ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Орхестра дегеніміз не? Периакт дегеніміз не? ТЕОРИЯЛЫК .Көне грек тілі. Ежелгі мәдениет реалийлері. Ежелгі грек тіл білімі орыс. древнегреческое языкознание — Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Тілге қатысты жазба материалдары б. з. д. 5 ғасыр шамасынан басталады. Ежелгі грек тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырларының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастандартілі гректердін сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған сон, грек ойшылдары соны зерттеу, айкындаумен шүғылданған. 2.Латын тілінің әлем мәдениетіндегі, ғылымындағы орны. Латын тілі — латын тілінде жазылған, көне римдіктер «классикалық» деп қарастырған әдебиеттің тілі. Бұл тіл б.з.д. 1-ші ғасыр — 1-ші ғасыр аралығында латын әдебиетінің алтын дәуірінде қолданылды. 2-ші ғасырдағы «Күміс дәуір» әдебиеті де осы тілде жазылған деп санауға болады. Қазір « латын тілі» деп аталатын тіл көне латын тілінің әбден өңделіп, икемдестіріліп, әдеби тілге айналдырылған түрі. Ал көне латын тілінде жазылған әдеби шығармалардың қазіргі кезге дейін жеткендері өте аз. Латын тілі — көне латын тілін Аттикалық грек тілі бойынша өңдеудің, сол тілге еліктеудің жемісі. Рим империясының қарапайым халқының тілі, әсіресе 2-ші ғасырдан бергі уақытта халықтық латын тілі деп аталады. Халықтық латын тілінің классикалық латыншадан сөз қоры мен грамматикасы жағынан өзгешеліктері болды, уақыт өте айтылуы жағынан да алшақтай бастады. 3.Антропоморфизм, этиология деген не? Антропоморфизм (грек. anthropos адам, тогрһе - форма, пішін) — адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштык, геогр. объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс. Антропоморфизм ежелгі дүниетаным мен ілкі санадан бастау алатын құбылысқа жатады. Ол байырғы мифологиялық және діни аңыздардан айқын байқалады. Антропоморфизм қазақ халқының арасында да кеңінен таралған. Адам кейпіндегі киік, жын, пері, дию, жезтырнақ, албасты, т.б. ұғымдар осының айғағы.. Поэзияда антропоморфтандырылған бейнелер басты көркемдік құралдардың біріне айналды. Этиология (грек. aіtіa – себеп және logos – ілім) – аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім. Аурудың негізгі себебі ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) жағдайлардан туындайды. Сыртқы Этиологиялық себептерге: түрлі жарақат, темп-ра, атмосф. қысымның өзгеруі, сәуле және электр энергиясының әсері, органик. және органик. емес улар, микробтар, вирустар, зат алмасудың бұзылуы (ашығу, витамин жетіспеушілік, құнарсыз тамақ, т.б.) жатады. Ішкі Этиологиялық себептерге: адам организмі құрылысы ерекшелігі, тұқым қуалайтын аурулар жатады. 4.Антикалық театр. «Антикалық театр» ұғымына ежелгі грек театры, эллинизм дәуіріндегі театр мен ежелгі рим театры тарихы кіреді. Ежелгі грек театры – кейінгі барлық халыққа аңыз болып тараған мәдениет ошағы. Ежелгі грек театры генетикасы бойынша ежелгі дәуірдің культтық дәстүрлерінен бастау алады (аң аулау, жер өңдеу, қысты шығарып салу, жоқтау айту т.б.). Аталған дәcтүрлердің қарапайымдылығына қарамастан, бұлардан театрлық көріністердің алғашқы бастамаларын байқауға болады. Яғни, музыка, би, ән мен сөздің үйлесімділігі. Ежелгі грек театрының өзі бірнеше күнге созылып салтанатты түрде өткен Дионисқа арналған мерекелерді атаудан шыққан. Бұл мерекелерде драматургтер мен ақындардың шығармалары, хор сайыстары арнайы салынған сарайларда өткізілген. Театр ежелгі грек қаласының қоғамдық және рухани өмірінде маңызды рөл атқарған. Ежелгі грек сахналық өнерінің бір ерекшелігі – ондағы қойылымдардың ашық аспан астында өтуі болатын. Ашық аспан астында салынған театрлар амфитеатр деп аталды. Қойылымдар әуелгіде тек күндіз қойылды. Театр шатырының болмауы, табиғи жарықты пайдалану алғашқы грек театрларының өте үлкен болуымен байланысты еді. Археологтардың есептеуінше, ежелгі афиндық театрға 17000 көрермен, Эфес театрына 23000 адам, ал Аркадиядағы Мегалополь қаласының театрына 44000 адам сыйып кеткен. Театрлардың мұншалықты кең болуы қала халқын толық қамту мақсатынан туғаны түсінікті. Бұл әрине грек мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқаны белгілі. 5.Демосфеннің тұлға ретіндегі ерекшелігі Демосфен / б. э. д. 335-384/ көне Грек шешені, саяси қайраткер Риторикадан сабақ беріп, ол бұл пәннің негізін салған. Одан 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталып жеткен. Демосфен қару – жарақ жасайтын дүкен иесінің баласы еді. Жеті жасында жетім қалып, әкесінен қалған мол қазынаға мұрагер болады. Жетім қалған баланың қамқоршылары арамдық жасап, қаражаттың бәрін жұмсап жібереді. Демосфен бала жасынан шешен болуды армандаған. Бұл арманның оп-оңай іске аса қоймайтыны да мәлім еді. Ол әлжуаз, аурушаң болып өседі. Дауысы да тым жіңішке болады. Балалық қылықтардың бәрін ысырып қойған Демосфен қызу сөзді судай сапырып жаттығумен шұғылданады. Дұрыс айта алмайтын сөйлемдерді игеру үшін аузына ұсақ тастар салып алып, ақындардың өлеңін жатқа айтады. Құбылмалы сөйлемдерді мәнерлеп сөйлеу және дем алмастан ұзақ сөйлемдерді айту арқылы тыныс жүйесін, дауысын қатайтты. Осы жаттығуы үшін ол ең шеткі бөлмені таңдады. Сонда сол бөлмеден 2-3 ай бойы сыртқа шықпаған кездері де болған. Шашын ала- құла етіп алғызып, тіпті қанша шыққысы келіп тұрса да ел көзіне көріне алмайтындай жағдайға келтірген. Демосфен сотта өзін қамқорлыққа алған адамдардың кінәсін шығады да, олардың қылмыстық жазаға тартылуына қол жеткізеді. 6. Ежелгі Грекиядағы философия. Антикалық ұлы философ - Сократ. Грецияда философия б.з.б. VI ғасырдан бастап дамыды. Сол кезде экономика жағынан дамыған Грециядағы Эгей өзені мен Кіші Азия аралындағы ионды диалектте сөйлейтін тер болды. Иондық тұрғындардың Географиялық тұрағы оларға шығыс елдерінің мәдениетімен білімімен танысуға үлкен мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндік сол уакыттағы біртұтас біліммен, соның барлық салалары арқылы әлемді менгеруге жол ашты. Бұл саланы гректер Философия деп атады. Философия сөзі (грек тілінен аударғанда беретін мағынасы Даналыққа деген махаббат ) тек гректердің зерттеу қадағалауымен ғана емес, сонымен қатар астрономдардың табыстарымен, математиктермен, Египеттін, Финикияның, Вавилонның тағы басқа да елдерің ежелгі мәдениеттерін білетін сыншылдардың ойларына сүйене отырып туған. Грек философиясындағы алға қойған ең басты мәселе ә әлемнің пайда болуына қатысты болды. Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. Сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. 7 Гректер мен римдіктердің шешендік өнері. Ежелгі Рим өнері - Б. э. бұрынғы VIII ғасырдан б. э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды. Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, Горацийдің Овидийдің поэзиялық туындылары, Ливий мен Тациттің тарихи еңбектері, Лукрецийдің материалистік философиясы, Цицеронның шешендік өнері, Марциал мен Ювеналдың уытты сатиралары енді. Римдік право жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті роль атқарды. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды. 8 Көне Грекияның және Римнің атақты шешендері. Грекиядан Демосфенді, Римнен Цицеронды айтуға болады. ОЛарға кішкене тоқтала кетсек Афинаның мемлекет қайраткері, ұлы шешен. Бар ғылымын Отанының дамуына арнаған патрет Демосфен б.з.б. 384 ж дүниеге келген. Әкесі қару-жарақпен айналсқан дәулетті отбасынан шықсада, әке-шешесінен ерте айрылып қамқоршының қолына өтеді. Оны шешендікке баулығанда осы қамқоршысынан көрген қорлықтары болатын. Демосфен айтқысы келген ойынан ешқашан бас тартпайтытын еді, және оның әр сөзінен қарапайым сезіммен, ұлы ойдың күші сезіледі. Цицерон болашақ адвокат, мемлекет қайраткері, талантты жазушы, шешендік өнердің атасы Цицерон б.з.б. 106 ж Римнің Оңтүстік шығысында орналасқан Арлин қалашығында Салт аттылар сословиесінде жататын отбасында дүниеге келген. Оның өзіндік сөйлеу өнері болатын. 9 Ежелгі Грекиядағы философия. Антикалық ұлы философ - Аристотель. Аристотель (б.з.б 384-322)- ежелгі грек философы және ғалымы. Көптеген ғалымдардың, соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы. Қ. Маркс Аристотельді ерте заманның ұлы ойшылы грек философиясының Александр Македонскииі деп атады. Аристотель Фракиядағы Стагүр қаласында туған. Афины қаласында оқып білім жетілдіреді. Он жеті жасында Платон академиясына түсіп, Платон қайтыс болғанға дейін (20 жыл бойы) сонда ғылыммен шұғылданады. Б.з.б. 343 жыл Македония патшасы- Филипп Аристотельдің баласы Александрдың ұстазы болуға шақырады.Александр патша болғаннан кейін Аристотель алдымен Стагирға, одан 335 жыл- Афиныға оралады. Мұнда келгеннен кейін өзінің мектебін- ликей ашады. Бұл мектеп сол кездегі философия мен ғылым дамыту орталықтарының біріне айналады. Александр өлгенннен кейін Аристотель Афиныдан кетіп, б.з.б. 332 ж. дүние салды. Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып жүйеге келтіріп, әр түрлі ғылым саласынан көптеген еңбектер жазып қалдырған. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, екінші бір деректер бойынша мыңға жеткен. Арестотельдің философиялық көзқарасы “Метофизика”, “Жан туралы”, Категориялар” және “Аналитика” деген шығармаларында жете бағаланған. Философияның негізгі мәселесін шешуде Аристотель материализм мен идеолизмнің екі арасында ауытқып отырды. Арестотель ғылым классификациясында философияны ең жоғары орынға қояды. 10 Ежелгі Грекиядағы философия. Антикалық ұлы философ - Платон. Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді. Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. Шын аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный» Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды. «Идея» – Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу – ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек. 13 Көне мифология және дін. Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Дінтану көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар хтон немесе олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе олимп кезеңі және бертмді немесе героикалық кезең. Бірінші хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктерінің негізгі әрі арнасы –асыраушы ұлы Жер ана. Мифология бойынша жер тіршілік белгілері бар. Олар қоршаған ортадан, адамның өзінің қимыл-әрекеттерінен, мінез-құлықтарынан көрініс береді. Көне грек діні көп политрейс діні болып табылады. Гректер тәңірлерін аспанын ең жоғарғы қабатында отыратын болмыстар ретінде суреттейді. Бас құдай Зевс Олимпия тауында отырады. Оның әйелі Гера Аристотельдің айтуынша грек тәңірлері өлмейтін адамдар, олардың ақлақ тұрғысынан артықшылығы болмаған. Гректер өлгендердің өмір сүретіндігіне және дүниеге қайта келетіндігініне сенеді. 14 Ежелгі грек әдебиетіндегі драматургтер. Ежелгі грек әдебиетінің ең бір гүлденген шағы Аттика дәуірі, бұл кезде яғни 5-4 ғ. Афина мәдени биігіне көтерілді. Осы кезеңде Эсхил өзінің «Парсылар», «Орестея», «Данаиды», «Прометей» сияқты шығармаларымен трагедия жанрының шоқтығын көтерсе, Софокл «Антигона», «Филоктет», «Эдип патша» арқылы драма жанрын қалыптастырды. Сол дәуірдің үлкен тұлғасы Еврипидтің «Медея», «Ипполит», «Геракл» т.б. шығармаларында адамның іс-әрекетін, күйініш-сүйінішін көрсетті. 15 Ежелгі Римнің ұлы қайраткерлері. Цезарь. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты. Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған.Гай Юлий Цезарь — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, қолбасшы, жазушы. Цезарь — патрицийлік Юлийлер әулетінің өкілі. Билеуші Сулланың тұсында Римді тастап, Кіші Азияға кетуге мәжбүр болды. Сулла қайтыс болғаннан кейін (б.з.б. 78 ж.) Римге қайта оралып, саяси күреске араласты. Цезарь — жазушылықпен де айналысты. Оның екі шығармасы — “Галл соғысы жөніндегі жазбалар” мен “Азамат соғысы жөніндегі жазбалары” біздің заманға дейін келіп жетті. Бұл шығармаларға ойластырылған айқын композиция, қарапайым, түсінікті баяндау, кейіпкерлердің нақтылығы, жекелеген адамдар мен халықтарды (әсіресе, галлдарды) тәптіштеп сипаттау, көркем тіл тән. Наполеон Цезарьдің еңбектерін әрбір офицер білуге тиіс деп есептеді. Цезарь стратегиясына негізгі соққы бағытын дұрыс анықтай білу, қарсыластардың арасындағы алауыздықты пайдаланып, оларды жеке-жеке талқандау, батыл стратег. айла-әрекеттерді жүзеге асыру, жаяу әскер мен флоттың бірлескен қимылын ұйымдастыра білу тән болды. 16.Марк Туллий Цицерон (б.э.д.106-43 жж.) – атақты адвокат, шешен, жазушы, саяси қайраткер. Цицерон Арпин қаласында дүниеге келді. Ол Римдегі грек оқытушылардан білім алды. Мектепте грек әдебиетінің классикасымен танысты –Гомердің поэмаларымен, драмалармен, шешендік сөздермен. Цицерон философиямен, грек және латын тілінде шешен сөйлеумен, грек тілінен аударумен және поэма жазумен машықтанды. Грек және рим әдебиетінің синтезі Цицеронның жан-жақты шығармашылығында іске асырылды. 17. Цицерон адвокаттық қызметіне б.э.д. 80-ші жылдардың аяғында кірісті. 63 ж. ол консул болып сайланады, сол кезден бастап оның беделі қатты өседі: ол Сенатта басшы роль атқарады, Кіші Азияда проконсул болады. 48 ж. император Цезарь жеңгеннен кейін саясаттан қол үзіп, әдебиетпен айналысады. Сол кезде ол көптеген шығармалар жазды: риторикалық («Брут», «Шешен» - римдегі шешен өнерінің тарихы, стилі туралы), философиялық трактаттар. 18. Геродоттың шығармасы әлем тарихы болып табылады, себебі оның әр жаңа мемлекетті атауы – сол мемлекеттің тұрғындары, салт-дәстүрлері, діні, ескерткіштері туралы әңгімеге айналып кетеді. Мысалы Геродот шығармасы лидиялықтардың ионийлықтарды бағындыруымен басталады. Бұл оқиға Лидия тарихы туралы толық мәлімет беруге ұласады. Дарийдың Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы скифтерге қарсы жорығы Геродотқа скифтер және олардың пайда болуы туралы қызық әрі анық етіп баяндап беруге мүмкіндік береді. 19. Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты — Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды. Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті 21. Геродот (Ἡρόδοτος)– ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар. Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. 22. Аристофан(б. з. д. 445—385 жылдар шамасы) — «комедияның атасы» болып саналады. Аристофан 44 комедия жазған. Олардан толық сақталғаны 11. Олар:"Ахарняндықтар","Салт аттылар","Бүттар","Аралар","Бітім","Құстар","Әйелдер Фесмофорий тойында", "Лucucmpama", "Бақалар", "Әйелдер халық жиналысында","Байлық". Аристофанның басқа комедияларынан 900-ге жуық ұсақ үзінділер, фрагменттер ғана калған. Аристофан комедияларының тақырыбы — әлеуметтік теңсіздікті, идеялық ағымдарды күшейтіп, Афины демократиясының дәстүрлі негізіне нұқсан келтіретін соғыс саясатын сынау болды. Аристофан соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті аңсады. Ол тек шаруалардың ғана емес, бүкіл Грекияның мүддесін айлады. Аристофан комедиялары халықтың театр формаларымен тағыз байланысты еді. Аристофанның ең маңызды сатиралары – әдеби пародияға өте ұқсас. Комедиялық образдардан жазушының өз характерін, мінезін, көркемдік бейнесін толық аңғаруымызға болады. Аристофан – өмірде болған, көзімен көрген жайттарды ғана қағаз бетіне түсіріп отырған. 23. Плутархтың "Салыстырмалы ғұмырнаме" еңбегінің тарихи маңызы. Ежелгі Грекия мен Римнің аса көрнекті қайраткерлерінің өмір жолын баяндайтын “Салыстырмалы өмір жолы” (50 өмірбаян) атты тарихи, көркем өмірбаяндар кітабы — тек ежелгі дүние ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің ең бағалы ескерткіштерінің бірі. Бірақ, Плутархтың танымал жазушы болуына оның «Этика» туындысы емес, «Салыстырмалы өмірнамалар» шығармасы ерекше әсер етті. Ұлы гректер мен римдіктерді салыстыра отырып жазған бұл еңбегі арқылы Плутарх антик әдебиетінен ойып тұрып өзіндік орнын алды. Ежелгі әлемнің ұлы адамдарының ғұмырбаянын жазу арқылы Плутарх өзін шебер әңгімеші, байқампаз, эрудит, гуманистік идеялардың және республикалық бостандықтың жаршысы ретінде таныта білді. «Салыстырмалы өмірнамалар» – тарихи маңызы зор еңбек. Плутарх пайдаланған көптеген мәлімет көздері бізге жетпегендіктен, оның кітабы көп жағдайда біз үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. 24. Әлемнің жеті кереметі жөнінде баяндаңыз. Бұл кереметтердің бүгінгі күнге дейін тек біреуінің ғана сақталуы не себепті деп ойлайсыз? Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайн Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империяқұрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар: 1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған. 2. Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған. 3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған. 4. Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған. 5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған. 6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған. 7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м. Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Көлеміжағынанеңүлкенпирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды. 25. Плутархтын "Салыстырмалы ғұмырнамесіндегі" тарихи тұлғаларды салыстырыңыз. «Салыстырмалы өмірнамалар» шығармасында автор грек-рим елдерінің тарихи тұлғаларын қатар қоя отырып суреттейді. Ғұмырбаянның қорытынды бөлімі көп жағдайда екі қайраткерді «салыстыруға» арналған. Сонымен бірге, еңбекте автор шығармашылығының алғашқы кезеңіне жататын туындылары – жеке адамдардың өмірбаяндары да кездеседі. Рим қайраткерлерін гректермен теңестіру, олардың өмірін салыстыра суреттеу идеясы Плутарх секілді грек ойшылының күшті романофильдік бағытын аңғартады. Плутарх ғұмырбаян жазуды жас кезінде бастады. Алғашында оны Гесиод, Пиндар, Эпаминон сынды Беотияға танымал адамдардың өмірі қызықтырды. Кейіннен Грекияның басқа да облыстарындағы көрнекті өкілдер: Леонид, Аристомен, Арат Сикионский, тіпті парсы патшасы Артаксеркс ІІ туралы жазды. Римде болған уақытында Плутарх гректерге арнап рим императорларының өмірбаяндарын жазды. Кейбір тарихи тұлғалар (мәселен, Тесей мен Ромул – Афины мен Римнің негізін салушылар, Ликург пен Нума Помпилий – алғашқы заң шығарушылар, Демосфен мен Цицерон – ораторлар, Александр Македонский мен Юлий Цезарь – патшалар) салыстыруға өздері бейімделіп, сұранып тұрады. 27. Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера — аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары: Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған, ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі — жануарлар әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің жеті кереметі болып саналатын Артемида ғибадатханасы — Артемиданың құрметіне тұрғызылған. Афина данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған, қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне үйреткен. Гелиос — күн құдайы, Ника (Виктория) — жеңіс құдайы, Арес — соғыс құдайы, Дионис — шарап құдайы, Гермес — сауда-саттық құдайы және тағы да басқалар. Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жайаған Гераклдың мерейі үстем болды. Геракл (Геркулес) — ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, зайыбы — Амфитриона, Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі «Илиада» мен «Одиссея» дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен берілген (мүсін өнерінде «Дем алып тұрған Геракл», әдебиет саласында Софокл мен Еврипидтің шығармалары). 28. Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Миф дегеніміз не? Миф (грек. mythos - баян, аңыз, мысал) – халық творчествосының өте ертеден қалыптасқан ең көне жанрларының бірі. Миф алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние туралы, әлемге әмір етер сыртқы күштер, яғни құдайлар мен рухтар образдары туралы және табиғаттан тыс кұбылыстар мен оқиғалар жөніндегі түсінігі, сонымен қатар осылар жайындағы қалыптасқан мифтер, яғни аңыз-әңгімелер» . 29. Аид (Гадес) —Крон мен Реяның ұлы, Зевс пен Посейдонның бауыры. Титандарды жеңген соң ағайындылар әлемдегі билікті бөліске салды. Жеребе бойынша Аидке өліктердің жер асты патшалығына билік ету бұйырды. Ол жер асты патшалығын әйелі Персефона екеуі басқарады. Ол жер бетіне өте сирек шығады, Олимп құдайларының той-думанына қатыспайды. Аид бәрінен бұрын жер астында сақталған қымбат металдарды және оны көзге көрінбейтін ететін дулығасын қадірлейді. Аид өзгелерге үрей туғызады, бірақ ол аса құдіретті емес. Мысалы, оны Сизиф алдап кетеді, Гераклдың қолынан жарақат алады, Тесей мен Пейритой оның әйелін тартып алуға әрекет жасайды. 30. Ғылымда антика әдебиеті дегенде грек, рим әдебиетін тану қалыптасқан. Біз де антика әдебиетінің тарихын сөз еткенде ежелгі грек, рим әдебиетінің тарихына тоқталамыз. Бұдан әрине, ең ежелгі әдебиет грек-рим әдебиеті деген түсінік тумау керек. Себебі, ең ежелгі әдебиет Мысыр, Вавилон және шығыс әдебиеті екені түсінікті. Көне дәуірдегі грек-рим әдебиеті өзіне дейінгі мысыр, вавилон әдебиетінің жетістіктерін, озық үлгілерін пайдаланып, өз әдебиетіне сіңдіріп отырды. Мысалы, ең алғашқы жазу құралы папирус дейтін болсақ, оны бүкіл еуропа жұртшылығына таратып, танытқан гректер болғанымен, ойлап тапқан мысырлықтар. Папирусты мысырлықтар жазу құралы ретінде б.з.б. ІІІ мыңжылдықтан бастап пайдаланды. Ал Грекияға екі ел арасындағы сауда қатынасы дами бастағанда, яғни б.з.б. VІІ ғасырда келе бастады. Мұны сол дәуірдің лирик ақындарының шығармалары да растайды. Эллиндік дәуірде, яғни б.з.б. ІІІ-І ғғ. аралығында Римде де папирусты кеңінен қолданды. [1] Ніл бойында б.з.б. 331 жылы Александрия қаласы салынып, одан соң бірнеше грек қоныстары орналасқаннан кейін бұл қала маңызды, мәдени әрі ғылыми орталыққа айналды. Мұнда папирустар көптеп шығарылып, әлемнің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп жатты. Грек ақындары папирусты кеңінен қолданды. Бүкіл еуропа аймағында көп уақытқа дейін папирус негізгі жазу құралы болып саналды. Бірақ Мысырдың құрғақ климатына бейімделіп өскен шөптен жасалғандықтан папирус Грекияның ылғалды табиғатында ұзаққа шыдамады. Гректердің папирустан кейін пайдаланған жазу құралы – пергамен болса, оны сириялық шеберлер ойлап тапты. Пергаменнің шығу тарихы да қызық. Елде кітапқа деген қызығушылық артып, соның ішінде Египет пен Пергамның арасында экономикалық және мәдени даму бәсекелестікке ұласқанда египет патшасы Птолемей V Эпифан (б.з.б. 203-181) Пергам қаласына папирус жіберуге тыйым салады (эмбарго). [2] Ол осылайша Пергамның кітапханалық ісінің дамуына тосқауыл қоймақшы болады. Себебі ол пергам патшасы Эвмен ІІ-нің мәдениет саласына ерекше көңіл бөлетінін жақсы білетін. Бірақ Египет патшасының әрекетіне пергамдықтар өздері жаңа жазу құралын шығару арқылы жауап берді. Ол теріден жасалды. Сирия шеберлерінің жасаған бұл жазу құралына олардың туған қаласы Пергамның аты беріліп, пергамен деп аталды. Ол латын тілінде пергамен деп аталса, римдіктер мембрана деп атады. Пергамен жазу құралы жұмсақ, жазуға өте ыңғайлы әрі өшірілетін болды. Тағы бір ерекшелігі оның екі жағына да жазуға болатын еді. Пергаменнің ең жоғарғы сортын дайындау үшін өте жұқа, жұмсақ әрі ашық түсті тері қажет болды. Сондықтан әлі дүниеге келіп үлгермеген қозылар мен лақтардың терісін алу үшін қой, ешкілерді сою қажет болды. Сонда қозы, лақтың терісін пайдаланумен қатар, олардың енелері де пышаққа ілінді. Ал бір кітап үшін ондаған тері қажет болғандықтан, оның бағасы қарапайым халық үшін өте қымбатқа түсті. Сондықтан да алғашында пергамен ісі жай дамығанымен (тек дәулетті адамдар ғана тапсырыс беріп отырды), б.з.б. ІV ғасырда жазу құралы ретінде толық мойындалды. Яғни, гректер өздеріне дейін жақсы дамыған мысыр, вавилон, хет, финикия мәдениетінен қашқан жоқ. Оның озық үлгілерін алып, үйрене отырып, оған өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сіңдіре отырып пайдаланғанда, ол ерекше сипатқа ие болды. 31 Тацит - римнің ұлы тарихшысы. Тацит Публий Корнелий (шамамен 56 – 117) – Рим тарихшысы. Жас кезінен бастап Римде әр түрлі қызметтер атқарды. 88 ж. претор болды. Ол қолбасшы Агриколаның өміріне арнап “Агрикола” (97 – 98), герман тайпаларының қоғамдық құрылысы, діни наным-сенімдері мен тұрмысына арнап “Германия” (98) атты шығармалар жазған. Соңғы еңбегінде бұдан 150 жыл бұрын жазылған Ю.Цезарьдың жазғандарын толықтырды. 102 – 107 ж. жазылған “Көсемсөз шеберлері туралы” деген еңбегінде бұрынғы дәстүрлі көсемсөз өнерінің Флавийлер әулеті тұсында саяси дағдарысқа ұшырағанын айтады. “Тарих” (105 – 111) деп аталатын еңбегі 14 кітаптан тұрды. Онда 69 – 96 жылдардағы Рим империясындағы оқиғалар баяндалған. Бұл шығарманың 1 – 4 және 5-кітабының бас жағы ғана қазіргі уақытқа жетті. Өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Жылнамалар” атты тарихи еңбегі Римдегі 14 – 68 жылдар оқиғаларын қамтиды. Еңбек 16 кітаптан тұрды, оның 1 – 4 және 12 – 15 томдары ғана біздің заманға жеткен. Онда христиан тобы туралы жазылып, Израильден шыққан осы топтың Римді өртегені туралы баяндалады. Тацит өз еңбектерінде Рим империясының кемшіліктерін көрсете отырып, христиандықты аяусыз сынады 32 Тациттің Рим тарихына қатысты еңбектері. “Тарих” (105 – 111) деп аталатын еңбегі 14 кітаптан тұрды. Онда 69 – 96 жылдардағы Рим империясындағы оқиғалар баяндалған. Бұл шығарманың 1 – 4 және 5-кітабының бас жағы ғана қазіргі уақытқа жетті. Өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Жылнамалар” атты тарихи еңбегі Римдегі 14 – 68 жылдар оқиғаларын қамтиды. Еңбек 16 кітаптан тұрды, оның 1 – 4 және 12 – 15 томдары ғана біздің заманға жеткен. Онда христиан тобы туралы жазылып, Израильден шыққан осы топтың Римді өртегені туралы баяндалады. Тацит өз еңбектерінде Рим империясының кемшіліктерін көрсете отырып, христиандықты аяусыз сынады. 33 Ежелгі грек мифологиясы бойынша құдайлардың пайда болуы. Дінтану көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар хтон немесе олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе олимп кезеңі және бертмді немесе героикалық кезең Жаңа құдайлар әлемінің, қоғамының және адамның тұтастығы үшін күрескерлер болып суреттелді. Олардың барлығы әлемнің тең ортасы деп танылған олимп тауына топтастырылды. Осы орталықта айнала қоршаған космом кеңістігі ұғымы қалыптасты. Бұдан шет жақтан, бұрынғы және бір ізге түсірілмеген дүние, жоқ болмыс Хаос деген түсінік орнықты. Олимп кезеңінің алғашқы мифтері жаңа құдайлардың ескі құдайлармен күресін баяндады. Бұл күресте құдайлардың үлкені Зевс титандарды, циклотарды Хаостың өзге құбыбжықтарын жеңіп оларды жердің түпсіз тереңіне-Тартарға салып, әлемді қайта жасайды. Ұлы Ана –Жер бейнесін енді Гера, Афродита, Артимида, Афина сияқты жасампаз әйел құдайларының бейнесіне ауысады. Мифология бойынша Гера Зевстің әйелі: ал қалған үшеуі қыздары болып саналады. Теңіз құдайы Пасейдон мен жер асты дүниесінің құдайы Аид. Олар Зевстің ағалары болып келеді. Арес-Зевстің баласы, ешқандай мән мағынасыз қантөгіс соғыстарының құдайы. Гермес-грек құдайларының ішіндегі ең іскері, жүргіншілердің желеп-жебеушісі, өлген адамдарының жанының жер асты әлеміне сапарына жол бастаушы, Зевстің баласы әрі көмекшісі. 34 Цицерон - шешендік мектептің өкілі. Цицеронның өз шығармаларында дүркiн-дүркiн айналып соғып отырғанын мәселесi — сөздiң әсерлiгi үшiн қажеттi деп табылатын сезiм күйi. Ол өзiнiң ”Шешен туралы” еңбегiнде адамдардың әрекет үстiнде ережелер мен заңдардан гөрi көпшiлiк жағдайда сезiм ырқына жиi берiлiп, соны басшылыққа алатынын, сондықтан шешеннiң аудиторияның сезiм күйiне әсер ете алуы шешендiк өнерде аса маңызды деп атап көрсетедi. Аудиторияның ерекшелiгi мен қызығыушылығын ескере бiлу – шешеннiң биiк мақсаттарға қол жеткiзуiнiң айтулы көрсеткiшi деп есептейдi Цицерон. Сөйлеудiң әсерлiгiнiң астарында рим халқының: ”халық ұлылығын мойындаған шешен ғана ұлы” деген мақұлдауының жатқандығын көремiз. Әрi бұл шешендiк өнердiң ұлы мақсаты да /10:186/. Цицеронның шешендiк өнер iлiмiне арналған еңбектерiнде шешен үшiн сөйлеу композициясы, стилi, сөйлеудегi айшықты тiл оралымдары, сөйлеудiң дыбыстық жағы, артистiк қасиет сияқты тәлiм алатын көптеген жайттар қамтылған. ЦИЦЕРОН Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. — 35 Эзоп мысалдарының ерекшелігі. Эзоп (көне грекше: Αἴσωπος,Эсопос)– б.з.б. 620-560 жылдары өмір сүрген, грек халқының перзенті. Аты аңызға айналған мысалшы. Ол Самостан шыққан Иадмонның басыбайлы құлы болған. Бостандық алған соң Лидия патшасы Крездің сарайында қызмет етеді. Қалай болғанда да, ақиқат – біреу, Эзоптың шыққан тегі – құл болған. Әрі ол кемтар жан болған. Мұны М.Л.Гаспаровтың «Эзоптың өмірбаяны» атты ғұмырнамалық дүниесінде келтірілген: «Эзоп өте ұсқынсыз, қор жаратылған кемтар жан болды. Одной из особенностей басен является аллегория: через условные образы показывается определенное социальное явление. Так, за образом Льва часто угадываются черты деспотизма, жестокости, несправедливости. Лиса – синоним хитрости, лжи и коварства ТИПТИК 1. Классикалық филологияның зерттеу обьектісіне тоқтала отырып, талдау жасаңыз. Классикалық филология ғылымының зерттеитін объектісі – көне грек-рим әдебиеті, тілі, мәдениеті, дәстүрі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, археологиясы, діні, әскери өнері, ғылымы, мифологиясы секілді өзекті мәселелерді қарастырады. 6. Көне Грекия мен ежелгі Римдегі қоғамдық-саяси жағдаят. Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epic кезең- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады –және «мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады.Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі(Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең— (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.). Б.З.Д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мен Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды. 8,Жер асты Аид патшалығын сипаттаңыз Жер астында, тереңде, Зевстің без бүйрек, сұсты ағасы Аид патшалық құрған. Патшалығында қара түнек өзендер ағып жатады. Онда барін де мұзбен құрсандырып тастайтын киелі өзен – Стикс ағып жатыр құдайлардың өзіде осы сумен ант етеді. Онда Кроцит пен Ахеронтта өз толқындарын аударып жатады. Бозғылт Асфодел гүлдері өскен Аид патшалығының қара түнек далаларында өлгендердің ет-сүйегі жоқ , жеп-жеңіл көлеңкелері сусып жүреді. Олар жарық та, түнек те жоқ, өздерінің қам көңіл өмірлерін шағып налиды. Мойнында жыландар ысқырып жүретін үш басты Кербер төбет шығар есікті күзетіп тұрады. 9, Зевс патшалығы: құрылысы, мойралардың қатігездігі неде? Мойры — дочери Зевса и Фемиды (по версии Платона — дочери Ананке, есть также версия, что они дочери Кроноса). Первоначально считалось, что своя Мойра есть у всех людей. С развитием олимпийской религии число Мойр было сведено к трём: Клото́ (греч. Κλωθώ, «Пряха»,) — прядущая (нить жизни). Клото вернула жизнь Пелопу, предрекла Афине девственность. Ла́хесис, также Лахеса (греч. Λάχεσις, «Судьба») — определяющая судьбу жизни (длину нити). Лахесис наблюдала за родами Лето. А́тропос, также Атропа (греч. Ἄτροπος, «Неотвратимая») — неумолимая, неотвратимая участь (смерть). Перерезающая нить. Согласно Гомеру, мойрами, прядущими нить человеческой судьбы, были три сестры - Лахесис («дающая жребий» ещё до рождения человека),Клото(«прядущая» нить человеческой жизни) и Атропос («неотвратимая», неуклонно приближающая будущее). Представлялись они в образе суровых старух: Лахесис с меркой или весами, Клото с веретеном в руке, Атропос с книгой жизни и ножницами - разрыв нити означал смерть. 10, Құдайлар туралы мифтерден өзіңізге ұнаған бір мифті баяндаңыз. «Бүлік алмасы» тіркесінің мәні. Батыр Пелей мен теңіз құдайы Фетида некелесіп, олар ұлан-асыр той жасайды. Тойға Олимп құдайларының барлығы жиналады. Аполлон алтын кифарасымен ғажайып әуендер төгілтіп, әсем саздың аясында Афина, Артемида, алтын шашты Афродита асқан сұлулықтарымен отырған жұртшылықты таң қалдырды. Тойға тіпті қанды қырғынның бәрін ұмытып, соғыс құдайы Арес те қатысты. Тойға келгендер Пелей мен Фетидаға керемет сыйлықтар табыс етті. Осындай бұрын-оңды болып көрмеген керемет тойға барлық құдайлар шақырылғанда, тек дау-жанжал мен ұрыс-керістің құдайы Эрида шақырылмай қалады. Себебі қандай той болмасын шырқын бұзып отыратын Эрида құдайдың тойға келмегенін басқа құдайлар қалаған болатын. Эрида әрине тойға шақырылмай қаламын деп мүлде ойлаған жоқ. Басқа құдайлар секілді ол да тойға дайындалып жүреді. Ал өзінің шақырусыз қалғанын түсінгенде, Хирон үңгірі маңында жападан-жалғыз қалып, әбден ойланып, кек алуға бекінеді. Барлық құдайлар жиналып, шарап ішіліп, тойдың әбден қызған шағында Эрида келеді де, ешкімге байқатпай, столдың үстіне қып-қызыл, әдемі алманы тастап жібереді. Бұл алманы Эрида Гесперидалар бағындағы алтын ағаштан алған болатын. Қызыл алма домалап барып, столдың нақ ортасына тұра қалады. Алманың бір бүйірінде «ең сұлу әйелге» деген жазу бар еді. Манадан бері бір-бірін мақтап, мадақтап, ерекше қуанышпен, ерекше сыйластықпен отырған тойшыл қауым жым-жырт бола қалады. Себебі тойға жиналған әйел-құдайлардың әрқайсысының көкейінде «бұл алма маған ғана тиесілі» деген ой болатын. Тойдың шырқы бұзылды. Себебі, көптеген әйел-құдайлар бұл алмаға таласа бастады. Таласып ұрысып-керісіп, бір-бірін жеңе алмаған әйелдер ренжіп тойдан кетіп қалды. Бір келісмге келе алмаған, бір-біріне жеңістік бермеген, алма маған ғана тиесілі деп ойлаған үш әйел-құдай ғана қалды. Олар отбасы мен неке құдайы – Гера, махаббат пен сұлулықтың құдайы – Афродита, қалаларды қорғаушы, батыр құдай – Афина болды. Үшеуінің алмаға таласқаны соншалық олар «төрелігін айт» деп Зевске барады. Зевс өзінің бұл дауды шеше алмайтындығын білді. Себебі бірі – әйелі, екеуі – қыздары. Қай-қайсысына берсе де, оларды ренжітіп алатынын түсініп, әділдігін айтуды Троя қаласының әміршісі Приамның ұлы бақташы Париске жібереді. Үш әйел-құдай ұшып отырып, Трояның іргесіндегі тоғайда мал бағып жүрген Париске келеді. Олар Париске алманы беріп, әрқайсысы өзінің ерекшелігін айта бастайды. Гера тұрып: «Егер осы алманы маған берсең, мен отбасы мен неке құдайы, сені жер бетіндегі ең бақытты адам етемін» дейді. Әрине, ең бақытты адам – өз отбасына сүйікті де қажетті адам екені түсінікті. Афина болса: «Егер осы алманы маған тиесілі деп тапсаң, мен сен үшін адам баласы естіп көрмеген жойқын ерліктер жасап, сенің даңқыңды шығарамын. Сен атақты боласың» дейді. Афродита өз кезегінде: «Егер алма менікі болса, онда мен саған жер бетіндегі ең сұлу әйелдің махаббатын сыйлаймын» дейді. Парис көп ойланбастан алманы Афродитаға береді. Қалған екі әйел-құдай Париске қатты ренжіп, Троя қаласын жер бетінен мүлде жоқ етіп, жермен-жексен етіп жіберуге анттасып, кетіп қалады. Міне, Пелей мен Фетиданың тойының шырқын бұзып қана қоймай, құдайлардың өзін бір-біріне өшіктіріп қойған, соның салдарынан Троя түбіндегі соғыстың болуына әкелген алма осылайша «бүлік алмасы» деп аталды. Эрида өз мақсатына жетті, құдайларды жанжалдастырып, өш алды. 11 Мифология және дін. Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Дінтану көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар хтон немесе олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе олимп кезеңі және бертмді немесе героикалық кезең. Бірінші хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктерінің негізгі әрі арнасы –асыраушы ұлы Жер ана. Мифология бойынша жер тіршілік белгілері бар. Олар қоршаған ортадан, адамның өзінің қимыл-әрекеттерінен, мінез-құлықтарынан көрініс береді. Көне грек діні көп политрейс діні болып табылады. Гректер тәңірлерін аспанын ең жоғарғы қабатында отыратын болмыстар ретінде суреттейді. Бас құдай Зевс Олимпия тауында отырады. Оның әйелі Гера Аристотельдің айтуынша грек тәңірлері өлмейтін адамдар, олардың ақлақ тұрғысынан артықшылығы болмаған. Гректер өлгендердің өмір сүретіндігіне және дүниеге қайта келетіндігініне сенеді. 12 Көне гректер мен римдіктердің тұрмысы: қалалық мәдениет, қолөнер, ойын-сауық, мекені, киімі. Гректердің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерінің тамыры тереңде жатыр. Гректер ежелгі халықтардың арасындағы дара некелік қағидасын ұстанғандардың алғашқысы.Христиандықты қабылдап, діни сенімге сәйкес, азаматтық некеден басқа неке қию және шоқындыру рәсімдерін өткізеді. Понтийлік гректердің өздеріне тән мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері бар. Дәстүрлі понтийлік гректер үйлерін биік іргетасқа немесе екі қабатты етіп салған, оның бірінші қабаты мал ұстау үшін пайдаланылған. Қазіргі уақытта үйлер кірпіштен және басқа да құрылыс материалдарынан салынады. 13 Посейдон патшалығын сипаттаңыз. Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қорықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді. 14 Көне грек және рим мәдениетінің даму сатылары қандай болды? Ежелгі Грекия мәдениеті. Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик- (көне,ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан 16 Геракл туралы мифтер циклын тарқатып жазыңыз. Гера́кл в древнегреческой мифологии — герой, сын бога Зевса и Алкмены— жены герояАмфитриона. При рождении был назван Алкидом (Ἀλκείδης). Неоднократно упомянут уже в «Илиаде». Среди многочисленных мифов о Геракле наиболее известен цикл сказаний о 12 подвигах, совершенных Гераклом, когда он находился на службе у микенского царя Еврисфея. Культ Геракла был очень популярен в Греции, через греческих колонистов он рано распространился в Италии, где Геракл почитался под именем Геркулеса. В северном полушарии неба расположено созвездие Геркулес. 17 Гераклдың бірінші ерлігінен ескерткіш ретінде тарихта қандай ойын түрлері қалды? Геракл өзінің бірінші ерлігінде Немея арыстанымен күресі кезінде,Геракл шоқпарын найзағайдай жарқ еткізіп, арыстанның басынан күркіреген соққымен қирата соққы берді. Жыртқыш қатты соққыға шыдай алмай жерге құлады, ал Геракл күшті қолдарымен оны қармап алып, бұралып жатқан арыстанның кеңірдегін қысып, тұншыққанша ұстап тұрды. Ал, Молорх бұл уақытта аса таяғына белгі сала отырып Гераклды күтті. Отызыншы белгі салғаннан кейін қойын ағаштан шешіп алып, Аид пен Персефонаға құрбандық шалу үшін оны жардың басына әкеледі. Алайда, жарқабаққа жетпей егінші арыстанның терісін алыстан бұлғап, көңілді келе жатқан Гераклды көріп қалады! — Қойды Зевске бер! — деді батыр Молорхты құшақтап тұрып. — Ал біздің кездесуімізді Немея ойындары арқылы әйгілі ет. 18 "Ариадна жібі" тіркесінің мәні. Ахилле́сова пята́ — послегомеровский миф (переданный римским поэтом Гигином), повествующий о том, как мать Ахилла(Ахиллеса), Фетида, захотела сделать тело своего сына неуязвимым и для этого окунала его в священную реку Стикс. Она держала его за пятку, которой не коснулась вода, поэтому пятка осталась единственным уязвимым местом Ахилла, куда он и был смертельно ранен отравленной стрелой Париса. В настоящее время выражение «Ахиллесова пята» обозначает слабую сторону, «больное», уязвимое место чего-либо или кого-либо. Эта сторона может быть как физической, так и моральной. 26. Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануар |