ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Гидромодуль графигін есептеу Ауыспалы егіс дақылдарының суару тәртібі- әрбір дақылдардың суару тәртібін қосу, біріктіру арқылы анықталады. Бұл қосуды, біріктіруді суару гидромодулі «q» арқылы жүргізіледі. (2.11) мұнда: q – суару гидромодулі немесе бір гектар егіске бір секундта берілетін су өтімі, ; α – ауыспалы егістегі дақылдың үлесі; m – суару мөлшері, ; t – дақылдың суару мерзімі, тәулік. Дақылдың суару мерзімі оның көлеміне, биологиялық ерекшеліктеріне, суару әдістеріне және еңбекті ұйымдастыру жағдайларына байланысты қабылданады. Дақылдың суару мерзімі неғұрлым қысқа болса сол алқаптағы дақыл ылғалды өзінің биологиялық қолайлы мерзімінде алады. Алайда, мұнда су өтімі өседі, сөйтіп еңбекті ұйымдастыру жұмыстары қиындайды. Керісінше суару мерзімі ұзарса су өтімі төмендейді, бірақ дақылдың биологиялық ерекшеліктері толық қанағаттандырылмайды. Осының барлығы ескерілген жағдайда дақылдың суару мерзімі шамамен 7-10 тәулік аралғында белгіленеді. 2.17-кестеде әрбір дақыл үшін суару гидромодулі мөлшері жоғарыда келтірілген формула арқылы есептеледі. Осы кесте мәліметтері негізінде гидромодуль графигі тұрғызылады (2.7-сурет). Бір суарымның гидромодуль графигі тік төртбұрышты. Тіктөртбұрыштың табаны - суару мерзімі, биіктігі гидромодуль мәні. Алғашқы жасақталған гидромодуль графигін жасақталмаған гидромодуль графигі деп атайды. Жасақталмаған гидромодуль графигінің екі басты кемшілігі бар. Бірінші кемшілігі – гидромодульдің ең жоғарғы ( )және ең төменгі ( ) мәндері арасындағы алшақтық үлкен. 2.7–суретте = . = . Демек алшақтықтың ең жоғарғы екені көрініп тұр. Екінші кемшілігі – вегетациялық кезеңде егіске су берілмейтін кезеңдер бар. Олардың жалпы саны Демек осы кезеңдерде канал жұмыс істеемейді. Бұл қолайлы емес. Сондықтан да алғашқы тұрғызылған гидромодуль графигін реттеу керек, оны ықшамдау қажет, ол қажетті дәрежеде жасақталынуы міндетті. Ол үшін суарудың орташа күнін 3-4 күн алға немесе артқа жылжытамыз. Мұнда суару мерзімі өзгермейді. Болмаса суару мерзімі 3-4 тәуләкке қысқарады немесе ұзарады. Жасақталған немесе жасақталмаған графиктер бойынша ауыспалы егістікке берілетін жалпы су мөлшері өзгермей тұрақты болуы керек.(2.18-кесте, 2.8-сурет). . (2.12) мұнда: – жасақталмаған гидромодуль графигіндегі суарымның гидрмодуль мәні мен мерзімі. - жасақталған гидромоуль графигіндегі сол көрсеткіштер. Жасақталу барысында гидромодуль графигінің жоғарғы мәні 0,3 мөлшеріне төмендеді. 2.5. Дақылды жүйекпен және беткейлеп суару әдістері көрсеткіштерін есептеу . Есепті бастау үшін белгілі мәліметтер мен көрсеткіштерді анықтап алу қажет.Жүйекпен суару әдісі барынша егістік аймақ еңістігі 0,001-0,03 болған жағдайда тиімді қолданылады. Біз талдап отырған алқапта i=0,0007 тең.Ылғалдың топыраұұа сіңуін «α» көрсеткіші айқындайды.Ол әдетте 0,2-,08 аралығында жатады . Бізде орын алып отырған топырақ түріне сай α=0,5 деп анықталады. Келесі жүйектің кедір – бұдырлық коэффициенті .Бұл көрсеткіш жүйектер үшін n=0,040 . Сонымен қатар бірінші бірлік уақытының соңындағы топыраққа ылғалдың сіңу жылдамдығы =0,06 м/сағ . Сонымен алдын – ала белгілі көрсеткіштер: i=0,0007; α=0,5; n=0,040; =0,06 м/сағ . Жүйектің табаны 0,1м тең деп қабылданады.Жүйектің тереңдігі Н=12-25см.Жүйектегі судың тереңдігі h = = =0.07м. Жүйектегі судың түбінде жатуы қарықтың жоғарғы бөлігі суға тимегендіктен топырақ құрылымы сақталады.Жүйектің табаны ғана қатты болады, ол оның бүйірлері мен үстінің топырағы бұрынғы күйінде қалып , капилярлық жолмен ылғалданады. Жүйектің ылғанданған ауданы: =0.011 (2.13) Мұнда : m – бүйір еңістігі . Жүйектің ылғалданған периметрі: =0,3 м (2.14) Гидравликалық радиус: R= = (2.15) Жылдамдық коэффициенті: С = (2.16) Жүйектегі судың жылдамдығы: ν = C = =0.46л/с (2.17) Жүйектің су өтімі: q=ω·ν=0,0119·0,46=0,00055 ≈0,55 л /с (2.18) Топырақтың капиллярлық күштер арқылы ылғалдануына байланысты жүйектің ылғалдынған периметрі: = b + 2·ɣ·h = 0,1 + 2·1,35·0,07 = 0,4 м (2.19) Уақыттың бірінші бірлігі кезеңіндегі топыраққа судың сіңуінің орташа мөлшері: = = = 0,12 м/сағ (2.20) Суару уақытын анықтаймыз: (2.21) Мұнда m-суару мөлшері , 1000 /га = 0,1 м ; α= жүйектердің арақашықтығы, α=0.5 . Жүйектің ұзындығының формуласы : = (2.22) Соңында жүйектің ұзындығының мәнін қабылдаймыз. Жалпы уақытша жапқа тиесілі жүйектер саны : N = = (2.23) мұнда: l –уақытша арықтардың арақашықтығы , - жүйектің арақашықтығы. Бір жүйектің сумен қамтамасыз ететін ауданы: F = = 60·0,7= 42 (2.24) Дақылдарды тақталап немесе беткейден суару әдісі . Бұл әдіспен негізінен тар қатарлы себілетін дақылдар – барлық дәнді дақылдар және мал азықтық шөптер – жаңышқа , түйе жоңышқа , беде (клевер) суарылады. Егістікке белгілі бір қашықтықта топырақтан кішкене бір үйінділер (валиктер) жасалады.Олардың биіктігі 12-18см .Ал арақашықтығы тақтаның көлденеңгі ерістігімен анықталады.Тақталардың ені 3,6; 7,0; 10,8 м одан көп болуы мүмкін.Бұл көрсеткіш дән себетін агрегаттың жауып өтетін еніне (3,6м) еселі болуы керек немесе оған қалдықсыз бөлінуі керек. Бұл әдісті қолдану егістік беттері еңістігі 0,002 – 0,010 аралығында болғанда қолайлы. Тақтамен немесе беткейлеп суару әдісі көрсеткіштерін есептеу. Есептеу алдында белгілі көрсеткіштерді анықтаймыз. Алдыңғы есеп бойынша жүйек ұзындығы . Осыған байланысты тақталар ұзындығын деп қабылдаймыз. Бұл әдіспен жоңышқа мен бидай суғарылады. Дақылдардың суару тәртіптерін есептеу арқылы ең жоғарғы суару мөлшері немесе қалыбы 1000 , демек m = 0,1м. Тақтаның суару ұзақтығын анықтаймыз: (2.25) Тақтаның су өтімі: =0,002 ≈2,7л/с (2.26) Тақтаның ені м болған жағдайда тақтаның жалпы су өтімі =2.7·0.0027 =0.0073≈ 7.3л/с. (2,27) 2.6 Ауыспалы егістіктегі каналдардың су өтімдерін анықтау Ауыспалы ігіс алқабында бес дақыл өндріледі.Жасақталған гидромодуль графигіне сәйкес оның ең жоғарғы мәні =0,3л/с·га .Ауыспалы егістің ауданы , . Жерді пайдалану коэффициенті (ЖПК) – 0,8 .Жасақталған гидромодуль графигі бойынша оның ең төменгі мәні . Ауыспалы егіс каналының су өтімін анықтаймыз =0,3 · 476 =143 (2.28) Танап каналыңың су өтімі 80-150 л/с аралығында болуы тиіс. Біздің ауыспалы егіске 173 л/с өтімі түседі. Осыны ескеретін болсақ бір мезгілде 2 танап каналы жұмыс атқарады. Ауыспалы егісте 8 танап каналы бар. Бір мезгілде екі танап каналы жұмыс істейді. Әрқайсысының су өтімі болады 173/2=100л/с .Осы айтылғандарға сәйкес 2.9 – суретте ауыспалы егістегі каналдардың есептеу схемасы көрсетілген. Танап каналында 6 уақытша жап бар. Олардың екеуі бір мезгілде жұмыс істейді. Сондықтан , қабылданған есептеу схемаға сәйкес оған 2 уақытша жап (у.ж.-5 , у.ж,-6) , ТК-8 және ТК-7 танап каналдары , Р-1-2 ауыспалы егіс каналы және Р-1 ауыспалы егіске су беруші каналы кіреді. Суаруды жүйектеп немесе тақталап жүргізгенде уақытша жаптың су өтімі 30-60 л/с аралығында болады.Біз уақытша жаптың су өтімін 60 л/с көлемінде қабылдадық.Сондықтан , уақытша жаптың брутто су өтімі: = = (2.29) ТК-8 танап каналаының 1-2 нуктелер арасындағы су өнімдерін анықтаймыз: =63  1-2 нүктелер арасындағы танап каналының су шығынын келесі өрнекпен есептейміз. = (2.30) Мұнда c каналдың ұзына бойғы шығынға кететін су өтімінің пайызы каналдың ұзындығы – 0,15 км. (2.31) Мұнда: А және т - канал бойы топырағының су өткізгіштік көрсеткіштері.Олар топырақтың механикалық құрамына байланысты 2.19-кестеден алынады. 2.19-кесте . Топырақта су сүзілуін анықтайтын көрсеткіштер Қөрсеткіштер | Су өткізгіш қабілетінің дәрежесі | су топырақ | саздақ | құмшауыт топырақ | A | 0.7 | 1.9 | 3.4 | m | 0.3 | 0.4 | 0.5 | .   ТК-8 танап каналының 1-2 нүктелер аралығындағы брутто су өнімдерін анықтаймыз : (2.32) ТК-8 танап каналының 2-3 нуктелер аралығындағы су өтімі: + = 63+65=128  2–3 нүктелер аралығында ТК-8 танап каналындағы су шығынын есептейміз.Каналдың 2-3 нүктелер арасындағы ұзындығы 0,9 км. =  =  ТК-8 танап каналының 2-3 нуктелер аралығындағы брутто су өтімі:  Р-1-2 ауыспалы егіс каналының 3-4 нүктелер арасындағы су өтімдерін анықтаймыз. =  Осы екі аралықтағы каналдың ұзындығы 0,6 км. Су шығынын есептейміз:  =  Р-1-2 ауыспалы егіс каналының 3-4 нүктелер арасындағы брутто су өтімі.  Р-1-2 ауыспалы егіс каналының 4-5 нүктелер арасындағы нетто су өтімі : + =148 + 140 = 288  Осы екі аралықтағы ауыспалы егіс каналындағы су шығынын есептейміз, учаске ұзындығы - 1,261 км.  =  Р-1-2 ауыспалы егіс каналының 4-5 нүктелер арасындағы брутто су өтімі болады : = 288 + 12,9 = 310,9 ≈ 311  Р – 1 каналының 5-6 нүктелер арасындағы нетто су өтімін анықтаймыз: =311  Осы екі аралықтағы каналдың ұзындығы 1,0 км , сонда оның су шығыны:  =  Р – 1 каналының брутто су өтімі : = 311 + 23,7 =334,7≈335  Осы каналдың ең жоғарғы су өтімі:  Каналдың гидравикалық есебі келесі өрнектер арқылы жүргізіледі: Каналдың ылғалданған ауданы: ω=(b+m·h)·h ,  мұнда т – канал бүйірі еңістігінің мәнін 2.20 – кестеден аламыз . m=1.5 2.20 – кесте . Канал бүйірі еңістігінің (т) мәні (Б.С.Маслов мәліметі) Топырақ түрі | Канал бүйірі еңістігі | Саз | | Ауыр саздақ | 1....1,5 | Құмдақ | 1....1,5 | құм | 1,5....2 | Каналдың ылғалданған периметрі :  Гидравикалық радиус: R=  Шези коэффициенті : С = y =  Мұнда : каналдың кедір – бұдырлық коэффициентінің мәнін 2.21-кестеден аламыз. n =0.025 2.21-кесте. Каналдың кедір – бұдырлық коэффициентінің (п) мәні (Б.С.Маслов мәліметі) Канал арнасының түрлері | Каналдың кедір – бұдырлық коэффициенті | Тастақ | 0,020 – 0,025 | Шымдалған | 0,030 – 0,035 | Кәдімгі жер каналы | 0,025 – 0,028 | Каналдағы судың жылдамдығы: v= C Ri , м/с. м/с (2.37) Каналдың су өтімі: Q = v, /с (2.38) Есептеу нәтижелері төменгі 2.23-кестеде көрсетілген 2.23-кесте. ТК-8 танап каналының гидравликалық есебі h,м | , | , м | R, м | С | v, м/с | Q, /с | 0, 2 | 0,22 | 1,52 | 0,14 | 29,2 | 0,309 | 0,068 | 0, 4 | 0,56 | 2,24 | 0,25 | 32,0 | 0,453 | 0, 254 | 0, 6 | 0,02 | 2,96 | 0,35 | 33,8 | 0,566 | 0,578 | Канал табанының ені су өтіміне және қондырғы механизмдердің (аппараттардың) көрсеткішіне байланысты қабылданады. Канал табаны b= 0,4 м, еңістігі і=0,0009м. Оның бүйірінің еңістігін канал бойындағы топырақтың механикалық құрамына сәйкес m=1,5 деп қабылдадық,кедір-бұдырлық коэффициенті n= 0,025. 2.23-кестедегі мәліметтер бойынша Q = f(h) және v=f(h) байланыстар графиктерін тұрғызамыз. Графикте екі қисық сызу орналасқан.Біріншісі – каналдағы судың тереңдігі мен оның су өтімінің байланысты.Екіншісі – каналдағы судың тереңдігі мен су жылдамдығының байланысы.Каналдың су өтімі 130 л/с. Осыған сәйкес бірінші қисық сызық сызудан каналдағы судың теріңдігін анықтаймыз. Осы тереңдікке сәйкес екінші қисық сызудан су жылдамдығын табамыз, ол 0,30 м/с тең. Канал топырағының сумен шайылу жылдамдығын С.А.Гиршканның формуласы арқылы анықтаймыз: =K = 0,55 0,13 0,1 = 0,45 м/с (2.39) Мұнда: К – топыраққа байланысты алынатын коэффициент,ауыр топырақ үшін К =0,55 Танап каналындағы судың жылдамдығы v=0,30 м/с. Каналда тасындылар шөгіп қалатын жылдамдық келесі өрнек арқылы анықталады: =A , м/с (2.40) Мұнда:А – каналдағы шөгінділердің гидравликалық ірілігі. Біздің есепте шөгінділердің гидравликалық ірілігі = 1,5 мм/с, сонда А= 0,33 =A = 0,33 0,13 0,2 = 0,67 м/с Каналдағы судың жылдамдығы бір жағынан топырақ шайылатын жылдамдықтан төмен, екінші жағынан тасындылардың шөгіп қалатын судың жылдамдығынан жоғары. Демек, каналда сумен келген тасындылар шөкпейді,оның топырағы шайылмайды. P-1-2 каналының табаны b= 0,4 м, еңістігі і=0,0009. Оның бүйірінің еңістігін топырақтың механикалық құрамына сәйкес m = 1,5 деп қабылдадық,кедір-бұдырлық коэффициенті n= 0,025. Есептеу нәтижелері 10 -кестеде көрсетілген. 2.24-кесте.Р-1-2 ауыспалы егіс каналының гидравликалық есебі. h,м | , | ,м | R,м | С | v,м/с | Q, /с | 0,2 | 0,2 | 1,4 | 0,14 | 28,8 | 0,093 | 0,019 | 0,4 | 0,48 | 1,9 | 0,25 | 31,6 | 0,29 | 0,14 | 0,6 | 0,84 | 2,49 | 0,34 | 33,6 | 0,37 | 0,31 | 2.24-кестедегі мәліметтер бойынша Q = f(h) және v=f(h) байланыстар графиктерін тұрғыздық. Каналдың брутто су өтімі 311 л/с. Осыған сәйкес бірінші қисық сызудан каналдағы судың тереңдігін анықтаймыз. Осы тереңдікке сәйкес екінші қисық сызудан су жылдамдығын табамыз,ол 0,30 м/с тең. Канал топырағының сумен шайылу жылдамдығы С.А.Гиршканның формуласы арқылы анықталады: =K = 0,55 0,311 0,1 = 0,5 м/с Мұнда:К – топыраққа байланысты алынатын коэффициент,ауыр топырақ үшін К =0,55 Р-1-2 ауыспалы егіс каналындағы судың жылдамдығы v=0,30 м/с Бізде шөгінділердің гидравликалық ірілігі = 1,5 мм/с,сонда А=0,33 . Тасынды шөгіп қалатын жылдамдықты анықтаймыз: =A , м/с =0,33 0,311 0,2 = 0,26 м/с Каналдағы судың жылдамдығы бір жағынан топырақ шайылатын жылдамдықтан төмен,екінші жағынан тасындылардың шөгіп қалатын судың жылдамдығынан жоғары.Сондықтан қажетті ережелер сақталып отыр. 2.24-кесте.Р-1-2 ауыспалы егіс каналының гидравликалық есебі. b=0.5 h,м | , | ,м | R,м | С | v, м/с | Q, /с | 0,2 | 0,16 | 1,62 | 0,1 | 27.6 | 0,26 | 0,042 | 0,4 | 0,44 | 2,34 | 0,19 | 30,6 | 0,38 | 0,167 | 0,6 | 0,84 | 3.06 | 0,27 | 32,4 | 0,48 | 0,403 | Каналдың бойлық және көлденең қимасын жобалау Каналдағы су деңгейлерінің белгісі жер бедері белгісінен 5-10см жоғары болу керек.Есептегенде алдымен уақытша арықтың су деңгейін анықтайды,ол үшін жер бедерінің белгісіне 5-15см қосылады. Уақытша жаптың су деңгейіне 5-10см қосып қосып,танаптық каналдың су деңгейінің белгісін анықтайды. Канал табанының белгісін белгісін табу үшін су деңгейінің белгісінен су толу тереңдігі алынады. Су деңгейінің белгісін табу үшін: СДБ= ЖББ+5÷10cм (2.41) Мұнда: ЖББ – жер бетінің белгісі. Канал табанының белгісін табу үшін: КТБ=СДБ-h, (2.42) Мұнда: КТБ – канал табанының белгісі; СДБ – су деңгейінің белгісі; h – каналдағы судың толу тереңдігі. Дамба белгісін табу үшін: ДБ=СДБ+ (2.43) Мұнда СДБ – су деңгейінің белгісі; ∆ - Канал үйіндісінің биіктігі 2.25 - кесте. Каналдағы ең биік су деңгейінен оның үйіндісінің биіктігі Каналдың су өтімі,м/с | Қапталмаған жер каналы | Қапталған каналда | ∆,м | d-дамбаның ені,м | | 0,2 ... 0,3 | 0,5 ... 1,2 | 0,1 ... 0,5 | 1 ...10 | 0,4 | 1,2 ... 4,0 | 0,20 | 10 ... 30 | 0,5 | 4,0 | 0,30 | 30 ... 50 | 0,6 | 4,0 | 0,35 | Каналдың бойлық қимасы белгілі масштабпен тұрғызылады.Мысалы тік сызығы 1:100, ал жазықтық сызығы 1:10000;1:20000. Пикеттердің арақашықтығы 100м. Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, гидравликалық есептеулері орындалған каналдардың көлденең және бойлық қимасын сызамыз. Қорытынды Курстық жұмысты ауыспалы егістегі дақылдардың суару тәртібі мен әдісін және суармалы желінің есептеулері тақырыбында орындадым. Жобаланып отырған 8 танаптық мал азықтық ауыспалы егістік Алматы облысында орналасқан. Тапсырма бойынша Талдырған метеостанциясының келесі мәліметтері алынды: жауын – шашын, орташа айлық температура, ауа ылғалдылығы (%), жел жылдамдығы. Берілген мәліметтер бойынша есптеулер жасадым. Есептеулер тәртібі табиғаттың климаттық жағдайларын анықтай отырып есептеулер жасадым. Алдымен дақылдардың суару режимі есептелінді. Суару режимін биоклиматтық әдіспен (бидай, сұлы) және графо – аналитикалық әдіспен (жүгері, жоңышқа) есептедім. Есептеу нәтижесінде бидай мен сұлы дақылдары үшін су тұтыну қисығы, сонымен қатар жүгері мен жоңышқа дақылына графо – аналитикалық әдіс бойынша график тұрғыздым. Алынған есптеулерді пайдалана отырып мал азықтық ауыспалы егістің жасақталмаған және жасақталған гидромодуль графигі тұрғызылды. Нәтижесінде жоғарғы және кіші мәні таба отырып суару техникасының элементтері есептелінді. Сонымен қатар ауыспалы егістегі суару каналдарының гидравликалық және су өтімі анықталды. Жұмыс схемасы бойынша уақытша жад (УЖ), танап каналы (ТК), бойлық және көлденең қималары жобаланды. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауылшаруашылық мелиорациясы.- Алматы, 2000.-200 б. 2. Голованов А.И.,Айдаров И.П.,Григорев М.С. и др. Мелиорация земель. М: «КолосС», 2011. -824 с. 3. Деменьтев В.Г. Орошение. М.:Колос, 1979.-303с. 4. Зубайров О.З., Тілеуқұлов А.Т. Суғару мелиорациясы. Оқулық – Алматы,2010. -273 б 5. Марков Е.С. Практикум по сельскохозяйственная мелиорация. М. – 1984.-502 с. 6. Справочник гидротехника. Алма-Ата: Қайнар. 1972.-306 с |