МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Психоанализ философиясы: З.Фрейд, К.Юнг ілімдері.





З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші» ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ, «либидо» (махаббат) жыныстық құмарлықтың психо-сексуальды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни «либидоның» «мәдениеттестірілген» алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екнін түсіндіріп бақты.З.Фрейд болжамдары оның шәкерттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшалық әрекеттерімен ұштасуы мүмкін. А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, Э.Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. К.Юнг үшін бұл - әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері, А.Адлер әкімшілік пен әлеуметтік билікке талпыныс, ал К.Хорни мен Э.Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі.Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің (З.Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қортынды пікірлерін – адам әрекеттерінің көзі – қажеттіліктердің мәнді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана дәріптеуге бағытталған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз «тіршілігін сақтау» мен «тұтастығын қолдауды» қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіру де ғылымдық көзқарасқа сай емес. Адам өзніңбиолгиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық т.б. бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.

59. Ибн Рушдтың қос ақиқат ілімі.

Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Діңмен ф.лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір нег.қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа ф.рын антикалық ф.мен таныстыруда үлкен рөль атқарды. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол ф.ды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдардың діни сенім нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық ф.да еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті. Оның үстіне ақиқатты пайымдаудың кеңмәтіні ретінде бұлжағдайда конвенциалистердің жаңа буржуазиялық философияда жариялағанындай, қандай да бір ғылыми теория емес, тұтас алғандағы мәдениет әлемі сипатталады.(Негізінде, орта ғасырда өмір сүрген адам үшін бұл әлем дуалистік болды, бірақ бұғанқарамастан, "ақиқат кеңмәтінді" ол үшін бөлек ғылым емес, тіпті бөлек теория да емес).Осылайша, "қос ақиқат" принципі символикалық ақыл-ойдың ұстыны болып табылады,өйткені дәл осы символ пайымдау кеңмәтінін, символ мен заттың арақатынасы кеңмәтінінбілдіреді. Екінші жағынан, "екі жақты ақиқат" принципі ортағасырлық символизмніңерекшелігін рационалистік символизм ретінде сипаттайды.



60. Диалектикалық және тарихи материализм.

Диалектикалық материализм — революцияшыл пролетариаттың дүниеге көзқарасы, маркстік ілімнің бір саласы, оның ғылыми философиялық негізі, марксизм философиясы. Диалектикалық материализм дүниенің жалғыз ғана негізі бар ол - материя, ал сана дейтініміз осы материяның ерекше жоғары құрылымының туындысы мидың атқаратын қызметінің жемісі, сыртқы дүниенің бейнесі, - деген қағиданы өзінің ірге тасы, түп тұлғасы деп біледі; сондықтан да оны материалистік философия деп атаймыз. Диалектикалық материализм бүкіл тарих бойындағы адамзат ой дамуының игілікті жемістерін сын көзбен пайдалану негізінде революцияшыл таптың күрес тәжербесі мен ғылыми жетістіктерге сүйене отырылып жасалды. Диалектикалық материализм – тек табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары жайлы ғана емес, ойлаудың да жалпы заңдары туралы ғылым. Мұның мәні: диалектикалық материализм – материялық дүние дамуының адам ойлауында бейнелеу заңдары мен формаларын, объективті ақиқатқа жету заңдарын зерттейді деген сөз. Диалектика заңдары дегеніміздің өзі – материялық шындықтың өзіне тән объективті заңдарының субъективті бейнесі. Диалетикалық материализм басқа жеке ғылымдарды дүние танымының бірден-бір дұрыс әдісімен қаруландырады, дүниенің объективті заңдарын ойлауда дәлме-дәл бейнелудің жолын көрсетеді, басқаша айтқанда, олар үшін ақиқат танымының ғылыми методологиясы қызметін атқарады. Қоғам дамуының қайшылықтары мен заңдарын ғылым тұрғысынан зерттеп, санада дұрыс бейнелеу әрқашан да прогресшіл таптардың мүддесіне сай келеді. Олай болса, адамзат тарихындағы бірден-бір ғылыми-философия – диалектикалық материализм революцияшыл жұмысшы табының, оның маркстік авангарды коммунистік партияларының дүниеге көзқарасы, бейбітшілік, демократия және социализм-коммунизм жолындағы күресінің жауынгер теориялық қаруы болып табылады. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру — қоғамдық өмірдегі материалдық, рухани құбылыстарды, олардың жалпы даму заңдылықтарын зерттеудің тиесілі, философиялық негізі болып табылады. Егер де Маркске дейінгі материалисттер мен әлеуметтанушылар табиғаттың даму заңдылықтарын қоғамға атүсті тели салған болса, Маркс пен Энгельс бұл әрекеттің дұрыс еместігін, қоғамдық дамудың өзіне ғана тән даму ерекшеліктері, даму заңдылықтары бар екендігін дәлелдеді. Өйткені қоғам мен табиғат бірлікте болғанымен, олардың сапалық айырмашылықтары да жоқ емес. Егер табиғаттың даму заңдылықтары соқыр қажеттілік арқылы өзіне жол ашатын болса, қоғамдық даму адамдардың саналы іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Социологиялық ілімді жаңа жоғары дәрежеге көтеру ісі қоғамдық сананың қоғамдық болмысқа қатынасы туралы негізгі мәселені материалистік диалектиканың тұрғысынан шешумен тығыз байланысты болды. Адамдардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді, деген-ді К.Маркс.

61. Көне Шығыс философиясы: Үнді және Қытай философиясы.

Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Ведалар 4 бөліктен тұрады:Самхиттер - кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;Брахмандар - діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.Аранъяктар - "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-әрекет жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта ("Ведалардың соңы") деп аталады. Upani-sad ("қасында отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау, "жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалог әңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі. Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары.Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді философиясының терминологиясы аударуға қиын, бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді.Үнді философиясының негізгі ұғымдарының мазмұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық. Карма - "іс-әрекет". Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.Нирвана -"жоғалу", "сөну", Күнделікті өмір - бітпейтін қүйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы.Сансара - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры - білместікте, сондықтан одан құтылу жолы - нирванаға ену.Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікедей туындайды. Көне Қытай-мемлекеті иерархиялық неспотия үстемдік Құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы вая, барлык билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан.2)Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам - қарапайым “микрокосм”, Табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді.3)Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды. Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: "И цзйн" - "Өзгерістер кітабы", "Ши цзин" - "Өлеңдер кітабы", "Шу цзин" - "Тарих кітабы". Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.

62. Ақын-жыраулар философиясы.

Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған.. Төрт ғасырға тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының заманға сай құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры», т.б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы). Ерлік философиясыМахамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропаағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды.
20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты.

63. Танымдағы ақиқат мәселесі.

Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе – дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әнгіменің қиындығы мынада:қайсыбір білімнің екі жағы бар.Біріншісі – адамның биологиялық табиғаты,яғни оның түйсіктері,жүйке мен ми ерекшеліктері,сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы,оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп,пайдалану тәсілдерімен байланысты.Екіншісі,танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ.Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз.Олай болса,біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді?Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды. Объективтік ақиқат деп адам,я болмаса адамзатқа тәуелсіз,яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз.Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны – объективтік ақиқат.Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз,ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады.Алайда дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді.Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе,бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі.Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді. Когеренттік ақиқатқа келер болсақ,ол – ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі.Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ,яғни олар бір-біріне когерентті болмаса,онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып,жаңа ізденістерге жол ашылады.Батыс философиясында прагматистік (pragma – іс, іс -әрекет ) ақиқат деген де ұғым бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып,жақсы,өзімізге пайдалы нәтижелерге жетсек,онда оны прагматистік ақиқатқа жатқызамыз», — дейді осы ағымның өкілдері.Ақиқат мәселесін талдай келе,оның әрқашанданақтылығын ұмыт қылмаған жөн.Дүниеде абстрактіліқ, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ.Бұл жөнінде Гегель былай әнгімелейді :адам өлтірген жас жігітті дарға асуға,алаңға, әкеле жатыр.Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып,неше түрлі қарғыс сөздер айтуда.Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу жігіт еді», — деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады,сен не шатып тұрсың », — десе,екіншілер: «қазіргі жастар бұзылған », — деген «терең» пікір айтады.Бұл,әрине ,мәселеге абстрактіліқтұрғыдан қарау деген сөз.Өйткені алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын,мүмкін ,оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талданып келе жатқан «ақиқат пен сенім » мәселесіне көшейік.Өз уақытында Ибн-Рошд : «Белгілі бір нәрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол – біреу,олай болса,ақыл-ой таразысынан өтуі қажет», — деген пікір айтқан болатын.Ф.Аквинскийге келер болсақ,ол,керісінше,сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары,өйткені ол – Құдайдың аяны деген пікір ұстады.Бүгінгі таңда бұл мәселе «ғылым мен мораль »мәселесіне айналды.Өйткені адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық құндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет.Басқаша жағдайда,ғылым өз мән-мағынасын жойып,адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке айналып кетуі мүмкін.

64. Ортағасыр христиан философиясы: ерекшеліктері мен ұстанымдары.

Орта ғасырлық Еуропада бір дін – христиандық (оның католиктік тармағы), бір шіркеу (рим епископы – пап басқарған), бір тіл (латын) үстемдік құрды.Орта ғасыр философиясының басты ерекшелігі – дінге арқа сүйеп, дінге тәуелді болғаны, діннің сойылын соққаны. Философияның мұндай кіріптар хәлін әдебиетте «философия – Құдай сөзінің қызметшісі» деген формуламен білдіреді.Орта ғасыр философиясының басты нысаны – Құдай болды: теоцентризм (грекше theos - Құдай деген сөзден шыққан). Құлиеленушілік қоғамнан кейін, оның орнына Еропа елдерінің барлығында жуық дерлік феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алуына байланысты орта ғасыр философиясын негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Б.д. ІІ ғ. бастап, алғашқы христиан ойшылдарының ілімдерін жинақтап, кейін апологетика деп аталып кеткен діни-философиялық бағыттар пайда бола бастады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тациан,Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс т.б. Олардың ойынша барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай –нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Апалогетиктер христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру керек деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері орта ғасыр философиясының келесі сатысы-патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.Патристика (лат.Pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (3-6ғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Майлондский, А.Блаженный. Мысалы , Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлеудеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол-аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оның осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін апологетика деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы» және т.б. Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европада ХІІ ғасырға дейін үстемдік етті. Орта ғасыр философиясының схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында 600-700жылдай уақытты қамтиды. Осы кезеңдегі философиялық ілім «схоластика» (лат. Scholostica — мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:1.Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғасырлар).Негізгі өкілдері: А.Кентерберийский, Пьер Абеляр. Бұлар ақыл –ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді, универсалийлерге (лат.Unuversalia-жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемділігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсілді қалыптастырды.2.Кемеліне жеткен схоластика(ХІІІ ғасыр). Аритотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан бөлініп (Әл – Фараби мен Ибн- Рушдтың «екі ұдайы ақиқат теориясы» негізінде), философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып, кең етек алған кезеңі болды. Негізгі өкілдері: Ф.Аквинский, Д.Скотт. 3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ –ХҮ ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды дамуының арқасында теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластиканың әлсіреген кезі болды. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан т.б.Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог – схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.) болды. Негізгі еңбегі: «Бар және жоқ».

65. Конфуций ілімінің тәрбиелік мәні.

Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды.Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім.Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді.Конфуцийды ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдық максимумдарға – биік мораль, дұрыс тәртіп, әтикет этолондарына негіздеді.

66. Догматизм, релятивизм, абсолютизм ұғымдарының анықтамасы.

Догматизм [ көне грекше: δόγμα - пікір, ой ] - тексерусіз, зертгеусіз соқыр сенімге ғана сүйенген, дәлелденбеген қағида негізінде теориялық және саяси мәселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтінабстрактілік ойлау әдісі.Релятивизм (лат. Relatіvus — салыстырмалы) — дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методологиялық қағида. 2)танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылыстардың сапалық тұрақсыздығын, олардың әр түрлі жағдайлар мен ситуациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді.Абсолютизм (лат. absolutus – сөзсіз, шексіз) — мемлекеттік басқарудың бір түрі. Абсолютизм кезінде жоғары өкімет билігі толық жеке-дара бір адамның қолына шоғырланады, билік заң шығарушы, атқарушы, сот билігіболып тармақталмай, бір қолда болады. Ресей мен Франция тарихындағы монархиялық басқару жүйесі — абсолютизмнің бір үлгісі іспетті. Абсолютизм монархиялық және мемлекеттік болуы мүмкін. Монархиялық абсолютизмнің тұжырымдамасының негізін салушылар — Р. Филмер мен Ф. Бэкон, ал мемлекеттік абсолютизм идеясын дамытушылар — Т. Гоббс пен Ж. Боден. Мемлекетті басқарудың бұл түрі орта ғасырда үстем болды.Монархиялық абсолютизм тұжырымдамасын Р.Филмер, Ф. Бэкон жасады; мемлекеттік абсолютизм идеясын Т.Гоббс, Ж.Боден ұсынды. «Ағартушы» абсолютизм мінсіз деп танылды. Абсолютизм (absolutism), саяси доктрина және орталықтандырылған шектеусіз басқару үлгісі, әсіресе монархиялық басқару үлгісіндегі жоғарғы биліктің шексіздігі. Мұндай билік құрылымының қағидаты бойынша билік ретімен немесе кез келген заңдық, заң шығарушылық, діни, экономикалық не сайлау органдары арқылы ауысатын объект емес. Абсолютизм түрлі тарихи кезеңдерде пайда болған, бірақ көбіне Жаңа Заман (16-18 ғғ.) дәуірінің бас кезінде Еуропада дамыған билік түрін осылай атайды; мысалы, XIV Людовик билігі осы билік түрі болып саналады. Монархтар шексіз билігіне сүйене отырып, Шіркеу билігіне де ие болған. Шіркеу мен мемлекет билігін бір қолға шоғырландырып, екеуін де басқарып отырған.

67. Ортағасыр мұсылман философиясындағы мутаккалимдер мен мутазалиттер.

Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады.Мутазалиттер (ерекше, айрықша) - ХІ ғасырдың бірінші жартысында гүлденген калам мектебінің өкілдері. Олар Алладан басқа ешкімді мойындамайды, ең құдіретті Алла. Сондай-ақ мутазализм-шийттердің идеялық ағымы болып табылады. Мутазалиттер Ислам философиясын дамытқанымен, кейбір мәселелерді материалистик тұрғыдан түсіндірді. Мысалы:1.Исламның дамуының жаратылуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазылуы, т.б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді;2.Құдай туралы антропоморфты түсінікті(Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді;3.Құдай мен Әлемді бір деп жариялады; 4.Адам ақылының күшіне сенді;5.Адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенді. Мутазилиттік кезең Хасан аль Басри(728ж дүние салған) мен оның шәкірттері әрекеттерінен басталады.Ежелгігрек философиясынның әдістері мен идеяларын философиялық зерттеуге қолдануды дәл осы мутазилиттер бастады. Сондықтан мұсылмандық философиядық философияның тарихы белгілі дәрежеде ислам теологиясынан бөлініп шыққан мутазилиттерден басталады деуге болады.1)Мутазилиттер Құранды догма ретінде қарастыруға қарсы шығып, оның оның аллегориялық тұрғыдағы түсіндірмелік сипатын жақтады.2)Құранның мәңгіліктігі тезисіне қарсы шығып, оның жаратылғандығы идеасын жақтады.3)Олар құдіретті жазу догматына қарсы шығып, адам еркінің бостандығы идеасын демек, адамның өз іс әрекетіне жауаптылығын қорғады. 4) Мутазилиттер дүниенің атомарлы құрылымы туралы түсінікті жақтады; атомдар – әрқайсысын әрдайым Алла басқарып отыратын бөлшектер деп түсінілді.Мутазилиттер жиі талдайтын мәселе қатарына Жаратушы мен алғашқы жаратылу, және Құдай атрибуттары туралы сұрақтар енді. Ортодоксалды каламның классикалық кезеңінің негізін қалаушы – өз әрекетін мутазилит ретінде бастаған әл-Ашади (873-935), Матуриди (941) және әл-Газали (1058-1111) болып табылады.Мутазализмнің атақты өкілдері ал-Алляф, ан- Наззам, ал-Джахисс.Мутакалимдер- Радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды.

68. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.

Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады. Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді. Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін. Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов).Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.

69. Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары.

Экзистенциализм — ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады. Менің өлуім шындық екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім – бұлардың барлығы да «шекаралық жағдайлар» (Ясперс). Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға», яғни қоғамдық қатынастарға тәуелді. Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды.

70. Диалектика заңдары,категориялары.

Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді. Диалектиканың негізгі категориялары:Мән мен құбылыс;Түр мен мағына;Себеп пен салдар;Мүмкіндік пен шындық;
Қажеттілік пен кездейсоқтық;Диалектиканың заңдары мен категориялары үнемі өзара тығыз байланыста болады. Олар басқа ғылымдардың ұғымдарымен салыстырғанда анағұрлым нақтылық жайлы ұғымдар. Мысалы, сан категориясы математикадағы сан, шама, жиын, құрылым, т.б. ұғымдарына қарағанда нақтылы жалпы ұғым. А. Эйнштейн ашқан салыстырмалық теориясында материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт оның категориялық құрылымын анықтайды. Ендеше, категориялар ғылыми теорияны құру мен дамытуда, жаңа нәтижелерді іздеуде үлкен методикалық рөл атқарады, демек, теория жасаудың диалектикалық – логикалық принциптері болып табылады.Логикалық категориялар нақтылы жалпы сипаттама, бірі екіншісіне диалектикалық тұрғыда өтіп, жылжымалы, қозғалмалы қайшылықта болып тұрады. Олар – дам процесінің жеке жақтарын бейнелейтін, негізгі емес заңдар. Диалектиканыңнегізгі және негізгі емес заңдары тығыз байланысты.Диалектиканың заңдары және категориялар жүйесі қоғамдық практиканың, мәдениеттің, ғылымның және техниканың өскелең талабына сәйкес үнемі жетілдіріліп, дамытылып, байтылып отырады. Қазіргі ғылыми – техникалық революция жетістіктеріне және тарихтың қазіргі кезеңінің бетбұрыстық сипатына байланысты диалектиканың теориясын жасау мен негіздеу, оның заңдары мен категориялары жүйесін одан әрі жетілдіру – күн тәртібіндегі мәселе.

71. Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері.

Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері:I) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.2) пиетизм – лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады.3) Философияның басты объектісі – адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисбергуниверситетініңдін факуль-тетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді. Әуелі (1755 ж.) дүниенің физикалық-астрономиялық теориясын ұсынды, оны кейін Лаплас қайталады. Сонымен бірге от, жердің өз өсін айналуы, жердің тозуы, жер сілкінісі туралы шығармаларын жазды. Ол 47 жасында философиядан диссертация қорғап, логика және метафизика профессоры атағын алды. Негізгі философиялық еңбектері осьщан кейін бірінен соң бірі дүниеге келе бастады. Ол философия пәнін оқытушы ретінде де танымал болды. Дауысының әлсіздігіне қарамастан оның лекцияларына адам көп жиналатын. Фи-лософиядан басқа математика, физика, құқық, этика, физикалық география, антропология, рациональдік дінтану курстарынан лекциялар оқыды. Бірақ Інжілді бұрмалады деген айып тағылып, соңғы пәннен лекция оқуға тиым салынды. Лекция оқу егде адамның ісі емес деп, жасы үлкейе келе лекция оқуды тоқтатты, бар назарын барлық ғылымдардың энциклопе-диясын қамтитын үлкен еңбек жазуға бұрды, бірақ ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуі себепті бұл еңбек үзінділер күйінде қалды. Канттың 80 жаска екі ай жетпей дүниеден өткен адамдық тұлғасы мен өмірі басқаларға, әсіресе қазіргі жастарға үлгі боларлықтай. Оның бойында ақыл аффектіден жогары, парыз нәпсі мен төменгі тілектерден жогары тұрды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Ол тіпті табиғатты да жеңді деуге болады, себебі табиғатынан аурушаң әлсіз денесін тынымсыз ой энергиясының тірегіне айналдырып, философияны зерттеу ісін бар өмірінің мақсаты деп түсінді және осы мақсатынан өмірінің соңына дейін айнымады.
72. Философияның пәні, мәселесі, қызметтері.

Философияның Дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, келесі сатыда оның пәнін анықтау керек. Жаратылыстану мен жеке гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылымдардың пайда болуы философия пәнінің керек болмай қалуы мүмкін деген ой тудырады.Француз философы О.Конт философия өз дамуында 3 сатыдан өтеді дейді. Олар-теологиялық,(theos-грек сөзі,-Құдай), метафизикалық (meta phisika-грек сөзі,-табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы құдіретті бастамалары жөніндегі ілім) және позитивистік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы ғылым және таным методтары (method-грек сөзі,-әдіс) жөніндегі пәнге айналмақ. Көне гректе бұл білімге философия деген атақ берілген. Сонымен қатар, философияның өз табиғатына тән сұрақтары пайда бола бастайды. Олар- Дүниенің негізінде не жатыр? Адам-ол кім? Ақиқат, ізгілік,әсемдік дегенімз не? т.с.с сұрақтар.Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия, практикалық және көркемөнерлік. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр сырын атап өту керек.Оған мына сұрақтарды жатқызуға болады: Дүниенің негізінде не жатыр? Ол мәңгілік, я уақытша ма? Адамзат не үшін жаратылды? т.с.с. Философия пәнінің екінші мәселесі- гносеологиялық жақтары. Оған мына сұрақтарды жатқызады: Біз кімбіз және дүниеде алатын орнымыз қандай?Ақиқат,шындық дегеніміз не? т.с.с. Философияның ажырамас мәселелерінің бірі- ол аксиологиялық, яғни, құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау.Осы тұрғыда философияда мына сұрақтар бар: шындық,әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Құндылықтар қандай орын алады? т.с.с. Философия пәнінің келесі жағы- ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері. Философияның праксеологиялық мәселесіне бүкіл адамзат тарихындағы материялық және рухани өндірістегі жетістіктері мен тәжірибесі, соларға жеткізген сан-алуан адамдардың табиғатпен және өз-өздерімен байланыстары мен іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Адам ғарышта жалғыз ба, я болмаса басқа рухани пенделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің антропологиялық жағын көрсетеді.Философияның негізгі мәселесі осы пәннің терең табиғатынан шығады. ХІХ ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капиталистік қоғамның әлеуметтік саяси қайшылықтарының өршуі маркстік материализмнің дүниеге келуіне әкеліп соқты.Маркс пен Энгельс дүниеге деген материалистік көзқарасты қрғам өміріне дейін көтеріп біртұтастық материалистік ілімнің негізін қалады. Философиян





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.