МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Мемлекетті тану : де- юре, де – факто, ad-xoc.





• Халықаралық тану нысандары:

• Заңды тану 2. Фактілік тану

• Немесе,

• 1. Де-юре 2. Де- факто 3. Ад хос(ad hos)

Де-юре тануы - бұл толық көлемде тану. Бұл танымды қайтып алуға болмайды. Бұндай таным кезінде танылып жатқан мемлекетпен немесе танылып жатқан үкіметпен толық көлемде дипломатиялық,консулдық және басқа да қатынастар орнатылады. Де-факто - бұл жартылай тану. Бұндай таным кезінде дипломатиялық қатынас орнатылмайды, тек консулдық немесе сауда қатынастары орнатылады. Әдетте бұндай тану уақытша, де-юре танымына өтпелі таным болып табылады. Сонымен қатар бұндай таным қайтарылуы мүмкін. Әдетте жаңа мемлекетті танығанда емес, жаңа үкіметті танығанда қолданылады Ad hoc - бұл уақытша белгілі бір мәселеге байланысты тану. Бұндай таным кезінде мемлекет танығысы келмесе де, тануға мәжбүр болады. Мысалы, өз азаматтарын қорғау сауда жағынан.

50.Танудың декларативтік және конститутивтік теориялары. Соғысушы және көтерілісуші тараптарды, күресуші ұлттарды, қарсыласу органдарын, үкіметтерді тану.

Халықаралық құқықтың туынды субъектілеріне тағы да діни-саяси және саяси-аумақтық бірліктерді жатқызуға болады. Олар халықаралық шарт немесе халықаралық тану негізінде өзінің халықаралық құқықтық мәртебесіне ие болады. Оларды еркін қала деп атайды. Мысалы: Краков 1815 жылы Венада өткен және қабылданған трактат бойынша Россияның, Австрияның және Пруссияның қарамағындағы еркін, тәуелсіз және бейтарап қала деп жарияланды. 1919 жылға Версальдағы бейбітшілік шарты бойынша Данцигке ерекше мәртебе”еркін мемлекет”берді. Қазіргі уақытта арнайы халықаралық құқықтық мәртебеге ие мемлекетке ұқсас құрылым болып Ватикан табылады. Ватикан-Рим католик шіркеу орталығы ретінде құрылған. Одан басқа тағы да мемлекетке ұқсас құрылым-Мальтийский орден. Бұл екеуінің де резиденция-сы Римде орналасқан. Бұл екеуі де әлемдегі көптеген елдермен дипломатиялық қатынасқа түседі және бұлардың БҰҰ-ның, Юнесконың, МОТ-тың жанында өкілдіктері бар. Ватикан БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекеме-лерінің мүшесі болып табылады және бірнеше елдермен екі жақта шарттар жасасқан. 2. Енді халықаралық тану мәселесін қарастыратын болсақ, халықаралық құқық тану - бұл танылып жатқан мемлекетпен заңды қатынастарға түсу үшін қажетті акт. Та-нылып жатқан (мемлекет) жақ болып табылуы мүмкін жаңадан пайда болған мемлекет, жаңа үкімет, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, ұлт-азаттық көтеріліс, халықаралық ұйымдар.

Халықаралық құқық теориясында тану туралы екі теория бар:

• Декларативтік теория

• Конститутивтік теория

Декларативтік теория бойынша тану белгілі бір халықаралық құқық субъектісінің пайда болғанын айтады. Бірақ үлкен заңды маңызы жоқ. Өйткені мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі ретінде пайда болуы тануға байланысты емес.Конститутивтік теория бойынша мемлекет тек оны басқа мемлекеттер таныған кезде ғана халықаралық құқықтың субъектісі болады. Бұл теория мемлекеттердің басты белгісі - мемлекеттік егемендігінің маңызын төмендетеді. Мемлекет басқа мемлекеттердің еркіне, қалауына байланысты пайда болады. Кез келген жаңадан пайда болаған мемлекет халықаралық тануға құқығы бар. Бұл БҰҰ-ның жарғысында жазылған. Мемлекеттерді тану жазбаша нысанда болады. Танып жатқан мемлекет ол тануды дипломатиялық нота арқылы белгіленеді. Мысалы, Қазақстан Республикасын дипломатиялық нота арқылы ең бірінші Түркия мемлекеті таныды.



Кей кездерде мемлекет пайда болмайды, тек оның үкіметі немесе басқару нысаны ауысады. Бұндай кезде сол мемлекеттің үкіметін тану туралы мәселе туады. Бірақ кей-кездерде тану міндетті емес, онымен дипломатиялық қатынасқа түсудің өзі жеткілікті. Ал егер жаңа үкімет конституциялық жолмен келсе, онда ол тануда мүлдем керек етпейді. Егер жаңа үкімет әлеуметтік революция немесе ұлт-азаттық соғыстан пайда болса,онда оны тану жаңа мемлекетті халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тану болып табылады. Жаңа өкіметті тану ретінде ұлттық бостандықтың органдарын тануды да қараға болады. Жоғары айтылып кеткенімдей ұлттар өз тәуелсіздігі үшін күрескен кезде өзінің органдарын құрады. Солар басқа мемлекеттермен танылуы мүмкін. Тарихта көтеріліске шыққан және соғысып жатқан жақтарды тануды кездескен. Бұл азаматтық және ұлт-азаттық соғыстың әр түрлі сатысында көтерілісшілерді тану болып табылады. Бұның басты заңды салдары - соғыс заңдары мен әдеттерінің көтеріліп немесе соғысып жатқандарға таралуы. Тануды қайтарып алу. Тану дегеніміз - танып отырған мемлекеттің тиісті қоғам не өкіметтің өзін-өзі басқаруға, билеуге және соғысуға қабілеті бар мемлекеттілік қасиетке, белгілі ие болғаны туралы берген декларациясы. Мемлекеттің бұл белгісі әр қашан сақталады. Әдетте, танып отырған мемлекет қандай да бір жағдайлармен тану декларациясын қайтарып ала алады. Кей жағдайларда тануды қайтарып алу арнайы нотификация арқылы жүзеге асуы мүмкін.Көбіне тануды қайтарып алу де-фактолық тануда болуы мүмкін. Ал, де-юре, яғни толық және түпкілікті тануда қайтарып алуға болмайды. Бұрынғы кезде танудың қай түрі болмасын қайтарып алуға жол берілетін. Мысалы, Ұлыбритания 1938 жылы Абиссиниді егеменді,тәуелсіз мемлекет деп тануын, кейіннен тану декларациясын қайтарып алды.

51. Шарттар құқығы, оның қайнар көздері және жүйелеу.

Халықаралық шарт - бүл халықаралық қүқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық қүқықтың негізгі қағидаларына сай, озара қүқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық

Халықаралық шарттың өзі халықаралық шарттар қүқығының объектісі болып табылады, ол халықаралық қүқықтың негізгі қайнар көзі; әдеттегі ғана емес, сонымен бірге шарттық ережелерді де өзгерту қүралы; халықаралық жария қүқықтың барлық салаларында халықаралық қүқықтың маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкіндік береді. Қүқықтың осы саласының қүрылымында, мазмүнында болып жатқан өзгерістердің халықаралық қүқықтың басқа салаларының мазмүнынан көрініс табары сөзсіз. Жоғарыда атап өтілгендер халықаралық жария қүқықтың осы заманғы жүйесінде халықаралық шарттар қүқығының ерекше орын алатынын көрсетеді Мұнда айта кететін бір жайт, халықаралык қүқықтағы шарт шарггық процесс қатысушыларының ерікті ғана емес, сонымен бірге бір-біріне маңызы бірдей жол берушілік нәтижесінде пайда болады. Халықаралық шарт құқығының теориясы шарттарды тең құқықты және тең құқықсыз деп екіге бөледі. Халықаралық жария қүқық субъектілерінің сапалы шарттық тәжірибелері үшін тең қүқықты шартгардың алар орны ерекше екені дау тудырмайды, олар шарттық процесс қатысушыларының тәуелсіздігі мен дербестігін өзара мойындауға негізделген.

Ад окінішке орай іс жүзінде кездесетін теңқүқықсыз шарттарды не сипаттайды?

• Шарттық процестің негізгі субъектілері - мемлекеттердің тәуелсіздігін сыртқы жағынан шектеу.

• Халықаралық қүқық субъектілерінің ішкі қүзыреттерін қүрайтын мәселелерге қол сүғу.

• Өз мемлекеттерінің заңдарына бағындыру әрекеті.

• Келісуші мемлекеттердің қүқықтар мен міндеттерді бөлісудегі әжептеуір үйлеспеушіліктерінің болуы.

• Қаржылық міндеттемелердің сәйкессіздігі, өзара тиімділіктің болмауы, жол беруде бірдейліктің, теңдіктің жоқ болуы.

Халықаралық шарт мемлекеггер арасында туындайтын дауларды бейбіт жолмен шешудің жалғыз қүралы, тиісінше халықаралық келісімдер мемлекетаралық қатынастармен бір мезгілде пайда болған деуге болады. Мемлекетаралық ынтымақтастықтың даму тарихы мүндай шартгардың көптігі мен түрлі-түрлі болғандығын дәлелдейді.

52.Шарттар жасасуға құқыққабілеттілік. Шарттардағы тараптар. Халықаралық шарттар түрлері. Шарт және үшінші мемлекеттер.

Барлық мемлекеттердін халықаралық шарт жасасу қүқықтары бар. Мүндай ереже халықаралық шарттардың қүқықтары туралы 1969 ж Вена Конвенциясының 6-бабында: “Әрбір мемлекеттің шарт жасасу қүқық қабшеттіліп бар” деп бекітілгең Сонымен бірге, мемлекетгердің шарттардын белгілі бір турлерін жасау қүқығы шектелуі мүмкін Мысалы халықаралық келісімдерге сәйкес, үдайы бейтарап мемлекеттердің корғану сипатындағы одақтық шартгарды жасау, әскери одақгар, әскери көмектер туралы келісімдер жасау қүқығы жоқ. Бүл үдайы бейтарап мемлекеттердін қүқықтық табиғатына байланысты.Өздерінің тәуелсіздігі үшін күресуші үлггардың шарттық қүқық қабілегпліп олардың халықаралық қүқық субъектілігінің бір бөлігін қүрайды. Мысалы, Иорданиядағы жағдайды қалпына келтіру туралы 1970 ж. Каир Келісімі; тәуелсіздік үшін қарулы күрес кезеңіндегі алжир үлтында шартгық қатынастар болды, олардың Алжир Республикасы қүрылганға деиін өздерінің қарулы күштері ғана емес, сонымен бірге вз үкіметі де бар болатын. Ұлтгардың отарлық режимін қандай да бір нысанынан тәуелсіз және басқа мемлекеттердің, оның ішінде метрополиялардың тануынан да тәуелсіз күйде халықаралық шартгық қатынастарға түсе алатынын халықаралық қүқық тәжірибесі дәлелдеуде. Халықаралық үйымдардың шарттық қүқық қабілетгілік сипаты халықаршіық қүқықтың негізгі субъектілері мемлекетгердің шарттық қүқық қабілетплігінен өзгешерек. Халықаралық үйымдар, егер олардың қүрылтаи қүжаттарында осындай рәсім козделген жағдайда немесе мүше мемлекеттердщ ерекше өкілеттіктеріне негізделген жағдайда ғана шарттық процеске қатыса алады. .Халықаралық қатынастар іс-тәжірибесінде түрлі санаттағы субъектілер қатысатын көл жақты шартгар кездеседі. Бүл шарттарды өздерінің заңдықтабиғаты жағынан аралас” немесе күрделі деп атауға болады; Мысалы, халықаралық үйымдардың теңіз спутниктік байланысын паидалану туралы 1976 ж. келісімнің (ИНМАРСАТ) қатысушылары мемлекеттер, жария және жеке сипаттағы үлттық үйымдар болған. Эквадор, Юнеско және Чарльз Дарвин Федерациясы арасындағы Галапагосс архипелагының биологиялық бірлестігін қорғау шаралары туралы ж. үш жақты келісімде, Ч.Дарвин Федерациясы үкіметтік үиым болып табылмайтындықтан, халықаралық қүқықтың субъектісі бола алмаиды.

Шартка катысушылардын сандык күрамына байланысты: екі тарапты және көп тарапты. Екі тарапты шарттар, оз кезегінде әр тарапта бір қатысушы болатын әдеттегі екі тарапты шартгарға және бір тарабында да, екінші тарабында да бірнеше қатысушылары бар шарттарға бөлінеді. Көп тарапты шарттардың ішінде қатысушылары шектеулі шарттар (топтық немесе шектелген деп аталатын) және жалпы (әмбебап) шарттар болатынын айыра білу керек. саяси, экономикалык> арнайы мәселелер бойынша. Шабуыл жасамау туралы, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату жөніндегі, аумақтық мәселелер жөніндегі шартгар және т.б. саяси шарттарға жатқызылады Халыкаралык шарттарды жасайтын органдарга байланысты шарттар мемлекетзралык. үкіметапалык. ведомствоаралык болып бөлінедь Қазақстан Республикасы Президентінің “Халықаралық шарттарды жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы” заң күші бар Жарлығының 3-бабына сәйкес, халықаралық үйымдар шетелдік мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының атынан мемлекетаралық шарттарды жасайды; • Халықаралық шарттың жасалатын мерзіміне байланысты мерзімді және мерзімсіз шарттар болады. Халықаралық шарттың қорытынды ережелерінде қандай да бір шарттың өрекет ету мерзімі келісіледі. Мысалы, конвенциялықшартережелері, өдетте, мерзімсіз болады. Тауар жеткізілімі, лизинг мерзімдеріне байланысты экономикалық шарттар мерзімді халықаралық шарттарға жатқызылады. Халықаралық әмбебап үйым - Біріккен Ұлттар Үйымының аясында жасалатын шарттар, әдетте, осы үйымның алты ресми тілдерінде - орыс, араб, ағылшын, француз, испан және қытай тілдерінде жасалады. Халықаралық шарттың орталық бөлігі бөліктерге, тарауларға, баптарға, параграфтарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді. Осындай бөліктерге бөлу халықаралық шартгардың мәтінін пайдалануды, әсіресе олар үлкен көлемді болған жағдайда жеңілдетілді. Шарт және үшінші мемлекеттер. Халықаралық шарттар қүқығында бүл тезис маңызды тезистердің бірі болып табылады. Осы ережелер өздерінің мәні бойынша халықаралық қүқық шығармашылық процесін реттейді, халықаралық қүқықтың негізгі қағидаларының бірі, атап айтқанда, мемлекеттердің егемендік теңдік қағидаларын қолдануды бейнелейді.

53.Ескертпелер және олардың заңды салдарлары.

Шарт жасасудың барлық сатыларында мемлекетгің ескертулер жасау қүқығы бар. Ескерту дегеніміз - мемлекетгің кез келген нысанда және кез келген атауда жасайтын бір тарапты жариялауы. Ескертуді өтініштен айыра білу керек, өтініш келісім беру немесе келіспеуді айту болып есептеледі. Ескерту арқылы мемлекет белгілі бір ережелердің әрекет күшін жояды немесе өзгертеді, алайда шарттың негізгі мазмүны өзгеріссіз қалады. Егер бір тарапты өтініш халықаралық шартты жасасудың бастапқы сатыларында жасалатын болса, онда олар ескертулер болып есептелмейді. Себебі олардың ескертпелер сияқты заңдық салдары жоқ. Халықара- лық шарттардың қүқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясының 2-бөлімінде (19-23-баптар) ескертулердің қүқықтық табиғаты айқындалғаа Вена Конвенциясының 19-бабына сәйкес, мемлекеттер шартқа қол қойғанда, қабылдағанда немесе бекіткенде ескертулер жасайды. Ескертулерді қолданудың кейбір ерекшеліктері бар. Мысалы, егер нақты ескертуге шартта тыйым салынса; егер шартгық ережелердің талабы бойынша белгілі бір ескертулер ғана жасауға рүқсат етілсе; егер ескерту шарттың көлемі мен мақсаттарына сай немесе онда ескертулерге қатысты рәсім (Вена Конвенциясының 23-бабы) мемлекеттерден ескертуді жасағанда, оларға қарсылықтар жасағайда, оларды алып тастағанда жазбаша нысанды қолдануды талап етеді. Өйтпегенде ескерту жасалмаған деп есептеледі. Шартты бекітуде жасалатын ескерту бекіту грамотасының өзінде, алмасу жөніндегі хаттамада немесе бекіту грамотасын өткізу хаттамасында мазмүндалуы мүмкін. Сонымен, ескертулерді түжырымдап айту - әр тараптың өзінің тәуелсіз қүқығы, бірақ ескерту шарттық ережелердің мәніне әсер етпеуі керек. Ескерту жасау қүқығы мемлекеттерге шарттың қатысушысы болуға мүмкіндік береді. Олар оның негізгі ережелерін, міндеттері мен мақсаттарын қабылдайды, бірақ түрлі себептерге байланысты шарттың кейбір ережелерімен, кейде болымсыз ережелерімен де келісе алмай қалады. Мысалы, Қазақстан Республикасы 1993 ж. соғыс қүрбандарын қорғау туралы 1949 ж. Женева Конвенциясына кейбір ескертулер беру арқылы косылды. Бұл ескертеулер Қызыл Жарты Ай мен Қызыл Крестгін геральдикалық елгілерін ак фонда эмблема ретінде және армиянын

54.Халықаралық ұйымдар ұғымы, оларды топтастыру, олардың әлеуметтік мәні, қазіргі әлемдегі рөлі мен маңызы.

Халықаралық Үйым - халықаралық қатынастарды халықаралық- қүқықтық реттеу жүйесіндегі қажет нақты объективті қүбылыс. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне және оның көптеген бағыттары бойынша әрі қарай дамуына әсерін тигізетін факторлар мен жағдайлар жүйесі болады. Олар мынадай:

• шаруашылық қызметін интернационалдау;

• ғылыми-техникалық процесс;

• осы заманғы маңызды проблемалардың ғаламдық сипаты.

Халықаралық үйымдар мемлекеттер мен халықаралық қүқықтың

өзге де субъектілері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды қүқықтық нысанының біреуі болып табылады. Осы заманғы ғаламдық проблемаларды қарастыру халықаралық үйымдардың қызметінде бара-бара өзекті мәселеге айналып келеді. Халықаралы^ үйымдардың тәуелсіз мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық-қүқықтық ретгеуде айтарлықтай рөл атқаратыны жалпыға мөлім

• Мүшелікке койылатын талаптар:

• а)үкіметаралық (мемлекетаралық) - мүндай үйымға мемлекеттер ғана мүше бола алады. Мүндай талапты қолдану қүқық субъектілікті анықтаған кезде үлкен маңызға ие (БҰҮ, ХЕҰ, БДҰ, ЮНЕСКО).

• б)үкіметаралық емес үйымдарға заңды түлғалар, қоғамдык үйымдар (Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қоғамы, Дүниежүзілік бейбітшілік кеңесі, БҮҰ-ның жәрдемдесу үйымы).

• Қызмет ету мерзімі;

• а)Уақытіиа - бүл топқа халықаралық кеңестер, халықаралық конференциялар жатады.

• б)Түрақты - бүл топқа қазіргі кезде әрекет ететін үйымдарды - БҮҰ, ТМД, барлық мамандандырылған үйымдарды жатқызуға болады.

Аталған талаптардың бәрі шартты екенін атап айтқан жөн. Мысалы, Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі, Варшава Шарты Ұйымы ездерінің әрекет еткен кезеңдерінде түрақты халықаралық үйымдар болған еді.

• Аумактык кызметтері бойынша:

• а)Бүкіләлемдік - оларға БҰҰ, Юнеско, Халықаралық Жастар одағы т.б. жатады.

• б)аймақтық - қызмет әрекеті белгілі бір аймаққа таралатын үйым- дар - Араб мемлекеттерінің лигасы, Африкалық бірлік үйымы, Американдық мемлекеттер үйымы, ТМД.

• Кызмет түрлеоі бойынша:

• а)қызмет түрі шектелмеген үйымдар - БҮҮ, Араб елдерінің лигасы.

• б)арнайы мәселелерді шешетін қүзыреттері бар Үйымдар - БҮҰ-ның барлық мамандандырылған мекемелері.

Жоғарыда аталған негіздердің толық еместігіне назар аудару керек. Аталмыш негіздерді біздің ойымызша қосымша былай толықтыруға болады: жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі бойынша ашық және жабык; қызмет әрекетінің мақсаты мен қағидалары бойынша - қүқыққа сай, қүқыққа қайшы, қызмет ету аясына қарай - жалпы қүзыретті, арнайы қүзыретті.

55. Халықаралық шарттардың абсолютті және салыстырмалы заңсыздығы.

1969 ж. Конвенцияның 46-53-баптары шартсубьектілеріне қатысты; халықаралық қүқық субьектілерінің ерік білдіруіне; шарттың обьектісі мен мақсаттарына қатысты жарамсыздық талаптарын айқындайды. Шарттың жарамсыздығы абсолютгі және салыстырмалы болуы мүмкін. Абсолюттіжарамсыз халықаралық шарттар ең басында-ақ жарамсыз болады. Мүндай негіздерге мыналарды жатқызуға болады: мемлекет өкілін мәжбүрлеу; күш қолданамыз деп қорқыту арқылы мемлекетті мәжбүрлеу; жалпы халықаралық қүқықтың императивтік нормасына қайшы келу. Өкінішке қарай, халықаралық қүқықтың шарттық қатынастарының даму тарихында абсолютгі жарамсыз шарттар кездесіп түрады. Оған Г ерманияның Чехословакиядан Судет облысын алу туралы 193 8 ж. Мюнхен келісімін жатқызуға болады. Бүл шарт Гитлер үкіметінің Чехословакияда “неміс мәселесін” реттеу үшін емес, Чехословакияны жаулап алудың келесі сатысын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жасаған алдамшы айласы еді. Салыстырмалы жарамсыз шартты даулауға мүмкіндік бар. Салыстырмалы жарамсыз шарттардың негіздеріне: қателесу, алдау, өкілді сатып алу жатқызылады.

56. Шарттың күшін тоқтату және тоқтата тұру. Шарттың күшін тоқтатудың негіздері, оның салдары.

Іііарттын әрекететуінінтоктатылүы дегеніміз халықарлыққүқыққа сәйкес барлық қүқықтық қатынастардың тоқтауын білдіреді. Халықаралық шарттың әрекет етуін.тоқтату екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады: 1) күшін жою - төтенше жағдайларда кездеседі. Шарттың әрекет етуін тоқтатудың бүл түрі бір тарапты ерік білдіру арқылы жүзеге асады; 2) күшін жою (денонсация) - бір мемлекеттің екінші мемлекетке араларындағы жасалған шартты шартта келісілген талаптар тәртібімен бүзу жоніндегі мөлімдеуі.

Қазақст^н Республикасында халықаралық шарттардың күшін жою тәртібі жоғарыда аталған 1995 ж. “Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшін жою” деп аталатын Жарлығының V тарауында мазмүндалған.

32-бап. Халыкаралык шартгардын күшін жою туралы үеыныстар

1.Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің үсынуы бойынша Қазақстан Республикасы- ның Президентіне Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипат- тағы халықаралық шарттарының күшін жою туралы үсыныс енгізеді.

2.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Үкімет қарауына жататын мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне үсыныс енгізеді.

3.Қазақстан Республикасының министрліктері, мемлекеттік комитеттері және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп немесе оның келісуімен өз қүзырындағы мәселелер бойынша осы баптың 1-және 2-тармақтарында аталған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Қазақстан Республика- сының Үкіметіне үсыныстар енгізеді.

4.Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері, мемлекеттік комитетгері және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің келісуімен өз қүзырындағы мәселелер бойынша ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарды бүзу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне үсыныс енгізеді.

33-бап. Казакстан Республикасы Парламентінін халыкаралык шарттардыл күшін жзюы

Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталардың бөлек жеке отырысында мәселелерді ретімеқ алдымен Мәжілісте, содан соң Сенатта қарай отырып:

1)Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы бекітілген және бекітуге жатпайтын халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Президентінің үсынуы бойынша;

2)Қазақстан Республикасының Үкімет қарауына жататын халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүзеге асырылған халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Үкіметінің үсынуы бойынша жояды.

34-бап. Казакстан Республикасы Үкіметінін хадыкаралык дуярттардыи күшін жоюы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тиісті министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың үсынуымен Қазақстан Республикасының ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарының күшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің келісуімен жояды.

Халыкаралык шарттарды калпына келтіру халықаралық шарттың күшін тоқтата түру немесе тоқтатудан кейін оның орекетін қалпына келтіру актісі болып табылады. Әдетте, мүндай ережелер әскери әрекеттер аяқталғаннан кейін шартты қалпына келтіруге қатысты болып келеді. Екі тарапты шарттың өрекетін қалпына келтіргенде, тараптардың өзара келісімі есепке алынады. Халықаралық қүқық доктринасында шартты қалпына келтіру туралы шешім үзарту туралы шешімді қабылдау тәртібі сияқты қабылдануы тиіс деп көзделген.

57. Дипломатиялық құқықтың түсінігі

«Дипломатия» термині мемлекеттердің сыртқы қатынастар органдары қызметінің ерекше нысанының белгісі ретінде Батыс Еуропада ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап белсенді түрде қолданыла бастады. «Дипломатң, «дипломатияң терминдері греко-латындық «дипломаң сөзінен шықты. Солай көне елшілер үшін (қуғыншыны, қонақтарды және басқаларды) олардың өкілеттіктерін бекітетін, сенім грамотасының қызметін атқарған, қосарланған металдық тақтайды атайтын. «Дипломатия» мен «сыртқы саясат» түсініктерін ажырата білген жөн. Сыртқы саясат – ол мемлекеттің халықаралық істердегі жалпы курсы. Ол мемлекеттің мақсаты мен міндеттерін, халықаралық қатынастағы оның қызметінің бағытын, сонымен қатар, осы қызметтің нысандары мен тәсілдерін анықтайды.

Дипломатиялық құқықтың түсінігіДипломатиялық құқық - халықаралық құқықтың ең бір маңызды және көне салаларының бірі.Дипломатиялық құқық - мемлекеттер арасында және халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында сыртқы қатынасқа түсу органдарымен бекітілген және қолдау табатын ресми байланыс пен қатынасты реттейтін халықаралық-құқықтық нормалардың жиынтығы. Дипломатиялық қызметтің негізгі нысандары болып мыналар табылады: келіссөз және мемлекет өкілдерінің әр түрлі деңгейдегі ресми сапарлары; екі жақты және көп жақты келісім шарттарды даярлау және бекіту, басқа да бірлескен актілерді қабылдау (декларация, коммюнике және т.б.); дипломатиялық конференциялар жұмысын, сұқпаттасуды, кездесулерді ұйымдастыру және қатысу; мемлекеттің басқа мемлекеттердегі және халықаралық ұйымдардағы өкілдіктердің қызметі; халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының жұмысына қатысу; дипломатиялық хат алмасу және дипломатиялық құжаттарды (өтініш, нота және т.б.) басып шығару табылады.

58. Дипломатиялық құқықтың қайнар көздері

Дипломатиялық құқықытың қайнар көзі болып көп жақты және екі жақты шарттар, әдет-ғұрып табылады. Дипломатиялық құқықтың қайнар көзінің ерекшелігі болып әдет-ғұрыптың дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде маңызды және едәуір орын алатыны табылады. Мелекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы дипломатиялық қатынасты реттейтін негізгі көп жақты шарттар болып мыналар табылады: 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы; 1875 жылғы 14 науырыздағы Мемлекеттің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдарға қатысты өкілдік туралы Вена конвенциясы; 1815 жылғы Вена регламенті; 1946 жылғы 13 ақпандағы БҰҰ артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция:1947 жылғы 21 қарашадағы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция; 1969 жылғы 8 желтоқсандағы Арнайы миссия туралы конвенция; 1977 жылғы Қылмысты тоқтату және халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, оған қоса дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыс үшін жаза туралы конвенция. Атап өткен халықаралық шарттардың ішіндегі ең негізгі болып 1961 жылғы дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы, оның нормалары дипломатиялық қызметтің негізгі сұрақтарын жан-жақты реттейді: дипломатиялық өкілдіктердің функцияларын, дипломатиялық өкілдіктерді тағайындау және шақырып алу тәртібі, олардың сыныптары, дипломатиялық өкілдіктердің, персоналдың және басқа қызметшілердің артықшылықтары мен иммунитеттері. Мемлекеттер дипломатиялық қатынасты орнату және дипломатиялық қатынастың басқа да сұрқтары бойынша екі жақты шарттар мен келісім шарттар бекітеді.

59. Ішкі мемлекеттік сыртқы қатынас органдары.

Мемлекеттің сыртқы қарым -қатынасқа түсу органдары. Дипломатия бір мемлекеттің басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сыртқы байланыс бекітетін, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мемлекеттің құқықтарын танытатын және халықаралық қатынаста оның мүдделерін және оның азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделеррін қорғайтын, сыртқы қатынас органдарының ресми қызметі арқылы жүзеге асырылады.

• Сыртқы қатынасқа түсу органдарын былайша бөлуге болады:

• а)мемлекеттің ішкі органдары

• б)сыртқы органдары

Мемлекеттің сыртқы қатынасқа түсетін ішкі органдары өз кезегінде былай бөлінеді: а) жалпы өкілетті - жалпы саяси органдары: парламент, елбасшысы (президент, монарх), үкімет, үкімет төрағасы, сыртқы істер ведомствасы және оның министрі. ә) арнайы өкілетті бар органдар: министрліктер мен басқа да ведомстволар (комитеттер), өз өкілеттіктеріне сәйкес, белгілі бір салада ғана (экономикалық, мәдени, ғылыми т.б.) сыртқы байланысты жүзеге асырады.

Парламенттер жалпы ұлттық өкілетті органдар ретінде сыртқы қатынасқа түсудің жалпы саяси басшылығын жүзеге асырады. Бірақ сыртқы қатынасқа түсудегі фактілі ролі барлық мемлекетте бірдей емес.Парламенттің сыртқы қатынасқа түсу облысындағы әдеттегі өкілеттіктері болып: соғыс, бейбітшілік, территориялық өзгерістер туралы сұрақтарды шешу, халықаралық шарттарды ратификациялау, сыртқы саяси шараларға шыққан шығынды анықтау саналады. Парламентте сыртқы саясат сұрақтары бойынша пікір сайыстар өткізіледі, депутаттар ол бойынша үкіметке сұраныс жасайды, парламенттік делегациялар, басқа мемлекеттегі парламентаралық одақтың сессиясына сапар жасайды. Парламенттер басқа елдің парламентіне үндеу жасайды, сыртқы саясат сұрақтары бойынша арыз қабылдайды, сыртқы істер бойынша тұрақты комиссия құрады.

Ел басшысы халықаралық қатынаста мемлекеттің жоғарғы өкілдігін жүзеге асырады. Ел басы өз мемлекетінің басқа елдегі елшісі мен өкілін қызметке тағайындайды және босатады. Шетел мемлекеттерінің елшісі мен уәкілі аккредитталған сенім және қайтару грамоталарын қабылдайды. Ел басшысы арнайы өкілеттіксіз келіссөздер жүргізеді және халықаралық шартқа қол қоя алады, шетелдерге сапар шеккенде иммунитеттер мен артықшылықтарға ие болады.

Үкімет сыртқы саясатың негізгі бағыттарын белгілейді, қабылданған сыртқы саяси шешімдердің орындалуын және оны қадағалауды ұйымдастырады.

60. Шетелдік сыртқы қатынас органдары

Сыртқы органдар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты органдарға: дипломатиялық өкілдіктер (елшілік пен миссия), халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттің тұрақты өкілдіктері, сауда өкілдіктері, консулдық мекемелер жатады. Уақытша органдарға: халықаралық конференциядағы делегациялар мен қадағалаушылар тобыны арнайы миссиялары; халықаралық ұйымдар мен оның органдары сессиясының жұмысына қатысу үшін жіберілген делегациялар, екі жақты келіссөздегі делегациялар және басқалары. Парламент, ел басшысы, үкімет(оларды конституциялық жағдайлардың күшіне сәйкес биліктің жоғарғы органдары деп атайды – сыртқы қатынасқа түсудің конституциялық органдары) - сыртқы қатынасқа түсудің жалпы саяси басшылығын жүзеге асырады

Сыртқы істер ведомствасы - тікелей мемлекеттің сыртқы қатынасқа түсуіне жедел басшылықты жүзеге асыратын орган. Сыртқы істер ведомствасының негізгі функцияларына мыналар жатады: халықаралық қатынаста тікелей мемлекеттің мүдделерін таныту және қорғау; үкімет аралық келісім бойынша бекітілген дипломатиялық және консулдық қарым-қатынасты қолдау, халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің мүшелігінен және халықаралық конференцияның жұмысына қатысудан шығатын, шетелдегі дипломатиялық және басқа да ресми өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметіне басшылық ету, бақылау және қадағалау; сол елдегі шетелдің дипломатиялық өкілдіктермен, келіссөз жүргізуге және шарт бекітуге келген арнайы миссиямен және делегациялармен байланыс ұстау және келіссөз жүргізу. Мемлекеттің сыртқы қатынасқа түсудегі сыртқы органдарының арасындағы негізгі орынды тұрақты дипломатиялық өкілдіктер алады.Бұл мемлекеттер арасында жақсы дипломатиялық қатынастар болғанда ашылатын елшіліктер мен миссиялар. Елшіліктер– бірінші жоғарғы сыныптың өкілдіктері. Оларға Ватикан өкілдіктері – нунциатура теңестіріледі; Миссиялар—екінші сыныптың өкілдіктері. Оларға Ватиканның интернунциатурасы сәйкес келеді.

61.Дипломатиялық өкілдіктер және олардың түрлері ,құрылысы,олардың функциялары

Дипломатиялық өкілдік 3 бөлінеді:а)дипломатиялық;ь)әкімшілік техникалық;в)кутуші;Дипломатиялық персонал дипломатиялық рангке ие,өкілдіктің қызметкерлері,оның ішінде аттше дипломатиялық өкілдіктің басшылығының жанынды консультативті қызметті жүзеге аысратын әскери және арнайылар.Әкімшілік техникалық персорналға: әкімшілік-техникалық функцияларды орындаушы тілмаштар қаржы қызметкерлері, іс жүргізуші, канцелярияны меңгеруші және басқа қызметкерлер жатады.Күтуші персоналға: дипломатиялық өкілдікті және оның басшыларын күтушілер, дәрігерлер, каменданттар, шоферлер, бағбандар және басқа тұлғалар жатады.Дипломатиялық өкілідік күтуші персонал ретінде жұмысқа мекендеуші мемлекеттің азаматтарын шақыра алады.Дипломатиялық өкілдік персоналының саны жөніндегі сұрақ аккредиттаған мемлекет пен мекендеуші мемлекеттің арасындағы келісім негізінде шешіледі.

62.Дипломатиялық ранглер

Атташе(фр. attaché — сөзбе-сөз: бекітілген)кіші дипломатиялық ранг;[елшіліктер мен миссиялардағы дипломатиялық құрамның жауапты адамы;басқа бір ведомствоның (дипломатиялық емес) өкілі, елшілікке немесе миссияға белгілі бір маман ретінде жіберілетін адам (мысалы, әскери атташе, сауда атташесі, пресс-атташе)

63.Дипломатиялық корпус

Дипломатиялық корпус -берілген мемлекетте аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері басшыларының жиынтығы;дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері және олардың отбасыларының мүшелері.Димпломатиялық корпусты дуайен басқарады класы бойынша және мемлекетте мекендеген уақыты бойынша үлкен бір дипломаттық өкілдіктің басшысы.Дуайен дипломатиялық корпустың атынан өтініш,құтықттау,көңіл айту білдіреді.

Дипломатиялық корпус

Бұл түсінік тар мағынада да және кең мағынада да қолданылады. Тар мағында мекендеуші мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктер басшыларының жиынтығын білдіреді; кең мағынада – бұл дипломатиялық өкілдіктер басшыларының, олардың жанұя мүшелерінің және дипломатиялық персоналдың толық құрамын білдіреді.

Дипломатиялық корпус бұл не саяси не халықаралық құқықтық статусты иеленбейтін ұйым. Ол хаттамалық және салтанаттық сипаттағы функцияны атқарады, дипломаттардың мекендеуші мемлекеттің үкіметтік мекемелерімен және ресми тұлғаларымен, және дипломатиялық өкілдіктердің өз арасында контакт орнатуға ат салысады. Дипломатиялық корпусты дуайен (ақсақал, декан) басқарады – класы бойынша және мемлекетте мекендеген уақыты бойынша үлкен бір дипломаттық өкілдіктің басшысы (елші немесе Ватиканның өкілі нунций). Дуайен дипломатиялық корпустың атынан өтініш, құтықтау көңіл айту білдіреді және т.б. жағдайларда сөйлейді; жаңа келген дипломаттарды мекендеуші мемлекетпен, оның ұлттық дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныстырады; дипломатиялық корпустың арасындағы даулы сұрақтарды шешеді және этикет және салтанатты сұрақтар бойынша шешім шығарады. Толығымен дипломатилық корпусқа, дуайенге мекен етуші мемлекекеттің ішкі істеріне араласуына, оның үкіметіне ықпал жасауына тыйым салынады.

 

64.Дипломатиялық корпустың дуайені

Дуайен (франц. doyen — аға елші, ақсақал) — дипломатиялық корпустың басшысы. Дуайен міндетті түрде жоғары сыныпты және сол елде басқаларға қарағанда ұзағырақ тұрған дипломатиялық өкілдер арасынан таңдалады. Дуайеннің қызметі, негізінен, хаттамалық сипатқа ие. Ол дипломатиялық корпус атынан құттықтаулар жолдайды немесе көңіл айтады, түрлі салтанатты рәсімдер мен хаттамалық іс-шаралар кезінде дипломатиялық корпусты басқарып, қабылдаушы елдің сыртқы істер мекемелерімен тұрақты байланыста болады, сондай-ақ, жаңадан келген өз әріптестеріне сол елдің билік органдарымен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша ақыл-кеңестер береді. Қазақтан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық корпустың алғашқы дуайені өзінің сенім грамотасын бірінші болып тапсырған Түркияның Қазақстандағы Төтенше және толық өкілетті елшісі Ташкент Кутлыш мырза болды.

65.Дипломатиялық өкілді тағайындау тәртібі

Дипломатиялық өкілдіктің басшысы (елші, уәкіл, іске сенімді) ерекше тәртіппен тағайындалады. Бұл әр мемлекеттің өз территориясында белгілі бір тұлғаны шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің басшысы ретінде қабылдауға немесе қабылдамауға суверендік құқыққа ие болуымен байланысты, сондықтан аккредиттаушы мемлекет қабылдаушы мемлекеттің үкіметінен белгілі бір нақты тұлғаны дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындалуына келісімін сұрайды. Қабылдаушы мемлекеттің белгілі-бір тұлға дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындалуына келісімі агреман деп аталады.

66.Димпломатиялық өкілді қайтару тәртібі

Дипломатиялық өкілдіктің (елші, уәкіл, іске сенімді) мекендеуші мемлекеттегі қызметі айырбас тәртібінде аккредиттаған мемлекеттің қайта шақыру кезінде тоқтатылады, сонымен қатар егер ол мекендеуші елдің сенімін жоғалтса және жағымсыз (persona non grata) болып жарияланса; егер аккредиттаған мемлекет пен мекендеуші мемлекеттің арасында дипломатиялық қарым-қатынас үзілсе; егер осы мемлекеттер арасында соғыс жағдайы жарияланса; егер дипломатиялық өкілді тағайындаушы немесе оны қабылдаушы мемлекеттің бірі өзінің халықаралық құқықтың субъектісі ретіндегі өмірін тоқтатса тоқтатылады.

 

67.Агреманның ұғымы

Агреман- (фр. agrément - келісім) - жолдаушы мемлекет дипломатиялық лауазымға тағайындаған тұлғаға қабылдаушы ел билігінің келісімі. Агреман жолдаушы мемлекеттің сыртқы істер министрлігі арқылы тек дипломатиялық өкілдіктің басшысынан ғана жазбаша түрде сұратылады. Агреман жөніндегі жазбалар жария етілмеуі тиіс.Агреман беруден бас тартқан жағдайда дипломатиялық өкілді жолдаушы мемлекеттің оның себебін түсіндіруді талап етуге қақысы жоқ. Кейбір елдердің дипломатиялық тәжірибесінде агреманды ауызша сұратып, оған ауызша жауап алу фактілері де ұшырасады. Егер агреман берілсе, онда дипломатиялық өкілдіктің басшысы қызметіне үміткер - "persona grata" ("қалаулы тұлға"); Агреман беруден бас тартылса, осы қызметке үміткер - "persona non grata" ("қалаусыз тұлға") болып танылады.

68.Сенім және қайтару грамоталары

Сенім грамотасы - бұл тұлғаның басқа елде дипломатиялық іс-әрекет жүргізуі туралы құжат; ол шетел мемлекеті басшысына осы лауазымға тағайындалуы сәтінде тапсырылады.Сенім грамотасына аккредиттаған мемлекеттің ел басшысы қол қояды және сыртқы істер министрінің қолымен бекітеді.Сенім грамотасында елші тағайындаушы ел басы елшіні қабылдаууылы ел басынан елшінің өз мемлекеті және укіметі атынан айтқанының бәріне сенуін сурайды.

69.Мемлекеттердің БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдіктері

Мемлекеттің сыртқы қатынасқа түсудегі шетелдік органдарына БҰҰ-ң және басқа халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттің тұрақты өкілдіктері жатады. Осы органның құқықтық статусы 14 наурыз 1975 жылғы мемлекеттің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастағы өкілдіктер туралы Вена конвенциясымен реттеледі. БҰҰ жанындағы тұрақты мемлекеттік өкілдіктер және олардың қызметшшілері негізінде дипломатиялық өкілдіктер (елшілік және миссия), олардың дипломатиялық персоналы мен басқа қызметкерлері ие болатын иммунитеттер мен артықшылықтарды қолданады. Халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің өкілдіктері (1975 жылғы Вена конвенциясының 6 бабы) келесі функцияларға ие:а) ұйымдарда жіберген мемлекеттің өкілдігін қамтамасыз етеді; б) ұйым мен жіберген мемлекеттің арасында тұрақты байланысты ұстанады;в) ұйымдарда және оның шеңберінде келіссөз жүргізеді;г) ұйымның қызыметі жөнінде жіберген мемлекттің үкіметін ақпаратпен жабдықтайды;д) жіберген мемлекетті ұйымның қызыметіне қатыстырылуын қамтамасыз етеді;е) ұйымға деген қатынасында жіберген мемлекеттің мүдделерін қорғайды;ж) ұйыммен қызыметтесу арқылы және оның шеңберінде ұйымның мақсаттары мен қағидаларының жүзеге асырылуына атсалысады.

70.Басып алған аумақ тұрғындарының құқықтық жағдайы

Аумақ ауысқан жағдайда азаматтардың азаматтығы да ауысады. Оның түрлері: цессия, оптация, трансферт.

Цессия дегеніміз - мемлкеттің аумағының бір бөлігі екінші мемлекетің аумағына өтуіне байланысты немесе екі мемлекет арасындағы келісім бойынша аумақ бір-біріне өтетін болса, сол мемлекеттің азаматтығын алу қарастырылған. Яғни, мемлекеттік келісім негізінде азаматтық алу.

Оптация дегеніміз - таңдау бойынша азаматтық алу. Мемлекеттің аумағы өзгеріске түсу барысында азаматтықты таңдау.

Трансферт - мемлекеттің аумағының өзгеріске түсуіне байланысты автоматты түрде азаматтықты алу.

71.Басып алған аумақтағы қарсыласу қозғалыстары

 

72.Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы

Международное гуманитарное право (право войны, право вооружённых конфликтов) — совокупность международно-правовых норм и принципов, регулирующих защиту жертв войны, а также ограничивающих методы и средства ведения войны.

Международное право вооружённых конфликтов кодифицировано в Гаагских Конвенциях, Женевских Конвенциях о защите жертв войны 1949 г. и Дополнительных Протоколах к ним 1977 г., резолюциях Генеральной Ассамблеи ООН и других документах.

Отдельные ограничения, установленные международным гуманитарным правом, распространяются и на вооружённые конфликты немеждународного (внутреннего) характера.

 

73.Әскери қақтығыстарды жүргізу құралдары мен әдістері

 

74.Бейтарапшылық ұғымы және түрлері

Бейтараптық - (лат. neuter - ешқайсысы емес) - ешкімнің тарапына қосылмай қалыс қалу немесе енжар, селқос қарау. Мысалы: екі мәселенің де бағытына назар аудармай, ешкімнің де тарапын қолдамай қалыс қалушылық.[1]

Халықаралық құқықта және әлемдік саясатта соғысқа қатысудан бас тартатын, бейбіт өмірде әскери одақтарға кіруге қүлық танытпайтын мемлекеттің мәртебесі. Кеңірек мағынада кез келген мемлекетаралық бірлестіктерге қатысудан бас тартуы мүмкін. Әдетте ол басқа мемлекеттермен келісім-шартпен бекітіледі. Бейтарап мемлекеттердің, сондай-ақ қарулы қақтығыс жағдайында соғысушы жақтардың бейтарап мемлекеттерге қатысты қүқықтары мен міндеттері 1907 жылғы Гаагаконвенцияларымен "Бейтарап елдер мен тұлғалардың қүрлықтағы соғыс жағдайындағы қүқықтары мен міндеттері" және "Бейтарап елдер мен түлғалардың теңіздегі соғыс жағдайындағы қүқықтары мен міндеттері" және сонымен қатар, бейтарап мемлекеттер аумағы әскери әрекеттер сахнасына айнала алмайтындығы жайлы бірқатар халықаралық- қүқықтық актілермен реттелген. Бейтараптық саясатына қарсыласушы мемлекеттер мен мемлекеттер одақтарының арасындағы мүмкіндіктердің теңдігіне талпынуы, саяси тепе-теңдік немесе күштер тепе-теңдігі алғышарт бола алады. Еуропада жаңа кезеңде халықаралық саясаттың негіздерінің бірі ретінде кеңінен тарады. Бейтараптықтың ерекше алғышарты - мемлекеттің діни саяси жағдайы және үлттық дәстүрлері. Осылайша, үзақ уақыт бойына бейтараптық саясатынҰлыбритания, Франция және Германияның мүдделерінің тоғысқан түсында калган Бельгия үстанды. Еуропаның нақ ортасындағы Швейцария да осындай саясат үстануға тырысты. Ол тіптен, бейтараптықты шектен шығарып, үжымдық қауіпсіздік шараларына немесе әзге мемлекеттерге қатысты экономикалық санкцияларғақатыспау үшін БҰҰ-на мүшеліктен бас тартты.

Белгілі бір мағынада бейтараптық саясат пен қазіргі Еуропа Одағындағы ықпалдасудың тереңдеуіне сақтықпен қарайтын еуроскептиктердің (мысалы, Данияда) арасынан үқсастық іздеуге болады. Әлемдік саясатта бейтараптық күштер тепетеңдігі саясатын жүмсартып, жауласқан араз екі елдің арасындағы "аралық" мемлекетболып пайдалы қызмет атқарды. Онымен қоймай, бейтарап-мемлекеттер "ара ағайындық" қызмет те атқара алатын еді. Бейтарап- мемлекеттердің өздеріне де мұндай саясаттың пайдасы тиді, ол одақтас-мемлекеттердің ісшараларынан тыс қалумен байланысты болды. Қазіргі әлемде өзара тәуелділік пен жаһанданудың күшеюі жағдайында бейтараптық біртіндеп мәнін жоғалтуда. 1990-шы жыл дардың басында Швейцария БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болды, Швеция мен Австрия 1995 жылыЕуропа Одағына кірді.

 

75.Консулдық өкілдіктер :ұғымы мен қызметі

Консулдық өкілдіктер (мекемелер) - бұл өз мемлекетінің заңды тұлғалары мен азаматтарын, экономикалық және тағы басқалар мүдделерін қорғау мақсатымен мекендеу мемлекеттің территориясында оның келісімімен құрылған бір мемлекеттің арнайы органдары. Консулдық өкілдіктерді сыныптары әртүрлі консулдар басқарады.Консул - ол бір мемлекетпен, консулдық функцияларын орындау үшін басқа мемлекетке тағайындалған лауазымды тұлға.Консулдық лауазымды тұлғаның 4 сыныбы бар.Бас консул ,Консул ,Вице консул ,Консулдық агент

76.Консулдық корпус

Консулдық корпус түсінігі тар және кең мағынада қолданылады.Тар мағынада консулдық аймақта орналасқан консулдық мекеме басшыларының жиынтығын айтамыз. Кең мағынада консулдық аймақта орналасқан барлық шетел консулдық лауазымды тұлғалардың және олардың жанұялары мүшелерінің жиынтығы. Консулдық корпусқа құрметті (штаттан тыс) консулдар және дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдерінің кызметкерлері кіреді.Консулдық корпус церемониялды іс-шараларға қатысады - құттықтау, көңіл айту, кездесулерді ұйымдастыру және т.б.Консулдық корпусты дуайен ( экзекватураны алу уақыты және консулдық сыныбы бойынша ағалығы жоғары болған консулдық мекеменің басшысы) басқарады. Дуайен жаңадан келген консул мекемелерінің басшыларын мекендеу мемлекетінің заңы мен әдет-ғұрыптарымен, консулдық аймақтың ерекшеліктерімен, консулдық аймаққа кіретін мекендеу мемлекеттің әкімшілік-территориалдық бірліктердің басшыларымен таныстырады және ішк





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.