ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Артур Шопенгауэр философиясы. XIX ғасырда басқа ғылымдармен қатар психологиялық зерттеулер кең өріс алып, оның жетістіктері сол кездегі философиялық концепциялардың қалыптасуына үлкен әсер етті. Сезімдік түйсінуді, немесе ақыл-ойды өз концепцияларының негізі етіп алған классикалық философияның орнына жігер, интуиция, инстинкт сияқты психикалық құбылыстарды дәріптеген және оған табынған жаңа философиялық бағытгар пайда болды. Осы ағымдардың көрнекті өкілдерінің бірі — неміс философы Шопенгауэр Артур(1788-1860жж.). Негізгі еңбектері: "Әлем жігер(ерік) және елестету ретінде", "Табиғаттағы жігер туралы"," Афоризмдер мен максималар" т.б. Шопенгауэрдің пікірінше, таным процесі кезіндегі біздің қарастырып жүргеніміз, шын мәніндегі денелер емес, тек субъектімен байланыстағы объект, немесе елестету ғана. Елестетуден басқа одан да гөрі ауқымдырақ құбылыстардың бар екенін зерттей келе таным субъектісі, яки жеке адам өз басының тәжірибесі негізінде, жігерді өзінің ішкі мәні деп таниды. Жігер әр уақытта рухани акт. Жігер кейбір құндылықтарды қалыптастырады, ал оларды құндылық ретінде мойындағаннан кейін, өзі соған ұмтылады. Жігердің өзі екі түрлі мәннен тұрады: 1) елестету ретінде немесе объективтендірілген жігер; 2) әркімге белгілі — саналы жігер, яки дененің өзіндік болмысы. Басқаша айтқанда, әмбебаптық жалпы жігер объективті тұрғыда — табиғат және адам денесі ретінде бейнеленсе, субъективті тұрғыда — саналы жігер ретінде көрінеді. Жігер тек адамдарға ғана емес, жалпы табиғатқа тән құбылыс, сондықтан ол барлық құбылыстардың ішкі мәні. Мысалы, өсімдіктің өсуін жетелеуші күш те, заттарды кристалдандыратын күш те, магнит күші де, барлық материалдық деңелерге тән салмақтылықтың арқасындаоларды жерге тартатын күш те — жігерге жатады. Жігер өзіндік зат ретінде кеңістіктен де, уақыттан да, себептіліктен де тыс жатыр. Жігер себепсіз болғандықтан, оны танып білуге болмайды. Бірақ ол объект ретінде танымда елестетілетіндіктен кеңістік пен уақытта индивидуациялық қағидада (әмбебаптық жалпылықты жігердің жеке және ерекшеленген денелерге бөлгеннен кейінгі олардың өмір сүруі) бағынады және соның арқасында өмірлік жігерге айналады. Өмірлік жігер рухани акт болғандықтан, әр уақытта жігер еркіндігі, немесе өзіндік себептерді (мотив) таңдау мүмкіндігі ретінде көрінеді. Осы қасиеттерінің арқасында адамдар өз еркімен өз мүддесіне қарсы келетін, керек болса өзін-өзі құртатын, өзіндік себептерді таңдап алуы мүмкін. Мұндай қарама-қайшылық ивдивидуациялық қағидадан туындайды. Индивидуацияға байланысты қалыптасқан жаңа жағдайды түсінгенде, адамға әділеттілік пен жанашырлық қасиеттер пайда болады. Ал жанашырлық әдеіттіліктің негізі. Жанашырлық тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тән. Ал, индивидуацияның салдары өмір қасіреттеріне әкелсе, онда одан құтылудың жолы біреу-ақ, ол өмірге құштар жігерді құртып, индивидуациялық қағидадан құтылу. Жігер өз алдына жете алатындай мақсат қоймайды және түпкілікті қанағаттанарлыққа, бақытқа жетуге қабілетсіз, сондықтан ол ылғи да ұмтылыста болуы керек, себебі ұмтылыс оның жалғыз мәні ғана. Кеңістік пен уақыт арқылы белгіленген объектілерді, себептілік қағидасын басшылыққа алған ғылымдар қарастырады. Ал өнер данышпандары, өздерінің фантазия күшінің арқасында мәңгілік идеяларды танып-біліп, оны поэзияда, бейнелеу өнерінде, музыкада көрсете алады. Ал музыканың рөлі қалған өнер түрлерінен ерекше бөлек, себебі онда тек идея ғана бейнеленбейді, сонымен қатар, ол әлемдік жігердің бізде тікелей объективтендірілуі болып табылады. 10. А.Эйнштейн теориясының философиялық маңызы. А.Эйнштейн 1905 ж. өзінің кеңістік пен уақыт жөніндегі арнаулы салыстырмалы теориясын жасап шығарады. Бұл теорияның негізінде ғарыштағы ең асқан жылдамдық – сәуле жылдамдығы 300 мың км. сек. деген қағида жатыр. Онымен салыстырғанда, басқа жылдамдықтарды 0-ге теңеуге болады. Мысалы, жердегі дыбыс жылдамдығы 340 м.сек. – сәулемен салыстырғанда тұрақты деуімізге болады. Егерде қайсыбір ғарыштағы үрдістің жылдамдығы сәулеге жақындаса, онда оның көлемі қысқарып, уақыт баяулап, салмағы күрт өседі. Дүниедегі жылдамдық шектелгеннен кейін, ғарышта бір уақытта болып жатқан үрдістер жоқ. Ғарыштағы әрбір жүйенің өз уақыт есебі бар. А.Эйнштейн 1916 ж. өзінің жалпы салыстырмалы теориясын жасайды. Оның түйіні ғарыштағы орасан зор объектілердің гравитациялық тартым арқылы айнала қоршаған кеңістікті қисайтуы болып табылады. Сонымен кеңістік пен уақыттың қасиеттері ғарыштағы объектілердің массасының (салмағының) бөлінуіне байланысты өзгеріп отырады екен. Олай болса, кеңістік пен уақыт жөніндегі мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген субстанциялық көзқарастың қазіргі ғылыми зерттеулерге қайшы келгенін байқаймыз. А.Эйнштейннің өзі айтқанындай: «Мәселенің түйіні мынада: егер де таңғажайып болып Дүниеден барлық материалдық заттар жоғалып кетсе, кеңістік пен уақыт қала берер еді деп бұрын есептеген болатын. Ал салыстырмалы теорияға сәйкес, заттармен бірге кеңістік пен уақыт та құрдымға кетер еді. Яғни кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материядан тыс өзіндік болмысы жоқ, олар тек оның формалары ғана». Қорыта келе, кеңістік пен уақытты Дүние болмысының ең жалпы қажетті формалары ретінде қарап, сонымен қатар оны философия, физика т.б. ғылымдардың іргетасты категорияларына жатқызуымыз керек. Дүниеде еш жерде кеңістік пен уақыттан тыс: өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс жоқ. 11. Әл-Фараби «бақыт» туралы Әл-Фараби – Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Фараби «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіріп отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. 12. Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Адамдық саясат» еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді.Өзінің «Софистика» атты шығармасында Әл-Фараби адамныңақыл ойын ақиқат жолынан тайдыратын әдістерді сараптап берген. Оның ойынша, аталмыш мәселе сұрақтарды қамтиды: 1 Қоғамдық ғылымдардың пәні мен мақсаты2 Адамзат қоғамының дамуы, пайда болуы туралы жаңсақ пікірлерді сынау ісі және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі 3 Қала, мемлекеттер туралы, мемлекеттік басқарудың түрлері туралы 4 Адамның қоғамдық орны, тәрбие жұмысының мәні 5 мемлекетке бірігудің тіпкі мақсаты, жалпы бақыттылыққа жетудің жолдары мен тәсілдері «Адам әр нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін тек қоғамдасқан ортадан ғана таба алады, әрі адамдар бірлестігінің арқасында ңана жетіліп, өз қабілеттерін шыңдай түседі. Осыдан келіп,олардың әлеуметтік мәні қалыптасады»,-деп атап көрсетеді. 13. Болмыс және материя ұғымдары Болмыс категориясы шындықты бейнелейтін негізгі философиялық ұғымдарға жатады.Болмыс ұғымының мағынасы 3даму кезеңінен өтті:1.Мифологиялық тұрғыдан қаралды;2.Натуралистік онтология;3.Болмысты адамның іс әрекетімен таным арқылы байланыстырады.Ең бірінші кезеңде,болмыс құпия ,күштерге толы шындық деп танылып,образдық бейнелеу арқылы түсіндірілді.Натуралистік онтология болмысты заттар мен құбылыстар әлеміне теңестірді.Ең алғашқы болмысты енгізген көне грек ойшылы Парменид:"Болмыс–бар болу,өмір сүру,одан басқа ештеңе жоқ,ал жоқ болу–болмыссыздық."Ол әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына,мәңгілігіне,ең бастысы бар болуына,өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.Гераклит:"Болмыс–үзіліссіз қалыптасу.Үзіліссіз қалыптасу–космос шеңбңерінде төрт стихияның бір бірімен өзара араласуы".Платон:"Болмыс–мәңгілік өмір сүретін,өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі.Ол 3 онтологиялық субстанциядан тұрады:1.Тұтастық,ешқандай белгісі жоқ және бөлінбейді,басы да,аяғы жоқ,қозғалмайды және кеңістіктен тысқары.2.ақыл.3.жан".Ортағасырлық философия бір ақ бомысты мойындайды:"Шынайы болмыс–жаратушы.Ол жоқты бар етіп жасады".Жаңа заман философиясы болмыс мәселесін 2 тұрғыдан түсіндірді:1Субстанционалдық тұрғыдан.2.Кант бастаған субьективтік тұрғыдан.Кант болмысты 2 бөлді:апериорлы,апостериорлы.Болмыстың формалары: әлемдік, табиғи, қоғамдық, адам, заттар, т.б.Материя ұғымы–дүниені адамның санасынан тыс,әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын негізгі ұғым.Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып,бірге жасасып,тарихи түрде қалыптасқан.Объективті идеалистердің (Платон,Гегель) тұжырымы бойнша,материалдық дүние дегеніміз–бүкіл әлемді ұстап тұрған құдайға тән сипаты бар ақыл ойдың,абсолюттік идеяның нақты көрініс табуы,іс жүзіне асуы.Аристотель:"материя–барлық заттар құралып,жасалып шығатын материал,ол түр арқылы ғана мәнге ие болады" деген. 14. Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары Буддизмнің өзегін төрт ақиқат туралы ілім құрайды. Олар: 1.Пенденің ғұмыры қасірет шегумен тікелй байланысты: туылу, өлу, кесел, көкейіңдегінің жүзеге аспауы–барлығы да қасіретке жетелейді. 2.Қасірет шегудің себебі–мұқтаждық. Ол қуаныш–қайғы, қасірет шегу арқылы қайта туылуға, қайта түлеуге алып келеді. 3.Қасірет шегуді шектеу мұқтаждықты аластауға байланысты және де бұл іс сегіз жол арқылы жүзеге асырылады:а)дұрыс пайымдау,ә)дұрыс шешім қабылдау,б)дұрыс сөйлеу,в)дұрыс ғұмыр кешу, г)ұмтылыс,д)дұрыс зейін,ж)дұрыс сенім,е)дұрыс шүйілу 4.Нәпсілікке құштарлық та, өзін–өзі азаптау да дұрыс жолдан ауытқушылық Қиналыстан шығудың бес уағызы(панчашила): 1.Тіршілік иелеріне зиян келтірмеу 2.Бөтен меншікке сұқтанбау,қол сұқпау 3.Тиым салынған жыныстық қатынастардан бойды аулақ салу. 4.Қаңқу,өтірік сөздерден тиылу 5.Мас қылатын ішімдіктерден бас тарту 15. Гегельдің абсолютті идеализмі Гегель философиясы неміс идеализмінің шарықтау шың және соңғы сатысы.Философияның негізгі мәселесін Гегель обэективті идеализм тұрғысынан шешеді.Дүниенің түпнегізі- объективті рух.Ол мәңгі, адамның санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді.Ал табиғат болса осы рухтың туындысы.Объективті рух кейде абсолютті идея, кейду абсолютті рух, ал кейде құдіретті сана деп те аталады. Гегель классикалық неміс философиясының дәстүрлі бағыттарын ілгері дамыта отырып, ұғымдар диалектикасына көбірек көңіл бөлді.Оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді.Фихтемен салыстырып қарағанда Гегельдің абсолютті идеализмі табиғаттағы абсолютті идеяның тек «басқаша болмысы» деп есептеп, адам жоқ кездегі жердің, табиғаттың,физикалық дүниенің бар болғанын мойындайды 16. Диалектика заңдылықтар мәні. Диалектика даму процесі туралы жан жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың,құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады. Барлық ғылымдар өзіндік категориялар жүйесі арқылы өздері зерттейтін обьектілердің мәндік сипатын, ішкі заңдылықтарын ашып көрсетеді. Басқа ғылымдар секілді философияның да өзіндік ғылыми түсініктері, категориялары бар. Алайда философиялық категориялар қамту ауқымының кездігімен, ең жалпылама байланыстар мен қасиеттерді бейнелеуі арқылы дараланады. Олардың ішінде, әсіресе, диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категорияларының маңызы ерекше. Мұндай категориялар жүйесін диалектиканың негізгі емес заңдары деп те атайды. Себебі , олардың даму процесін қарастыра отырып, диалектиканың негізгі заңдарын толықтыра түседі. Енді категориялар қалай қалыптасады деген сұраққа тоқтала кетейік. Олардың қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетіліуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбіріне еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы еңбектің қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс әрекет барысында түрлі заттар мен құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей, қыр сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны адамдардың санасынан, ақылына тәуелді емес. Категориялар объекті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. 17. Диалектикалық категориялар жүйесі Диалектика - даму процесі туралы жан-жанжақты терең мазмұнды ғылым ретінде, барлық заттар мен құбылыстардың өзара байланысты екендігі және олардың үнемі жаңғырып отыратындығы туралы ойлаудың зерттеу тәсілі. Бұл термин гректің «диалогемай» - пікір таластыру - деген сөзінен шыққан. Диалектикалық категориялар жүйесінің қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп-өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетілуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбінде еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы – еңбектің, қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс-әрекетер барысында түрлі заттар мен құбылыстарды «көзбен көріп, қолмен ұстап» дегендей, қыр-сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын, ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып түсініктер, категориялар есебінде түйіндейді. Сондықтан да категорияларды дүниені танып білу барысындағы баспалдақтар десек, әбден орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны санасы мен ақылына тәуелді емес. Категориялар объективьті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. 18. Дін және ғылым Дін.Марксизмге дейінгі атеистер ─ XVIII ғ. Француз материалистері Гольбах, Гельвеций,Дидро т.б, дін кездейсоқ шықты, бір топ қулардың аңқау, надан адамдарды алдауъшан шықты деп түсіндірді. Сондықтан оны діннің шығуының бірден-бір себебі деп қарау міндетті түрде субъективтік идеализмге әкеліп соғады.Марксистік тарихи материализм діннің шығуын,оның мәні мен қоғамдық рөлін бірден-бір ғылыми түрғыдан түсіндіріп берді. Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты діннің де шығу себебін адамдардың материалдық түрмыс жағдайынан іздеу керек. Атап айтқанда, дін адамдардың материалдық өндіріс дәрежесі өте төмен болған алғашқы қауымдық қоғамда шықты: өндіріс қүралдарының өте төмен дәрежеде болуы салдарынан адамдар табиғаттың дүлей күштерінің алдында мүлдем дәрменсіз болды, төуелді болды: жер сілкіну, күн күркіреу мен найзағай, су тасқыны мен дауыл, қақыраған аяз бен аспан айналып жерге түсетін аптап ыстық,қуаңшылық,түрлі ауру-кеселдер және тағы басқа табиғат қүбылыстарының сырын ол кездегі адамдар түсінбеді, оларды табиғатган, адамнан тыс түратын ғаламат күштердің салдары деп білді. Сөйтіп,адамдар оларға өз тарапынан ғаламат қасиеттер беріп,"Қүдайға" айналдырды.Феодалдық қоғамда дін қоғамдық сананың басқа барлық формаларын бағындыратын үстем форма болды. Ғылымды қуғынға салды.Ғылым.Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым да шындықтың адам санасында бейнеленуі. Ғылымның мәнін тусіну үшін оның шығу себептерін, шындықты бейнелендіру ерекшеліктерін және қоғам дамуындағы ролін білу қажет.Ғылым дегеніміз табиғат және қогам күбылыстары мен процестері жайындағы теория түрінде бір жүйеге келтерілген білімдер.Бірақ ғылым дегеніміз тәжірибеде тексерілген теориялық білім ғана емес. Ол сонымен қатар, жаңа білімдер алуға бағытталған қызметті де, эксперимент жүргізу базасын, түрліше прибор, аспаптар сияқты таным қүралдарын да қам-тиды. Ғылымның ерекшелігі ең алдымен оның пөнімен анықталады. Адамды қоршаған сыртқы дүние — табиғат пен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың да объективтік заңдары бар. Ғылымның міндеті осы зандарды танып білу. 19. Жаңа дәуір филос.ның ғылымицентр 17 ғасырдан бастап, Батыс Еуропа топырағында капиталистік қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуалы, қоғам мен табиғатты тану-білу қажеттіктері философия саласында онтологиялық мәселелерден гөрі, ғылымды дамыту қажеттіктері жаңа ұйымдардың, мекемелердің пайда болуына себеп болды.Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан «академия» деген сөзбен айта бастайды. 1560 жылы Неаполь қаласында «Табиғат құпиясын зерттеу академиясы», осы кезде Англияда «Лондондағы корольдік қоғам», Парижде «Жаратылыстану академиясы» құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль қазіргі физика мен химия ғылымдарының алғашқы кірпіштерін қалаған, Исаак Ньютон механика ғылымының негіздерін жасаған, Христиан Гюйгенс алғашқы маятникті сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар еді. Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озфп шыққан механика ғылымы болды. Оның негізгі себебі – өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар мен неше түрлі механизмдерді жасау қажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін тигізіп, материализм ағымының механистік түрін туғызды. Ол Қайта өрлеу заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте бірте азайып, оның орнына діни төзімділік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген құқы мен талғамы болмасын іс жүзінде сақтала бастады. Ғылым мен діннің арақатынасы бұрынғыдай «қос ақиқат» принципі арқылы шешіліп, сонымен қатар деистік бағыт күш ала бастайды. Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды, Құдай оның өміріне енді ешқандай әсерін тигізбейді. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңінен жол ашты. 20. Жүсіп Баласағұн «бақыт» туралы. Кезінде ата-бабаларымыз біз сияқты «Бақыт деген не?» т.б. деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі «Құтты білік» поэмасының авторы Жүсіп Баласағұн. Ж.Б. – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, философ, энциклопедист ғалым, қоғам кайраткері. «Құтты білік» поэмасының басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі-мемлектті басқару үшін әділ заңның болуы, екіншісі- бақ-дәулет,үшіншісі- ақыл-парасат,төртіншісі- қанағат-ынсап мәселесі. «Төрт тұғырық» өлшемдік қағида- «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы. Күнтуды(әділет), Айтолды(дәулет),Өгдүлміш(ақыл),Оғдұрмыш(қанағат) бірін-бірі қисынмен толықтырып отыратын кейіпкерлер. Күнтуды-орталық, кіндік тұлға,себебі ізгілікті қоғамның арқауы-әділеттілік,ол ана сүтімен сүйекке сіңетін қасиет.Ал ақыл, дәулет,қанағатшылық сезім-жүре бітер қасиеттер.Олардың әрқайсысы жеке-дара қарағанда дүниеге тұтқа бола алмайды,адамды бақытқа жетектей алмайды.төртеуі біріккенде ғана халық бақытқа кенеледі.Бектің бақыты-халықтың бақыттылығында, бақыт жеке басқа тән ұғым емес,бақыт- халықтық сипаттағы ұғым.Өз халқын бақытқажеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. «Құтты біліктің» мазмұны осы. 21. Жүсіп Баласағұн философиясындағы бақытты болу идеясы. Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуіріз Ж.Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес.Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды.Жауһари,Фараби,Ибн-Сина, Беруни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың”Түркі тілдерінің сөздігі”,Ж.Баласағұнның “Құтадғу білігі”,”А.Иассауидың ”Диуани Хикметі” сияқты жәдігерлердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті.Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәденитінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады.Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақталған тәжрибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге,қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.Кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?” ”Адамгершілік,адалдық,әділдік,даналық,әділдік, даналық, деген не? ”деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын.Солардың бірі”Құтты білік”поэмасының авторы Ж.Баласағұн еді.Ол-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны,есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл,философ, энциклопедист ғалым,бегілі қоғам қайраткері.Ол-философия, табиғаттану,математика,астрономия,тарих,араб-парсы тіл білімі,т.б.ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым.Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы-сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес,түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Сондықтантан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп,ондағы бірші держағдайда ғана халық бақытқа кенеледі.Бектің бақыты-халықтың бақыттылығында.Бақыт жеке басқа тән ұғым емес.Ол-халықтық сипаттық ұғым,өз халқын бақытқа жеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. ”Құтты білік” мазмұны осы. Үштік қағида да көп қолданылады. Мемлекеттің, негізгі үш нрседен-халықтың, қазынадан, әскерден тұрады.Халықтың өзі үш буыннан-байлардан, орталардан, кедейлерден тұрады.Бекің мақсаты-кедейлерді ортаға,ортаны байға жеткізу.Күнтуды Елік адамдардың үш түрін қоштап,қолпаштап отыруы тиіс.Олар-алып,жүрегі құрыш, ер кісілер,екінші-елші ғалым,даналар,үшінші-хатшы. 22. Ибн-Сина фил.дағы құдай эманациясы идеясы. Ибн-Сина (980-1037)дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі білгірі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына Аль-Кинди мен Әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі. Европалықтарға Авиценна деген атпен белгілі болған ол. Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келеді. Иран мемлекетіндегі Исфакан атты қалада философия және медицина саласы бойынша дәріс алып өз білімін жетілдіреді. Ибн-Сина жан-жақты терең білімді, философ, дәрігер, ақын әрі саяси қайраткер болған екен. Ол жүзден аса ғылыми кітаптар жазыпты. Олардың ішінде ең әлемге танымал болған атағын Шығыс пен БАтысқа танытқан «Сауығу кітабы» деп аталатын медицина жайлы жазған кітабы. Ол ғасырлар бойы Шығыс және Батыс дәрігерлері үшін баға жетпес білім көзіне айналған еді. Ибн-Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн-Синаның аты құрметпен аталатын еді. Оны біресе «Философтар патшасы» деп атаса, біресе «Дәрігерлер атасы» деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен Ибн-Сина араб перапатетизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяна мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырды. Алайда бұл қағида діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн-Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді Ибн-Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесің ете қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді.: 1) заттарға дейін, құдүреттің ақыл-ойында; 2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні ; 3) заттан кейін адамдардың санасында. Таным теориясында Ибн-Сина Әл-Фарабидің жолын қуып оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен оның кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. , Ибн-Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол Әл-Фарабиден кейінгі философия тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ең ірі өкілдерінің бірі деп білеміз. 23. И.Канттың Трансцендентальды философиясыы Канттың « Таза зердеге сын» еңбегінің трансцентальды эстетика деп аталатын бөлімі сезімділіктің формалары туралы ілім. Сезімділіктің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса- сезімділіктің ішкі формасы. Міне, осы анықтамасы арқылы ол өзіне дейінгі философтардың сезімділіктің формалары – кеңістік пен уақытты тек онтологиялық түрде, яғни оларды заттардың өмір сүруінің формалары ретінде қарастыруына қарсы шықты. Сөйтіп, Кант уақыт пен кеңістік жаратылыстану саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезімдік формалары екендігін философия тарихында алғаш рет айқындап берді. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ, осы формаларды философиялық танымдық негізде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған. Өйткені, әрбір ғалым, әсіресе, жаратылыстану саласымен айналысатындар белгілі бр объектіні тану үшін оны уақыт пен кеңістік арқылы зерттей алады. 24. "Индустриалды","информациялық","ашық қоғам" Индустриалдық қоғам ең алдымен корпорациялар мен фирмалар жетекшілігіндегі өнеркәсіпке негізделеді.И.қ-ның негізгі белгілеріне өнеркәсіптің қарышты дамуы, өнеркәсіптің мүлдем жаңа салаларының пайда болуы,ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен енгізуі,капитал салымы деңгейі ұлттық кірістің 20%-ына тең дейін жоғарылауы,қала тұрғындарының 60-90%-ға дейін өсуі,квалификациялық еңбек үлесінің артуы жатады.Ақпаратық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі ең алдымен білім мен технология прогресіне тәуелді болады. 25. Көне үнді фил.ның даму ерекшеліктері Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын ежелгі үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға немесе кастаға бөлінді. Олар брахмандар абыздар, әскербасылар, ауқатты шаруалар және құлдар. Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ боладыда, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алады және өздеріне ғана тән дәстүрлі мамандықтары болады. Мысалы брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшадриларға әскери қызмет, вайшилерге ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші ведаларда жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: Самхит құдайларға арналған гимндер жинағы; Брахман Самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т.б; Араньянкта Орман кітабы Брахманға тән ритуалдардың орнына құдайлардың іштей сыйлау құрметтеу, олар туралы ойланып толғану туралы көзқарас; Ведалардың ең соңғы сатысы упанишадта дәстүрлі варналарды бір басты тезисі брахман туралы, ғарыштың негізінле мәңгі мәңгілік брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса брахман бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман тіршіліктің негізі; ал екеуі қосылып, барлық денелердің, ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол саналы тіршілік иесі,әлемді жаратушы деп есептеледі. 26. Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымы оның өмір сүрген табиғаты мен соған бейімделіп, қалыптасқан шаруашылық түрлері, өмір салтымен байланысты. Қазақта жаңа дәуірге дейінгі негізгі шаруашылық формасы көшпенді мал шаруашылығы болды. Оның ерекшеліктері: біріншіден, табиғатқа бас июді талап етті. Қазақ халқының ертеден ақ экологиялық санасы биік деңгейде болғаны анық. Екіншіден, ата бабаларымыз ерікті болып, бас бостандығын қастерледі, қазақ жерінде құлдық болған жоқ. Үшіншіден, көшпенділік теңдікті талап етеді. Дамыған феодализм болмады. Төртіншіден, көшпенді халықта әлеуметтік айырмашылық аз болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы басым. Бесіншіден, байлықтан гөрі ар намысты жоғары ұстау көшпенділерден шықты. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстау. Жетіншіден, әрдайым көшіп қону болғандықтан қауіп қатерді бастан кешіру барысында ерлікті батырлықты қасиет етті. Сегізіншіден, өмірді қамшының сабына теңеді. Өмірді қастерледі. Әрбір күнді тойлау өзін шешендікке тәрбиелеген. Тоғызыншыдан, досқа адал, дұшпанға қатал болды. Қиналғандарға қол ұшын берді. Оныншыдан, ата ананың үлкенді сыйлау, құрметпен қарау. Бұлар мыңдаған жыл жиналған қасиеттер. 27. Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері Конфуцзийшылдық-бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы,осы ағымның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы,оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнь-Цзыдың есімдерімен тығыз байланысты..К-дың негізгі қарастыратын мәселесі-адамдар арасындағы қатынас,тәрбие мәселелері.Соған байланысты ол мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі.Олар:»Тең орта»,»Адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».Кон-Фу-Цзы философиясының пайымдауынша,осы үш ұғым бірігіп,»Дао»құрайды.Әр адам осы Даоның жолымен өмір сүруі қажет. »Тең орта»-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.өмірде мұндай ортаны ұстап,іс-әрекет жасау оңай емес,себебі адам-ң көпшілігі сабырсыздық көрсетсе,бір тобы тым сақ келеді.Ал «адамгершіліктің» негізі –«жень»-ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса,ол еш уақытта жамандық жасамайды.Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас,конфуцзишылдық әдептглік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы..Аталған әдептілік қағидаларын «Текті адамдар» ғана басшылыққа алып,іс-әрекет жасайды.К. философиясының ерекшелігінің бірі- барлық нәрсе өзгерісте болады,уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де,қоғамдық өмірге келгенде,ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек. 28. К.Юнг философиясындағы «архетип» ұғымы. Карл Густав Юнг (1875-1966 жж.)басында өз ұстазының (З.Фрейд) көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсіне бастайды. Аурулардың көрген түстерін сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгімелеріндегі кейіпкерлердің бейнелерін байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең «ұжымдық бисаналық»формалардың бар екенін байқайды. Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжірибесінен шыққан неше түрлі психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебіреністерден тұратын болса, «ұжымдық бисаналық» бүкіладамзаттық тәжірибені қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжірибесін, сонымен қатар адамға дейінгіхайуандық «жасырылған іздерді» байқауға болады. Олардың көбін халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, діни сенімдіктеріндегі бір-біріне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перілер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсіне келеді. Олардың бәрін К.Юнг «архетиптер»деген ұғыммен береді. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тірі тұлға өзінің өмір шеңберінде алған тәжірибесін сол символдарға толтырып, өзінің тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Сонымен қатар олардың көбі тіпті тұқым қуумеханизмдері арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннің өзінде де өмірде қайталана беріледі. 29.Қазақ философиясындағы болмыс мәселесі Жалпы қазақ халқының фәлсафалық пайымдауларының өзегі-адам мәселесі.Сондықтан болмыстың өзі адамиланған сипатқа ие болды.Мұндай көзқарас қазақ билеріне де тән: болмыс дегеніміз-барлық, ол-мәңгілік.Барлықтың ішінде жан да, сана да жүреді.Барлықтың синонимдері ретінде қолданылатын «бүкіл», «бәрі», «баршасы», сынды ұғымдар да бар.Олар болмыс-барлықтың мазмұн ауқымдылығын сапалық жағынан гөрі, сандық жағынан бейнелейтін сыңайлы. 30.Қазақ философиясының даму ерекшеліктері. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымы оның өмір сүрген табиғаты мен соған бейімделіп, қалыптасқан шаруашылық түрлері, өмір салтымен байланысты. Қазақта жаңа дәуірге дейінгі негізгі шаруашылық формасы көшпенді мал шаруашылығы болды. Оның ерекшеліктері: біріншіден, табиғатқа бас июді талап етті. Қазақ халқының ертеден ақ экологиялық санасы биік деңгейде болғаны анық. Екіншіден, ата бабаларымыз ерікті болып, бас бостандығын қастерледі, қазақ жерінде құлдық болған жоқ. Үшіншіден, көшпенділік теңдікті талап етеді. Дамыған феодализм болмады. Төртіншіден, көшпенді халықта әлеуметтік айырмашылық аз болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы басым. Бесіншіден, байлықтан гөрі ар намысты жоғары ұстау көшпенділерден шықты. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстау. Жетіншіден, әрдайым көшіп қону болғандықтан қауіп қатерді бастан кешіру барысында ерлікті батырлықты қасиет етті. Сегізіншіден, өмірді қамшының сабына теңеді. Өмірді қастерледі. Әрбір күнді тойлау өзін шешендікке тәрбиелеген. Тоғызыншыдан, досқа адал, дұшпанға қатал болды. Қиналғандарға қол ұшын берді. Оныншыдан, ата ананың үлкенді сыйлау, құрметпен қарау. Бұлар мыңдаған жыл жиналған қасиеттер. 31. Қазақ философиясының ерекшелігі Қазақ философиясында көшпенді мәдениеттің басты ерекшелігі- табиғатқа бейімделіп өмір сүруге ұмтылады, табиғи үйлесімділік заңдылығын мойындайды, образдық ойлауға негізделген. Қазақ философиясының басты ерекшелігі- синкретистік сипатта және парасаттан бөлінбей дамыған. Синкретизм деген-дүниетанымға мифологиялық діни және философиялық көзқарастың бөлінбеуі.Парасат философиясы- 3 сипат арқылы мәнін ашады: 1) сұңғылылық (интеллект- европа сөзінде); 2) кеңпейілділік (демократ); 3) сабырлығы (толерантность); Осы үшеуі образдық ойлауға- негізделген. 32. Қазақ фил.ның қалыптасу ж\е даму ерекшелік Қазақ философиясының негізгі мәселелерінің бірі–философияның пайда болу мәселесі. Негізінен бұл мәселе әлемдік философияда талай пікірталас тудырып жүр.Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын.Екіншіден,философия деген ұғымның өзіне осы күнге дейінгі дәл де толық анықтама берілген жоқ.Үшіншіден,қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.Қазақ тарихында философиялық құбылыстарды 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:1.Алғы философия–объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. 2.Философиялық кезең– объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана.3. Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып,классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған кезең. Қазақ философиясының басты ерекшелігі: парасаттан бөлінбей дамыған. Парасат философиясы 3 сипат арқылы өз мәнін ашады: 1.Сұңғылалық(интеллектуальный) 2.Кеңпейілділігі 3.Сабырлылығы (толерантность). Парасат философиясын келесідей қарастыруға болады:1.Поэзия(салт-дәстүр,әдет-ғұрып) 2.аңыз-ертегі,мақал -мәтел 3Күй. 33. Қазақ фил.дағы өмір мен өлім мәселесі VΙΙΙ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата өзінің философиялық толғамарында өмір мен өлім мәселесін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялмен іздестіреді. Аңыз бойынша,ол ақ түйеге мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. Кімге ? деген сұрағына Қорқыттың көрі деген жауап алады. Содан, өлімнен қашып құтылуға болмайды деп шешеді. Қорқыт Ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызбен орындайтын болады.Оның шығармаларын Қорқыт ата кітабы деп атайды. Сөйтіп Қорқыт ата өз шығармалары арқылы мәңгі өмір сүруге болатынын түйіндейді. ΧVғасырда өмір сүрген Шалкиіз жырау дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе жоқ дейді.Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек дейді. 34. Қазақ философиясындағы экологиялық шарттар. Табиғат әрқашан Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастылық рөлін атқарды. Ол өзінде дербес жаратушы, тіршіліктің иманенттік себептері мен факторларының белсенділік пен эволюция негіздерінің иегері болды. Адамдарға алғашында табиғат заңдылықтарына мойынсұнып қалткысыз бағыну ғана калды. Көне және архаистік заман адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдык пиғылына адалдығын әйгілеп отыруға мәжбүр етті. Өйткені, ауыр және қатаң тіршілік жағдайы руластардың әлеуметтік бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермеді. Әйтпесе, оларға рудан аластау, яғни мұның нәтижесі көбінше өлімге әкелетін жазаға ұшыраушы еді. Әлемді сезіну айқындала түсті. Әлемді түсіну айқын әрекеттерге итермеледі. Дүниетаным шарттылығы шынайы, айқын болды. Табиғат (жаратылыс) қалтқысыз өзіндік табиғи тәртіпке бағынған, ал адам табиғаттың бір бөлігі және төл баласы ғана болып қалды. Әйтсе де, адамзаттың даму эволюциясына байланысты, еңбектік қолданбалық және жаңғыртушылық қызметін түсінушілік пайда болады. Осы процесс нәтижесінде табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеу және оның артынша өңдеу іске асады. Егіншілік, аңдарды қолға үйрету, жабайы жылқыны қолға үйрету — жалпы малшылық және көшпелі өмір басталады. Бұл өз заманындағы үлкен бір құбылыс болды. Табиғи ортаны өндеудің туындауы философиялық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметінің, мақсат белгілеу факторының пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі, адамның табиғаттан бөлініп, дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Адамның мақсатка бағытталған қызметі объективті процестің шешуші нысаны болып табылады. Тұтас, бірақ қарама-қайшылықты процесте оның әр қыры табиғи заңдылық және адамдардың мақсатты қызметі ретінде көрінеді. Енді ол "табиғат бөлшегі" емес, оның әміршісі, өңдеушісі дәрежесіне ұмтылуымен қабаттаса дамиды. Табиғат әлемі адамдардың мақсат-мүдделік және мақсат-мұраттық қызметі процесінде адам әлеміне айналады. Оның ішінде шешуші билік қажеттіліктің "темірдей талабына" тәуелді ететін табиғи зандылықтарға емес, адамдардың еркін кайраткерлігіне тиеді, Бұл кезеңде адам табиғат субстанциясынан бөлініп, өзін табиғатқа қарама-қарсы қояды. Сөйтіп, бірте-бірте жеке адамдар байланысының екі нысаны қалыптасады; біріншісі — олардың табиғи компоненттерін игеруге және құруға бағытталған ортақ әрекеті, ал екіншісі —этностық қоғамдық нысандарын тұтастыруға және дамытуға, ұдайы өндіріске, адамзат өмірін жалғастыруға, оның биологиялық және әлеуметтік қажеттілігін өтеуге бағытталған өзара байланыс. 35. Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер Қазіргі адамдар алдында әр- түрлі проблемалар бар.Оларға жатататындар: қарусыздандыру, бейбітшілік, кейбір мемелекеттердің артта қалуын жою, әлеуметтік, қоғамдық даму, халық сананының өсуі, денсаулық сақтау, мемелекеттердің ғылыми техникалық жағынанан алға басу, азық түлік және табиғат, адамдардың жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға үйрену.Адма болашағы деген проблема философиянын өзекті мәселесі болып отыр.осы проблемалардың ішіндегі негізгілері бейбітшілік пен қарусыздандыру.Өйткені дүниежүзілік термоядролық соғыс дүниені жоқ қылады. 36. Қайта өрлеу дәуірі философиясының антропоцентристік сипаты. XV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдардың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының , математиканың, механиканың дамуына себепші болды.Ал қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жағдайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымы тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп білуге жол ашты.Адамдардың өмірі мен іс-әрекеті тікелей бағынышты табиғатзаңдылықтарын танып білуде барлық ғалымдарға тән универсалдық тәсілдің маңызы зор деп есептеліп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде антропоцентристік сипатқа жүгінеді.Қайта өрлеу кезеңі негізі үш бағытта дамыды.Сол үш бағыттың өкілдері бірауыздан ортақ мәселе ретінде – адамды алды 37. Қоғамдық сана және формалары Сананың түрлері көп.Ол жеке адамныың санасы және қоғамдық,қарапайым және теориялық,ғылыми және ғылымға қарсы,прогресшіл және кері тартпа сана болып бөлінеді.Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана,мәселен,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер, т.б. Олай болу үшін сана көптеген адамның ойын,мақсатын, мұңын, қуанышын бірдей бейнелейтін болуы керек.Ондай сананы қоғамдық сана дейді. Ғылым мен мәдениет қоғамдық сананың барлық түрлеріне өз әсерін тигізеді,өздері де олардың әсерін қабылдай отырып дамиды.Өйткені қоғамдық сана тқрлерінің бір-біріне әсер етуі – заңды құбылыс.Ғылым қоғамдық сананың барлық түрлеріне әсер етеді.Осыған орай қоғамдық сананың мынадай формалары бар:саяси сана,құқылық сана,моральдік сана, эстетикалық сана,дін және атеистік сана. 38. Қозғалыс формалары, «даму» ұғымы Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді, ал оның өзі кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс – бүкіл болмыстағы дүниенің өмір сүру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уақыт – қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуы тиіс. Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша анықтама беруге болады, ол – Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс – әрекет. Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың іс әрекетінен іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын қозғалысқа түсірген - Құдай). Қозғалысты материяның ішкі қайшылығынан шығатын өмір сүру тәсілі ретінде түсініп, Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген көлемді еңбегінде оның бес түрін ашады.Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік қозғалыс формалары. Бүгінгі ядролық физикада ерекше қозғалыс формасына элементарлық бөлшектердің бір біріне өтуін, электромагниттік, гравитациялық, нейтрондық өрістер, атом өзегінің ішіндегі күшті және әлсіз тартыстарды т.с.с. жатқызады. Заттар мен құбылыстар құрылымының өзгеруі, қысым, жылу, дыбыс пен жарықтың тарауын т.с.с. физикалық қозғалыс формасына жатқызуға болады. Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі – ерекше ғажап биологиялық қозғалыс формасына жатады. Ғалымдар жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бері өзгерістерді ерекше геодлогиялық қозғалыс формасына жатқызу керек деген пікір айтады. Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс формасы – ол әлеуметтік. Оның еркешелігі – адамдардың саналы өмірінде, олар өз алдына неше түрлі мақсат қойып, бір бірімен бірігіп, айнала қоршаған ортаны өз ойына сай етіп өзгертуінде. 39. ҚР. дамуындағы стратегиялық бағыттар Бұл тақырыпқа біздің елбасшымыздың жолдауын қарастыруға болады. Осыдан он жыл бұрын жылы Қазақстан халқына жасалған алғашқы Жолдауында Еліміздің жылға дейінгі Дамуының стратегиясы біздің қоғамымызды |