МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Капитал айналымы мен ауыспалы айналысы





Капитал айналымы– капиталдың үздіксіз жаңарып отыратын ауыспалы айналымы; компанияның жылдық сату көлемінің салынған капиталға (меншікті қаражаттың орташа сомасына) қатынасы; жылдық өткізу (сату) көлемін тұрақты капиталдың ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал сомасына тең шамасына бөлу арқылы есептелетін көрсеткіші. Өнеркәсіп капиталы ауыспалы айналымның барлық сатысынан өтетін уақыт капитал айналымының уақытын құрайды.

Капиталдың ауыспалы айналымы– ақшалай қаражаттың өндіріс пен айналыс аясындағы қозғалысы‚ бұл қозғалыс барысында ол толық айналым жасайды.

Капиталдың ауыспалы айналымы дүркін-дүркін жаңарып отыратын процесс ретінде қаралады‚ оның дәйекті түрдеавансылануын (өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға‚ еңбекақы төлеуге аванс берілуін)‚ өндірістік тауардың өткізілуін‚ бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды, яки капитал үш сатыдан өтеді:

· бірінші сатыда ақшалай нысаннан өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады;

· екінші сатыда тікелей өндіріс процесі жүзеге асырылып‚ тауар жасалады;

· үшінші сатысында тауар сатылады (ол аяқталған бойда капитал қайтадан ақша нысанына ие болады).

· Бірінші және үшінші сатылары айналыс саласына жатады‚ екінші сатысы өндіріс саласына жатады. Әрбір сатыда – капитал белгілі бір функциялық нысанға ие болады: бірінші сатыда ақшалай нысанға‚ екінші сатыда – өндірістік нысанға‚ үшінші сатыда – тауар нысанына ие болады. Қозғалыс үздіксіз болуы үшін оның белгілі бір бөліктері бір мезгілде үш нысанның бірінде болуға және үш сатыдан өтуге тиіс. Бір мезгілде үш функциялық нысанда болатын және өзінің ауыспалы айналымында үш сатыдан дәйектілікпен өтетін капитал өндірістік капитал деп аталды. Үздіксіз жаңартылып отыратын процесс ретінде қаралатын өнеркәсіптік Капиталдың ауыспалы айналымы оның айналымын құрайды. Капиталдың ауыспалы айналымы уақыты бүкіл авансыланатын капитал өндіріс пен айналыс сатысынан өтетін және бастапқы нысанына қайтып оралатын кезең ретінде қаралады. Капиталдың ауыспалы айналымының жылдамдығы оның бір жыл ішінде жасалатын айналымының санымен өлшенеді. Капиталдың ауыспалы айналымының жылдамдығы көптеген факторларға байланысты. Олардың ішіндегі елеулілері: өндіргіш капиталдыңнегізгі капитал мен айналым капиталына қаншалықты ара қатынаста бөлінетіні. Айналым капиталы айналымының жылдамдығы негізгі капитал айналымының жылдамдығынан жоғары. Сондықтан бүкіл Капиталдың ауыспалы айналымының уақыты неғұрлым аз болса және айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса‚ айналым капиталының авансыланған капиталдағы үлесі солғұрлым жоғары болмақ. Капиталдың ауыспалы айналымының жеделдеуі өндіріс уақытын немесе екеуінің де айналысын қысқарту деген сөз‚ ол авансыланған капиталдың шамасын азайтады және оны пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.



Тақырып №17

Капиталдың техникалық және экономикалық ескіруі. Амортизация.

Негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.

Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.

Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.

Өндірісте тозған негізгі қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.

Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:

Моральдық тозудың бірінші түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.

Моральдық тозудың екінші түрі — бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.

«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.

Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.

Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.

Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.

Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.

Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың функционирлеу мезгіл қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.

Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.

Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.

Тақырып №18

Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.

Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар.

Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.

Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

Қаржы — өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

Ашық және жабық акционерлік қоғам.

Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.

Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.


Тақырып № 19

Қажеттілік: мәні, түрлері

Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.

Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.

Басқаша айтқанда, адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізіг себептер – қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.

Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана қажеттіліктер (мқұтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыста болу, қоғамдық өмірге араласу т.б. мұқтаждықтар кіреді. Қажеттілікті адам терең сезініп, түсінесе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі екінші жағынан, тұлғаның қажеттілікке, мұқтаждыққа, мүддеге, мақсатқа терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.

Адам мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті (мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс-әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Жалпы мүдде, мақсат адамның қоғамда өмір сүру қызметінің қалыптасқан жағдайлар мен орындарын сақтау немесе оларды өзгерту үшін күреске жеке адамдарды жұмылдыратын шешуші себеп ретінде байқалады.

Мүдделердің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік талап-тілектерді білдіретін адамдардың қажеттіліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.

Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттен керегін алып, өзінің мүддесін, мақсатын қанағаттандырып отырады. Ол табиғатқа тәуелді болады, бірақ, бұл тәуелділікті біршама бәсеңдетуге, төмендетуге тырысады. Сөйтіп ол табиғаттағы жоқ заттарды қолдан жасап, өзінің қажетілігін, мұқтаждығын қанағатандырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.

Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажетілікті терең, жан-жақты түсініп, оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсеңділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс-әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.

Кейбір жағдайларда адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.

Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.

Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал, мүдденің мақсатқа айналуы бұл субъект қызметінің екі сатысы. Мұның әрқайсысы іс-әрекеттің себебі ретінде сипатталады,

Мүдденің мақсатқа айналу сатысында қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың өзара байланыс-қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс-әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады. Тұлғадағы жоғары адамгершілік, құнды, бағалы нұсқаулар, мұраттар, бағдарламалар оны қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу ретінде бола отырып, тұлғаның жоғары кәсіби мамандығын, белсеңділігін, жауапкершілігін, іскерлігін ұдайы арттырып отырады. Бұл қатынастар индивидтің нақтылы қызметінің мәні мен мазмұнын, оның мақсаты мен міндетін қалай түсінетініне, осы қызметтің қажеттілігіне деген сезіміне қарай өзінің қызметінде қанағаттану немесе қанағаттанбау сезіміне сәйкес құрылады.

Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.

Тақырып № 20

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі

және фискалды саясаты

Мемлекеттің қандай да болмасын салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады.

Біріншісі – фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызмет. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата ой»майды, себебі кез келген мемелекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің мейлін мелекеттің немесе кәсіпкердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Бәрімізге белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.

Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтінің жақтарын байқауға болады. Негізінен салықтардың реттеушілік ролі мынандай шарттарға жауап беру қажет: мемлекеттің бюджетіне түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейінде ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғалар салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мелекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Екнші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен экспорттаушы емес экономиканың басқа саласындағы қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде. Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер қажет.Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш-бес жылға дейін тұрақты болып дамуды аса маңызды шарт болып табылады. Ал артық табыс мөлшері қазіргі салық заңында кәсіпорындарың ішкі пайда нормаларына сәйкес үстеме пайда салығы арқылы алынып отыр. Бұл аталған салықтың кемшілігі мынада: біріншіден, ішкі пайда нормасын анықтау кезінде оның мөлшеріне әр түрлі себептер мен субъективті жағдайлар әсер етуі мүмкін, екіншіден, пайда нормасын қайта-қайта қарастырып отыру қажет, өйткені шикізаттың әлемдік бағасы күн сайын өзгерістерге ұшырау мүмкін. Сонымен шикізатты экспорттаушыларға қолданылып келген үстеме пайдаға салынатын салықты алып тастап бір ғана прогресситі табыс салығын қолданған дұрыс болар еді.

Қазіргі таңда кәсіпорындарда қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жалақыларына әр түрлі: табыс салығы және әлеуметтік салық салынады. Мәселені заңды тұлғалар жалақыны төлейтін жайын қарайтын болсақ, онда жалақы үлестіру барысында кәсіпорындардың қосымша қаржыға шығындалуын байқаймыз. Жалақы қоры неғұрлым көбейген сайын кәсіпорындар әлеуметтік салықты соғұрлым көп төлейді. Қазақстан салық жүйесінде орын алып отырған әлеуметтік салық компания қожайындарының өз қызметткерлерінің жалақы мөлшерін көбейтуін ынталандыру тұрмақ, керісінше бұл салықтан қалай құтылуды ойлап, бастарын қатыруға итеріп отыр. Тек әлеуметтік ставкасының жоғарлығында ғана болған жоқ, сонымен қатар бұл салық салынатын базада да болып тұрады.

Қазақстанның жалақы алушы азаматтары әлеуметтік салықтың ауыртпалығынан құтылғанымен, жалақы төлеуші компанияларға үлкен ауыртпалық жүктеліп отыр. Себебі жылдың жалпы жалаұқы қоры орташа есеппен алғанда компаниялар пайдасының 40-70 пайызын құрайды, ал осы уақытқа дейін әлеуметтік салық ставкасы 26 пайызды құраған болса, кәсіпорындар

 

 

Компания қызметкелері Төленетін жалақы мөлшері (теңге) 45 000-нан астам мөлшер
1. қызметкер 2. қызметкер 3. қызметкер 4. қызметкер 5. қызметкер 6. қызметкер 50 000 40 000 60 000 20 000 10 000 30 000   15 000   55 000
Барлығы 300 000 75 000

 

Таблицадағы көрсетілгендегі компанияның тек үш қызметкері ғана 45 000 тг артық жалақы алады, ал жалақы қоры бойынша компания

75 000 тг әлеуметтік салық төлемейді. Әлеуметтік салықтың салынатын жалақы қоры мөлшерін азайту қажет. Қазіргі таңда республика Президентінің басшылығымен әлеуметтік салық бойынша аталған өзгерістердің нәтижесінде мемлекетке компанияларға, әсіресе еліміздің азаматтарына келер пайда айтарлықтай болар еді.

Осындай объективті және субъективті жақтарды ескере отырып, келесі ұсыныстарды қозғауға болады.

Біріншісі, жеке тұлғаларға қолданылатын шегерімнің мөлшерін өзгерту және оның тек табысы төмендгілерге ғана қолдан, екіншіден, табыс салынған ең төменгі жалақы алушыларды босату. Сондықтан жеке тұлғалардың табыс салығына қолданылатын шегерімнің мөлшеріне кемдеген де ең төменгі жалақы мөлшеріне теңестіру қажет.

Ал орташа жәе жоғары деңгейдегі мөлшерде жалақы алатындар үшін қолданыатын шегерімді қысқарту қажет.

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға соқпайды, ал олардан түсетін экономикалық тиімділік айтарлықтай болары анық.

Тақырып № 21

Қоғамдық өндіріс құрылымы: материалдық және материалдық емес өндіріс

 

Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс, яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген ұғым қоғамдағы бір қатар элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын өндірістік күштерді білдіреді. Адамның барлық даму кезеңдеріндегі өндірістің басты факторлары жұмыс күші (жеке, немесе адамдық фактор) және өндіріс құралдары (заттық немесе материалдық фактор) болып табылады. Алайда өндірістік күштер өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам өркендеген сайын олар үнемі дамып, жетілдіріліп отырады. Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында олардың елеулі күрделенуі байқалып отыр. Қалыпты жұмыс күшіне және өндіріс құралдарына жаңа дербес маңыздары бар элементтер мен факторлар қосылуда .

Өндіріс – бұл негізгі пункті, адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін өнімдерді өңдеу және өндірудегі негізгі бөлігі. Өндіріс - ­ экономикалық айналымның кілті, өйткені өндіріссіз тұтыну да,айырбас та болмас.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. Ұлғаймалы өндірістің түрлері: 1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды. 2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды. 3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Тақырып № 22

ҚР жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, мәселелері

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.

Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Жекешелендіру – меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды – бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды) 3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.  

 

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1.Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2.Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3.Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

1. 1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.

2. 2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.

3. 3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.

4. 4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

— шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

— бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

— шағын және орта бизнесты дамыту;

— жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

Тақырып № 23

Макроэкономика-ұлттық экономиканың негізі

1.Макроэкономика дегеніміз- ұлттық өндіріс көлеміндегі күрделі мәселелерді зерттейтін экономиканың күрделі бөлімі. Макроэкономика баға мен жалпы жұмыссыздықтың деңгейін, жалпы тұтыну мен инвестицияларды, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын және ұлттық экономика жағдайының өзгеру заңдылықтарын қарастырады.

Макроэкономика ілімі ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өз алдына экономика ілімінен бөлініп шықты. Бұл бөлімнің Дж. Мейнард Кейнс қалады. Ол 1936 жылы “Жұмысқа тарту, процент және ақшаның жалпы теориясы” деген еңбегін жазады. Өз еңбегінде ол тұтыну мен өндіріс көлемі, инвестицияның өсуі мен кемуі арасындағы байланысты, мемлекеттің экономикаға араласуын қарастырады. Кейнс мектебінің экономистері ақша-несие саясатын қолдану арқылы ақша ұсынысына бақылау жүргізуге болатынын дәлелдеді.

Макроэкономикалық көзқарас бойынша ұлттық шаруашылық 4 экономикалық субьектіні қарастырады:

1) үй шаруашылығы секторы;

2) кәсіпкерлік сектор;

3) мемлекеттік сектор;

4) шекарадан тыс шетелдік сектор.

Үй шарушылығы дегеніміз- өз қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған елдің ішіндегі шаруашылық ұяшықтары. Оның экономикалық белсенділігі өндіріс факторларын ұынғанда көрінеді.

Кәсіпкерлік сектор дегеніміз - елдің ішінде тіркелген барлық фирмалардың жиынтығы. Оның эконмикалық белсенділігі өндіріс факторларына сұраныс тудырғанда, игіліктерді ұсыну және инвестициялауға байланысты.

Мемлекеттік сектор дегеніміз - барлық мемлекеттік институттар мен бөлімшелердің жиынтығы. Оның экономикалық белсенділігі сатып алу, салық салу және ақшаны ұсынудан көрінеді.

Шетелдік сектор дегеніміз - елдің шекарасынан тыс жерде тұрақты орналасқан экономикалық агент, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Оның экономикалық белсенділігі өзара тауар, қызмет, капитал және валюта айырбасынан көрінеді.

2. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар:

а) Ұлттық байлық- қазіргі таңда қоғамның қолында бар тарихи дамуда қорға айналған игіліктер, тұтыну құндарының жиынтығы (өндірістік қорлар, әлеуметтік инфрақұрылым, рухани байлықтар, ақпараттық ресурстар, тарихи, мәдени, әдеби құндылықтар).

ә) Жиынтық қоғамдық өнім дегеніміз- 1 жылда материалдық өндірісте өндірілген өнім мен еңбек заттарының қайталанған есебінің жиынтығы.

Тақырып № 24

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажетлігі, мәні мен мақстаттары

Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді.

Әлеуметтік саясаттың мәні – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу бойынша әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе (және) қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік саясаттың бағыттары. Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады:

· Қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау.

· Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау.

· Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау

· Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.

Тақырып № 25

Мемлекеттің экономикалық қызметі
Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызмеггі шектеу және бәсекелестікті қорғау; 3)табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиками тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта болу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы" категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалык өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.
Экономикалык, ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:
1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-тендік көлемінің олардың оңтайлы колемінен ауытқуы;
2) ресурстарды болуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.

Тақырып № 26





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.