МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Электромагнитті тежегіштер





КІРІСПЕ

Мұнай мен газ қазіргі заманның ең тиімді энергия көзі ретінде әрі өте бағалы химиялық шикізат ретінде өндірілуі жоғары сұранысқа ие кен көзі. Республиканың өндірістік саласын мұнай газ шикізатымен қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық даму дәрежесін арттырады және осы өндіріске байланысты ғылыми технологиялық прогресті белгілейді.

Пайдалы кен орындарын іздеуде, барлауда және өндіруде ұңғыларды бұрғылау жұмыстарының маңызы өте зор. Сұйық және газ тәріздес пайдалы қазбаларды барлаудың, өндірудің тиімділігі бұрғылау жұмыстарының сапасымен тікелей байланысты.

Бұрғылау техникасы соңғы жылдарда дамудың жаңа белестеріне шықты. Атап айтқанда көтеріп-түсіру операцияларын дамыту жолында колтюбингті технология, жоғарғы күштік жетектерді қолдану, тау жыныстарын бұзушы аспаптардың бірнеше ұңғыны бұрғылауға жарайтын өте берік түрлерін шығару сияқты көзге көрінетін жетістіктер бар.

Бұрғылау техникасын дамытудың тағы бір бағыты жоғары сапалы қымбат металдан жасалатын жабдықтың, механизмдердің, мұнаралық құрылымдардың металсыйымдылығын азайту, монтаждалу, тасымалдану мүмкіншіліктерін арттыру бағыты болып саналады.

Ұсынылып отырған оқу құралының авторы бұрғылау жабдықтарының техникалық сипаттамасын, қолданыс үрдісін, техникалық мүмкіншіліктерін Ресей мемлекетінде шығарылатын бұрғылау жабдықтарының мысалында түсіндіруге тырысқан.

Осы оқу құралында ұсынылған материалды дұрыс игерген үйренуші бұрғылау техникасы туралы үлкен мағлұмат алады деп ойлаймын.

1. ҰҢҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

1.1. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау

Ұңғы дегеніміз, арнаулы бұрғылау аспаптарының көмегімен жер қыртысында қазылған, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші, цилиндр пішінді тау-кен құрылымы.

Ұңғының басталатын жері сағасы, цилиндрлік беті қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шеті түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі оқпан өсі бойынша арақашықтық ұңғы ұзындығы, ал ұңғы өсінің тік жазықтыққа проекциясы тереңдігі деп аталады.

Ұңғыларды тік және көлбеу бұрғылайды. Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейіп отырады.

Мұнай және газ ұңғыларының бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспаса, ал соңғы диаметрі 140 мм-ден кем болмайды.

Ұңғы түбі тау жыныстарын тұтастай (кернсіз) немесе оны көлденең қиындысы сақина тәрізді талқандау (керн алу) арқылы тереңдетеді.

Ұңғының құрлысы 1.1-суретте көрсетілгендей төменгі жағы түп – (6, 8), ол мұнай не газ шығатын қабаттың тұсында болады, ал жоғарғы жағы – саға (1), бүйір қабырғасы оқпан (5) деп аталады. Ұңғының ішіне мұнай мен газ құйылу үшін, қабаттағы (9) қысым – Pқаб. түп жағындағы (6) қысымнан Рт. көп болу керек, яғни Рқаб. > Рт..Ұңғының бүйір қабырғалары (5) пайдалану кезінде құлап қалмауы үшін темір құбырлармен (4) бекітеміз. Оны тізбектелген шеген құбыры дейді. Оның диаметрі жоғарыдан төмен қарай азая береді.



Ең жоғарғы шегендеу құбырын бағыттаушы (2) құбыр дейміз. Оның тереңдігі – 5-10 м, диаметрі – 200-500 мм. Негізгі міндеті жер қыртысының жоғарғы жағындағы қабатты бекіту және жуу сұйығы айналымын қамтамасыз ету. Оның ішінен, жоғарғы су қабаттарының ағымынан сақтау мақсатымен сағалық құбыр кондуктор (3) жібереді. Кондуктордың тереңдігі жоғарғы су қабаттардың орналасуына байланысты 40-800м. дейін болуы мүмкін. Кондуктордың ішінен ұңғының тереңдігіне және қазу (бұрғылау) қабаттарының орналасу ерекшеліктеріне байланысты бір немесе екі қосымша шеген құбырларын жібереді. Кондуктордан кейін қанша шегендеу құбырлары тізбегі жіберілсе, ұңғыны сонша тізбекті деп атаймыз. Ең соңында пайдалану (өндіру) (4) құбырын жібереді. Әлбетте, оның диаметрі –114, 140, 146, 168 мм, тереңдігі ұңғы тереңдігімен бірдей болады. Мұнай мен газ өндіру үшін оның сағасына фонтанды қондырғы арқылы, кіші диаметрлі мұнай мен газ көтергіш құбырлары жіберіледі. Оның диаметрі – 40-70 мм аралығында болады.

Ұңғыны бұрғылау кезінде бұрғылаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып, аспаптардың тау жыныстарына тигізетін әсеріне қарай механикалық, термиялық, физика-химиялық, электр жалындық деп бөлуге болады.

 

 

1.1-сурет. Ұңғы үлгісі

 

Механикалық бұрғылау әдісі соққылау және айналдыру тәсілімен іске асырылады. Соққылы бұрғылау тәсілі 70 жылдан астам уақыттан бері мұнай-газ өнеркәсіп саласында қолданылмайды. Дегенмен бұл тәсіл пайдалы қазбаларды барлау, инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстарында қолданыс тауып жүр. Ол тек арқанды-соққылау бұрғылау әдісі түрінде қолданылады.

Мұнайгаз ұңғыларын бұрғылауда айналмалы бұрғылау әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша ұңғы оқпаны үздіксіз айналатын қашаумен бұрғыланады. Тау жыныстарының ұсақталған бөлшектері жер бетіне жуу сұйығының ағынымен көтеріледі. Айналмалы бұрғылау әдісінің өзі роторлық және түптік қозғалтқыштармен бұрғылау тәсілдері болып екіге бөлінеді.

Роторлық бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш жер бетіне орналасады да, қашау бұрғылау тізбегі арқылы айналдырылады.

Түптік қозғалтқыштармен (гидравликалық турбобұрғы, винттік гидробұрғы немесе электробұрғы) бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш тікелей қашаудың үстіне орналастырылады.

Енді мұнай және газ ұңғыларын айналмалы бұрғылау тәсіліне тоқталамыз.

Роторлық бұрғылау тәсілінде (1.2-сурет) қозғалтқыштың 9 айналдыру қуаты, шығыр 8 арқылы ұңғының сағасына қондырылған, мұнараның центрінде орналасқан арнайы айналмалы механизм-роторға 16 беріледі. Ол қашау 1 жалғанған бұрғылау тізбегін айналдырады. Бұрғылау тізбегі жетек құбырынан 15 және оған арнайы аударма 6 арқылы бұрандамен жалғанған бұрғылау құбырларынан 5 тұрады. Түптік қозғалтқышпен бұрғылау тәсілінде қашау 1 түптік қозғалтқыштың шпиндель білігіне бұралады, ал бұрғылау тізбегі қозғалтқыштың тұрқына 2 жалғанған. Қозғалтқышты жұмысқа қосқанда оның білігі оған жалғанған қашаумен бірге айналады. Бірақ, бұрғылау тізбегі ротормен бірге айналмайды, қашау тек қана түптік қозғалтқыштың қуатымен айналады.

 

1.2-сурет. Мұнай және газ ұңғыларын айналмалы тәсілмен бұрғылайтын қондырғының сұлбасы

 

Роторлы бұрғылау тәсілінде қашаудың қабаттың тау жыныстарын бұзып енуі ұңғының өсі бойымен бұрғылау тізбегінің айналып қозғалуынан болады, ал түптік қозғалтқышпен бұрғыланғанда бұрғылау тізбегі айналмайды. Ротормен немесе турбобұрғымен айналмалы бұрғылау процесі кезінде өзіндік ерекшілігінің бірі, ұңғы сумен немесе арнайы дайындалған сұйықпен түптегі қашау арқылы үзбей жуылумен болады. Қозғалтқыш 21 арқылы жұмысқа қосылатын екі (кейде бір немесе үш) бұрғылау сорабынан 20, құбырмен 19 манифольдке 17 жуу сұйығы айдалады. Манифольд мұнараның аяқ тіреуіне бекітіледі, одан әрі иілмелі шланг 14 арқылы ұршық 10 арқылы бұрғылау тізбегіне жалғанады. Жуу сұйығы қашауға жетіп, ондағы тесіктер арқылы қысыммен ұңғы оқпаны мен бұрғылау тізбегі арасындағы кеңістікпен, қазылған жыныстарды бірге алып сағаға көтеріледі. Мұнда науа жүйесі 18 және тазарту механизмдерінде (суретте көрсетілмеген) жуу сұйығы қазылған тау жыныстары бөлшектерінен тазартылып, одан кейін бұрғылау сораптарының қабылдау ыдыстарына 22 барып, қайтадан ұңғыға айдалады.

Ұңғыны тереңдеткен сайын, бұрғылау тізбегі, кронблоктан, (1.2-суретте көрсетілмеген) тәл блогынан 12, ілмектен 10, және тәл арқанынан 11, тұратын полиспаст жүйесіне ілінген күйінде ұңғыға түсіріледі. Жетек құбыр 15, ротор 16 тесігінен өтіп, шығыр 8 жұмысқа қосылып, бұрғылау тізбегін жетек құбырының 15 ұзына бойына элеватормен көтеріп, ұстауыш сына көмегімен оны роторға отырғызып қояды. Одан кейін жетек құбырын 15 ұршықпен 10 қоса бұрап алып, ротордың жанынан, ұңғының оң жағынан алдын ала көлбей қазып қойған шурфқа (оның тереңдігі жетек құбырдың ұзындығымен бірдей) отырғызады. Бұрғылау құбырлары екеуден немесе үшеуден қосақталып свечаға біріктіріледі (бір бұрғылау құбырының ұзындығы 11,5 м). Свечаның ұзындығы 25 немесе 36 м болады және ол бұрғылау мұнарасының биіктігіне байланысты (мұнара биіктігі 41 м болса свеча ұзындығы 25 м, 53 м болса, свеча – 36 м). Ұңғыны бұрғылаған кезде бұрғылау тізбектерін көтеріп-түсіріп тұру үшін көтерген бұрғылау свечаларын секциялап, бұрғылау қондырғысы еденіне орналасқан қорапқа (подсвечник) текшелеп орналастыру керек. Свечаның төменгі жағын подсвечникке жинасақ, ал жоғарғы басын мұнараның жоғарғы жағына 25 және 36 м жерде орналасқан (жоғарыда айтылғандай, мұнараның биіктігіне байланысты) «верховой» деп аталатын алаңдағы саусақтардың ашаларына енгізіп тірейміз. Ұңғы тереңдігі 3000 м.-ден асқанда 36 м свечаны қолданып бұрғылайды, өйткені 25 м свечаның орнына 36 м свечаны қолдансақ, бұрғылау кезінде түсіру-көтеру жұмыстары уақытын үнемдейміз.

Ұңғыны бұрғылау үшін шурфқа отырғызылған жетек құбырмен 15, ұршықты 10 шығарып алып, сынаға тіреліп тұрған бұрғылау тізбегіне бұрап жалғап, қашауды түпке түсіреміз.

Тозған қашауды ауыстыру үшін, барлық жіберген құбырлар тізбегін сағаға көтеріп, жаңа қашауға ауыстырғаннан кейін қайтадан ұңғыға жібереді. Түсіру-көтеру жұмыстарын полиспаст жүйесі арқылы іске асыруға болады. Шығырдың 8 айналған барабанына тәл арқаны 11 оралып немесе тарқатылып тұрады. Сол арқылы тәл блогы мен ілмектің түсіп-көтерілуі қамтамасыз етіледі. Тәл блогы мен ілмекке сырға (штроп) мен элеватор арқылы көтеріліп-түсіріліп тұратын бұрғылау тізбегін қажет болса іліп қояды.

Бұрғылау тізбегін көтерген кезде оларды свечалар бойынша бөліп, текшелеп ұңғы сағасы жанындағы қоршауға (подсвечник) төменгі ұшымен орналастырады. Түсіру операциясы кезінде бұрғылау аспабы мына ретпен жалғанып жабдықталады: қашау – (қажет болса түптік қозғалтқыш) – ауырлатылған бұрғылау құбырлары – бұрғылау құбырлар тізбегі – жетек құбыры.

Ұңғыны бұрғылау және оны пайдалануға өткізу аралығында бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Олар:

1) өнімді қабатты бұрғылау;

2) өнімді қабатты зерттеу;

3) ұңғы түбі бөлігінің құрылымын таңдап алу;

4) ұңғы сағасын жабдықтау;

5) пайдалану тізбегін өнімді қабатпен қатынастыру (перфорация);

6) өнімді қабаттан мұнай немесе газды шақыру және ұңғыны пайдалануға өткізу.

Бұл аталған жұмыстардың дұрыс орындалуы ұңғы шығымымен, оның тиімділігімен, сонымен қатар пайдалану барысындағы жөндеу аралық кезеңмен тікелей байланысты.

1.2. Бұрғылау қондырғылары құрамы

Бұрғылау қондырғысы - технологиялық операцияларды бұрғылау жабдықтарының көмегімен өздігінен орындайтын бұрғылау орнында монтаждалған бұрғылау машинасының механизмдері және жабдықтары кешені. Қазіргі кездегі бұрғылау қондырғыларының құрамына келесі құрылымдар кіреді:

– бұрғылау қондырғысы (тәл жүйесі, сораптар, шығыр, ұршық, ротор, жетек, жанармай қондырғысы, дизельді электр станция, пневможүйелер);

– бұрғылау негізі (мұнара, негіз, каркасты-панельді жинақтала бөлшектенетін жабылма);

– ең көп жұмысты қажет ететін механизация жабдықтары (қашауға берілетін жүктемені реттегіш, көтеріп түсіру операцияларын автоматтандыруға арналған механизмдер, құбырларға арналған пневматикалық сыналы ұстағыш, автоматты бұрғылау кілті, көмекші шығыр, пневмобұрағыш, жөндеу жұмыстарына арналған кран, бұрғылау процесін басқаратын пульттер, басқару орыны);

– жуу сұйығын дайындау, тазалау және қайта қалпына келтіру жабдықтары (жөндеу блогы, виброелек, құм, саз тазалағыштар, тіректік сорап, химиялық реагенттерге арналған ыдыс, жуу сұйығы және су);

– манифольд (айдау жүйесі блогы, дроссельді тиекті құрылғы, бұрғылау жеңі);

– бұрғылау қондырғысы блогын жылытуға арналған құрылғы (жылыту генераторы, жылу тасымалдауға арналған коммуникация, жылыту радиаторлары).

Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар бұрғылау шарттарына байланысты анықталады. Бұрғылау шарттарын анықтайтын факторларды қарастырғанда, біріншіден мыналарға тоқталу керек: геологиялық және табиғи климаттық жағдайға, жөндеу базасының қашықтығы және энергия көзіне, жаңа бұрғылау нүктесіне ауысу жиілігіне, қоршаған ортаның газдалуына, жұмыс орнының жуу сұйықтығымен ластануына, ұңғы оқпанында мүмкін болатын қиындықтарды жою үшін қажетті үздіксіз бұрғылау жұмыстарына, жуу сұйықтығының кооррозиялық белсенділігіне және жоғары тұтқырлығына, жұмыс орындарының санына және тағы басқаларына.

Бұрғылау қондырғысына қойылатын талаптар техникалық, эксплуатациялық, технологиялық, экономикалық, социалды және арнайы болып бөлінеді.

Техникалық талаптар – бұрғылау қондырғысының ғылым мен техникадағы жаңа талаптарға, ал параметрлері дүниежүзілік стандарттарға сай болуына жауап береді.

Машиналар мен жабдықтар жоғары пайдалы әсер коэффициентіне сай беріктікке және ұзақмерзімділікке ие болуы қажет.

Эксплуатациялық талаптар – эксплуатация процесі кезінде бұрғылау қондырғысының жұмыс қабілеттілігі, техникалық қызмет көрсетуі, жөндеу мен қолданылуы тиіс. Бұл мақсатта бұрғылау қондырғысы жоғарғы жөндеу жарамдылығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Яғни оның агрегаттарының қолжетімділігі, техникалық жағдайын бақылау, тез тозатын түйіндері мен бөлшектерінің ауыстырылуы үшін техникалық қызмет көрсетілуі мүмкін болуы керек.

Технологиялық талаптар – бұрғылау қондырғысын жасау материалдарымен, еңбек шығындарына тікелей байланысты. Оларға машина құрылымдарының қарапайымдылығы, олардың құрылымдық сұлбаларының шекті жеңілділігі, бөлшек формаларының қарапайымдылығы, материалды үнемдеу мақсаты мен тиімді материалды таңдау және дайындамаларды алу әдістері кіреді. Сонымен қатар бұрғылау қондырғысына деген технологиялық талаптарға келесілер кіреді:

– бөлшектерді жасаудың тиімді дәлдігі мен беттің кедір-бұдырлығын, өңделген беттердің өлшемдерін кішірейту;

– жинау кезіндегі дәлдеу жұмыстарында отырғызу мен жіберуді дұрыс таңдау жасай отырып, бөлшектердің өзара әсерлесу және өзара алмасу мүмкіндігі;

– унификацияланған және стандартталған түйіндер мен бөлшектерді кең қолдану;

– жинау және өңдеу кезінде қолданылатын бекіткіш және кесілу арқылы жүзеге асатын құрылымдардың номенклатурасын азайту.

Экономикалық талаптар – бұрғылау қондырғыларының тиімділігін анықтайтын өндірістік және эксплуатациялық шығындардың аз болуын қамтамасыз етумен байланысты. Өндіріс саласында экономикалық талаптар, конструкцияның технологиялылығын қанағаттандыра отырып, шығарудың берілген көлемінде, белгілі бір өндірістік мүмкіндіктерде, өзіндік құнынан арзанырақ машинаны дайындауға мүмкіндік береді. Маңызды экономикалық шарт, машина мен жабдықтарды жасауда жұмсалатын материал көлемімен, металл мен басқа материалдарды төмендету жолымен үнемдеу. Қолданымдық экономикалық көрсеткіштерге мыналар кіреді: механикалық бұрғылау, көтеру- түсіру операцияларының өнімділігі, жөндеу, көмекші, дайындық қорытындылау жұмыстарына кететін уақыт.

Социалдық талаптарға – жұмыс қауіпсіздігі, басқару жеңілдігі және қызметкерлерді жақсы жұмыс шарттарымен қамтамасыз ету кіреді. Бұрғылаушылардың жұмыс орындау шарты қиын және қауіпті болғандықтан міндетті түрде социалдық талаптар қарастырылуы шарт.

Арнайы талаптар – бұрғылау қондырғысының жұмыс шарттарымен байланысты. Құрылғы сұлбалары мен машиналардың барлық жабдықтарының орналасуы мен оларға қызмет көрсету, басқарудың тиімділігі, жұмыс жасаған кезде орналасатын жергілікті аймақтың шектелуімен таңдалады. Бұрғылау машиналарының массасы өндірістік крандар мен транспорттық құралдардың жүккөтергіштігіне сәйкес келуі тиіс. Бұрғылау қондырғысы тасымалдауға ыңғайлы және жеңіл демонтаждалатын түйіндерге бөлшектелуі керек. Электрожабдықтар жарылысқа қарсы орындалған болуы тиіс.

 

1.3. Бұрғылау қондырғыларын сыныптау

1959 жылы Н900-59 салалық нормал қабылданып, эксплуатациялық және терең барлау бұрғылаудағы бұрғылау қондырғыларының негізгі сипаттамаларын орнатты. Онда жүккөтергіштігімен ажыратылатын (50, 75, 125, 200, 300т) бұрғылау қондырғыларының бес сыныбы қарастырылған. Оны Н900-66 нормалы өзгертулер және толықтырулармен алмастырған. Осы нормал негізінде МЕСТ 16293-70 жасалынып, оны кейіннен МЕСТ 16293-82 алмастырды.

Бұрғылау қондырғысының стандартты параметрлерінен, оның эксплуатациялық мүмкіндіктерін толық көрсететін параметрлер ерекшеленеді. Н900-59 және Н900-66 нормалдарының қолданыста болу аралығында қондырғының басты параметрі ретінде номиналды жүккөтергіштік қабылданды, оның мөлшері бұрғылау қондырғысының шифрында көрсетілетін (мысалы БУ80БрД немесе Уралмаш 125БД).

МЕСТ 16293-70 стандартында бұрғылау қондырғысының 9 сыныбы көрсетілген, олар ұңғыны бұрғылау кезіндегі ілмекке түсетін шектік жүктеме мен 1 м бұрғылау құбырының 30 кг-ға тең массасымен анықталатын, ұңғының шартты бұрғылау тереңдігімен сәйкестендірілді. МЕСТ 16293-70 енгізілгеннен кейін бұрғылау қондырғысының шифрына номиналды жүккөтергіштігінің орнына бұрғылаудың шартты тереңдігі енгізілетін болды (мысалы БУ2500ДГУ немесе БУ3000БД).

МЕСТ 16293-82-ге бұрғылау қондырғысының 11 сыныбы кірді, олардың басты параметрі ілмекке түсетін шартты жүктеме мен бұрғылау тереңдігінің шартты диапазоны болып табылады. Жаңа бұрғылау қондырғыларының шифрында сәйкесінше бұрғылаудың шартты тереңдігі мен ілмекке түсетін жүктеме көрсетіледі (мысалы, БУ1600/100ЭУ). Бұрғылау қондырғысының шифрында көрсетілетін маңызды белгісіне, күштік жетектің түрі (Д – дизельді, ДГ – дизель гидравликалык, ДЭР – дизель электрлі реттелетін, Э – айнымалы токтағы электрлі, ЭП – тұрақты токтағы электрлі және т.б) және бұрғылау қондырғысы жинақталу қабілеттілігі (У – әмбебап жинауға қабілеттілік) кіреді.

Бұрғылау қондырғыларының сенімділігінің және өнімділігінің жоғарылауы - бұл тоқтаусыз өсіп отыратын бұрғылау көлемдерінің жақсы орындалуына себепкер болады. Көп жағдайларда шығарылатын модельдердің ауыстырылуы бұрғылау қондырғылырының параметрлерінің өзгеруіне байланысты болады.

 

1.1-кесте

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының негізгі параметрлері

 

1.1-кестенің жалғасы

 

 

1.3.1. Қолданбалы және терең барлама бұрғылауға

арналған бұрғылау қондырғылары

Шығарылатын бұрғылау қондырғылары мезгілді түрде сенімді және өнімділігі жоғары, бұрғылаудың дамып жатқан қажеттіліктеріне және ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне сай келетін модельдерімен жаңартылып отырылады. Бұрғылау қондырғысының сенімділігі және өнімділіктің жоғарылауы - бұрғылаудың үздіксіз артатын көлемі мен сәтті орындалуының басты көрсеткіші.

Бұрғылау қондырғысының жиынтығына бұрғылау жабдықтары, жуу ерітіндісінің циркуляциялық жүйесінің жабдықтары, лақтыруға қарсы жабдықтар, көтеріп-түсіру амалдарын автоматизациялауға арналған АСП механизмдерінің жинағы және қашаудың берілісін реттегіш және т.б. кіреді.

Уралмаш бұрғылау қондырғыларының негізгі жинақтық базасында бұрғылау қондырғылары кең таралған. Сонымен қатар Уралмаш зауыты теңізде бұрғылауға арналған ПБУ 6000/60ПЭМ және ППБУ 6000/200ППЭМ бұрғылау жабдықтарын шығарады. Бұрғылау өндірісінен алынып тасталған БУ80Брд, БУ80БрЭ қондырғыларының орнына Уралмаш 3000ЭУК, Уралмаш 3000ЭУ, Уралмаш 4000Э-1, Уралмаш 4000Д-1, Уралмаш 6500Э, Уралмаш 6500ДГ және де солармен қатар басқа да жекелеген модельдер пайдаланылады.

Зауытта БУ80БрД және БУ80БрЭ-1 бұрғылау қондырғыларының орнына БУ2500ДГУ және БУ2500ЭУ бұрғылау қондырғылары жасалынған. Бұл қондырғылардың негізгі және қосымша жабдықтары жекеленген блоктарда жиналады және шынжыр табанды ауыр жүк тасымалдағыштармен тасымалданады.

Мұнаралы блокта мұнара, ауыспалы берілісті қорапшалы бұрғылау шығыры, ротор, ротор мен шығыр трансмиссиялары, көмекші жетек, АКБ-3М2 кілті, көмекші шығыр, бұрылмалы кран, бұрғылауды басқару пульті және аздаған басқа жабдықтар орналасады. Бұл блоктың негізі тірегі металдық платформа. Көмекші тежегіші және рамасы бар шығыр мұнаралы блоктың шығырлық секциясын құрайды. Мұнаралы блоктың рамалы көмекші жетегінің секциясына үзілісті беріліс қорапшасы, шығыр трансмиссиясы кіреді.

БУ2500ДГУ жетектік блогы үш секциядан тұрады; дизельді, трансмиссиялы және ауажинағыш. Дизельді секцияда қуаты карданды білік арқылы тізбекті көбейетін бәсеңдеткішке берілетін үш күштік агрегат қондырылған. Трансмиссиялы секцияда тізбекті жұпталған бәсеңдеткіш және екі компрессорлы станция орнатылған. Шынжырлы бәсеңдеткіш бұрғылау шығырына, сораптарға, роторға және бір компрессорлы станцияға (екінші компрессорлы станция электрлік жекеленген жетегі бар) күштік агрегаттар қуатын беруге мүмкіндік береді. Ауа жинағыш секциясында екі ауа жинағыш, ауа жылытқыш АПВ200/140 агрегаты, ылғал бөлгіш-фильтр және май бөлгіш орналасқан.

Сораптық блок пневмокомпенсаторларды қуаттандыратын жоғары қысымды компрессорлы-сорапты басқару пульті бар екі сораптық секциядан, қажетті коммуникациялардан тұрады. Әр сораптық секция НБТ-600 бір жақты әсерлі, үш поршеньді сорап және жетек рамасын қамтиды.

Дизель-генераторлы блок негізден, екі дизель-электрлік агрегаттан, басқару станциясынан, құю ыдыстарынан және аккумулятор батареялардан тұрады.

Секциялы конструкция бұрғылау қондырғысына қарайтын блокты жеке секциялардан тұратын ұсақ бөліктерді топтап тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бес дизельді жетегі бар БУ3000БД қондырғысы электрленбеген аймақтардағы барлау және эксплуатациялық ұңғыларды бұрғылауда қолданылады. Ол өндіруші-зауыттан көтеріп түсіру операцияларын автоматтандыруға арналған АСП жиынтықты механизмімен, мұнарамен, негізбен, каркасты жабумен жабдықталынады.

БУ3000БД қондырғысы модификациялау барысында БУ3000БЭ1 қондырғысына айналып электрлік жетекпен жабдықталған, қондырғы қарапайым кинематикалық сұлбамен жоғары өнімділікке (жоспарланған бұрғылау көлемі жылына сәйкесінше 3540 және 5700 м.) ие.

БУ3000ЭУК әмбебап тасымалдану мен монтаждалуды (ірі және ұсақ блоктар және жеке агрегаттар) қамтамасыз ететін, бұрғылау жабдықтарымен жасақталады. Ал Батыс Сібір жағдайында ұңғыны көп тармақты бұрғылауға арналған. БУ-3000ЭУК-1 модификациясы жоғарыда аталған қондырғыдан блоктардың орналасуымен ерекшеленеді. Модернизацияланған БУ3000ЭУК-1М бұрғылау қондырғысы БУ3000ЭУК қондырғысы ілмегіндегі 1700 кН жүктемеге қарсы 2000 кН жүктемеге ие.

БУ3000ДГУ қондырғысында В2-450 дизелі орнына қуаты 475 кВт 6ЧН21/21 дизелі, немесе СА-10 дизель-гидравликалық күштік агрегаты қолданылады. БУ3000ЭУ шығырында гидродинамикалық қосымша тежегіштің

орнына электромагнитті көмекші тежегіш орнатылған. У8-6МА2 екі әсерлі екі поршеньді сораптың орнына одан тиімдірек УНБТ-950 біржақты үшпоршеньді сораппен жабдықталған. БУ3000ДГУ және БУ3000ЭУ қондырғылары БУ3000БД және БУ3000БЭ-мен салыстырғанда монтаждалуы әмбебап және транспорттық негізбен тасымалданады.

БУ4000ГУ-Т тропикалық климатты елдерге экспорттауға тағайындалған. Жинақтық орындалуы және жабдықталу құрамы тапсырыс берушінің сұранысына байланысты орындалады. Олардың параметрлері әлемдік стандартқа сай болу керек.

БУ4000Д-1 және БУ4000Э-1 бұрғылау қондырғылары Уралмаш 3ДЦ-76 және Уралмаш 4Э-76-дан айырмашылығы АСП кешенді механизмімен, қашау берілісін реттегішпен, қосымша қызмет көрсететін кранмен, тұтынуышының қалауына байланысты тәл механизмінің 5х6 немесе 6х7 жабдықталуымен, зауыт-өндірушінің бұрғылау жабдықтарымен бірге басқа да бұрғылау жабдықтарының барлығымен ерекшеленеді.

БУ5000-ДГУ және БУ5000ЭУ АСП жинақтық механизмімен, қашау берілісті реттегішімен, УНБ-600 сорабымен және әмбебап монтаждалуы мен тасымалдауға арналған бұрғылау жабдықтарымен жабдықталған. БУ5000ДГУ қондырғысы СА-10 күштік агрегат базасындағы дизель-гидравликалық жетекке ие.

Уралмаш 200Д-IV және Уралмаш 200Э-IV бұрғылау қондырғыларын алмастырған БУ6500Э және БУ6500ДГ АСП жинақтамасымен, У8-7, МА-2 сораптарымен, 1АДГ-1000 агрегаттық дизель-гидравликалық жетегімен, қазіргі заманғы электрожабдықтармен және ұсақблокты монтажға арналған бұрғылау жабдықтарымен қамтылған.

Уралмаш 6000ПЭМ бұрғылау қондырғысы топтамасы негізінде cу тереңдігі 60 м теңіз ұңғысын бұрғылауға арналған Уралмаш 6000/60 ПБУ типті қалқымалы өзі көтергіш бұрғылау қондырғысы тағайындалған. Топтаманың КТО механизациялау деңгейі 75%-ға жетуі, реттегіш электрлік шығыр, ротор, сораптар жетегі, АСП жинақтамасымен жабдықталуының арқасында жүзеге асырылады.

1.3-сурет. БҚ құрамы мен жинақталуы.

1 – кронблок; 2 – мұнара;

3 – балкон; 4 – тәл арқаны; 5 – тәл блогы; 6 – ілмек; 7 – ұршық;

8 – бұрғылау жеңі; 9 – тәл арқанын тұрақтандырғыш; 10 – автоматты бұрғылау кілті; 11– подсвечник; 12 – ротор; 13 – шығыр; 14 – беріліс қорапшасы; 15 – бағыт өзгерту қорапшасы; 16 – күштік агрегаттар;

17 – компрессор станциясы; 18 – циркуляциялық жүйе; 19 – бұрғылау сорабы; 20 – манифольд; 21 – күштік агрегаттардың қосылымдық редукторы; 22 – қашау берілісін реттеуші; 23 – гидродинамикалық тежегіш; 24 – гидроциклондар; 25 – виброелек; 26 – шығыр блогының негізі; 27 – қабылдау алаңшалары; 28 – консольды-бұрылмалы кран

 

1.4-сурет. Бұрғылау қондырғысының жұмыстық сұлбасы:

1 – аударма мен центратор; 2, 3 – жетек құбыры мен ұршық аудармасы; 4 – ілмек; 5 – арқанның жылжымалы тармағы;

6, 7, 9 – шығыр мен ротор трансмиссиясы; 8 – жоғары қысым желісі; 10 – ротор қыспақтары

 

Уралмаш 6000/200ППЭМ бұрғылау жабдығының топтамасы қалқымалы жартылай батпалы бұрғылау қондырғыларына арналған.

Бұрғылау қондырғысы жабдықтама кешенінен, бұрғылау құбырларын ұстап тұратын механизмдерден, оның берілісін, жіберу, көтеру және ұзарту және ұңғыдағы бұрғылау сұйықтығы айналысын қамтамасыз ететін жабдықтар кешенінен, одан бұрғыланып шығарылған газдан тазалауға арналған және басқа қасиеттерін қайта қалпына келтіретін жабдықтардан, бұрғылау тізбегін айналдыруға арналған жабдықтардан тұрады.

Ұңғы оқпанын тығыздауға арналған жабдықтар бітеу және өтпелі плашкалы превенторлардан, әмбебап, айналмалы превенторлар мен оны басқару жүйесінен тұрады.

Айналмалы бұрғылау әдісіне тәуелсіз, барлық жұмыстардың орындалуына бұрғылау қондырғысының басты сұлбасы және оның құрамы мен жабдықтары барлық жағдайда бірдей, тек параметрлері және конструкциясымен ғана ерекшелінеді.

Бұрғылау қондырғысы бұрғылау тізбегін ұстап тұратын мұнарадан, күштік жетектен, бұрғылау қашауына айналыс пен жүктеме беретін жабдықтан, бұрғылау сұйықтығын айдауға арналған сорапты кешеннен, бұрғылау сұйығын дайындауға және бұрғыланған жыныстар мен газдан тазартуға және қасиеттерін қайта қалпына келтіруге арналған жабдықтардан, тозған қашауды алмастыру үшін құбырларды көтеріп-түсіруге арналған жабдықтар кешені мен ұңғы оқпанын тығыздауға арналған жабдықтардан, бақылап-өлшеу аспаптары мен басқа да жабдықтар түрінен тұрады. Бұрғылау қондырғысының топтамасына жоғарыда айтылғандармен қатар монтаждау кезінде жабдықтарды жеткізетін негізі, аралық баспалдақтар, жағармайға, сұйықтыққа, суға, химиялық реагенттерге, ұнтақ материалдарға арналған ыдыстар да кіреді.

Ұңғыны шектік бұрғылау жылдамдығына қолданылатын жабдықтардың мінездемесі бұрғылау режимінің талаптарын толығымен қанағаттандырған кезде жетеді. Тау жыныстарының бұрғылануын анықтайтын физика-механикалық қасиеттері жоғары шектерде өзгереді, сондықтан бұрғылау қондырғысы жеткілікті жоғарғы диапазонда бұрғылау режимінің параметрлерінің өзгеруін қамтамасыз етуі керек. Бұрғылау режимін анықтайтын факторларға: бұрғылау шарттарына байланысты типтік қашау өлшемдері сәйкестігі, оған түсетін осьтік жүктеме, айналу жиілігі, айдалатын сұйықтық пен газдың көлемі мен сапасы, түптік қозғалтқыштың жұмыс уақыты кіреді.

 

1.4. Бұрғылау кондырғыларының түрлері мен негізгі

параметрлерін таңдау

 

Құрлықтағы әртүрлі тереңдікте ұңғыларды тік немесе көлбеу бұрғылау, түрлі барлау, пайдалану ұңғыларын теңіз бетінде немесе басқа да жағдайларда бұрғылау үшін тек бір сыныптық және біртипті бұрғылау қондырғысын пайдалану мүмкін емес, дегенмен барлық жағдайда бұрғылау қондырғылары бірдей немесе ұқсас функцияларды атқарады. Алайда әртүрлі бұрғылау жағдайына арнайы қондырғы жасау мүмкін емес, сондықтан бұрғылау қондырғысы әмбебап немесе тез модификацияланатын және нақтылы бұрғылау жағдайына икемделген болуы керек.

Бұрғылау қондырғысын келесі факторларды ескере отырып таңдауымыз керек:

– қондырғының тағайындалуы және бұрғылау шарты – теңізде, құрлықта бұрғылау (тегістік, тау, орман) т.с.с;

– климат, қоршаған орта температурасы және оның өзгеруі, желдің күші және т.с.с;

– бұрғылау мақсаты, барлау немесе эксплуатациялық;

– ұңғының типтік параметрлері – тік немесе көлбеу, бұрғылау тереңдігі, ұңғы конструкциясы;

– бұрғылаудың түрлері мен әдістері (роторлы немесе ұңғы түбі қозғалтқышы арқылы) және түптік қозғалтқышқа қажетті гидравликалық қуат, бұрғылау жуу сұйығының түрі мен қасиеттері (сұйықтығы, көпіршіктенуі немесе газ), сұйықтың негіздік мінездемесі (су немесе мұнай), тізбекті түсіру және көтеру амалы және т.б.;

– бұрғылаудың геологиялық шарттары – бұрғыланатын жыныстар құрамы, шиеленістер туындау мүмкіндігі, қысым аномалдығы, тереңдікке байланысты температура өзгеруі, жерасты суларының агрессивтік дәрежесі және т.б.

Осындай барлық факторларды анықтап талдағаннан кейін, қондырғы түрін тағайындайды. Қазіргі уақыттағы біршама үлкен қондырғы тобын көрсететін, құрлықта бұрғылау үшін классикалық бұрғылау әдісін қарастырамыз.

БҚ біршама үлкен өнімділік пен нәтижелікке ие болуы керек. БҚ нәтижесінің өлшемі ұңғы немесе әр бұрғыланған метр болып табылады, ал өнімділігінің көрсеткіші, ұңғы немесе белгіленген шамадағы 1 м бұрғылану бағасы болып табылады.

Біршама үлкен, терең ұңғыларды бұрғылауға арналған БҚ-мен терең емес ұңғыларды да бұрғылау мүмкіндігі бар, мысалы 6000-7000м ұңғыларға арналған БҚ 2550 м ұңғыларды да бұрғылауға болады, әрине экономикалық жақтан бұл өте тиімсіз, ал 2500 м тереңдікке арналған БҚ-мен тереңдігі 6000-7000м ұңғыларды бұрғылау мүмкін еместігі мәлім. Әрине БҚ қолданудағы экономикалық тиімділікке жету үшін, оның параметрлерінің анализін (эксплуатацияға арналған берілгендері мен мінездемесі) білуіміз қажет.

Бұрғылау тереңдігі, сораптар жиынтығы мен көтеру жетегінің қуаты, айналмалы бұрғылау тізбегі мен көтеру жабдықтарына түсетін шектік жүктеме, қолданылатын бұрғылау құбырлары мен ұңғы оқпанының диаметрі, БҚ-ның ықшамдығы, жетек ретінде қолданылатын энергия түрі БҚ мінездемесі болып табылады.

БҚ екі түрлі категорияға бөледі: терең барлау-эксплуатациялық ұңғыларды және тайыз структуралық-іздеу ұңғыларын бұрғылауға арналған қондырғылар.

Бірінші категориядағы қондырғылар екіншіге қарағанда, ауыр бұрғылау құбырларымен, ұңғыны терең бұрғылау мүмкіндіктерімен, бұрғылаудың үлкен диаметрімен ерекшелінеді. Әрине бұл қондырғылардың қуаты мен шектік жүктемесі және салмағы да үлкенірек.

Әр БҚ категориялары бірнеше сыныптарға ие, олар белгіленген тереңдік пен белгілі бір құрылымда бұрғылауда сапалы көрсеткіштер көрсетеді.

Қолданылатын шегендеуші құбырлардың диаметрі, құрылымы мен салмағын ескере отырып, қозғалтқыштың белгілі бір күшімен, ілмекке түсетін шектік жүктеме мөлшерін ескере отырып әртүрлі тереңдіктегі ұңғыларды бұрғылауға болады. Терең бұрғылауда ұңғы диаметрін 215 мм, тереңдікті метрмен есептеп, бұрғылау тізбегінің диаметрі 114 мм және 1 м құбыр салмағы 30кг болатын бұрғылау құбырларын қолданданатын БҚ қуатын салыстыру арқылы оларды сыныптайды. Басқа диаметр мен салмақтағы бұрғылау құбырларын қолданғанда, осы БҚ шектік бұрғылау тереңдігі оның номиналды тереңдігінен өзгеше болуы мүмкін.

 

1.5. Бұрғылау қондырғысы жабдықтарының

сұлбасы мен сәйкес орналасуын таңдау

 

Сұлбамен сәйкес орналасуын таңдаудағы басты факторларға кіретіндер:

– орындаудың қарапайым кинематикалық сұлбасына сүйене отырып, ұңғы бұрғылаудағы негізі функцияларды жақсы орындау;

– жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, тасымалдауының қарапайымдылығы мен тез орындалуы;

– бір бұрғылау нүктесінен екіншісіне бірнеше рет көшіргендегі қондырғының параметрлері мен құрылымының тұрақтылығы;

– көптеген орын ауыстырулардан кейінгі біліктердің осьтілігінің сақталу сенімділігі;

– құрылымдағы жалпы металсыйымдылығының аздығы;

– агрегаттардың және басқару органдарының монтаждаудағы және техникалық қызмет көрсетудегі қарапайымдылығы;

– бұрғылау свечаларының барлық жинақтамасы мен ауырлатылған құбырлар тізбегін және ұңғының жобадағы тереңдікке арналған шегендеу құбырлары тізбегі салмағын 10% қорымен орнату мүмкіндігі;

– көшіруге бар көліктерді қолдануға, лақтыруға қарсы және басқа да жабдықтарды орнату мүмкіндіктеріне ие болу үшін негіздің биіктігінің жеткілікті болуы;

– ыңғайлы жағдайда, тиімді шарттарда жұмыс жасау үшін техника қауіпсіздігінің жақсы орындалуы.

Сәйкес орналастыруды басты жабдықтардың тиімді орналасу сұлбасынан, БҚ кинематикалық және күштік сұлбасын таңдау мәселелерін шешуден бастау керек.

Сәйкес орналастырудың басты ережесі – бірнеше варианттардың талдауын жүргізе отырып, тиімдірегін таңдау.

Сәйкес орналастыру кезінде – унификацияланған агрегаттар мен бөлшектерді максимальды қолдануын, сонымен қатар БҚ негізгі факторларының жұмыс қабілеттілігі мен нәтижелілігін ескеру керек. Көбінесе, жеке факторлардың маңыздылығы, монтаждағы қабылданатын әдістер мен демонтаж және жабдықтарды тасымалдауға байланысты.

Ауыр жинақты сәйкес орналастыруды орындау кезінде, жабдықтардың макетін қолдану аса тиімді. Ол жабдықтың орналасуын, қолжетімділігін, тасымалдау және монтаждау шарттарын тексеруге мүмкіндік береді. Ол тік жазықтықта және жоспарда жабдықтардың сәйкес орналасуын талдауға мүмкіндік бере отырып, біріншіден жасалынатын сәйкес орналастырудың нұсқасын жоспар түрінде, содан кейін тік жазықтықта орнатады.

БҚ-ң сәйкес орналастыру жоспары үшін бастапқы нүктесі, ұңғы сағасының центрі болып табылады (1.5-сурет), онымен шығырдың орналасуын анықтайтын ротор тесігінің центрі сәйкес келуі тиіс. Шығырды бұрғылау қондырғысы қақпасына және қабылдау көпірлеріне қарсы орналастырады, себебі шығырдың көмегімен бұрғылау құбырларын және басқа жабдықты іске қосу керек.

Шығыр 2 және ротор 1 диаметрлері Dp арасындағы В кеңістігіндегі оператордың жұмысын қамтамасыз ету үшін шығырдың басты барабанының I-I осі ұңғының II-II осінен А қашықтықта орналасуы керек.

 

1.5-сурет. Бұрғылау жабдықтарының жоспарлы

сәйкес орналастыру сұлбасы:

1 – ротор; 2 – шығыр; 3 – свечаны орналастыруға арналған магазин (подсвечник); 4 – құбырларды қабылдау мосты; 5 – құбырларға арналған сөрелер; 6 – беріліс қорабы; 7 – трансмиссия;

8 – қозғалтқыштар; 9 – бұрғылау сораптары;

10 – қақпа, ұңғы центрі

 

Шығырды, шығыр барабанының кесе көлденең осі (ось III-III) ұңғы осі арқылы өтетіндей етіп орналастыру керек.

Егер басты шығыр бұрғылау еденінен төмен орналасса, онда А арақашықтығын былай таңдау керек; арқанның жетекші тармағы мұнараға ілініспей кронблокқа жақындауы керек және операторға арқанның барабанға оралуы кезіндегі көрінісі қамтамасыз етілуі керек.

Басқа жабдықтарды бұрғылау қондырғысының тағайындалуына және оның сыныбына байланысты, шығырға қатысты әртүрлі арақашықтықта орналастыруға болады. 1.4-суретте беріліс қорабының, трансмиссияның, шығыр артындағы сорап пен қозғалтқыштың желілік орналасуы классикалық сұлба ретінде келтірілген. Мұндай сәйкес орналастырудың артықшылығы- трансмиссияның тізбектік берілісін және жеңіл негіздерін қабылдауға мүмкіндік береді, жабдықты шағындап орналастырады. Тізбекті трансмиссия кезінде барлық агрегаттар білігі параллель орналасып және бір бағытта айналуы керек. Ыңғайлы болу үшін жетекке біржақты айналатын іштен жану қозғалтқышын қолданады.

Трансмиссияны жабдықтауда кардан білігі арқылы және қозғалтқышты бүйірге орналастырумен сәйкес жағдайда барлық жабдықтар бір деңгейде орналасуы керек, себебі кардан білігі үлкен иілу бұрышын қамтамасыз ете алмайды. Үлкен биіктікті талап етпейтін, жеңіл өзі жүретін бұрғылау қондырғыларына осындай сұлбалар тиесілі. Тереңдікке бұрғылайтын бұрғылау қондырғысының негізінің үлкен биіктігінде (4-10м) шығырмен күштік жетекті бір деңгейде орналастыру тек теңіздегі және жаңа ұңғыларды бұрғылағанда монтаж бен демонтажды қажет етпейтін қондырғыларда жүзеге асады. Блокты тасымалданатын жер үсті бұрғылау қондырғыларында бұл сұлбалар тиімді емес, себебі ауыр жабдықтарды (салмағы 20-30т) үлкен биіктікке көтеруді қажет етеді. Монтаждалынуы қиын болғандықтан бұл қондырғылар тиімді емес болып келеді, себебі монтаждау уақыты кейбір жағдайларда ұңғыны бұрғылау уақытынан ұзаққа созылады. Мұндай қондырғыларда бұрғылау шығырын жер беті деңгейінде, бұрғылау еденінен төмен орналастыру қажет. Бұрғылау еденінде роторды жетегімен және жекеленген жетекке ие болатын көмекші шығырды орналастырады. Берілген сұлбада конструкцияны біршама қиындататын, ротор және шығыр жекеленген беріліс қорабымен жабдықталған.

Бұрғылау қондырғыларының сәйкес орналастырылуын әртүрлі етіп орындайды.

Сәйкес орналастырудың белгілі бір сұлбасын таңдау алдында барлық факторларды қарастыра отырып, орныққан жағдайда көбірек техника-экономикалық нәтиже беретін нұсқасын таңдау керек.

Жұмыс орны ондағы өндіру процесінің басты элементтері, жұмыс сапасы нәтижелілігін көрсететін қондырғының басты буыны.

Оператор жұмыс жасайтын, машина органдары мен жұмыс орнының тиімді орналасуы, жоғары өнімділік пен тиімді психофизиологиялық жұмыс шартын қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Көпфункциялы агрегаттардың қондырғы тетіктерін бұрғылау кезінде оператор (бұрғышы) басқаратындықтан, ал бұрғылау бригадасы барлық қажетті операцияларды орындайтындықтан, бұрғылау қондырғысын жобалаған кезде жұмыс орнына және ондағы жабдықтардың сәйкес орналасуына айрықша назар аудару қажет.

Алдымен операция құрамын талдап, оның орындалу ретін, уақыт бойынша бірге орындалуын, бұрғылау бригадасы мүшелері арасындағы функцияларды бөлу қажет. Бригаданың әрбір мүшесі БҚ-да орындалынатын жұмыстардың түрлеріне қарай, әр жерлерде кезектесе жұмыс жасаса болады: ротор маңындағы алаңда, қабылдау алаңшаларында, мұнара балконында, сорапты және күштік бөлімдерде, бұрғылау сұйықтығын дайындау және тазалау аймақтарында. Бұрғылау бригадасы әртүрлі тағайындалудағы және сыныптағы бұрғылау қондырғыларында жұмыс істей алу үшін, жұмыс жасап жатқан қондырғыларда жұмыс орындарының типтік анализін жасау міндетті.

Ұңғыны бұрғылау процесі көп түрлі операцияларды, көп бөлігі бірізді ұңғыларды бұрғылау кезінде қатаң түрде қайталанылатын, ал кейбіреуі әрқашан жасалына бермейтін (жұтылуды ескертетін жұмыстар, газдың пайда болуы, шиеленістерді тойтару және т.б) операцияларды орындайды.

Бұрғылау бригадасының орындайтын маңызды операцияларының біршама бөлігі, көптеген бір типті механизмдермен бұйымдарды қолдануды қажет етеді. Бұл механизмдердің көбісі әрқашан жұмыс орынында болуы керек болғандықтан, операторлардың жұмыс істеу шарттары нашарлайды, сондықтан бұрғылау қондырғысының жұмыс орнында орындалып жатқан операцияда қолданылмайтын механизмдер оған кедергі келтірмейтіндей етіліп, тиімді жобамен қарастырылуы керек. Қондырғыдағы жұмыс орнын жоспарлауда – жұмыс орнын негізгі және көмекші жабдықтармен, механизмдермен, бұйымдармен жабдықталуын қарастыру қажет, жұмыс орны еңбек шартымен, түрлі аралық байланыстарымен қамтамасыз етілуі керек.

БҚ-ның жабдықтарының жалпы сәйкес орналасуын, негізгі агрегаттардың тік және көлденең жазықтықтарда орналасуының сұлбасын таңдағаннан кейін жүзеге асырады. Бұл кезеңде қондырғылардың орналасуын тек орындалатын функциялармен ғана емес, барлық факторлар есебімен анықтайды.

Барлық жұмыс жасау процестерінде екінші деңгейдегі факторлар, мысалы климаттық шарттар немесе аймақтың сипаттамасы басты маңызы болмағанмен, сәйкес орналастыруды таңдау сұлбасында бұл факторлардың әсері көп. Қарапайым жағдайда, құрлықта 2500 м дейінгі ұңғыларды бұрғылауда мұнара және көтеру қондырғылары бұрғылау нүктесінде қосақтала бекітілген негізде жинақталады. Трансмиссия, беріліс қорабы және жетектік электрқозғалтқыштар бұрғылау еденінің деңгейінде, шығыр артыңда бір сызық бойында орналасқан. Жетек негізінің биіктігі жоғары болса (шамамен 3 м), бұл монтажды, демонтажды, негіздің құрылымын біршама қиындатады, алайда бұндай ұңғыларды бұрғылау қолжетімді болу үшін, жекеленген блоктардың салмағы 30т-дан аспай және монтаждық, демонтаждық жұмыстарды мұнай кәсіпшілік жүккөтергіш құралдардың көмегімен жүргізілуі тиіс. Сорапты кешен, бұрғылау сұйықтығын дайындау және тазарту жүйесінің жабдықтары мен қабылдау алаңдары ықшам орналасқан болу керек.


2. ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН БҰЗУШЫ АСПАПТАР

2.1. Қашаулар

Ұңғы түбіндегі тау жыныстары әртүрлі қашаулармен, кеңейткіштермен және бұрғылау бастарымен бұрғыланып, үгітіледі. Бұрғылауға арналған қашаулар түпке әсер етуіне және құрылымына байланысты ажыратылады.

Қашау – ұңғы түбін тереңдету және басқа да арнайы жұмыстарды орындауда, тау жыныстарынан үлгі (керн) алу үшін ұңғы түбін айналдыра талқандауға, ұңғы түбін тұтастай бұрғылауға арналуы мүмкін.

Барлық бұрғылау қашаулары тау жыныстарына әсер ету мінездемесі бойынша негізгі төрт түрге бөлінеді:

1. Қалақшалы қашаулар – тау жыныстарын кесуге және опыруға арналған;

2. Шарошкалы қашаулар – тау жыныстарын опыру және уатуға арналған;

3. Конусты шарошкалы қашаулар – төбелері қашау центрінде немесе жанында орналасқан, тау жыныстарын уатуға арналған;

4. Қатты балқытылған құймамен, алмазбен жабдықталған матрицалы тұрқылы қашаулар – тау жыныстарын үгітіп, кесуге арналған.

Шарошкалы қашауларЕң көп тараған шарошкалы қашаулар болып табылады. Олармен барлық бұрғылау жұмыстарының 95 пайызы жүргізіледі. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда негізінен шарошкалы қашаулар қолданылады. Олар шарошка санына қарай бір, екі, үш, төрт тіпті алты шарошкалы болып келеді. Ең көп тарағандары &#





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.