МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ 2 страница





Кіреуке органы мойыны эпителиі осы кезеңде толығымен сорылады және тіс ұрығының тіс пластинкасымен байланысы жойылып жартылай мезенхимаға ауысады.

III кезең, гистогенез — кіреуке, дентин, цемент және ұлпаның дамуы пайда болатын соңғы кезең. ( 1.3сурет).

Гистогенез кезеңі эмбриональді дамудың 3-ші айының соңында басталып тістер шыққанға дейін созылады. Осы кезеңде дентин одонтобластарының түзелуі басталады. Одонтобластар талшықтары алғашында тіс бүртікшесінің ұшында орналасатын коллаген және органикалық дентин матриксы компоненттерін синтездейді.

Пайда болған одонтобластардың шеттік өскіндері пайда болған коллагенмен жабылып дентин түтікшелерін қалыптастырады. Эмбриональді дамудың 5-ші айында дентиннің органикалық мариксінің минералдануы басталады. Алғашқы дентиннің пайда болуынан кейін кіреуке органының эпителиальді жасушасы есебінен пайда болған кіреуке, тіс бүртікшесі ұшында призматикалық құрылымда көрінеді.

Міне осындай құрылым энамелобластардың дифференциялануының бітуінен пайда болып Томс өсінідлерінің пайда болуымен және эндоплазматикалық торлы түтікшелердің көбейуімен, жасушалардың секреторлы қызметінің артуымен сипатталады.

 

1.3. Сурет.Гистогенез: 1 — ауыз кілегей қабық эпителиі; 2 — энамелобласттар; 3 — тіс кіреукесі; 4 — дентин; 5 —предентин; 6 — одонтобласт қабаты; 7 — тіс ұлпасы; 8 —кіреуке органының ұлпасы; 9 — сыртқы кіреуке органы;

 

Кіреукенің қалыптасу үрдісі екі кезеңде қүреді: алғашында призманың органикалық негізі пайда болады, ал содан кейін кіреукенің жетілуі.

Осы кезеңде энамелобластардың дифференциялануы ары қарай жүреді. Екі типті жасушалар қалыптасады.

I типтегі жасушалар кіреукенің бейорганикалық компоненттерін тасымалдауға қатысады. Бұл жасушалар құрамында кальций байланыстырушы ақуыздардың көп болуы тән.

II типтегі жасушалар кіреукеден органикалық заттарды және суды алып тастауды атқарады. Энамелобластардың қызметінің ең соңғы кезеңі кіреуке кутикулансының пайда болуына қатысуы.

Цементтің дамуы тіс түбірі дентині қалыптасқаннан кейін постнатальдық кезеңнен басталады. Мезенхима жасушаларында пайда болған цементобластар түбір дентині сыртын цемнтпен қоршай бастайды.

1.3. ТІС КІРЕУКЕСІНІҢ, ДЕНТИННІҢ, ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.3.1. КІРЕУКЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Кіреуке-эмаль(enamelum) организмдегі ең қатты тін болып саналады. Оның микроқаттылығы 1 мм2 алаңға 390 кг артық болып келеді. Кіреуке тіс сауытының сыртын қартап тұрады.

Кіреукенің қалыңдығы тіс сауытының әрбір аймағында әртүрлі және оның қалыңдығы кіреуке цемент байламында 0,01мм болса, шайнау беткейінде, төмпешіктерде 3,5мм құрайды.

Кіреукенің химиялық құрамы: су — 3,8%, органикалық заттар —1,2%, бейорганикалық заттар — 95%, соның ішінде кальций — 37%, фосфор — 17% құрайды.

Кіреукенің пайда болуы тіс бүртікшесі ұшында дентиннің пайда болуынан кейін басталады. I кезеңде энамелобласттар (амелобласт) коллаген типтес емес ақуыз — амелогениндерді және энамелиндерді бөледі.



Кіреукенің негізгі ақуызы барлық ақуыздардың 90% құрайтын энамелобласттар бөлетін амелогенин болып келеді.

Бұл ақуыздар гидроксиапатиттер кристалының ұзындыққы, қалыңдыққа, еніне қарай өсуін реттеп отырады деп есептейді. Кіреукеде ақуыздардың қабаттануымен қатар гидроксиапатит кристаллдарының пайда болуы кіреукенің минералдануына әсер етеді.

Бейорганикалық заттардың негізгі түсу көзі энамелобласттар болып табылады. Қайта қалыптасқан кіреуке көптеген органикалық заттардан тұрады. Кіреукенің даму барысында құрамындағы ақуыздар көптеп азая бастайды. Кіреукенің призмалық құрылымы энамелобластарда Томс өсінділерінің пайда болуынан бастап қалыптаса бастайды. . Олар кіреукеде заттың бағыттала қабаттану үрдісін реттейді және оны ары қарай ұйымдастырады. Сонымен қатар призманың қалыптасу кезіне гидроксиапатиттің кристалдарының бағытын реттеп отырады. Орталық бөлімде призма кристалдары ось бойымен орналасса, шет жақтарында ретсіз орналасады және призма осьіне тік бұрышпен бағытталуы мүмкін.Тістердің жарып шығуы барысында энамелобластар жетіледі де кіреуке беті жұқа қабықпен кутикуламен жабылады. Кіреуке призмасының диаметрі 4–6 мкм. Кіреуке призмасының негізі дентинкіреуке байланысында орналасады. Бұл байланыстан призмалар кіреукенің барлық қалыңдығына қарай тарала отырып тістің беткейіне дейін жетеді.

Кіреуке призмасының жолы шамамен тіс сауыты осіне негізінен радиальді орналасқандықтан өте күрделі болып келеді.Призманың ұзындығы S- тәрізді имектік болуына байланысты кіреуке қалыңдығынан аздап көп болады. Призмалардың имектігі нәтижесінде кіреукенің тігінен және көлденең кесінді шлифінде призмалардың әртүрлі оптикалық тығыздығы бар екендігі бірін бірі алмастырып отыратын Гунтер –Шрегер жолақтары деп аталатын ашық және күңгірт аймақтардың әсерінен туындайды.

Кіреукенің тығыздыну үрдісінің ерекшелігі онда Ретциус сызықтарының болуымен сипатталады. Бұл сызықтар тігінен кесінде шлифінде кіреукені қисық бағытта кесіп өтеді, ал көлденең кесінді шлифінде тіс беткейімен параллельді жүретін концентриялық шеңбер түрінде орналасқан.

Ретциус сызығы кіреукенің минералдану үрдісінің біртегістік емес екендігін сипаттайды және энамелобласттардың қызметінің тыныштау кезеңіне сәйкес. Бұл аймақтарда кіреуке аз минералданған. Ретциус сызығы дентинкіреуке шекарасынан басталып кіреукенің барлық қабатын қиғай өтіп кріеуке бетінде бір-бірінен өте терең емес төмпешікпен бөлінген білікпен аяқталады.

Сауыттың беткейін толықтай қоршап тұрған және параллельді қатармен орналасқан біліктер –перикимат деп аталады. Кіреуке призндімаларында оның тәуліктік минералдануын суреттейтін көлденең жолақтар бар. Призмалар көлденең кескінде көп пішінді, сопақша немесе дұрыс емес пішінді болып келеді. Призмалардың доға тәріздес түрі ең көп кездеседі. ( 1.4сурет).

а

1.4. Сурет.Кіреуке призмалары: а — көлденең кесіндіде доғатәрізді пішінді призма; б — тігінен кесінді;

Бұрын әр призманың айналасында құрамында органикалық материалдар өте көп призмааралық кеңістік деп аталатын қабықша бар деп есептеген.

Замануи зерттеу әдістері, мысалы электронды микроскопты қолдану барысы призмааралық аймақтың призмадан тек қана гидроксиапатиттердің кристалдарының орналасуымен ғана ерекшеленетіні анықталды. Кіреуке кристалдарының ұзындығы орташа 160, ені -40-69, ал қалыңдығы шамамен -1нм. Кіреукеде байланысқан гидратты судан басқа микрокеңістікте орналасқан бос денелі су кездеседі. Осы суды кіреуке сұйығы деп атайды. Болжамдау бойынша гидратты қабат және кіреуке сұйықтығы қоршаған ортамен және кіреуке кристалдары арасында иондық зат алмасуды қамтамасыз етеді. Қағидаға сүйенсек герероиондық зат алмасу да болуы мүмкін. Мысалы, гидросильді ион фтор ионымен алмасады да кіреукенің қышқылға беріктігін арттырады. Кіреукенің 75% дан астам апатиттері гидро-ксиапатит Са10(РО4)6(ОН)2 болып табылады. Фторапатит шамамен 0,7% құрайды. Гидроксиапатиттің құрамында кальций және фтордың молярлы қатынасы 1,67 құрауы, кіреукенің тісжегіге беріктігін қамтамасыз етеді. Бүтін кіреуке шлифінде кіреуке пластинкасы (ламеллалар)және кіреуке шоғырлары анықталады.

Кіреуке пластинксаы дентин-кіреуке байланысынан басталып тіс сауытының беткейіне дейін барады. Олардың ең көп орналасқаны тіс мойыны болып табылады.

Кіреуке шоғырлары дентин-кіреуке байланымын бойлай тек қана кіреукенің ішкі қабатында орналасады. Бұл өсініділер органикалық затқа бай кіреуке аймағы болып келеді.

Органикалық заттар ақуыздардан, липидтерден және көмірсуларынан тұрады. Аминдіқышқылды құрамы бойынша кіреуке ақуыздарын кератин тобына жатқызуға болады.

Дентин-кіреуке байланымы талшықты құрылым түріндегі дентинге және кіреукеге бойлай енген көптеген органикалық заттан тұрады. (1.5 сурет).

Тістің бетінде тіс жарып шыққаннан кейін ауыз қуысы ортасы мен тістің қатты тіндеріне әсер ететін әртүрлі құрылымды өсінділер болады.

Тіс жарып шыққанға дейін кіреуке беті екі қабаттан тұратын кутикуламен жабылып тұрады. Ішкі қабат, немесе біріншілік кутикула энамелобластардың бөліп шығару әсерінен пайда болған жұқа гомогенді қабық қалыптастыратын гликопротеиндерден құрылады.

Сыртқы қабат, немесе екіншілік кутикуланы жетілдірілген кіреуке мүшесінің эпителиі болып саналады. Тіс шыққаннан кейін ас шайнау нәтижесінде кутикула жойылып, жартылай тістің бүйір беткейлерінде және беткей асты қабатында сақталып қалады

 

1.5.Сурет.Дентин-кіреуке байланысы: 1 — кіреуке; 2 —

дентин; 3 — дентин-кіреуке байланысы

Кіреуке беткейінде пелликула қалыптасады. (жүре пайда болған кутикула). Ол негізінен сілекеймен араласу кезінде пайда болған ақуызды-көмірсулы кешеннен тұрады. Бұл қабық кіреукеге қышқылды диффузияның және кальций, фосфат ионының кіреукеден шығуына кедергі жасайды.

1.3.2. ДЕНТИН ҚҰРЫЛЫМЫ

Тістің негізгі құрамы дентиннен тұрады. Сауыт бөлігіндегі дентин кіреукемен, ал түбір бөлігіндегі дентин цементпен жабылған. Дентиннің 70% дан көбі бейорганикалық заттардан тұрады. Дентиннің негізгі заттары диаметрі 1–5 мкм болатын дентин түтікшелеріне енген. ( 1.6 сурет). Тіс ұлпасынан түтікшелер кіреуке және цементке қарай шеңберленген бағытпен жүреді. Дентин түтікшелерінің диаметрі орталықтан шетке қарай кішірейеді. Қалыпты жағдайда олардың саңлауы одонтобласт өсінідлерімен толыққан. Дентиннің негізгі заттары құрамында коллаген талшықтары болады. Тіс тіндерінің қалыптасуы кезінде пайда болған дентин біріншілік дентин деп аталады. Ұлпамаңындағы дентин — ішкі, дентин қабатының ең қалың қабаты. Онда коллаген талшықтары негізінен тангенциальді орналасқан және олар Эбнер талшықтары деп аталады.

а б

1.6.Сурет.Дентин түтікшелері: а — тігінен кесінді; б — көлденең кесінді;

 

Гидроксиапатиттің кристалдары дентинде оптикалық микроскоппен көрінетін глобул түрінде жиналады. Глобулдер әртүрлі көлемде болады: сауыт бөлігінде ірілеу, ал түбір аймағында ұсақтау болады. Глобулдер арасында минералданбаған дентин аймағы –интерглобулярлы дентин орналасады. Оның глобулярлы дентиннен айырмашылығы кальций тұздары болмайды. Интерглобулярлы дентин аймағында дентин түтікшелері өз бағытын өзгертпестен үзілмей жүріп отырады. Тіс түбірі аймағында дентин-цемент байланысы маңында интеглобулярлы дентин өте ұсақ тығыз орналасып, күңгірт жолақты дәнді Томс қабатын құрайды. Одонтобласт қабатына жататын ұлпамаңындағы дентиннің жартысы предентин деп аталады. Предентин қатаймаған немесе толық минералданбаған, оның қалыңдығы 10-50мкм. Предентин құрамында дентин түтікшелеріне перпендикулярлы бағытталған коллаген талшықтары болады.Предентин адам өмірінің барлық уақытында түзіледі. Жаңа қабаттардың пайда болуына қарай ескі қабаты минералданады. Предентиннің тұрақты қабаттану нәтижесінде тіс қуысы біртіндеп тарыла бастайды.

Тістер шыққаннан кейін пайда болған дентин екіншілік дентин деп аталады. Екіншілік дентин құрылымы аздап дұрыстаулығы оның дентин түтікшелерінің бағытының реттілігімен және олар қалыпты жағдайға қарағанда тарлау , саны жағынан аз болып келеді.

Тісжегі кезінде, тістің қатты тіндерін егеуде, тістің қатты тіндерінің қажалуында одонтобластар өсіндісінің тітіркенуі жаңадан бір үлес дентиннің түзілуіне әсер етеді. Оны екіншілік (үшіншілік) орынбасушы дентин деп жүйелейді. Бұл дентинәртүрлі құрылымды болады.Онда дентин түтікшесі бар немесе толығымен жоқ аймақтар да, сонымен қатар бейберекет тәртіпсіз орналасқан коллаген талшықтары да кездеседі. Міне сондықтан осындай дентинді иррегулярлы, немесе дұрыс құрылымнан айырылған дентин деп те атайды. Баяудамыған тісжегіде, тісті одонтоегеуде, тістің қатты тіндерінің қажалуында одонтобластар өсіндісінің төмендеуі нәтижесінде интерглобулярлы дентиннің минералдануы мүмкін.

Осы кезде дентиннің минералданған қабаты түзіледі. Егер сәуле түсіріп қарайтын болса ол ақшыл, мөлдір түстес болып көрінеді. Мұндай дентин мөлдір немесе тығыздалған дентин деп аталады. Тісжегіде, тістің қатты тіндерінің тез қажалуында және тістерді егеп тазалау кезінде одонтобласттардың бір бөлігінің жойылуы және ұлпаға жақын орналасқан дентин түтікшелерінің иррегулярлы дентинмен алмасуы мүмкін.

Түтікше ішіндегілер ыдырауға ұшырайды. Мұндай түтікшелер сәулемен қарағанда қара болып көрінеді және ол өлі жол деп аталады. Дентиннің осы аймағындағы сезімталдық төмендейді.

1.3.3. ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Цементтүбір дентинін толықтай жауып жатқан тығыз, қатайған тіс тіні болып табылады. Цементтің қалыңдығы тістің мойын бөлігінде 20-50 мкм болса, ал түбір ұшына қарай бағытында цемент қабаты қалыңдап 1500 мкм құрайды. 60% жағдайда цемент кіреукемен қабаттасады, ал 30% кіреукемен түйісе орналасса, 10% жағдайда цемент және кіреуке жиегінде ашық дентин аймағы қалады. Кіреуке-цемент байланысы әр тістер тобында және бір тістің әр беткейінде бірдей емес. Цемент өзінің құрылымы және химиялық құрамы жағынан дөрекіталшықты сүйекке ұқсас келеді, бірақ

сүйектен айырмашылығы қан тамырлары болмайды.

Цементтің бейорганикалық бөлігін 50–60% гидроксиапатиттің кристалдарынан тұрса; ал органикалық бөлігі негізінен I типтегі коллагеннен тұрады. Цементтің сүйектен айырмашылығы сүйекте қалыпты жағдайда сорылу үрдәсәмен қатар жаұа сүйек тінінің қалыптасуы жүретін болса, ал цементте сорылу үрдісі жүрмейді.

Цемент коллагені периодонттағы цементобластардан және фибробластардан құрылады және ол жалғыз пайда болу көзі болап табылады. Цементобластар ішкі коллаген талшықтарын, ал фибробластар сыртқы коллаген талшықтарын түзейді. Ішкі диаметрі кіші талшықтарцементтің өзіндік талшықтары цементтің беткейімен параллельді жүріп отырады. Сыртқы талшықтардың диаметрі үлкен, периодонта қалыптасып, шарпеев талшықтары түрінде цементке еніп оның беткейіне тік бұрышта жүреді. Бұл талшықтар тістің альвеолада мықты тұруын қамтамасыз етеді.

Жасушалықсыз немесе біріншілік және жасушалық-екіншілік цемент болып бөлінеді. ( 1.7сурет).

Жасушаллықсыз цементте жасуша болмайды. Ол жұқа қабатпен тістің мойын бөлігін және түбірдің бүйір беткейін жабады.

Онық қалыңдығы 30–50 мкм құрайды. Жасушалық цемент түбірдің түбір арасында және түбірдің ұшы бөлігінде орналасады және саны жағынан өте көп жасушалы өсінділері бар цементоциттерден тұрады. Цементоцит цементте және цементобласт қалыңдығы арасында цемент беткейінде орналасады. Жасушалық цемент жасушалықсыз цемент қабатында немесе тікелей дентинде де орналасуы мүмкін.

Жасушалықсыз цементке қарағанда жасушалық цемент тез түзіледі және цементобластар цементоциттерге ауысып отырады. Цеменнтоциттер –бұл ірі ядролы және көптеген тармақталған өсінідісі бар жасушалар. Терең қабаттарда цементоциттер тез өліп, өзінен кейін лакун қалдырады. Периодонтқа жақын қабаттарда бұл жасушалар жақсы қызмет етеді және цементобластармен ұқсастығы бар. Цементобластар цементтің пайда болуын қамтамасыз ететін белсенді жасушалар болып саналады. Цементтердің көп түзілуі гиперцементозға алып келеді.

 

 

Рис. 1.7.Тіс цементі : 1 — жасушалықсыз цемент; 2 — жасушалы цемент; 3 — Дәнді Томс қабаты; 4 — дентин

 

11.4. ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.4.1. КҮРЕК ТІСТЕР ТОБЫ

ОРТАЛЫҚ (МЕДИАЛЬДІ) ЖОҒАРЫ ЖАҚ КҮРЕК ТІСТЕР( 1.8сурет)

 

Тіс сауыты Күрек тістер тобындағы ең ірісі. Сауыты жиегі тегіс күрекке немесе қашау тіріздес . Ерін беткейі дөңестеу, пішіні ұзынынан созылған төртбұрышқа немесе кесу қыры негізінде трапецияға ұқсас. Вестибулярлы беткейінде сауыттың орта бөлігінен басталып кесу қырына дейін баратын тігінен екі сай орналасады.Тіл беткейі үшбұрышты пішінді болып келеді. Жиектік біліктер бірігіп сауыт негізінде төмпешік құрайды.
Тіс қуысы Тіс қуысы тістің сыртқы пішінің қайталайды және пішіні қысыңқы келген үш бағытта кесу қырына бағытталған үшбұрышты саңлауға ұқсайды. Өзекке қарай бағытталған сайын қуыс тарылады және шеңберленіп түбір өзегіне ауысады.
Нұсқалар Тіл жағынанан жиектік біліктері әртүрлі дәрежеде дамуы мүмкін. Кейбір жағдайда сауыт квадрат немесе аздап сопақтау болады.
Тіс түбірі Тік, қырлары тегістелген төртбұрышты пішіндес. Түбірдің бүйір беткейі аздап дөңестеу, тігінен терең емес сайы бар.
Тіс түбірінің өзегі Түбір өзегі тіс қуысының жалғасы болып келеді. Түбір бойымен өзек тігінен орналасқан және түбір ұшы доғалданған анық көрінетін тесікпен аяқталады. Түбір өзегінің сағасы тарылған.
Нұсқалар 6% жағдайда түбір қисайған.Түбір өзегінің тармақтана түрленуі әр түрлі болып келеді. Түбір ұшында бірнеше тесіктер болуы ықтимал.Түбір өзегі вестибульярлы немесе дистальді бағытқа қарай ауытқуы мүмкін.

 

1.8. сурет.Үстіңгі жақтыңмедиальді күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай жақ беті; в — бүйір жақ беті; г — окклюзиялық беті; д — тігінен кесінді; е — көлденең кесінді;

 

ЖОҒАРЫ ЖАҚ БҮЙІР КҮРЕК ТІСТЕР(1.9 СУРЕТ)

Тіс сауыты Пішіні бойынша орта күрек тістерге ұқсас, бірақ көлемі жағынан аздап кішілеу. Вестибулярлы бетіндегі сайлары нашар дамыған. Әйелдерде таңдай бетіндегі жиектік айдаршықтары жақсы дамыған. Таңдай төмпешіктердің жиектік айдаршыққа қосылатын тұсы жақсы дамыған. Тұйық тесік тілдік төмпешіктің алдында орналасқан.
Тіс қуысы Көлемі жағынан кішілеу, сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральдық бағытта қуыстың тарылуы байқалады.
Нұсқалар Сауыттың пішінінің көптеп түрін өзгеру байқалады. Кейбір күрделеніп дамуы кезінде бүйір күрек тістің тістеу қыры үшкірленеді және көрші тістен көлемі көп кішілеу болады.
Тіс түбірі Конус тәріздес, медиодистальді бағытта өте қысыңқы келеді. Түбір ұшы үшкірлеу және оральді жаққа қарай ауытқыған. Көлденең кесіндіде түбір сопақша пішіндес.
Тіс түбірінің өзегі Сауыт қуысының түбір өзегіне ауысатын аймағында айқын шекара жоқ. Түбір өзегі көп жағдайда дистальді жаққа қарай иілген немесе ауытқыған. Түбірдің көлденең кесіндісінде өзек диаметрі вестибулооральді бағытта медиодистальді бағытқа қарағанда үлкен.
Нұсқалар Түбір ұшы дистальді және вестибулярлы жаққа қарай ауытқуы мүмкін.

1.9. Сурет.Үстіңгі жақтың бүйір күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — тігінен кесінді; е — көлденң кесінді;

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ МЕДИАЛЬДІ КҮРЕК ТІСІ ( 1.10 сурет)

 

Тіс сауыты Тістер тобындағы ең кіші тістер. Тіс сауыты тар қашауға ұқсас. Бүйрлену көрінісі толықтай сипатталмағаң. Кіреуке біліктерінің беткейлік тік рельефі, тілдік төмпешіктері, жиектік айдаршығы тегістелген. Кесу қыры түзу.
Тіс қуысы Тіс қуысы қарсы жазықтықта орналасқан және пішіні үшбұрышты саңылау тәрізді, бірақ біртіндеп суқұйғыш тәріздітүбір өзегіне ауысады
Нұсқалар С ауыттың сопақша немесе трапеция пішінді нұсқалары кездеседі. Тістеу қыры төмпешіктерінің сандық және даму дәрежесі ауытқып тұрады.
Тіс түбірі Тік, медиодистальді бағытта қатты қысыңқы келеді. Түбірдің медиальді және дистальді бетінде сайлар болады. Түбір көлденең кесіндіде бүйір жағынан қысылған сопақ пішіндес.
Тіс түбірінің өзегі Түбір өзегі орта бөлігінде вестибулярлы және оральді өзектерге бөлінеді де түбір ұшы маңында бір өзекке айналады. Түбір ұшы тесігі біреу.
Нұсқалар Түбір өзектері өте аз жағдайда байланыспайды және түбір ұшында екі апикальді тесікті болуы мүмкін.

1.10. Сурет.Астыңғы жақтың медиальді күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —көлденең кесінді; ж, з — тігінен кесіндіде түбір өзегінің құрылым нұсқалары;

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БҮЙІР КҮРЕК ТІСТЕРІ ( 1.11сурет)

 

Тіс сауыты Пішіні жағынан орта күрек тістен өзгешелігі аз. Орта күрек тіске қарағанда көлемі үлкендеу. Сауыттың вестибулярлы беттерінде біліктері, жиектік айдаршағы және тілдік төмпешіктері орта күрек тіске қарағанда жақсы дамыған.
Тіс қуысы Сауыт пішінін қайталайды. Тістің мойын бөлігіне бағыттала біртіндеп тарылады да түбір өзегіне жалғасады.
Тіс түбірі Тік, жалғыз. Мезиодистальді бағытта аздап қысылған. Түбірдің дистальді бетінде сайлары жақсы дамыған. Көлденең ксіндіде бүйірінене қысылған сопақ тәріздес болып көрінеді.
Тіс түбірінің өзегі Негізінен өзегі біреу, медиодистальді бағытта қысылған.  
Нұсқалар Түбірдің орта бөлігінде өзек екіге айырылуы мүмкін.

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.