МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

if (1-шарт) 1-оператор; else if (2-шарт)





2-оператор; else 3-оператор;

x,y нақты саны берілген, max табу керек.

#include<iostream.h>

#include<conio.h>

#include<math.h>

main()

{

сlrscr();

float x,y,max;

сin>>x>>y;

if (x>y) max=x; else max=y;

cout<<max<<endl;

}

40.HTML-құжаттың жалпы құрылымы. Тегтер. HTML: контейнерлері, атрибуттар, мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

Web-беттеріндайындау үшін біз HTML тiлiн пайдаланамыз.

HTML тiлi - (Hypertext Markup Language) - дүниежүзiлiк құжаттардың əйгiлi стандартты

гипертексттiк белгi тiлi. Барлық веб беттер HTML (немесе XHTML) тiлiнiң көмегiмен

жасалады. HTML тiлi браузерде анықталады жəне адамға ыңғайлы құжат ретiнде көрсетiледi.

HTML тiлi SGML (Standard Generalized Markup Language )-дiң қосымшасы болып табылады жəне əлемдiк ISO стандартына сəйкес келедi.

HTML тiлi жобалаушыға келесi мүмкiндiктердi жүзеге асыруға көмектеседi:

• Тақырыбымен қоса мəтiндердi, кестелердi, тiзiмдердi, суреттердi жəне басқа да

маңызды online құжаттарды жариялау

• Online-ақпаратты алу үшiн тек түйменi басу арқылы гипертексттiк сiлтемеге өту

• Қажеттi ақпарат iздеу, архивтердi құру жəне басқа да мақсатқа арнап түрлер (form)

құру

• Сол құжаттың өзiне мəлiметтер кестелерiн, видео жəне аудиоклиптер жəне басқа да

қосымшаларды қосу

HTML тiлiнiң кодталған мəтiндiк құжаттары (" html " немесе " htm " деп сақталатын)

арнайы қосымшалармен , оның форматталған түрiнде құжатты суреттейдi . Браузер немесе интернет - шолушылар деп аталатын қосымшалар веб - беттердiң сұранысына арналған ыңғайлы интерфейстi пайдаланушыға ұсынады, оларды көру ( жəне басқа сыртқы құрылғыларға шығару ) , əрине қажет болған жағдайда , осыларды серверге жiберу мүмкiндiктерi бар. Бүгiнгi күндегi ең əйгiлi браузерлер: Internet Explorer , Firefox , Safari , Google Chrome жəне Opera болып табылады. HTML құжаттарды жасау үшін мəтіндік редакторларды (мысалы, қойын дəптер (блокнот), мəтіндік процессорлар (Word) жəне визуалдық HTML редакторларын қолданады. HTML кодты мəтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html

немесе .htm құжат ретінде сақтасаңыз толық құнды web бетті аласыз.

HTML тіліндегі міндетті тегтер:Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>,

<head></head>, <body></body>, <title></title>.

Тақырыптар.HTML тіліндегі тақырыптар келесі тегтермен анықталады <h1></h1>, <h2></h2>, ... ,

<h6></h6>. Яғни, тақырыптың 6 дəрежесі бар. Тəжірибе ретінде кқруіңізге болады.

Жоғарыдағы мысалдағы "Құжат денесі" деген жерге <h1>HTML - бұл өте оңай</h1> деп қойып, мəтіндік форматта сақтап, оны .txt деген түрінен .html түріне өзгертіңіз жəне бірден

браузерде ашып көріңіз. Яғни нəтижені көре аласыз. Келесі дəрежелерін де осылай қойып

шығуға болады

HTML тіліндегі азатжолдар (абзац).HTML тіліндегі азатжолдар мына тегпен жүзеге асады <P></P>. Яғни, жазылу жолы <p> - Көңіл-күйіңіз тамаша болар?</p><p> - Керемет.</p> деп жазсақ, төмендегідей



нəтиже аламыз.

- Көңіл-күйіңіз тамаша болар?

- Керемет.

HTML тілінде мəтінді белгілеу

HTML тілінде мəтінді белгілеу үшін немесе белгілі бір аймақты белгілеу үшін келесі

тегтерді қолданады <b></b>, <i></i>, <u></u>, Яғни жолдағы мəтін

<b>батырылған</b> <i>курсивті</i> <u>айрықша (немесе асты

сызылған)</u> <u><i><b>батырылған айрықша курсивті</b></i></u>

төмендегідей көрінеді

батырылған курсивті айрықша жəне үш белгіні бірге қолдана аламыз: батырылған

айрықша курсивті

HTML тіліндегі нөмірленбеген тізімдер

Нөмірленбеген тізімдер келесі HTML кодымен өрнектеледі:

<UL><LI>1-орын<LI>2-орын<LI>3-орын</UL> - десек төмендегідей түрде нəтиже береді

• 1-орын

• 2-орын

• 3-орын

HTML құжатының мəтініндегі жолдың үзілуі,яғни келесі жолға түсіру

Жолдың үзілуі келесі тегтің көмегімен жүзеге асады<BR>. Мысалы мəтіннің мына

жолы келесі нəтижені береді: Автор<BR>Басылған уақыты<BR>Таралым

Автор

Басылған уақыты

Таралым

Гиперсілтемелер

HTML тіліндегі гиперсілтемелер мына тегпен көрсетіледі: <a></a>. Мысалы жазба түрі

<a href="php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>

Нəтижесі мынадай:

PHP кітабын түсіріп алу

href параметрі сілтеме берілетін құжаттың орнын көрсетеді, біздің мысалымызда

сілтеме белгілі бір құжатқа сілтеме жасап тұр. php.rar құжаты осы HTML беттің тұрған

директориясында, яғни екеуі бер жерде орналасқан. Абсолютті сілтемелер келесі түрде

жазылады:

<a href="http://webdesign.net-soft.ru/php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>

Дəл манадағы сілтемемен ұқсас, тек нақты құжаттың орналасқан жерін көрсетеді.

HTML-құжаттарының жалпы құрамы.

HTML тiлi - (Hypertext Markup Language) - дүниежүзiлiк құжаттардың əйгiлi стандартты

гипертексттiк белгi тiлi. Барлық веб беттер HTML (немесе XHTML) тiлiнiң көмегiмен

жасалады. HTML тiлi браузерде анықталады жəне адамға ыңғайлы құжат ретiнде көрсетiледi.

HTML тiлi SGML (Standard Generalized Markup Language )-дiң қосымшасы болып табылады

жəне əлемдiк ISO стандартына сəйкес келедi.

HTML тiлi жобалаушыға келесi мүмкiндiктердi жүзеге асыруға көмектеседi:

• Тақырыбымен қоса мəтiндердi, кестелердi, тiзiмдердi, суреттердi жəне басқа да

маңызды online құжаттарды жариялау

• Online-ақпаратты алу үшiн тек түйменi басу арқылы гипертексттiк сiлтемеге өту

• Қажеттi ақпарат iздеу, архивтердi құру жəне басқа да мақсатқа арнап түрлер (form)

құру

• Сол құжаттың өзiне мəлiметтер кестелерiн, видео жəне аудиоклиптер жəне басқа да

қосымшаларды қосу

HTML тiлiнiң кодталған мəтiндiк құжаттары (" html " немесе " htm " деп сақталатын)

арнайы қосымшалармен , оның форматталған түрiнде құжатты суреттейдi . Браузер немесе

интернет - шолушылар деп аталатын қосымшалар веб - беттердiң сұранысына арналған

ыңғайлы интерфейстi пайдаланушыға ұсынады, оларды көру ( жəне басқа сыртқы

құрылғыларға шығару ) , əрине қажет болған жағдайда , осыларды серверге жiберу

мүмкiндiктерi бар. Бүгiнгi күндегi ең əйгiлi браузерлер: Internet Explorer , Firefox , Safari ,

Google Chrome жəне Opera болып табылады.

HTML құжаттарды жасау үшін мəтіндік редакторларды (мысалы, қойын дəптер

(блокнот)), мəтіндік процессорлар (Word) жəне визуалдық HTML редакторларын қолданады.

Сіздер қарапайым блокнотта құжатты жасай алаcыздар. Арнайы стандартты ұстана отырып,

HTML кодты мəтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html

немесе .htm құжат ретінде сақтасаңыз толық құнды web бетті аласыз.

43.HTML тегтері.: контейнерлер, атрибуттар жəне қабатталған тегтер.

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командасы тег (tag) деп аталады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег кіші (<) символынан басталады да үлкен (>) символмен аяқталады. Осындай қос символ тік бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан команда аты болып табылатын сөз тег орналасады. HTML тіліндегі әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регистірі ешбір рөл атқармайды, бас әріптер де, кіші әріптер де қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тег атауларын жәй мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.HTML тілінің бір тегі ,әдетте құжаттың белгілі бір бөлігі ,мысалы, бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі қатар қолданылады: бірі-ашады, екіншісі-жабатын тег белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын сол әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен басталуы тиіс. Кейбір тегтер өз жазылу орнына қарай тек бір әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тегі қажет болмайды. Көбінесе ашылу тегтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар (сипаттамалар) тег атауының жане бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздерден тұрады. Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаға алмаса да болады. Жабылу тегтерінің ешқандай да атрибуттары болмайды. Праграммалау тілдерінде түсінік беретін сөздер- коментарийлер жазылатын сияқты мұнда да программаның орындалуына еш әсер етпей, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазылып отыруға болады. HTML тілінің коментарийлері арнайы символдардан < ! - басталады да , түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады. Түсініктеме мәтін соңына - > символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін << үлкен таңбасынан >> өзге кез келген символдардан құрастырыла береді : HTML тегтеріне мысалдар: <title> <BoDy> <Table> </A> <img> </Cen TEr> >. HTML тегтерінің атрибутттарымен бірге жазылатын мысалдар: <BoDy BGCOLOR = “# 000000 TEXT # FFFFFF” BASKROUND = “RAIN. G1F”> <OPTION SELECTED>>. Сонымен қатар атрибуттар компьютер желісін қамтамасыз етеді. Көптеген адамдармен пайталар, форумдар ,чаттар арқылы және конференциялар арқылы байланыста болады. Бір идеямен , қызығушылармен одақтасқандар сұхбаттасуға болатын желінің жүйесі болып табылады. Контейнерлер – HTML тегтерінің көмегімен мәтінді белгілеу жиілігінде жазылған мәтіндік құжат , мұндағы тег деп отырғаны белгі мағынасын береді .МЫСАЛЫ: Bgcoler = ”түс”жолды көрсетеді.Direction – “Left” Meight = 40 </ Marque><IP> http:///www. google. Com. Қабатталған тегтер – ақпараттық алмасудың негізінде пакеттер комуникациясын қамтамасыз етеді. Әрбір ақпараттық хабар пакет деп аталатын бөлікке бөлінеді , әрбір пакет адреспен қамтамасыз етіледі.

HTML (ағылш. Hypertext Markup Language — «еренмәтін белгілеу тілі») — вебшолғышта көрсетілуге арнаулы еренмәтін мен басқа ақпараттан тұратын веббеттерді жасауға арналған белгілеу тілі.

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.

HTML тілін британ ғалымы, Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женев (Швейцария) Еуропалық ядерлік зертеу орталығында жасалынған болатын.HTML алғашында, ғылыми және техникалық документацияларды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған документті оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер сосын қосылған. HTML-документті таңбалауға арналған тег-ті тіл. Кез келген HTML тіліндегі документ элементтер жиынтығын көрсетеді, және әр элементтің басы мен соңы арнайы тег арқылы белгіленеді. Одан басқа, элементтердің арнайы қасиеттері бар атрибуттары бола алады(мысалы,font-элементінің түсі немесе шрифт өлшемі). Атрибуттар ашылып жатқан тег-тің ішіне жазылады. HTML-документінің фрагменттерінің мысалдары:

Екі тег арасындағы текст - ашылған және жабылған. <a href="http://www.example.com">Бұл жерде элемент href атрибуты бар, ол гиперсілтемені білдіреді.</a> Бос элемент мысалы:
кез келген HTML-документ HTML нұсқасының спецификациясына жауап беретін <!DOCTYPE…> жолынан тұруы қажет, ол бұлай көрсетіледі:

HTML құжатының құрылымы

HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтіні мен белгілі тегтер деп табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редакторды, Windows ортасындағы блокнотты пайдалана беруге болады.

1. HTML құжатының кез-келгені <html> тегінен басталып соған сәйкес жабылу </html> тегімен аяқталады.

2. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптың бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады. Құжатың тақырыптық бөлігі <head> типтерінің ортасында тұруы, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікті <title> тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Бұл атау терезе тақырыбында тұратын функцияның аты.

3. Жазылатын мәтін құжат тұлғaсы деп аталатын <body> </body> тегінің ортасында жазылады. Осы айтылған 4 тег HTML құжатының кез-келгенінде болуы тиіс.

Мысалы: <html> <head> <title> құжат тақырыбы </title>

</head>

<body>

бұл мәтін экранға шығады

</body>

</html>

 

HTML-құжаттарды форматтау тәсілі

1. HTML тілі құжаттардың ішкі тақырыптарының көлеміне қарай 6 түрлі деңгейін жасай алады. Олар:<h1>…</h1> <h6>…</h6> жалғасады.

2. Жаңа жолдан басталатын абзацтарды белгілеу үшін <p> тегі қолданылады. Бір абзацты жаппай жаңа абзацты бастап кетсек , алдыңғы абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан <p> тегін жаппаса да болады. HTML тілінде азат жолдан басталмайды, тек абзацтар арасында бір бос жол қалдырылып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп бөліп тұру үшін көлденең горизонталь сызық қойылады. Көлденең сызық қою <hr> тегімен орналастырылады. Оның жабу тегі болмайды.

3. Сөз арасында қойылған бірнеше бос орынның тек біреуі ғана көрініп тұрады. Сол сияқты келесі қатарға көшіретін Enter пернесі де HTML тілінде ешбір әсер етпейді.

Егер абзац жасап бос жол қалдырмай жаңа жолға көшу қажет болса, онда жалғыз қолданатын <br> тегін пайдаланамыз.

HTML 4.0 нұсқасынан бастап кез-келген құжатты әдемілеп әшекейлеу ісін сол құжаттан бөлек жасау мүмкіндігі пайда болды. Алайда бұл концепция тек байқау сипатына ие болып отыр. Және оны көптеген броузерлер арқылы жасауға болмайды. Сол себепті HTML тілінде тек ғана тегтер бар.

1.Әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін <font> тегін пайдаланамыз. Бұл қосарланған тег оның ашылған және жабылған тегтер арасында орналасқан барлық мәтінді түрлендіруге болады. <font>тегінде қолдануға болатын size=…., color=…, face=…, тәрізді, 3 атрибутының ең болмағанда біреуі тұруы тиіс: 1-ші атрибуты әріптің мөлшерін тағайындайды. Әріптің алдын-ала берілетін 7 түрлі көлемі бар. Олар :1-7 сандар. Егер сан көрсетілмесе келісім бойынша 3-ке тең деп саналады. color= – әріптің түсін таңдау мүмкіндігін береді. face= – қаріп (шрифт) типін береді. Осы атрибуттың мәні компьютерде орнатылған қаріп атының біріне сәйкес келуі керек.

Мысалы: <body> Алдарыңызда

<font color=”yellow” face= arial size=”4”>

төртінші мөлшермен arial типімен аталған сары түсті әріптер.

</font></body>

2. Тегтердің тағы бір арнайы тобы қаріптің сызылымын өзгерту мүмкіндігін береді.

<b> және </b> тегтері араларында орналасатын мәтін қарайтылған қаріпке ауысады.

<i> және </i> тегтері қаріптерді курсивпен береді.

<u> және </u> тегтері мәтіндердің астын сызады , <s> және </s> тегтері белдерінен сызылған символдарды бейнелейді.

Графикалық суретпен жұмыс

<Body> тегін “таза” түрде қолданып келдік, бұл жағдайда артқы фон ақ, беттегі мәтін түсі-қара. <Body> тегіне атрибуттарды қосып артқы фон түсін, мәтін, сілтеме түстерін өзгертуге болады:

Bgcolor – құжаттың артқы фонын береді;

Text – мәтін түсі;

Link – гиперсілтеме түсі;

Vlink – қаралған гиперсмідтеменің түсі;

Alink – сілтемені тышқанмен басқан кездегі түс.

<table bgcolor= “#F5FFFA”> – кесте фоны

<tr bgcolor=“#DF8090”> – жеке жолдар фоны

<td bgcolor=“#EC8A2E”> – жеке ұяшық фоны.

Мәтінді анимациялау элементтері

Шрифттік жазуларды анимациялау тәсілдері көп емес. Жанып-өшіп (мерцание) тұратын жазуларды орнатуға болады, ол үшін <blink> …</blink> тегін қолдану жеткілікті, алайда ол тек Netscape браузерімен ғана оқылады.

Кестелер html-дің беттеріне форматтаудың қуатты құралы болып табылады.Кесте мәліметтің үлкен көлемін ұсынудың ең ыңғайлы әдістерінің бірі.HTML тілі кестелердің әр алуан қалыптастыруды орасан зор мүмкіндіктеріне ие болады.HTML тілінде кестелерді форматтаудың құралдары пайда болғанға дейін ең қарапайым көп колонкалы тексті немесе құрама кестені құру мүмкін емес еді.Мұндай мүмкіндік пайда болғаннан кейін web-дизайнерлер оны толық көлемде қолданып күрделі эффекті ала бастады.

1.HTML тілінде кестелер <TABLE> тегімен басталады </TABLE> аяқталу тегімен жабылады. Кесте ішіндегі мәтін,кесте элементтерін (атауы,жолдары мен ұяшықтары)

анықтайтын арнайы тегтердің ішіне орналастырылады .

<TABLE>тегтерінің арасында кестелердің атауларын анықтайтын <CAPTION>тақырып </CAPTION>тегтері қосарланып кездесуі мүмкін.

Кестелердің атаулары тікелей кестелердің үстінде немесе астында ораласады .

2.Кестенің әрбір жолы ұялардан тұрады.Ұяларды немесе бағандар мен жолдардың атауларына ие <TH>тегімен немесе кәдімгі мәліметтерге ие <TD>тегімен белгілейді.Бұл тегтер сонымен қатар қосарланып берілуі мүмкін. Бірақ бұл жерде де жабатын тегтерді көрсетпеуге де болады.Себебі жабатын тегтерді көрсетпеу басқа түсініктер бермейді.

44.C++ тілінде программа жұмысын басқару операторларын атаңыз.

45.С++ тілінде логикалық оператор. Блок-схемасын сызып, түсіндіріңіз.

С++ тілі Си тілінің толықтырылған жиыны деуге болады.
Си және С++ тілдерінің мен мәләметтер типтерінің аттары болып табылады. С- де класс түсінігі жоқ.
С/С++ тіліндегі тіліндегі кез-келген программа main функциясынан тұрады. Мұның орындалу барысында басқа функциялар шақырылады.

Программа құрылымы:
Кез-келген программа комментарийден басталады. Комментарийді Си тілінде блок түрінде беруге болады.
Содан кейін препроцессор дерективасы орналасады. Препроцессор директивасы берілгенде кітапханалық файлда - тақырыптық файлда орналасқан кодты программаға қою .h файлдар деп аталады. Тақырыптық файлдарда әртүрлі тұрақты мен кейін main функциясы сипатталған бөлігі орналасады.
Main функциясы... одан орындалуы басталып, Return инструкциясы шақырылғанда аяқталады.
Main функциясының денесі фигуралық жақшада орналасады.
Си тілінде жазылған программа текстінде кездесетін инструкциялар (нұсқаулар) препроцессор директивасы (ПД) деп аталады. Олар орындалады және программаның текстін өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы текстегі кейбір лексемдерді өзгерту, басқа файлдан мәтінді да бір бөлігін орындауға, трансляциялауға шектеу қою т.б. Барлық препроцессор директивасы таңбасымен басталады және үтір (;) #include директивасы.
Бұл программаға көрсетілген файлдағы мәліметтерді қосады. Бұл директиваның екі формасы бар:
#include "файл аты"
# include
#include директивасы іштестірілген болуы мүмкін, яғни қосылатын файлда тағы кездесуі мүмкін. бұл қосу үшін қолданады, яғни стандартты кітапханалық функциялар прототиптерінен тұратын файлдарды қосуға мүмкіндік береді. Сондықтан С тіліндегі программа осы директивадан #define - жиі қызметші сөздерді, операторларды және өрнектерді кейбір идентификаторлармен ауыстыруға мүмкіндік береді

Айнымалылар. Айнымалылар типтері Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификатормен белгіленіп,әрбір уақытта белгілі бәр мәнге ие болады.Айнымалылардың белгіленуі:AlFA,X3,SUMMA,A1B8т.с.с.Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін.Индекспен берілген айнымалалар массив деп аталады.

Программа орындалу барысында мәндер өзгеретін шамалар айнымалылар деп аталады. Айнымалылар да, тұрақтылар сияқты программаның var деген қызметші сөзінен басталатын арнайы бөлімінде сипатталынуы тиіс

Идентификатор (Identifier) - операциялық жүйе немесе программалау тілі элементтеріне атау ретінде қойылатын лексикалық бірлік. Ол берілген бір мәліметке не олардың тобына қойылады, ал өзі латын әріптері мен цифрлардан тұратын, бірақ міндетті түрде әріптен басталатын символдар тізбегінен құралады. Кейбір тілдерде #, &, -, _ тәрізді өзге символдар және ұлттық әріптер пайдаланыла береді.

Идентифатор төмендегі ережеге сай таңдалуы қажет:
1.Олар латын әріптерінің х немесе астын сызу басталуы қажет .
2. Оның ішінде латын әрпі және астын сызу белгілері қолданылуы мүмкін. Бөтен таңбаларды қолдануға болмайды.
3. Си тілінде кіші және үлкен латын әріптері өзгеше деп саналады.
4. Идентификатордың ұзындығы әр программаның жүйесінде әр түрлі . Си ++ те шектеуі жоқ.
5. Объектілердің идентификаторы тілдің, түйінді сөздерінің стандартты функциядан және библиотека аттарынан өзгеше болуы қажет.

С++ тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілердің бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Стандартты функциялар: fabs(x), sіn(x), cos(x), asin(x), acos(x), tan(x), exp(x), log(x), sqrt(x), atan(x), т.с.с. Қосымшада функция тізімдері мен типтері, жазылу жолдары көрсетілген. Функцияны есептеу барысында аргумент пен функция типтерінің əр уақытта сəйкес келе бермейтінін есте сақтаған жөн. С тіліндегі стандартты функцияларды пайдалану үшін <math.h> тақырыптық файлы (прототипі) қолданылады.

Комментарий – түсініктеме ретінде қолдануға болатын символдар тізбегі. Олар ұлттық алфавиттерді де пайдалана береді. Комментарий басы мен аяғы /* ... */ осындай таңбалармен шектелуі тиіс. Олар бір немесе бірнеше жолдардан да тұра алады. С++ тілінде жол соңында тұратын комментарийлер // симолдарынан кейін орналасады. С жəне С++ тілдерінде құрастырылған есептерді бір компилятор арқылы шығаруға болатындықтан, көбінесе түсінік-темелердің жоғарыдағы екі түрін де пайдалана беруге болады.

/* программа ішіндегі комментарийлер осылай орналасады */

Программалау тілінің белгілі бір іс-əрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор болып табылады. Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мəліметтердің атаулары мен типтерін, олардың алғашқы мəндерін алдын ала тағайындау программаның сипатталуы болып саналады.

Енгізу, шығару операторы.

С++ тілінде С тіліндегі стандарт функциялар енгізу-шығаруға қолданылады. Сонымен қатар С++ тілінде <iostream.h> тақырыптық файлында анықталған енгізу-шығару құралдары бар.

>> енгізу және << шығару операторы - кез-келген типті мәліметтермен жұмыс жасауда қолданылады.

Меншіктеу операторы символдар арқылы жазылады. Кез келген ;

таңбасымен аяқталатын өрнек меншіктеу операторы болып табылады. Өрнектің

бір түріне бос оператор жатады, ол жай ; операторы.

С тілінде меншіктеу операторының бірнеше түрі бар. Жалпы меншіктеу

операторының жазылу форматы мынадай болады:

<айнымалы><операция> = <өрнек>;

С тілінде тізбектеле жазылған меншіктеу операцияларын да қолдануға болады. Мысалы:

sum = a = b;

Мұнда меншіктеу операторы оңнан солға қарай орындалады, яғни b-ның мəні a-ға меншіктеледі, ал а-ның мəні sum-ға меншіктеледі. Меншіктеу операторын былай да жазуға болады: Арттыру немесе кеміту (инкремент жəне декремент) операциялары ++

жəне – - түрінде жазылады. Бұлар кез келген операндтың мəндерін бірге

арттыруға немесе кемітуге мүмкіндік береді. Инкремент, яғни арттыру операциясы (++) жəне декремент (--), кеміту операциясы айнымалы (тек айнымалы мəнін) мəнін бірге арттырады немесе кемітеді. Олар айнымалы мəнін згертеді, яғни жасырын түрдегі меншіктеу амалы болып табылады. Кейде олар жеке оператор түрінде жазылады:

Арттыру/кеміту операцияларын өрнек ішінде де орындау мүмкіндігі бар.

Мысалы:

sum=a+b++;/*алдымен a,b қосылады, сонан соң b 1-ге артады */

sum=a+ ++b;/*алдымен b 1-ге артады, сосын барып a,b қосылады */

Арттыру/кеміту операцияларының приоритеттері өте жоғары, тек жақша ішіндегі операциялардың приоритеті олардан жоғары болады. Құрама оператор бірнеше операторды жүйелік жақшаға алып біріктіру үшін қолданылады. Ол шартты жəне циклдік операторларда жиі қолданылады.

Ішкі бағдарлама - көлемі жағынан орташа болып келетін бағдарламаларды (бірнеше мың жолды код) құрастырғанда құрылымды бағдарламалау қолданылады. Бағдарламаның құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсету керек, сонда бағдарлама мәтінінен есепті шығару алгоритмі түсінікті болады. Ол үшін қарапайым операторлар жеткіліксіз, алгоритмнің нақты құрылымын дәлірек көрсететін құралдар қажет. Сондықтан бағдарламалауға жаңа ұғым – ішкі бағдарламалар енгізілді

Қазіргі кезде программалау технологиясы жоғарыдан төмен қарай орындалатын әрекеттерді біртіндеп айқындау тәсілін кең пайдаланады. Осы технологияға сәйкес күрделі есептің белгілі бір бөлігі тәуелсіз қарастыруға болатын блок – қосалқы программа ретінде құрылуы мүмкін сондықтан ішкі программаның ролі орасан зор.

Белгілі бір атпен жеке программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оны қайталанып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі ішкі прорамма деп аталады.

Ішкі (көмекші) программаның екі түрі бар. Паскальда біріншісін процедура деп, екіншісін функция деп атайды. Көмекші программа толық программа түрінде құрылып, негізгі программаның VAR бөлімінен соң орналастырады. Олардың саны бірнеше болуы да мүмкін.

Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын прорамманың тәуелсіз бөлігі процедура деп аталады. Процедурада жұмыс нәтижесі бірнеше мәнге ие болуы мүмкін. Процедура тақырыбы көмекші программаны анықтаушы PROCEDURE қызметші сөзінен басталып, оның оң жағына процедураның атауы енгізіледі. Одан әрі жай жақшалар ішінде формальды параметрлер сипатталады да, тақырыптың соңына нүктелі үтір символы қойылады. Ол – процедура тақырыбын өзінің басқа бөлімдерінен ажырату белгісі. Тақырыптан соң негізгі программадағы сияқты сипаттау бөлімдері енгізілуі мүмкін. Бұдан әрі BEGIN, END қызметші сөздерімен шектелген операторлар бөлімі жазылады да, END-тен соң нүктелі үтір таңбасы қойылады:

Бір ғана функция мәнін есептейтін көмекші программаны Паскальда функция деп атайды. Функция тақырыбының процедура тақырыбынан айырмашылықтары:

- тізім соңындағы жабу жақшасынан соң қос нүкте қойылып, одан әрі функция типі жазылады;

- формальды параметрлер – нақты параметрлер меншіктелетін параметр-мәндер.

Мұнда анықталушы функция (өрнек) мәнін есептеу операторының жазылуында да өзгешелік бар: өрнек меншіктелетін айнымалының атауы – function тақырыбындағы атаумен бірдей болуы тиіс. Негізгі программаға енгізілетін функцияны шақыру командасы да жеке оператор түрінде емес, sin, cos, т.б. стандартты функциялар сияқты, өрнекке енгізіліп жазылады.

Ішкі бағдарламалар түрлері

Қандай да бір алгоритм бойынша жұмыс жасайтын және өзіне негізгі бағдарламаның кез келген бөлігінен қатысуға болатын бағдарламаның жекелеме бөлігін ішкі бағдарлама деп атайды. Ішкі бағдарламалар негізгі бағдарламының ішіндегі кіретін және шығатын орындары бар тұйықталған бөлігі болып табылады. Негізгі бағдарлама мен ішкі бағдарламадағы айнымалылар бір-біріне бағынышты емес.

Ішкі бағдарламаның екі түрі болады – процедуралар және функциялар. Олардың айырмашылығы: процедура белгілі бір операторлар тобын орындаса, функция осыған қоса қандай да бір нәтижені есептеп, оны негізгі бағдарламаға қайта жібереді. Бұл нәтиженің өзіне тән типі болады. Си++ бағдарламалау тілінде «процедура» деген ұғым жоқ, онда тек қана функция қолданылады. Егер функция ешбір нәтиже есептемесе, онда ол «ешқандай» (void) типін қайтарады.

Кез келген бағдарламада бірнеше процедура немесе функция қолданылуы мүмкін. Процедура мен функция сипаттау бөлігінде айнымалылар бөлігінен кейін жарияланады.

Бағдарламаның орындалуы негізгі бағдарламаның операторларынан басталады. Қажет жағдайда ішкі бағдарлама шақырылып, оның операторлары орындалады. Содан соң басқару қайтадан негізгі бағдарламаға беріліп, бағдарламаның орындалуы жалғасады.

Ішкі бағдарлама негізгі бағдарлама сияқты құрылады, яғни бағдарлама атауынан, операторлар бөлігінен және аяқталуынан құрылады.

Параметрдің екі түрі болады: формальды шын мәніндегі параметрлер

Шын мәніндегі параметр деп процедураны шақырар кездегі негізгі бағдарламадағы параметрлерді айтамыз. Ал формальды параметрлер ішкі бағдарламаның атауынан кейін көрсетіледі.

Формальды параметрлер тізімінде айнымалылар аталып, олардың типтері көрсетіледі.

Формальды параметрлерді екіге бөлуге болады:

параметр-аргументтер, яғни процедура үшін кіретін мәліметтер;

параметр-нәтижелер, осы параметр-нәтижелер арқылы процедураның жұмысының нәтижесін негізгі бағдарламаға қайтарады.

Параметр - нәтижелер тізімдерінің алдында var сөзі жазылады. (Паскаль).

47.С++ тілінде инкрементік және декременттік операторлар. мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

Айнымалылар мен тұрақтылар программа жұмыс жасайтын негізгі объектілер болып табылады. Объектінің типі осы объекті қабылдай алатын мәндер жиынын және оған орындалатын операцияларды анықтайды. Барлық айнымалыларға олардың белгіленуіне сәйкес мағыналы аттарды берген дұрыс. Қысқа аттар локальды айнымалыларға арналған, әсіресе цикл есептеуіштері үшін және ұзынырақтары сыртқы айнымалылар үшін тағайындалған.Әдетте Си программаларында кіші әріппен айнымалыларды, ал үлкен (бас) – аталған тұрақтыларды тереді.

Си-де тек бірнеше базалық типтер бар: char, int, float, double. Сондай-ақ көрсетілген базалық типтермен бірге қолдануға болатын квалификаторлардың бірнешеуі бар: short, long – бүтінге қолданылатын және signed, unsigned – char типіне қолданылатын және кез-келген бүтін типке қолданылатын. long double типі жоғарғы дәлдікті жылжымалы нүктелі арифметика үшін арналған.

Барлық өлшемдер үшін машинаның басқа мінездемелерімен бірге және компиляторда аталған тұрақтылар стандартты басты <limits. h> және <float.h> файлдарда сақталады.

Бүтін тип (тізбекті типті қоса алғанда) және жылжымалы тип жиында арифметикалық типті құрайды.

void типі (бос) белгілеуге ие. Функцияны жариялауда void типінің спецификациясын көрсету, функция мәнді қайтармайтынын білдіреді.

Функцияны жариялауда аргументтерді жариялау тізіміндегі void типінің көрсетілуі, функция аргументтерді қабылдамайтынын білдіреді.

Көрсеткіштің void типіне жариялануы, ол кез-келгеніне көрсете алады, яғни арнайы тип емес екендігін білдіреді.

void типі типті келтіру операциясында көрсетілуі мүмкін. void типті айнымалыны жариялауға болмайды.

Мәндер аймағы – бұл ең аз мәннен ең үлкен мәнге дейінгі берілген тип айнымалысында көрсетіле алатын интервал.

Декларациялар.Барлық айнымалылар қолданудан бұрын декларациялануы (сипатталуы) қажет. Декларация типтің өзгешелігін анықтайтыжәне осы типтің айнымалылар тізімінен тұрады. Өз декларацияларында айнымалылар инициализациялана алады.Автоматты емес айнымалының инициализациясы программаның жұмысының басталуының алдында бір рет қана орындалады (инициализатор – тұрақты өрнек). Локальды айнымалы функцияға немесе сұлбаға әр кіру кезінде бастапқы мәніналады (инициализатор – кез-келген өрнек). Сыртқы және статистикалық айнымалылар үнсіздікпен нөлдік мәнді қабылдайды. Декларацияда кез-келген айнымалыға const квалификаторы, оның мәні келешекте өзгермейтіндігін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Массивке қолданылатын const квалификаторы, оның элементтерінің бірде-біреуі өзгермейтіндігін көрсетеді. const көрсеткішін аргумент-массивке, бұл массивті функция өзгертпейтіндігін хабарлау үшін қолдануға болады.

Арифметикалық операторлар

Бинарлы арифметикалық операторлар +, - , *, /, % болып табылады, мұндағы % - mod операторына пара-пар, Паскальтіліндегі модулге алу операторы. % операторы float және doublе типті операндаларға қолданылмайды.

<, <=, >, >=, = = (тең), != (тең емес) операторлары қатынас және салыстыру операторлары болып табылады. Логикалық операторлар: &&(конъюнкция) и ¦¦ (дизъюнкция).

Қатынас өрнегінің есептеуінің сандық нәтижесін анықтау бойынша немесе логикалық болып 1 табылады, егер ол шындық болса, және 0 – егер ол жалған болса.

! операторы әдетте келесі түрдегі конструкцияда қолданылады:

if (!valid) // if (valid = = 0) эквивалент екендігі дұрыс емес

Типтерді түрлендіру. Егер операторлардың операндалары әр түрлі типке жатса, онда олар үлкен мәндегі диапазонды, кейбір ортақ типке келтіріледі. Жалпы жағдайда, оператор әртүрлі типтегі операндаларға ие болса, операция орындалмас бұрын "кіші” тип "үлкен” типке тартылады. Нәтиже үлкен типке ие болады. Үлкен типтерге олардың приоритеттерінің кему тәртібімен жатады:long double, double, float, int, long.

char типінің мәні – бұл бар жоғы кіші бүтін, және оларды литерлермен барлық мүмкін болатын манипуляциялауды барынша жеңілдететін арифметикалық өрнектерде еркін қолдануға болады.

Функция шақыруындағы аргумент өрнек болғандықтан, оны функцияға беру кезінде типті түрлендіруі мүмкін. Функцияның прототипінің болмауы кезінде char және short типіндегі аргументтер int-ке, aл float – double-ге түрлендіріледі. Егер аргументтер функцияның прототиптерінде сипатталған жағдайда, функцияны шақыру қажетті түрлендіруде автоматты түрде қосылуы керек.

Си-де айнымалыларды өсіру және кеміту үшін арналған екі ерекше операторлар бар: + + - өз операндына 1 қосатын инкременттік оператор, және - - өз операндының мәнін 1-ге кемітетін декременттік оператор.

Мысалы, if (c = = ‘\n’) + + nline;

Өз кезегінде, бұл екі оператор префикстік (операндтың алдында оларды орналастыра отырып, мысалы + + n), сондай-ақпостфикстік (оларды операндтың соңына орналастыра отырып, мысалы n++) ретінде қолданыла алады. Екі жағдайда да n-нің мәні 1-ге артады. Бірақ ++n өрнегі n-ді оның мәні өрнекте қолданылғанға дейін өсіреді, ал n+ + қолданылғаннан кейін өсіреді.Бұл операторлардың өрнектен тысқары айнымалыларға қолданылуы, олардың орналасу орындары айнымалыға қатысты тәуелсіз. Сондықтан жоғарыда келтірілген мысалда, nline айнымалысымен өсу ( + + nline немесе nline + + ) бірдей нәтижеге ие. Айнымалы өрнекке кіруінің өзі басқаша жағдай. Бұл жағдайда айнымалыларға қарасты инкрементті (декрементті) операторларды орналастыру өрнектің мәнін есептеу кезінде маңызды.

Си-де биттермен манипуляция жасау үшін алты операторлар бар. Оларды char, short, int және long операндтарына ғана, таңбалы және таңбасыздарына қолдануға болады.

Меншіктеу операторлары және өрнектер Бинарлы операторлардың көбісіне, яғни сол және оң операндтары бар операторларға op=, меншіктеу операторы сәйкес келеді, мұндағы ор – + - * / % << >> & ^ ¦ операторларының бірі .

Мысалы, i=i+2 өрнегін қысылған түрде жазуға болады: i+=2.

Қысқартумен қатар меншіктеу операторлары адам қалай ойлайды, соған сәйкес келетін қасиетке ие. Күрделі өрнектерде жазба түсіну үшін жеңіл болып келеді. Меншіктеу операторы компиляторға тиімді код құрастыруына көмектеседі.Меншіктеудің кез-келген өрнегінің мәні мен типі болып, оның меншіктеуден кейінгі сол жақ операндасының мәні және типі саналады.

Шартты өрнектер

if(a>b) z=a;

else z=b;

нұсқаулары екі а және b мәндерінің ең үлкенінің бірін z-ке жібереді.

Си-де тернарлық оператор "?:” бар, ол осы және оған ұқсас конструкцияларға жазбаның басқа тәсілін көрсетеді.

z=(a>b) ? a:b; // z=max(a,b)

Шартты өрнек шынымен де өрнек болып табылады және оны өрнек жіберілетін кез-келген жерде қолдануға болады.Шартты өрнек көбінесе программаны қысқартуға мүмкіндік береді. Мысал ретінде массивтің n элементтері әрбір жол бойынша 10-нан, бағандар арасынан бір бос орыннан басып шығаруды қамтамасыз ететін циклді келтірейік: циклдің әрбір жолы соңғы жолды қосқанда жаңа жол литерімен аяқталады.

for (i=0; i<n; i+ +)

printf ("%6d%c”, ar [i],(i%10= = 9¦¦i= = n-1)?’\n’:’ ‘);

Жаңа жол литері әрбір оныншыдан кейін және n–ші элементтен кейін жіберіледі

48.С++ тіліндегі Командалар, операторлар, тұрақтылар, мысалымен түсіндіріңіз .

  49.Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар, Антивирустық бағдарламалар, Шифрлеу және хештеу туралы түсінігіңіз. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ-де өңделген немесе есте сақтау құрылғысының әртүрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдары бойынша әртүрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады. Мәліметтердің криптографиялық өзгеру әдістері: - Шифрлеу; - Кодтау; - Басқа түрлері. Шифрлеу – қорғалатын хабардың әрбір символы өзгеруге жатады. Шифрлеу тәсілдері: - Ауыстыру; - Алмастыру; - Аналитикалық өзгеру; - Гаммирлеу; - Аралас шифрлеу. Кодтау – қорғалған элементтердің кейбір элекменттері (жеке символдар міндеттеі емес) алдын ала таңдалған кодтармен ауыстырылады. Кодтау тәсілдері: мағыналық кодтау және символдық кодтау. Басқаларға (жеке түрлеріне) – кесу, тарату және мәліметтерді қысу әдістері кіреді. Кесу – мәліметтерді тарату, қорғалатын мәліметтер массиві әрқайсысы қорғалатын ақпараттар мазмұнын ашуға мүмкіндік бермейтін элементтерге бөлінеді және осындай тәсілмен ерекшеленген элементтер есте сақтау құрылғысының әртүрлі аумағында орналасады. Криптожүйелер екі класқа бөлінеді:
  • Симметриялық – біркілтті криптосистемалар.
  • Асимметриялық – ашық кілті бар екікілтті криптосистемалар.
  Компьютерлік вирустар – арнайы жазылған шағын көлемді прграмма. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен сондай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа да зияды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу ретін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с) Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттардың орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүодіру әрекеттерін жасаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, өзінің оқтын-оқтын зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде «вирус жұққан» программалар көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге байқала қоймайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін: - Кейбір программалар істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді; - Экранға әжеттегіден бөтен мәліметтер шығады; - Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; - Көптеген файлдардың бүлінгені байқалады, т.с.с. Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді: - Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар; - Резиденттік емес вирустар. Вирус жұққан программа іске қосылған резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы уақытта әсері сезілмегенімен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алады да, оның қалай жұққанын адамдар білмей қалады. Ал, резиденттік емес вирустар жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосқанда екпіндете түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе PATH командасында көрсетілген каталогтардан өзі ішіне еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.

50.Операциялық жүйе туралы түсініңіз.

Операциялық жүйе – компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру., оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, т.б. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге MS DOS, Windows 95, Windows NT, UNIX жатады. Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық – бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі. Мысалы, сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткені бұл жұмысты әртүрлі құрылғылар атқарады.

Сервистік программалар – әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер есептерді шығара аламыз. Мұндай программалар «қосымшалар» (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандырылған жүйелерді, ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желінің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір коспьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

ОЖ жіктелуі. Дербес компьютерлер үшін ОЖ бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді:

- Бір қолданушылы және көп қолданушылы (жүйесен бір мезгілде жұмыс жасайтын қолданушылар саны);

- Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез келген мезгілде шешіліп шығарылатын есептер саны);

- ОЖ-мен қолданушы байланысының базалық түрі (командалар түрінде диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату);

- Адрестік шинаның разрядтарының саны (16, 32 немесе 64).

51.Интернет-технологияның элементтері туралы атап өтіңіз.

52.Қазіргі мультимедиялық программар түрлері. Жеке-жеке атап кетіңіз.

Мультимедия – компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпараттарды кешенді түрде бейнелеуді, мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін түрлі түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, сұхбаттық түрде жұмыс істейтін компьютерлік жүйе.

MCI – Media Control Interface

MCI Windows 9x маңайында жұмыс атқаратын мультимедиялық қолданбалы программаларға әртүрлі құрылғыларды басқаратын ақпаратты дербес интерфейстерді таныстырады. Берілген интерфейс өздеріне жіберілген МСІ-командаларды (play, pause, stop, т.б) интерпретациялайтын және орындайын құрылғы драйверлер деңгейінде сүйемелденеді. МСІ командасында көптеген мультимедиялық компьютерлер үшін базалық командалар жинағы бар. Компрессионды менеджерлер Мультимедиялық ақпараттарды (кескін, анимация, дыбыс) сақтау үшін үлкен талап етіледі. Көптеген жағдайларда ақпараттар компрессирленген түрде сақталады. Егер құрылғы ақпараттық түрде компрессия мен декомпрессияны ұстамаса, бұл мәселені арнайы менеджерлер орындайды. DCI – сәйкес келетін драйверлер компьютерлік ойындармен және толық экранды видеоақпараттарды қосу туралы әртүрлі бағдарламалармен қолданылады және тікелей экрандық буферден ақпараттарды жоғалтуға мүмкіндік береді. Бұл интерфейс сонымен қатар қазіргі видеокарталарда таралған ақпараттар қатарын қамтиды, оған қоса:

· Ақпарттық масштабтау. Егер осы мүмкіндік видеоапарат арқылы орындалатын болса, ендеше көлемін өзгерту үшін орталық процессор ресурсы қажет болмайды.

· Екі есе буферлеу. Ол беттерді өшіру кезінде экрандық буферлерді аппараттық ауыстыру үшін қолданылады.

· Асихрондық бейне. Екі есе буферлеумен бірге экрандық буферге ақпараттар шешімінің аса жылдамдығын қамтамасыз етеді.

53.Мультимедиялық технология туралы түсінігіңіз.

Мультимедия – компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді көрсету үшін жинақталған технология. «Мультимедия» - екі жай сөзден тұратын күрделі сөз: «мульти» - көп, «медиа» - алып жүруші немесе тасымалдаушы. Осылайша, «мультимедия» компьютерлік терминін «көптеген тасымалдаушылар» деп аударуға болады, яғни мультимедия ақпаратты сақтаудың және көрсетудің көптеген амалдары дегенді білдіреді. Егер мультимедияны ақпаратты көрсетудің белгілі бір технологиясы деп айтар болсақ, екі аспектіні еске түсірген де жөн – құрылғылық немесе аспаптық және бағдарламалық. Мультимедияның құрылғылық жағы қалыпты амалдармен де (графикалық, адаптер, монитор, дыбыс картасы, т.б) қосымша амалдармен де (бейнекарта телевизиялық кіру/шығумен, CD-R, DVD жетектері, т.б) таныстырылуы мүмкін. Мультимедияның бағдарламалық жағы қолданбалы бағдарлама және мамандандырылған бағдарлама деп бөлінеді. Қолданбалы программа – 1)пайдаланушының қолданбалы мәселелерді шешуге арналған программасы; жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын дестелік файлдағы программа. 2)нақты есепті шығару үшін қолданылатын программа. Мультимедия технологиясы күнделікті өмірімізге нық енді. Алайда, осындай қолданбалы бағдарламамен дұрыс жұмыс істеу үшін мультимедия мен компьютер де барлық талапқа сәйкес болуы тиіс.

54.Мультимедияны қолдану аумағы. Мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

Мультимедия – информацияны бейнелеудің ең жаңа түрі. Ол экранға түрлі түсті мәтіндік, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлеу, муз беру жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысымен СD-ROM дискісі бар және онда бей





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.