Комбинирленген эстроген -гестагенді препараттар Тақырып бойынша тест жауаптары: « Гинекологияда зерттеу әдістері» 1-2 2-2 3-2 4-3 5-1 6-4 7-4 8-1 9-4 10-1 1. Тақырып: Бедеу неке. Аралық бақылау. 2. Мақсаты: Теориялық білім алу негізінде сабаққа дайындалу кезінде студенттердің анамнез жинағанда бедеу некені тудыратын факторларды,клиникасын және диагностикасын анықтау. Емдеу тактикасын таңдау. Берілген тақырып бойынша білімді және тәжірибелік дағдыларды бекіту. 3. Оқытудың міндеттері: Студент білу керек: 1. репродуктивті жүйенің және жыныс мүшелерінің анатомиялық физиологиялық,жастық және жыныстық ерекшеліктерін 2. бедеу некенің себептерін 3. түтікшелік бедеуліктің диагнотикалық әдістері мен емін 4. эндокриндік бедеуліктің диагнотикалық әдістері мен емін Студент істей білу керек: 1. анамнез жинау,патологиялық деректердің жинағын құрастыру 2. жалпы және гинекологиялық зерттеуді жүргізу 3. науқастың тексеру жоспарын құру 4. қосымша зерттеу мәліметтері нәтижелерін бағалау 5. емін тағайындау 4. Тақырыптын негізгі сұрақтары: 1. бедеу неке түсінігі 2. бедеулікке әкелетін себептер 3.әйел бедеулігі 4.әйел бедеулігі жіктелуі 5.әйел бедеулігі клиникалық көрінісі 6.әйел бедеулігі диагностикасы 7.әйел бедеулігі емі 8.еркек бедеулігі 9.еркек жыныс мүшелерінің анатомиясы 10.еркек бедеулігінің жіктелуі 11.еркек бедеулігінің диагностикасы 12. спермограмма 13. жасанды инсеминация 14. экстракорпоральды ұрықтандыру 15. еркек бедеулігінің профилактикасы 16 комплементарлы медицина бойынша әйел бедеулігінің ем шарасы. 17 .Дәлел медицина бойынша бедеуліктердің ем шаралары. 5. Оқыту және сабақ беру тәсілдері: аз топтар 6. Әдебиет: 1. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология/ А.Т. Раисова, Р.Г.Нуркасымова.-Алматы: Асем-Систем,2006.-296 б. 2. Укібасова Т.М. Акушерия бойынша фантомдық курс: Оқу құралы/Т.М. Укібасова, А.Б.Тусіпкалиев;-Актөбе, 2008.-172 б. 3. Акушерияға кіріспе/Х.Н.Нуржанов. – Алматы: КазУМУ, 2002.-92 б. 4. Бейсембаева Р. Акушерия/Р№Бейсембаева. – Алматы: Білім, 2004, 2006 5. 17.01.12 жылдан бекітілген Санитарлы ережелер « Денсаулық Сақтау обьектілеріне қойылатын Санитарлы-эпидемилогиялық ». 6. 15.02.13 жылдан «Республикалық бюджеттің есебінен медициналық мекемелердегі кепілдендірілген көмек аясындағы медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау». 7. 08.01.13 жылдан «Медициналық мекемелердегі кепілдендірілген көмек аясындағы ұсынылған медициналық қызметтің төлемақысы ». 8. 23.04.13 жылдан «ҚР медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арнлаған қол жуу ережелеріне арналған әдістемелік». Қосымша әдебиет: 1 . A.D.A.M. Medical Encyclopedia. Infertility.Inability to conceive; Unable to get pregnant.Last reviewed: February 8, 2013. 2 .American Society for Reproductive Medicine. Diagnostic evaluation of the infertile female: a committee opinion. Fertil Steril. 2012;98:302-307 3. American Society for Reproductive Medicine. Diagnostic evaluation of the infertile male: a committee opinion. Fertil Steril. 2012;98:294-301. 4. Bulun SE. Physiology and pathology of the female reproductive axis. In: Melmed S, Polonsky KS, Larsen PR, Kronenberg HM, eds. Williams Textbook of Endocrinology. 12th ed. Philadelphia, PA: Elsevier Saunders; 2011:chap 17. 5. Lobo RA. Infertility: etiology, diagnostic evaluation,management, prognosis. In: Lentz GM, Lobo RA, Gershenson DM, Katz VL, eds. Comprehensive Gynecology. 6th ed. Philadelphia, PA: Elsevier Mosby; 2012: chap 41 6. Mascarenhas MN, Flaxman SR, Boerma T, Vanderpoel S, Stevens GA (2012) National, Regional, and Global Trends in Infertility Prevalence Since 1990: A Systematic Analysis of 277 Health Surveys. PLoS Med 9(12): e1001356. doi:10.1371/journal.pmed.1001356 7. Айламазян Э.Г. Акушерство – учебник для студентов мед.ВУЗов. Санкт-Петербург. – 2005 г. 8. Савельева Г.М., Акушерство: учебник/Г.М.Савельева, Р.И.Шалина (и др.).-М.:ГЭОТАР-Медия, 2009.-656 с. 7. Бақылау 1. Әйел бедеулігінің ең жиі кездесетін формасы: 1. Түтікшелік 2. Эндокринді 3. Иммунологиялық 4. Репродуктивті жүйедегі анатомиялық бұзылыстарға байланысты бедеулік 5. Перитонеальды 2. Бедеу жұпты тексергенде ең бірінші көрсетіледі: 1. Гистеросальпингография 2. Қынап жағындысын цитологиялық зерттеу 3. Базальной температураны өлшеу 4. Эндометрий биопсиясы 5. Сперманы зерттеу 3. Түтікшелік-перитонеальды бедеулік диагностикасында ең ақпаратты әдіс: 1.Кимографиялық пертубация 2.Гистеросальпингография 3.Трансвагинальды эхография 4.Хромосальпингоскопиямен лапароскопия 5.Биконтрастты пельвиография 4. Эндокринді әйел бедеулігі диагностикасында ең бірінші : 1. Шуварского-Хупер тесті 2. Курцрока-Миллер тесті 3. Функциональды диагностика тесті 4. Гистероскопия 5. Кульдоскопия 5. Эндокринді бедеулік сипатталады: 1. Овуляцияның бұзылысы 2. Антиспермальды антиденелердің болуы 3. Гениталийдің анатомиялық өзгерістері 4. Жатыр түтікшелерінің гипертонусы 5. Хромосомалық аномалиялар 6. Түтікшелік бедеулік кезінде пертубацияға қарсы көрсеткіш. 1.Қынап тазалығының 1 дәрежесі 2.Қынап тазалығының 2 дәрежесі 3.Қынап тазалығының 3,4 дәрежелері 4.Қынап тазалығының 1,2 дәрежелері 5.Қынап тазалығының 2,3 дәрежелері 7 Науқас К…, 25 жаста екіншілік бедеулік бойынша тексеруден кейін 1 жыл ішінде жатыр түтіктерінің ампулярлы бөлігінің өтімсіздігі анықталды.Ең алдымен жүргізілетін ем: 1. Физиотерапиялық 2. Гидротубация 3. Хирургиялық 4. Антибиотиктермен бірге гоновакцинамен провакация 5. Пирогеналмен провокация 8. Біріншілік бедеулік дегеніміз- 1. балалардың болмауы 2. жүктіліктің болмуы 3. анамнезінде бір өздігінен түсіктің болуы 4. анамнезінде бір медициналық түсіктің болуы 5. анамнезінде бір босанудың болуы 9. Бедеу неке,егер контрацепциясыз жыныстық өмірдің болуы : 1. 0,5 жыл 2. 1 жыл 3. 2,5 жыл 4. 3 жыл 5. 5 жыл 10. Овуляциядан кейін жұмыртқа жасушасының ұрықтануға қабілеттілігі: 1. 6 сағат 2. 12-24 сағат 3. 3-5 тәулік 4. 10 тәулік 5. 15 тәулік Тақырып бойынша тест эталондары: Бедеу неке 1.1 2.5 3.4 4.3 5.1 6.3 7.3 8.2 9.2 10.2 Аралық бақылау: 1 нұсқа 1.Дәрігер гонореялы этиологиясы бар сальпингоофориті анықтағанда қандай тактика жүргізеді: 1. Лезде қосалқыларды алып тастау 2. Комплексті антибактериальды терапия 3. Глюкокортикоидты препараттармен терапия 4. Циклді гормонотерапия 5. Дерматовенерологиялық стационарда емдеу 2.Созылмалы бейспецификалық өршіген ауырсыну формалы сальпингитті емдеу: 1. Антибактериальды флораға сезімталдықпен , витаминотерапия, энзимдер, иммуномодуляторлы, стеройдты емес қабынуға қарсы препараттар, анальгетиктер 2.антибиотиктер, физиоем 3.Иммуностимуляторлар, біркелкі физиоем, стеройдты емес қабынуға қарсы препараттар, сорып алу терапия , балшықпен қоса 4. Физиоем, санаторлы-курортты ем 5.активті сорып алу терапиясы , гинекологиялық массаж 3.Әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларында болады: 1.Микроорганизм ассоциацияларының көп болуы, аэробтардың өте көп болуы 2.Аэробтардың өте көп болуы 3.Хламидия және микоплазма болуы 4. Беткей эпителийдің парабазальдыдан көп болуы 5.Лактобацилла ұлғаюы 4.Альгоменорея таралуы келесі жаста көп болады: 1. 9-14 жас 2.14-44 жас 3.14-25 жас 4. Әртүрлі жаста 5.44 жастан және жоғары 5. Бартолин безі кистасы бар науқасқа тағайындалады: 1. УФО 2.қабыну процесстің тек өршу кезеңінде емдеу 3. Оперативті ем, ремиссия кезеңінде бартолин без кистасын сорыпп алу 4.қынап лактофлорасын стимулдейтін эубиотик 5.төсекті режим, ішінің төменгі жағына мұз 6.Жатыр қосалқыларының қабыну іріңді түзілісі кезінде не жасалады: 1. Артқы күмбез арқылы пункция, іріңді қуысты ашу және антибиотик енгізу 2. Хирургиялық ем 3.Пирогеналмен терапия 4. Гоновакцинамен терапия 5. Құрсақ – сегізкөз әдісі бойынша цинкпен электрофорез 7.Кольпит диагностикасында негізгі симптом болып: 1. Жыныс жолдарынан бөліністер 2. Қынап гиперемиясы және шырыштының ісінуі 3.Анамнезінде цервицит және псевдоэрозияның болуы 4.Іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы 5. Қан анализі өзгерістері 8. Еркек бедеулігінің жиі себебі: 1. Рубцовые изменения семявыводящих протоков 2. Уретра даму ақау 3. Басынан қабыну аурулар өткізген (орхит) 4. Жыныстық әлсіздік 5. Ионизирлеуші радиация әсері 9. Аменорея- бұл етеккірдің қанша уақыт келмеуі 1. 1 ай 2. 2 ай 3. 6 ай және көп 4. 1 жыл және көп 5. 2 жыл 10. Бедеулік- ретті жыныстық қатынаста контрацепция қолданусыз жүктіліктің болмауы қай уақыт мерзімінде: 1.12 ай 2. 24 ай 3. 18 ай 4. 6 ай 5. 10 ай 11.22 жастағы науқас, дизурия симптомымен, қынаптағы қышу және ашу сезімімен, цервикалды каналдан іріңді кілегей тәрізді бөліністің бөлінуімен шағымданып ауруханаға түсті. Бұл шағымдармен қоса тонзиллит және стоматит симптомдары бар. Объективті қарауда: цервикалды канал мен уретра кіреберісінде гиперемия және ісіну байқалады. Болжам диагноз : 1.Хламидиялық цервицит 2.Вагиналды кандидоз 3.Төменгі бөлімнің гонореясы 4.Трихоманадты вагинит 5.Жоғарғы бөлімнің гонореясы 12.28 жастағы науқас, бас ауруы, t 38С, қалжырау, миалгия, жүрек айну, жайсыздық, ұйқышылдық, шамадан тыс тітіркендірушілік, шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданып ауруханаға түсті. Қышу және ашу сезімі. Объективті зерттеуде: сыртқы жыныс ағзаларының , қынаптың және жатыр мойнының тері жабындысында көпіршікті бөртпелер анықталады. Болжам диагноз: 1.Хламидиялық цервицит 2.Трихоманадты вагинит 3.Төменгі бөлімнің гонореясы 4.Генитальды герпес 5.Жоғарғы бөлімнің гонореясы 13.Науқас К., 32 жаста, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы, жыныс жолдарынан қанды бөліністің бөлінуі және 5 апта бойы етеккірінің келмеуіне шағымданып поликлиникаға қаралды, жүктілікке тест тапсырды, нәтижесі – оң.Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттары бозғылт, тахикардия, АҚ 100-/80 мм.с.б.,іші желденген, пальпация кезінде ауырсынады. Гинекологиялық зерттеу: сыртқы жыныс мүшелерінің цианозы, цервикальды каналдан күңгірт мардымсыз қанды бөлініс. Жатыр жұмсарған, сыртқы аран жабық. Лабораториялық мәліметтер: Hb 80 мм/л, лейкоциттердің солға жылжуы, ЭТЖ 21 мм/сағ. Қосымша зерттеулер: 1.УДЗ, жатырды қыру, артқы күмбездің пункциясы, лапароскопия, эндоскопия. 2.УДЗ, жатырды қыру, эндоскопия. 3.УДЗ,жатырды қыру. 4.Артқы күмбезді пункциялау, лапароскопия. 5.Лапароскопия, УДЗ. 14.Жыныс жолдарынан ірімшік тәрізді бөліністің болуы қай аурудың клиникалық көрінісі болып табылады? 1. Урогенитальды хламидиоз 2.Вагинальды кандидоз 3.Төменгі бөлімнің гонореясы 4.Трихомонадты вагинит 5.Жоғарғы бөлімнің гонореясы 15. Бұл ауруға артрит, коньюктивит және уретрит үштігі біріктірілген Рейтер ауруын жатқызуға болады. 1. Урогенитальды хламидиоз 2.Вагинальды кандидоз 3.Төменгі бөлімнің гонореясы 4.Трихомонадты вагинит 5 .АҚТБ (СПИД) 2 нұсқа 1. Бедеулік болуы мүмкін: 1. Абсолютті және салыстырмалы 2. Жедел және созылмалы 3. Жеңіл және ауыр 4. Типті және атипті 5. Туа пайда болған, препубертатты, постпубертатты 2. Әйел бедеуліктің кездесетін жиі себебі: 1. Овуляция бұзылысы 2. Түтікше- перитонеальды фактор 3. Әртүрлі гинекологиялық аурулар 4. Бедеуліктің иммунологиялық себебі 5. « Түсіндіре алмайтын » бедеулік 3. Экстракорпоральды ұрықтануға абсолютті көрсеткіш 1. Жатыр түтікшелерінің болмауы немесе өткізгіштің болмауы. 2. Жатыр түтікшелерінің платикалық операциясы, егер операциядан кейін 1 жыл өтсе, ал жүктілік болмаса 3. Эндометриоздың кейбір түрлері 4. « Түсіндіруге келмейтін » 5. Иммунологиялық бедеулік 4. Климактерикалық синдром дегенімі: 1. Репродуктивті жастағы әйелдерге болады, тотальды және субтотальды овариоэктомиядан кейін 2. Әйел өмірінің уақытша аралығы, репродуктивті және етеккір циклының тоқтауы 3. Тек қана етеккір циклының бұзылуымен көрінетін синдром 4. Етеккір циклы кезінде ауырсынумен нейровегетативті бұзылыстармен сипатталатын синдром 5. Жатыр түтікшелерінің анатомо- функйиональды бұзылыстармен сипатталатын синдром 5.Түтікшелі – перитонеальды факторға бедеулік болса , жатыр түтікшелер өткізгіштігін зерттеу тәсілі: 1. УДЗ 2.гистероскопия 3. Гистеросальпингография 4.УФО 5. Рентгеноскопия 6.Посткастрационды синдромының негізгі клиникалық көріністері: 1.көңіл аудару концентрациясысының төмендеуі 2.Полидипсия 3.Семіру 4.диспепсиялық бұзылыстар 5.Вегетотамырлы симптомдар 7. Адреногениталды синдром анықталғаннан кейін емді бастау керек: 1.Диагноз қоя салысымен 2.Еттеккір функциясы қалпына келгеннен кейін 3. Күйеуге шыққаннан кейін (Жүктілік жоспарлауға байланысты) 4. Тек босанудан кейін 5. Лактация кезеңінде 8.Климактериялық синдромда әйелдерде пременопауза кезінде келесі симптомдар анықталады: 1Вегето-тамырлы, зат алмасу, эндокринді 2. Нервті – психикалық 3.Ауырсыну 4.Диспепсиялық бұзылыстар 5.кризді 9.Эндометрий рагі пайда болуына қауіп келтіретін нейроэндокринді синдром: 1. Штейн – Левентел 2.предместруалды 3.Климактериялық 4. Шихан синдромы 5Ашерман синдромы 10.Аналық без поликистоз синдромы кезінде терапия эффективтілігі: 1.циклдың қалпына келуі, овуляция және жүктіліктің болуы 2.Дене салмағының азаюы 3.инсулин тәуелді емес қант диабеті профилактикасы 4.Аналық без өлшемдерінің кішіреюі 5.тәбеттің төмендеуі 11. Түтіктік жүктіліктің негізгі себебі: 1.Түтіктік перестальтиканың бұзылысы. 2.Әлеуметтік жағдайы 3.Қоршаған орта. 4.Алдыңғы босанулар. 5.Тұқым қуалаушылыққа бейімділік. 12. АҚТБ (СПИД) зерттеу диагностикасы : 1.Бактериоскопиялық 2.Құрал-жабдықты 3.ИФА, ПЦР 4.ПЦР, УДЗ 5.томография, ИФА 13.Ауруханаға 27 жастағы науқас, кынаптағы қышу және ашу сезіміне, жыныс жолдарынан ірімшік тәрізді бөліністің бөлінуіне шағымданып түсті. Қышу сезімі сулы процедура, жыныстық қатынас және түңгі уақытта күшееді. Қынапты қарау: қабырғасында гиперемия, ісіну және ірімшік тәрізді бөліністер байқалады. Болжам диагноз: 1.Хламидиялық цервицит 2.Вагиналды кандидоз 3.Төменгі бөлімнің гонореясы 4.Созылмалы эндометрит 5.Жоғарғы бөлімнің гонореясы 14. Емханаға науқас И., 22 жаста, жартылай талма жағдайында, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жолдарынан қанды бөліністер бөліну белгілерімен түсті. Объективті: Тері жабындылары бозғылт, ерін цианозы,суық тер. Пульсі минутына 100 соққы. АҚ 110 мм с.б.. Щеткин - Блюмберг симптомы +.Анализдерінде: ЖҚА: Hb-80г/л,эритроциттер-2.0*10/л, тромбоциттер 130*10/г. ЭТЖ - 25мм/сағ. ЗЖА Диурез:800мл, түсі:күңгірт-сары, реакциясы:әлсіз-қышқыл. Сіздің болжам диагнозыңыз: 1.Жатырдан тыс жүктілік 2.Өздігінен болатын аборт 3.Аналық бездің апоплексиясы 4.Жатыр мойнының миомасы 5.Жатырдан қан кету 15.Емханаға науқас И., 22 жаста, жартылай талма жағдайында, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуы, жыныс жолдарынан қанды бөліністер бөліну белгілерімен түсті. Объективті: Тері жабындылары бозғылт, ерін цианозы,суық тер. Пульсі минутына 100 соққы. АҚ 110 мм с.б.. Щеткин - Блюмберг симптомы +.Анализдерінде: ЖҚА: Hb-80г/л,эритроциттер-2.0*10/л, тромбоциттер 130*10/г. ЭТЖ - 25мм/сағ. ЗЖА Диурез:800мл, түсі:күңгірт-сары, реакциясы:әлсіз-қышқыл. Диагноз қоюда қандай симптомдарға назар аудару қажет: 1.Щеткин – Блюмберг симптомы +, жартылай талма жағдайы 2.Тері жабындылары, шырышты қабаттары 3.Пульс, АҚ, тері жабындылары. 4.Жасы, дене температурасының жоғарылауы,цианоз 5.Щеткин – Блюмберг симптомы +, жартылай талма жағдайы, бозғылт болуы,толғақ тәрізді ауырсынулар 3 нұсқа 1. Аналық без кішіреюінде негізгі ем болып: 1. Табиғи менопауза кезеңге дейін гормонды терапия 2.3-4 цикл уақытында овуляция стимуляциясы 3.Циклді витаминотерапия 3-4 цикл уақытында 4. Физиоем – эндоназальды электрофорез, электрофорез жаға аймағы 5.фитоэстрогендер 2. Предменструальды синдромның жеңіл түрі бұл: 1. етеккірге дейін 3- 14 күні пайда болған соның 2- 5 айқын көрінетін 5- 12 симптом 2. етеккірге дейін 2- 10 күні пайда болған соның 1- 2 айқын көрінетін 3- 4 симптом 3. синдромың клиникалық көріністері әдетте етеккір циклінің ортасынан басталып, цикл аяқталғаннан кейін бітеді 4. етеккірге дейін 4- 15 күні пайда болған соның 3- 6 айқын көрінетін 6- 10 симптом 5. етеккір басталуымен жойылатын бірнеше айқын симптомдар 3. Адреногенитальды сидромның келесі түрлерін ажыратады: 1 жеңіл, орташа, ауыр 2 туа пайда болған, препубертатты, постпубертатты 3 ісікті, кризді, атипті 4 типті, атипті 5 компенсирленген, декомпенсирленген 4. Жыныстық дамудың қалып отыруы жатады: 1 екіншілік жыныс белгілер 14 жаста, етеккір 16 жаста 2 екіншілік жыныс белгілер 12 жаста, етеккір 16 жаста 3 екіншілік жыныс белгілер 14 жаста, етеккір 18 жаста 4 екншілік жыныс белгілер 12 жаста, етеккір 18 жаста 5 біріншілік және екіншілік белгілер 7 жаста 5. Қай аптада мюллер жолынан жатыр, түтікше, қынап дамиды: 1. 8- 9 апта 2. 4- 5 апта 3. 1- 2 апта 4. 10- 12 апта 5. 12- 14 апта 6. Ішкі тератогенді әсерге жатады: 1. ионизирлеуші сәулелену 2. дәрілік заттар, әсіресе горманальды 3 алиментарлы 4 ана организмінің патологиялық жағдайы 5 витаминдер жетіспеушілігі 7. Рокитанский- Кюстер синдромы бұл: 1 түтікше аномалиясы 2 аналық без даму ақауы 3. жатыр даму ақауы 4 Қынап аплазиясы 5 екі мүйізді жатыр 8. Қынап даму аномалиясына жатады: 1. гонада дисгенезиясының таза түрі 2. гонада дисгенезиясының аралас түрі 3. Шерешевский- Тернер синдромы 4. Клайнфельтер синдромы 5. Рокитанский- Кюстер синдромы 9. Гермафродитизм болу мүмкін: 1. спецификалық, бейспецификалық 2. шынайы, жасанды 3. пубертатты, постпубертатты 4. жоғарғы, төменгі 5. сыртқы, ішкі 10. Жыныс мүшелердің даму ақауы келесі кезеңде пайда болады: 1. эмбриональды кезең 2. пуберттаты кезең 3. неонтальды кезең 4. постпубертатты кезең 5. репродуктивті кезең 11. Науқас И. 30 жаста, ауруханаға қызба , жалпы әлсіздік, түңгі уақыттағы тершеңдік , тәбеттің төмендеуі, миалгия және атралгия шағымдарымен келіп түсті. Объективті: тері жабындылары қабыршақтанған, дақты – паппулезді бөртпелер. Лимфа түйіндері ұлғайған. Рецидивті герпес, себорейлі дерматит асқынған. Болжам диагноз: 1.Хламидиялық цервицит 2.Вагиналды кандидоз 3.Төменгі бөлімнің гонореясы 4.Трихоманадты вагинит 5. АҚТБ (СПИД) 12. Науқас И. 30 жаста, ауруханаға қызба , жалпы әлсіздік, түңгі уақыттағы тершеңдік , тәбеттің төмендеуі, миалгия және атралгия шағымдарымен келіп түсті. Объективті: тері жабындылары қабыршақтанған, дақты – паппулезді бөртпелер. Лимфа түйіндері ұлғайған. Рецидивті герпес, себорейлі дерматит асқынған. Диагностика әдістері қандай: 1.Бактериоскопиялық 2.Құрал – жабдықты 3. ИФА, ПЦР 4.ПЦР, УДЗ 5.Томография, ИФА 13. 13,5 жастағы қыз бала 5 ай бойы периодты түрде қайталанатын іштің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданады. Екіншілік жыныс белгілері дұрыс дамыған. Жыныс формуласы: МазАхзРзМео. Ішті пальпациялау кезінде тығыз-эластикалық түзіліс анықталады, жоғарғы шеті лоннан 2 см жоғары орналасады. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау: қыздық перде ісінген, көгілдір түсті. Ректальды зерттеу: кіші жамбас қуысында тығыз –эластикалық түзіліс анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз: 1. Екі муйізді жатыр; 2. Жатыр аплазиясы; 3. Қыздық перденің бітісіп кетуі; 4. Жатырдың толық түсуі; 5. Бір мүйізді жатыр. 14. Науқас К., 32 жаста, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы, жыныс жолдарынан қанды бөліністің бөлінуі және 5 апта бойы етеккірінің келмеуіне шағымданып поликлиникаға қаралды, жүктілікке тест тапсырды, нәтижесі – оң.Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттары бозғылт, тахикардия, АҚ 100-/80 мм.с.б.,іші желденген, пальпация кезінде ауырсынады. Гинекологиялық зерттеу: сыртқы жыныс мүшелерінің цианозы, цервикальды каналдан күңгірт мардымсыз қанды бөлініс. Жатыр жұмсарған, сыртқы аран жабық. Лабораториялық мәліметтер: Hb 80 мм/л, лейкоциттердің солға жылжуы, ЭТЖ 21 мм/сағ. УДЗ-де: эндометрий қалыңдаған, жатырдан тыс ұрық жұмыртқасы анықталған. Жатырдан тыс түтіктік жүктілік диагнозы қойылды. Міндетті түрде жүргізу қажет: 1.Оперативті араласу. 2.Медикаментозды ем. 3.Гормональды терапия. 4.Паллиативті ем. 5.Аралас ем. 15. 23 жастағы науқас, ауруханаға қынапта қышу және ашу сезімінің , жыныс жолдарынан көп мөлшерде сары-жасыл түсті және көбікті бөліністердің пайда болу шағымдарымен келіп түсті. Зәр шығару кезінде ауырсынады және жалған зәрсындыру сезімі бар. Қынапты қарау: қабырғасында гиперемия, шырышты, көбікті және іріңді бөліністер анықталады. Болжам диагноз: 1.Хламидиялық цервицит 2.Вагиналды кандидоз 3.Төменгі бөлімнің гонореясы 4.Трихомонадты вагинит 5.Жоғарғы бөлімнің гонореясы. Жауаптары: № | 1 вариант | 2 вариант | 3 вариант | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |