ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Онтология, болмыс формалары. Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология – болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Болмыс материя философияның түбегейлі категориялары болып табылады, өзінің негізінде жалпы реалдылықты, табиғат пен адамның, материалдық әлем мен адамзат рухының біртұтас негізін бейнелейді. Болмыстың өзі әртүрлі формаларға ие:1)Заттардың, табиғат күйі процестерінің болмысы;2!Адам болмысы;3)Руханилық болмысы;4)Әлеуметтік болмысы;Заттар, денелер болмысы. Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды. Адам болмысы. Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді. Рухани болмыс. Рухани болмыс сана мен санасыздық прроцестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. Әлеуметтік болмыс. Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз. 13. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері. Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады. Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді. Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін. Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады. 14. Диалектика және метафизика. Ғылымда универсалдық методология қағидаларының болуы Дүниенің біртұтастығымен байланысты. Өлі, тірі табиғат, қоғам өмірі, ойлау үрдістері- бәрі де белгілі бір ең жалпы даму заңдылықтарына бағынады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сонау көне заманнан бастап Дүниетану саласында екі бір-біріне қарсы тұрған көзқарас пайда болды. Олар- диалектика және метафизика. Көне заманда ситихиялық диалектиканың негіздері Шығыс пен Батыста қалыптаса бастады. Жаңа дәуірде неміс философиясының ұлы өкілі Гегель адамзат рухани өрлеу тарихын ұқыпты зерттеп диалектикалық ойлау методологиясын жасады. ХІХ ғ марксизмде Гегельдің идеялары әрі қарай дамытылып, тек ой өрісі ғана емес, бүкіл дүниедегі барлық даму үрдістері диалектикалық заңдар мен категориялардың негізінде жүретіні, олай болса, таным мен қисынның өздері де соған сәйкес келетіні жөнінде терең ойлар айтылды. Бүкіл ХХ ғ жаратылыстану мен әлеуметтану нәтижелері- диалектикалық методологияның салтанатты өрлеуі болды. Ең алдымен диалектикалық идеялар қоғамтану пәндеріне, содан кейін биология саласына, ХХ ғ физик, астрофизика, химия, геология т.с.с ғылымдарға кірді. Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыста болғаннан кейін, диалектикалық методологияның зерттеуші алдына қоятын келесі талабы-заттың неше түрлі байланыстарын жан-жақты зерттеу. Дүниеге келген әрбір зат үне бойы бір орнында тұрып қалмайды. Ол өзгеріске ұшырап, неше түрлі сатылардан өтеді, ақырында-өмірден озады. Сондықтан диалектиканың негізгі талаптарының бірі- зерттелетін объектіге тарихтық тұрғыдан қарау. Диалектиканың әрбір категориясының методологиялық мәні бар,өйткені, олар Дүниенің сан-қилы жақтарның ең жалпы, мәнді байланыстарын бейнелейді. Ал дүние қайшылықты жаратылғаннан кейін диалектикалық категориялар пар-парымен бірге, сонымен қатар, қайшылықты болып келеді.Сондықтан, қайсыбір сандық өзгерістер ертелі-кеш заттың өлшемін бұзып жаңа сапаның пайда болуына, себеп-салдарға, шындық жаңа мүмкіндіктің пайда болуына әкеледі. Диалектикаға қарсы келетін метафизикалық методологияны талдау үшін, ең алдымен осы ұғымның мағынасын ашу керек. Аристотельдің “Бірінші физика” атты еңбегін Андроник Родосский “Метафизика” (физиканың ар жағында деген мағына береді) деген атпен жарыққа шығарды. Сол уақыттан бастап осы күнге дкйін бұл категорияның негізгі мағынасы- болмыс ілімі, табиғаттың ар жағында жатқан терең философиялық мәселелерді талдау. Қозғалыс дамудың қайнар көзін метафизика сыртқы ықпал, себептен көреді. Осы тұрғыдан алғанда, мысалы, тұлғаның білім алуы оған білім беретін мұғалімдердің сапасына байланысты. Бірақ, сол адамның білімге деген құштарлығы, білгенімен білмейтіні арасындағы қайшылық онфң жүрегінде от болып жанбаса, ол қандай керемет оқытушы, академиктер сабақ берсе де терең білім ала алмайды. Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. Бұл ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады.Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне ікеледі, деген терең пайымдауды мысалға келтіреді. Табиғатта біз байқай алмайтын жаңалықтар үнемі болып жатады да, мыңдаған жылдардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Егерде біз мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын байқаған болар едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануарлар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы- жер астында қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі үне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық бір шеңбердегі қайталаудың жалғандығын байқауға болады. 15. ХІІІ ғ француз материалистерінің көзқарастары. ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың "ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді. Француз материалистері материалистік таным теориясын дамытуда бір қадам ілгері жасады, бірақ олардың ұсынған тұжырымы метафизикалық сипатта болды. Олар негізгі ұғымдарды метафизикалық тұрғыдан түсіндірді. Материалистер-философтардың табиғатқа көзқарастары дүниені жаратқан құдайдың жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік берді. Француз материалистері дінге және католиктік шіркеуге қарсы белсенді күресті. Бірақ олар діннің таптық тамырларын және мәнін түсінбеді, олар негізінен адамдардың надандығынан туындайды, осы зұлымдықты жою ағарту ісін және ғылыми білімді тарату арқылы жоюға болады деп есептеді. "ХҮІІІ ғасырдағы ұлы ойшылдары” және олардан бұрынғылар да қоғам дамуында идеалистік көзқарасты ұстанды ХҮІІІ ғ.барлық ағартушылар сияқты олардың айтуынша, "дүниені көзқарас билейді” деген болатынды, демек, көзқарасты өзгерту өзінен кейін дүниені өзгертеді, дүние ағарту ісін тарату және заңдылықты жақсарту арқылы өзгерді, әлеуметтік революция жолымен емес. 16. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктер ол өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механикатұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл — ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы — Френсис Бэкон (1561—1626 жж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида», т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материядан қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтындықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық, жалған эксперимент екендерін тусінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір-бірімен байланыста болмайды. 17. Орыс философиясының ұстанымдары. Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: біріншіден, орыс мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу кеңістігінде орын тепкен. Екіншіден, орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін қалыптасқан, ал XIX ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете бастаған. Үшіншіден, Ресей әруақытта көп ұлтты, көп мәдениетті құрылым, бірақ оларды біріктіретін, бір – біріне етене жақын ететін негіз де болған.Төртіншіден, өзінің дамуында ұзақ уақыт артта қалушылық пен қуып жетушілікті басынан кешіргендіктен, Ресей бөтен идеялар мен үрдісті тез қабылдауға ғана емес, оны өз жағдайына лайықтап өзгертуге, дамытуға мүмкіндік беретін сирек қабілеттілікке ие болды.Бесіншіден, орыс қоғамына әруақытта үлкен қиыншылық қақтығыс, кенеттен жарылыс жағдайы тән. Мұның бастапқы себептері - өкімет билігінің жоғары болуы, дін мен партия идеологиясының диктаты, тұрақты, епетейсіз мемлекеттік машинаның үстемдігі. Сондықтан еркіндіктің дамуы үшін маңызды сала – рухани сала болды. XIX ғасырдың ортасында Ресейде ортодоксалді – монархиялық діни философия дамыды. Оның негізгі мақсаты – сол кездегі қоғамдық саяси және адамгершілік ахуалды сақтап қалу және оған қарсы топтарды сынау. Идеялық кредосы – православие, патша өкіметі және халықтық. Осы құндылықтарды дәріптеу және негіздеу – Н.Ф. Федоров және К.Н.Леонтьевтің бастапқы ұстанымы болған.Федоровтың пікірінше, әлем біртұтас. Табиғат, Құдай, Адам бір – бірімен ерік және ақылдың күшімен өзара байланысқан біртұтастық. Олар бір – біріне әсер етеді, энергия алмасады. Н.Федоров өзінің ілімін өз өмірінен бөліп қарамайды, өте жұпыны қарапайым өмір сүрді, кез келген меншікті күнә деп есептегендіктен идеялары мен кітаптарын да жарияламаған.Н.Федоров қайтыс болғаннан кейін оның шәкірттері еңбектерінің таңдамалы бөліктерін «Жалпы іс философиясы» деген айдармен басып шығарған. Орыстың атақты жазушылары Ф.М.Достоевский мен Л.Н.Толстой діни философияны дамытты.Ф.М.Достоевский (1821-1881) Ресейдің болашағын капитализм және социализммен байланыстырған жоқ, Ресей өзінің дамуында ұлттық негізге, яғни дәстүр мен салтқа сүйенуі қажет. Адамның да, мемлекеттің де тағдырында дін ерекше роль атқарады. Адамның рухани дамуы дінге негізделген. Ф.М.Достоевский адам өмірінің екі вариантын ұсынған. Біріншісі – адам абсолютті еркіндікте, ешқандай беделді, тіпті Құдайды да мойындамайды. Өзінің ойына не келсе, соны істеп, өзін Құдайдай сезінеді. Ойшылдың пікірінше, бұл өте қауіпті жол. Ол адамның өзіне де, айналасындағыларға қатер төндіреді.Екіншісі – барлық іс - әрекетінде, бастауларында, Құдайға сену, оған сүйену. Бұл адамға қажетті жол, дұрыс жол, оны қорғайтын жол. Толстойшылдықтың мәнісі мынада:көптеген діни догматтар сынға ұшырап, жойылуы қажет;дін қарапайым, әлі әркімге түсінікті болуы керек;құдай, дін – бұл игілік, махаббат, ақыл және ұждан;өмірдің мәні - өзін өзі жетілдіру;жер бетіндегі негізгі зұлымдық - өлім және күш қолдану;кез келген мәселені шешудің негізгі құралы ретінде күш қолдануда бас тарту;адамның тәртібінің негізі – зұлымдыққа қарсы болмау;мемлекет – күш қолдану аппараты, оны құрту қажет;Өзінің осындай философиялық – діни көзқарастары үшін Л.Н.Толстой анафемаға, яғни шіркеуден аластатуға ұшыраған. Орыс философиясының революциялық демократизм бағытының негізгі өкілдері Н.Г.Чернышевский, халықшылдар – Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин, П.Л.Лавров, Л.И.Ткачев, анархист П.Кропоткин, марксист Г.В.Плеханов.Бұлардың бәрінің ортақ сипаты - көзқарастарының әлеуметтік – саяси бағыты.Осы ойшылдардың бәрі сол уақытта қоғамдық – саяси тәртіпке қарсы болды, бірақ Ресейдің болашағы туралы әр түрлі ұстанымдар ұсынды.Н.Г. Чернышевский аграрлы Ресейге қайта оралуды ұсынды, яғни жеке еркіндік пен қауымдық өмірді дамыту, қажет деп есептеді. 18. “Менің білетінім, ештеңе білмейтінім” афоризмінің мағынасы. Бір білетінім – өзімнің ештеңе білмейтінім, – дейді Сократ. – Ал мына жұрт бірдеңе білетін сияқты болып жүреді, анығында еш нәрсе білмейді.Сонда өзімнің білмейтіндігімді білетіндіктен мен басқалардан көбірек білетін болып шықтым деген екен. Мен бәрін білемін деген бекер. Өйткені бәрін білемін деген адамның өзінің білмейтіні болады. Дүниенің талай құпиясын ашып, тарихтың талай тағылымын зерттеген ғалымның өзі де кейде қарапайым нәрсені білмеуі мүмкін. Сондықтан мен білемін айтуға болады, бірақ білмейтініміздің көп екенін мойындауымыз керек. Өйткені өмірдің біз білетін де, білмейтін де құпиясы көп. Менің білгенімді ол білмеуі мүмкін немесе оның білетінін мен білмеуім мүмкін. Менің білетінім, ештеңе білмейтінім деген сөздің мағынасы меніңше білемңн деп аз ғана білгеніңмен тоқтап қалмай, білмейтініңді білетіндерден сұрап, үнемі ізденісте жүруге шақыратын сөз болса керек. 19. Н.Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары. Жаңа дәуірдегі алғашқы теоретиктердің бірі итальяндық НИККОЛО МАККИАВЕЛЛИ (1469 - 1527) болды.Маккиавелли мемлекетті үкімет пен азаматтары арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егер де үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егер де қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды.Маккиавелли назарының өзегінде - үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білунің шынайы қабілеттері.Маккиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жеке меншіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Маккиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Маккиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептегенінде.Маккиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа шығаруға тырысты. Бұқара халық әміршілерден гөрі тұрақтырақ, адалырақ, дана және пайымдағыш. Егер де жеке билеуші әмірші заңды жақсы құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа мекемелерді құратын болса, халық сол құрылған құрылысты артық сақтайды. Халық жалпы мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің халықтан айырмашылығы бар, оны Маккиавелли мемлекеттің болмай қоймайтын және қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан мемлекеттік қайраткерлер, лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады.Маккиавелли саясаттың маңызды құралы деп дінді санады. Маккиавелли дін - адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы деп тұжырымдады. Нақ осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан заң шығарушылардың барлығы құдайдың әміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс. Маккиавелли католик шіркеуі мен діндарлардың елді бытыратып ұстағандарын бетіне басты. Маккиавелли дінді адамдарды басқару құралдарының бірі ретінде қарастыра отырып, оның отанды даңққа бөлеу мен қорғауға қызмет ететіндей түрленуіне болады деп есептеді. Мемлекет қызметін ол жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін мораль нормаларына сәйкес келмейтін айрықша ережелер орын алатын адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтар мен үкіметтердің мүдделерін, сезімдерін, көңіл-күйлерін айқындайтын сала ретінде зерттеді. Жалпы мемлекет негізін қалаушылардың, жаулап алушылардың, тақты тартып алушылардың, заң шығарушылардың, саяси қайраткерлердің істеген істері мораль тұрғысынан емес, олардың нәтижелері бойынша, олардың мемлекет игілігіне қатынасы бойынша бағалануға тиіс.Маккиавелли шығармалары әлеуметтік ойлардың кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті. Онда буржуазияның басты бағдарламалық талаптары тұжырымдалып, негізделген: жеке меншіктің бұлжымастығы, жеке бас пен мүліктің қауіпсіздігі, “бостандық игілігін” қамтамасыз етудің ең жақсы құралы ретіндегі республика, феодалдық дворяндықты кінәлау, дінді саясатқа бағындыру және бірқатар басқа талаптар. Буржуазияның неғұрлым көреген идеологтары Маккиавеллидің әдістемесін, әсіресе саясатты діннен арылтуын, мемлекет пен құқықты жаңаша тиімді түсіндіруін, олардың адамдардың мүдделерімен байланыстарын анықтауға тырысуын жоғары бағалады. Маккиавеллидің аталған қағидаларын кейінгі теоретиктер (Спиноза, Руссо және басқалар) қабылдап, дамытты. 20. Антикалық философияның классикалық кезеңі. Б.з.д. IV Антикалық қоғамда бүкіл мәдениет, соның ішінде философия да өзінің биік сатысына көтерілді.Сол антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы ойшылдар- Платон мен Аристотель болды. Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті. Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп аталады.Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ. 21. Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау. Креационизм - жер, сонымен бiрге әлем ғаламшар (өмiр ) тiрi табиғаттың негiзгi формаларына сәйкес теологиялық және дүние тану тұжырымдама адам баласы негiзiнен, жаратушымен немесе құдай тiкелей жасалған болып сияқты қаралады.Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән).Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау. 22. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары. 1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бүл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік қүрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван барлық билік соның қолында. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде -ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. 2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. 3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік үғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бүл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді.Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі.Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы — ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», — деуінің өзі осыған айғақ.Сюнь-цзы (б.д.д. 313 ж. — белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойыңдаса да, тағдырды Аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, Аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан горі керекті заттарды көбейтіп, Аспанның өзін бағындырған дұрыс. Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бүл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цин»). Даоцизм ілімі «дао» үғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе және ол Қытайдың дамуы-мен әдептілікті жетілдірудегі негізгі үғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық үғым. «Дао» — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Да-оның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «Дао — барлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түп атасы», «Даоны аспан аясыңдағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады. 23.Әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарастары. Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870—950 жж.) еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, әсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi.Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөлiп қарамайды. Қоғамның өзi адамның ағзасы сияқты «Қайырымды қала» дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-Фараби «адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды» олар адамдардың бiр-бiрiне деген үстемдiк құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйедi.«Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Халықтың аз қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк қолдау туралы бұдан мың жылдан астам бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы басты мiндеттердiң бiрiнен саналады. Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, әл-Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады» . Әл-Фараби мұндай қоғамды тумысынан табиғат берген он екi қасиетi бар ақылды, бiлiмдi, сабырлы, рухани билiктi iзгiлiктi билiкпен ұштастыратын, адам қасиеттерiн бағалауға қабiлеттi адам басқаруы керек дейдi.Бүкiл араб саяси философиясында саясатқа көзқарас оның адамгершiлiк мазмұнымен сипатталады. Осы жағынан алып қарағанда саясат «саяси адамгершiлiк философиясы» ретiнде көрiнедi. Сондықтан әл-Фараби саясаттың басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткiзу, игiлiкпен жеткiзу деп санайды. 24. Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы. Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).Перипатетизм (грек. perіpateo — серуендеу) — Аристотель философиясының ізбасарлары. Аристотель өзінің тыңдаушыларымен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды Перипатеттер мектебі деп атаған. Перипатетизм бағытын бірнеше кезеңге бөлуге болады.Бірінші кезең (б.з.б. 4 — 1 ғасырлар) мектептің жетекшісі Теофрасттан кейін Перипатеттер мектебінің жетекшілері Стратон, Ликон, Аристон Кеосский, Критолай, т.б. болды. Бұл кезеңдегі Перипатеттер мектебінде Аристотель ілімін теор. философия жағынан дамытудан гөрі жеке ғылым салаларымен (философия, т.б.) көбірек шұғылдану басым болды. Мысалы, Теофраст логика саласынан жаңалықтар ашып, ботаникадан еңбектер қалдырды. Аристоксен музыка теориясымен шұғылданды, т.б.Екінші кезеңде (б.з.б. 1 ғ.) Андроник Родосский,Сидонский, Ксенарх, т.б. Аристотель шығармаларын қайта басып шығарып, оларға түсініктер берумен шұғылданды.Үшінші кезеңде (1 — 2 ғасырлар) платоншылдар, пифагоршылдар және стоиктер мектебінде аристотельшілдіктің ізін қалдырып, жаңа платоншылдықтың қалыптасуына ықпал етті. Шығыс философиясындағы перипатетизмнің негізін қалаушы Әбу Наср әл-Фараби саналады.Ол Аристотель мен Платонның еңбектеріне сүйеніп, олардың іліміне түсінік бере отырып, өзінің филос. ілімін қалыптастырған. Батыс ойшылдары әл-Фараби, сондай-ақ ибн Сина, ибн Рушд, т.б. шығыс перипатетиктерінің түсіндірмелері арқылы ежелгі грек философтарының еңбектерімен танысып, оларды игере бастады.Номинализм (латынша nomen - ат, атау) - жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас. 25. Гегельдің абсолюттік идеализмі. Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют — құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. Абсолюттік идея – нағыз шындық, болмыс және барлық материалдың денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі — әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол — таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасыңда ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза акыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр турлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму ироцесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі – антитезис, ал куйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі — абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.Дамудың белгілі сатысына жеткенде, өзін-өзі заттандырған абсолюттік идея ұйқыдан оянып, табиғаттағы өзін философия, ғылымдар арқылы танып білуге бел байлайды. Бұл поцесс абсолюттік идеяның мақсаттылыққа құштарлығын көрсетеді. Өйткені, абсолюттік идеяның, әуел бастан-ақ негізгі мақсаты – ақиқатқа жету, ал ақиқаттың өзі – абсолюттік идеяның өзі болғандықтан, бұл мақсатын жалпы дүние жүзілік тарихтың даму процесіндегі адамдардың іс-әрекеті негізінде жүзеге асырады. 26. Ортағасыр христиан философиясының ерекшеліктері, бағыттары. Ортағасыр христиан философиясының негізгі 3 ерекшеліктері: 1) адам,әлем, құдай туралы философиялық ілім мен діни қолжазбалардағы дүниетаным араласады(дін үстемдік етеді).2) теология бірінші орынға шықты. 3) философия діни ілімнің ықпалында болды.Орта ғасыр христиан философиясының басты ерекшелігі – дінге арқа сүйеп, дінге тәуелді болғаны, діннің сойылын соққаны. Философияның мұндай кіріптар хәлін әдебиетте «философия – Құдай сөзінің қызметшісі» деген формуламен білдіреді.Орта ғасыр философиясының басты нысаны – Құдай болды: теоцентризм (грекше theos - Құдай деген сөзден шыққан).Құлиеленушілік қоғамнан кейін, оның орнына Еропа елдерінің барлығында жуық дерлік феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алуына байланысты орта ғасыр философиясын негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Б.д. ІІ ғ. бастап, алғашқы христиан ойшылдарының ілімдерін жинақтап, кейін апологетика деп аталып кеткен діни-философиялық бағыттар пайда бола бастады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тациан,Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс т.б. Олардың ойынша барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай –нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Апалогетиктер христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру керек деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері орта ғасыр философиясының келесі сатысы-патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.Патристика (лат.Pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (3-6ғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Майлондский, А.Блаженный. Мысалы , Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлеудеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол-аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оның осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін апологетика деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Орта ғасыр философиясының схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында 600-700жылдай уақытты қамтиды. Осы кезеңдегі философиялық ілім «схоластика» (лат. Scholostica — мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:1.Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғасырлар).Негізгі өкілдері: А.Кентерберийский, Пьер Абеляр. 2.Кемеліне жеткен схоластика(ХІІІ ғасыр). Аритотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан бөлініп, философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып, кең етек алған кезеңі болды. Негізгі өкілдері: Ф.Аквинский, Д.Скотт. 3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ –ХҮ ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды дамуының арқасында теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластиканың әлсіреген кезі болды. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан т.б.Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог – схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.) болды. Негізгі еңбегі: «Бар және жоқ». 27. “Бір өзенге екі рет түсуге болмайды” афоризмінің анықтамасы. Адам дүниеге бір-ақ рет келеді. Сондықтан да адам баласы өмірге келген соң, оны барынша маңызды, мәнді сүруге тырысады. Өмір-өзен дейтін болсақ, адамның өмірі өзеннің ағысы тәрізді бір жерде тұрмайды. Ағысты кері қайтара алмайсың. Дүниеге адам ешуақытта екінші келе алмайды. Сол сияқты мысалы бүгін той жасап, дәл сол тойды аяқталған соң қайта жасауға болмайды. Оған кім келеді, оның қандай қызығы болады? Сол сияқты бүгін түске істеген асыңды, сол күні кешке тағы істеп көр. Ол асқа кімнің тәбеті болады? Сондай-ақ қазір айтқан әңгімеңді сол адамға қайта айтуға болмайды, айтқан күннің өзінде оны тыңдағысы да келмейді. Марксизм философиясы. Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі.Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды. 29. Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары. Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:1) ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін- бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.2) көп ұлттылық - араб, парсы, түркі жəне т.б. ұлт философтары.3) негізгі философиялық тіл - араб тілі. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.4) Басты мəселелер - адам жəне оның тағдыры, адам жəне Құдай, адам жəне қоғам, онтология мəселелері.Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары. Калам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология. Спекуляция - тəжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Каламның беделді мектептерінің бірі - мутазилизмде - (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мəселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мəселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.Суфизм - “алладан басқа құдай жоқ” қағидасын “алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ” қағидасымен алмастырды. Суфизм - ислам дінінің рухы, мəні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.Шиизм (ар. «шиа» - топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Сунниттер. Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік исламды ұстағандар. Сунниттердің толық атауы – (Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі исламның маңызды принциптерін танытады. Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттік бес үлкен секталар бар. Олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады. Шииттер саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады. Олар Али әулиетінен шыққан 12 имамды мойындайды. ІХ ғ. соңында байыпты бағыт ұстан |