МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Конструкциялык легірленген болаттар





Материалдарды сынау

 

Машина детальдары түрлі жағдайда жұмыс істейтіндіктен көп жағдайға шыдап, ұзақ уақыт қызмет ететін детальдың материалын таңдап ала білуі қажет. Сондықтан металдар мен қорытпалар белгілі сынау мен зерттеулерден өтеді.

Металдар мен қорытпалардың қасиеттерін анықтау үшін олардың механикалық, физикалық, технологиялық әдістермен сынау структурасына анализ жасайды.

 

Металдарды сынаудың механикалық әдістері

1.Металды созу арқылы сынау. Мұнда металдың пропорционалдық, серпімділік, аққыштық, беріктік шектері мен үзіліске шын кедергісі, салыстырмалы ұзару, жеңішкеру коэффициенттері сияқты механикалық және пластикалық қасиеттері анықталады.

2. Металды сығу арқылы сынау. Сынаудың бұл әдісінде сыналатын металдан белгілі өлшем бойынша параллелопипед формалы үлгі кесіп алып, оны арнаулы преспен қысады. Сығу арқылы металдың пластикалық қасиетін, салыстырмалы қысқару және ұлғаю коэффициентін анықтайды.

3. Металды ию арқылы сынау. Сынаудың бұл әдісінде металдың көлденең қимасының ауданы дөңгелек немесетөрт бұрышты болып келген үлгісін екі тіреуіштің ортасына қойып, оған біртіндеп баяу өсіп отыратын күш түсіру арқылы оның иілуге беріктік шегі мен максимал иілу биіктігін анықтайды.

4. Металдарды соғу арқылы сынау. Сынаудың бұл әдісінде металдың динамикалық күшке беріктігі мен әр түрлі температурадағы морттық қасиетін анықтайды.

5. Металды қажыту арқылы сынау. Металдың шамасы беріктік шегінен төмен, бағыты айнымалы күштің әсерінен бүлінуін оның қажығыштығы, ал металдың осы күшке қарсы кедергісін оның төзімділігі деп атайды.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Металдардың келесі қасиеттері қай топқа жатады: беріктік, серпі.мділік, илемділік, қаттылық, тұтқырлық?

2. Бастапқы кристалдану немен сипатталынады?

3. Металдың эксплуатациялық қасиеттеріне нелер жатады?

4. Металдың антифрикциялық қасиеттері дегеніміз не?

2 дәріс

Темір-көміртегі жүйесінің күй диаграммасы

Жоспары:

1.Көміртекті қорытпаларының құрылыстық құраушылары

2.Көміртекті темір қорытпаларының күй диаграммасы

 

Техникада көміртекті темір корытпалары болат пен шойын түрінде, конструкциялық материал ретінде жиі қолданылады. Қазіргі кезде халық шаруашылығының әр түрлі салаларында көміртекті темір қорытпалары сан машиналар мен приборлар және құрылыс материалдарын жасау үшін пайдаланылады. Конструкциялық материалдарды орнымен қолданып, техникалық талаптарға сай таңдап алу үшін олардың қасиеттері мен структурасын (ішкі құрылысын) білу қажет. 1868 жылы Д.К. Чернов көміртекті қорытпалардың көміртегінің концентрациясына байланысты орны өзгеріп келетін кризистік нүктелерін тауып, темір-көміртегі диаграммасын жасауға мүмкіндік туғызды.



Бұл диаграмманы онан әрі дамытып, толықтыруға дүние жүзінің көптеген оқымыстылары өз үлестерін қосты. Орыс оқымыстылары Н.В.Гутовский, Н.М.Витторф, шетел оқымыстылары Р.Аустен, Розебум, Гернстің еңбектері арқасында темір-көміртегі диаграммасы осы күнгі түрге келген.

Диаграмманы қарастырудан бұрын көміртекті темір қорытпаларының құрылыстық құраушыларына тоқталайық.

Көміртекті қорытпаларының құрылыстық құраушылары

Көміртекті темір қорытпалары құрамындағы көміртегінің мөлшері мен температураға байланысты әр түрлі құраушылардан тұрады.

Феррит көміртегінің альфа темірдегі (α-Ғе) қатты ерітіндісі. 7230С температурада көміртегінің α-Ғе-дегіерігіштігі 0,02%, ал температура төмендеген сайын көміртегінің ерігіштігі кеміп, қалыпты температурада 0,006 %-ке жетеді. Феррит - таза темір, торы көлемге центрленген куб, құрылысына келсек, ол темірдің ақшыл түйіршіктерінен тұрады, 7680С температураға дейін магниттік қасиетін сақтайды. Ферриттін құрамында Si, Мn элементтері болса, онда ол оны нығайта түседі.

Цементит (Ғе3С) құрамында 6,67% көміртегі бар, күрделі торлы темірдің көміртегімен қосындысы. Ол - металдық жарқылы бар, электр, жылу өткізгіштік, қаттылық қасиеттері жоғары морт корытпа. 2100 С температурада цементиттің магниттік қасиеті жойылады. Микроскоппен қарағанда цементит тор тәрізді немесе түрлі формада орналасқан ақ пластинкалар түрінде болып келеді.

Аустенит - көміртегінің гамма темірдегі (γ - Ғе) қатты ерітіндісі.

Аустениттегі көміртегінің 11470С-та ерігіштігі 2,14%, ал 7270-та ерігіштігі 0,8%. 7270-тантөмен температурада көміртекті темір қорытпаларында аустенит перлитке айналады. Аустенитті қалыпты температурада көміртекті темір қоспаларына Мn, Ni сияқты легірлеуші элементтерді қосу арқылы алуға болады. Өйткені бұл элементтер γ аумағын кеңейтіп, аустениттің перлитке айналу температурасын көп төмендетеді.

Перлит құрамында 0,8% көміртегі бар, феррит пен цементиттің эвтектоидтық қоспасы. Микроскоппен қарағанда ол меруерт сияқты құлпырып көрінетіндіктен, бұл қоспаға перлит-меруерт деген ат қойылған. Микроқұрылысы ферритті негізге орналасқан дисперсиялы цементит пластинкалардан немесе цементит түйіршіктерінен тұрады.

Ледебурит - құрамында 43%-ды көміртегі бар цементит пен аустениттің эвтектикалық қоспасы. Ледебурит 11470С-та көміртекті темір қорытпасында көміртегінің концентрациясы 4,3%-ға жеткенде түзіледі. Ледебурит микроқұрылысынан цементиттің ішінде дөңгелектеніп келген перлит түйіршіктерін көруге болады. Ледебурит ақ шойындар құрылысында кездеседі, ол морт және қаттылығы жоғары болып келеді.

Графит түрлі формада кездесетін көміртегінің бір түрі.

Көміртекті темір қорытпаларының күй диаграммасы.

Көміртекті темір қорытпалары екі компонеттен тұратын қорытпалар деп қарастыруға болады: олар темір мен көміртегі. Диаграмманың көлденең (абцисс) өсіне қорытпа құрамындағы көміртегі мөлшері 6,67%-ға тең болғанда бітеді. Тік (ордината) өсі бойынша температура көрсетілім салынады.

 

Көміртекті темір қорытпаларының диаграммасы бірі-бірінен белгілі шамаға ығысқан екі диаграммадан тұрады. Ғе-Ғе3С диаграммасы үздіксіз жуан сызықпен, ал Ғе-С диаграммасы пунктир сызықпен кескінделген.

Көміртекті темір қорытпалары тез суығанда, қоспада көміртегі химиялық қосылыс - цементит (Ғе3С) түрінде, ал баяу суығанда, графит (С) түрінде бөлінеді. Түзілген цементит тұрақсыз қосылыс, ал графит тұрақты қосылыс болып табылады. Көміртекті темір қорытналары баяу суығанда цементиттен графит мына реакция бойынша түзіледі:

Диаграмманың АВСД сызығы (ликвидус) - қорытпалардың бастапқы кристалдану процесі басталады. Бұл сызықтан жоғары барлық қорытпалар бір фазалы сұйық күйінде болады. Суытқанда сұйық қорытпадан АВ бойынша феррит, ВС - аустенит, СД - алғашқы цементит бөлініп шығады.

АНIEСҒ бойында кристалдану процесі аяқталады. Бұл сызықтан төменгі температурада барлық қорытпа қатты күйде болады, әрі қарай жүретін процестер қатты күйінде жүреді. 14920С температурада НІВ сызығында перитектикалық түрлену өтеді, оның нәтижесінде аустенит түзіледі. 11470С-да ЕСҒ сызығында С нүктесінде көміртегінің концентрациясы 4,3%-ға жеткенде қорытпадан аустенит, бірінші реттік цементит кристалдары бөлініп, ледебурит эвтектикалық қорытпасы түзіледі.

АНІЕСҒ сызығы - солидус деп аталады. Солидус сызығынан төменгі аймақтарда көміртекті темір қорытпаларының бірінші реттік кристалдану процестері аяқталып, олардың екінші және үшінші реттік кристалдану процестерінің нәтижесінде мынадай құраушылар түзіледі:

1) 2,14% <С <4,3% эвтектикаға дейінгі шойындар, құрылысы: А+ЦПЛ(А+ІДI).

2) С=4,3% - эвтектикалық шойын, құрылысы: ледебурит.

3) 4.3% < С < 6,67% эвтектикадан кейінгі шойындар, құрылысы: ЦI+Л(А+ЦI).

Кез келген концентрациялы болаттар бірінші рет кристалданғаннан кейін құрылысы аустенитті болады. Болаттың екінші рет кристалдануы GSЕ сызықтары бойынша жүреді. GS сызығы бойынша аустениттен феррит, ал SЕ сызығы бойынша екінші реттік цементит бөлінеді. GS сызығына сәйкес нүктелерді А3 әрпімен, ал SЕ сызығына сәйкес нүктелерді Аст әрпімен белгілейді. S нүктесі (7270С) температурадағы аустенитке сәйкес болады. S нүктесінде қорытпадағы көміртегінің концентрациясы 0,8%-ға жеткенде аустенит феррит пен екінші реттік цементитке ыдырап, эвтектоидтық корытпа - перлит түзіледі. РSК түзуіне сәйкес температураны А1 әрпімен белгілейді. Р нүктесі көміртегінің α-Ғе-дегі максимум ерігіштігін (0,02%) анықтайды. GР, РQ сызықтары көміртегінің α-Ғе-дегіерігіштігінің температураға байланыстылығын көрсетеді. GРQ сызықтарының сол жағына орналасқан барлық нүктелер ферриттің күйін анықтайды. РSК сызығынан төмен орналасқан диаграмма нүктелері мынадай болаттардың түрін анықтайды:

1) 0,02% <С < 0,8% - эвтектоидқа дейінгі болаттар, құрылысы: Ф+П(Ф+Ц).

2) С-0,8% - эвтекттоидты болат, құрылысы: П+(Ф+Ц).

3) 0,8% < С < 2,14%эвтектоидтан кейінгі болаттар, құрылысы: П(Ф+Ц).

Қорытпалардың кризистік температурасын анықтайтын А әрпіне «С» (қорытпалар қыздырылса) және «Г» (қорытпалар суытқанда) индекстерін қояды (Ас және Аг).

Бақылау сұрақтары:

1Металдың ликвидиясы дегеніміз не?

2. Жүйенің басқа бөліктерінен белгілі шекарамен шектелген біртекті бөлігін не деп

атаймыз?

3. Феррит және цементиттің дисперсиялық қоспасы дегеніміз не?

4. Меа, Меβ, Меγ – α, β, γ индекстері нені білдіреді?

 

3 Дәріс

 

Көміртекті және легірленген болаттар

 

Жоспары:

1. Көміртекті болаттар

2. Легірленген болаттар

3. Конструкциялык легірленген болаттар

4. Легірленген аспапты болаттар

5. Соғу штампты аспаптар жасауға арналған легірленген болаттар

 

Көміртекті болаттар

 

Көміртекті болаттар қорыту технологиясына байланысты қайнау (КП) және тыныш (СП) қорыту болаттары болып екіге бөлінеді. Көміртекті болаттарда тұрақты қоспалар болады: кремний, марганец, күкірт, фосфор, өттегі элементтер. Түріне қарай болаттың құрамында қоспа элементтер мынадай мөлшерде кездеседі: кремний 0,16-0,5%, Мn - 0,3-0,8%, Р - 0,05%, S - 0,05%, оттегі - 0,05%.

Көміртегі - болаттың физика-химиялық қасиеттеріне қатты әсерін тигізетін элемент. Болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері артқан сайын болаттың қаттылығы, беріктігі артып, пластикалық қасиеттері нашарлай түседі. Көміртегі мөлшері 1-1,2%-дан артқанда, болаттың морттық қасиеті артып, оңай сынатын болады.

Кремний болаттың құрамында ферритпен ерітінді немесе металл емес қоспа түрінде кездеседі. Ферритте еріген кремний болатты нығайтып, оның серпімділік қасиетін арттырады.

Марганец элементтің мөлшері мол болған сайын болаттың үйкеліске беріктігі артады.

Күкірт болаттың құрамына руда, шойын, металл сынықтары, пеш газымен бірге еніп, оның жоғары температурада сынғыштық қасиетін (красноломкость) арттырады және темірмен әрекеттесіп, балқу температурасы төмен, металл түйіршіктерінің шекарасы бойымен арыаласатын эвтектика (Ғе-Ғе S) түзеді.

Фосфор, күкірт сияқты, болатқа руда, шойын, металл сынықтарымен бірге еніп, қалыпты температурада оның сынғыштық қасиетін арттырады.

Оттегі жоғары температурада болаттың сынғыштық қасиетін арттырады және ол темірмен өте қатты қосылыс (оксид) түзетіндіктен, болатты жону арқылы өңдеуді қиындатады.

Құрамындағы көміртегінің мөлшеріне қарай және қолдануына байланысты көміртекті болаттар конструкциялық және аспапты болаттар болып бөлінеді.

Конструкциялық болаттар өз кезеңінде екіге бөлінеді: жалпы сапалы болат және жоғары сапалы болат болып.

Жалпы сапалы болаттардың өзі механикалық қасиеті мен химиялық құрамына қарай үш топқа бөлінеді. Iтоп - А тобы,II топ Б тобы және IIIтоп - В тобы.

Iтопқа (А тобы) жататын болаттардың механикалық қасиеттері кепілденеді. Бұл топқа жататын болаттардың мынадай түрлері бар: Ст0...Ст7.

IIтопқа (Б тобы) жататын болаттың химиялык құрамы кепілденеді.

III топқа (В тобы) жататын болаттардың механикалық қасиетімен бірге химиялық құрамы кепілденеді.

Сапалы болаттар мартен, электр пештерінде қорытылып машина детальдары мен жұмыс жабдықтарын (инструмент) жасау үшін қолданылады. Құрамындағы марганец элементінің мөлшеріне қарай сапалы болаттар екі топқа бөлінеді:

I топқа құрамындағы Мn элементінің мөлшері әдеттегідей болаттар, ал II топқа Мn элементінің мөлшері жоғары болаттар жатады.

I топқа жататын сапалы болаттар құрамындағы көміртегі мөлшерінің процентпен алынған жүздік үлесі бойынша белгіленеді. Мысалы: Сталь 15... Сталь 70. Сталь 1 5 маркалы болатгың құрамында 0,1 5% - көміртегі болады.

II топқа жататын сапалы болаттар да I топ болаттары сияқты белгіленеді. Көміртегінің мөлшерін анықтайтын саннан соң «Г» әрпі (Мn) койылады. Мысалы: 45Г, 65Г.

Жоғары сапалы болаттардың құрамында зиянды қоспалар мен ақауы аз болады. Болаттың бұл түрінің мынадай маркалары бар: 15А, 20А, ... т.б. (А әрпі болаттың жоғары сапалы екендігін көрсетеді).

Арнаулы болаттар жону, созу, штамптау әдісімен суық күйде өңделеді. Болаттың бұл түрінің «автомат болатты» деп аталатын түрі машина жасау өндірісінде гайка, бұранда жасау үшін пайдаланылады.

Құрамында көміртегі аз болаттардың өңделі қасиетін арттыру үшін оларға күкірт пен фосфор қосады. А12 маркалы көміртегі, 0,08-0,15% фосфор, 0,08-0,2% күкірт болады. Автоматты болаттардың маркалары: А12, А20, А30, А40Г.

 

Легірленген болаттар

Болатқа керекті қасиеттерін беру үшін арнайы қосатын элеметтерді легірлеуші элементтер дейді де, ал құрамындағы легірлеуші элементтері бар болаттарды легірленген болаттар дейді. Ондай элементтерге Сr, Nі, Мn, Ті, Sі, Си, W, Nb т.б. жатады. Бұл элементтер өз қасиетіне қарай болатқа әр түрлі әсер етеді.

Легірленген болаттарды қолдануына байланысты екі топқа бөлуге болады: конструкциялық және аспапты легірленген болаттар.

Легірленген болаттардағы элементтер мына әріптермен белгіленеді:

X- хромП - фосфорК - кобальт

Н - никельГ марганецБ - ниобий

Т - титанЦ - цирконийР - бор

Д - мысВ - вольфрамС - кремний

М - молибденЮ - алюминийЧ - сирек кездесетінэлементтер

 

Болат маркасын санмен және әріп қосындысымен белгілейді. Конструкциялық болаттар алдында қойылған екі сан құрамындағы көміртегінің орташа пайыздағы өлшемі (жүзден бір бөлігі).

Егер құрамындағы қоспалы элементтің өлшемі 1% асса, онда әр әріп соңында оның мөлшеріне сәйкес санын қояды. Егер сан болмаса, онда қоспалы элемент мөлшері 1%-дан аз болғаны. Мысалы: 12ХН2 құрамында шамамен 0,12% - С, 1% -дейін – X, 2% - Ni немесе 18ХГТ құрамында шамамен - 0,18% - С, 1% - X, 1% - Мn, 1% - Ті. Маркалаудың соңында қойылған А әрпі болат құрамындағы зиян қоспалар өлшемі аз екенін көрсетеді және сапасы жоғары болаттарды қойылады.

Конструкциялык легірленген болаттар

 

Легірленген болаттардың механикалық қасиеттері көміртекті болаттарға қарағанда жоғары (термиялық өңдеуден кейін). Бұл болаттар аз легірленген (құрылыс болаттары) және легірленген болаттар (машина жасау) болып екіге бөлінеді.

Аз легірленген болаттардың пісірілгіштігі, тот баспайтындығы жоғары, болады. Бұл болаттар пісірілу конструкцияларын, құбырларды, ірі құрылыс бұйымдарын, көпірлерді, үйлердің, крандардың негізгі қаңқаларын жасау үшін қолданылады. Бұл топ болаттарындағы негізгі қоспа элементтерін марганец пен кремний құрайды. Болаттардың соғу тұтқырлығын азайтпау үшін Мn пен Sі мөлшері 2% аспауы керек. Құрамындағы көміртегі мөлшері 0,1-0,2% аспайды. Жоғарыда айтылған элементтерден басқа болат құрамында онша көп емес, шамамен мөлшері 0,3 ... 0,5% тең хром, никель және мыс болады. Болаттардың маркалары: 18Г2С, 25Г2С, 30ХГ2С, 15ГС т.б.

Легірленген болаттарды термиялық, болмаса термо-химиялық өңдеусіз машина жасауға қолданбайды. Мұнда термо-химиялық өңдеу ретінде цементтеу қолданылады, соған сәйкес легірленген болаттар цементтелетін және жақсаратын деп бөлінеді.

Цементтелетін аз көміртекті (0,1 ... 0,25% С) болаттар жатады, ал жақсаратын болаттар құрамында 0,5% С дейін болады. Мұндағы негізі элементтерге беріктік сипаттамасын біраз арттыратын хром жатады. Оның мөлшері 2%-дан аспайды. Хром одан басқа болат құрамында карбит түзіп, жұмсартылған болаттың қаттылығы мен беріктігін арттырады да, созымдылығына әсер етпейді. Молибден, вольфрам, ванадий де хромға ұқсас әсер етеді. Бірақ оларды қымбаттығына байланысты тек арнайы қасиетін арттыру үшін ғана қосады. Аса үлкен аумақты бөлшектердің механикалық қасиетін арттыру мақсатымен марганец пен никель қосады, шынықтырылатын болат үшін мұның маңызы зор.

Легірленген болаттарда көміртегі мөлшері 0,4% шамасында. МЕСТ бойынша легірленген болаттар 14 топқа бөлінеді, олардың аттары құрамындағы элементтермен анықталады: хромды, марганецті, хроммарганецті және т.б. Осылардың ішінде машина жасауда көп қолданылатындарын қарастырайық.

Хромды болаттар термиялық өңдеуден кейін беріктік сипаттамасы көміртекті болаттарға қарағанда жоғары. 15Х, 15ХА, 15ХР, 15ХРА, 20Х, 20ХР маркалы цементтелетін болаттар тозуға төзімді және орташа қысым мен жылдамдықта жұмыс істейтін саусақ (пальцы) осьтер, итергіштер, плунжерлер, тісті дөңгелектер сияқты бөлшектер жасауға қолданылады.

Жақсаратын болаттар деп орташа көміртекті (0,3 ... 0,5% С) шынықтырылып және жоғары температурада жұмсартылып өңделетін конструкциялық болаттарды айтады. Мұнда өңдеуден кейін болаттың кұрамы сорбиттен тұрады да, соққы күштерін жақсы қабылдайды. Жақсаратын болаттар ЗОХ, ЗОХРА, 35Х, 35ХРА, 38ХА, 40Х, 40ХР, 45ХЦ, 45Х біліктер, осьтер, төлкелер, саусақтар, шатундар, тісті дөңгелектер жасауда қолданылады. 40Х, 38ХА, 40ХР маркалы болаттардан муфталар, кривошиптер, фрикционды дисклер, турбо-компрессор турбиналарын жасайды.

Марганецті болаттар құрамына мыналар кіреді: 10Г2, 35Г2, 40Г2, 25.Г2, 50Г2 маркалы болаттың пісірілгіштігі мен созымдылығы жақсы, сондықтан фланцтерді, штуцерді, құбырларды және бекіткіш бөлшектер жасауға қолданылады. 35Г2, 40Г2, 50Г2 болаттардың тозуға төзімділігі жоғары, олардан осьтер, цапфалар, иінді біліктер, штоктар, тісті дөңгелектер жасайды.

Хроммарганецті болаттарды біріктіріліп пісірілетін негізгі қосындылар мен тозуға төзімді машина бөлшектерін жасауда қолданылады. Бұл болаттар 20ХГСА, 25ХГСА, 30ХГСА, 35ХГСА маркалы болып шығарылады. Термиялық өңделуі шынықтыру мен төменгі температуралы жұмсартудан тұрады.

Хромникельді болаттар құрамында никель болғандықтан оның шынықтыру тереңдігі артады, сондықтан бұл болаттардан көп күш түсуге төзімді бөлшектер жасалады. Зауыттарда беріктігі мен тұтқырлығы жоғары 12X12, 12ХНЗА, 12Х2Н4А, 20ХНЗА, 20ХН, 30ХНЗА, 40ХН, 45ХН, 50ХН маркалы болаттар шығарылады.

Арнайы қолданылатын легірленген болаттар рессорлар, серіппелер, шарикті подшипниктер, құбырлар жасауда қолданылады. Бұл болаттар термиялық өңдеуден кейін аққыштық, серпімділік және төзімділік шегі жоғары, ал тұтқырлығы жеткілікті болу керек. Құрамындағы оттегі мөлшері рессорлы-серпімді болаттарда 0,5% кем, ал шарикті подшипникті болаттарда 1 % аспауы керек.

Рессорлы-серпімді болаттар құрамына кіретін негізгі элементтерге Sі, Мn, Сr және ванадий (V) жатады. Жоғарыда айтылған бөлшектерді жасауда мына маркалы 55ГС, 55С2, 50ХГА, 50ХФА, 55Х болаттар қолданылады. Бұл маркалы болаттардың құрылымы 820° - 850°С температурада шынықтыру мен 400 - 470 С температурасындағы жұмсартудан кейін тростит және сорбиттен тұрады. Мұндай құрылымды болаттардың қаттылығы НRС 40-44, ал аққыштық шегі 125-155кгс/мм2 тең болады.

Күрделі күштерді қабылдай алатын бөлшектер, былай айтқанда, домалау подшипниктерін жасауға келесі маркалы ШХ6, ШХ9, ШХ15, ШХ15СГ және басқа болаттарды термиялық өңдеуіне шынықтыру мен жұмсарту жатады. Өңдеуден кейін қаттылығы НRС 50-65 тең болады. ШХ15СГ маркалы болаттан үлкен подшипниктер жасалады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.