ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Ауыспалы егіс танаптарын жобалау I. Кіріспе 1.1. Шаруашылықтың табиғи жағдайы. II.Негізгі бөлім 2.1. Ауыспалы егіс танаптарын жобалау 2.2. Сұлы мен бидайдың суару тәртіптерін А.Н. Костяковтың графо-аналитикалық әдісімен есептеу 2.3. Жүгері мен бірінші жылғы жоңышқаның суару тәртіптерін биоклиматтық әдісімен есептеу 2.4. Гидромодуль графигін есептеу 2.5. Ауыспалы егістегі каналдардың су өтімдерін анықтау 2.6 Каналдың бойлықжәне көлденең қималарын жобалау III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Ауылшаруашылығы өндірісін өркендетіп, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуде мелиорацияның орны ерекше. Мелиорация тиімді әдістермен іске асатын болса оның нәтижесі жоғарылайды. Мелиорацияның негізінде қолайсыз табиғи жағдайлар (топырақтық, агроклиматтық, гидрогеологиялық ) түбегейлі жақсарады, оның арқасында ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты жне экономикалық тиімді өнім алынады. Елімізде мелиорация негізінен өңтүстік өңірлерде кең өріс алғаны белгілі. Өйткені мұнда дақылдардан жоғары өнім алудың басты кепілі егісті суару. Сондықтан суармалы алқаптардың басым көпшілігі Алматы, Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында орналасқан. Алматы облысында суармалы жерлерде өндірілетін өнімнің үлесі- 70%, Оңтүстік Қазақстан облысында -85%, Қызылорда облысында дақылдар солайымен тек суармалы жерде ғана өседі. Республикада суарылатын жерлерде мақта мен күріштің 100,көкөністің 70, дәндік жүгерінің 40, құнарлы мал азығының 20 пайызынан астамы өндіріледі. Өткен ғасырдың аяқ кезінде мелиорация саласы сынға ұшырады. Алайда орын алған кемшіліктердің негізі сол кезеңде мелиорацияның басты мақсаты дақылдан барынша мол өнім алу болатын. Қазір мелиорацияның алдына қойылатын талап – қоршаған ортаға зиянды барынша аз келтіре отырып, тиімді өнім алу. Сонымен бірге бүгін мелиорация егіс топырағының құнарлылығын кең көлемде бұрынғы қалпына келтіруді көздейді. Бұл қазір жерді падаланушы азаматтардың келер ұрпақ алдындағы рухани жауапкершілігін көтереді. Мелиорация дақыл өнімділігін арттырумен бірге ауа райының құбылмалылығының қолайсыз әсерін бәсеңдетеді.Осының негізінде ауылшаруашылығы өндірісінің сенімділігі тұрақтылығы артады. Қазақстан ауылшаруашылық дақылдары өнімдерін өндіретін егістіктердің 70%-дан астамы қуаң және ылғалы жеткіліксіз аймақтарда орналасуына байланысты суару және суландыру жұмыстарының алатын орны ерекше. Елімізде суармалы жерлердің көлемі шамамен 1,3 млн.га. Осы жерде өндірілетін өнім – барлық ауылшаруашылық өнімдерінің 30-35 пайызын береді. Сонымен қатар суармалы жердің мелиоративтік жағдайы бүгінгі күні алаңдатарлық Суармалы алқаптарда топырақтың сортаңдануы орын алуда. Бұл дақылдар өнімділігі төмендетуде. Осының бір себебі шаруашылықтарда су мамандарының тапшылығы. Осыған байланысты алдағы уақытта суармалы егіншілік тиімділігін арттыру міндеттерінің бірі – суармалы аймақтардағы су мамандарының тапшылығын жою. 1.1. Шаруашылықтың табиғи жағдайы. Ауыспалы егіс танаптарын жобалау Суармалау жүйе табиғи ылғалдылығы нашар егіс жерлерінің меллиоративтік көрсеткіштерін реттеу үшін қажетті инженерлік кешен. Суармалау жүйенің басты мақсаты ылғал көзінен алынған суды егіс алқабына жеткізіп оны уақытылы және жеткілікті мөлшерде ауыспалы егіс танаптарына бөліп, өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті мөлшерде ауыспалы егіс танаптарына бөліп, өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы ылғал режимін қамтамасыз ету. Суармалау жүйе төменгі бөліктерден тұрады: ылғал қөзі, бас суалғыш ғимарат, суармалау желісі, ылғалдандыру әдістері мен қондырғылары , коллектор-кәріз желісі, орман жолақтары, байланыс жүйелері. Суармалы алқаптың ылғал көзіне жақын орналасқаны тиімді. Суармалау жүйесін жобалағанда су көзінің гидрологиялық жағдайын, алқаптың гидрогеологиялық және жергілікті топографиялық сипаттамаларын ескеру керек. Осы мәліметтер бойынша суармалы алқаптың ауданын, су көзін реттеу қажеттілігін, суалғыштың схемасын жобалауға болады. Ауыспалы егістік бірнеше танаптан тұрады. Қөп жерлерде ауыспалы егіс танабының түрі тік төртбұрышты болады. Танаптың ұзындығы енінен 1,5-2,0есе артық болғаны жөн. Бұл топырақ өңдеу және суару жұмыстарына қолайлы. Шаруашылық жағдайында суармалау желісіне шаруашылық каналы, ауыспалы егістікке су жеткізетін каналдар, ауыспалы егіс каналы және танап каналдары кіреді. Шаруашылық канал – шаруашылық суару жүйесіндегі ең ірі канал. Ол канал алқаптың биік жерлерінен өтеді. Шаруашылық каналы суды ауыспалы егіс каналына жеткізеді, ауыспалы егіс каналы суды танап каналдарына таратады. Суармалы желідегі гидротехникалық құрылымдар каналдағы судың мөлшерін реттеу үшін мүмкіндігінше автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталады, Суармалы алқаптағы ыза су деңгейін бақылау үшін ұңғымалар орнатылады. Орман жолақтары желдің жылдамдығын, топырақ бетінен судың булануын азайтады, қыс мезгілінде қарды тоқтатуға жағдай жасайды, аймақтың гидрологиялық режимін жақсартады.(2.1-сурет). 2.2. Бидай және сұлының суару тәртіптерін А.Н.Костяковтың графо-аналитикалық әдісімен есептеу Сұлы дақылының суару тәртібін академик А.Н.Костяков ұсынған графо-аналитикалық әдісімен есептеледі. Бұл әдіс топырақ қабатындағы ылғал балансын онкүндік мерзімдерде анықтауына негізделген. Дақылдың суды тұтынуы А.Н.Костяковтың формуласымен анықталады: Е=К·У, . (2.1) мұнда: Е – дақылдың суды тұтынуы, ; К – дақылдың суды тұтыну коэффициенті, ; У – өсімдіктің мжелі өнімі, . Дақылдың суды тұтыну коэффициентінің мөлшері әртүрлі аралықта өзгеруі мүмкін, ол агротехника деңгейіне байланысты: агротехника деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ылғал үнемді жұмсалып, суды тұтыну коэффициентінің мәні төмен болады. Агротехникалық жұмыстар деңгейі төмен болған жағдайда суды тұтыну коэффициентінің мәндері жоғарғы шегіне жетеді. Алматы облысында сұлының межелі өнімі У = 35 ц/га, суды тұтыну коэффициентінің мәнін 2.1-кестеден К = 100 деп қабылдаймыз. А.Н.Костяковтың (2.1) формуласы бойынша сұлының суды тұтынуы Е = 3500 . Сұлының суару мөлшерін анықтау үшін алдымен топырақтың белсенді қабатындағы ылғал қорының ең жоғарғы және төменгі мәнін төмендегі формулалар арқылы анықтаймыз.(2.2-кесте) , (2.2) мұнда: ɣ - топырақтың қөлемдік массасы – 1,2 ; Н – топырақтың белсенді қабаты, м; – суарғаннан кейінгі топырақтағы ылғалдылық -28,0%; – суарар алдындағы топырақтағы ылғалдылық - =0.7 .; Кесте Дақылдардың суды тұтыну коэффициенттерінің орташа мәндері (В.В.Колпаков, И.П.Сухарев, А.В.Шуравилин мәліметтері) Ауылшаруашылық дақылдары | Суды тұтыну коэффициенті  | Ауылшаруашылық дақылдары | Суды тұтыну коэффициенті  | Ауылшаруашылық дақылдары | Суды тұтыну коэффициенті  | Күздік бидай және қара бидай | 100...150 | Қант қызылшасы | 9...13 | Бақша қауын қарбыз | 10...14 | Жаздық масақты | 110...180 | Мақта | 250...300 | Қарақурай сабағы | 50...75 | Тары | 90...150 | Қырыққабат | 7,5...12 | Күріш | 150...250 | Бұршақ және түйебұршақ | 112...180 | Қияр | 10...13 | Жоңышқа шөп | 35...85 | Күнбағыс | 63...100 | Қызанақ | 8...12 | Жоңышқа тұқым | 60...100 | Жүгері дәндік | 43...65 | Баклажан және бұрыш | 8...12 | Судан шөбі | 30...75 | Жүгері сүрлемдік | 80...125 | Жуа | 11...15 | Бір жылдық шөптер | 60...125 | Шай жүгері дәндік | 15...22 | Сәбіз | 8...12,5 | Жидектер | 60...110 | Картоп | 50...100 | Асханалық қызылша | 10...12,5 | Жемістер | 20...35 | Қарақурай | | Жүзім | 20...35 | Топырақтың белсенді қабатындағы дақылды егу алдындағы ылғал қоры төмендегі формуламен анықталады: , (2.3) мұнда - топырақтың белсенді қабатындағы ылғал қорының ең жоғарғы мәні. Бидай мен жүгерінің суару тәртіптерін биоклиматтық әдісімен есептеу Суару тәртібін жобалаганда алдымен дақылдың өсіп-өнуін пайдаланатын суды тұтынуы анықталады.Содан кейін егіс учаскесінің табиғи ылғалдылығы есептеледі. Соңында маусымдық және бір суарымда берілетінылғал мөлшері белгіленеді. Вегетация кезеңінің әр айы үшін дақылдың суды тұтынуының тапшылығы анықталады: , .. (2.5) Айдың орташа ауа ылғалдылығының тапшылығы келесі өрнек арқылы анықталады: (2.6) мұнда: – айдың орташа ауа ылғалдылығының тапшылығы, а – ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, Дақылдың суды тұтыну мөлшері төмендегі формула арқылы анықталады. , .. (2.7) мұнда: – бидай егісіндегі ең жоғарғы булануы, .; – дақылдың биологиялық коэффициенті; – алқаптың мкроклимат коэффициенті; Әр дақылдың биологиялық коэффициенті оның қандай өңірде егілетін жаңдайына байланысты анықталады. Кесте Ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық коэффициенті (В.И.Алексеев мәліметі) Дақылдар | Табиғи аймақтар | Тау етегіндегі дала | Шөлейт | Шөл | | | | | Күздік бидай | 0,96-1,0 | 0,86-0,90 | 0,91-0,95 | Масақты дәнді жаздық бидай, қара бидай, арпа, сұлы | 0,91-0,98 | 0,85-0,90 | 0,90-0,94 | Қант қызылшасы | 0,90-0,96 | 0,85-0,90 | 0,88-0,92 | Картоп | 0,85-0,90 | 0,80-0,85 | 0,85-0,90 | Жүгері | 0,86-0,90 | 0,80-0,85 | 0,85-0,90 | Бақша қауын, қарбыз, асқабақ | 0,80-0,85 | 0,75-0,80 | 0,75-0,80 | Дәнді бұршақты дақылдар | 0,90-0,96 | 0,85-0,90 | 0,85-0,90 | Екі жылдық жоңышқа | 0,94-1,0 | 0,90-0,95 | 0,90-0,95 | Біржылдық шөптер сорго, судан шөбі | 0,85-0,90 | 0,80-0,85 | 0,82-0,88 | 2.11-кестеден температураның қосындысы бойынша дақылдардың биологиялық коэффициентін анықтауға болады. Кесте Дақылдың биологиялық коэффициенттің және қолайлы ауа температурасының орташа мәндері (Н.В.Данильченко мәліметі) Далалық аймақ |  | Температураның қосындысы, Ʃt°C | Шөлейт аймақ |  | Температр аның қосындысы, Ʃt°C | Күздік дақылдар(бидай,қара бидай) | 0.91 | | Күздік дақылдар(бидай,қара бидай) | 0.87 | | Жаздық бидай | 0.83 | | Жаздық бидай | 0.80 | | Дәндік жүгері | 0.87 | | Дәндік жүгері | 0.83 | | Картоп | 0.85 | | Картоп | 0.81 | | Қант қызылшасы | 0.90 | | Қант қызылшасы | 0.89 | | Аңыздық жүгері | 0.76 | | Аңыздық жүгері | 0.83 | | Қырыққабат (капуста) | 0.96 | | Қырыққабат | 0.92 | | Көкөністер (қызанақ,асханалық қызылша) | 0.94 | | Көкөністер (қызанақ,асханалық қызылша) | 0.91 | | Жоңышқа | 0.77 | | Жоңышқа | 0.78 | | Екі жылдық жоңышқа | 0.91 | | Екі жылдық жоңышқа | 0.90 | | Суармалы жайылым | 0.92 | | Суармалы жайылым | 0.92 | | Микроклиматтық коэффициент 1.12-кестеден шөл аймаққа қатысты анықталады. Кесте Қазақстанның табиғи аймақтарындағы микроклиматтық коэффициентінің мәні (В.И.Алексеев мәліметі) Аймақ | Айлар | IV | V | VI | VII | VIII | IX | IV-IX | Дала | 1.0 | 0.95 | 0.95 | 0.85 | 0.85 | 0.90 | 0.9 | Шөл | 1,0 | 0,95 | 0,95 | 0,85 | 0,85 | 0,9 | 0,9 | Шөлейт | 0,99 | 0,85 | 0,8 | 0,75 | 0,75 | 0,8 | 0,82 | Тау етегіндегі,шөл-дала | 1,0 | 1,0 | 0,9 | 0,80 | 0,80 | 0,8 | 0,9 | Тау етегіндегі дала | 1,0 | 1,0 | 0,95 | 0,90 | 0,85 | 0,85 | 0,95 | Буланудың мәні (Е) Н.Н.Ивановтың формуласы арқылы табылады: (2.8) мұнда: – айдың орташа ауа ылғалдылығының тапшылығы, %; t – айдың орташаауа температурасы, °С. Вегетациялық мерзімдегі жер асты суларын пайдалану мөлшерін ( ) келесі формуламен анықтаймыз: , (2.9) мұнда: - вегетациялық мерзімдегі жер асты суларын пайдалану мөлшері, ; E – дақылдың суды тұтыну мөлшері, ; g – дақылдардың ыза суды пайдалану коэффициенті. Жер асты суларын пайдалану коэффициентінің мәні топырақтың механикалық құрамына және ыза судың тереңдігіне байланысты алынады. (1.13-кесте). Кесте Жер асты суларын пайдалану коэффициентінің мәні(В.И.Алексеев мәліметі) Ыза су тереңдігі,м | Жеңіл топырақ | Ауыр топырақ | Белсенді қабаты | Белсенді қабаты | 0,4 дейін | 0,6 дейін | 1,0 дейін | 1,0 жоғары | 0,4 дейін | 0,6 дейін | 1,0 дейін | 1,0 жоғары | 1,0 | 0,25 | 0,4 | 0,55 | 0,9 | 0,3 | 0,35 | 0,5 | 0,9 | 1,5 | - | 0,1 | 0,25 | 0,8 | 0,1 | 0,25 | 0,35 | 0,7 | 2,0 | - | 0,05 | 0,15 | 0,5 | - | 0,10 | 0,25 | 0,4 | 2,5 | - | - | 0,05 | 0,20 | - | 0,05 | 0,15 | 0,25 | 3,0 | - | - | - | 0,05 | - | - | 0,05 | 0,15 | Топырақтағы бастапқы ылғал қорын (⍙W) келесі өрнекпен анықтаймыз: ⍙W = 10·P µ, (2.10) мұнда: Р – вегетациялық емес мерзімдегі жауын-шашын мөлшері:  қысқы-күзгі мерзіміндегі жауын-шашынды пайдалану коэффициенті 2.14-кестеден аламыз Кесте Әр аймақтағы қысқы-күзғі мерзімдегі жауын-шашынды пайдалану коэффициентінің (µ) және (В.И. Алексеев мәліметі) Аймақ | Коэффициенті | Таулы-дала | 0,30-0,4 | Тау етегіндегі дала | 0,40-0,50 | Дала | 0,5-0,65 | Жартылай шөл дала | 0,65-0,75 | Шөл | 0,75-0,8 | Төменде көрсетілген кестені пайдалана отырып, жүгері мен бірінші жылғы жоңышқаның маусымдық суару мөлшерін анықтаймыз (2.15 және 2.16-кестелер). Жүгерінің маусымдық суару мөлшерін 2.15 кестенің соңғы қатарындағы суды тұтынудың айлық тапшылықтарын қосу арқылы анықтаймыз. Оның мөлшері 2380 . Кесте Бидайдың суару режимін биоклиматтық әдіспен есептеу Есептік көрсеткіштері | Айлар | V | VI | VII | VIII | V-VIII | | | | | | | Ауа температурасы (t), °C | 18,1 | 24,3 | 27,5 | 25,3 | 25,4 | Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (a), % | | | | | | Ауа ылғалдылығының тапшылығы (⍙a), % | | | | | | Жауын-шашын мөлшері (P), мм | | | | | | Температураның қосындысы. Ʃt °C | | | | | | Ең жоғарғы булануы ( ),  | | | | | | Биологиялық коэффициенті ( ), | 0,85 | 0,87 | 0,88 | 0,89 | 0,89 | Алқаптың микроклиматтық коэффициенті ( ), | 0,99 | 0,85 | 0,8 | 0,75 | 0,75 | Суды тұтыну мөлшері (Е),  | | 2016+ | | | | Жер асты суларын пайдалану коэффициенті ( ) | 0,1 | 0,16 | 0,18 | 0,20 | 0,22 | Жер асты суларын пайдалану мөлшері ( ),  | 140,7 | 241,9 | 343,5 | 398,2 | 401,5 | Белсенді топырақ қабатының тереңдігі (h), м | 0,4 | 0,45 | 0,5 | 0,6 | 0,7- | Белсенді топырақ қабатының өсімі (⍙h), м | 0,4 | 0,05 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | Топырақтағы ылғал қоры (⍙W), -тереңдік мөлшеріне сәйкес ылғал қоры -қабаттың тереңдеуіне байланысты ылғал мөлшерінің қосылуы | 92,4 92,4 | 103,9 11,6 | 115,5 11,6 | 158,6 23,1 | 161,7 23,1 | Суды тұтынудың тапшылығы (⍙E), -әр ай бойынша -пайыздық мөлшері. % | | | | | | 2.16-кесте. Жүгерінің суару режимін биоклиматтық әдіспен есептеу Есептік көрсеткіштері | Айлар | V | VI | VII | VIII | V-VIII | | | | | | | Ауа температурасы (t), °C | 24,3 | 27,5 | 27,4 | 25,3 | | Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (a), % | | | | | | Ауа ылғалдылығының тапшылығы (⍙a), % | | | | | | Жауын-шашын мөлшері (P), мм | | | | | | Температураның қосындысы. Ʃt °C | 753,3 | | 849,4 | 784,3 | | Ең жоғарғы булануы ( ),  | | | | | | Биологиялық коэффициенті ( ), | 0,8 | 0,82 | 0,84 | 0,85 | | Алқаптың микроклиматтық коэффициенті ( ), | 0,86 | 0,8 | 0,75 | 0,75 | | Суды тұтыну мөлшері (Е),  | | | | | | Жер асты суларын пайдалану коэффициенті ( ) | 0,05 | 0,15 | 0,1 | 0,5 | | Жер асты суларын пайдалану мөлшері ( ),  | | | | | | Белсенді топырақ қабатының тереңдігі (h), м | 0,4 | 0,5 | 0,5 | 0,6 | - | Белсенді топырақ қабатының өсімі (⍙h), м | 0,4 | 0,1 | 0,1 | - | | Топырақтағы ылғал қоры (⍙W), -тереңдік мөлшеріне сәйкес ылғал қоры -қабаттың тереңдеуіне байланысты ылғал мөлшерінің қосылуы | 176,4 176,4 | 220,5 | 264,6 | - | | Суды тұтынудың тапшылығы (⍙E), -әр ай бойынша -пайыздық мөлшері. % | | | | | | |