ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Стиль дегеніміз не? Калам дегеніміз не? Калам (англ.)русск. (греч. κάλαμος) — письменная принадлежность, применявшаяся в древности, изготовлялась из соломинки или бамбука Стиль (писало, стило, стилос, стилус — лат. stilus, stylus от др.-греч. στύλος) — бронзовый стержень, заострённый конец которого использовался для нанесения текста на дощечку, покрытую воском 41.Ежелгі грек театры жөнінде айт. Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны — актерді бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер — протагонист келді. Хор басшысы — корифей бастаған хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды. 43.Эрида ненің құдайы? Оның қандай әрекетін білесіз? Эрида– араздық құдайы 45.Классикалық филология – антикалық әлем туралы ғылым. «Антика» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін ағартады. Алайда қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек — рим әлеміне қатысты айтылады. Антикалық мәдениет — барлық грек-рим көне бағыттардың жиынтығы. Антикалық мәдениет космологизмі антропоцентризмді қажет етеді және адам денесі негізі – мәдениеттің барлық түрінің өлшемі. Грекия әлемге әйгілі ұлы философтар — Аристотель, Платон, Сократ және тағы басқа ірі тұлғаларды әкелді. Ғылымға материяның бөлінбейтін бөлшегі атаомды ұғымын енгізген Демокрит болды. Б.з.д У ғасырда әдебиеттегі негізгі жанр трагедия мен комедия пайда болды. 46.Антикалық жазу, сақталуы. Ең алғашқы жазу құралы папирус дейтін болсақ, оны бүкіл еуропа жұртшылығына таратып, танытқан гректер болғанымен, ойлап тапқан – мысырлықтар. Папирусты мысырлықтар жазу құралы ретінде б.з.б. ІІІ мыңжылдықтан бастап пайдаланды. Ал Грекияға екі ел арасындағы сауда қатынасы дами бастағанда, яғни б.з.б. VІІ ғасырда келе бастады. Мұны сол дәуірдің лирик ақындарының шығармалары да растайды. Эллиндік дәуірде, яғни б.з.б. ІІІ-І ғғ. аралығында Римде де папирусты кеңінен қолданды. Ніл бойында б.з.б. 331 жылы Александрия қаласы салынып, одан соң бірнеше грек қоныстары орналасқаннан кейін бұл қала маңызды, мәдени әрі ғылыми орталыққа айналды. Мұнда папирустар көптеп шығарылып, әлемнің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп жатты. Грек ақындары папирусты кеңінен қолданды. Бүкіл еуропа аймағында көп уақытқа дейін папирус негізгі жазу құралы болып саналды. Бірақ Мысырдың құрғақ климатына бейімделіп өскен шөптен жасалғандықтан папирус Грекияның ылғалды табиғатында ұзаққа шыдамады. Гректердің папирустан кейін пайдаланған жазу құралы – пергамен болса, оны сириялық шеберлер ойлап тапты. Пергаменнің шығу тарихы да қызық. Елде кітапқа деген қызығушылық артып, соның ішінде Египет пен Пергамның арасында экономикалық және мәдени даму бәсекелестікке ұласқанда египет патшасы Птолемей V Эпифан Пергам қаласына папирус жіберуге тыйым салады (эмбарго). Ол осылайша Пергамның кітапханалық ісінің дамуына тосқауыл қоймақшы болады. Себебі ол пергам патшасы Эвмен ІІ-нің мәдениет саласына ерекше көңіл бөлетінін жақсы білетін. Бірақ Египет патшасының әрекетіне пергамдықтар өздері жаңа жазу құралын шығару арқылы жауап берді. Ол теріден жасалды. Сирия шеберлерінің жасаған бұл жазу құралына олардың туған қаласы Пергамның аты беріліп, пергамен деп аталды. Ол латын тілінде пергамен деп аталса, римдіктер мембрана деп атады. Пергамен жазу құралы жұмсақ, жазуға өте ыңғайлы әрі өшірілетін болды. Тағы бір ерекшелігі оның екі жағына да жазуға болатын еді. Пергаменнің ең жоғарғы сортын дайындау үшін өте жұқа, жұмсақ әрі ашық түсті тері қажет болды 47.Өлім патшасы Аид иелігіндегі жер асты патшалығының ерекшелігі. Аид (Гадес) —Крон мен Реяның ұлы, Зевс пен Посейдонның бауыры. Титандарды жеңген соң ағайындылар әлемдегі билікті бөліске салды. Жеребе бойынша Аидке өліктердің жер асты патшалығына билік ету бұйырды. Ол жер асты патшалығын әйелі Персефона екеуі басқарады. Ол жер бетіне өте сирек шығады, Олимп құдайларының той-думанына қатыспайды. Аид бәрінен бұрын жер астында сақталған қымбат металдарды және оны көзге көрінбейтін ететін дулығасын қадірлейді. Аид өзгелерге үрей туғызады, бірақ ол аса құдіретті емес. Мысалы, оны Сизиф алдап кетеді, Гераклдың қолынан жарақат алады, Тесей мен Пейритой оның әйелін тартып алуға әрекет жасайды. 48.Посейдон және теңіз тәңірілігіндегі өмірді сипаттаңыз. Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қорықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді. 49.Мойралар деген кімдер болды, олардың қатігездігі неде? Геракл Диомед патшаның аттарын iздеп Фракияның жағалауына жүзiп бара жатқанда, жолай Фер қаласының патшасы, досы Адметке соға кетудi жөн көредi. Бұл Адметтiң басына қиын күндер түнегi орнаған мезгiл едi. Тағдыр құдайлары - мойралар Адметке оған ажал сәтi төнгенде, егер ол үшiн басқа бiр ажалды пенде өлiмге бас тiгетiн болса, Адметтiң ғұмыры ұзаратындығы туралы баян еткен-дi. Геракл қонаққа келетiн мезгiл, осылайша, Адметтiң жер бетiндегi өлшеулi көрер күнi тәмамдалып, оның өз тағдырын қалайда ұзартқысы келiп аласұрып жатқан мезгiлi болатын 50.Тюхе не себепті адам баласының көзіне сирек көрінетін болды? Ежелгі грек мифологиясында Тюхэ құдай - Қыдырға типтік бейне. «Мифы народов мира» энциклопедиясы мен «Легенды и сказания Древней Греции и Древнего Рима» атты кітаптардан белгілі болғанындай, Тюхэнің жолында кездескен адам бақытты болады деп сенген. Қыдыр сияқты ол да жолында кездескен адамды бақытты қылады-мыс, оның да қолы ерекше жұмсақ. Антикалық мифтерді зерттеушілер байлық, бақыт туралы ойлар таптық қоғамның қалыптасуымен байланысты туады деген пікірді алға тартып, Тюхе бейнесінің пайда болуын осындай кезеңмен сабақтастырады. Демек, Қыдырдың да пайда болуы осындай кезеңге сай. Тюхенің Қыдырдан бір айырмашылығы байқалады. Ол қолына мүйіз ұстап жүреді. Оның себебі ешкі малының өнімділік символы болуымен байланысты екенін анықтадық. Иә, мүйіз - байлықтың символы. Ешкінің жеңілтек мал ретінде сиықсыз көрінуі кейінгі заманда орын алған. 51 құдайларының мекендейтін орны, өмір сүру салты қандай болды? 52 Эдип патшаның әйелі әрі шешесінің үлесіне тиген тағдырды қандай тағдыр дер ойлайсыз? Ананың ақ сүтін ақ жаймаға ауыстырып, өз анасымен бірге болған Эдип патшамен оның анасының тағдыры әділетсіз тағдыр деп ойлаймын! 53 Грек мифтері бойынша дүниенің жаратылуы туралы жазыңыз. Ең алғаш мәңгі шексіз Хаос болды, өмірдін қайнар көзі сонда жатқан болатын. Барлық дүние, Құдай бүкіл әлем сол Хаостан нәр алды содан басталды. Әйел құдай Жер- Гея да сол хаостан бастау алды. Ал жердің түкпірінде ұшы қиыры жок ашық аспан қандай көлемде болса сондай көлепде түпсіз тереңдікте қап-қара түнек – Тартар туды. Хаостан дүниені жандандыратын күш – Маххабат- Эрос, Түн-Нюктан туды. Түн мен түнекті айыр бастайтын жарық – Эфир, сәулетті – күн пайда болып, Түн мен Күн бір –бірін алмастыра бастады. 54 Олимп құдайларын атаңыз. Биік сәулетті Олимптте құдайлар қоршаған Зевс өмір сүріп жатты. Оның зайыбы Гера, қарындасы Артемида, алтын бұйра шашты Аполлон, Афродита, Зевстің құдіретті қызы Афинада осында болатын. Бұл патшалықта қар да суда жоқ тек қана жайма шуақ жаз еді, Әрине құдайларды бақытсыздық пен қайғыны біледі дегенмен оларда ол тез ұмытылатын еді. Зевс адамдарға сыйлықтар жіберіп отырды, бақыт пен қайғыда, игілікпен зұлымдықта, өліммен өмірде бәрі Зевстін қолында болды. 55 Ежелгі грек мифтеріндегі құдайлар, олардың өмір сүру салты қандай болды. Ежелгі Құдайлармен барлық әлем Хаостан пайпа болды! Хаостан дүниені жандандыратын күш – Маххабат- Эрос, Түн-Нюктан туды. Түн мен түнекті айыр бастайтын жарық – Эфир, сәулетті – күн пайда болып, Түн мен Күн бір –бірін алмастыра бастады. Қуатты нәрлі Жер шексіз көгілдір аспан – Уранды дүниеге келтірді, сөйтіп Жер үстінде Аспан көлбеп жатты. Аспан әйелдікке жерді алп олардан 6 қыз 6 ұл пайда болды. Уран өзінің балаларынын жек көріп, оларды Жер ананың қойнына тығады. Аналары барлық титандарды жинап алп әкесіне қарсы шығуға үгіттеді, бірақ ешқайсысы қарсы шыгға алмай ең кішілері Крон айламен әкелерін құлатып билікті тартп алды. Соған жынданған әйел Құдай Кронды азалау мақсатында бір топ Құдайлар шоғырын жаратты: Ажал –Танатты, араздық- Эрриданы, Алдау –Апатаны, құрту –КЕрді, ауыр түс көретін ГИПНОСТЫ жаратты. 56 Одиссей неліктен он жыл бойы өз отанына орала алмай жүрді. Себебі Троя іргесінен шыққан Одиссей теңіз құдайы Пасейдонның ұлын Полифемге ұсталған болатын, ол жағыз көзді Циклоп болатын. Сол кезде Одиссей озінің атын ЕШКІМ деп таныстырып Одан құтылудың амалын тауып оның жалғыз көзін ағызып үңгізден қиындықпен қашып шығады. Сол кезде Циклоп көмекке басқа циклоптарды шақырады, олар кім тиісті дегенде ол ешкім ешкім деп қайталай береді. Сонда олар Ешкім болса неге бізді шақырдын деп ренжіп кетіп қалады. Сол кезде Одиссей оның барлық малын кемесіне жиеп алып оған ей Ақымақ сенін көзінді ағызғын Ешкім емес ол Мен Итаканың Әміршісі Одиссей дейді. Соған ызаланп Циклоп әкесіне айтып Одиссей теңіз құдайы Пасейдоннын қақарына тап болады. 59 Папирусқа жазу құралы не деп аталған Гректер жазуды өздері тері деп атайтын папинус парақтарына жазды. Көбіне олар қара бояумен жазп біткеннен соң жан-жағын кесіп тастады. Осыдан кейін «том» созі пайда болды. Осыдан парақтар 1-1не жалғанып содан трм пайда болды. 60 Шлиманның антик әдебиетін танытудағы рөлі. Шлиман 24 тілде сөйлеген комерсант,полиглот, милеонер, археолог болды. Гомер шығармаларында жырлаған дүниелердің өтірік емес екенін, өмір негізінде екенін дәлелдеген адам. 61. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған.Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. 62. Зевс – құдайлар мен адамдардың жаратушысы, олипиялық құдайлар отбасының әміршісі. Грек тілінен аударғанда Зевс есімі – “ашық аспан” деген мағына береді. Ол Кронос пен Реяның ұлы, ол құдайлар ұрпағының үшінші буынына жатады. Зевс үш ағайындының бірі. Олар: Зевс, Посейдон және Аид. Зевске аспанға, Посейдонға теңізге, Аидке өліктер патшалығына билік құру бұйырған. Патриархат кезеңінде Зевс Олимп тауына шоғырланып, Олипиялық деген атақ алған. Грекияның бас құдайы Зевс – бәрінен бұрын найзағай мен күн күркірінің әміршісі. 63. Троя бекзадасы Парис өзін жақсы қарсы алған қонақжай патша Менелайдың сұлу әйелі Еленаны және көптеген қазынасын ұрлап кетеді. Ашуланған Менелай ағасы Агамемнонмен барлық грек аймақтарынан жорыққа әскер жинап, Трояға аттанады. Грек жасағы Агамемнонның басшылығымен Трояны қоршап, он жылға дейін қалаға кіре алмайды. Тек айлакер батыр Одиссейдің арқасында гректер ағаш ат жасап, соның ішіне тығылып, Трояға кіреді. Трояны өртейді, Еленаны Менелайға қайтарады. 68. Алкмена сұлудың көркіне ғашық болған найзағай құдайы Зевс Амфитрионның кейпіне еніп, Алкменаға келеді. Алкмена Зевс пен Амфитрионнан егіз ұл туады. Зевс Алкмена босанатын күні бүкіл құдайларды жинап алады. Зевстың жердегі сұлу Алкменаға есі кетіп, ғашық болып жүргенін білетін Гера оған қатты ызаланып, Олимптегі барлық құдайлардың көзінше уәдесін алады да, өзінің алтын күймесімен ұшып отырып, Аргосқа жетеді. Зевс өз баласының Эврисфейге қызмет ететінін, қандай қорлықтар мен ауыр азаптарды басынан кешіретіндігін білді. Герамен келісімге келіп, өз баласын өмір бойы Эврисфейге бағынбайтын етіп шарт жасасып, тек Эврисфей тапсырмасымен он екі ерлік жасайтын болып келіседі. 69. "Сизиф еңбегі" тіркесінің мәні- зая кеткен еңбек дегенді білдіреді. 70. Генрих Шлиман(1822-1890)- эгейлік мәдениет дүниесін бірінші ашқан адам. Көп уақытқа дейін гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларындағы баяндалған оқиғалар тарихи шындыққа жатпайтын ойдан шығарылған әдемі аңыздар деп саналып келді. Бала кезінен әкесінен Гомер кейіпкерлері жайында естіп білген Шлиман әкесіне: «Троядан ештеңе қалмады дегенге мен ешуақытта сенбеймін. Қалай болғанда да мен оны табамын!» -деп мәлімдеме жасады. Шлиманның бұл мақсатына ғалымдар күмәнданып қана қоймай, оны келекеге ұшыратты. ТАПСЫРМа 4. Ел аузында «Цицерон сөйлегенде халық көзіне жас алған, ал Демосфен сөйлегенде олар үйіне жетіп, шешеннің айтқанын істегенше асыққан» деп бекер айтылмаған. Бірақ Демосфен өмірі қызыққа толы, яғни, ол бірден шешен бола қойған жоқ. Тілінің мүкісі бар, р-ға тілі келмейтін, сақау Демосфен алғаш шаршы топқа шыққанда, күлкіге қалып, жүрт оны ортадан қуып шыққан. Бірақ ішкі рухы мықты жан, морт сынбай, керісінше, «мен қалай да шешен болам, жұртқа сөзімді тыңдатам» деп алдына мақсат қойып, жігерін қамшылаған. Р әрпін ол қарсы алдына күшікті қойып, соның ызасын келтіріп, ырылдағанына қарап үйренген. Ал даусын шығару үшін теңіз жағасына барып, тілінің астына малта тастарды толтырып, толқыған теңіз шуылымен жарыса сөйлеген. Ал осының бәрінен оны ешкім алаңдатпас үшін ол не істегенін білесің бе? Жұрт көзінен біршама уақытқа тасалану үшін Демосфен тіпті басындағы шашының жартысын алып тастаған. Солайша сыртқа шығудан өзін шектеген. Осындай жанкешті әрекетінің арқасында ол Демосфен шешен атанған. 11. Зевс, Дий (Z e u z) – құдайлар мен адамдардың жаратушысы, олипиялық құдайлар отбасының әміршісі. Грек тілінен аударғанда Зевс есімі – “ашық аспан” деген мағына береді. Ол Кронос пен Реяның ұлы, ол құдайлар ұрпағының үшінші буынына жатады. Зевс үш ағайындының бірі. Олар: Зевс, Посейдон және Аид. Зевске аспанға, Посейдонға теңізге, Аидке өліктер патшалығына билік құру бұйырған. Патриархат кезеңінде Зевс Олимп тауына шоғырланып, Олипиялық деген атақ алған. Зевстің әйелдері мен ғашық болған әйелдері: Әйелдері болған: Метида Фемида Гера ( Зевстің соңғы ресми әйелі). Ғашық болған әйелдері: Евринома Деметра Мнемозина Лето (Латона) Ио Европа Грекияның бас құдайы Зевс – бәрінен бұрын найзағай мен күн күркірінің әміршісі. Ол аспан секілді құбылмалы, ол әр минут сайын әр түрлі кейіпке енеді. Ол қар мен жаңбырды жібереді. Зевс – аса құдіретті құдай. Зевске ешбір құдайдың әлі келмес еді, есесіне Зевстің бір өзі барлығына бірдей төтеп бере алады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелері – жай оғымен жайратады-мыс. |