуысы күмбезі төмпешіктер проекциясы аймағында тереңдеу келеді. Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағында дөңестеу. Қуыстың табанында үш түбір өзегінің сағасы орналасқан.  
Нұсқалар Өте аз жағдайда шайнау бетінде 6 төмпешік болады: үш вестибулярлық және үш оральді.
Тіс түбірі Ережеге сәйкес екі түбір — медиальді және дистальді түбір  
Тіс түбірінің өзегі Дистальді түбірде кең бір өзек болады, медиальді түбірді –екі өзек, ұрттық және тілдік.
Нұсқалар Кейде дистальді түбірдің екіге бөлінген нұсқасы кездеседі. Бұл жағдайда түбір өзегі 4-еу болады. Түбірлердің бірігіп қосылуы өте сирек (2,3–5,0%) кездеседі. Сирек екі түбір өзегі болуы мүмкін.  

 

1.21. Сурет.Астыңғы жақтың бірінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — өзектердің көлденең кесіндісіндегі түбір өзектерінің сағасының орналасу нұсқалары;

ж — тігінен кесінді;

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.22сурет)

 

Тіс сауыты Негізінен екінші үлкен азу тістің пішіні бірінші азу тіске ұқсас. Көп жағдайда окклюзиялық бетінде 4 төмпешік орналасады: екі оральді және екі вестибулярлы. Вестибулооральді және медиодистальді бағытта төмпешіктер арасынан сайлар өтеді. Сайлар крест тәріздене орналасады.  
Тіс қуысы Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағынан дөңестеу және тіс мойынынан төмен орналасады. Тіс қуысы табанында өзектердің үш сағасы орналасады.
Нұсқалар Кейде 3 тен 6 ға дейін төмпешіктер болуы мүмкін. Үштөмпешікті нұсқа кезінде сайлар Y әріпі секілді, ал 4 төмпешікті нұсқа кезінде сайлар Х тәрізді.
Тіс түбірі Тіс екі түбірлі- алдыңғы және артқы. Дистальді түбір медиальді түбірге қарағанда қысқа және тарлау.
Тіс түбірінің өзегі Көп жағдайда үш өзек болады. Бір дистальді екі медиальді. Соның ішінде дистальді өзек ең кең өзек болып келеді.
Нұсқалар Түбірлер көп дәрежеде толықтай қосылып кетуі мүмкін. Ең жақсы дистальді түбір бейнеленеді. Өте аз екі өзектің қосылуы байқалады.

 

1.22. Сурет.Астыңғы жақтың екінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; д — окклюзиялық беті; г — көлденең кесінді;

е — тігінен кесінді;

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.23 сурет)

 

Тіс сауыты Тіс астыңғы жақтың ақыл тісі деп аталады. Тіс сауыты бірінші және екінші азу тістергі қарағанда аздап кішілеу. Сауыт пішіні куб тәріздес. Окклюзиялық бетінде 4-5 төмпешік орналасады.
Тіс қуысы Тіс қуысы толықтай сауыт пішінін қайталайды. Қуыс табанында өзек сағалары орналасады.
Нұсқалар Окклюзиялық бетінде 3 тен 6 ға дейін және одон көп төмпешіктер орналасуы мүмкін. Тіс қуысы пішін және көлемі жағынан сауыт параметріне сәйкес келмеуі мүмкін.
Тіс түбірі Түбірі екеу. Сауыты үлкен бола тұра түбірлері қысқа, бір- біріне жақын орналасады.
Тіс түбірінің өзегі Үш өзегі болады— екеуі алдыңғы түбірде ал біреуі артқы түбірде орналасады.  
Нұсқалар Түбірлері кейде бірігіп кетеді. Екі өзек болуы мүмкін.

 

 

1.23.Сурет.Астыңғы жақтың үшінші үлкен азу тіс: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —тігінен кесінді; ж — көлденең кесінді;

1.5. ТІС ҰЛПАСЫ.

Тіс ұлпасы (pulpa dentis-пульпа зуба) әр түрлі жасушалық элементтерден, жасушааралық заттардан, қан тамырларынан, нерв талшықтарынан, рецепторлық аппараттан тұратын күрделі дәнекертіндік ағза болып табылады.

Ұлпа тістің сыртқы анатомиялық пішінін қайталайды да сауыт және түбір ұлпасы болып бөлінеді. Тіс сауытында ұлпа шайнау бетінің рельефіне сәйкес келетін биіктік құрайды. Бір түбірлі тістерде тістің сауыт ұлпасы еркін түбір ұлпасына ауысады да түбір өзегіне 2-3 мм енеді. Түбір ұлпасы сауыт ұлпасына қарағанда тығыздау және құрамында капиллярлар, нерв талшықтары бар. Түбір ұлпасы түбір ұшы тесігі арқылы периодонтпен жалғасады.

Ұлпа қызметі:

• пластикалық қызметі — одонтобластардың қызметі әсерінен екіншілік дентинді тұрақты құрылуына қатысуы;

• трофикалық қызметі — одонтобластар мен қантамырлардың болуы әсерінен дентинді сұйықтықпен қамтамасыздық етуі;

• сенсорлық қызметі — ұлпа құрамында нерв талшықтарының көп болуы;

• қорғау және құру, түзелу қызметі — үшіншілік дентиннің, зақымдануға қабыну ретінде жауап беру, гуморальді және жасушалық реакцияның түзелу;

Тіс ұлпасының құрылымы

Тіс ұлпасының жасушалық құрамы 3 қабатқа бөлінген: шеттік (2–3 қатар одонтобласттар), аралық (жұлдызды жасушалар немесе преодонтобласттар) және орталық (фибробласттар, гистиоциттер, макрофагтар, лимфоциттер, плазматикалық жасушалар, толықша жасушалар (тучные клетки) .

Одонтобласттар — бұл ұлпаның жоғары дифференцияланған және арнайы жасушалары. Олар сопақша, алмұрт немесе ұзынша болып келеді. Орталық және шеттік өсіндісі болады. Орталық өсіндісі тіс ұлпасының шетінен шықпайды, ал шеттік дентинге еніп дентин түтікшелерінде орналасады.

Өсінділердің көп бөлігінің кіреуке –дентин байламына дейін созылуы оның сезімталдығының жоғары екенін түсіндіреді. Одонтобластардың негізгі қызметі дентин түзеуші болып табылады. Талшықты құрылымы негізінен коллаген талшықтарынан тұрады және окситаланды, аргирофильді талшықтарда болады. Тіс ұлпасында эластикалық талшықтар болмайды. Тіс ұлпасының негізгі заттары мукополисахаридтерден, мукопротеиннен, гликопротеиннен, гексозаминнен тұрады және жасушалық, талшықты құрылымдарды, қантамырлары мен лимфа тамырларын, нерв талшықтарынан құрамына жинақтайды.

Ұлпаның қанмен қамтамасыз етілуі жақсы дамыған жүйе. Негізгі артерия тамыры құрамында түбір ұшы тесігі арқылы ұлпаға енетін 2-3 көк тамырмен және бірнеше нерв талшықтарының қосарлануымен құрылған. .





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.