МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Платон гносеологиясы мен Аристотель





Гносеология-адамның табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын зерттейтін философиялық ілім. Кейіннен «эпистемология» термині пайда болды, ол да өте кең таралды. Бұл термин ғылыми таным теориясын білдіреді.

Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелiгi ондағы жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды сөз қозғалмаған сезiмнен тыс, физикалықтан тыс кеңiстiктiң ашылуымен байланысты болды. Платонның

дəл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналды жəне батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық жəне материалдылық емес, сезiмге тəн жəне сезiмнен тыс деген айырмашылықтардың негiзiн қалады. Осы категориялар тұрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрiнде емес, тек олардың құбылысы түрiнде ғана көрiнедi. Нағыз жəне нақты болмысқа заттардың мəнiн, олардың парадигмасын бiлдiретiн идеялар ғана ие болады. Платонның идеялар əлемi – бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игiлiктiң абсолюттiк идеясы орналасқан. Физикалық əлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыштың əлемi мынадай кесте негiзiнде пайда болады: үлгi (идеалды əлем), көшiрме (физикалық əлем) жəне Жаратушы (демиург). Платон таным мəселесiн жанда əуел бастан нақтылық түрiнде

19. Ғылыми революцияның тарихи түрлеріне

Ғылыми революция дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар. Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипатта-рын бөліп қарастыруға болады: 1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,

2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;

3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы. Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теория-ларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру. Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады. 1. Жеке — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция

2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция. Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

1) ғылыми революциялардың аумағы;

2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;

 

20. Гегель онтологиясы мен диалектикалық тәсілін

Онтология (гр.ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология – болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады. Гегель - объективтік идеалист. Оның еңбектері: ”Логика ғылымы”, ”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды. Гегель: “Қандай білім болса да –дамудың нәтижесі”, - деп жариялады. Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды. Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы. Гегель

21Т. Кунның парадигмалық танымдық теориясын

Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі.Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисципли-нарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек.Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы. Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағы-нада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадиг-маларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген

22.Ғылыми танымның диалектикалық принциптерін

Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгертіп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір – бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша, диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дегеніміз - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектиканың маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады. Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемнің тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң

23.Детерменизм принципі. Себеп-салдарлық

Детерминизм ( лат. determinare – анықтаймын) тұрмыс құбылыстарының жалпыға ортақ себепті-салдарлы анықтылығы жәніндегі ілім. Детерминизмидеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді. Аристотель себептіліктің тәрт түрін анықтады:

· ресми

· материалдық

· қозғалысты

· мақсатты

Еуропалық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық ой (Ф. Бэкон, Г. Галилей, Р. Декарт, И. Ньютон Б. Спиноза және т.б.) детерминизмтұжырымын одан әрі дамытуға септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің ықпалымен механикалық детерминизм тұжырымы қалыптасты, оның мәнін Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің қолданылар нүктелері жайлы бәрін білетін ақыл болса, онда ол әлемнің әткені мен болашағы туралы да білер еді.[

Детерминизмнің екі негізгі түрі бар:Қатаң детерминизм;

Қатаң детерминизм оқиғалардың барлығы да олардың себебі тудырған салдары, яғни, барлық оқиғалар алдында болған жағдайлардан шығады. Осылайша, осы шақтағы және болашақтағы оқиғалар өткендегі оқиғалардай түрақты әрі әзгермейді. Бұл көзқарастың шеңберінде моральдық жауапкершілік жоқ, өйткені ол субъектінің

24.Абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісінДүниені танудың теориялық және эмпирикалық білім көздері болады. Бұл екі білім бір-бірінен ұстанымдық ерекшеліктерімен ажыратылады. Дамыта оқытудағы теориялық білім абстрактылықтан нақтылыққа өту әдісі арқылы жинақталады. Ол диалектикалық логиканың негізгі зерттеу әдісі. «Абстрактылықтан нақтылыққа өту – ғылыми зерттеудің негізгі әдісі, ол затты неғұрлым кең әрі толыққанды, жан-жақты тануына бағытталған теориялық ойлаудың қозғалысымен сипатталады» [6,46]. Яғни ойлаудың теориялық немесе эмпирикалық деңгейде өту, өтпеуіне қарай білімнің де теориялық немесе эмпирикалық мазмұны анықталады. Ал ол, теориялық ойдағы абстрактылықтан нақтылыққа өту үдерісінің сипатына байланысты болады. «Абстрактылықтан нақтылыққа өту – диалектикалық логиканың негізгі әдісі, ол арқылы таным нысаны теориялық тұрғыдан жүйе және тұтастық ретінде танылады. Сондықтан талдау, жинақтау, топтастыру, индукция және дедукция, эксперимент, модельдеу сияқты логикалық ойлаудың әдістері теориялық таным барысында абстрактылықтан нақтылыққа өтудің компоненттері ретінде көрінеді» [7,330]. Сонда философия теориялық ойлауды абстрактылықтан нақтылыққа жүру жолы мен әдістері деп анықтайды. Яғни, теориялық ойлау – диалектикалық логиканың негізгі басқышы. Ол қалай болса солай жүзеге аса бермейді. Сондай-ақ, кез келген ойлауды теориялық ойлауға жатқыза алмаймыз. Оның өзінің жүзеге асу логикасы, ұстанымы, жүйесі бар. Негізгі сүйенетін ұстанымы – абстрактылықтан нақтылыққа өту болса, оның жүйесі теориялық ойлаудың әдістері арқылы

 

25. Эволюцияның синергетикалық парадигмасының

Синергетика(грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді.Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теория өзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде

26. Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі

Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрi күрделi байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс- механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды. Ең жоғары әлеуметтiк қозғалыстың құрамында алдынғы формалардың бәрi өз бейнесiн табады. Бiрақ мұнда, материяның жоғары формаларың материяның төменгi нысандарының заңдылықтарымен түсiндiруге болмайды, бәрiнде бiрiктiруге болмайды- “қосылмас ұстанымы” әдiсiң қолдану қажет. Мысалы, биологиялықты химиялық арқылы; әлеуметтiктi- биологиялық арқылы, немесе электронды есептеу машинаны адам миымен. Мұндай жоғарыны төменгiге теңестiру редукционизм деп аталады. (редукция-қарапайымдану).

Сондай-ақ ғылымның дамуы, адам практикасының жемiсi материяның ұйымдасып, жүйеленуiнiң жаңа сапалық түрлерiн аша беретiнi сөзсiз. Қазырғы заманда – геологиялық, информациялық және ғарыштық формалары жайында болжам жасалды. Бiрақ бұл гипотезалар әлi, теориялық және эмпирикалық деңгейде дәлелденген жоқ. Қозғалыс материяның ажырамас , мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз кез – келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп , біздің санамызға , түйсік сезімдерімізге әсер ете алады. Қозғалыстың ішкі өзіне қарама – қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа қатыныстың бәрінде ол да қозғалыс. Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі қүрделі байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында

27.Психология ғылымының философиялықФилософияның басты ерекшелігі — әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.

28.Қазіргі ғылымдағы кеңістік-уақыт мәселесінКеңістік және Уақыт-Механикалық козғалысты карастырғанда біз дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеретінін сөз еттік. Бұл екі үғымның физикадағы маңызы өте зор. Оқиғаньің бәрі әйтеуір бір жерде және кандай да бір мезгілде, баскаша айтқанда, кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Кеңістіктен орын алмай және кеңістіктен тыс өмір сүретін бірде-бір объекті болмайды, болуы да мүмкін емес, яғни кеңістік материямен тығыз байланысты. Өтіп жаткан сан алуан окиғаларды қарастыра отырып, біздің санамызда кең және map, жуан және жіңішке, ұрзын және қысқа, алыс және жақын деген сияқты кеңістіктің салыстырмалы түрдегі сипатын кәрсететін ұғымдар қалыптасады. Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің ұзындығы, ені және биіктігі болады). Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни ара кашыктықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындык өлшеуіш кұралдар колданылады. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады. Ғылым мен техникада метрдің еселік және үлестік өлшемдері де пайдаланылады. дене козғалғанда өзінің орнын тек кеңістікте ғана өзгертіп қоймай, уақыт бойынша да өзгертеді.Уақыт материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланысты. Кез келген өзгерістің немесе окиғаның бастамасы және соңы болады (түзу кесінді сиякты). Кейбір өзгерістер көз алдымызда басталып, кө алдымызда аякталады (судың қайнауы); екінші біреуі көзді ашып-жүмғанша, лезде өтеді; ал үшіншілері бірден байқалмайды (мысалы, ағаштың өсуі).

 

29. Сана мәселесін философиялық талдау.

Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай. Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді. Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек. Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйіп айтады? Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с.

30.Таным теориясындағы ақиқат мәселесін

Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады. "Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: — бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері; — кез келген танымдық мән бар ақпарат; — практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән — таным теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. Таным

31.ХХ ғ.басындағы физикадағы гносеологиялық

Ғылым тарихы XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар арқылы пайда болған жаратылыстану физика ғылымының дамуымен тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Физика ғана бүгінгі күнде ең дамыған, жүйелі түрде дамып келе жатқан жаратылыс ғылымы болып есептеледі.

Әлемнің физикалық картинасы бір жағынан, табиғат туралы бұрынғы алынған білімді қорытындыласа, екінші жағынан физика ғылымына жаңа философиялық идеялар мен жаңа түсініктерді, жаңа принциптер мен гипотезаларды енгізеді, бұның өзі әлемнің картинасының өзгеріп отыратындығын көрсетеді.

Физика ғылымының дамуы - әлемнің физикалық картинасымен тығыз байланысты. Оның өзгерісімен физика дамуында басқа жаңа түсініктер, принциптер, болжамдар мен ойлау стилінің жүйесі қалыптасқан жаңа кезеңге байланысты. Ал бір кезеңнен келесі кезеңге ауысу – физика ғылымындағы жаңа революцияларға, әлемнің ескі картинасының біртіндеп күйреуіне әкеліп соғады.

Физика дамуының әрбір кезеңдерінің барысында әлемнің физикалық картинасы эволюциялық жолмен біртіндеп дамып отырады. Әлемнің тантуралы түсініктің ауысуы - әлемнің физикалық картинасының ауысуына әкеледі. Физика тарихында бұндай жағдай екі рет қайталанды. Алғашында материя құралы атомистикалық, корпускулярлық теория өрістік-континуальдық теориямен алмасты. Одан соң ХХ ғасырда континуальдық теория қазіргі кванттық теориямен ауысты.

32. Эволюциялық теориялардағы антиномиялардың

Гайдельберг - неміс философы, жаңа кантшылдықтың Баден (Фрайбург) мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі. Берлинде, Страсбургте, Цюрихте және Фрайбургте неміс әдебиетін, тарихын, экономикасы мен философиясын оқыды. Фрайбургте.В.Виндельбандтың жетекшілігімен "Дефиниция туралы ілім" тақырыбына диссертация қорғады. Страсбург (1888-1891), Фрайбург (1891-1915) және Гайдельберг (1916 жылдан) университеттерінде философиядан дәріс берді. Оның философиялық көзқарастары үлкен эволюцияға ұшырады, соның салдарынан ондай көзқарастар өзінің рухани сүйенері - И. Канттың идеясы шегінен жиі шығып кетеді, демек ол бүл орайда біресе фихтеандық, біресе жаңагегельдік, енді бірде оның бастапқы құрылымдары мен феноменологиясының өзіндік синтез нысанына ауысып отырады. Г.Риккерттің негізгі шығармалары: "Трансцендентальды философияға кіріспе. Таным пәні" (1892), "Ұғымдарды жаратылысты ғылыми түзудің шекаралары" (1896), "Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы ғылымдар" (1899), "Өмір философиясы" (1903), "Тарих философиясы" (1905), "Предикаттардың логикасы және онтологияның проблемасы"( 1930), "Философиялық әдіснаманың, онтологияның және антропологияның негізгі мәселелері" (1934) және т.б. "Философия жүйесі" шығармасының бірінші томы 1921 жылы жарық көрді, ал қалғандары аяқталмай қалды.Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы ғылымдар Эмпирикалық ғылымның бір жағынан теологтар мен заңгерлер, тарихшылар мен филологтар, екінші жағынан тап сондай дәрежеде мүдделі физиктер

33. Экономика ғылымының философиялық

Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу. Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістіктің біршама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын.Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуінеде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болады. Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс және бос уақыт, жалпы қоғамдык өнім, ұлттық табыс және басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады. Бірақ, бұлардың айырмашылықтары да бар. Біріншіден, ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді. Мұндағы басты мәселе — қоғамдық өндірістердің бірінші және екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Ал осыдан темптер шығарылады. Экономикалық өсу темптері бастапқы деп және пропорцияларды белгілейді деп тұжырымдалады. Осының объективтік негізін қоғамдық қажеттілік құрайды. Сөйтіп, экономикалық өсу теориясында себепті-салдарлы байланыстардың керісінше сипаты болады.

Екіншіден, болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Міне, осылай бір жылдық циклда жасалған игіліктердің сомасы ретінде жиынтық қоғамдық өнім белгіленеді. Экономикалық өсуді есептеудің негізін "ұзын толқындар"

34. Экзистенциализм философиясындағы

ХХ ғасырда қалыптасып, тек философияда ғана емес, рухани мәдениетке де тараған ағымдардың бірі – экзистенциализм. «Экзистенция» – өзін табу, ғұмыр кешу, көріну, қалыптасу деген сияқты мағыналарды беретін, нақты болмысты білдіруде қолданылатын философиялық категория. Бұл ұғым орта ғасырда заттардың болмысының өмір сүруінің толықпағандығы, аяқталмағандығы, өзінің мәніне сәйкес келмейтіндігі және құдайлық болмыспен жаратылғандығы сияқты түсініктерді берген болатын. Қазіргі философияда іргелі, терең онтологиялық мағынада адамның ғұмыр кешуін білдіреді. Осы сөзден туындаған экзистенциализм ағымы «ғұмыр кешу философиясы» деп те аталады. Оның бастапқы нышандары Ресейде, Шестов, Бердяев сияқты ойшылдардың идеяларында анық көрінді. Одан кейін Германияда: Хайдеггер, Ясперс, Бубер және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде францияда қалыптасты: Марсель, Сартр, Мерло-Понти, Камю, Бовуар т.б. ХХ ғасырдың орта шенінде АҚШ-та, Италияда өркендеді. Экзистенциализмді діни: Ясперс, Марсель, Бердяев, Шестов, Бубер және атеистік бағыттарға: Сартр, Камю, Мерло-Понти, Хайдеггер бөлу дәстүрі бар. Бұл бағыттың негізгі ерекшелігі – сенім, үміт, ауру, азап шегу, қамқорлық пен үрей, құмарлық сияқты психологиялық үрдістерді философемдерге айналдырып, оны онтологиялық тұрғыдан негіздеу болып табылады. Камю Альбер (1913-1960 жж.) – француз философы, публицист, жазушы, драматург. Негізгі шығармалары: «Сизиф туралы аңыз», «Бөгде», «Бүлікшіл адам», «Оба», «Шведтік сұхбаттар» т.б. Ол діни үміт жоғалған жағдайда әлемнің позитивті болмысында үмітті қалай табу керек деген сауал тастай отырып, адамның бастапқыдағы әлемді

35. Энергетизм бағыты ақиқат па,жалған

Энергетизм– 19 ғ-дың аяқ кезінде жаратылыстану зерттеушілерінің белгілі бір топтарының арасында тараған филос. тұжырым. Энергетизмнің жақтастары табиғаттағы құбылыстардың барлығы тек қана энергияның өзгеруіне байланысты болады, оларда ешқандай материалдық негіз жоқ деп есептеді. Энергетизмнің негізін салушылар В.Ф. Оствальд, Мах, т.б. жаратылыстанушы ғалымдар энергет. түсініктемені дамыта отырып, атомдық теорияның ғыл. маңызын жоққа шығарды. Бірақ олардың шәкірттері кейіннен, 20 ғ-дағы атомастика жетістіктерінің ықпалымен атомдардың бар екендігін мойындауға мәжбүр болды.Осыған байланысты атомизм идеялары энергия туралы физ. ілімнің өзіне дендеп еніп, энергияның дискреттік үлес – кванттар түрінде өзгеріп отыратындығы ашылды. Сөйтіп Энергетизм идеялары ядр. физ. мен элементар бөлшектер физикасында анықталған жаңа деректерге байланысты біршама жүйеге келтірілген формада қайта жаңғырды. Сайып келгенде, массаның ақауы мен бөлшектің өріске және кері ауысу ықтималдығының ашылуы материяның энергияға және энергияның қайта материяға ауысу мүмкіндігі түрінде түсіндіріледі. Бұл тұжырымдар масса мен энергияның өзара байланыстары туралы заңға арқа сүйей отырып беки түсті және жоғарыда келтірілген мүмкіндікті теорияның негізі ретінде қарастырды. Энергетизмнің гносеол. бастауы бір жағынан жаратылыс туралы ғылымның табыстарында жатса, екінші жағынан “материя құрылысының жаңаша” теориясын жасаудың шындығында жатыр. Ғылым алдында материяның ішкі құрылымын ашу міндеті тұрған кезде Энергетизм филос. бағыт ретінде қайта түлейді.

36.Биологияның философиялық мәселелеріне

Адамның өмір сүрүі мәселесі де адамның мәні мәселесі сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмір сүруі мен мәнділігінің тұтастығы мен қажетті байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашанда, бір жағынан әуел бастапқы "нәрсе" және, екінші жағынан, ол өзінің ізі мен шектеуін қалдыратын әлеуметтік ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмір сүру осы қажеттіліксіз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастарының жүйесінсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, оның мәні де оның өмір сүруінен тыс бола алмайды.

Адамның бойындағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы мәселесі де осы өмір сүру мен мәнділік мәселесімен байланысты. Өзінің мәні жағынан адам әлеуметтік жан. Сонымен бір мезгілде ол табиғаттың жемісі және оның шектерінен тыс өмір сүре алмайды, өзінің биологиялық қажеттіліктерін өтейді, ішеді, жейді, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтілік ажырамас тұтастықта орналасады оның бір жағын "әлеуметтік сапаға" ие тұлға құраса, екінші жағын оның табиғи негізі болып табылатын ағза құрайды.

Өзінің биологиялық жаратылысы жағынан әрбір индивидтің өз ата-анасынан алатын гендер жиынтығы - белгілі бір генотипі әуел бастан қаланады. Туылысымен-ақ ол нышандары генде сақталған биологиялық тұқым қуалаушылыққа ие болады. Бұл нышандар индивидтің сыртқы, физикалық кейпіне де (бойы, терісінің түрі, бет-әлпеті, дауысының күші, өмірінің ұзақтығы және т.б.), психикалық қасиеттеріне де (эмоция, темперамент,

37. Энтропияның ұлғаю заңы мен эволюцияның

Жаңа дәуiрдегi алғашқы философтармен салыстырғанда Т.Гоббс философия пәнiн ақыл-ой арқылы дүние танумен теңеп, оның шеңберiнен үзiлдi-кесiлдi теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар, ол дiндi, Құдайға сенудi қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептедi, әсiресе, ол оның моральдық жетiлуiнiң тiрегiн құрайды. Т.Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол Дүниенi бүкiл өмiрде болып жатқан барлық денелердiң жиынтығы ретiнде қарайды. Олардан басқа ешнәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, нақтылы өмiр сүрiп жатқан дененiң өзi сол субстанция. Ал дененiң созылуы мен бiтiмi оның негiзгi қасиеттерiне (акциденцияларына) жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп денелердiң қасиеттерi, бiрақ, қозғалмайтын денелер де болуы мүмкiн. Ал заттардың иiсi,түсi,дыбысын алар болсақ, бұл қасиеттер пайда болып келесi сәтте-ақ жоғалып жатады. Олар көбiне заттардан гөрi соларды қабылдайтын адамдардың түйсiгiне байланысты. Т.Гоббстың гносеологиясы (таным iлiмi) тәжiрибелiк тұжырымынан шығады. “Алғашында түйсiкте толығынан, я болмаса жартылай болмаған, ұғымда да жоқ² деген сенсуализм қағидасын Т.Гоббс толығынан мойындайды. . “Адамның ақыл-ойының сәулесi - ол көпмағналықтан тазартылған, нақтылы анықтамасы бар сөздер²,- дейдi ұлы ойшыл. Т.Гоббс “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн²,- деген Р.Декарттың принципiн өзiнiң танымдық iлiмiнiң тұрғысынан қатты сынға алады. “Мен ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² деген қағида бiздi ойлана алатын дене бар екенiн мойындауға әкеледi. Ал Р.Декарттың ойлайтын адам ойлауға тең деген пiкiрiн “серуендеп 38.Қазіргі ғылымдағы гносеологиялық дағдарысты

Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм).Гносеология — адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды. Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері

39.Б. Спинозаның "Этика" атты еңбегін

Бенедикт Спиноза (1632 – 1677) – нидерлант философы-материалист, пантеист және атеист. Екі ірі еңбегі белгілі – «Діни-саяси трактат» (1670) и«Этика» (1675). Амстердамның еврей шіркеу қауымынан дінге еркін көзқарасы үшін аластатылды. Философиядағы геометириялық әдістің негізін салды. Білімнің мақсаты табиғатты меңгеру және адамды барынша жетілдіру деп есептеді. Бостандық туралы ілімін қалыптастырды. Ол қажетілік шеңберінде адам бостандығының қалай мүмкін болатындығын дәлелдеді. табиғат туралы ілімін жасап, Декарт дуализіміне қарсы болды. Спиноза табиғат - өзіне-өзі себепші, ол өзінің болмысы үшін ешнәрсені де қажетсінбейді деп тұжырымдады. Табиғат – субъстанция, өзі атағандай ол – құдай. Субстанциядан шектелген жеке заттар дүниесін ажырататын – модустар. Субъстанция біртұтас, модустар шексіз көп. Шексіз ақыл ғана шексіз субъстанцияны тани алады.

Спиноза бойынша адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жан модусы туралы ілімінде Спиноза адамның күрделі психологиялық өмірін зердеген және ынтықтыққа яғни аффектілерге – қуанышқа, қайғыға, құмарлыққа әкеп шектеді. Ол бостандықты ақылмен теңестірді. Бостандық белгілі бір себептерге тәуелді екендігін мойындады. Спеноза ілімі бойынша бастандықта халық бұхарасы емес, тек ақыл иесі болуы мүмкін.

Спиноза таным теориясында рационализм бағытын жалғастырды. Ол рационалды танымды жоғар қойып, сезімдік танымды екіншіге, ал тәжірбиенің рөлін төмендетті.айқындық пен дәлдікті ақиқаттың критерийі деп жариялады.

40. Проблема -гипотеза- теория арасындағы

Гипотеза (гр. ὑπόθεσιςнегізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылымитеория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.[1]

Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегіматематиканыңдамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқыжобаныңдұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды. Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.

2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.

3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.

41.Р. Декарттың «Тәсіл туралы ойлар» атты еңбегінР.Декарт (Р.Картезиус) (1596-1560 жж.). Атақты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Философияның алғашқы бастамалары». «Философия ағаш секілді, оның тамыры – метафизика, діңгегі – физика. Діңгектен тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымның - медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырынан бастап жинамайтынымыз секілді, философияның пайдалылығыда оны құрастыратын бөліктерге байланысты» деп, Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Ф.Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математикалық ойлау 44 тәсілінен жақсы көрінеді. Тәсіл дедукция деп аталды. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісіне қолдану керек. Ол төрт ережені тұжырымдайды: 1. Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы білдіреді. 2. Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиындықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді. 3. Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процессі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді. Дедукцияның барлық бөлімдерін қамтитындай шолу жасап отыру қажет – нумерация. Декарт рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам

42.Декарттың дуалистік онтологиясы мен Спиноза

Тағы да бір жаңа дәуір философиясының көрнекті ұлы ойшыл философы Бенедикт Спиноза. Ол 1632 жылы Амстердам қаласында еврей көпесінің отбасында дүниеге келген. Сондай-ақ ол сол Амстердамдағы еврейлердің діни училищесінде оқып, Ван ден Эндан атты тәлімгер, мұғалім, ұстаздың ықпалында болады. Спиноза жас кезінен Дж. Бруно, Ф.Бекон, Томас Гоббс шығармаларына ден қойып, құныға оқыған. Спинозаның бұл көзқарасын жан-жағындағы еврейлер діни қауымдастығы қабылдамай, Еврей дін өкілдерінің қудалауына алынып, басқа бір жерлерге бас сауғалап кетуіне мәжбүр болған. Сондықтан Бенедикт Спиноза ауылдық жерге қашып барып, сонда өз күнін көре бастайды, сол жерде өзіндік шығармашылық жұмысын жалғастырып, түрлі еңбектер үстінде жұмыс істей бастайды. Былайша айтқанда біз Спинозаны кей біргі мәліметтер бойынша ХҮІІ ғасырдың ұлы философтарының бірі голландық Декарт ізбасары, Декарт, Гоббс сияқты рационалист, бірақ философиядағы өз жолын тапқан ойшыл деуімізге әбден болады. Б.Расселдің Спиноза бойынша пікірі төмендегідей: «Спиноза ұлы философтардың ішіндегі ең ізеттісі және ұнамдысы, сондықтан мен Бенедикт Спиноза жайлы әңгіме қозғағанда қорықпастан былай деп айта аламын: интеллект жағынан, кейбір философтар одан жоғары тұруы мүмкін, бірақ адамшылығы жағынан оған тең келері жоқ».
Жас жағынан дін мектебі Синагогада білім алғандықтан дін жайлы, Інжілді, Тауратты жете білген. Бірақ еврейлер сопысы раввин болудан бас тартып, философияға және ғылымға ден қойған. Дін жолымен жүрмегендіктен раввиндер тарапынан қудалауға ұшырап, көнбегесін түрлі

43.Философиядағы субстанция мәселесін негіздеңіз.

Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:

1.материалды (заттар),

2. рухани (идеялар).

Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады.

 

44. Материяның антиномиялық корпускулды-

XIX ғасырға дейін жарық тез қозғалатын бөлшектер — корпускулалар ағыны ретінде қарастырылып келді. Бұл көзқарасты И. Ньютон да ұстанды. Бірақ, XIX ғасырда жарықтың толқындық қасиеттері айқын білінетін оныңинтерференциясы, дифракциясы және т.б. құбылыстар ашылды. Юнг пен Френель жұмыстарының нәтижесі екі бәсекелес корпускулалық және толқындықтеорияның біреуі, яғни толқындық теорияның жеңіп шығуына әкелді. Бұдан соң Максвелл еңбектерінің қорытындысы жарықтың электромагниттік толқын екенін түпкілікті дәлелдеп берді. Бірақ XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ашылған құбылыстар (оларды біз осы тарауда қарастырып өттік) жарықтың фотондар ағыны ретінде таралатынын көрсетті. Сонымен, жарық деген не? Толқын ба әлде бөлшек пе деген сұрақ қайта туындады. Физик ғалымдар бірте-бірте сұрақты бұлай қоюдың өзі дұрыс емес екенін түсінді.

Жарықта әрі үздіксіз электромагниттік толкындардың, әрі дискретті фотондардың бөлшектік қасиеттері бар. Абсолют қара дененің сәулеленуін және жарыққысымының флуктуацияларын зерттей отырып, жарық қасиеттерінің екіжақтылығын алғаш түсінген Эйнштейн болды. Ол осы айтылған ауытқуларды есептейтін формуланы қорытып шығарды. Бұл формула екі қосылғыштан тұрады, бірінші қосылғыш — "кванттық мүше" жарықты фотондардың ағыны ретінде сипаттаса, екінші қосылғыш — "толкындық мүше" таралатын электромагниттік толқындағы флуктуацияларды сипаттайды. Жиілік жоғары болса,

45.Информация,құн және өлшеу мәселесіне көзқарас.

Өлшеу дегеніміз – зерттеу мақсатына қажетті белгілі бір сипаттағы сандық мөлшерді анықтау. Субъективті қасиеттерге (талғам, әдет, т.б) қарағанда, объективті қасиеттерді (адамдардың жасы, табысы, саны) өлшеу оңай болып келеді. Бұл қасиеттерді бағалау үшін оларды белгілі бір сан жүйесіне, өлшем шкаласына ауыстыру керек. Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.

Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты

46.Өзіңіз таңдаған нақты ғылымның қалыптасу тарихынан Н.Бордың сәйкестік принціпінің

Нильс Хенрик Давид Бор, дат. Niels Henrik David Bohr (7.10.1885, Дания, Копенгаген — 18.11.1962, сонда) — даниялық ғалым, қазіргі заманғы физиканың негізін салушылардың бірі, Дания корольдік қоғамының мүшесі (1917) және 1919 жылдан оның президенті.

· Копенгаген университетін бітірген (1908).

· 1911 — 12 ж Кембриджде Дж. Дж. Томсонмен, 1912 — 13 ж Манчестерде Э. Резерфордпен бірге ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізді.

· 1916 жылдан Копенгаген ун-тінің профессоры.

· 1920 жылдан өмірінің соңына дейін Копенгагендегі Теориялық физика ин-тын (қазіргі Нильс Бор ин-ты) басқарды.

1943 ж Данияға фашистердің жаулап алу қатері төнгенде, ол АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та алғашқы атом бомбасын жасауға қатысты, кейін оны шығаруға қарсы шықты. Соғыс аяқталған соң Данияға қайта оралды.

Бор — атомның алғашқы кванттық теориясын жасаушы, кванттық механиканың негізін қалаушылардың бірі. Ол Бор қағидалары (постулаттары) деп аталған тұжырымдар негізінде атомның орнықтылығын және сутек тәрізді атомдардың спектрлік заңдылықтарын түсіндірді. Бор теориясы бойынша атомның орнықты (стационар) кw





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.