ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Позитивистік онтология мен таным теориясын Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: онтос – болмыс, логос – ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: Қоршаған орта нені білдіреді? Оның шығу тегі қалай? Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады. Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс 49.Синергетика мен диалектика. ФилософиялықСинергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді.Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық 50.Абстракциядан нақтылыққа өрлеу тәсілін қай Дүниені танудың теориялық және эмпирикалық білім көздері болады. Бұл екі білім бір-бірінен ұстанымдық ерекшеліктерімен ажыратылады. Дамыта оқытудағы теориялық білім абстрактылықтан нақтылыққа өту әдісі арқылы жинақталады. Ол диалектикалық логиканың негізгі зерттеу әдісі. «Абстрактылықтан нақтылыққа өту – ғылыми зерттеудің негізгі әдісі, ол затты неғұрлым кең әрі толыққанды, жан-жақты тануына бағытталған теориялық ойлаудың қозғалысымен сипатталады» [6,46]. Яғни ойлаудың теориялық немесе эмпирикалық деңгейде өту, өтпеуіне қарай білімнің де теориялық немесе эмпирикалық мазмұны анықталады. Ал ол, теориялық ойдағы абстрактылықтан нақтылыққа өту үдерісінің сипатына байланысты болады. «Абстрактылықтан нақтылыққа өту – диалектикалық логиканың негізгі әдісі, ол арқылы таным нысаны теориялық тұрғыдан жүйе және тұтастық ретінде танылады. Сондықтан талдау, жинақтау, топтастыру, индукция және дедукция, эксперимент, модельдеу сияқты логикалық ойлаудың әдістері теориялық таным барысында абстрактылықтан нақтылыққа өтудің компоненттері ретінде көрінеді» [7,330]. Сонда философия теориялық ойлауды абстрактылықтан нақтылыққа жүру жолы мен әдістері деп анықтайды. Яғни, теориялық ойлау – диалектикалық логиканың негізгі басқышы. Ол қалай болса солай жүзеге аса бермейді. Сондай-ақ, кез келген ойлауды теориялық ойлауға жатқыза алмаймыз. Оның өзінің жүзеге асу логикасы, ұстанымы, жүйесі бар. Негізгі сүйенетін ұстанымы – абстрактылықтан нақтылыққа өту болса, оның жүйесі теориялық ойлаудың әдістері арқылы басқарылады. Теориялық ойлау барысында білім әрі 51.Материялистік диалектиканың ерекшелігі менДиалектика ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан жақты зерттеудің, яғни әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процесстердің негізін табу. Диалектика ойладың объектілігі, софистика ойлаудың субъектілігі.Диалеатика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тередей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика; идеалистік диалектика ақыл ойдың жалпы ұғымдарының бір біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік тарихи ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика қайшылық пен даму санада ғанғ емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Гегелдің диалетикасы идеалистік диалетикаға негізделген. Гегелдің философиясының үлесі және ерекшелігі: 1) объективтік идеализм теориясын жасады. Негізгі өзегі абсолюттік идея - әлемдік Рух.2) Канттың, Фихтенің, Шеллингтің еңбектерін зейін қойып зерттеп, идеалистік диалектиканың жалпы теориясын жасады және оны білімнің әр түрлі салаларына қолданды. Диалектикалық әдісінде ол қозғалыстың дамуының үздіксіз екекнін үйретті. 3) Гегель өз философиялық жүйесінде дүние жүзілік ақыл ойдың абсолюттік және әбден жетілген көрінісін жасауға тырысты. Гегельдің жүйесі мен әдісі бір біріне қайшы, кері тартпа. Осыдан шығатын қорытынды: философиялық жүйесі метафизикалық; далектикалық әдісі прогресшіл жағынан көрінеді.Гегель жүйесі. Гегель нақтылықты немесе бүтін болмысты түсінуде, идеяның мәні ретіндегі - әлемдік ақыл ойды, Логосты, Рухты, 52.Спиноза мен Лейбниц гносеологиясының Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:1.субстанция мәселесі;2.таным теориясы;3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;4.Табиғат – Құдай – бір;5.Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ; 6.Құдай Табиғаттың ішінде7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата 53.Ф.Бэкон мен Р.Декарттың танымдық Ф.Бэкон философиясы.Философияда механикалық ,метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл – ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтілік тәсілінің негізін қалаушы – Френсис Бэкон (1561-1626 ж) еді.Негізгі еңбектері: “Ғылымдар табысы” ,“Жаңа органон”, “Жаңа Атлантида” т.б. Бэконның ілімінше , адамның негізгі мақсаты – табиғат күштерін игеру.Табиғаттың сырын,заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады,ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады.Материяның қасиеттері өте көп ,солардың ішіндегі негізгісі – қозғалыс.Қозғалыс – метерияның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілімен қабылдап білуге болатын денелер ғана , ал рух,жан т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтын болғандықтан – нақты шындыққа жатпайды. Декарттың философиясы.Декарт Рене (1596–1650). Ол философияның, физиканың, математиканың және дамуына үлкен әсер етті. Декарт дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік – рационалистік әдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және құрылымы), физика және физиологияда Декарт материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму құқықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол – «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін»(Cogilo, ergo zum) –деген қағидаға сүйенеді. 54.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың Ақиқат танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субьектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған обьектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен фил\да ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субьект пен обьект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік тарихи процес. Ақиқат біреу, ол обьективті. Обьективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі,біліміндегі субьектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Егер обьективті аиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұсынан абсолютті түрде емес тек шамамен салыстырмалы түрде ғана білдіреді. Зерттеліп отырған обьект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат , ал толық ж\е дәл білімді абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ж\е абсолютті ақиқат әлеуметтік , тарихи процесс ретіндегі обьективті ақиқаттың көріністері. Сәйкестік принципі бойынша ақиқат қоғамдық адам санасында шын дүниенің практика арқылы берілген белгілі бір жағының бейнелену процесі. Сонымен, ақиқаттың диалектикалық материалистік теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1.Ақиқат - әлеуметтік прцес; 2.Обьективті ақиқатты мойындау- абсолютті ақиқатты мойындау. 3.Ақиқат барлық жағдайда нақты 4.практика ақиқаттың жалпы өлшемі. 5.Ақиқатты тану- қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс. 55.И.Кант және космологиялық антиномиялар. Философиялық талдау.Жаңа заман философиясында, әсіресе, оның таным теориясында пайым мен Зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған И.Кант (1724 – 1804) болды. Канттың айтуынша, Зерде дегеніміз ол да пайым. Бірақ ол – пайымның жоғары формасы. Зерде таным процесінде категориялар арқылы емес, принциптер арқылы көрініс береді. Канттың тілімен айтқанда, адамның “зердесі дегеніміздің өзі принциптерді тудыру қабілеті”. Кант өзінің философиясында Зерденің идеяны тудыратын ерекшелігін айқындап берді. Кант өз заманының саяси-әлеуметтік тар өрісті жағдайына байланысты қайшылықтардың мәнін түсіне алмады. Сондықтан ол Зердені айыптауға, сынауға көшті. Канттың ойынша, Зерденің даму тарихының үш кезеңі бар. Алғашқы кезеңде Зерде бүкіл әлемге, барлық ойлау процесіне әсерін тигізіп тұрған құдіретті күшке ие болады. Оның қағидалары ешбір өзгермейтін, мәңгі жасайтындай көрінеді. Сөйтіп, ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды. Кант бұл жерде Зерденің тарихы арқылы философияның бір кезде, яғни жаңа дәуірде барлық ғылымдар үшін шешуші рөл атқарғанын көрсетіп отыр. Шынында да, сол бір кезде философия ғылымдарының атасы болғаны сөзсіз Екінші кезең Зерденің идеялары мен принциптеріне деген сенімсіздіктің, күмәннің бірте-бірте пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңде Зерденің қағидалары әрі жалпы, әрі абсолюттік рөл атқарудан қала бастады. Сондықтан оның негізгі идеялары мен принциптері жаңа заман ағымына ілесе алмай, өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Дәл осы кезде ағылшынның атақты ойшылы Давид 56.Ғылымдағы «бастама» мәселесі. Философиялық Ғылымның басталу мәселелері Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар Антикалық ғылым Ғылымның басталу мәселелері Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бул сураққа байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, табиғат туралы абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылыстану пайда болған кезде (ХУ-ХУІІ ғғ.) деп айтады. Қазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша -ғылым — білім жиынтыеы: ңоәамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоәамның негізгі қозеаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйвсі тағы басқа. Осы аспектілер бойынша ғылым: - XIX ғасырдың ортасынан бастап - мамандар дайындаудың жүйесі; - XX ғасырдың екінші жартысынан — қоғамның негізгі қозғаушы күші; - Жаңа уақытта — әлеуметтік институт - Ежелгі Грецияда — қоғамдық сананың формасы; - Адам мәдениетінің бастауында - білім жиынтығы ретінде қарастырылады. Әр уақыт бойында әр ғылымның қилы салалары пайда болды. Антикалық ғылым қазіргі әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта -механика пайда болды, ал XIX ғасырда қоғамтану келді. 57. Қазіргі гносеологиядағы антроптық принціптің Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм).Гносеология — адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды. Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері 58.Эволюция мәселесіне көзқарас. Философиялық талдау. Эволюция- тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. Эволюция прогрессивті сонымен қатаррегрессивті болуы мүмкін. Яғни прогрессивті процесс түрінде ол тұтас жүйенің дамуына әкелуә мүмкін немесе регрессивті процесс түрінде сол жүйенің өзгеріп, бұзылуына, жойылып кетуіне әкеліп соқтырады. "Эволюция" деген сөз латынша "evolutio"- тарихи даму, өзгеру, өрлеу деген мағынаны білдіреді. Эволюция ұғымы- уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқа қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді. 59.Ғылым және ғылым еместі демаркациалау"Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады. Ғылым Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның езі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінід өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Ғылым және оның қоғамдағы рөлі Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім 60.Хаос пен Реттіліктің диалектикасы. Философиялық Хаос пен реттіліктің диалектикасы. Философиялық талдауСинергетика әлеуметтік өмірдің көптеген үрдістерін модельдеу үшін қызмет етеді – олар демографиялық, геосаясаттық, әлеуметтік-экономикалық және басқалар. Осы ғылыми теория әлеуметтік гуманитарлық және жаратылыс тану ғылымдарының интеграциясы тенденциясын жаңаша бағалауға мүмкіншілік жасайды. Өзіндік ұйымдасу түсінігі табиғаттағы материяның қарапайымнан күрделіге қарай даму принципінен шығып отыр. Өзіндік ұйымдасуды тар мағанада ашық орнықсыз жүйенің қарапайым тәртіптелмеген формадан көбірек тәртіптелген күрделі формаға ауысуы деп қарауға болады.Өзіндік ұйымдасқан жүйелер келесідей талаптарға сай болуы керек.1.орнықсыз, яғни термодинамикалық тепе-теңдік күйден алшақ болуы;2.жүйе ашық, сырттан заттар мен энергия алмасуы болуы керек;3.флуктацияның болуы;4.әрекеттесуші элементтердің жеткілікті мөлшерде болуы. Синергетиканың негізгі идеялары:1.Әлем дүниесінде эволюция мен деградация, бүліну мен түзілу процестері бірдей деңгейде; Хаос тек блдіруші ғана емес түзуші де. Даму хаос арқылы жүзеге асады.2.Тәртіптелу процесі жүйе табиғаты мен ерекшелігіне байланыссыз бірдей алгоритмге ие. Яғни табиғатта өзіндік ұйымдасудың әмбебап механизмі бар.3.Көпшілік күрделі жүйелердің эволюциясы сызықты емес сипатта. Күрделі құрылымдардың түзілуі кездейсоқтық емес, заңды нәрсе. Кездейсоқтық эволюция механизміне |