Есептеу калькуляциясы дегеніміз не? Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу калькуляциясы деп атаймыз. Өнеркәсіптік теміржол көлігінің кәсіпорны, біріккен көлік шаруашылығы және тиеп-түсіру басқармасы өнім бірлігінің калькуляциясында жүк тасымалдарына жұмсалатын шығындар және шығындардың элементтері бойынша тиеп-түсіру жұмыстарына жұм-салатын шығындар: есептеуімен бірге еңбекақы, жанармай және электр энергиясы, материалдар, амортизациялық жарна, жалпы шаруашылық шығындары ескеріледі. ETC элементтерінің өткізу қабілеті Өзара әрекеттесудің режимдерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі көлік жүйелерінің өткізу қабілеті болып табылады.Көліктің әр түрлі түрлері үшін өткізу қабілеті көбінесе анықталған тәуелділік бойынша анықталады.Жүйенің сызықтық элементтерінің өткізу қабілеті – бұл көлік бірліктерінің ең үлкен саны, яғни оны техникалық жарақтандыру және оның прогресшіл технологиясы кезінде берілген уақытта жүйемен қамтамасыз етуі мүмкін: , мұнда Tp – көлік бірліктері, қызмет көрсету үшін пайдаланылатын есептік уақыт мерзімі; t- жүйені үздіксіз пайдалану кезінде көлік ағындары бірліктерінің орташа қызмет көрсету ұзақтығы. Анықталған тәсіл тұрғысынан өткізу қабілетін мұндай сандық бағалау t аралығында қызмет көрсетуші әрбір көліктік бірліктің және үзіліссіз жұмыс істейтін «қатаң» көлік жүйелері үшін дәлелденген болуы мүмкінБұл жағдай нақты жүйеде өте сирек орындалады. Зерттеулер көрсеткендей, көлік процесі үздіксіз әрі ретсіз, яғни белгілі бір заңдылықтарға сүйенбейді. Бұл көлік ағындарының бірқалыпты еместігінен және біртекті еместігінен, техникалық құрылғылардың кездейсоқ істен шығып қалу ұзақтығының сипатына және т.б. байланысты. Сондықтан қолданыстағы және жобалау жүйелері үшін өткізу қабілетін анықтауға ықтималдықты-статистикалық тәсілді мақсатқа сай пайдалану қажет. Кездейсоқ t шамалардың f(t) ықтималдық тығыздығы белгілі болсын. Онда (8.1) формуладан байқалғандай, n ықтималдық сипатын ескеру үшін n = g(t) кездейсоқ шамалардың F(n) ықтималдық тығыздығын табу қажет. Бір мағыналы кері n = h(n) функцияның болатынын ескерсе, яғни t және n кездейсоқ шамалар тәуелділікпен байланысты, ал t қандай да бір аз аралықта жасалады (to; to + dt), n шамасы (no; no+dn) аралығында болады, мұнда nо =g (to). Сондықтан F (n) ықтималдық дифференциалын табуға болады . Ықтималдықты n бөлу тығыздығынан n бөлу функциясына ауысуды былай анықтауға болады, яғни жүйе Тр уақыт аралығында көлік бірліктерінен nр кем емес қызмет ете алады. . Келтірілген өрнектерден, өз кезегінде, өткізу қабілетінің мәні болады. Бұл үшін Р ықтималдығын қабылдау қажет. Көлік жүйелері үшін оны Р = 0,05 [3] деп қабылдау ұсынылады. Нақты есептеулер кезінде (8.2) және (8.3) формулаларды қолдану қиыншылық тудыруы мүмкін, яғни dn салыстырмалы аралыққа рұқсат ету күрделі. Сондықтан мұндай жағдайда имитациялық модельдеу әдістерін пайдалану қажет, Тр мерзімі ықтималдық заңдарының бірімен сипатталуы мүмкін (қалыпты, экспоненциалдық бөлу және т.б.). Практикада көліктің әр түрлерін пайдалануда өткізу қабілеті аралық жолдар (станциялар) бойынша поездардың өту мүмкіндігімен, қозғалыс жолағының сандарымен, автожолдар енімен, жылдамдық сапасымен және көліктің тежеу қабілетімен және т.б. регламенттеледі. Демек, темір жол көлігі үшін аралық жолдың (станцияның) өткізу қабілеті [17] анықталады:бір жолдар үшін поездар жұбы, мұнда τ- станциялық аралық; Т – жұмыстың жалпы уақыты, сағат: - жүк тиелген поездың қозғалу уақыты, сағат; - вагондары бос поездың қозғалысы кезінде шығындалатын уақыт, сағат. Екі жолдар үшін  Әрбір бағыт үшін tгр=tпор=tх кезінде  мұнда tх – аралық жол бойымен қозғалыстың уақыты, сағат.  мұнда ln- аралық жолдың ұзындығы, м; және - жүк тиелген және вагондары бос поездардың аралық жолдармен (станциялардағы) қозғалуағы рұқсат етілген жылдамдығы. Бұдан басқа, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін поездар арасындағы аралықтарды ескеру қажет. Тежеу жолының минимум Smin аралығы ln тежеу жолына байланысты таңдап алынады , мұнда ln- поездың ұзындығы, м; -учаске блогының ұзындығы, м; - кепілдік ара қашықтығы. = және = кезінде тежегіш жол болады. . Тежегіш жол анықталады , мұнда - қозғалыстың орташа рұқсат етілген жылдамдығы, м/с; , - қозғалыс кедергісінің меншікті коэффициенттері; - меншікті тежеу күші, кг/т. Меншікті тежеу күшін былай анықтауға болады  мұнда - тежеу құрылғыларының түрлеріне байланысты тежеу күші, кг; - үйкеліс коэффициенті; - жүк тиелген поездың массасы, т; - вагондардың саны; - жүк тиелген және бос вагондардың массасы, т; Автомобиль көлігін пайдалану кезінде автожолдардың өткізу қабілеті келесі өрнектер бойынша анықталады: бір бағыттағы қозғалыс кезінде , мұнда - машиналар арасындағы уақыт аралығы, мин; - қозғалыс жылдамдығы, км/ч; - машиналар арасындағы аралық, м; - қор коэффициенті. Қауіпсіз аралықтың La шамасы тежегіш жүйесін іске асыруды есептеуден анықталады:  мұнда - жүргізушінің әсер ету уақыты, с; - доңғалақтарды айналдыру инерциясының коэффициенті; - автомашинаның толық ұзындығы (поездың), м; - доңғалақтардың ілінісу коэффициенті; Қарсы қозғалыс кезінде автожолдардың өткізу қабілеті анықталады . -К- Көлік жүйесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары «Көлік» сөзі дегеніміз әдетте: - өзінің белгіленген орны жүктер мен жолаушыларды тасымалдау болатын халық шаруашылығы саласы; - материалдық өнім мен адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені; - жол бойымен қозғалатын бірліктер ағыны; - белгілі бір бекітілген пунктке және нақты мекен-жайға апаратын жүктің жеке партиясы. Қатынас құралы – негізгі жылжымалы құрам, оған теміржол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және басқа көлік түрлері жатады. Қатынас жолдары – жылжымалы құрамның қозғалысына арнап арнайы ыңғайландырылған және жабдықталған жолдар, нақты түрде: рельсті жолдар, автомобиль жолдары, кеме жүзетін өзендер, теңіздер және т.б. Көліктегі техникалық қондырғылар мен құрылыстар тиеп-түсіру пункттарынан, жүк және жолаушылар станцияларынан, порттардан, зауыттардан, жөндеу шеберханаларынан, қоймалардан, сигнал беру құралдарынан және т.б. тұрады. Көлік жүйесі – тасымалдау жасаған кезде өзара тәуелділік пен өзара әрекеттесуде болатын көліктің әр түрлерінің кешені. Көлік жүйесіне ұйымдастыру, оперативтік және басқару функциялары (АСУ, АСУОП т.б.) енеді. «Біртұтас көлік жүйесі» ұғымы көліктің барлық түрлерінің әлеуметтік-экономикалық тұтастығын көрсетеді, бұл мемлекетке, өңірге немесе ірі қалаға тән. Көлік желісі – елдердің немесе жеке өңірдің елді мекендерін байланыстыратын барлық қатынас жолдарының жиынтығы. Ол жеке көлік түрлерінің маршруттық желілерінен (метро, трамвай, автобус және т.б.) түзіледі және әдетте магистральдық желілер мен төменгі желіге бөлінеді. Магистральдық желі жүктерді алыс қашықтыққа тасымалдауды орындайды, төменгі желі жергілікті өнеркәсіп және ауылшаруашылығы жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған. Көлік желісінің тығыздығы деп 1000 км2 келетін желі километрінің санын атайды. Ағын қуатын олардың жүк толымдығын немесе жолаушылар толымдығын желінің 1 км келетін тоннокилометрмен анықтайды. Көлік-экспедициялық операцияларға: қабылдау, орау, таңбалау және жүктерді беру, оларды қысқа мерзімге сақтау, әртүрлі құжаттар мен төлемдерді рәсімдеу, жүкті көлік құралының бір түрінен екінші түріне қайта тиеу жатады. Бір көліктік кәсіпорын жүргізетін тасымалдау жергілікті деп аталады. Аралас қатынаспен тасымалдау - көліктің бірнеше түрлерімен бірыңғай көлік құжаты бойынша жүзеге асырылатын тасымалдау. Көбінесе осындай тасымалдаулар қайта тиемейтін қатынастар үшін пайдаланылады (контейнерлерде, жәшіктерде, вагондарда және т.б.). Халықаралық қатынаспен тасымалдау – мемлекеттен тыс жүзеге асырылатын – сыртқа шығарылатын (экспорт), әкелінетін (импорт) тасымалдар. Көлік процесі – өнеркәсіпте қабылданған «өндіріс процесі» ұғымына ұқсас, жүктер мен жолаушыларды жөнелту пунктінен белгіленген жеріне жеткізуге тікелей байланысты нақты операциялар кешенін бейнелейді. Қандай да бір көлік объектісінің алып жүру қабілеті – бұл жүктің максимум көлемі (тоннамен немесе жолаушылармен), ол жылжымалы құрамның, жанармайды және басқа ауыспалы құралдардың болуына байланысты есептік кезеңде тасымалдануы мүмкін. Алып жүру қабілеті көлік ағынының ең жоғары шамасын анықтайды, өйткені мысалы жолдың өткізу қабілеті онда бірде-бір көлік бірлігі болмаған жағдайдың өзінде де өзгеріссіз қалады. Бірқатар шарттарды ұстанған кезде (жылжымалы құрамды жанармаймен, материалдармен, кадрлармен және көлік бірліктерінің қажетті санымен қамтамасыз ету) өткізу және алып жүру қабілеті практикалық түрде тең болады, сонда тасымалдау қуатының бір ұғымымен операция жасауға болады. Қалыптастыру немесе маршурттау жоспары, көліктің түрлі бөлімшелері дайындайтын құжат болып табылады. Онда поездар мен жеке көлік құралдарын (автомобильдерді, кемелерді ұшақтарды және т.б.) қалыптастыру (бастапқы пункттар) және тарату (соңғы пункттар) пункттары туралы нұсқаулар, сондай-ақ берілген мақсаттағы поезға ғана кіретін жүк ағымының (жолаушылар ағымының) сипаттамалары болады. Маршруттауды дайындау қажеттігі, көлік құралына тиелген жүк, жүру жолында теміржол поезы, автопоезд немесе өзен көлігі тягачын ауыстыруы, буксир, локомотив және басқалары болуына қарамастан, өзінің белгіленген пунктіне дейін жүруі тиіс екенін білдіреді. Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері қатарына тасымалдау көлемі және орындалған көлік жұмысы жатады. Тасымалдау көлемі – бұл белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тасымалданған немесе тасымалдауы жоспарланған жолаушылар мен жүктердің саны. Жүк айналымы белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір қашықтыққа жүктерді тасымалдау бойынша орындалған немесе жоспарланған көлік жұмысын анықтайды. Жүк ағыны – берілген бағытта жүк құрайтын және жүк қабылдайтын пункт арасында белгілі бір уақыт ішінде жүретін жүк көлемі. Тікелей жүк ағыны үлкен шамасы бар бағыт болып саналады. Физика-географиялық жағдайлар көлік жағдайларының ерекше сипатын және массалы жүктерді: жанармайды, металды, тыңайтқышты, халықтық тұтыну тауарларын және т.б. бір өңірден екіншісіне тасымалдаудың айтарлықтай қашықтығын анықтайды. Сондықтан көлік жұмысының маңызды көрсеткіші тасымалдаудың орташа қашықтығы болып табылады, оны жүк айналымы бөлімінің бөліндісі және тасымалдау көлемінің жолаушылар айналымы ретінде анықтайды. Жеткізу жылдамдығы немесе қатынас жылдамдығы –жүктердің немесе жолаушылардың жөнелту орнынан белгіленген жеріне дейін, барлық тоқтап қалу мен аялдамаларды ескеретін, орташа қозғалу жылдамдығы. Бұл жылдамдық көптеген факторларға тәуелді және ең алдымен, жылжымалы құрамның конструкциялық (техникалық) жылдамдығына, көлік процесін ұйымдастыруды жетілдіруге және тасымалдау қашықтығына тәуелді. Техникалық жылдамдық – бұл қозғалыс кезінде көлік құралы қозғалысының орташа жылдамдығы; жылжымалы құрамның аралық және соңғы аялдамаларын ескергенде пайдалану жылдамдығы немесе коммерциялық жылдамдығы. Көлік жұмысын бағалайтын маңызды көрсеткіштер көлік құралдарының өнімділігі, орташа тәуліктік жүрген жолы, еңбек өнімділігі және тасымалдаудың өзіндік құны болып табылады. Көлік құралдарының өнімділігін белгіленген уақытта берілген көлемді орындау үшін жылжымалы құрамның қажетті паркі анықтайды. Өнімділік – бұл көлік жұмысының уақыт бірлігінде жылжымалы құрамның бірлігіне берілген көлемі, яғни  мұнда Р – көлік жұмысы, тгм,; п – жұмысты орындайтын көлік құралдарының саны; t - көлік құралының жұмыс уақыты, сағ. Жылжымалы құраммен жүктерді жылжыту кезінде орташа тәуліктік жүріс көрсеткіші пайдаланылады. Орташа тәуліктік жүрген жолы – бұл жылжымалы құрамның (локомотив, автомобиль, өзі жүргіш вагон, пароход және т.б.) әрбір тәулігіне келетін километрлер саны. Бұл көрсеткіш тасымалдау кезінде көлік құралдарын пайдалану қарқындылығын көрсетеді. Көлік құралын пайдаланудың еңбек көлемділігі – бұл көлік өнімінің бірлігіне келетін еңбекшілердің барлық категорияларының еңбегі  мұнда Тв, Tпр, Top, Тау – машинистерге (жүргізушілерге), жүкшілерге, тиеп-түсіру машиналары операторларына, техникалық қызмет көрсету жөнінде жөндеу жұмыскерлеріне, әкімшілік-басқару аппаратына және басқаларына сәйкес жылдық уақыт шығындары, адам-сағ; Р – көлік құралының өнімділігі, ткм/сағ. Тасымалдаулардың өзіндік құны көлік жұмысының жалпылауыш көрсеткіші болып табылады және тасымалдау құнының көлік жұмысы бірлігіне қатынасын бейнелейді (руб/ткм; тнг/ткм және т.б.). Ол көптеген факторларға тәуелді және кең шектерде құбылуы мүмкін. Өзіндік құны тасымалдау қашықтығы артқан сайын төмендейді. Тасымалдау Q және жүк айналымы Р көлемінің бірқалыпты еместік коэффициентіне сәйкес көрсеткіштің максимум шамасының оның орташа шамасына қатынасымен анықталады:  мұнда және - тасымалдау көлем көрсеткіштері, т (м3); және - жүк айналымы көрсеткіштері, ткм. Q және Р көрсеткіштері арасында өзара байланыс болады: , мұнда - тасымалдаудың орташа қашықтығы жүктің 1т., км. Жоспарлау, есептеу және көлік әрекеттерін талдау тасымалдау көлемін және тасымалдау машиналары жұмысының сапасын өлшейтін көрсеткіштер кешенінің көмегімен жүзеге асырылады. Көлік машиналарын таңдау бойынша пайдалану шарттары Көлік құралдарын таңдау, дайындау және пайдалану кезінде пайдалану шартын ескеру қажет, олар тау-кен-геологиялық, тау-кен-техникалық факторлармен, климаттық және геодезиялық өңір ерекшеліктерімен, кәсіпорынның жергілікті жерде орналасуымен және т.б. тығыз байланысты. Көлік машиналарына әсер ететін пайдалану шарттарын келесі көрсеткіштер: орта, жұмыс кеңістігі және жүктер бойынша жіктеуге болады Орта Орта келесі факторлармен: ылғалдылықпен, шаңдылықпен, газдылығымен, жемірлігімен, температуралық құбылыстармен және көлік жұмысын қиындататын басқа қасиеттермен сипатталады. Орта ылғалдылығы көліктің жылжымалы құрамы пайдаланатын бетіне түсетін атмосфералық жауын-шашындарға немесе пайдалы қазбалардың немесе тау жынысының ішінде 2,0 м3/сағ ағындар кезінде жағымсыз деп саналатын тау жыныстарының сулылығына байланысты. Ылғал көлік машиналарына теріс әсер етеді: металл коррозиясын, машина тетіктері мойынтіректері майларының шайылуы, қажалатын беттердің қатты тозуы және т.б. қозғалтқыштан тартым күшін жұмыс органына үйкеліс арқылы (конвейер таспасы мен барабан арасында, локомотив доңғалағы мен рельс арасында, автомобиль шиналары мен ылғалды жол жабыны арасында) жіберу кезінде орта ылғалдығы ілінісу коэффициентінің азаюын тудырады, осының салдары ретінде таспаның, доңғалақтың немесе шинаның тұрып қалуын тудырады. Сонымен қатар ортаның ылғалдығы бірқатар жағдайларда оның металл коррозиясына әкелетін химиялық белсенділігімен (орта агрессиялығы) үйлеседі (конвейердегі сапты, жақтауларды, локомативтердегі доңғалақтар мен рельсті және т.б. бағыттаушы). Коррозиямен күрестің жалпы мемлекеттік маңызы бар, себебі [5] дайындайтын металдың 30 % жуығы коррозия құрайтыны белгілі. Осы көрсеткішті төмендету үшін қоспаланған болатты, полимер материалдар түрінде коррозияға қарсы жабындарды, арнайы бояулар мен лактарды қолданады. Жұмыс кеңістігі Көптеген жағдайларда көлік машиналары жұмыс жасайтын жұмыс кеңістігі жұмыс орнының тарлығымен және тұрақсыздығымен, көлбеу орналасуымен және көтерілу мен түсуде ауыспалы бұрыштармен, жоспар мен пішінде қисықтығымен, үлкен созылыңқылығымен және т.б. сипатталады. Сондықтан көлік құралдары биіктігі, ені, ал кейде ұзындығы бойынша жинақтылығымен ерекшеленуі тиіс. Мысалы, вагондар мен локомотивтер ені темір жолда рельс жолдарының ені және қозғалыс кезінде төзімділігі бойынша регламенттеледі; ұзындығы автомобиль көлігінде бұрылу кезінде қисықтар ішіне жазылған параметрлер бойынша таңдап алынады, габариттік параметрлері автожолдың өтетін бөлігінің ені және көпірлерді, эстакадалар, троллейлік өткізгіштер және т.б. қиып өткен кезде биіктігі бойынша - ұйғарымдық жағдайына; конвейерлік көлік галереяларында, шахта қазбаларында және т.б. шахта қазбаларында орналастыру жағдайынан таңдап алынады. Жұмыс орнының тұрақсыздығы шахталарда, карьерлерде, кеніштерде, порттарда және теміржол станцияларында (әңгіме белгілі бір жерлерге бекітілмеген көліктің магистральдық түрі жайында) парктің түрлі өнімдер жеткізушілер мен тұтынушылар және т.б. автомашиналарына қызмет көрсету кезінде жұмыстың жылжымалы сипатынан шыға отырып анықталады. Бұл талап технологиялық ерекшеліктермен және орындалатын операциялар сипатымен ұсынылады, бұл жоғары маневрлі көлік құралдарын жасау қажеттілігін, тиеу-түсіру айла-амалдарын орындау кезінде ұтқырлықты, бірқатар жағдайларда (шахталарда, карьерлерде, кеніштерде) құрастыру-бөлшектеу, қысқарту-ұзарту, тасымалдау және жылжыту жеделдігінің қажеттігін байланыстырады. Динамикалық күштер тетіктер мен түйіндердің қажуда ұзақ мерзімділігінің төмендеуіне, ал кейде олардың деформациясы немесе сынуына алып келеді. Сондықтан машиналарды ерекше пайдалану жағдайы үшін конструкциялау кезінде көлік құралдарын жасаушылар энергия-механикалық сипаттамалары, қуаттары, беріктігі және басқалары бойынша динамикалық күштерді, циклдік жұмыс сипатын және жүктің біркелкі тиелмеуін есепке алу мақсатында біршама резерв салады. Мысалы, көлік машиналарында пайдаланылатын тартқыш арқандарда беріктік қоры - 6 бастап 11 дейін, тізбелер - 6 бастап 8 дейін, тетіктер беріктігінің қоры кемінде 2,5 және т.б. болуы керек. Көлік түрлерін таңдау бойынша жалпы ұсыныстар Жүк көлігінің және жолаушыларды тасымалдау түрін таңдау кез келген мемлекетте өнеркәсіптік өндірістер мен елді мекендерді құруда және қызмет етуінде басты мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай осындай таңдаудың ағымдық және перспективалы жағдайларын айыра білген жөн. Ағымдық жағдайда көлік қызметін пайдаланушылар өңірдегі көлік түрлерінен таңдау жасайды, сондықтан осындай тәсіл көбінесе, әсіресе жүк тасымалдау саласында шектеулі. Алайда экономиканы дамыту мен құрылымдық жағынан қайта құру және тасымалдау көлемдерінде айтарлықтай өзгерістер мен өндірістік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының географиялық орналасуы кезеңінде осындай таңдау көліктің стратегиялық (перспективалы) түрлерінің пайдасына кеңейтілген болуы керек, олар мемлекеттің көліктік-жол кешенін дамытуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Жалпы жағдайда көлік машинасы келесі: эргономикалық, техникалық, эксплуатациялық, технологиялық, экономикалық және арнайы талаптарды қанағаттандыруы керек. Эргономикалық талаптарға қауіпсіз және қолайлы (жайлы) басқару органдарын, қызмет көрсету шаралары мен машинаға жақын жерде адамдарды табу жағдайын жасау енеді. Осы талаптар, әсіресе тау-кен өндірісі өнеркәсібінде жұмыс істейтін машиналардың ауыр жағдайларын ескеруі тиіс. Адам мен көлік машинасының қауіпсіз өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету айтарлықтай дәрежеде қауіпсіздік ережелерінде, пайдалану жөнінде нұсқаулықтарда немесе басқа нормативтік құжаттарда айтылады. Жалпы пайдалану ережелерінен басқа, бірқатар жағдайларда, қоршаған ортаға және жұмыс істеп жатқан машинаға жақын тұрған адамдардың зақымдалуын болдырмайтын көлік машиналарының жұмысы кезінде қосымша қауіпсіздік шаралары қарастырылуы тиіс: қозғалыстағы бөліктерін немесе тиеу-түсіру жұмыстары жүріп жатқан аймақтарды қоршау, адамдардың электр қоректендіргішке немесе басқа жарақат алу қаупі бар жерлерге (мысалы, қосқыштарда, сөндіргіштерде, электровоздарды басқару пульттері және т.б.) түспеуіне кедергі болатын блокадалау құрылғылары мен ажыратқыштарын енгізу, көлбеу беттерде жұмыс істейтін көлік құралдарына ұстағыштарды, кідірткіштер немесе парашюттер қолдану және т.б. Санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау да маңызды эргономикалық талап болып табылады: оператордың (жүргізушінің, машинистің) жұмыс орнына тиісті конструкциялары қолайлы жағдай жасайды, олар шуылды басатын немесе дірілді жұтатын құралдарды қолдану есебінен шуыл мен дірілдің санитарлық нормаларға дейін төмендеуін қамтамасыз етеді, тығыздауларды пайдалану есебінен шаңның, ылғалдың және т.б. кіруін болдырмау қамтамасыз етіледі. Шуыл мен дірілдің зиянды әсерімен күресу шынайы түрде жүргізілуі тиіс, себебі олар адамның жұмыс өнімділігіне, шаршағыштығына және денсаулығына әсер етеді. Сондықтан шуыл (75 ДБ), дірілдің нормативтік деңгейін арттыру кезінде оператордың кабинада болу уақыты және т.б. бойынша арнайы нормалар енгізілген. Жаңа заманғы көлік машинасы автоматтандыру және телемеханика элементтерін (мүмкін болатын жерде) пайдаланатын қарапайым және ыңғайлы басқару органдары, сыртқы түрі жақсы, маневр жасау ыңғайлылығын және жылдамдық сапасын қамтамасыз ететін сүйір формалы, сондай-ақ жаңа заманғы эстетикалық түрі болуы керек. Локомотивтер, автомобильдер машинистерінің кабиналары, жолаушылар вагондарының салондары антропометрлік талаптарды қанағаттандыруы тиіс, яғни өзінің пішіндері мен өлшемдері бойынша адам денесінің пішінімен байланысты болуы керек. Техникалық талаптар қарастырылатын түрлендіруді базалық ретінде қабылданған машинамен салыстыруға негізделген көлік машинасының сапасы деңгейін бағалайтын көрсеткіштер жасаумен шектеледі (отандық үздік немесе шетелдік үлгі). Салыстыру базасы ретінде түрлі техникалық параметрлер (өнімділік, жылдамдық, энергия сыйымдылық және т.б.), сенімділік және ұзақ мерзімділік, технологиялық (стандарттау деңгейі және үйлестіру), пайдалану үнемдігі мен тиімділігі, патентке қабілеттілік, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеттілік қабылданады. Пайдалану талаптары техникалық сипаттама көрсеткіштерінің өзінің белгіленген орнына сәйкестігінен тұрады. Бұл, көлік машинасы жобада қарастырылған барлық қызметті, берілген бағдарлама бойынша технологиялық операцияларды орындауы тиіс дегенді білдіреді. Машина түйіндері техникалық қызмет көрсетуге ыңғайлы болуы тиіс: тасымалдауға жарамды, майлау мен бекіту, тозған тетіктерін және т.б. ауыстыру үшін қол жетерлік болуы керек. Анағұрлым күрделі блоктары алмалы-салмалы болуы қажет. Пайдалану кезінде қызмет көрсетудің еңбек көлемділігі минимум болуы керек. Бұл үшін конструкцияда ұзақ мерзімдік майлағышты қолдануды, барлық түйіндерін құрастыру-бөлшектеуді қамтамасыз етуді, автоматты реттеу элементтерін, қалыпсыз жұмысты сигналдау аппаратурасымен жабдықтауды және басқаларын қарастырған жөн. Технологиялық талаптар дайындаушы зауытта дайындау құнын төмендетуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Осы мақсаттар үшін зауытта арнайы жабдықтар: штамптар, кондукторлар, өлшегіш аспап дайындайды. Дайындаушы зауытта құжаттарға технологиялық жұмыс жасау кезінде бұйымдарға үйлестірілген және стандартты тетіктерді, зауытта дайындайтын тетіктерді қолдану мүмкіндігіне, қолданыстағы штамптарды, аспаптар стапельдерін пайдалану арқылы бағалау жүргізіледі. Арнайы талаптар көлік машинасының нақты түрімен және оның белгіленген орнымен байланысты, сондықтан да алуан түрлі. Сонымен, мысалы көлік машиналары басқа агрегаттық кешендермен жұмыс істеуге ыңғайландырылған болуы, басқа көлік буындарымен өзара әрекеттесуді және сәйкес орындауды (тропикалық, солтүстік, жарылуға қауіпсіз) қамтамасыз етуі тиіс. Көлік құралдарын таңдау кезінде олар: а) болуы мүмкін әрекеттер арасында анағұрлым үнемді және тиімді болуы; б) берілген жүк ағыны көрсеткіштерінің барлық жиынтығына – оның қуатына, жүктің габариттік өлшемдеріне және оның физика-механикалық қасиеттеріне жауап беруі; в) кәсіпорында және оның әрбір учаскесінде өндіріс технологиясы ерекшеліктеріне жауап беруі; г) максимум жұмыс өнімділігін және қауіпсіздік техникасын сақтау үшін анағұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі; д) жақын перспективада техника деңгейіне сәйкес келуі тиіс екенін ескерген жөн. Көлік түрін алдын ала таңдау үшін келесі негізгі басымдықтар мен әр түрлі көлік кемшіліктерін басшылыққа алған жөн. Көлік құралдарын өңдеудің бірыңғай технологиялық процесі Тораптарда әр түрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттесудегі технологиялық процесінің барынша жетілдірілген нысаны бірыңғай технологиялық процестер (БТП) болып табылады. БТП – бұл қызмет көрсететін кәсіпорындарда өндірістік циклді және тасымалдау процесінде бірыңғай ырғақты қамтамасыз ететін өзара әрекеттесу пункттеріндегі жолаушылардың қызмет көрсетуі мен көлік бірліктерін өзара өңдеу технологияларын байланыстыратын көлік түрлерінің тораптарындағы өзара әрекеттесетін жұмыстарды оңтайлы ұйымдастыру жүйесі. БТП бойынша жұмыстарды ұйымдастыру кезінде мынадай мәселелер шешіледі: - өнеркәсіптік көліктің кірме жолдарда поездар вагондарында және құрамында операцияларды орындаудың бірыңғай графигін әзірлеу; - тасымалауды маршруттайтын бірыңғай технологиямен, поездарды, кемелерді, автопоездарды құрастыру жоспарларымен және т.б. орайластыру; - уақыт және кеңістік бойынша жүктерді тиеу-түсміру ырғағын қамтамасыз ету; - жөнелту пунктінен тағайындау пунктіне дейін жүктердің барлық жүру жолдарында қозғалыстың келісілген графиктерін әзірлеу; - пункттер арасындағы жылжымалы құрамның жүру тәртібін әзірлеу, яғни тасымалдауды маршруттау. Бұл жерде тасымалдауға кететін минимум шығындармен маршруттар жиынын, яғни автомобильдің минимум жалпы жүрісін (локомотивтер, кемелер және т.б.) іздеу түрінде болады. БТП келесі бірізділікте әзірленеді: а) өзара әрекеттесу тізбегіндегі жұмыс технологияларының кемшіліктері және техникалық жарақтандыру бойынша шектейтін элементтерді анықтайды, оларды жою маңызды материалдық шығындарсыз өзара әрекеттесу жағдайын елеулі жақсартуға мүмкіндік береді; б) өзара әрекеттесу пункттері арасындағы торапта жүктерді тасымалдау көлемін ұтымды бөледі. Көлік құралдарымен, салмақ нормасымен, беріліс поездардың, кемелердің, автомобильдердің санымен, берілістерді беру тәртібі арқылы операцияларды жүргізу тәртібі анықталады; в) кемелер, вагондар, автомобильдер үшін норматив бойынша техникалық, маневрлік, коммерциялық операциялардың ұзақтығы анықталады, сол үшін құжаттарды өңдеу графигін, тиеу-түсіру механизмдері жұмысының технологиялық графиктері әзірленеді. Оларды құрастырғаннан кейін жылжымалы құрамның өнімділігін арттыру және операциялар цикліне арналған уақытты қысқарту мақсатында операцияларды үйлестіру мүмкіндігі анықталады; г) өңдеу графиктерін құрастырғаннан кейін өзара әрекеттесудің маңызды жағдайын сақтауды алдын ала тексеріп, бірыңғай тәуліктік график-жоспарын әзірлеуге кіріседі. Бұл ретте мынаны ескеру керек, бұл: 1) құрылғының өткізу (саңылаулы) қабілеті (N) S-лі және S+1 көлік түрлері, жотадан асатын "К-м" пунктте эквивалентті болуы тиіс, яғни . Басқаша айтқанда, келудің есептік аралығы және өзара әрекеттесу пунктінде көлік құралдарын жөнелту оларды өңдеудің технологиялық аралығына сәйкес келуі тиіс  мұнда және -j-лі көлік бірліктерін тиеу (түсіру) ұзақтығы . және - Nk көлік құралдарының келу және жөнелтуіне немесе кейбір уақыт арылығы ішінде келетін qк жүктердің санына сәйкес есептік аралығы, жотадан асатын К-лі пунктте ауыстырып тиеу шебіне сәйкес келетін Nkj (Пkj) лимиттеу элементтерінің өткізу қабілетінен асып кетпеуі тиіс, яғни немесе . 2) S- және S+1 көлік түрлерінің жүк тиелген және жүк тиелмеген бос құрамдарының өзара әрекеттесудегі К-лі пункттегі күнтізбелік мерзімдер уақыт бойынша келісілген және өнімдерді шығару режимдерімен синхрондалуы тиіс; 3) S-лі көлік түрінің өзара әрекеттесу пунктіне берілетін жүктердің берілген түрі үшін бос тоннаждың саны (Q), S + 1 көлік түрімен келетін жүктердің санына сәйкес келеді, яғни , , мұнда - қоймада жиналып қалған жүктердің саны. Көліктің әр түрлі құралдарын салыстыру әдістері Көлік құралдарын оңтайлы қолдану саласын анықтау кезінде олардың техникалық-экономикалық салыстыру әдісін дұрыс таңдау барынша маңызды болып табылады. Белгілі бір технологиялық жұмыс жағдайлары үшін көлік машиналарының оңтайлы нұсқасын таңдау кезінде олардың өндірістік процестерге сәйкестігін басшылыққа алады (біз бұл туралы жоғарыда атап өттік), бірақ басқа тең жағдайда мына формула бойынша анықталатын минимум келтірілген шығындар бойынша экономикалық бағалауды келтіреді  мұда - i-лі нұсқа бойынша жылдық пайдалану шығындары; - i-лі салыстыру нсұқасы бойынша қосынды күрделі шығындар; - нормативті тиімділік коэффициенті. Сi, және Кi, көрсеткіштері меншікті салымдар түрінде, барлық құрамдас пайдалану шығындары есебінен жылдық жұмыс көлемінің өзіндік құнының және күрделі салымдардың толық қосындысы түрі ретінде қолданылуы мүмкін (энергия, материалдар, амортизациялық аударымдар және т.б.). Қысқа шығындардың теңдігі кезінде немесе салыстыру процесінде олардың жақындығы кезінде техникалық көрсеткіштер бойынша көлік машиналардың артықшылықтары мен кемшіліктерін басшылыққа алу қажет (техникалық сипаттама бойынша). Көлік машиналарын салыстыру базасы үшін бірқатар авторлар көліктің шартты бірлігі - тасымалдау процесін барынша толық бағалайтын қуатты (QL, ткм/ч) қабылдауды ұсынады 5]. Осындай әдістеме бойынша көлік құралдарын негізгі тағайындауға сәйкес келетін функционалды критерий бағаланады: уақыт бірлігінде берілген ара қашықтықта жүктің белгілі бір көлемін жылжыту. Ағынды көлік жағдайында функционалдық критерий λ тең  Циклдік көлік үшін тм/ч, мұнда F – ағынды көлік қондырғыда жүктің көлденең қимасының ауданы, м2; - жүктің үйінді тығыздығы, т/м3; - жүк қозғалысының жылдамдығы, м/с; L – жүк жылжытылатын ара қашықтық, м; V – көлік ыдыстарындағы жүктің көлемі (шанапта, вагонда), м3; z – көлік ыдыстарының партиядағы саны (құрамдағы); п – сағатына машинаның жүргізетін циклдің саны; Q – көлік машинасының өнімділігі, т/ч (м3/ч). Көліктің әр түрлерін салыстыру кезінде бірқатар жағдайларында өнеркәсіптің белгілі бір салаларына арналған кестені тиімді қолдану аймағын басшылыққа алады, бұл ретте алыс ара қашықтықта жүк ағындарының елеулі көлемі кезінде көліктің ағынды циклін таңдайды, қысқа ара қашықтықта көліктің ағынды түрі неғұрлым тиімді деп саналады. Көліктің түрлерін және олардың комбинациясын қолдану шекарасы мен аймағын таңдау үшін келтірілген түсініктер бағдарлы критерийлер ретінде қызмет етуі мүмкін; ақырғы таңдау нұсқалардың әдісі бойынша бәсекеге қабілетті көлік түрлерін техникалық-экономикалық салыстыру арқылы жүргізілуі тиіс. Көлік құралдарының қолданыстағы түрлері үшін техникалық-экономикалық салыстырулар қолайлы, оның негізіне жүк ағындарының нақты сұлбасындағы шығындар және нақты пайдалану жағдайы есебінен 1 т тасымалданатын жүктің құны қабылданады. Алайда көлік машиналарының жаңа түрлерін әзірлеу және оларды қолдану саласын анықтау кезінде мұндай салыстырулар көбінесе мүмкін емес немесе объективті емес, яғни олардың құрылуына жұмсалатын нақты шығындарды бағалау (сызбаларды жобалау, сынау, түзету, өндіріс технологияларын дайындау және т.б.) және пайдалану жағдайын өзгертуді жобалау өте қиын. Мұндай жағдайда техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша салыстырумен шектелу жеткіліксіз, сондықтан көліктің салыстырылатын түрлерін объективті бағалау үшін қолданыстағы көлік түрлерін және болашақта жасалатын көлік түрлерінің сапасын бағалаудың кешенді әдістері пайдаланылады. Бұйымның сапасы деп оның тағайындалуына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырудағы оның жарамдылығына байланысты бұйымдардың қасиеттерінің жиынтығы аталады. Бағалаудағы негізгі элемент оның сапасы ең озық жаңа (базалық) үлгілерімен салыстыру бойынша бұйымдардың техникалық деңгейі болып табылады. Бұл жағдайда сапаның салыстырмалы деңгейін мақсатқа сай өлшеу керек, яғни бұйымдардың сипаттамасының барлық маңызды өзгерістері туралы ақпараттарды енгізеді. Басқаша айтқанда, сипаттаманың өзгеруі бұрын ескерілетін параметр мәндерінің маңызды өзгерістерінің немесе жаңа қасиеттерінің пайда болуымен байланысты. Көліктің әр түрінің негізгі басымдықтары мен кемшіліктері Теміржол көлігі ең кең таралған түр болып табылады. Теміржол көлігінің негізгі жетістіктері төмендегілер болып табылады [7]: - шексіз тасымалдау ұзындығы кезінде үлкен салмақты поездардың айналымы және жаңа заманғы байланыс құралдарын қолдану арқылы қол жеткізілетін теміржол жолдарының жоғары өткізу қабілеті есебінен тасымалдаудың үлкен көлемін игеру мүмкіндігі; - көлік құралдарының рельс жолдармен қозғалысына аздаған меншікті кедергілер (поездың 1 кг салмағына 2-2,5 кг дейін), осының арқасында жүк бірлігіне келетін энергия шығыны болмашы; - тартқыш қозғалтқыштарды қозғалысқа келтіру үшін отын мен электр энергиясының әр түрін пайдалану мүмкіндігі; - жылжымалы құрамның жоғары беріктігі, сенімділігі және айтарлықтай қызмет ету мерзімі (20-25 жылға дейін), осының салдарынан оларды жөндеу, ұстау және амортизация шығындары салыстырмалы түрде зор; - үлкен салмақты құрамдармен жүктерді тасымалдау кезінде қызмет көрсететін шағын поезд штаттары; - жылжымаы құрамның жылдың кез келген мерзімінде және кез келген климаттық жағдайларда жұмыс істеу сенімділігі (басқа көлік түрлерімен салыстырғанда); - үйлмелі (көмір, құм, цемент, қиыршық тас), құйылатын (мұнай, спирт, су) және даналанған (ағаш материалдар, металл илектері, құбырлар) жүктердің әр түрін, сондай-ақ, жабдықтар мен машиналардың дайын бұйымдарын бір мезгілде тасымалдау мүмкіндігі; - ірі габаритті емес кесектерді тасымалдау мүмкіндігі; - тасымалдаудың анағұрлым төмен құны, өзіндік құны; 1 т.км құны автомобильмен тасығанға қарағанда 3-5 есе аз және конвейерлік көлікке қарағанда 5-7 есе аз. Осы қасиеттерімен қатар рельстік көлікте біршама айтарлықтай кемшіліктер де бар, олардың санына: - жүктік бағыттағы жолдардың кіші ұйғарымдық еңістері (25-40 %о аспайды), бұл айналма жолдарды пайдалану немесе көтерілу бұрыштарын азайту бойынша вертикаль жоспарлаудың айтарлықтай көлемі үшін алғышарттар жасайды; - локомотивтердің жүру бөліктері конструкцияларынан (қатты базадан) туатын жолдардың үлкен дөңгелену радиустары; әдетте радиустары 100- 120 м тең, бұл жолдарды трассалау кезінде қиындықтар тудырады; - рельс жолдарды салуға арналған айтарлықтай аудандар, қызмет көрсету персоналына айтарлықтай қажеттілік; - құрамды тиеуге және түсіруге байланысты тоқтап тұрудың ұзақ мерзімі; - жеткіліксіз маневрлік, соның салдарынан жүктер арнайы алаңдарға немесе станцияларға жеткізіледі. Тасымалдау көлемі бойынша екінші орынды автомобиль көлігі алады. Автомобиль көлігін пайдаланудың кең аймағы оның келесі қасиеттерімен түсіндіріледі: - жұмыста икемділігі, қозғалмалылығы және маневрлігі, бұл теміржол көлігімен салыстырғанда алаңдарды үнемдеуге мүмкіндік береді; - шағын күрделі салынымдар кезінде тасымалдау қарапайымдылығымен және айтарлықтай қашықтықпен; - жүктердің айтарлықтай габариттерімен шоғырланған тасымалдау мүмкіндіктерімен; - кез келген белгіленген нүктелерде өзі түсіру мүмкіндігімен. Автомобиль көлігінің кемшіліктерінен: - пайдаланудағы үлкен еңбек көлемділігі, себебі әрбір автомобильде жүргізуші болуы керек; - сұйық отын мен майлау материалдарының салыстырмалы үлкен шығындары, бұл тасымалдаудың өзіндік құнын өте жоғары етеді; автомашиналар құны да жоғары, тасымалдау құнының 20-25 % жетеді; - шағын экономикалық тиімді тасымалдау қашықтықтары; - жұмыстың климаттық жағдайларға байланыстылығы; лайсаң, қар, жаңбыр жуып тұрған, көк тайғақ және т.б. кездері өнімділігінің төмендеуі; - күтіп ұстау мен жөндеудің жоғары құны; - жиі сақтандыру және күрделі жөндеуге алып келетін қозғалтқыштардың, шиналардың және басқа тетіктерінің тез тозуын атап өткен жөн. Конвейерлік көлік тұрақты жағдайларда: карьерлерде, шахталарда, металлургиялық және машинажасау зауыттарында кең таралған, алайда магистралдық көлік ретінде практикалық түрде қолданылмайды; Конвейерлік көлік қасиеттері төмендегілермен шектеледі: - шикізатпен бірқалыпты және үздіксіз жабдықтау жағдайын жасайтын тасымалданатын материал ағынының үздіксіздігі, кәсіпорын жұмысының ағымдылығы мен ырғақтылығы; - қызмет көрсететін персоналдардың санының теміржол және автомобиль көлігіндегіге қарағанда бірнеше есе аздығы; - электр энергиясының салыстырмалы түрде шағын және бірқалыпты шығыны (немесе энергияның басқа түрінде); - конвейерлік желілер жүйесін автоматтандыру және орталықтандырып басқару мүмкіндіктері; - биіктердің үлкен деңгей айырмасын игеру мен тиеу және түсіру пункттары арасындағы қашықтықты азайту мүмкіндіктері. Конвейерді пайдалану кезінде кемшіліктер: - қатты жемірлі тау жыныстарын жеткізу кезінде таспалардың немесе басқа тартқыш элементтердің жылдам тозуы; - тасымалданатын материал ірілігін жүк тасушы орган енінің параметрлері бойынша шектеу (150-200, сирек 300-400 мм); - климаттық жағдайларға тәуелділігі: қатты аяздарда, ұзақ жаңбыр кезінде жабысу, көлік материалының қатуы орын алады; - тасымалдау ұзындығы көп болғанда қайта жүктеу пункттары мен күш қондырғыларының айтарлықтай саны; - бір буынның сынуы кезінде барлық конвейерлік желінің тоқтауы. Осылайша, көлік түрін таңдау кезінде сол немесе басқа көлік құралының қасиеттері мен кемшіліктерін алдын ала өлшеу қажет. Алайда нұсқалардың экономикалық тиімділігін бағалау кезінде түпкілікті таңдау жасалуы мүмкін. Құбыржол көлігі сұйық немесе газ тәріздес жүктерді ғана емес, сондай-ақ, ұсақ бөлшектелген кесекті шаң тәріздес жүктерді де сұйық немесе ауа ортасында тасымалдау үшін қолданылады. Көлік құралдарының сапасын және оның техникалық деңгейін бағалау әдістері Бұйымдардың сапасын бағалау әдістері екі топқа бөлінеді: а) дара көрсеткіштер бойынша сапаның деңгейін бағалау үшін қолданылатын дифференциалдық бағалау әдістері; б) дара көрсеткіштердің жиынтығы бойынша сапаны бағалау үшін қолданылатын кешенді бағалау әдістері. Жалпы жағдайда көлік құралдарының салыстыру және техникалық деңгейді бағалау келесі бірізділікте жүргізіледі [16, 17]: 1. Көлік құралдарын пайдалану жағдайын талдау жүргізіледі; көлбеу бұрышы, жүк сипаттамасы (ылғалдық, кесектілігі, жемірлігі және т.б.), климаттық жағдайы, трассаның қисық сызықтығы, ұзындығы және т.б. 2. Көлік құралдарына оларды ерекше пайдалану жағдайы есебінен қойылатын талаптар әзірленеді. 3. Көлік құралдарының түрін таңдау жүргізіледі және бастапқы есептік параметрлер анықталады. 4. Жүктің түрі бойынша ерекше пайдалану жағдайы есебінен λ функционалдық параметрдің мәндері (барынша ауыр және кесекті) және тасымалдаудың шекті ұзындығы анықталады. 5. Техникалық деңгейдің дара көрсеткіштерін таңдау мен негіздеу, сондай-ақ осы көрсеткіштердің өзгерту шектері (аралықтары) жүргізіледі. 6. Функционалдық параметрге қатынасында дара көрсеткіштері арасындағы тәуелділік түрі белгіленеді және түрлердің меншікті мәндері арқылы оларды есептеу жүргізіледі , мұнда bij – қарастырылатын параметрлердің мәндері; i – |