МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Жоспарлау базасы дегеніміз не?





Нарықтық экономикаға ауысу шарттарында бұрынғы қолданылған әдістер және пайдалану шығындарды темір жолда жоспарлау реті өзгереді. Жоспарлау базасы дегеніміз - бұрынғыдай квартал бойынша бөлінген тасымалдың жылдық жоспары. Пайдалану шығынды жоспарлау - шығын элементі мен шығын статьясы арқылы жүзеге асады.

 

Жаңа заң шығару және нормативтік базаларын қалыптастыру шаралары бойынша қандай міндеттер шешіледі.

-тауарлы-материалдық құндылықтардың жеке түрлері бойынша барлық айналмалы құралдар қорларының мөлшерін; айналмалы құралдардың әрбір элементі үшін және жалпы кәсіпорын үшін айналмалы құралдардың нормативтерін.

Жылжымалы құрам сапасын пайдалану көрсеткіштері

Көлік құралдары «тұтынылмай» (яғни тұтыну өнімдері болып табылмайды) пайдалану кезінде өз ресурсын жұмсай отырып, «пайдаланылатындықтан» сапа көрсеткіштері пайдалану жағдайларына қатысты қарастырылады және сапаның пайдалану көрсеткіштері деп аталады.

Өнім (бұйым) сапасы жалпы жағдайда – белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оның жарамдылығына байланысты жиынтық. Сапа көрсеткіші өнімді шығару немесе тұтыну жағдайларына қатысты қарастырылатын оның бір (бірлік көрсеткіш) немесе бірнеше (кешенді көрсеткіш) қасиеттерін сипаттайды.

Жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігі жүктерді әрекеттегі нормалар мен ережелерді сақтап, ең аз материалдық және еңбек шығындарымен тасымалдау арқылы анықталады.

Көлік құралдарын салыстырмалы бағалау үшін (төмендегіні қараңыз) өнім сапасының интегралдық көрсеткішін, яғни пайдаланудағы қосынды пайдалы әсердің оны жасау мен пайдаланудың қосынды шығындарына қатынасын қолданады. Өнім сапасының интегралдық көрсеткішіне кері шама көлік жұмысының бірлігіне жұмсалатын меншікті келтірілген шығындар деп аталады және формула бойынша анықталады

 

мұнда - көлік құралын пайдаланудың жылдық ағымдағы шығындары, руб.(тнг);

- күрделі салынымдар тиімділігінің нормативтік коэффициенті;

К - күрделі салынымдар мен басқа бір жолғы шығындар, тг;

0,1 - - көлік құралының өтімді құны Р – жылдық өнімділігі, ткм.

Меншікті келтірілген шығындармен қатар көлік жұмысы бірлігіне басқа да тиімділік өлшегіштерін қолдануға болады. Тиімділікті бөлек жеке өлшегіштердің көлік құралын салыстырмалы бағалау кезінде, меншікті шығындар (1.5) бойынша практикалық түрде бірдей болған кезде өз бетіндік мәндері болуы мүмкін. Бұл – өнімділік, еңбек көлемділігі, материал сыйымдылық және тасымалдау сапасы, сонымен қатар, пайдалану зиянсыздығы және т.б.

Өнімділік пен еңбек көлемділігі және формулалар бойынша анықталады және олар техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде тоқтап қалуды есептеу, сондай-ақ, еңбек шығындарын есептеу мақсатында тиімділігін бағалау кезінде пайдаланылады.



Энергия сыйымдылық Э (кДж/ткм). – берілген көлік құралымен жүктерді тасымалдауға жұмсалатын энергия:

кДж/ткм

мұнда Q – бір жыл ішінде локомотивке (дизельге) немесе автомобильге жұмсалатын отын көлемі, л;

- отын тығыздығы, кг/м3 (бензин үшін - 725, дизельдік отын - 820);

- отынның қызу шығару қабілеті (калориялығы), МДж/кг (бен­зин үшін - 44,4; дизельдік отын -43,8).

Тасымалдау материал сыйымдылығы М (кг/1000 ткм) – көлік жұмысы бірлігін орындауға жұмсалатын материалдар саны. Жалпы жағдайда

кг/1000ткм

мұнда - көлік құралы конструкциясындағы материал массасы, кг;

- жылжымалы құрамның пайдалану процесінде амортизациялық қызмет ету мерзімі ішінде жұмсалатын материал массасы, кг;

- көлік құралының амортизациялық қызмет ету мерзімі, жыл;

- материалды өндірісте пайдалану коэффициенті.

Тасымалдау сапасы жүктің сақталғандығын қамтамасыз етумен сипатталады және көлік құралы конструкциясының жетілгендігіне байланысты.

Көлік құралын пайдалану зиянсыздығы жолаушылар, жүргізушілер мен оны пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалар үшін ең аз қауіптілік дәрежесімен шектеледі, сонымен қатар қоршаған орта үшін қозғалыс, қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздікті, қоршаған ортаның ластануы мен улануының, шуылдың болмауын білдіреді.

Көлік құралы конструкцияларының элементтері арасындағы жүйелі байланыстарды талдау негізі пайдалану қасиеттерін: жүк сыйымдылығы, массаны пайдалану, пайдалану ыңғайлылығы, қозғалыс жылдамдығы, қауіпсіздігі, отын үнемділігі, сенімділігі және т.б. анықтауға мүмкіндік береді (1-суретті қараңыз).

Пайдалану сапаларының номенклатурасы көлік құралына толық және жан-жақты баға береді

Жүк сыйымдылығы номинал және меншікті көлемді жүк көтергіштігімен, сондай-ақ жүк сыйымдылық коэффициентімен бағаланады.

Номинал жүк көтергіштік q – бұл техникалық сипаттамамен бекітілген тасымалданатын жүктің максимум ықтимал массасы. Меншікті көлемді жүк көтергіштік - номинал жүк көтергіштіктің шанақтың ішкі көлеміне қатынасы:

т/м3,

 

мұнда q- жүк көтергіштік, т;

- шанақтың ішкі көлемі,

Жүк көтергіштік тасымалданатын жүк тығыздығына байланысты.

Жүк сыйымдылығы коэффициенті тығыздығы әртүрлі жүктерді тасымалдау кезінде көлік құралының жүк көтергіштігін пайдалану дәрежесін сипаттайды:

мұнда - жүктің берілген түрінде шанақ (вагон) көлемін пайдалану коэффициенті;

- жүк тығыздығы; т/м3.

1 кезінде көлік құралы номинал жүк көтергіштікке дейін жүктелуі мүмкін. Коэффициент мәні неғұрлым аз болса, көлік құралы жүк көтергіштігін пайдалану соғұрлым төмен.

коэффициенті – шанақты толық жүктемеген кезде бірден аз болады. Көлік құралы массасын пайдалану – жабдықталған құралдың жеке массасының номинал пайдалы жүк көтергіштік массасына қатынасы жабдықталған масса коэффициенті арқылы өрнектеледі:

мұнда - көлік құралы массасы, кг.

 

 

Жұмыс кеңістігі

Көптеген жағдайларда көлік машиналары жұмыс жасайтын жұмыс кеңістігі жұмыс орнының тарлығымен және тұрақсыздығымен, көлбеу орналасуымен және көтерілу мен түсуде ауыспалы бұрыштармен, жоспар мен пішінде қисықтығымен, үлкен созылыңқылығымен және т.б. сипатталады.

Сондықтан көлік құралдары биіктігі, ені, ал кейде ұзындығы бойынша жинақтылығымен ерекшеленуі тиіс.

Мысалы, вагондар мен локомотивтер ені темір жолда рельс жолдарының ені және қозғалыс кезінде төзімділігі бойынша регламенттеледі; ұзындығы автомобиль көлігінде бұрылу кезінде қисықтар ішіне жазылған параметрлер бойынша таңдап алынады, габариттік параметрлері автожолдың өтетін бөлігінің ені және көпірлерді, эстакадалар, троллейлік өткізгіштер және т.б. қиып өткен кезде биіктігі бойынша - ұйғарымдық жағдайына; конвейерлік көлік галереяларында, шахта қазбаларында және т.б. шахта қазбаларында орналастыру жағдайынан таңдап алынады.

Жұмыс орнының тұрақсыздығы шахталарда, карьерлерде, кеніштерде, порттарда және теміржол станцияларында (әңгіме белгілі бір жерлерге бекітілмеген көліктің магистральдық түрі жайында) парктің түрлі өнімдер жеткізушілер мен тұтынушылар және т.б. автомашиналарына қызмет көрсету кезінде жұмыстың жылжымалы сипатынан шыға отырып анықталады. Бұл талап технологиялық ерекшеліктермен және орындалатын операциялар сипатымен ұсынылады, бұл жоғары маневрлі көлік құралдарын жасау қажеттілігін, тиеу-түсіру айла-амалдарын орындау кезінде ұтқырлықты, бірқатар жағдайларда (шахталарда, карьерлерде, кеніштерде) құрастыру-бөлшектеу, қысқарту-ұзарту, тасымалдау және жылжыту жеделдігінің қажеттігін байланыстырады.

Көптеген көлік машиналары көлбеу күйде жұмыс істейді, мысалы, конвейерлер, автомобильдер, теміржол көлігі. Сондықтан осындай машиналар сәйкес түрде тежегіштермен, ұстағыштармен, парашюттермен, ұрлап кетуге қарсы құралдармен және т.б. жабдықталуы тиіс. Осындай құралдарды қолдану аймағы техникалық сипаттамада көрсетіледі және бойлық тұрақтылық қорымен (жылжымалы құрам үшін), шанақтың артқы сырт қабырғасы арқылы төгілуімен, тартқыш элементтердің жарылыс күшімен және т.б. шектеледі.

Жұмыс кеңістігін сипаттайтын айтарлықтай параметрлердің бірі горизонталь (дөңгелену радиустары), сондай-ақ, профильдік (көтерілу және түсу) жазықтықтардағы трассаның күрделігі болып табылады. Машиналардың әр түрлері үшін бұрылыстарға (рульмен басқару, бұрылыс арбашалары) енуін немесе жоғары дөңгелену радиустарын қамтамасыз ететін механизмдер қарастырылған.

Көлік желілері, автомобиль және теміржолдар үлкен созыңқылықпен тармақтылықпен сипатталады, бұл қондырғылар қуатын арттыру қажеттілігін, отын қорын, түйіндесу және бір көлік желісінен (жолынан) басқасына өту құрылғыларын, жолдар мен магистралдарды елді мекендерден айтарлықтай қашықтықта қанағаттанарлық күйде ұстауды және т.б. талап етеді.

 

 

Жүк түрлері және физика-механикалық қасиеттері

Жүктер ретінде тасымалдауға қабылдау моментінен бастап қабылдаушыға тапсырғанға дейінгі заттар мен материалдарды есептейді. Көлік құралдарына түсетін жүктер дайындауға, тиеуге, тасымалдауға, түсіруге, ал ейде көліктік сақтауға жатқызылады. Осы процестерді ұйымдастыру жүктердің сипаты мен олардың санына байланысты.

Жүктерді дайындау ораумен, бағыты бойынша сұрыптаумен, таңбалаумен, өлшеумен, пакеттеумен, тиеумен және тасымалдау құжаттарын құрастырумен шектеледі.

Жүкті тиеу мен түсіруді түрлі, оның ішінде механикаландырылған тәсілдермен, жүктердің физикалық қасиеттеріне және оларды орау түрлеріне байланысты жүргізеді. Тиеу және түсіру кезінде көлік құралы (үздіксізден басқа) тұрып қалады, бұл көбінесе тасымалдау құнын анықтайды.

Жүктерді тасымалдау оларды белгіленген орнына толық сақталған күйінде және мерзімінде жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс, бұл тасымалдаудың маңызды шартының бірі болып табылады.

Жүктерді сақтау қоймаларда жүргізіледі. Қоймалар типі мен өлшемдері, қоймаларда орналастыру тәсілдері және сақтау режимі жүктердің физикалық қасиеттеріне, оларды орауға, сақтау мерзіміне, жүктер санына және климаттық жағдайларына байланысты.

Физика-механикалық қасиеттері бойынша жүктерді келесі түрлері бойынша жіктеуге болады: үймелі (пайдалы қазбалар, тау жынысы, төгілмелі ауыл шаруашылық жүктері – қант, бидай және т.б.), даналанған (машина, жабдық, өнеркәсіп тауарлары және басқалары), құйылатын (су, жанар-жағармай материалдары, эмульсия, сұйылтылған және сығылған газдар) және газ тәріздес (табиғи газ, оттегі және т.б.).

Үймелі жүктер кесектілігімен (гранулометрлік құрамымен), үйінді массасымен, табиғи қиябет бұрышымен, жемірлігімен, ылғалдығымен, жабысқақтығымен, өздігінен тұтануға бейімдігімен, күмбез түзумен, жабысқыштығымен және т.б. сипатталады.

Үймелі масса (тығыздық) у т/м3— үймелі жүк көлемі бірлігінің массасы, ол физикалық қасиеттеріне, ұсақтау және тығыздау дәрежесіне байланысты. Үймелі тығыздығы әрқашан ұсақталмаған табиғи түрдегі материал тығыздығынан аз. Үймелі тығыздығына байланысты жүктер жеңіл (0,6 т/м3 дейін), орташа (0,6 - 1,1 т/м3), ауыр (1,1-2 т/м3) және анағұрлым ауыр (2,0 т/м3 жоғары) болып бөлінеді.

Табиғи қиябет бұрышын горизонталь беті бар еркін үйілген материалдың бүйір бетінен түзілетін бұрыш бейнелейді. Ол бөлшектер арасындағы үйкеліс күшіне, ылғалдылыққа, жабысқақтыққа және өлшемдеріне байланысты, сондықтан да тұрақты шама болып табылмайды. Табиғи қиябет бұрышы тыныштықта және қозғалыста болып бөлінеді. Ол көлденең қима ауданына және өнімділігіне (жүк айналымына) әсер етеді. Үймелі жүктер бойынша кейбір деректер 1-кестеде келтірілген.

    Жүк   т/м3 ,град ,град
Кептірілген көмір 0,8-0,95   30-40   19-28  
Магниттік теміртас   2,5-3,5   50-55   32-40  
Әктас   1.3-1,5   40-45   26-30  
Саз   1,85-1,9   38-40   25-30  
Құм   1,7-1,8   37-41   24-30  
Қатты тау жыныстары 1,8-2,35   40-45   29-35  
Тасшақпа 2,0-2,5 45-50   25-3
Қара топырақ грунты 0,6-0,8   40-45   35-40  
   

 

W ылғалдығы 105 °С температура және t=4с уақыты кезінде кептіргіш камераларда кептіру арқылы анықталатын су мөлшерін көрсетеді:

%.

Жемірлік, бұрын айтылғандай, - бұл жүктердің үстіңгі бетті үйкеу қасиеті. Жемірлік дәрежесі бойынша жүктер жемірлі емес А (түйіршік, цемент және т.б.), жемірлігі аз В (саз, көмір), орташа жемірлі С (құм, антрацит) және қатты жемірлі С (руда, букситтер) болып бөлінеді.

Құйылатын жүктер (сұйықтық) де меншікті салмақпен, тығыздықпен және тұтқырлықпен сипатталады.

Берілген нүктеде сұйықтықтың меншікті салмағы (кг/м3) деп сұйықтық массасының (сұйықтық салмағы) оның көлеміне қатынасын атайды

, кг/м3 , ,

 

мұнда G- сұйықтық салмағы;

m – сұйықтық массасы;

V- көлем.

Тұтқырлық – бұл сұйықтықтың - сұйықтық бөлшектерінің салыстырмалы ығысуына (қозғалысына) кедергі жасау қасиеті.

 

 

Жүктерді жеткізудің көліктік-технологиялық сұлбасын құру және жүк тасымалын оңтайлы игеру

Көлік-технологиялық процестерін жүзеге асыратын құралдар жүйесіне енеді: жүктерді тасымалдауға арналған құрылғы, тиеу мен түсіру құрылғысы, жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жылжымалы құрам және қоймаларға жүктерді қалау құралдары. Бір тағайындаудағы осы барлық құралдар техникалық, пайдалану және өзіндік құн параметрлер бойынша ажыратылады, әр түрлі пайдалану шығындарын талап етеді.Көлік-технологиялық сұлба (КТС) жүктерді дайындау және қайта өңдеу дегі келесі процестерді енгізеді:- өнімдерді көлік құралдарына беруге дайындау. Жүктерді тасымалдауға, пакеттерді қалыптастыруға, контейнерге қалауға (егер бұл қарастырылған болса), көліктік-экспедициялық құжаттарды ресімдеуге және т.б. кететін негізгі шығындар;- көліктің магистральдық түрінің терминалына жүктерді жеткізу. Осы кезеңде көліктерді күтумен, құжаттарды қайта ресімдеумен, жүктердің сақталғанын тексерумен байланысты маңызды шығындармен және т.б. байланысты;- магистральды көлік құралдарына жүктерді тиеу. Бұл шығындар ауыстырып тиеу жабдықтарының типіне және жұмыстарды орындау тәсіліне, олардың өнімділігіне (жүк көтергіштігіне) және т.б. байланысты;- магистральды көлікпен жүктерді тасымалдау. Шығындар көлік түрлеріне, 1 т жүктің тасымалдаудың өзіндік құнына, объектілерді қорғау құралдарына және тасымалдау кезінде жүктердің сақталуына байланысты;- жүктерді түсіру. Шығындар түсіру құрылғыларының болуымен және олардың өнімділігіне, еңбек сыйымдылығына, жұмыс персоналдарының жұмысқа тұруы мен біліктілігіне байланысты;- жүктерді терминалдан жеткізу, оны өткізу базасына жеткізу. Шығындар осы кезең бойынша шамамен жүктерді жеткізу бойынша шығындарға тең (п.2);- жүктерді тұтынушыларға жеткізу. Бұл жерде шығындар жүктерді тасымалдауды және оларды базада сақтау уақытына кететін шығындарды, шығынның өзіндік құнын және т.б. енгізеді.ТТС тиімділік көрсеткіші әдетте 1 т жүкті жеткізуге кететін шығындар болып табылады

,

мұнда - 1т жүкті жеткізудің өзіндік құны;

- 1т арналған құрылғының барлық түрлері бойынша меншікті күрделі салымдар.

Жалпы түрде келтірілген шығындарды былай анықтайды

мұнда , , , ,…- ыдыстарға, әкету-жеткізу, тасымалдау, тиеу-түсіру және т.б. кететін шығындар.

, , , - түсіру, сақтау, әкету-жеткізумен байланысты меншікті күрделі салымдар және т.б.;

- жүк шығындарының меншікті өзіндік құны.

Көліктің әр түрлері арасындағы жүк тасымалын оңтайлы меңгеру кезінде сызықтық модельдер кеңінен қолданылады. Көліктің екі түрінің немесе одан артық түрінің өзара әрекеттесуін оңтайландыру көп кезеңдік көліктік міндеттерді ұсынады.

Мұндай күрделі міндеттерді шешу жұмыстарға арналған. Көліктік желілерде және тораптарда тасымалдауды меңгеру проблемаларын шешу, оңтайлы жоспарды құру, желідегі тұрақты құрылғылардың құрылымын қалыптастыру және т.б. мына функцияларды табу арқылы модельдерді құруға әкеледі

 

мұнда - i пункттен j(ij) пунктке желі элементінің жұмыс істеуіне жұмсалатын келтірілген шығындар;

- шығындардың дискретті коэффициенті;

- айнымалы шығындардың коэффициенті;

- ij элементі бойынша тасымалдау көлемі.

Көлік дамуын оңтайландыру үшін алғашқы дәрежелер барлық уақытша деңгейлер үшін (тәулік, ай, жыл және т.б.) жүк және жолаушылар ағынын жобалау мен талдаудың сенімді жүйесін білдіреді. Бұл міндеттерді шешу үшін жобалаудың типтік әдістемесін пайдалану қажет [6].Жобалау әдістемесі көлік құралдарының, жүк ағындарының және т.б. қамтитын ғылыми- негізделген ақпаратты білдіреді. Болжам мерзімге құрылады, сол мерзім ішінде көлік ағындары оң әсер береді (мысалы, 5-10, 15-20 жыл және т.б.). Болжау мерзімі үлкен болған сайын, оның ықтималдығы да соншалықты төмен.Көлік ағындарын болжау келесі әдістерді пайдаланумен орындалуы мүмкін:

1.Есептеу әдісі – болжауды есептік жолмен орындауға болады, ағындарды қалыптастыру үрдісін, қайта өсіру коэффициенттерін және бірқалыпты еместікті біле отырып, өнеркәсіптің басқа салаларын дамыту есебінен орындауға болады.

2. Экстраполяция әдісі, яғни өткен кезеңде немесе қазіргі кезеңде орны бар болашақ заңдылықтарды ауыстыру.

3.Сараптық бағалау әдісі, яғни болжам аталған салалардағы жетекші мамандардың бағалауы бойынша жүзеге асырылады.

4. Модельдеу әдісі, яғни болжамды ЭЕМ арналған математикалық модель көмегімен алуға болады.Жүк және жолаушылар ағынын болжау үшін өндірістің сол немесе басқа салаларында көлік жүктемелері үрдісін есепке алу негізінде зерттеу және дамыту қажет. Бұл ретте бірқатар факторларды ескеру қажет:

- көлік ағындарының тербелісі, мысалы, вагон ағындарының бірқалыпты еместігі, демалыс күндерінде немесе мереке күндерінде тиеу-түсіру жұмыстарының көлемін азайту, маусымдық циклдегі ауа-райы жағдайы және т.б. Осы фактордың әсерін азайту үшін өткізу қабілеттерінің қосымша қорын құру, тұтыну орындарында белгілі бір қор құру, көліктің бірнеше түрлерін параллель пайдалану және т.б. қажет;

- оңтайлы емес тасымалдауды жою проблемаларын шешу;

- көлік жүйелерінің өзара әрекеттесу тиімділігін арттыруда маңызды қор құратын ақпараттарды жинау, сақтау, жинақтау мен өңдеуде біріккен жүйесін құру.

Осылайша, көліктің әр түрлі түрлерінің өзара әрекеттесу және үйлестіру проблемасы сан қырлы, ол бірыңғай көлік жүйесіне көліктің әр түрлерін басқару мен біріктіруде бірыңғай автоматтандырылған жүйені енгізеді.

 

Жұмыскерлер саны қандай тәсіл есептерімен есептеледі?

Жұмыскерлер саны тасымалдайтын өнімнің көлемімен үш тәсіл есебімен есептеледі: жұмыс көлемі мен уақыт нормасы мен өндіру нормасы; өнеркәсіптік объект саны мен бір объектке кеткен еңбек шығын нормасы; шаруашылық бірлік саны мен штаттық кестесімен.

Материалдарға шығын, отын, электроэнергияны осы қорлардың үлкендігімен есептейді, тасымалдаудың жоспарланған көлемін орындау үшін қажет және қордың бірлік бағасымен сәйкес болуы тиіс.

 

Жүк массасының меншікті өзіндік құны

,

мұнда Ц- 1т жүктің бағасы;

- j-лі көлікте тасымалдау арақашықтығы;

- жүкті жеткізудің орташа жылдамдығы.

 

 

-И-

Инвестицияның маңызы, олардың түрлері, құрылымы.

Өндірісті дамыту және жетілдіру, олармен байланысты көлік жүйелері материалдық, қаржылық ресурстардың салымын, яғни инвестицияны талап етеді. Инвестициялар өнеркәсіп көлігінің барлық шаруашылықтарын: жылжымалы құрамды, жол шаруашылығын, тиеп-түсіру кешендері мен қойма шаруашылығын, ақпараттық жүйелер және тағы басқаларын қайта құрастыру, модернизациялау (жаңалау) үшін қажет.

Жобаға инвестиция салатын жеке және заңды тұлғалар инвесторлар деп аталады. Инвестициялардың қаржылық салым түрінде жүзеге асырылуы қажет емес.

Олар әр түрлі болуы мүмкін, мысалы:

- ақшалай қаражат олардың эквиваленттері;

- жер;

- өндірісте қолданатын немесе сатуға арналған ғима-раттар, үймереттер, машиналар, жабдықтар, құралдар және басқа да мүліктер;

- мүлік құқығы: өндіріс өніміне және технологиясына арналған лицензиялар, туындыларға арналған патенттер.

 

Инвестицияның объектілері қалай бөлінеді?

Күрделі салымның барлық бағыттары инвестицияның объектілері (нысанасы) болып саналады. Олар бөлінеді:

- өзінің масштабы бойынша;

- жобаның бағыты бойынша (мемлекеттің мүддесімен байланысты коммерциялық, әлеуметтік және т.б.);

- инвестициялық циклдің мазмұны бойынша;

- мемлекеттің қатысу сипаты мен дәрежесі бойынша (бюджеттік қаржыландыруды алу);

- инвестицияның тиімділігі бойынша.

-Е-

Еңбек төлемін орнатқанда келесі еңбек төлемі функциясын орындайтын қандай негізгі принциптерді ұстану керек?

Еңбек төлемін орнатқанда келесі еңбек төлемі функциясын орындайтын негізгі принциптерді ұстану керек:

- еңбек төлемі жұмыс күшін жаңғырту үшін жеткілікті болуы керек;

- қиын (квалификацияланған) еңбек оңай еңбектен жоғары төленуі керек;

- алдыңғы қатарлы экономика мен өндіріс орындарында еңбек басқаларына қарағанда жоғары төленуі керек;

- еңбек төлемі сандық және сапалық қорытындыларымен байланысты болу керек;

- бірдей еңбек бірдей төлену керек.

 

 

Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады

Еңбекті ұйымдастыру – бұл кәсіпорынның өндірістік потенциалын есепке алумен жұмыскерлерді рационалды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жүйесі. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: еңбек кооперациясы және бөлу түрін рационалдау; жұмыс орындарына күтім жасау және ұйымдастыруды жақсарту; кадрлардың біліктілігін жоғарылату және дайындау; еңбекті қолдануды және озық әдістерді үйрену және тарату; еңбекті нормалауды жетілдіру; еңбекті ынталандырудың рационалды әдістерін және түрлерін енгізу; еңбек шартын жақсарту және басқалары.

 

Есептік өзіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан айырмашылығы?

Өнімнің өзіндік құнының құннан айырмашылығы материалдық шығындардың есебі еңбектің негізгі шығынынан олардың өндірісіне қарай жинақталатын негізгі бағада жүргізіледі. Өнімнің өзіндік құны мен оның құнының арасындағы барлық айырмашылықтар кезінде өзіндік құн құнның нысаналық негізгі базасы болып табылатынын ескеру қажет (бұл өнімнің өзіндік құнын азайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру кезінде оның құны азаяды).

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.