ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ПРАКТИКА КАФЕДРАСЫ «БЕКІТЕМІН» Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы м.ғ.к.,доцент Б.К. Жунисов _________________ «_______» ____________ 20_____ ж. 051301 – «Жалпы медицина» 5+2 мамандығы «Жалпы дәрігерлік практика» интернатурасы 6 курс «ІШКІ АУРУЛАР (ЖДП)» пәнінен емтиханның ІІ кезеңіне (тәжірибелік дағдылардың игерілуін тексеру) арналған ОҚКЕ бекеттерінің БАҒДАРЛАМАСЫ ШЫМКЕНТ-20___ ж. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы 26 қазандағы №734 бұйрығымен бекітілген «Жалпы дәрігерлік практика» интернатурасының үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды. «Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының мәжілісінде талқыланған. "____" _____________ 20__ ж. №____ хаттамасы Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. __________ А.А.Сариева Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ШМИ-ның Оқыту және бағалау Комитетінің мәжілісінде қаралған. "____" _____________ 20__ ж. №____ хаттамасы Комитет төрайымы, м.ғ.д., профессор м.а. ___________ А.Ш.Садыкова Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ШМИ-ның Білім беру бағдарламалары Комитетінің мәжілісінде мақұлданған. "____" _____________ 20__ ж. №____ хаттамасы Комитет төрайымы, м.ғ.к., доцент __________________ П.Е.Калменова Түсіндірме жазба 051301-Жалпы медицина 5+2 мамандығы «Жалпы дәрігерлік практика» интернатурасына арналған «Жалпы дәрігерлік практика» үлгілі оқу бағдарламасына (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы 26 қазандағы № 734 бұйрығымен бекітілген), оқу бағдарламасына сәйкес «Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП)» пәнінен емтиханның ІІ кезеңін – тәжірибелік дағдылардың игерілуін тексеру кезеңін қабылдау ОҚКЕ әдісі арқылы іске асырылады. Тәжірибелік дағдылардың игерілуін тексеру мен тестілеу кезеңдері бойынша нәтижелерінің арифметикалық орта мәні шығарылады. Мақсаты:Біріншілік медициналық – санитарлық көмек көрсету жүйесінде табысты жұмыс жүргізу үшін қажетті білімді иеленген, практикалық және коммуникативті дағдыларды меңгерген жалпы практика (отбасылық дәрігер) дәрігер маманды дайындау. Міндеттері: 1. БМСК жүйесінде дәлелді медицина ұстанымдарына негізделген негізгі медициналық емдеу – диагностикалық, алдын алу және реабилитациялық іс – шараларды жүргізу дағдыларын нығайту және мониторинг жасауды үйрету; 2. Интерннің биоэтика принциптерін және емделушінің құқығын сақтай отырып, емделушімен, олардың туған – туысқандарымен, әріптестерімен жұмыс барысында коммуникативті дағдыларды жетілдіру; 3. Кәсіби қызметтің барлық уақытында өзіндік білімдер мен дағдыларын жетілдіру және үздіксіз кәсіби білім алуға қажеттілікті баулу, ғылыми – зерттеу жұмысына дағдыларды дамытуын жалғастыру; 4. Жедел медициналық көмек жүйесінде амбулаторлық-емханалық жағдайда ересектер мен балалардың кең таралған ауруларын рациональді диагностикалау, емдеу, профилактика әдістерімен принциптерін игерту; 5. Медициналық психология және деонтология, интерндерді коммуникативті дағдылырды істей алуға оқыту; 6. Интерндерді біріншілік дәрігерлік көмек көлемінде ауруханаға дейінгі кезеңде кең таралған шұғыл жағдайлар кезінде жедел медициналық көмекті көрсету бойынша тәжірибелік дағдыларды білуге, істей алуға үйрету; 7. Интерндерді біріншілік дәрігерлік көмек көрсету барысында манипуляцияларды жургізу үшін тәжірибелік дағдыларды оқыту және істей алуға үйрету; 8. Интерндерді тұрғындарды тәрбиелеу бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, сауығу шараларын және скринингтерді өткізу арқылы ересек және жас балаларды динамикалық бақылауға үйрету; 9. Интерндерді жалпы тәжірибелік дәрігердің ағынды медициналық және есеп беру құжаттарын жүргізуді оқыту; 10. Интерндерді үздіксіз оқуды, жаңа, заманауи технологиялар негізінде бүкіл шығармашылық өміріне өзін прфессиональді жетілдіру қажеттілігіне баулу. Алға қойылған санат талаптарын толық қанағаттандыру үшін білуі тиіс: · ішкі мүшелердің қалыпты және патологиялық анатомиясын, физиологиясын; · ішкі мүшелерде жиі кездесетін ауруларының этиологиясын, патогенезін, негізгі симптомдары мен синдромдарын, асқынуларын; · ішкі мүшелер ауруларында колданылатын дәрмектердің көрсетпелерін, қарсы көрсетпелерін, жағымсыз әсерлерін; · ішкі мүшелер аурулары бар науқастарды зерттеу және емдеу стандарттары мен протоколдарын; · ЭКГ, журекті рентгенологиялық зерттеу, АҚ және ЭКГ тәуліктік мониторлау; · асқорыту жүйесі мүшелерін эндоскопиялық, рентгенологиялық зерттеуге көрсетпелер мен қарсы көрсетпелерін; · бүйректің рентгенографиясы, компьютерлік томографиясы, пункциялық биопсиясына көрсетпелер мен қарсы көрсетпелерді; · буындардың рентгенографиясын, компьютерлік, магнитті-резонансты томографиясын, пункциясын және синовиалдық қабықтың биопсиясын жасау көрсетпелері; · жаңа туылған нәрестелерді біріншілік қарау және қорытындыны рәсімдеу; · жаңа туылған әйелдерді үйінде қарау; · 1 жасқа дейінгі балалардың дамуын бақылау; · қызмет көрсету аймағындағы контингентіне тіркелген аурушаңдықты талдау; · БМСК жұмысын жоспарлауда кәсіптік жоспарды құру; · салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі нәтижелі санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру принциптерін. Сонымен қатар жасай білуі тиіс: • бронходилятациялық сынамаларды жүргізу тәсілін; • дозаланған аэрозольдік ингаляторларды, спейсерлерді, небулайзерлерді қолдану ережелерін; • бронхтық астма және ӨСОА ұзақ мерзімді мониторлау тәсілін; • электрокардиографиялық зерттеу тәсілін; • перифериялық веналар пункциясын; • артериалық қысымды Коротков бойынша өлшеуді; • эхокардиографиялық зерттеу тәсілін; • жүректің рентгенографиясын; • асқазанды жууды; • дуоденальді зондылауды; • іш қуысы мүшелерінің рентгенологиялық зерттеу және компьютерлік томография жасау тәсілдерін; • бүйрек пальпациясын; • қуықтың катетеризациясын; • буындардың рентгенологиялық зерттеуін; • глюкометрлер көмегімен гликемияны анықтауды; • ересектер мен балалар арасында туберкулезді ерте диагностикалау; • туберкулезбен ауырған науқастрды замани диспансеризациялау; • туберкулезбен ауырған науқастарды ДОТС стратегиясымен ОДА жағдайында тағайындау; Интерннің міндеттері: · Науқастың жағдайына, оның жеке басының сипатына, түсінікпен сыйластықпен қарау; · Науқастың қажеттілігін өз қажеттілігінен жоғары қою, оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, нәсілі мен дініне қарамй барлығына бірдей медициналық көмек беру. ОҚКЕ бекеттерінің ТІЗІМІ № | Бекет атауы | Макс. балл | Тапсырманы орындау уақыты | Емтихан қабылдаушы | | I – ВАРИАНТ | IІ – ВАРИАНТ | | | | | Жіті коронарлық синдром кезіндегі ауырсыну сезімін басу | Бронхообструкция синдромын басу (небулайзерді қолдану | | | Казбекова К.С. | | Бронхообструкция синдромын басу (небулайзерді қолдану) | ЭКГ түсіру | | | Жолдыбаев Ө | | Гипертониялық криз, асқынбаған. Дәрігерлік көмек көрсету алгоритмі | ЭКГ талдау | | | Сартаева К.А | | Қант диабеті бар нау-қастарда глюкометр көмегімен қандағы глюкозаны анықтау және гипогликемия-лық синдромда көрсе-тілетін жедел көмек | Қант диабеті бар нау-қастарда глюкометр көмегімен қандағы глюкозаны анықтау және гипогликемия-лық синдромда көрсе-тілетін жедел көмек | | | Сариева А.А. | Максимальды ұпайы – 100 балл. Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 32 мин. ОҚКЕ бекеттерінің СЫЗБАСЫ І - ВАРИАНТ ОҚКЕ бекеттерінің СЫЗБАСЫ ІІ - ВАРИАНТ І - ВАРИАНТ № 1 БЕКЕТ |