МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Зерттеу кезінде пайдаланылатын приборлар мен техникалар





КІРІСПЕ

1997 жылдың сәуір айында «Сазанқұрақ» мұнай кенорынды игеру үшін бірлескен американдық-қазақстандық кәсіпорынның («Сазанқұрақ» ЖАҚ ОҚ) жабық акционерлік қоғамы құрылған. Кәсіпорынның Құрылтайшылары – First International Oil Corporation (Хьюстон қаласы) және «Атыраумұнайгазгеология» АҚ (Атырау қ.) болды. Кәсіпорын мұнай шығару жұмыстары үшін мамандырылған.

Кәсіпорын құрамында:

- 81 ұңғы, соның ішінде 56 шығарушы ұңғы;

- Вахталық кент;

- Топтық өлшегіш қондырғы (ТӨҚ-1, ТӨҚ-2, ТӨҚ-3);

- Мұнай дайындағыш қондырғы (МДҚ);

- Мұнай құятын терминал.

Алаңдағы бұрғылау жұмыстары 1992 жылы басталып 1995 жылдың аяғына дейін жүргізілді.

Алғашқы болып жұмысқа G-3 ұңғысы қосылды. Бұл ұңғыда 1993 жылы валанжин шөгінділерін сыңнан өткізу кезінде аралығы 604,0-614м. Р орт. дин.= 552.0 м көрсеткіште шығыны тәулікте 0,25 м куб болған қою шәірлі мұнай алынғанды.

1998 жылы кәсіпорын «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ институтының дайындаған «Өндірістік жұмыс кезінде Сазанқұрақ кенорының жабдықталуы» жобасы бойынша кенорынды сынау ретінде жұмысқа кірістірді.

Кен орнында өндірістік ігеру жұмыстары 2000 жылы «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ институтында (1999ж) дайындалып ҚР мұнай кенорындарын ігеру жөнінде Орталық комиссияда бекітілген (27.10.99 ж, протокол № 5) ігерудің технологиялық үлгісіне сәйкес басталады.

Қазіргі кезде кен орын игеру жұмыстары ҚР Орталық комиссияда бекітілген (27. 10. 99 ж., протокол № 5) «Сазанқұрақ мұнай кен орнын ігерудің технологиялық үлгісі» бойынша дайындалған ІІІ-ші вариантына сәйкес жүргізілуде.

«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ институтында дайындалған соңғы есептер бойынша 01.01.2004 жылға кенорындағы мұнай қоры: баланс қоры 7679,3 мың. тонна, алынатын қор – 2008,3 мың, тонна болды.

«Сазанқұрақ» кен орнында мұнайлылығының екі қабаты бар: төменгіборлы валанжин қабаты (жату тереңдігі 420-460 м) және жоғарғы юра бос қабаты (жату тереңдігі 464-490 м). «Сазанқұрақ» кен орнының мұнайы ауыр, жабысқақ, шәйірлі, парафинді болып мұнайдың метаннафтен тобына жатады.

01.01.06 жылдың есебі бойынша кен орын қорында 81 ұңғы бар, соның ішінде:

- Шығарушы ұңғылар қорында 56 ұңғы;

- Айдайтын ұңғы қорында 7 ұңғы;

- Су алатын ұңғы қорында (сақталуда) 3 ұңғы;

- Байқау қорында 3 ұңғы;

- Жойылған ұңғылар қорында 6 ұңғы;

- Барлау ұңғылар қорында 6 ұңғы.

 

1 Техникалық қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздік ережесі

Қауіпсіздендірудің жалпы шаралары:

Қаза, жарылу , өрт, улану, күйіп қалу, жарақат алу мүмкіндіктерін туғызбайтын технологиялық процесстерді қауіп - қатерсіз жүргізіп отыру үшін төмендегі шарттарды орындау жұмыстары қарастырылады:



Объектідегі жабдықтарды пайдаланып бақылаудағы технологиялық жұмыс тәртібі мен ережені қатаң сақтау;

Жұмыс істеушілердің технологиялық үлгілерді, жабдықтардың, ысырмалардың орналасуын, олардың қызметі мен күту ережелерін өте нақты білуі;

Кәсіпорындағы нормативтік құжат пен стандартқа сәйкес жұмыс істеп жүргендерге қауіпсіздендіру техникасы бойынша нұсқау беріп, оқу өткізіп , білімін тексеріп баға беру жұмысын дер кезінде және сапалы өткізу;

Жөндеу жұмыстарын, газ және өрт шығу қауіпі бар жұмыстарды жүргізген кезде ережелерді қатаң сақтау;

Қауіпті жағдай кезінде дабыл белгісін беретін және жауып тастайтын жүйелердің, бақылау-өлшеуіш және реттеуіш құралдардың тоқтаусыз жұмыс істеуі;

Белгіленген график бойынша жабдықтар мен құбырларды дер кезінде тексеріс пен жөндеуден өткізіп тұру;

Белгіленген кезде мұнай жабдықтары мен қазандарды уақытында бақылаудан өткізіп керекті құжаттарын алып тұру;

Аппараттар мен құбырлардың саңылаусыздығын үнемі қадағалау;

Тиекті және сақтық аппаратураның дер кезінде тексеріп жөндеу;

Ауа алмастырушы қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуі;

Зат пен материалды дұрыс сақтау;

Жекеменшікті қорғау, өрт сөндіру, өрт туралы хабар беру құралдардың үнемі түзу жағдайда ұстау;

Электр желісінен кернеуді алып тастау тәртібін сақтау;

Бекітілген тәртіп бойынша өрттен қорғаушыларды дер кезінде шақыру;

Объектіде темекі шегу тәртібін қатал сақтау;

Объекті жерінде көліктің кіріп өту, сондай-ақ осы жерде бір кездік ия уақытша жұмысқа алынған адамдардың келіп шығу тәртібін қатал сақтау;

Қызметкерлерді арнайы жұмыс киіммен, арнайы аяқкиім, фильтрлі противогазбен, үйдің ішінде немесе алаңда күкіртті сутектің шоғырлануын бақылайтын жекеменшікті құралмен жабдықтау;

Қондырғыларда қазадан қорғау құралдарының (противогаздар,жабдықталған өрт сендіру тораптары,өрт сөндіргіштер және т.б.) түгел бар болуы;

Тұрақты өрт сөндіру жүйенің түзу жағдайда істеп тұруы;

Ауаның газдалғанын анықтайтын автоматты газоанализаторы бар болып оның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

Ішінде жарылғыш, тұтанғыш және жанғыш заттар бар құрылым, құрал, жабдық және ғимарат үшін БӨҚ мен А құралдарының кабелдерін жалғастырып шығару құрылғылар құбырдағы төсем арқасында саңлаусыз болуы немесе саңылаусыз металл шетінін ішінде орналасуы керек;

Керекті техникалық құжаттамаларды жинастырып жүргізу :соның ішінде пайдалану; жөндеу ; жабдық, құрал, арматура, құбырлардың техникалық, газдық және өртке қарсы қауіпсіздік тұрғыдан жағдайларын бақылау; жұмысшылар т.б. тарапынан техникалық процесстердің оперативтік құжаттамаларды.

Жұмысшылар мен санитарлық-сақтау тұрғындары туралы деректер:

01.01.2006 жылғы мәліметке қарағанда жұмыс істейтіндердің саны небәрі 158 адам,соның ішінде жұмысшылар-124 кісі,инженер мен мамандар-34 кісі.Бұлардың 158 де Қазақстан азаматтары,шетелдік азамат жоқ.Кен орныңда әр кезекте 65 адам жұмыс істейді.

Әр түрлі бөлімшелерде кен орныңда жұмыс істейтіндер төмендегідей орналасады (бір вахталық кезекте)

Терминал: 13 кісі

МДҚ: 9 кісі

Лаборатория: 2 кісі

ҚҚҰ жүйесі: 5 адам

НПО: 5 кісі

Энергетика және БӨҚменА: 7 кісі

Қосымша қызметкерлер: 6 адам

Кен орнын басқарушылар:10 кісі

Медициналық бөлім: 1 адам

1999 жылдан бастап бүгінге дейін жыл сайын FIOC бас фирмасы Алматыдағы «Нефтяная страховая компания»ААК-да «Сазанқұрақ» ЖАҚ ОКның экологиялық қауіп-қатерлерден келуі мүмкін зиянын 10млн долларға сақтандырады.

Өрт сөндіру жүйесін сырттан сумен қамтамасыз ету

Обьектіні техникалық сумен қамтамасыздандырудың негізгі қайнары диаметрі 1020мм болған «Астрахань-манғышлақ»су құбыр.Бұл құбырдағы қысымды төмендету үшін бұранда жеріне қысымды реттеуші құрал мен су шығынын есептеуші сайман орналастырылады.Су құбырындығы жұмыс қысымы 8кг/см.

«Сазанқұрақ» кен орны жерінде су шаруашылық мұқтажға,ішуге,өндірістік қажеттіліктер мен өрт сөндіру үшін пайдаланылады.

Шаруашылық үшін және ішетін сумен қамтамасыз ету жүйесі кен жерде жұмыс істейтіндердің шаруашылық,тұрмыстық қажеттіліктерін жүзеге асыру жолында пайдаланылады.

Сумен өндірістік жабдықтау жүйесі «Сазанқұрақ» кен жерінде өндірістік қажеттіліктерді жүзеге асыру және өрт сөндіру үшін керекті суды толтырып қамтамасыз ету жолында жұмыс істейді.

Су техникалық су құбыры бойымен тазартқыш құрылымға беріледі.Суды тазартқыш стансаның өнімділігі төмен болғандықтан суды бір сатымен арын сүзгіштер техникалық мақсатта керекті суды тұндырып жартылай тазрту үшін пайдаланылады.Бастапқыдағы судың лайлығы 300 мл/л-ге дейін

Тазартылған су МДҚ-сына келіп түседі,содан соң қосымша тазартылғаннан кейін вахталық кентке,қазанға,өртке қарсы пайдаланылатын суды және көбікті ерітіндіні сақтайтын резервуарға толтырып қою,су қорын сақтайтын резеруарды толықтыру,қазанды толтыру және су сорабынан (мұнай сорабы)жеткізу үшін пайдаланылады.

МДҚ аланында суға толтырылатын көлемі 1000м болған резервуар және сумен жабдықтайтын сораптар бар.Сораптар арқылы су ысытатын қазандыққа,содан кейін мұнайды су мен тұздан айыру үшін жіберіледі.Су резервуарлары алқын мезгілде суды қатырмау үшні жартылай жердің астына қойылады да жанжағы топырақпен жабылады.

Су беру үшін орталықтан тепкіш насостар қолданылады.

Ауыз су м/тәулік немесе 5475 м/жыл көлемде пайдаланылады.Техникалық қажеттер үшін 200м/тәулік немесе 73000 м/жыл көлемде су кетеді.

Өрт сөндіру үшін қажетті су көлемі 900 м болған 6 резервуарда ақталады.Бұл резервуарлар «Астрахань-Мангышлак» су құбырымен келетін судан алып толтырылады.Өртке қарсы керекті суды сақтайтын резервуарлар ішіндегі су көлемі өрт кезеңде өрт сөндіру жүйесінің әдеттегідей жұмысын қамтамасыз етеді.

2 Ұйымдастыру құрылымы, МГӨБ өндірісін басқару және еңбекті ұйымдастыру

2.1Құрылымдық бөлімдер мен қызметкерлердің құрамы.

Американдық ‘First International Oil Corporation’’LTD (Ферст Интернейшл Ойл Корпорейшн ФИОК) компаниясы 1997 жылдың ел үкіметімен жасалған келісім – шарт, негізінде жалпы көлемі 4262 шаршы шақырым жерде геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттен рұқсат қағазын алады.

Бүгінгі таңда бұл жерде «Прикаспиан Петролеум Компани» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі басшылық етуімен мұнай көздерін өндіру жұмыстары жүріп жатыр.

1998 - 2000ж.ж. - «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС-нің негізгі міндеті – кенорнындағы мұнайды барлау мен өндіру. Конкурста лицензияланған аймақ шеңберінде мұнайды барлау мен өндіруге алғашқы лицензия алынды. Кәсіпорын толық құқықты жер асты кенін пайдаланушы болып табылады. «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнын игеру құқығына ие болды. Әкімшілік тұрғыдан, «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнының жалпы көлемі 314,0 га аумағы бар мұнай нысандары Қазақстан Республикасы Атырау облысы Исатай ауданында орналасқан. Аудан орталығы Аққыстау селосы 70 км қашықтықта, онымен қатынас атырау қ. (ҚР) – Астрахань қ. (РФ) асфальтті тас жолы мен темір жол арқылы жүзеге асырылады.

2001 - 2002 ж.ж. – Компания №1, «Соңғы екі жылда барлау мерзімін ұзарту» шартына қосымша алды.

2003 жылы – Құзырлы органдардан №2 «Барлау мерзімін 2006 жылдың 12 маусымына дейін ұзарту туралы» қосымша келісім алынды.

2003 жылдың майында Мыңтеке Оңтүстік құрылымы бойынша, 2 D сейсмикалық – барлау жұмыстары негізінде, 1998, 2000, 2003 ж.ж., төменгі бор, юра, триас шөгінділерінен мұнай мен газ кенін табу мақсатында барлау бұрғылау жұмыстары басталды.

M - 1A ұңғысынан алғашқы мұнай 624,6-631,7 м интервалды (валанжин горизонты) сынау кезінде, мұнайдың 6,5 мм штуцерде 12,2 м³ күніне фонтанды құйылуы арқылы алынды.

01.09.2005ж. хал – ахуалына сай, «Мыңтеке Оңтүстік» құрылымындағы 650-1175 м тереңдігі бар бұрғыланған, барланған ұңғылар қоры 12 дананы құрайды.

2005 жылы «Каспиймұнайгаз» АҚ-ы алғаш «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнының мұнай және газ қорын Оперативті санағын» орындады. Қорды Қазақстан Республикасының МҚК қабылдады (№429-05-П Хаттама, 08 шілде 2005ж.) келесі данада: геологиялық 2237 мың т, шығарылатын – 826 мың тонна С1 және С2 категориясы бойынша, 01.05.2005ж. зерттелгендік жағдайы бойынша.

2005ж. «Каспиан Энерджи Ресерч» ЖШС «Мыңтеке Оңтүстік кенорнын байқау эксплуатациясы жобасын» жасады, ол ҚР Орталық Зерттеу Комитетінде бекітілді.

(№36 Хаттама, 9.12.2005 жылдан). «Сазанқұрақ» кенорнында мұнай дайындау қамтамасыз етілді, кейіннен мұнай тасымалдау «КазТрансОйл» Атырау мұнай тасымалдау басқармасында жүзеге асырылды.

2006 жылы «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнында мұнайды жинау, тасымалдау және дайындау бірқұбырлы герметизацияланған мұнай және газ жинау және тасымалдау жүйесінде орындалады. Сондай-ақ, әрдайым кенорнында өндірілген ілеспе газды өлшеу, айыру және газ дебитін өлшеу Мұнай дайындау учаскесінде (МДУ) жүзеге асады.

2006 жылы «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнынан алынған мұнай ілеспе газын пайдаған асыру бағдарламасы жасалып, ҚР Энергетика және Минералды Ресурстар Министрлігінде №3/6 25.05.2006 жылғы Хаттамада келісілді.

2007 жылы қысқа уақыттың ішінде 42 адамға лайықталған Вахта қалашығы салынып, пайдалануға берілді, оның құрамына: 42 адамға лайықталған асхана, жатақхана, көлемі 50м³ 3-2 дана өртке қарсы су жинау қоймасы, өртке қарсы сорап сарайы, су тазарту блогы, тексеріп өткізу пункті, қазан сарайы, дизельді электрстанция, кешенді трансформатор қосалқы станциясы, құбырлар қоймасы, жанар май құю станциясы, спорт алаңы, жабық шағын спорт зал, қызмет көлігіне арналған ашық тұрақ кіреді.

Мұнайды алдын – ала дайындау қондарғысы, топталған өлшеу қондырғысы нысаны, диаметрі 65/8 мм, ұзындығы 2200 м шыныталшық құбырынан жасалған, ТӨҚ – МДУ – мұнайын айдайтын мұнай коллекторы нысаны, «Мыңтеке Оңтүстік» - «Сазанқұрақ» кенорны мұнайын айдайтын диаметрі 42 мм, ұзындығы 17200 м шыныталшық мұнай құбыры нысаны салынып, пайдалануға берілді.

2007 жылдың 27 қыркүйегі вахта қалашығын сумен жабдықтау және кенорны нысандарын ұзындығы 500 м, диаметрі 89 мм «Астрахань – Маңғышлақ» су құбырына қосу мақсатында тахникалық су құбыры енгізілді, іске қосылды. 10 кВ, ұзындығы 9503 км және 0,4 кВ, ұзындығы 6446 км электр қуатын беру желілері іске қосылды.

2007 жылы алынған жаңа мәліметтер негізінде байқау эксплуатациясы мерзімі ішінде, 01.05.2007 жылы хал – ахуалы бойынша «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнының мұнай, газ және басқа да ілеспелі қазба байлықтары қоры санағын жасады. Қор ҚР МҚК (№ 678 -8 - У Хаттама 21.03.2008 жылдан) бекітілді.

Мұнай:

- С1 категориясы: геологиялық – 2163,0 мың т; шығарылатын – 719,5 мың т;

- С2 категориясы: геологиялық – 148, 0 мың т; шығарылатын – 24,3 мың т;

Еріген газ:

- С1 категориясы: геологиялық – 75,23 млн. м³; шығарылатын – 25,83 млн. м³;

- С2 категориясы: геологиялық – 4,62 млн.м³; шығарылатын – 1,07 млн.м³;

Бос газ:

- С1 категориясы: геологиялық – 34,8 млн. м³; шығарылатын – 31,3 млн. м³;

- С2 категориясы: геологиялық – 12,1млн.м³; шығарылатын – 10,9 млн.м³;

2007 жылы «Каспиан Энерджи Ресерч» ЖШС «Мыңтеке Оңтүстік кенорнын байқау эксплуатациясы жобасын» жүзеге асыруды авторлық қадағалауды жасады.

27.08.2008 жылы «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнының ілеспе газын пайдаға жарату бағдарламасын орындау үлгілерін өндіріске енгізді. Аталған бағдарламаға сай кенорнында газ жүргізу желісі салынды, газды өртеуге қазан сарайы орнатылды, кенорны мен кенішінде электр қуатын өндіріп шығару үшін салынған газ – поршень генератор қондырғылар құрылысы аяқталды, 2008 жылдың маусым айында пайдалануға берілді. Газ – поршень генераторларын пайдалана бастағаннан бастап барлық өндірілген ілеспелі газ кенорнының өз технологиялық мұқтаждығына электр қуатын өндіруге, жылыту пештеріне ғимараттарды жылытуға және т.б. пайдаланылады.

2009 - 2010 ж.ж. – Компанияның инфрақұрылы алға дамыды.

2009 жылдың екінші тоқсанында «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС кенорнының оң жақ қанатында қабаттық қысымды сақтау мақсатында су айдау жүйесі нысанының құрылысын бастады және 2010 жылдың бірінші тоқсанында қолданысқа берілді.

2010 жылдан бастап сату жағдайына дейінгі барлық өндірілген мұнай «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнында дайындалды. 31.12.2010 жылғы хал – ахуалға қарасақ – пайдалануға берілгеннен бастап кенорнында 238 964 тонна мұнай өндірілген.

Ұңғы қоры: 31.12.2010 жылғы хал – ахуалға сүйенсек, жалпы бұрғыланған ұңғылар қоры 43 ұңғыны құрайды, қазіргі таңда пайдалану ұңғылар саны 72.

Құрылымдық бөлімдер мен қызметкерлердің құрамы

0,

Мұнай өндіру цех бастығы.

Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Басшылар, мамандар және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» 2002 жылы 22 қарашадағы №273-ө бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексына сәйкес жасалады және еңбек шартына қосымша ретінде қолданылады.

Нұсқаулық ҚР еңбек заңнамасының немесе «Эмбаведьойл» ЖШС өндірістік-экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.

Жалпы ережелер

Мұнай өндіру цех бастығы (бұдан былай цех бастығы) мамандар санатына жатады, өндіріс директорының ұсынысы бойынша Бас директорының бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.

Цех бастығы лауазымына жоғары кәсіби (техникалық) білімі және инженерлік-техникалық лауазымдарда мамандығы бойныша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе орта кәсіби (техникалық) білімі және инженерлік-техникалық лауазымдарда мамандығы бойныша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар тұлға тағайындалады.

Цех бастығы Өндіріс директорына бағынады.

Цех бастығы өз қызметінің ерекшелігі бойынша:

-цехтың өндірістік шаруашылық қызметіне қатысты ұйымдық басқару, нормативтік және әдістемелік материалдарды;

-кәсіпорынның және цехтың техникалық даму перспективасын;

-цехтың өніміне, оны өндіру технологиясына қойылатын техникалық талаптарды;

-цехтың жабдығын және оны техникалық пайдалану ережелерін;

- техникалық экономикалық және ағымдағы өндірістік жоспарлау тәртібі мен әдістерін;

- цехтың өндірістік шаруашылық қызметінің нысандары мен әдістерін;

- еңбекке ақы төлеу жөніндегі қолданылып жүрген ережелерді және материалдық ынталандыру нысандарын;

- ұқсас өнім өндіру саласындағы алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибені;

- экономика, өндірісті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін;

- еңбек заңдарын негізін;

- еңбек қорғау ережелерін және нормаларын білуі тиіс.

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың басты бағыты

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың басты бағыты – кәсіпорындарда өңіс жасаумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар мен негізі өндірістің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көмекші жұмысшылардың арасында дұрыс арақатынас орнатудың маңызы зор. Әдетте көмекші жұмысшылардың еңбегін механикаландырудың негізінде бұл жұмысшылардың үлесі азайып отыруға тиіс. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың нәтижесінде көмекші жұмысшылар жоғары мамандықты талап етпейтін операциялардан негізгі жұмысшыларды бастауға мүмкіндік береді.

Негізгі жұмысшылардың арасында да еңбекті операция бойынша бөлу тәсілі қолданылып жүрді. Мұның өзі әр адамға жұмысты тезірек меңгеруіне мүмкіндік беріп, бір операциядан екінші операцияға ауысқан кезде сөзсіз орын алатын уақыт шығындарын болдырмайды. Сондықтан кәсіпорындарда еңбек бөлудің ақылға қонымды шегін іздеуге, ал кейбір жағдайларда операцияларды біріктіруге немесе оларды кезектестіруге жұмысшылардың жапсарлас бірнеше мамандықты меңгеруіне қамқорлық жасалынып отырады.

Еңбекті кооперациялаудың тиімді формаларының бірі – жұмыстың алуан түрін орындауды қамтамасыз ететін комплексті бригадаларға біріктіру. Бұл форма әсіресе металлургияда, мұнай өндіруде, машиналарды жөндеуде немесе құрастыруда, ауыл шаруашылығында т.б. кеңінен қолданылып жүр.

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың екінші бағыты

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың келесі бағыты – жұмыс орындарын неғұрлым ұйымдастыру. Жұмыс орны – жұмысшының немесе жұмысшылар тобының еңбек ету аймағы, жұмыс орнын неғұрлым тиімді ұйымдастыру жұмысшының еңбек нәтижелігін, оның еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс уақытының өнімсіз шығынын азайтуға жағдай жасайды. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүйесінде жұмыс орындарында қызмет етуді жетілдіру маңызды рөл атқарады. Кәсіпорындары мен дала жұмыстарында жұмыс уақытының смена ішіндегі шағының кемінде үштен бірі материалдар, аспаптар құрал-саймандардың жұмыс орнына уақытында жеткізілмеуінде, сондай-ақ жабдықты жөндеуді және реттеуді күтуге байланысты. Бұл ретте жұмысшыларды материалдармен қамтамасыз ету, оларға сменалық тапсырма беру, жабдықты реттеу және жөндеу, қалдықтарды жинау және дайын өнімді қабылдау – осының бәрі жұмысшыны бос тұрмайтындай немесе негізгі жұмысынан алаңдамайтындай етіп тиімді ұйымдастырылуы тиіс.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мұнан соң ең тиімді еңбек тәсілдерін іріктеуді, зерттеуді, қорытуды және таратуды көздейді. еңбекті ғылыми ұймдастыру проблемаларының комплексінде жұмыс істейтіндер үшін қолайлы еңбек жағдайын туғызу маңызды орын алады. Бұған ең алдымен өндіріс процестерін механикаландыру мен автоматтандыру, адамның еңбегін жеңілдететін және оның өнімділігін арттыратын осы заманғы алуан түрлі техникалық құралдарын енгізу арқылы жетуге болады. алайда техниканың әрбір тиісті дәрежесінде қаржыны аз жұмсай отырып қызметкерлерге жемісті еңбек ету үшін ең қолайлы санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағдайлар туғызуға болады.

Өндіріс шуын азайту, жарықты жақсарту, ауа тазалығын сақтау, бір қалыпты ылғалдық пен температураны қамтамасыз ету әрбір жұмысшыға бүкіл смена бойына ең жоғарғы өнімділікпен еңбек етуіне, сөйтіп өнім мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. Ғылым мен практикалық тәжірибе адамдардың көңіл-күйі, демек жұмыс қабілеті тіпті машиналардың, аспаптардың, мебельдің, қабырғаның, төбенің сыртқы түрі мен бояуы сияқты ұсақ түйек болып көрінетін нәрселерге де байланысты екенін дәлелдеді. Кәсіпорындарда басқа шаралар мен ұштастырылған өндірістік эстетиканы енгізу өндіріс мәдениетін өрге бастыруға көмектеседі.

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың үшінші бағыты

Кейбір жағдайларда еңбекті ғылыми ұйымдастырудың еңбек пен демалыс тәртіптерін рационалдандыру сияқты бағыты да едәуір нәтиже береді. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың қарапайым талабы – кәсіпорындардағы барлық қызметкерлердің жұмыс күнінің ортасында емін-еркін тамақтануына, сыртқа шығып тиісті уақытта дем алуына мүмкіндік туғызу. Сменада жұмыс пен демалыс тәртібін жақсарту – еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл жұмыс күні (смена) бойына еңбек пен демалыс тәртібін жақсы жолға қою үшін үзілістің қаншаға, қай уақытта жасалуын, оларды тиімді пайдалану жолдарын дұрыстап ойластырудың маңызы бар. адамның жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігінің артуына гимнастика жасау да игі тигізеді.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру неғұрлым кең мағынада, еңбек нормалауды жетілдіру, еңбек тәртібін нығайту сияқты проблемаларды да қамтиды. Өндірісте еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін оның жоспарын жасап, жүзеге асыру қажет. Бұл жоспар жұмыс орындарында бригадаларда, учаскелерде, цехтарда, бүтіндей кәсіпорындарда жүзеге асырылатын еңбекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі шаралар комплексін қамтиды. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жоспарын жасамас бұрын өндірістік процестін барлық буындарында еңбекті ұйымдастырудың жайы зерттеліп оған талдау жасалады. Мұнда еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу жағдайларын, өндіріс озаттарының тәжірибесін зерттеу маңызды орын алады.

Еңбекті ұйымдастыру жайын зерттеп талдау негізінде оны жақсарту үшін ұсыныстар даярланады. Мұның өзі еңбекті ғылыми ұйымдастыру жоспары болып табылады. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жоспарындағы белгіленген шараларды орындау – жұмыстың ақырғы және ең жауапты кезеңі.

Нақты алынған экономикалық пайданың мөлшері жоспардың қаншалықты сапалы болғанын, оның қалай орындалғанын толық бейнелейтін көрсеткіш болып табылады. КПСС 24-съезінің шешімдерінде еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің, жұмыс уақытының әрбір минутын өнімді пайдаланудың қажеттігі атап көрсетілді, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың шешуші факторларының бірі ретінде еңбекті ғылыми ұйымдастыру әдісін кеңінен енгізуді қамтамасыз ету міндеті алға қойылған.

 

3 Мұнай және газ өндіру бойынша жұмысшы мамандықтар техник, шебер жұмысы

1. Кеніш бастығы орынбасары.

2. Кеніш бастығы орынбасарының лауазымына жоғары техникалық білімі және кәсіпорынның салалық профиліне сәйкес инженерлік-техникалық лауазымда кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

3. Кеніш бастығының лауазымына тағайындау және одан босату кәсіпорын директорының бұйрығымен жүргізіледі және бас директордың орынбасарына және тікелей өндірістік бөлімнің бастығына бағынады.

4. Кеніш бастығы орынбасары білуі тиіс:

4.1. Кәсіпорында геологиялық-техникалық қызмет көрсету бойынша нормативтік және әдістемелік материалдарды;

4.2. Жабдық жұмысын жоспарлаудың тәртібі мен әдістерін және жөндеу жұмыстарының өндірісін;

4.3. Техникалық құжаттамаларды жасау және ресімдеу бойынша ережелерді , нұсқаулықтарды және өзге басшылық материалдарды;

4.4. Отын-энергетикалық қорлар шығындары нормаларын жасау тәрбін;

4.5. Жоспарлы-алдын ала ескерту жөндеуінің бірыңғай жүйесін және жабдықты тиімді пайдалануды;

4.6. Барлық технологиялық жабдық, қондырғылар жұмысының өндірістік қуаттылығын, техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін және режімін, оларды пайдалану ережелерін;

4.7. Құрастыру және жөндеуден кейін жабдықты қабылдау және тапсыру ережелерін;

4.8. Экологиялық заңнаманы;

4.9. Еңбек туралы заңнаманы;

4.10. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік тазалық және өрттен қорғану ережелері мен нормаларын.

Лауазымдық міндеттері:

Жұмыс орны кеніште болады, бес директордың орынбасарына тікелей бағынады және ӨТБ –ң алдында тікелей есепті.

1. Басшының нұсқауы бойынша FIOC таспырмаларына сәйкес һз жұмысын орындайды және алдыңғы технологиялық үрдістерді, жабдық түрлерін, автоматтандыру құралдары мен механикаландыруды, объектілердің оңтайлы жұмыс режімін енгізеді.

2. Кеніште өндіру бойынша барлық техникалық және технологиялықжұмыстарды және қабаттық қысымды ұстау жұмыстарында мұнайды дайындау, терминалда мұнайды жинау мен тіркеу, сақтау, ТЖ цистерналарына мұнайды құю және сапа талаптарын сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

3. Кеніште бар көлік жұмыстарын бөледі және жетекшілік етеді. Жабдық орналастыру , жұмыс орындарын техникалық жабдықтау және ұйымдастыру жоспарларын құрады.

4. ҰКЖ жөніндегі инженер және кеніш геологымен бірлесе кеніште өндіру және баспа ұңғымаларында ұңғымаларды кезеңді жөндеу және ұңғымаларды күрделі жөндеуді жүргізу жұмыстарын бақылайды.

5. Тәулікттік баянаттарды, мұнай қозғалысын және нормативтік құжаттарды, ай сайынғы және өзге есептерді тіркеуді дайындау және жасау жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Лицензиялық аймақта арнайы мердігер ұйымдармен жүзеге асатын жұмыстардың бақылау-өткізу режімін қамтамасыз етеді және бақылайды.

Барлық өткізілетін техникалық-технологиялық жұмыстардың қауіпсіздік техникасы талаптарын, кәсіпшілік объектілерінде өрт қауіпсіздігі және тұтас экологиялық жағдай талаптарын сақтауды ұйымдастырады және үнемі бақылайды.

Қажетті жабдық, қосалқы бөлшектер және кәсіпшілік объектілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қызметтеріне ЖЖШ жасауға қатысады.

Жұмыс өндірісіне жоспар құрып, наряд жіберумен кеніш объектілерінде қауіптілігі жоғары жұмыстарға (алау жұмыстары, жабық кеңістіктердегі жұмыстар және т.б.) тікелей жетекшілік етеді.

Кеніш жұмыстарының өндірісі кезінде мұнай, жер қойнауын пайдалану туралы нормативтік, құқықтық актілер заңдар талаптарын және мемлекеттік бақылаушы органдардың жоспарлы тексерістері кезінде бұзушылықтарды жібермеуін қамтамасыз етеді және бақылайды.

Құқықтары:

Кеніш бастығы орынбасары құқылы

1. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және мамандардан ақпарат және құжаттар сұрауға және алуға.

2. Басшының нұсқауы бойынша өндіріске техникалық-технологиялық қызметті жүзеге асыратын кеніштің құрылымдық бөлімшелері қызметін тексеруге;

3. Басшының рұқсатымен апаттар, жазатайым оқиғалар қатерінің алдын алу үшін қанағатсыз күйде тұрған технологиялық аспаптардың, электр, жылу, бу және өзге қондырғылардың тоқтауын жүргізуге;

4. Өз құзіреті аясында құжаттарға қол қоюға және бұрышмалауға.

5. Кенішті өндірістік-шаруашылық қамтамасыз етуге қатысты компанияның басшыларының шешімдерімен танысуға және оларды жетілдіруге ұсыныстар енгізуге.

6. Осы нұсқаулықпен қарастырылған міндеттерге байланысты , жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды басшының қарауына енгізуге.

7. Компания директоры және оның орынбасарының қарауына оған бағынышты қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру, шығару туралы ұсынымдарды, оларды марапаттау немесе шаралар қолдану туралы ұсыныстарды енгізуге.

8. Кәсіпорын басшылығынан өз лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауда ықпал көрсетуін талап етуге.

 

Жауапкершілігі:

Кеніш бастығы орынбасары жауапкершілік атқарады:

1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында, осы лауазымдық нұсқаулықпен қарастырылған өз міндеттерін орындамағаны (тиісті емес орындау) үшін.

2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасы аясында өз қызметі үрдісінде құқық бұзушылық жасағаны үшін.

3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек, қылмыстық және азаматтық заңнамасы аясында материалдық зиян келтіргені үшін.

 

3.1 МГӨБ – дағы скважинаны пайдалану тәсілдері мен ерекшеліктері

Механикалық тәсілдердің ең бір негізгісі скважиналарды тереңдік сораппен пайдалану тәсілі болып табылады. Бұл тәсілімен тереңдігі 3500м дейін, өнімі тәулігіне 400т/сут беретін скважиналарды пайдалануға болады.

Тереңдік сорап ретінде арнайы құрылысы бар плунжерлі сорапты қолданады. Ол қозғалысқа штангілер тізбегімен келтіріледі.

Қондырғы екі бөліктен тұрады: жер үсті және жер асты жабдықтарынан.

 

 

1 – сурет. Скважиналық штангілік сораптық қондырғы

1-теңгергіш, 2 - канат ілгіші, 3 - тығыздамалы шток, 4 - тығыздама, 5 - саға арматурасы, 6 - СКҚ тізбегі, 7 - штангілер тізбегі, 8 - сорап, 9 - басқару станциясы, 10 - іргетас, 11 - қоршау, 12 -жұмыс алаңы, 13 - электрқозғалтқыш, 14 - редуктор, 15 - бұлғақ, 16 - кривошип.

Плунжерге ерсілі-қарсылы қозғалыс штангілер арқылы беріледі.

Жұмыс істеу принципі: Теңгергіш басы (балансир) жоғары кеткенде, плунжер жоғары көтеріледі, цилиндр мен плунжер арасындағы кеңістік ұлғаяды. Цилиндр ішіндегі қысым төмендейді. Сору клапаны скважина түбіндегі қысым арқылы ашылады. Айдау клапаны жабық, оған құбыр ішіндегі қысым әсер етеді. Балансирдің ең жоғарғы нүктесінде сору клапанының шаригі өз салмағымен орнына түседі, сору клапаны жабылады. Сору процесі аяқталады.

Балансир төмен жүреді. Цилиндр ішіндегі қысым өседі, ол құбыр ішіндегі қысымнан үлкен болған кезде, айдау клапаны ашылады. Айдау процессі басталады. Сұйық цилиндр ішінен құбырлар тізбегіне енеді. Балансирдің ең төменгі нүктесінде айдау клапанының шаригі өз салмағымен орнына отырады, клапан жабылады. Айдау процессі аяқталады. Бір цикл аяқталады. Балансирдің жоғары шығып төмен түсуі – бір циклдің жұмысын білдіреді.

Бірнеше циклден кейін құбырлар тізбегі толып, сұйық жоғары шығады.

 

3.2 Скважиналарды пайдалану кезіндегі қиындықтар

Қабатты құрайтын жыныстардың өткізгіштік қасиетіне байланысты мұнай және газ скважиналарының өнімділігі және су айдау скважиналарының қабылдау қасиеті өзгереді. Өнімділігі және қабылдау қасиеті өткізгіштік жоғарылаған сайын өседі және керсінше де өседі.

Бір қабаттың өткізгіштігі әр түрлі бөліктерінде тез арада өзгеріп тұрады. Кей кезде қабаттың жалпы өткізгіштігі жоғары болғанымен, скважинаның төмен өткізгіштігі бар аймақты ашуы мүмкін. Ол кезде скважина өнімі де төмен болады.

Уақыт өткен сайын жыныстардың өткізгіштігі төмендеуі мүмкін. Бұрғылау аяқталған кезде скважина түбі бұрғылау ерітіндісімен тығындалып қалады. Сол себепті өткізгіштігі төмендей түседі. Сонымен қатар, скважиналарды пайдалану кезінде қабат парадпен, смола шөгінділерімен де тығындалуы мүмкін.

Су айдау скважиналарының түптерінде механикалық қоспалармен ластануы мүмкін. Жыныстардың өткізгіштігін жақсарту үшін дренаж каналдарының көлемін және санын жасанды түрде көбейтеді, қабатты жарады, парафин, смола лайды жояды.

Өнімді арттыру әдістерді бірнеше топтарға бөледі: химиялық, механикалық, жылу және физикалық. Бұл әдістердің сапалылығын арттыру үшін оларды бірге пайдаланған жөн.

Скважинаның түп аймағына әсер ететін әдістерді таңдау үшін қабат жағдайын анықтау керек.

Төмен өткізгішті карбонат жыныстарыны химиялық әдістерді қолдану жақсы нәтиже береді. Механикалық әдістерді қабаттағы жыныстардың тығыз орналасу кезінде жарықтарды ұлғайту үшін қолданады.

Жылу әдістерді парафин, смолаларды жою үшін, физикалық әдістерді түптен қалдық суларды, қатты түйіршіктерді жою үшін қолданады.

 

3.3 Жүйелерде парафиндермен күрес

Мұнайгаз өндіруші кәсіпорындар парафин шөгуімен күресудің бірнеше әдістерін меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолданып келеді .

Парафин қатып қалумен күресудің негізгі әдістері:

1) Мұнай және газды жинау жүйесінің саңылаусыздандырылған жоғары арынды жүйесін қолдану (0,981 ÷ 1,47 МПа);

2) Жылжымалы бу қондырғысын қолдану (ППУ);

3) Беттік активті заттарды қолдану (ПАВ) немесе парафин кристалдарының өсуін тоқтату үшін және мұнай эмульсиясын жою үшін ұңғыма сағасына немесе түп аймағына ингибиторларды қолдану;

4) Құбырдың беттік кедергісін азайту мақсатында құбыр желілерінің ішкі бетін әртүрлі лактармен, элоксидті шайырлармен және шыны пластиктермен сырлау керек;

5) Мұнайдың жоғары температурасын сақтау үшін құбырларларды жылу сақтағыш материалдармен қаптау керек;

6) Құбырлар қабырғасында тұрып қалған парафиндерді тазалау үшін белгілі уақыт аралығында ұңғыма сағасынан топтық қондырғыға дейін құбыр ішіне резина шарларын пайдалану керек.

Қазіргі уақытта кен орындарда парафин шөгінділерімен күресудің жоғарыдағы алғашқы үш әдісі қолданылады.

Мұнай өндіру өнеркәсібінде еңбек өнімділігін төмендететін факторлардың бірі көтеру құбырларының, шығу желілерінің, тораптардың, кәсіби мұнай желілерінің және сыйымдылық ыдыстарының, сонымен қатар парафинді мұнайды өндіру кезінде ұңғыма түбінде парафин шөгуі болып табылады.

Өндірістік, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, конструкторлар мен машина құрылысшылары ұңғыма түбіндегі, жер асты құбырларындағы, мұнай жинау жүйелеріндегі парафин шөгуімен күресудің түрлі әдістері мен іс-тәжірибелік айлаларын ойлап шығаруда.

Бұл әдістердің кейбір түрлері тәжірибелік орындалу қиындығынан және пайдалану шығындарының көптігінен кең қолданыс таппады, ал қалған түрлері көпшілік қолдау тапқанымен, әлі де толығымен жетілдірілмеген.

Шөгінділер және асфальт-шайыр-парафинді заттар (АШПЗ) туғызатын қиындықтар ұңғыманың жер асты жабдықтарында (терең сораптар, СКҚ және штангалар) байқалады, бұл қиындықтар жер асты жабдықтарын парафинсіздендіру бойынша алдын-алу шараларын жүргізуді мәжбүр етеді.

Бұл жағдайда келесі жабдықтар қолданылады: ППУ типіндегі жылжымалы бу генераторлы қондырғылар, ұңғымаларды парафинсіздендіруге арналған АДП – 4 - 150 агрегаты, АЦ - 5 автоцистернасы, ЦА - 320, ЦА - 400 агрегаттары

 

3.4 Гидрат, тұз шөгінделуі және олармен күрес

Газ кен орындарындағы табиғи газ қабат шартына байланысты судың буына қанығады. Қабаттан газды алғанда су буының конденсациясы пайда болады және ол скважиналарды, газ өткізгіштерді жауып тастайды. Табиғи газ компоненттері (метан, этан, пропан, бутан) белгілі шарттарға байланысты сумен бірігіп, қатты кристалдық денелерді құруы мүмкін. Мұндай денелер гидраттар деп аталады. Сыртынан қарағанда гидраттар қар мен мұзға ұқсас, тұрақсыз бірлестікке жатады. Олар әр түрлі шарттарға байланысты (қысымның төмендеуі, қызуы) газ бен суға тез айырылады.

Гидраттар негізінен қысымның ұлғаюынан, температураның төмендеуінен және газдың гидрат құрушы компоненттері мен судың бірігуінен пайда болады.

Пайда болған гидраттар саңылауларды, газ өткізгіш құбырларды, сеператорларды жауып тастауы мүмкін және аспаптардың өлшеу жұмыстарын бұзуы мүмкін.

Гидраттардың пайда болуы қысым тұрақтандырғыштар мен штуцерлерді жұмыстан шығарады. Бұл- газ шығарғыш құралдар жұмысының бұзылуы. Қоршаған орта температурасының төмен болуы себепті гидраттармен күрес екі жолмен жүреді:

1. Гидраттардың пайда болуының алдын алу;

2. Пайда болған гидраттарды жою;

Скважинадағы гидраттардың пайда болуын келесі әдістермен қайтарады:

1. Скважина жұмысының технологиялық режимін құру;

2. Скважина түбіне гидратқа қарсы ингибитрды үзіліссіз жіберу;

3. СКҚ-ны қолдану;

4. Жиналған сұйықты скважина түбінен жүйелі шығарып тастау;

Скважинаны гидрат қалдықтарынан тазалау дегеніміз:

1. Скважинаны жабық күйінде қоршаған жыныстың жылуы ықпалымен гидраттарды керекті шыдаммен ауаға үрлеу;

2. Гидрат тығынына үлкен көлемді гидратқа қарсы ингибиторды айдай отырып, гидрат тығынын бөлшектеп, шыдаммен ауаға үрлеу.

Атқылау арматурасында, скважиналар байланысында және әр түрлі учаскелердегі гидраттардың пайда болуын ескерту келесі әдістердің тіке шарттарына тәуелділігінен жасалады және өз бетінше қолданылады.

1. Учаске бөлігін қыздыру;

2. Газ ағынына гидратқа қарсы ингибиторларды кіргізу (метанолды, диэтиленгликольдарды және т.б.);

3. Газ температурасын түсіру, буға ұқсас ылғал мен гидраттың пайда болуын конденсацияға бастау, қысымының тез құлауын шығарып тастау.

Газ ағынына гидратқа қарсы метанол қолдану әдісі кеңінен таралған, ол гидраттарды жояды. Газ ағынына метил спиртін (СН3ОН) кіргізеді, бұл қату нүктесін төмендетеді.

Метанол су буымен газды қанықтырады да, сулы спиртті ерітіндісін жасайды. Қату температурасы 0 С-тан төмен. Осы кезде су буының мөлшері төмендейді, гидраттар жойыла бастайды. Метанол суда ериді, сол себепті газ құбырында су болса, метанол толық еріп кетеді де, бұл әдіс тиімсіз болады.

Оны қол сорабымен жоғары қысымды сыйымдылықтан мезгіл-мезгіл бөшкеге береді. Метанолды реттеу вентил арқылы бөшкеден өз қысымымен аз мөлшермен түтікшеге жібереді. Бөшкедегі қысымды теңдестіру үшін оған жартысына түтік жалғайды. Бұл әдістің кемшілігі де баршылық:

1. Метанол- улы зат, ол организмді уландырады;

2. Қол сорабын қолданғандықтан, оператордың көп уақыты жоғалады;

3. Газдың бағасы жоғарылайды.

Газды қыздыру арқылы гидраттарды жою үшін петерді қолданады, ыстық сумен, жылу алмасу жолымен, бумен қыздыруға болады.

Газды құрғату үшін арнайы құрғатушы реагенттер қолданылады. Ол газдағы ылғалды жұтады, содан соң ылғалдық құрамы төмендейді де, өсу нүктесі кішірейеді. Бұл әдісті газ скважиналарында қолданбайды, оны негізінен магистральды газ құбырында, бас станцияларда көп көлемді газды құрғату үшін қолданады.

Қышқылмен өңдеу әдістері қабат өткізгіштігін арттырады, скважина өнімділігін өсіреді. Қышқылмен өңдеу кезінде қышқыл ерітіндісін дайындайды. Ерітіндіні скважина аузына айдау кезінде дайындайды. Зауыттан келген қышқылдың концентрациясы әр түрлі болуы мүмкін.

Тұз қышқылымен өңдеу тиімділігі қыщқылдың концентрациясына, көлеміне, айдау қысымына, түп температурасына, жыныстардың сипатына байланысты.

Жалпы қышқылды өңдеу процесі қышқылды қабатқа енгізуден тұрады. Сораппен, егер қабат қысымы төмен болса, аз қысыммен болады.

Қышқылды қабатқа енгізу үшін агрегат АзИНмаш-30 қолданады. Бұл агрегат КрАЗ-257 үстінде орнатылған. Агрегат сыйымдылығы 8 м3 цистернамен жабдықталған. Цистерна сыйымдылықтары 2,7 м3 және 5,3 м3 екі бөлікке бөлінеді. Оған қоса агрегатқа көлемі 6 м3 қосымша сыйымдылық тіркеледі, бұл агрегат әрқайсысы 3 м3 үш плунжерлі горизонталь сорабымен жабдықталған. Плунжер диаметрі 100 м кезінде бірінші жылдамдықпен қысымды 50 МПа-ға дейін көтереді. Теориялық өнімділігі 2,5 ат күші болады. Бесінші жылдамдықта ат күші 10,8 болып, қысымды 11 МПа-ға дейін көтереді.

3.5 Кәсіпшілікте пайдалану скважиналарының қорын тиімді пайдаланудың көтеру тәсілдері

Қабатты құрайтын жыныстардың өткізгіштік қасиетіне байланысты мұнай және газ скважиналарының өнімділігі және су айдау скважиналарының қабылдау қасиеті өзгереді.

Бір қабаттың өткізгіштігі әр түрлі бөліктерінде тез арада өзгеріп тұрады. Кей кезде қабаттың жалпы өткізгіштігі жоғары болғанымен, скважинаның төмен өткізгіштігі бар аймақты ашуы мүмкін. Ол кезде скважина өнімі де төмен болады.

Уақыт өткен сайын жыныстардың өткізгіштігі төмендеуі мүмкін. Бұрғылау аяқталған кезде скважина түбі бұрғылау ерітіндісімен тығындалып қалады. Сол себепті өткізгіштігі төмендей түседі. Сонымен қатар, скважиналарды пайдалану кезінде қабат парадпен, смола шөгінділерімен де тығындалуы мүмкін.

Су айдау скважиналарының түптерінде механикалық қоспалармен ластануы мүмкін. Жыныстардың өткізгіштігін жақсарту үшін дренаж каналдарының көлемін және санын жасанды түрде көбейтеді, қабатты жарады, парафин, смолаларды жояды.

Кәсіпшілікте өнімді арттыру әдістері бірнеше топтарға бөлінеді: химиялық, механикалық, жылулық және физикалық. Бұл әдістердің сапалылығын арттыру үшін оларды бірге пайдаланған жөн.

Көп жағдайларда табиғи қабат энергиясы мұнайдың жоғары шығуына жеткілікті болмайды. Ең тиімді су арынды режим кезінде де игеру процесі жүріп жатқанда кеніштің қабат қысымы төмендеп, қабат энергиясы жойылады. Кенішке құйылатын қабат суларының көлемі скважинадан шығатын мұнай мен газ көлемінен азырақ.

Қабат қысымы қаныққан қысымнан азая бастағанда қабаттағы мұнайдан газ бөлініп, арынды режимі еріген газ режиміне көшеді, скважинаның өнімі тез арада төмендейді. Соның нәтижесінде кеніштің игеруі көп жылдарға созылады.

Газ арынды режиммен сипатталатын кеніштерде қабат энергиясының қоры үстем болады, сондықтан мұнда қабат қысымы тез төмендейді.

Еріген газ режимінде қабат қысымының тез төмендеуі байқалады, скважина өнімділігі төмендейді және қабаттан мұнайды қайтарып беруі төмен болады.

Қабаттағы мұнай өнімін арттыру шараларының ең тиімдісі және мұнай бергіштік коэффициентін жоғарылатуы – су арынды режимдер кезінде қабат энергиясын жасанды ұстау. Бұл жағдайды қабатқа су айдап жүзеге асырады.

Қабат энергиясын ұстау кезінде қабаттан газ бөлінуі тоқтатылады, себебі қабат қысымы қаныққан қысымнан жоғары болады.

Қабат аймағының қысымы жоғарылайды, ол өткізгіштігі төмен қабаттардан мұнайды ысырады, қабатты игерудің уақытын азайтады, игерудің экономикалық көрсеткіштері жақсарады.

Қазіргі кезде кеңінен тараған әр түрлі пайдалану және айдау скважиналарының орналасу сызбалары, қабатқа су немесе газ айдау процесі газды газ бөлігіне айдау керек. Арынды режимде ұстау үшін қабатта жасанды газ бөлігін құру керек.

Кей жағдайда қабатқа бірден су мен газды айдауға болады. Көп жағдайда қабатқа айдау процесін кен орынды алғашқы пайдалану кезінде бастайды. Егер де кеніштің серпімді қоры жоғары болса, айдау процесін кейінге қалдыруға болады.

Скважинаның түп аймағына әсер ететін әдістерді таңдау үшін қабат жағдайын анықтау керек.

Төмен өткізгіштігі карбонат жыныстарына химиялық әдістерді қолдану жақсы нәтиже береді. Механикалық әдістерді қабаттағы жыныстардың тығыз орналасу кезінде жарықтарды ұлғайту үшін қолданады.

Жылулық әдістері парафин, смолаларды жою үшін, физикалық әдістерді түптен қалдық суларды, қатты түйіршіктерді жою үшін қолданылады.

3.6 Скважина түп маңы аймағына физика – химиялық әдіспен әсер ету

Скважина түп маңы аймағына физика – химиялық әдіспен әсер ету – ұңғы түп аймағында тұзды, әктас тығындарын жою үшін қолданылады. Бұл әдіске қышқылмен өңдеу, ерітінділермен өңдеу, БАЗ әрекеттік заттар) өңдеу жатады.

Скважинаны қышқылмен өңдеу технологиясы кейбір тау жыныстарының қышқылмен өңдеу технологиясы кейбір тау жыныстарының қышқылмен әреекетке түсу қабілетіне негізделген әрекеттесу кезінде кеуектілік каналдарын тазартып кеңейеді, өткізгіштігі болып скважина өнімділігі артады.

Қышқыл: тұз қышқылы, сілтілік қышқыл, плавикалық қышқылды пайдалынады.

Қышқылдың қабатқа енуі әрекеттік жылдамдығына байланысты, әрекетсіз жылдамдығы қабаттың химиялық құрамына, қабат температурасына байланысты.

Скважиналарды қышқылмен өңдеу технологиясы кейбір тау жыныстарының қышқылмен әрекетке түсу қабілетіне негізделген. Әрекеттесу кезінде кеуектілік каналдар





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.