Стандартты функциялар. Комментарий. Операторлар Басы a, b, x енгізу t : = ax 2 + b z : = t + cost + tgt x, z шығару соңы 2.Тармақталу алгоритмдері.Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталукомандасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпесе түйінді сөздері пайдаланылады. Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді. 3.Циклдік алгоритмдер.Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы циклдеп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады. 10.Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері, қашықтан оқытудың маңыздылығы туралы айта кетсеңіз. Соңғы 10 – 15 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек. Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. Қашықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады. Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады. Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар: 1. Дидактикалық жүйе; 2. Технологиялық жүйе; 3. Қамтамасыз ету жүйелері. Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады: 1. Ақпараттық-рецептивті; 2. Репродуктивті; 3. Мәселелік мазмұндау; 4. Әвристикалық; 5. Зерттеу; 11.Access ДҚБЖ объектілері, жеке-жеке атап өтсеңіз. Кестелер. Бұрындары ескерткеніміздей, контактлер тізімі сияқты, қарапайым мәліметтер қорында бір ғана кесте қолданылады. Алайда көптеген мәліметтер қорында бірнеше кесте қолданылады. Компьютерде жаңа мәліметтер қорын құру кезінде жаңа файл құрылады, бұл мәліметтер қорының барлық обьектлері үшін, оның ішінде кестелер үшін де, контейнер ретінде қолданылады. · Кесте(Таблица)-МҚ-да берілген мәліметтерді объективті түрде сақтау үшін қолданылады. Кесте өрістерден(қатарлар) және жазбалардан(жол) тұрады. Бұл объектіде жазбалардың бір нұсқасы сақталады. · Сұрату(Запрос)-бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтерді таңдау үшін құрылады. Сұратудың орындалу нәтижесі кесте түрінде көрсетіледі және МҚ-дағы басқада кестелер қолданылады. Сұратудың көмегімен кестеге басқада мәліметтерді енгізуге немесе керек мәліметтерді өшіріп тастауға болады. · Форма-кестедегі немесе сұратудағы мәліметтерді қысқа және қолайлы түрде көру үшін және жаңа мәліметтерді енгізу үшін қолданылады. Формада суреттер, графиктер, басқа да объектілер, мәліметтерді өңдеу үшін қазақ тілінде жазылған процедуралар болуы мүмкін. · Есептер бруші (Отчеты)-кестеде немесе сұратуда берілген мәліметтерді баспаға шығару үшін пайдаланылады. Access құрылымында есептің әртүрлі формалары қолданылады. Есепте формадағыдай Vіsual Basіc тілінде жазылған процедуралар болады. · Макростар-Access құрылымында қайталанатын операцияларды автоматтандыру үшін қолданылады. Макростың әрбір жұмысы макрокомандалармен жүзеге асады. Макростарды құру үшін керекті макрокомандаларды беру және параметрлерін енгізу арқылы жүзеге асады. · Модуль- Vіsual Basіc тілінде құрылған процедуралардан тұрады. Макросты қолданушылар стандартты емес мәліметтерді және функцияларды өңдеу үшін функционалды-процедуралар құрады. Ассеss кестелеріне өрістер қосу. Мәліметтер қорындағы барлық ақпараттар өрістерде сақталады (сол сияқты бағандар деп аталады). Мысалаға, Контактлер кестесінде Аты, Фамилиясы, Мекен жайы, Телефон және т.б. атаулармен өрістер құруға болады. Өрістерді анықтау үрдісінде ақпараттарды жеке пайдалануға болатындай етіп, кішкентай бөліктерге бөлуге тырысыңыз. Мысалға, толық атауларды екі өрісте сақтау ыңғайлы – Аты және Фамилиясы. Егер ақпараттың белгілі бір элементі үшін есептер жасау, сорттауды орындау, іздеу немесе есептесу жоспарланса, ол үшін жеке өріс құру ұсынылады. Өріс сипаттамасымен қатар анықталады. Мысалға, әрбір өрісте осы өрісті бірдей дәрежеде анықтайтын өзінің аты бар. Бұдан басқа, кез келген өріске осы өрісте сақталатын мәліметтерге сәйкес таңдалатын, мәліметтер типі сәйкес келеді. Мәліметтердің бұл типі сақтауға болатын мәндерді, мәліметтермен орындауға болатын операцияларды, сол сияқты әрбір мәнге бөлінген жадының көлемін анықтайды. Әрбір өріспен сол сияқты қасиеттер деп аталатын параметрлер тобы да байланысты, олар осы өрістің сыртқы түрі мен функциональды сипаттамаларын анықтайды. Мысалғы, Формат қасиеті өрісте бейнеленетін мәліметтердің құрылымын анықтайды. Access 2007 өрістеріндегі таңдалған мәліметтер типтері Мәліметтер типі | Өлшемі | Қызметі | Мәтіндік | 255 белгіге дейін | Есеп жасауда қолданылмайтын (мысалға, тауар коды) мәтіндерді немесе мәтін мен сандарды енгізу үшін қолданылады | MEMO өрісі | 1073741824 белгіге дейін немесе 2 Гбайт жадыға (белгіге2 байттан), басқару элементінде 65535 белгі түрінде беруге болады | Бұл типтің өрісіне алфавитті-цифрлық белгілерді енгізуге болады (255 белгіден көп) немесе форматталған мәтінді. 255 белгіден көп мәтіндер немесе форматталған мәтіндер үшін қолданылады. Бұл типтегі өрістің қолданылу мысалы — ескертулер, жартылай қою немесе курсивпен жазылған ұзақ сипаттаулар мен азат жолдар | Сандық | 1, 2, 4 және 8 байт немесе 16 байт (егер репликацияны кодтау үшін қолданылса ) | Бұл өріске сандық мәндерді енгізуге болады (бүтін немесе бөлшек). Ақшалық мәндерден басқа, есептеулерде қолданылатын сандық мәліметтерді сақтау үшін қолданылады, (ақшалық мәндер үшін "Ақшалық" мәліметтер типі қолданылады) | Мерзім /уақыт | 8 байт | Бұл типтегі өріске мерзім мен уақытты енгізуге болады. Әрбір сақталған мән бір мезгілде мерзімнің де, уақыттың да компаненттерін құрайтын-дығына назар аударыңыздар. | Ақшалық | 8 байт | Бұл өріс ақшалық мәндерді енгізуге арналған. Ақшалық мәндерді сақтау үшін қолданылады. (валюталар) | Есептегіш | 4 байт немесе 16 байт,егер репликацияны кодтау үшін қолданылса | Access 2007 –ге автоматты түрде енгізілетін Уникальное сандық мән. Уникальный мәндерді құру үшін, мысалға алағашқы кілтті қолданылады. Мынаған назар аударыңыз, мәліметтердің "Есептегіш" типті командаларында сандар көрсетілген нұсқауларға тізбекті түрде өсуі немесе кездейсоқ таңдалуы мүмкін. | Логикалық | 1 бит (8 бит = 1 байт) | Мәліметтердің бұл типі мына мәндердің біреуін "Ия" және "Жоқ" немесе True и False қамтитын өрістер үшін қолданылады. | OLE объектсінің өрісі | 1 Гбайтқа дейін | Бұл өріске OLE –объектлері немесе басқа екілік мәліметтер енгізіледі. Microsoft Windows –тің басқа қосымшаларының OLE-объектлерін сақтау үшін қолданылады. | Салымдар | Сығылған салымдар үшін — 2 Гбайт. Салымдардың сығылу дәрежесінің мүмкіндігіне байланысты, сығылмаған салымдар үшін шамамен 700 Кбайт. | Бұл типтегі өрістерге сәреттер, бейнелеулер, екілік файлдар, Microsoft Office файлдары енгізілуі мүмкін. Цифрлы бейнелерді және екілік файлдардың кез келген типтерін сақтауға арналған мәліметтердің стандартты типі. | Гиперсілтеме | 1073741824 белгіге дейін немесе жадының 2 Гбайты (белгіге 2 байттан), басқару элементінде 65535 белгімен беруге болады | Бұл өріс тышқанды URL-мекен жайында немесе файлда бір рет шерту арқылы Web-беттерді шақырудың гиперсілтемелерін сақтау үшін қолданылады. Бұдан басқа, мәліметтер қорында сақталған Ассеss объектлеріне сілтеме жасауға пайдалануға болады. | Мастер подстановок | Кестелер мен сұраныстар негізінде – байланған баған өлшемі. Мәндер негізінде мәндерден тұратын мәтіндік өрістің өлшемі. | Нақтысында мәліметтер типі болып табылмайды, тек подстановка шеберін шақырады. Тізімдері бар өрісті пайдалана отырып, басқа кестелерден, сұраныстардан немесе мәндер тізімінен мәндер таңдауға мүмкіндік беретін, көмегімен өріс құруға болатын подстановка шеберін жіберу үшін пайдаланылады. | Жаңа кестені құру.Жаңа кестені құру кезінде (кестелер режимінде) Access автоматты түрде алғашқы кілтті жасайды және өріске Код атын және мәліметтер типін Есептегіш тағайындайды Бұл өріс кестелер режимінде жасырылған, оны көру үшін кестелер конструкторы режиміне өту керек. Алғашқы кілт тапсырмасы. Кестенің алғашқы кілті осы кестедегі әрбір жолды бір мәнді анықтау үшін бір немесе бірнеше өрістен тұрады. Алғашқы кілт ретінде уникальный инвентарлық номір, реттік нөмір немесе код жиі қолданылады. Мысалға, «Контактлер» кестесінде әрбір тапсырушы үшін осы кестенің алғашқы кілті болып табылатын тапсырушының уникальный коды анықталады. Алғашқы кілт ретінде келесі сипаттамаларға ие өрісті пайдалануға болады. Біріншіден, оның көмегімен әрбір жол бір мәнді анықтала алады. Екіншіден, мүмкіндігінше бұл өрістің бос болуы тиіс емес. Үшіншіден, бұл өрісті өзгерту керек емес. Алғашқы кілт барлық кестелер үшін анықталады. Оның негізінде сұраныстар мен операциялардың орындалуын жеделдететін, индекс конструкцияланады. Бұдан басқа, Access 2007 алғашқы кілт өрісінде мәндердің болуы мен уникальностын тексереді. Жаңа кестені құру кезінде (кестелер режимінде) Access автоматты түрде алғашқы кілтті жасайды және өріске Код атын және мәліметтер типін Есептегіш тағайындайды. Бұл өріс кестелер режимінде жасырылған, оны көру үшін кестелер конструкторы режиміне өту керек. Access 2007-дегі өрістер қасиеттері Өріс қасиеті | Қызметі | Өріс өлшемі | Өрісте сақталынған Мәтіндік, Сандық немесе Есептегіш типтеріндегі мәліметтердің максимал мәндерін анықтау | Формат | Бейнелеу немесе баспаға шығару үшін өрістің мәліметтер форматын баптау | Ондық белгілер саны | Сандық мәндер үшін бөлшек бөлігінде бейнеленетін белгілердің мөлшерін беру | Жаңа мәндер | Есептегіш типіндегі өріс үшін мәндер меншіктеу тәсілдерін анықтау: тізбекті өсу немесе кездейсоқ мәндер | Енгізу пердесі | Мәліметтерді енгізуді басқару үшін арнайы белгілерді бейнелеу | Подпись | Формалар, есептер немесе сұраныстар үшін үнсіз келісім бойынша жазбалардағы мәтінді анықтау | Үнсіз келісім мәні | Өріске жаңа жазбаларды үнсізкелісім бойынша қосу үшін мәндерді автоматты тағайындау | Тағайындау шарты | Осы өрісте мәндерді әрбір қосуда немесе өзгертуде шынайылық болу үшін выражениелер беру | Қате туралы хабарлама | "Мәнге шарт" ережесін бұзу кезіндегі мәтінді енгізу | Міндетті | Өріске мәліметтерді міндетті енгізу талабы | Бос жолдар | Мәліметтердің Мәтіндік немесе MEMO типтерін өрістің бос жолына енгізуге рұқсат ету ("Ия" мәнін беру арқылы) | Индекстелген өріс | Индекстерді құру және пайдалану арқылы осы өріске мәліметтерді енгізуді жеделдету | Unicode сығылуы | Мәтінді сығу, егер осы өрісте 4096 белгіден көп болса | IME режимі IME ұсыныстар режимі | Windows –тің шығыс-азиялық нұсқаларында белгілерді түрлендіруді басқару Windows –тің шығыс-азиялық нұсқаларында белгілерді түрлендіруді басқару | Смарт-тегтер | Осы өріске смарт-тегтерді қосу | Тек қана қосу | MEMO типті өріс үшін нұсқаларды басқаруды белсендіру ("Ия" мәнін орнату арқылы) | Мәтін форматы | Форматтауды болдыру арқылы мәтіндерді HTML-кода сақтау үшін RTF форматын таңдау. Тек қана мәтіндерді таңдау үшін, Кәдімгі мәтін форатын таңдаңыз | Мәтіндерді теңестіру | Басқару элементінде үнсіз келісім бойынша мәтіндерді теңестіруді тапсыру | Дәлдік | Ондық бөлгіштің екі жағына сақталатын белгілердің қосынды рұқсат етілген сандарды тапсыру | Масштаб | Ондық бөлгіштің оң жағына сақталатын белгілердің максималды рұқсат етілген сандарды анықтау | 12.Деректер қорын басқару жүйесінде деректер типтері туралы түсінігіңіз. Деректер қорын басқару жүйесі (ағылш. database management system (DBMS)) - мәліметтер базасын құру, күту және қолдану қызметін көрсететін бағдарламалық жасақтама. Деректер қорын басқару жүйесінің типтері: 1)иерархиялық; 2) тораптық; 3) реляциялық. Иерархиялық ДҚБ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер, ал екінші элементке бірінші элементтен басқасының барлығы бағыныңқы болып есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде болады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны. Тораптық ДҚБ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Оларды ешқандай ереже болмайды. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты. Реляциялық ДҚБ – да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.Нақтырақ айтқанда, реляциялық ДҚБ кесте арқылы беріледі.Реляциялық ДҚБ-ны құру шінү және онымен жұмыс істеу үшін көптеген арнайы программалар бар: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б. Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды. 13.«Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері туралы түсінігіңіз. Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм. Басқаша айтқанда, электронды үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО-ға жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электронды үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз. Электронды үкімет құру идеясы Елбасымызға тиесілі, әрі алғаш рет тоғыз жыл бұрын ауызға алынған болатын. Осы уақыт ішінде электронды үкіметіміз қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті. Ол кезеңдердің қай-қайсысы болса да қазақстандықтардың мемлекетпен өзара әрекеттестігіне көмегін тигізгені сөзсіз. Олардың алғашқысы – ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды. Оған қоса, қызмет көрсетудің реттемесі келтіріліп, танысу үшін нормативтік-құқықтық актілер ілінді. Екіншісі - интерактивтікезең, порталда электронды қызметтерді тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Аталмыш кезең барысында порталды пайдаланушылар түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру мүмкіндіктеріне ие болды. Электронды үкімет порталына интерактивті қызметтерді енгізу құжаттарды жинауға кететін уақытты үнемдеуге едәуір көмектесті. Дәл осы кезеңде мекемелік ақпараттық жүйелер, мемлекеттік деректер қоры, электронды түрде лицензиялау, және электронды үкімет шлюзі енгізілді. Бұл кезеңде әрбір қазақстандық порталдан қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік баж салығының мөлшері, өзі жүгінгелі отырған мемлекеттік органның байланыс мәліметтері секілді барлық қажетті ақпараттарын ала алатын. Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ, қажетті ақпараттың толық көлемінің арқасында инстанцияларға жүгірушілер саны әжептәуір азайды. Электронды үкімет дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік баж салығын, алымдар, айыппұлдар және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды. Егер де осыған дейін қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару керек болса, енді онлайн жүйесінде қызметті пайдалануға да, оның ақысын төлеуге де болады. Кәсіпкерлерге транзакциялық кезең шын мәнінде бағалы сыйлық ұсынғандай болды, ол – электронды мемлекеттік сатып алулар болатын. Пайдасы айдан анық – өткізілетін байқаулар мен тендерлердің әділдігі мен ашықтығы артты. Электронды үкімет дамуының бүгінгі, төртінші кезеңі – түрлендірмелікезең. Бұдан былайғы басты мақсат - азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы. Дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілуде. Жыл басынан бері азаматтар 15 минут ішінде заңды тұлғаны тіркеу, жеке куәлік, төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне ие болды. Әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді, міне сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды. Электронды үкіметтің жетістіктері. Құрылғанынан бергі тоғыз жыл ішінде Қазақстан Республикасының электронды үкіметі қалыптасу мен даму кезеңдерінен өтті, дүниежүзілік қауымдастық тарапынан оң көзқарасқа ие болып, жоғары бағаланды. Халықаралық және республикалық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштері мен байқаулардағы ие болған номинациялары осыған куә. Қазақстандық электронды үкіметтің даму дәрежесі «дамушы» (emerging leaders) сатысында деп бағалануда және аса табысты үкіметтердің бірі саналады. 14.Есептерді ЭЕМ-де шығару кезеңдері туралы түсінігіңіз. ЭЕМ көмегімен есептерді шешуге дайындау процесінде бірнеше кезеңді ерекшелеуге болады: 1. Математикалық модель құруды қамтитын есептің қойылуы (есептің математикалық қойылуы). 2. Есепті шешудің алгоритмін жазу. 3. Программаны құрастыру және қатесін жөндеу 4. ЭЕМ-де есепті шешу және нәтижелерді талдау. 15.Жергілікті желі. Қолданбалы хаттамалар туралы атап өтіңіз. Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады. Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту амалына саяды. Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады. Жергілікті желі – бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады. Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек Желі өміршең болуы үшін оның компьютерлері арасындағы мәлімет алмасу ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі тиіс. Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Түрлі-түрлі компьютерлер мен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың өзара сәйкесті түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады. Хаттамалар мынандай топтарға жіктеледі: · базалық хаттамалар (TCP мен IP) Интернет компьютерлері арасында кез келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol – тасымалдауды басқару хаттамасы/желіаралық хаттама) терминімен белгілейді. Интернет TCP/IP хаттамасын пайдаланады. Бұл хаттама тасымалданатын мәліметтерді қалай пакеттерге бөлу керектігін, олардың қалай құрылатынын, қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын, мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де басқа шараларды қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізінде, TCP/IP хаттамасы біртұтас IP-адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңдаған жеке желілерді бір-бірімен байланысытырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады; · қолданбалы хаттамалар жоғары деңгейде боп есептеледі, бұлар Интернеттің арнайы қызмет баптарының – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP 3 тәрізді хаттамаларының, т.б. жұмысын қамтамасыз етеді. FTP компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау мүмкіндігін береді. Ол ең «ежелгі» қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК тұтынушыларының ең алғашқы талаптарының бірі – осындай қызықты программалар мен құжаттар алмасу болатын. Осы әрекетті FTP хаттамасы атқарады. 16.HTML құжаттың құрылымы мысал келтірі отырып түсіндіріңіз. HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.HTML тілін британ ғалымы, Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женев (Швейцария) Еуропалық ядерлік зертеу орталығында жасалынған болатын.HTML алғашында, ғылыми және техникалық документацияларды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған документті оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер сосын қосылған. HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай документтер әдетте .html немесе .htm форматтында болады ) тексттік документтер форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, және әдетте олар пайдаланушының талаптарын ыңғайлы интерфейс және оларды көрумен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari. HTML-документті таңбалауға арналған тег-ті тіл. Кез келген HTML тіліндегі документ элементтер жиынтығын көрсетеді, және әр элементтің басы мен соңы арнайы тег арқылы белгіленеді. Одан басқа, элементтердің арнайы қасиеттері бар атрибуттары бола алады(мысалы,font-элементінің түсі немесе шрифт өлшемі). Атрибуттар ашылып жатқан тег-тің ішіне жазылады. HTML-документінің фрагменттерінің мысалдары: Екі тег арасындағы текст - ашылған және жабылған. <a href="http://www.example.com">Бұл жерде элемент href атрибуты бар, ол гиперсілтемені білдіреді.</a> Бос элемент мысалы: кез келген HTML-документ HTML нұсқасының спецификациясына жауап беретін <!DOCTYPE…> жолынан тұруы қажет, ол бұлай көрсетіледі: Негізгі ұғымдар:HyperText Markup Language (HTML) – WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады. HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады. HTML-дің тегтерінқолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз. HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді: § Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер; § Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер. HTML-тегтерБарлық HTML тегтері "<" символынан басталып, ">" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегі және аяқтау (завершающий) тегі болады. Аяқтау тегі бастау тегіне ұқсас, айырмашылығы тек бұрышты жақша ішіндегі мәтін алдында слэштің ( /) болуында. Бұл мысалда <TITLE> тегі WEB-броузерге тақырып пішімінің (формат) қолданғанын, ал </TITLE> тегі мәтін тақырыбының аяқталғанын білдіреді. Кейбір тегтер, мысалы, <P> (абзацты анықтайтын тег) аяқтау тегтерін қажет етпейді, бірақ оларды қолдану құжаттың бастапқы мәтінінің оқылуын жеңілдетіп, құрылымын жақсартады. HTML тілінің құрылымы.<HTML><HEAD> <TITLE> Қүжат тақырыбы </TITLE> </HEAD> <BODY> Құжат тұлғасы</BODY> </HTML> Көп жағдайларда HTML құжаттардың тақырыптары болады. Олар <Нn></Нn> тэгтер арқылы жасалады. Осы тэгтер ортасына текстімізді орналастырсақ, сізге белгілі көлемді такырып шығады. <Н1> тақырып </Н1>...<Н6> тақырьш </Н6> Ал енді жаңа абзацқа шығару үшін <Р>, ал жаңа жолға шығу үшін <BR> тәгі жазылады. Бүл тәгтерді жабу керек емес. Әрине, егер сіз <Р> тәгінде ALIGN абзацты түзеу элементін қолданбасаңыздар: <РALIGNE=LEFT>-сол жақ шетке түзеу</Р> <РALIGNE=CENTER>-Ортаға келтіру </Р> <PALIGNE=RIGHT>-оң жақ шетке түзеу</Р> <BODY> тэгінің ішіне BGCOLOR параметрін жазып және оған түс атын немесе оның 6 орынды кодын беру керек. Берілген екі мысал бетті қызыл түспен бояйды. <BODY BGCOLOR=”RED”> түстің аты колданылған. <BODY BGCOLOR=”#FF0000,,> түс 6 орынды кодпен берілген. 17.WEB сайттың негізгі типтері туралы түсіндіріңіз. Кез-келген HTML документтің құрылымын жасау және өңдеу үшін оның мазмұны мен күрделілігіне қарамастан оларды құру кезінде қайсыбір процесс жүзеге асырылады. HTMLдокумент кез-келген жағдайда да ақпараттық , зейін аударушы және қолданған кезде, қарапайымдылығымен ерекшеленуі тиіс. Ең алғашқы қадам күрделі қадам болып есептеледі , яғни WEB-сайттың тақырыбын таңдау. Ал егер парақтар бірнешеу болса, олардың әрбіреуіне бөлек тақырыптар ойластырған жөн. Көптеген дербес сайттардың мазмұны нашар ойластырылған. Көптеген авторлар өздерінің дербес сайттарын, отбасылық хабарлармен өздерін қызықтырушы хоббиларымен немесе кәсіби іскерлік мәліметтерімен толтырады. Шындығын айтқанда Web –сайтты құрудағы яғни тақырыбын таңдаудағы бұл жол сайтқа енушінің санын көбейтеді. Сондықтан тақырыпты таңдаудың маңыздылығын бірінші орынға қойған жөн. Егер сіз 1-тақырыптан көбірек қамтығыңыз келсе әрбір параққа орналастыру мүмкіндігіңіз бар.Бұл жағдайда сайттың қалған бөліктеріне бағыттайтын есте қаларлықтай мазмұны болуы тиіс. Есіңізде болсын: сайттан алған ең алғашқы жеріңіз сайтқа келесі тағы да енуіңізге мумкіндік жасайды. Бүкіл әлемдік өршек миллионнан сайттарды өз нарығына шығаруда сондықтан сіздің конкуренттеріңіз көп екенін ұмытпаңыз. Ал сіздің сайтыңызға енушілердің сіздің отбасылық парағыңызда көп уақыт оқымайтындығы белгілі. Сайттың тақырыбын анықтап болған соң, оның мазмұнын анықтау жұмысына кірісіңіз. Сайттың тақырыбына тәуелдісіз өзіңіздің сайтыңызда аудио файлды, графиктерді, видеоклиптерді, сілтемелер тізімін, текстік файлдарды , мәліметтер қорын кірістіруіңізге болады. Мазмұнын анықтаған соң материалды ұйымдастыру жұмысына көшіңіз. Автор төмендегідей 4-категориалы материал түрлерімен жабдықталуы тиіс:Суреттер (Фотография); Сілтемелер; Мәтін; Библиография. Материалды орналастырмас бұрын сайттың « скилетін» құрып алу тиіс. Бұл дегеніміз HTML редакторын іске қосып жаңа дербес парақты құру жұмысын бастау деп есептелінеді. Автор өз жұмысына қанағаттанғаннан кейін сайтты шығаруға дайын деп есептесе интернет қызметін пайдаланып өзінің сайтын WWW-ға орналастырады. Коммерциялық сайтты құру. Егер сіз бизнесте қызмет жасайтын болсаңыз, сіздің компанияңыздың WWW-ға қызметіне жүгінетін себебіңіз болса , сонда сіздің коммерциялық сайт құруға қажеттілігіңіз бар деген сөз. Ең алдымен мұнда сіздің компанияңыздың негізгі қажетті затын білуіңіз қажет, содан соң қандайда бір іс- әрекетке баруыңызға болады. Мұнда негізгі 4-мақсатта WWW қызметіне жүгіне аласыз. 1. Товарды сату немесе қызмет көрсету. 2. Сауда маркаларының мойындағанын қалаймыз. 3. Тұтынушылардың қажеттігін өтеу мақсатында. 4. Инвестициаларды шақыру мақсатында. Осы төрт мақсатты 1 арнаға тоғыстырғыңыз келсе, әрбір пункте сайттың белгілі бір бөлігін арнағаныңыз жөн. Бұл жағдайда сіздің клиенттеріңіз мазмұнда көрсетілген өздеріне қажетті, қызықты тарауға көше алады. Web – сайтты басқару. Парақтарды WWW орналастыру. Web – сайтты өңдеп аяқтағаннан кейін сіздің материалдарыңыз желі қолданушыларына қарауға, оқып – меңгеруге ашық болуы тиіс. Құжатыңызды WWW-ға орналастырудың екі жолы бар. Провайдер серверде сіздің парағыңызды орналастыру немесе жеке өзіңіздің Web – серверіңізде орналасу. Сіз өзіңіздің материалдың желіге шықпас бұрын жариялау әдісін қай түрде жасайтыңызды шешіп алуыңыз керек. Өзіңіздің серверіңізді ұйымдастыру немесе интернет қызметін пайдалану ол өзіңіздің жеке жағдайыңыз бен қойылған есебіңізге тәуелді. Егер сіз үлкен компания үшін сайт өңдеу жұмыстарын жасамайтын болсаңыз және интернеттің басқа қосымшаларын қажет етпейтін болсаңыз: FTP тәрізді, электронық почта немесе мәліметтер қоры, онда сізге жеке сервердің қажеті жоқ. Жергілікті провайдер қызметінің бағасына талдау жасай отырып, өзіңіздің сайтыңызды осылардың біреуіне орналастырғаныңыз жөн. Қасыбір провайдерді таңдау шешімін қабылдамас бұрын оның жүргізіп жатқан жұмысы туралы жеткілікті мәліметтеріңіз болуы қажет. 18.Буль алгебрасы туралы түсінігіңіз. Буль алгебрасы, буль торы — ішінара реттелген жиынның арнаулы түрі. Егер жиынның ең үлкен элементі 1 (Буль алгебрасының бірлігі), ең кіші элементі 0 (Буль алгебрасының нөлі) болса және әрбір х элементі мен оның толықтыру элементі Сх: sup {x, Cx}=1, іnf {x, Cx}=0 қатынастарын қанағаттандырса, онда Буль алгебрасы дистрибутивтік тор деп аталады. Sup және іnf операциялары әдетте Ú \/ Ù таңбаларымен, кейде /\ таңбаларымен белгіленеді. Мұнан олардың жиын теориясындағы бірігу және қиылысу операцияларымен ұқсастығы көрінеді. Сх кейде –х болып жазылады. Буль алгебрасында кез келген элементтің толықтыруы біреу-ақ болады. Буль алгебрасының аксиомаларында “жиын”, “оқиға” және “пікір” ұғымдарының арасындағы ұқсастық бейнеленген. Буль алгебрасында С, Ú, Ù сияқты негізгі операциялардан басқа операциялар да анықталған болуы мүмкін. Солардың ішінде төмендегідей симметриялық айырма операциясы ерекше маңызды: х+2у=(хÙСу)Ú(уÙСх). Бұл хDу, |x-у| деп те жазылады. Кез келген Буль алгебрасы +2 (“қосу”) және Ù (“көбейту”) операциялары орындалатын бірлігі бар буль сақинасы болып табылады. Буль алгебрасы ағылшын математигі Дж. Бульдің (1815 — 1864) еңбектерінде (1847, 1854) символикалық логиканың аппараты ретінде пайда болды. Кейіннен ол математиканың әр түрлі саласында (ықтималдық теориясы, топология, функционалдық талдау, т.б.) кеңінен қолданылды. 19.Жасанды интеллект жүйесі туралы түсінігіңіз. 20.Электрондық кесте. Деректер форматы. Формулалармен жұмыс істеу. Функциялар мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.. Microsoft Excel – кесте iшiнде есептеу жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекi түрде бейнелейтiн, диаграммаларды тұрғызу, мәлiметтер базасын құру, сан түрiнде берiлген мәлiметтер арқылы эксперименттер жүргiзу және т.б. мүмкiндiктер беретiн программалық кесте. MS Excelпрограммасын iске қосу жолдары: 1)Тапсырмалар тақтасындағы Iске қосу (Пуск)®Программалар® Microsoft Excelкомандалық қатарын таңдаймыз; 2)Жұмыс үстелінде программа сілтеуіші орналасқан болса, тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз сол объектіде екі рет шертеміз; 3)Тапсырмалар тақтасында MS Excelпрограммасының батырмасы болса, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз. Excel электрондық кестесi iске қосылғаннан кейiн автоматты түрде 1-кiтап (Книга 1) деген атпен жаңа қүжат ашылады. Бұл кiтаптың атын файлды сақтау кезiнде өзгертуге болады. Бұдан басқа жаңа кiтап жасау үшiн стандартты саймандар тақтасынан Құру(Создать) батырмасын шертемiз немесе Ctrl+N пернелер комбинациясын басамыз. Жаңадан қүрылған кiтаптың аты үнсіздік бойынша 2-кiтап, 3-кiтап (Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады. Excel терезесiнiң жоғарғы жағында терезенi басқару батырмалары бар Тақырып қатары орналасқан. Excel терезесiнiң екiншi жолы –Мәзірлер қатары. Үшiншi және төртiншi жолдар Стандартты және Форматтаусаймандар тақтасының аспаптары. Стандартты саймандартақтасында орналасқан батырмалар жиi орындалатын командалардың әрекеттерiн қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшiру, енгiзу, сандардың қосындысын табу, мәлiметтердi реттеу және т.б. әрекеттердi жылдам орындау мүмкiндiгiн бередi. Форматтау саймандартақтасындағы батырмалар қарiп (шрифт) форматын таңдау мүмкiндiгiн бередi: мәтiндi жартылай қарайтылған, курсивтi, асты сызылған етiп жазу, мәтiндi туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстердi қолдана отырып, кестенi безендiру әрекеттерiн жылдам орындау iстерiн атқарады. Бесiншi жол – Формулалар қатары. Мұнда әрбiр ұяшықтың мазмұнын көрiп, формулаларды өңдеуге болады. Бесiншi жол мен кестенiң соңына дейiнгi аралықты электрондық кестенiң жұмыс аймағыалып тұрады. Кестенiң жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары латын әрiптерімен таңбаланады. Төменгi қатар – Қалып-күй қатары, мұнда үстiмiздегi уақыттағы компьютердiң жұмысы немесе Excel кестесi жөнiнде ақпарат шығып тұрады. Төменгi қатардың сол жақ шетiнде Excel кестесi жұмыс режимiнiң индикаторы тұр - Excel кестесi мәлiметтердiң енгiзiлуiн күтiп тұрған жағдайда дайын режимiнде тұрады да, индикатор Дайын (Готов) деген сөздi көрсетiп тұрады. Пернелер тақтасының көмегiмен мәзір қатарына шығу үшiн ALT немесе F10пернесiн басу керек. Бұл пернелер басылғаннан кейiн Файл мәзірі басқа түске өзгереді. Курсорды басқару пернелерінің көмегімен (,®) қажеттi мәзір командасын таңдаймыз да ENTER пернесiн бассақ iшкi мәзір (подменю) ашылады. Iшкi мәзір командаларын немесепернелерiнiң көмегі арқылы таңдауға болады. Команданы орындау үшiн ENTERпернесiн басамыз. Мәзір қатарынан жұмыс аймағына ESCпернесiн басу арқылы оралуға болады. Excel кестесiнiң мәзір командаларын тышқанмен орындаған өте жеңiл, әрi қолайлы. Қажеттi мәзір командасына тышқан курсорын орналастырамыз да, төменгi сатылы мәзір командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиiстi командада тышқанның сол жақ батырмасын шертемiз. Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанат белгiлердi көрсету немесе алып тастау, сұхбат терезелерiн және iшкi беттердi ашу әрекеттерi орындалады. Excel электрондық кестесi жазылған әрбiр файл бiрнеше беттерден тұратынкiтапболып саналады. Электрондық кесте iске қосылған мезетте 1-бет (лист 1)екпiндi болады. Үнсіздік бойынша ашылған кез-келген кітап 3 беттен тұрады. Бір беттен келесi бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертемiз. Бір кітап 255 бет жұмыс парағынан тұруы мүмкін. Ал қажеттi беттiң жарлығы экранда көрiнбей тұрса,жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта (3,4) тышқанды шерте отырып, жылжытамыз. Excel электрондық кестесiнде бағаналар A –Z, одан кейiн ретi бойынша AA –AZ, BA –BZ,… латын әрiптерiмен белгiленедi және олардың саны –256-ға тең.Excel электрондық кестесiнде қатарлар араб цифрларымен нөмірленеді және олардың саны – 65536-ға тең. Әрбiр бағана мен қатардың қиылысқан жерiнде ұяшықдеп аталатын тiктөртбұрыш орналасқан. Әрбiр ұяшықтың бағана әрпiмен қатарнөмiрiнiңқиылысуына сәйкес адресi бар. Мысалы, A1 – бiрiншi ұяшықтың, ал В105 – В бағанының 105 қатарындағы ұяшықтың адресi. Ұяшықтарға мәлiметтердi (мәтiн, сан және формулалар) енгiзуге болады. Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпiндi ұяшықты көрсететiн ерекше тiктөртбұрыш кестелiк курсор деп аталады. Кестелiк курсор орналасқан ұяшық екпiндi ұяшық (ағымды ұяшық)деп аталады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216-ға тең. Әрбiр ұяшыққа 32 мың символ енгiзу мүмкiндiгi бар. Бiр мезгiлде бiр ұяшықпен немесе қатар орналасқан бiрнеше ұяшықтартобымен жұмыс жасауға болады. Белгiленген ұяшықтар тобы ұяшықтар блогы немесе торлар аралығы деп аталады. Мұндай блоктардың адресi бiрiншi ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресiн қос нүктемен бөлiп жазу арқылы көрсетiледi. Мысалы: A1 ұяшығында тышқанды шертiңiз де, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап, курсорды D9ұяшығына дейін созыңыз. Жұмыс аймағында бірінші ұяшықтар блогы пайда болды, яғни А1:D9. Бір жұмыс аймағында бiр-бiрiмен байланыспаған бірнеше блоктарды белгiлеу үшiн алдымен бiрiншi блокты белгiлеймiз, одан кейiн келесi ұяшықтар блогын белгiлеу кезiнде [Ctrl] пернесiн басулы күйде ұстап тұрамыз. Тышқан көмегiмен кесте бөлiктерi былай белгiленедi: бағана– қажеттi бағана тақырыбындағы таңбаланған әрiпте (A,B,C...)тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту; қатар – қажеттi қатарға сәйкес келетiн нөмiрде (1,2,3...) тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту; бiрнеше бағаналар – бiрiншi бағанада тышқанды шерткен соң, тышқанның сол жақ батырмасын басқан күйде соңғы бағанаға жеткiземiз; жұмыс парағын – бағаналар таңбаланған әрiптер жолы мен қатар нөмiрiнiң қиылысқан жерiнде тышқанды шертемiз (кестенiң сол жақ жоғарғы шетi). Пернелер көмегiмен кесте бөлiктерiн белгiлеу үшiн [Shift]+ [F8] пернелерiн бір рет басамыз да, [Shift] пернесін басулы күйде ұстап тұрып курсорды басқару пернелері арқылы белгiлеу режимiне көшемiз. Белгiлеу режимiнен [Esc] пернесiн басу арқылы шығамыз. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз: сан; формула; мәтін. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Кез-келген формула «=» символынан басталады. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф (‘’)болса, оның типі мәтін болып қабылданады. MS Excel электрондық кестесінде қарапайым мәтін ұяшықтың сол жақ шеті бойынша, ал сан оң жақ шеті бойынша тураланады. MS Excel формулалары есептеулер жүргізуге және берілгендерге анализ жасау үшін керек. Кез-келген формулаға мынандай негізгі сипаттамалар тән: - ең бірінші сивол ретінде міндетті түрде «=» белгісін жазу керек; - формуламен есептелген нәтиже сол формула жазылған ұяшықта шығады; - формулалар жолында белсенді ұяшыққа жазылған формула көрсетіледі; - формулада жасалған сілтемелердегі мәндер өзгерген жағдайда формула нәтижесі де автоматты түрде өзгереді. Операторлар. Формулаларда функциялар мен математикалық операторлар реті жалпы математика ережелеріне сай орындалады. Формулалардың есептеу нәтижелері сан болуы керек. Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоритм бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады.Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады немесе Функция шебері (Вставка-> Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fx батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады. Excel программас |