МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Ф.Энгельс адам жаратылысы туралы





Ф.Энгельстің айтуынша, біз табиғатқа басқыншылардың жеңіліске ұшыраған халыққа жасайтын үстемдігіндей немесе табиғаттың сыртында тұрған әлдебір күш тәрізденіп өктемдік жасай алмаймыз, біз, керісінше, жан тәнімізбен, қанымызбен және миымызбен табиғатқа жатамыз, соның ішіндеміз. Бірақ туған күннен бастап адам бұрыннан қалыптасып қалған күрделі қоғамдық байланыстар жүйесінен орын алады, соның ішінде өсіп жетіледі, білім – тәрбие алады, сол жүйеде оның әлеуметтік орны, жағдайы анықталады. Оның адамдық қасиеттері: ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат тілегі, мінез құлқы, моральдік бейнесі іштен өзімен өмір сүру барысында қалыптасады. Және де бұлардың бәрі оның денесінің, организмнің, миы мен жүрегінің, бес түрлі сезім мүшелері мен қол аяғының, т.б. мүшелерінің қызметінен тысқары бір бос қуыста емес, сол қызметтің қатысуымен «дененің өз юойында» туып дамиды.

72.Хайдегер ф-ясы туралы

Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі дамытқан экзистенцмализм. Оның негізгі өкілдерінің бірі болып Хайдеггер жатады(1889-1976).Экзистенциализм үш бағытта дамыды.Соның біріншісіне жататын – Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде ұалыптасқан эк.онтологиясы.Оның ойынша болмыс деген материалдыұ құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптығынан туындайтын белгісіз нәрсе.Адам оны таным процесінде қарастырады, ол туралы терең ойланады, оны түсінуге тырысады, осыдан ол адамның мән мағынасына айналады дейді.Оның ойынша болмыс туралы ойлар адам болмысы туралы мәселеге айналады.

73. Ы Алтынсариннің ағартушылық идеясы

Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі педагог –жазушысы Ы Алтынсарин(1841-1889) Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уалиханов сияқты Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылық деп сенді және Қазақстандағы Халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты

Ы Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазған, дегенмен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналғаншығармаларында дүнеге көзқарастық пікірлер қалыптастырды Ыбарайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелері оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. Жаз Өзен өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес сонымен бірге оны адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл – ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы екіншіден Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп білген. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында келтіріп отырады. Мысалы Жаратқан мұнша тасын жаббар құдай!Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым! Деген өлең шумақтарында, Мұсылманшылдық тұтқасы ! бүкіл дүниені , жан жануарларды атай келіп Мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ , ққсасы жоқ бір Құдайдың барлығына , бірлігіне хәм кеміл жаратушы халық – қадір екеніне дәлел болса керек деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды сонымен бірге дүниені жаратушы Құдай деп біледі Бұдан Алтынсаринның дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. Кей зерттеушілер Ыбырайды стихиялық материялист дінге қарсы болған деп айтып жүр. Нақтвы қарасақ Алтынсарин Шоқан сияқты татар және Бұқарадан келген молдалардң уағыздайтын дінің озбыр түріне қарсы болған НИ ИЛьиминскиге 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған хатында татар және Бұқара молдадаларынан оқыған жастар өз діні жағынан толық мешеу оның есесіне мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын болып шығады деп көрсетеді.Мұндай дүмше молдалардың ақыл парасатты тек Мұхаммед дінінен тапқысы келетінін қатты сынайды



74. Ұлттық сана және мәдениет

Ұлттық сана дегеніміз әрбір ұлттың өзін—өзі түсінуі, біз осы кімбіз, қашан пайда болдық, тағдырымыз, тіліміз, діліміз(менталитетіміз), мәдениетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуі, соны ойлап толғануы. ΧΙΧ ғасырдың аяғында (1886 жылы) жазған өлеңінде, басқа да қара сөздерінде Абай халқымыздың жағымсыз қылықтары мен ескі әдеттеріне ренжіп, бүйте берсек, дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, барлық елдердің артында мақрұм қаламыз дей келіп, оның кемістерін жасырмай бетіне басып, қалың қазақ елінің надандықтан айырылмағанына қынжылып, оның жанына, намысына тиіп, халқымыздың сана—сезімін оятпақ болған еді. Мәдениет—философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі –еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді,өйткені адам санасының мәдени-тарихы түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Философия мәдениетті сипаттайды және оны сын көзбен бағалап мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс.

75. Шәкәрім философиясы.

Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғанын бірі – Шәкірім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере іңісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардаң дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елің қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатар қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеуің басты шарты – туған елдің барлық тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізднісіне ежелгі сақ-түрік заманнынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңір, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

76. Шәкәрім философиясдағы «ұждан» ұғымы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) шығармаларының негігі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтыды. Батыстағы матерализм жіне идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы – үшінші анықпен ұсынады. Яғни, басты мәселе – ар ілімі, моралдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «Ар ілімі» деп атуында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейін: «Әрине, жаның өлген соң тазрып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек... Жанның екі өмірде де азығы – ождан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді» Шәкәрімнің ожданы ежелгі гректегі «каллокагатия», Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен аттас. Ождан дегеніміз ынсап, әдәлет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті.

77. Шәкәрім «үш анық» туралы.

«Үш анық» д.а. трактатын жазуға 30 жыл уақыт кетті. Мақсаты:ар түзейтін бір ғылымды табу.

«Еңбекпенен,өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл,қайнар өмір

Ар ілімі оқылса».

Басты мәселе-ар ілімі, моральдың төңірегінде. «Адамдағы:ынсап,әділет,мейірім-3-і қосылып ұждан деген ұғым шығады. Орысша совесть д.а...бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым,өнер,ешбір заң тазарта алмайды...ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе,оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды»-деп жазған фил-лық толғау бүгінгі күн талабымен де үндесіп жатыр.

78. Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары

Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1866) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен шығыс халықтарының мәдениеті жайлы түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтыды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ Шоқан тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір(Құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш. Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.