МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Меншік теориясы. Меншік объектілері мен субъектілері





Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет.Меншікті анықтау барысында меншік субъектілері мен объектілері қарастырылады.Меншік субъектісі – меншік объектісін иелену мүмкіндігі мен құқыққа ие меншік қатынастарының белсенді жағы.Меншік объектісі – келесідей түрдегі меншік қатынастарының пассивті жағы:а) жылжымайтын мүлік — жер учаскелері, сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне айтарлықтай көлемде (қалпына келместей) нұқсан келетін объектілер;б) жылжитын мүлік — көлік құралдары, айналыстағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқықтар, т.б. в) ақыл-ой меншігі (интеллектуалды меншік) – рухани, ой қабілетімен байланысты іс-әрекеттің нәтижелері және оларға теңестірілетін келесідей индивидуализация құралдары: фирмалық ойлау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, ноу-хау, авторлық құқық, технологиялық жобалар т.б.

Тақырып № 27

Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

 

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару

3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.



6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.

2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы

8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Тақырып № 28

Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке

Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.

Сұраныс заңы:

А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;

ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.

Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.

Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді.

Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.

Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.

Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.

Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:

а) баға;

ә) бағалық емес факторлар.

Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:

- Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;

- Салықтар мен дотациялар;

- Табиғи-климаттық жағдайлар;

- өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;

- ресурстардың бағаларының өзгеруі;

- күтім;

- маркетинг, бәсеке, жеткізушілер санының өзгеруі.

 

Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.

Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:

а) жетілген бәсеке;

ә) жетілмеген бәсеке.

Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.

Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.

Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.

Жетілген жіне жетілмеген бәсеке арасындағы айырмашылықты келесі кестеден көруге болады:

Жетілмеген бәсекенің 3 түрі бар:

а) Монополиялық бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы боыынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.

ә) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арсындағы бәсеке.

Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді:

Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.

Дифференциалды олигополия- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.

б) Монополия-жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпарацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері блуы керек: а) өнім өндіру масштабы; ә) құқықтық артықшылығы;

б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия);

в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы.

 

БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

Тақырып № 29

Нарық тепе-теңдігі

Нарықтық тепе-теңдік - өзара байланысты экономикалық үдерістердің теңдестірілуі (мысалы, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі) және үйлестірілуі, экономикалық агенттер мен жалпы нарықтарды орын алып отырған жағдайды өзгертуге итермелейтін себептердің жоқтығы; сұраным мен ұсынымның экономикалық заңға баламалы ара салмағы; тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраным көлемі мен құрылымынын және олардың ұсыным көлемі мен құрылымының ара салмағы. Теорияда жеке тепе-теңдік, жалпы тепе-тендік қарастырылады. Нарық орнықты тепе-теңдікте латын баға тепе-тең баға деп аталады. Егер бағаны орнықты жағдайдан қозғауға тырысушы күштер тепе-тең бағадан қайсібір ауытқушылық жасаса, тұрақсыз тепе-теңдік пайда болуы мүмкін.

Тақырып № 30

Табыстарды бөлудегі теңсіздік (Лоренц қисығы, Джини коэффициенті).

Табысты бөлудегі теңсіздіктердің негізгі үш себебі бар:

1. Адамдардың ақыл-ойлық(интеллектуалдық),физикалық және эстетикалық қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерінің бірдей болмауы. Мәселен, интеллектуалдық қабілеттіліктің аса жоғары болуы адамның табысын жоғарылатады. Ал қабілеттілік және ой деңгейі төмен адамдар сәйкесінше, табысы аз жұмыс орындарымен амтамасыз етіледі. Танымал спортшылар өздерінің физикалық қабілетінің жоғары болуынан аса жоғары жалақы ала алады, сонымен қатар, эстетикалық қабілеттіліктері өте жоғары музыканттар немесе суретшілер біліктілігі жоғары мамандар өз жалақыларын арттыра алады.

2. Адамдардың білім деңгейлерінің әртүрлі болуы. Индивидтің кәсіби маман ретіндегі дайындығы неғұрлым жоғары болған сайын, оның жалақысы да соғұрлым жоғары болады. Білім деңгейі жоғары болу үшін мұндай жағдайда адам капиталына инвестицияны көптеп құюдың қажеттілігі туындайды.

3. Адамдар қолындағы меншік түрлерінің әртүрлі бөлінуі. Кейбір адамдардың қолында меншіктері аз немесе меншіктері мүлдем болмауы мүмкін. Ал келесі бір адамдардың қолында меншіктері көп болуы мүмкін: көлік, құрал-жабдықтар, жер телімдері, жылжымайтын мүлік, т.б. Осындай меншіктері көп адамдар көп табыс таба алады.

Табыстардың бөлуіндегі теңсіздіктерді өлшеудің бірнеше теориялары бар. Соның ішінде Лоренц қисығы мен Джини коэффициенті маңызды орынға ие. Лоренц қисығы – бұл қоғамда табыстар ерекшелігінің маңызды индикаторы ретінде табыстарды бөлудегі теңсіздерді сипаттайтын графикалық көрініс.

Сурет 14.2 Лоренц қисығы

14.2-суретіне сәйкес, «отбасылар үлесі» абсцисса осіне, «табыстар үлесі» ордината осіне орналасқан. Табыстардың абсолютті тең бөлінуі ое биссектрисасымен берілген, мұнда 20%-отбасы табыстың 20%-н алады, 40%-отбасы табыстың 40%-н алады және солай кете береді. Табыстардың нақты дәрежеде бөлінуі а, в, с, d, e нүктелерімен сипатталады. Абсолютті теңдік сызығы мен Лоренц қисығы арасындағы боялған бөлігі табыстардың теңсізігін көрсетеді: бұл аралық бөлігі ұлғайған сайын табыстарды бөлудегі теңсіздіктер де арта түседі.

Жеке табыстан салықтарды алып тастағаннан кейін және трансферттік төлемдерді төлеп болғаннан кейін адамдардың табыстары біршама тепе-теңдік жағдайға жақындайды (сурет 14.3).

Сурет 14.3 Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері

Джини коэффициенті – бұл табыстарды бөлудегі теңсіздерді анықтайтын көрсеткіш, ол табыстардың нақты бөліну деңгейінің олардың тепе-тең бөліну сызығынан ауытқу шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш Лоренц қисығы салынған фигура алаңының абсолютті теңдік сызығы салынған үшбұрыш алаңына қатынасы ретінде анықталады:

КДж = М ауданы / N ауданы

КДж шамасы шын мәнінде 0 мен 1-дің арасында болады, егер коэффи-циент нөлге тең болса, онда экономикада абсолютті теңдік орнайды, ал 1-ге тең болса, онда экономикада абсолютті теңсіздік орнайды, яғни барлық жиынтық табыс бір адамның қолында болады деген сөз, алайда мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес.

Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей топтағы азаматтар өмір сүреді.

Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың берген анықтамасы бойынша, кедейшілік – бұл өмір сүрудің ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі. Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары мен бағытын, салық жүйесінің қайта құрылуын және зейнетақы жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін өмір сүру минимумы көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3-н азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен бірнеше көрсеткіштер байланысты: минималды жалақы, минималды зейнетақы, шәкіртақылар, бірқатар жардема-қылар. Өмір сүрудің осындай шегі кедейшіліктің негізгі сипатты белгісін анықтайды. Өмір сүру минимумы – бұл халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда қолданылатын аса маңызды көрсеткіш. Осыдан, халықтың өмір сүру деңгейі деген ұғым туындайды.

 

 

31. Натуралды шаруашылық – субъект өзінің жеке бас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім өнідіретін ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесі. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды шаруашылықтың сипаттамалары:а) ұйымдық-экономикалық қатынастардың тұйық жүйесі; б) оқшаулан түрге бөлінбеген әмбебап қол еңбегі; в) өндіріс пен тұтыну арасындағы тікелей экономикалық байланыстар. Ол «өндіру-тұтыну» қағидасымен жүзеге асады. Яғни шығарылған өнім өндіріске қатысушылар арасында бөлінеді, айырбас пен сату қатынастарынсыз тікелей тұтынылады. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыстың қалыптасу кезеңінде пайда болып, құлиеленуші елдерде үстемдік еткен, сондай-ақ феодалды экономиканың басты белгілерін құраған. Қазіргі таңда индустрияға дейінгі өндірісті қамтыған, дәстүрлі экономикалы, даму дәрежесі артта қалған бірқатар елдерде кездеседі.

32. Негізгі және айнымалы капитал. Негізгі капитал- көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпейтін және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне карай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі. Ол өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі капиталға ғимарат, жабдықтар,құрылғылар, машиналар, көлік және т.б жатады.

Негізгі капитал тозуға ұшырайды. Тозудың 2 түрі бар. Физикалық тозу дегеніміз негізгі капиталдың тұтыну құнын жоғалтуы. Физикалық тозу негізгі капиталдың қызмет ету процесінің нәтижесінде орын алады. Моральдық тозу негізгі капиталдың физикалық тозуына байланыссыз, олардың құнының төмендеуінен көрінеді. 1-ші топтағы моральдық тозу негізгі капитал өндіретін салалардағы еңбек өнімділігінің жоғарылауынан туындайды. Бұрын шығарылған машиналардың өндірісіне аз шығын жұмсалады және олар арзандайды. 2ші топтағы моральдық тозу өндіріске барынша өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды енгізу мен технологиялық процестерді және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің әсерінен болады. Тозған негізгі капиталдың орнын толтыру амортизациялық аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Амортизация– негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін олардың құндарының ө-ндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі.

Айналмалы капитал- өндірістің әрбір циклында толығымен тұтынылатын және өз құнын дайын өнімге бірден көшіретін, өндіріс процесінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертетін кәсіпорынның өндірістік капиталының бір бөлігі. Айнымалы капиталдың элементтеріне өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңге шығындар. Айналмалы капиталдың айналым схемасы

33.Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттілік, материалдық игіліктер және қызметтер, экономикалық ресурстар

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер- өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Материалдық қызмет — бұл тұтынушылардың матыриалды-тұрмыстық сұраныстарын қамтамасыз ететін қызмет түрі. Бұған кіретіндер: тұрмыстық ықзметтер, коммунальдық тұрғын үй, транспорттық ықзметтер және тамақтану.

Экономикалық ресурстар – өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы.

Олардың мынадай түрлері бар: табиғат (шикізат, геофизика), еңбек (адам капиталы), айналым құралдары (материалдар), ақпараттық, қаржы (ақша капиталы) ресурстары.

34. Несие және оның қызметтері

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.Несие— бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады.Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

қайта бөлу;

айналыс шығындарын үнемдеу;

айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

капиталдың шоғырлануын жеделдету;

ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеуқызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметіэкономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылнет ыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.

Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.

35. Өндіріс және ұдайы өндіріс

Жай ұдайы өндіріс-бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс-бұл өндіріс процесінің ұлғайыпүзіліссіз қайталанып жаңғыруы. Қазіргі заманғы экономикаға өндірісті кеңейту тән. Бұл өндіріске салынған жаңа инвестициялар шығындалған капиталды тек қайтарып қана қоймай, өндірістің қосымша немесе өндірістің ең тиімді құралдарымен оны көбейтеді. Сонымен өндіріске қосымша капитал салу есебімен оны ірілендіріп, капиталдың жинақталуын қамтамасыз етеді.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

1. Экстенсивті -өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

2. Интенсивті -өндірістехника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

3. Аралас-өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі– олөндіріс.Қоғамдық өндірістің соңғы нәтижесі – қоғамдық өнім болып табылады. Қоғамдық өнімнің қозғалысы төрт сатыдан өтеді:

1. Өндіріс – адамдарға қажетті материалдық игіліктерді, пайдалы өнімді өндіру процесі.

2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімдегі үлесін анықтау.

3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану. Ол қоғамдық өнім қозғалысының соңғы сатысы.

Өндіріс – қоғам мүшелерінің пайдалы өнім жасау қызметі және соның ілеспе нәтижесі ретінде табиғи ресурстарды түрлендіруі. Өндіріс қоғамда толып жатқан элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын белгілі бір өндіргіш күштердің жұмыс істеуін көздейді

36. Өндіріс факторлары және факторлық табыстар

Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұранысдеп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал, өндіріс факторларының ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін.

Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды қалыптастырады. Факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін – пайда факторлық табыс болып табылады.

Өндіріс факторларының нарықтық бағасы

Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде

Пайыз – еңбек факторының бағасы ретінде

Жер рентасы- жер иелерінің факторлық таб

 

37. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.

«Пайда» терминінің мағынасын экономистер мен бухгалтерлер әртүрлі түсінеді. Бухгалтерлік пайда фирманың жалпы түсімдерінен сыртқы шығындарды алып тастағандағы айырмаға тең. Алайда экономистер пайданы басқаша анықтайды.

Экономикалық пайда- бұл жалпы түсімдерден барлық шығындарды (сыртқы және ішкі, соңғысына кәсіпкердің қалыпты пайдасын қосқанда алып тастағандағы айырма). Сондықтан егер экономитер фирма өзінің шығындарын әзер жабуда десе, онда бұл барлық сыртқы және ішкі шығындардың өтелетінің, ал кәсіпкер оның талантын осы бағыттағы іс-әрекеттің шеңберінде ұстауға әзер жететін табыс алатынын білдіреді. Егер ақшалай түсімдердің сомасы фирманың экономикалық шығындарынан жоғары болса, онда кез-келген қалдық кәсіпкердің қолында жинақталады. Бұл қалдық экономикалық немесе таза пайда деп аталады.

38. Сұранымның баға және табыс бойынша икемділігі.

Икемділік- бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша пайызға өзгеретінің анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш пайызға өзгеру қатынастарымен анықталады.

Сұраныстың бағалық икемділігі– тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады. Мұнда ЕPD - сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті; Δ Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі; ΔР% - бағаның қатысты өзгеруі.

Сұраныстың табыстық икемділігі– бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.

Δ Q%

────= ЕID

Δ J%

Мұнда: ЕID - сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті; ΔQ % - сұраныстың өзгеруі; ΔJ% - табыстың өзгеруі

 

39. Сұраныс: заңы, қисығы және әсер етуші жағдайлар.

Сұраныс- тұтынушының қажеттілігіне байланысты белгілі- бір тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіншілігі. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың сапасын құрайды.

Сұраныс заңы– тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы– бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р)– тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (D).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

4. Бірін бірі алмастыратын және бірін- бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауар (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде тауарлар бірін- бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауар (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

40. Ұсыныс: заңы, қисығы және әсер етуші жағдайлар

Ұсыныс– бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны.

Ұсыныс заңы– бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3. Бірін-бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауар бағасының өзгеруі.

4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлар өзгерістерін күту.

5. Бәсекенің деңгейі.

6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі– ұсыныстың өсуіне әкеледі.

7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

 

41. Тауар және оның негізгі қасиеттері.

Тауар дегеніміз- адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандырытын, сату және сатып алу арқылы айырбастау үшін өндірілетін еңбек өнімі.

Тауардың 2 қасиеті бар:

а) тұтыну құны-заттың адамның нақты бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.

ә) айырбас құны- Бұл тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа пайдалы заттарға айырбастала білу қасиеті.

Айырбас пропорциясы тауарларға енгізілген құн көлеміне байланысты болады. Сонымен тауардың 2 қасиеті болады: пайдалылық және құн.

Тауардың 2 жақтылық қасиетінің болуы тауарға сіңген еңбектің 2 жақтылығына байланысты. Тауар өндіруге 2 түрлі еңбек жұмсалады: а) нақты еңбек- бұл жеке мамандардың тауар өндіргенде тұтыну құнын жасауға шығындалған еңбек;

ә) абстрактылы еңбек- бұл адамдардың дене күші мен ақыл-ой энергиясын жұмсауы, осының көмегімен тауарларды айырбастау процесінде адам еңбегінің қоғамдық сипатқа ие болуы немесе тауардың құнын анықтауға шығындалған еңбек

 

42. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу шарттары мен негізгі белгілері.

Тауарлы шаруашылық - бұл пайдалы өнімдер нарықта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі.

Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын белгілерге ие болады:

А) ашық шаруашылық;

ә) еңбекті бөлу;

б) жанама шаруашылық байланыстар.

Тауарлы өндірістің пайда блуының негізгі 3 шарты бар:

А) қоғамдық еңбек бөлінісі:

ә) тауар өндірушілердің жеке меншігінің пайда болуы;

б) артық өнімнің пайда болуы.

Тауар өндірісінің 2 түрі бар:

А) жай тауар өндірісі;

ә) капиталистік тауар қндірісі.

 

43. Тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шекті шығындар.

Тұрақты шығындар(FC) - белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

Пропорционалды өзгермелі шығындар - егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.

Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.

Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.

Жалпы шығындар - өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.

Орташа шығындар – бұл өнім бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы шығындар. Орташа шығындар жалпы шығындардың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

АС (average costs) = ТС / Q.

Орташа шығындар үшке бөлінеді:

Орташа тұрақты шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:

АFС = FС / Q.

2. Орташа өзгермелі шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:

АVС = VС / Q.

3. Орташа жалпы шығындар – орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың қосындысы:

ATC = AFC + ATC.

Шекті шығындар – бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

МС (marginal costs) = ∆TC / ∆Q, немесе МС = ∆VC / ∆Q.

 

44. Тұтынушылық мінез-құлық

Тұтыну теориясының негізін қалаған Д.Кейнс. Статистикалық бақылау жүргізілгеннен кейін Кейнстің тұтыну теориясы болжауға негізделген.

Кейнстің тұтыну теориясының негізгі жағдайлары:

тұтынудың табысқа қатынасы табыстың өсуіне байланысты кемиді

тұтынуға шекті иілудің мәні нөлден жоғары және бірліктен кіші

тұтынуды анықайтын негізгі фактор – табыс

45. Ұлттық байлық: мазмұны мен құрылымы

Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани иліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам иеншігінде болады.

Ұлттық байлық үш бөліктен құралады:

1) Заттық байлық;

2) Табиғи байлық;

3) Материалдық емес байлық

Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

материалдық реезрвтер мен сақтандыру қоры;

айналмалы өндірістік қорлар;

айналым қоры

тұрғындар мүлкі

Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс — құрал жабдығына (еңбек құрал — сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар)

ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын — жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал — сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал — жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай-ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.

Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді – пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра – жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.

Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.

46. Фирма нарықтық экономика субъектісі ретінде

Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма және үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды. Фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.

Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвистицияны жүзеге асырады және т.б.

47. Үй шаруашылығы нарықтық экономика субъектісі ретінде

Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілік) ресурстарды өткере (өткізу) отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісіне қажетті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраным мен ұсыныстың өзара әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыным нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды.

Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды(қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.

48. Фирма табысы: жалпы, орта және шекті

Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.

Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:

1. Жалпы табыс – тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі.

TR = P×Q.

Мұнда, TR (total revenue) – жалпы табыс;

Р (price) – тауардың бағасы;

Q (quant) - өнім көлемі.

2. Орташа табыс - өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

AR = TR / Q.

Мұнда, AR (average revenue) – орташа табыс.

3. Шекті табыс - өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

MR = ∆ TR / ∆Q.

Мұнда, МR (marginal revenue) – шекті табыс.

Жетілген бәсеке жағдайында фирманың жалпы табысы өнім көлемі өскен сайын арта береді. Ал орташа табыс пен шекті табыс бір-біріне тең болады және олар жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімге деген сұраныспен анықталады.

 

49.Халықаралық еңбек бөлінісі

Халықаралық еңбек бөлінісі – қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы. Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғадастықтың жекеленген елдердің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекеленген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін обьективті негіз болып табылады.

50.Экономикалық ауытқу және оның құрамы

Экономикалық ауытқуларды реттеу Циклдік ауытқулар себептері әр түрлі көзқарастар мен реттеу проблемаларын туғызады. Тұтастай алғанда реттеудің : неокейнсиандік және неоконсервативтік екі бағыты бар. Неокейнсиандық бағыт – жиынтық сұраныс бағдарлану болып саналады, мақсаты – тұтастай түрде шаруашылықты реттеу (макроэкономика), реттеуде басымдықтар – салық-бюджет және несие-ақша саясаты, мемлекеттің рөлін бағалаауды ынталандыру. Неоконсерватизмнің белгілері – ұсынысқа бағдарлану, мақсаты – жекелеген фирмалардың қызметі үшін ынта туғызушы (микроэкономика), реттеуде басымдылықтар – несие-ақша және салық-бюджет саясаты , мемлекеттің рөлін бағалауды шектеу. Экономикалық конъюнктураны жақсарту кезінде мемлекет, салық-бюджет және несие –ақша саласындағы қайшылықты шараларды , яғни салық ставкасының көтерілуін ,мемлекеттік шығындардың қысқаруын , амортизациялық аударымдарды шектеу мен ұстамдылық саясатын жүргізеді. Несие-ақша саясаты несие бойынша пайыздық ставка , банктердің несие ресурстарының және инвестициялардың қысқару элементтеріне ие болады. Тұтастай алғанда, циклдік ауытқулар ретке келтіру, мемлекеттік саясат, экономикалық құлдырау кезіндегі бүкіл шаруашылық поцестерінің белсенділігін артыруға бағытталған қайшы әрекет ету саясаты ретінде көрінеді. Бұны ХХғ 80жж соңындағы КСРО-ң экономикалық дамуынан байқауға болады. Мемлекеттік экономикалық саясат циклдің барысына әсерін тигізеді және оны модификациялайды. Циклдің тиімді реттегіштерін сәтті қолдану кезінде онша терең ауытқулар болмайды, ұлттық өнім шығындары қысқарады, ал цикл сатыларының (фаза ) ауысуы көбірек болжап білетіндей жағдайға айналады.

51.Экономикалық ауытқулардың себептері: сырқы, ішкі

П.Самуэльсон бойынша циклде





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.