МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

A) Статика.B) Динамика.C) Тарих.D) Тіл.E) Дивергенция.





Филология факультеті

«Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасы

Силлабус

Жалпы тіл білімі оқу пәні (3 кредит )

Қазақ филологиясы мамандық

Курс

Оқытушы ______Исакова С.С.___

2014-2015 оқу жылы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Силлабус

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс тел, email
Сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша    
Қ.Жұбанов атындағы АМУ, бас ғимарат 506 ауд 506 ауд. 12.40-13.30 13.40-14.40 Исакова С.С. sabira-i@yandex.ru

Пән Жалпы тіл білімі (3 кредит )

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:

Жалпы тіл білімі пәні әлемдік тілдердің әмбебап, барлығына ортақ мәселелерін зерттеуге бағытталады, соның негізінде жалпы тілдік теорияларды қалыптастырады, ол туралы нақты білім береді. Бұл курста тіл білімінің тарихы, ғылым ретінде қалыптасуы, оған негіз болған лингвистикалық мектептер мен ілімдер, тіл теориясының негізгі мәселелері ғылыми тұрғыдан қарастырылады.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:

Курстың мақсаты - филолог-студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, сонымен қатар әр түрлі лингвистикалық мектептер мен бағыттарды меңгерту.

Курс міндеттері:

- негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап, дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдау;

- лингвистикалық талдаулардың әдістерімен танысып, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу;

- лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінуге, яғни тілдің мәні, тілдің және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен тілдің коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау,-ақиқат, тіл және қоғам, тіл және басқа коммуникативтік құралдар және т.б. мәселелер;

- тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатыларын, бағыттары мен концепцияларын түсіну;

- қазіргі тіл білімінің «портретін» қалыптастыратын негізгі лингвистикалық пәндермен – әлеуметтік тіл білімі, психолингвистика, когнитивтік лингвистика және т.б. танысу.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс: тілдің мәні, тілдің және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен тілдің коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау, ақиқат, тіл және қоғам, тіл және басқа коммуникативтік құралдар, тілдік таңбалардың құрылымы мен типтері, олардың қызметі, сөйлеу әрекетіндегі лингвистикалық таңбаның ассиметриялық дуализмі,

тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты. т.б.

Біліктілігі болуы:

- Өз мамандықтары бойынша білімдерін жинақтап, қорытындылай білу;



- Алған теориялық білімдерін ғылыми-теориялық, практикалық мәселелерді шешуде қолдана алу;

Дағдысының болуы:

- Тіл туралы ілім мен теорияларды толық игеріп, тілдік материалдарға анализ жасай білу;

- Тіл құбылыстарын зерттеудің жаңа әдістерін пайдаланып, ана тілдің фактілерін басқа тілдермен салыстырып зерттеу арқылы тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін, тереңірек түсініп, ғылыми талдау жасай алуы керек.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Жалпы тіл білімі мәселелері пәнін сапалы меңгеру үшін студенттің төмендегі

пәндерден білімдері болуы тиіс:

Тіл біліміне кіріспе

Нормативті қазақ тілі

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Әлеуметтік лингвистика,психолингвистика, нейролингвистика, паралингвистика

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Интерактивті әдіс, модульдік оқыту әдісі, дамытушылық әдіс

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ситуацияларды талдау, ғылыми деректерді, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша студенттен семестрде екі рет ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

 

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

 

№ р/с Модульдің атауы Лекция (сағ) Практикалық (семинар)сабақ (сағ) Лаборат. сабақ (сағ) СӨЖ (МӨЖ) (сағ)
Тіл білімі тарихы: Ежелгі дәуір тіл білімі ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр тіл білімі  
Салыстырмалы тарихи тіл білімі: Тілдер туыстығы мәселесі; ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі салыстырмалы тарихи тіл білімі; ХХ ғасыр салыстырмалы тарихи тіл білімі.  
В.фон Гумбольдттың лингвистикалық көзқарастары ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған лингвистикалық мектептер.  
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы компаративистиканың қалыптасуы ХІХ ғасыр тіл біліміндегі универсальды логикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт.  
Москва мектебі. Харьков лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебі. Эстетикалық мектеп. «Сөздер мен заттар» мектебі. Ареальды (кеңістік) лингвистика. Тілдің аралас ғылымдарда зерттелуі: интегралды лингвистикалық пәндер  
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы шетел лингвистикасы. Америка этнолингвистикасы Неогумбольдтшылдық Структурализмнің негізгі бағыттары Лондон семантикалық мектебі Аралық бақылау  
Ресей тіл білімі Қазақстан тіл білімі  
Тіл ерекше таңбалық жүйе ретінде. Семиотика негіздері. Лингвосемиотиканың пәні мен проблемалары. Тілдік таңбалардың құрылымы мен типтері, олардың қызметі. Сөйлеу әрекетіндегі лингвистикалық таңбаның ассиметриялық дуализмі. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты.  
Тілдің даму заңдылықтары. Лингвистикалық палеонтология Тіл деңгейлері және тілдік бірліктер.  
Тіл және ойлау. Психолингвистика. Нейролингвистика Тіл, сөйлеу және сөйлеу әрекеті. Тіл мен сөйлеудің негізгі бірліктері. Тілдік жүйе деңгейлері бойынша тіл бірліктерінің парадигматикасы мен синтагматикасы, олардың мәтінде таралуы. Ішкі және сыртқы лингвистика. Ойлау типтері мен түрлері және олардың тіл бірліктерімен байланысы. Лингвистикалық ықтималдық болжамы және ғаламның тілдік бейнесі.  
Тіл және мәдениет (этнолингвистика, лингвомәдениеттаным, лингвоелтаным).  
Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика. Қоғамдық құбылыс ретіндегі тілдің табиғаты мен қызметі. Әртүрлі елдердегі және әлем аймақтарындағы, Қазақстандағы тілдік жағдай. Тілдік жағдай типтері және мемлекеттің тілдік саясаты. Тілдік жоспарлау. Әлеуметтік қолданысына қарай типі бойынша тілдерді функционалдық жіктеу.  
Тілдер типі. Лингвистикалық типология. Тілдер типологиясы. Жалпы фонетика. Жалпы морфология. Жалпы синтаксис. Жалпы семантика Аралық бақылау  
Тілдерді зерттеу мен сипаттаудың әдіс- тәсілдері . Ғылыми зерттеу методологиясы  
Лингвистикалық талдау әдістері, олардың түрлері  
     

 

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта Тақырыптың атауы Сағаты
  І модуль Тіл білімі тарихы  
Тіл білімі тарихы: Ежелгі дәуір тіл білімі ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр тіл білімі  
Салыстырмалы тарихи тіл білімі: Тілдер туыстығы мәселесі; ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі салыстырмалы тарихи тіл білімі; ХХ ғасыр салыстырмалы тарихи тіл білімі.
В.фон Гумбольдттың лингвистикалық көзқарастары ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған лингвистикалық мектептер.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы компаративистиканың қалыптасуы ХІХ ғасыр тіл біліміндегі универсальды логикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт.
Москва мектебі. Харьков лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебі. Эстетикалық мектеп. «Сөздер мен заттар» мектебі. Ареальды (кеңістік) лингвистика.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы шетел лингвистикасы.
Ресей тіл білімі Қазақстан тіл білімі Аралық бақылау
  ІІ модуль Тіл теориясы  
Тіл ерекше таңбалық жүйе ретінде. Семиотика негіздері.
Тілдің даму заңдылықтары. Лингвистикалық палеонтология
Тіл және ойлау. Психолингвистика.
Тіл және мәдениет (этнолингвистика, лингвомәдениеттаным, лингвоелтаным)
Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика.
Тілдер типі. Лингвистикалық типология. Тілдер типологиясы.
  ІІІ модуль Тіл білімінің зерттеу әдістері  
Зерттеудің тәсілдері мен жолдары. Әдіснама (методология), әдістеме, әдіс туралы жалпы түсінік.
Тіл білімінің әдістері, олардың түрлері.

 

Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары

Апта Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары Сағаты
  І модуль Тіл білімі тарихы  
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары Тіл білімі тарихы: Ежелгі дәуір тіл білімі
  1. Жалпы тіл білімі ғылымы туралы: негізгі проблемалары, нысаны, салалары
  2. Тіл білімі тарихы ұғымы
  3. Ежелгі Үнді, Грек, Араб тіл білімі
1. ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы тіл білімі 2. ХІХ ғ. 2-жартысында пайда болған лингвистикалық мектептер 3. ХІХ ғ. 2-жартысында компаративистиканың қалыптасуы. ХІХ ғ. Тіл біліміндегі универсальды-логикалық бағыт.
  1. В.фон Гумбольдттың лингвистикалық көзқарастары
  2. ХІХ ғасырда пайда болған лингвистикалық мектептер.
  3. ХІХ ғасырдың 2- жартысында компаративистиканың қалыптасуы.
  4. Универсалды-логикалық бағыт.
  5. Харков лингвистикалық мектебі.
  6. Эстетикалық мектеп.
  7. Ареалды лингвистика.
1.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы компаративистиканың қалыптасуы 2.ХІХ ғасыр тіл біліміндегі универсальды логикалық бағыт. 3.Жас грамматикалық бағыт.
1. Москва мектебі. 2 Харьков лингвистикалық мектебі. 3 Қазан лингвистикалық мектебі. 4 Эстетикалық мектеп. 5 «Сөздер мен заттар» мектебі. 5 Ареальды (кеңістік) лингвистика. 6 Сөйлеу актілері теориясы 7. Қолданбалы лингвистика. 8. Компьютерлік лингвистика және тілдік қатынастарды модельдеу. 9 Тілдің аралас ғылымдарда зерттелуі: интегралды лингвистикалық пәндер
1.ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы шетел лингвистикасы. 2.Америка этнолингвистикасы. 3.Неогумбольдтшылдық. 4.Структурализмнің негізгі бағыттары. 5.Лондон лингвистикалық мектебі.
1. Ресей тіл білімі 2.Қазақ тіл білімі
  ІІ модуль Тіл теориясы  
1.Тіл білімі және философия. 2.Тіл білімінің философиялық мәселелері 3. Риторика. 4.Герменевтика.
1. Лингвосемиотиканың пәні мен проблемалары. 2. Тілдік таңбалардың құрылымы мен типтері, олардың қызметі. 3. Сөйлеу әрекетіндегі лингвистикалық таңбаның ассиметриялық дуализмі.
1. Тіл мен сөйлеудің негізгі бірліктері. 2. Тілдік жүйе деңгейлері бойынша тіл бірліктерінің парадигматикасы мен синтагматикасы, олардың мәтінде таралуы. Ішкі және сыртқы лингвистика. 3. Ойлау типтері мен түрлері және олардың тіл бірліктерімен байланысы.
  1. Тіл және мәдениеттің арақатынасы
  2. Этнолингвистика проблемалары
  3. Лингвомәдениеттану мәселелері
  4. Лингвоелтаным мәселелері
1. Әртүрлі елдердегі және әлем аймақтарындағы, қазақстандағы тілдік жағдай. 2. Тілдік жағдай типтері және мемлекеттің тілдік саясаты. Тілдік жоспарлау. 3. Әлеуметтік қолданысына қарай типі бойынша тілдерді функционалдық жіктеу.
Тілдер типологиясы. Жалпы фонетика. Жалпы морфология. Жалпы синтаксис. Жалпы семантика Аралық бақылау
  ІІІ модуль Тіл білімінің зерттеу әдістері  
1.Зерттеудің тәсілдері мен жолдары. 2.Әдіснама (методология), әдістеме, әдіс туралы жалпы түсінік. 3.Зерттеу әдістемелері: бақылау, сипаттау, салыстыра қарау, эксперимент, лексикографиялық әдістеме
1.Тіл білімінің әдістері, олардың түрлері. 2.Сипаттама немесе синхрондық әдіс 3.Структуралық әдіс. 4.Салыстырмалы-тарихи әдіс. 5.Математикалық әдіс.

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Нұсқа 1

№ 1-тақырып:Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары

Мақсаты:

Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары туралы мәлімет беру.

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1 Жалпы тіл білімі дегеніміз не?

2 Жалпы тіл білімінің нысаны

3 Жалпы тіл білімінің салалары, практикалық мәні.

Тапсырма: Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары туралы əр дəуірде жазылған материалдар жəне т.б. пайдаланып конспект жасау.

Әдістемелік нұсқау: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға

талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті

түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы

қажет.Жұмыс түсінікті, мағыналы орамда тілмен жазылуы тиіс. Барлық айтылған ойды

жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі:конспект

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:1 апта

№ 2 тақырып: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Мақсаты:Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысына тоқталу

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Ғылымның жіктелу түрлері.

2. Ғылымдар байланысының себептері

а) Тіл білімі және философия

ә) Тіл білімі және логика

б) Тіл білімі және психология

в) Тіл білімі және физиология,физика, медицина

г) Тіл білімі және әдебиеттану

д)Тіл білімі және тарих,этнография, архиология

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық

баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы

және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Барлық айтылған

ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі: ауызша

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:2 апта

№ 3 тақырып: Ежелгі заман тіл білімі

Мақсаты: Ежелгі заман лингвистикасы туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар

2 Филологияның иууына түрткі болған себептер.

3 Ежелгі заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек. Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады.

Бақылау түрі:реферат

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:3 апта

№ 4 тақырып: Орта ғасыр тіл білімі.

Мақсаты:Орта ғасыр лингвистикасы туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Орта ғасыр дәуірінің ерекшеліктері.

2. Әлемдік діндердің, канондық тілдердің пайда болуы, тіл біліміне тигізген әсері.

3. Орта ғасыр лингвистикасына тән сипаттар.

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек. Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады.

Бақылау түрі:реферат

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:4 апта

№ 5 тақырып: ХІХ ғасыр тіл білімі

Мақсаты:ХҮІІІ-ХІХ ғасыр тіл білімі туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. ХҮІІІ-ХІХ ғасыр тіл білімінің зерттелу жайы.

2. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі,оның тіл білімі дамуындағы мәні, кемшілігі.

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек. Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады.

Бақылау түрі:реферат

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:5 апта

Нұсқа 2

№ 6 тақырып: ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер.

Мақсаты: ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Мәскеу лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.

2 Қазан лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.

3 Женева лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық

баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы

және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Барлық айтылған

ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі:ауызша

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:6 апта

№ 7 тақырып: ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар

Мақсаты:ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар

2. Неолингвизм мектебі.

3. Соцлиогиялық мектеп.

4. Эстетизмдер мектебі

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға

талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті

түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы

қажет.Жұмыс түсінікті, мағыналы орамда тілмен жазылуы тиіс. Барлық айтылған ойды

жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі:конспект

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:7 апта

№ 8 тақырып: ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм

Мақсаты:ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм бағыты туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Структуралық тіл білімі

2. Прага мектебі.

3. Копенгаген мектебі.

4. Дескриптік мектеп

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға

талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті

түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы

қажет.Жұмыс түсінікті, мағыналы орамда тілмен жазылуы тиіс. Барлық айтылған ойды

жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі:конспект

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:8 апта

№ 9 тақырып: Кеңестік тіл білімі

Мақсаты: Кеңес тіл білімінің негізгі ерекшеліктері туралы мәлімет беру.

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. ХХ ғасырдағы Кеңес тіл білімі

2. Кеңес тіл білімінің негізгі ерекшеліктері.

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық

баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы

және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Барлық айтылған

ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі:ауызша

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:9 апта

№ 10 тақырып: Тілдің өзіндік сипаттары.

Мақсаты: Тілдің өзіндік сипаттарына тоқталу.

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Тіл теориясы

2. Тіл анықтамасы.

3. Тілдің табиғаты мен мәні.

4. Тілдің құрылымы мен функциясы

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек. Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады.

Бақылау түрі:реферат

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:10 апта

Нұсқа 3

№ 11 тақырып: Тіл және қоғам

Мақсаты: Тіл мен қоғамның арақатынасы туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Тіл және этникалық бірлік

2. Тілдердің бөліну, бірігу процестері

3. Тілдік жағдаят, Билингвизм, Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.

4. Тілдік дәстүр және әдеби тіл нормасы. Тілдің диалектілік, әлеумеииік жіктері

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға

талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті

түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы

қажет.Жұмыс түсінікті, мағыналы орамда тілмен жазылуы тиіс. Барлық айтылған ойды

жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі: конспект

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:11 апта

№ 12 тақырып: Тіл және ойлау. Тіл мен сана

Мақсаты:Тілдің ой-санамен қарым-қатынасына тоқталу

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Тілдің ой-санамен қарым-қатынасы

2. Тілдік мағына

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық

баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы

және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Барлық айтылған

ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі:ауызша

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:12 апта

№ 13 тақырып: Тілдің құрылымдық, жүйелік, таңбалық сапаттары

Мақсаты:Тілдің құрылымдық, жүйелік, таңбалық саипаттарына тоқталу

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1 .Жүйе мен құрылымның ғылым нысанына айналуы.

2. Тілдің таңбалық сипаты, Жалпы семиотика мен тілдік семиотика

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға

талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті

түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы

қажет.Жұмыс түсінікті, мағыналы орамда тілмен жазылуы тиіс. Барлық айтылған ойды

жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі:конспект

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:13 апта

№ 14 тақырып: Тіл деңгейлері

Мақсаты: Тіл деңгейлері туралы түсінік беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1.Тіл деңгейлері

2. Грамматикалық категориялар

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек. Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады.

Бақылау түрі:реферат

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:14 апта

№ 15 тақырып: Тілдің даму заңдылықтары

Мақсаты:Тіл дамуының заңдылықтары туралы түсінік беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Мәселенің зерттелу тарихынан

2. Тіл дамуының заңдылықтары

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық

баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы

және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Барлық айтылған

ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Бақылау түрі: ауызша

Тапсырманы орындау және өткізу мерзімі:15 апта

Тест тапсырмалары

1-нұсқа

1. Тіл білімі ғылымы нешінші ғасырларда қалыптаса бастады:

A) XVIII ғ.B) XVIII ғ. I жарт. C) XIX ғ. D) XIX ғ. I жарт.E) XIX ғ. II жарт.

2. «Интралингвистика» терминінің беретін мағынасы қандай:

A) Ішкі лингвистика.B) Сыртқы лингвистика.C) Жарты лингвистика.D) Ойлау лингвистикасы.E) Ақыл лингвистикасы.

3. Интралингвистика терминінің негізгі салалары қандай:

A) Фонетика, грамматика, синтаксис.B) Лексикология, этимология, грамматика.C) Фонетика, лексикология, грамматика.D) Грамматика, фонетика, этимология.E) Фонетика, лексикология, синтаксис.

4. «Экстралингвистика» терминінің беретін мағынасы қандай:

A) Ішкі лингвистика.B) Сыртқы лингвистика.C) Жарты лингвистика.D) Ойлау лингвистикасы.E) Ақыл лингвистикасы.

5. «Металингвистика» терминінің беретін мағынасы қандай:A) Ішкі лингвистика.B) Сыртқы лингвистика.C) Жарты лингвистика.D) Ойлау лингвистикасы.E) Ақыл лингвистикасы.

6. «Менталингвистика» терминінің беретін мағынасы қандай:A) Ойлау, ақыл лингвистикасы.B) Сыртқы лингвистика.C) Жарты лингвистика.D) Ойлау лингвистикасы.

E) Ақыл лингвистикасы.

7. «Ат қою» теориясы алғаш қай елден бастау алады:

A) Қытай.B) Үндістан.C) Египет.D) Греция.E) Рим.

8. «Ат қою» теориясының негізін салушы:

A) Панини.B) Яски.C) Конфуций.D) Бодуэн де Куртэнэ.E) Аристотель.

9. «Веда» тілінің 5 томдық сөздігін жазып, оған түсінік берген кім:

A) Панини.B) Яски.C) Конфуций.D) Бодуэн де Куртэнэ.E) Аристотель.

10. Рим тіл білімінің көрнекті өкілі кім:

A) Варрон.B) Яски.C) Конфуций.D) Бодуэн де Курртэнэ.E) Аристотель.

11. Араб лингвисі әл-Фируза-бади еңбегінің аты:

A) Нахв.B) Хамус.C) Ал китаб.D) Сарф. E) Таджуид.

12. Уильям Джонның 1786 ж. жарияланған еңбегі қалай аталады:

A) Азиялық зерттеулер. B) Шығыс зерттеулері.C) Үнді зерттеулері. D) Ежелгі Рим зерттеулері.E) Славяндық зерттеулер.

13. Ф. Бопптың «Үнді Еуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» атты еңбегі қай жылдар аралығында жарық көрді:

A) 1843-1959.B) 1859-1869.C) 1833-1849.D) 1859-16-963.E) 1833-1959.

14. М. Қашқаридің ХІ ғ. түркі тілдерін неше топқа бөліп зерттеді:

A) Екі.B) Бес.C) Төрт.D)Үш.E) Жеті.

15. «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» еңбегінің авторы:

A) Якоб Гримм.B) Кристиан Раск.C) Франс Бопп.D) Вильгельм Гумбольдт.E) Август Шлейхер.

16. «Неміс тілі грамматикасы» еңбегінің авторы кім:

A) Якоб Гримм.B) Кристиан Раск.C) Франс Бопп.D) Вильгельм Гумбольт.E) Август Шлейхер.

17. Натурализм бағытының көрнекті өкілі кім:

A) Якоб Гримм.B) Расмус Раск.C) Франс Бопп.D) Вильгельм Гумбольт.E) Август Шлейхер.

18. Қазан лингвистикалық мектебі нешінші ғасырда қалыптасты:

A) XVIII ғ.B) XVIII ғ. I жарт. C) XIX ғ. D) XIX ғ. I жарт.E) XIX ғ. II жарт.

19. «Сөздер мен заттар» мектебінің көрнекті өкілі:

A) Гуго Шухардт. B) Карл ФосслерC) Бодуэн Де Куртэнэ.D) Л. В. Щерба.E) В. Гумбольдт.

20. «Эстетизм» мектебінің өкілі кім:

A) Гуго Шухардт. B) Карл Фосслер.C) Бодуэн Де Куртэнэ.D) Л. В. Щерба.E) В. Гумбольдт.

21. «Эстетизм және неолингвизм» бағыттары қай ғасырда пайда болды:

A) XХ ғ.B) XХ ғ. I жарт. C) XIX ғ. D) XIX ғ. I жарт.E) XIX ғ. II жарт.

22. «Неолингвизм» мектебі қай елде қалыптасты:

A) Германия.B) Рим.C) Италия.D) Дания.E) Франция.

23. «Әлеуметтік бағыттың» Франциядағы көрнекті өкілін атаңыз:

A) Гуго Шухардт. B) Карл Фосслер.

C) Бодуэн Де Куртэнэ.D) Поль Лафарг.E) В. Гумбольдт.

24. Ф. де. Соссюр қай бағыттың көрнекті өкілі:

A) Неолингвизм бағытының. B) Эстетизм бағытының. C) Социологиялық бағыттың.D) «Сөздер мен заттар» бағытының.E) Психологиялық бағыттың.

25. Ф. де Соссюрдың «Жалпы лингвистикалық курс» атты еңбегі неше бөлімнен құралған:

A) Екі.B) Бес.C) Төрт.D) Үш.E) Жеті.

26. «Прага мектебі» қай жылы үйірме ретінде алғаш рет қалыптасты:

A) 1925.B) 1928.C) 1926.D) 1924.E) 1927.

27. «Структуралық бағыттың» көпшілікке танылған неше мектебі болды:

A) Екі.B) Бес.C) Төрт.D) Үш.E) Жеті.

28. «Глоссематикалық бағытты» қалыптастырған көрнекті ғалым:

A) Р. Якобсон.B) Н. Трубецкой.C) В. Метезиус.D) Луи Ельмслев.E) Б. Трнка.

29. «Тіл құралы» еңбегінің авторы:

A) Ы. Алтынсарин.B) А. Байтұрсынов.C) С. Аманжолов.D) С. Торайғыров.E) Ж. Аймауытов.

30. Ф.Де. Соссюр тіл ғылымын неше салаға бөлген:

A) Екі.B) Бес.C) Төрт.D) Үш.E) Жеті.

2-нұсқа

1. Қытай жазба ескерткіштері б.з.б. нешінші ғасырда пайда болған:

A) XVI ғ.B) XІV ғ. C) XV ғ. D) XIX ғ. E)XVIІ ғ.

2. Үнділердің «Веда» атты жазба ескерткіші қай ғасырда белгілі болды:

A) VI ғ.B) ІV ғ. C) V ғ. D) ІІ ғ. E) VIІ ғ.

3. Үндістан тіл білімінде морфологиядан кейінгі мол зрттелген сала:

A) Лексика.B) Синтаксис.C) Фонетика.D) Грамматика.E) Морфлология.

4. «Исланд тілінің шығу тарихы» еңбегінің авторы:

A) Якоб Гримм.B) Кристиан Раск.C) Франс Бопп.D) Вильгельм Гумбольт.E) Расмус Раск.

5. А.Шлейхердің натуралистік көзқарасын білдіретін еңбегі қандай:

A) «Теориялық лингвистикаға кіріспе».B) «Жалпы лингвистикалық курс».C) «Неміс тілі грамматикасы».D) «Дарвин теориясы және тіл білімі».E) «Провансаль тілі туралы».

6. Тіл туралы алғашқы ойлар қай елден бастау алады:

A) Қытай.B) Үндістан. C)Египет.D) Греция.E) Рим.

7. Қыпшақ тайпасының түлегі, «Екінші ұстаз», «Шығыс Аристотелі», «Мұсылман Ренессансының» көрнекті өкілі кім:

A) Абу-Наср Әл-Фараби.B) Фудзифар Тәйк.C) Ихван Ас-Сафа.D) Әбу Әли ибн – Сина.E) В. Г. Ахвмдианид.

8. М. Қашқаридің еңбегі қалай аталады:

A) «Құтадғу білік».B) «Түркі тілдерінің сөздігі». C) «Хазрати Момлам».D) «Түрікше – арабша тәжіма».E) «Диуани лұғат ат-түрік».

9. Ш. Ш. Уалиханов қай жылдар аралығында өмір сүрген:

A) 1835-1975.B) 1895-1935.C) 1865-1905.D) 1835-1865.E) 1845-1905.

10. Алғашқы оқу құралының авторы, тұңғыш педагог-ағартушы:

A) Ы. Алтынсарин.B) А. Байтұрсынов.C) М. Жұмабаев.D) С. Торайғыров.E) Ж. Аймауытов.

11.1884 жылғы «Оренбургский листок» газетінде шәкірттері мен ізбасарлары «Қазақтың Ломоносовы» деп кімді атады:

A) Ш.Уәлиханов.B) Х.Досмұхамедов.C) М.Дулатов.D) С.Сейфуллин.E) Ы. Алтынсарин.

12. В. Гумбольдт қай жылдар аралығында өмір сүрген:

A) 1767-1837.B) 1676-1767.C) 1767-1835.D) 1735-1765.E) 1635-1768.

13. Үнемі дамуда болатын құбылыс:

A) Сөз.B) Тіл.C) Ой.D) Ғылым.E) Білім.

14. Дыбыстық жүйе өзгерістерін ескермей сипаттау және зерттеу қалай аталады:

A) Статика.B) Динамика.C) Тарих.D) Тіл.E) Дивергенция.

15. Тектес дыбыстардың туыс тілде өзгешеленуі қалай аталады:

A) Корреспонденция.B) Альтернация.C) Коррениция.D) Альтернат.E) Дивергенция.

16. Ф. Де Соссюр (1867-1913) неше жасында докторлық диссертация қорғаған:

A) 25.B) 27.C) 23.D) 26.E) 28.

17. Славян тіл білімінің ең көрнекті өкілі:

A) В. Гумбольдт.B) Г. Штейнталь.C) В. И Даль.D) А. А. Потебня.E) А. Шлейхер.

18. «Ареалдық тіл білімінің» отаны қай ел:

A) Германия.B) АҚШ.C) Италия.D) Дания.E) Франция.

19. «Копенгаген» лингвистикалық мектебі қай жылы құрылған:

A) 1841 жылы.B) 1831жылы.C) 1951жылы. D) 1961жылы.E) 1971жылы.

20. Мазмұн формасы – ол:

A) Кенематика.B) Форма.C) Плераматика.D) Кенема.E) Плерма.

31. Ф. Де Соссюр «Тіл мен сөйлеу» диктамасын нешеге бөлген:

A) Екіге.B) Беске.C) Төртке.D) Үшке.E) Жетіге.

22. «Армян тілінің інжу-маржаны» атты еңбектің авторы:





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.