ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Жарнаманы безендіру технологиясы Жоспар 1. Кіріспе бөлім 2. Тақырыптық комплекстерді ресімдеу 2.1 Тақырып түрлері 2.2 Тақырыптарды шрифтік ресімдеу Жарнаманы безендіру технологиясы 3.1 Тақырып талаптары 3.2 «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» газетінің қазіргі безендірілу сипаты Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Тақырып – жарнаманың мәтіннің мазмұны және оны елестетіп суреттеу арқылы қызғушылықты арттырады. Бұл көпір іспеттес. Мамандар тақырыпты дұрыс қолданудың бірнеше жолдарын көрсеткен. Ол мына талаптарды қанағаттандыра алу керек: 1. Қысқа әрі нұсқа да болуы. Оннан көп сөзден құралған тақырып қысқа тақырыпқа қарағанда нашар есте қалады. 2. Мүмкіндік болған жағдайда «тырнақша» ішінде болса оның ұтымдылығы 28 пайызға өседі. 3. Қызмет немесе тауар артықшылығына нұсқау жасау әуесқойлықты оятады. 4. Белгілі нарыққа, тұтынушының белгілі бір түрінде сәйкестік болу керек. 5. Жеке қызығушылықты ояту. 6. Өнімнің артықшылығына адресаттың бірден назар аударуы. 7. Тұтынушының қызығушылығын жарнаманың шығармашылық жағына емес, өнім сапасына аударып бағыттау. 8. Жарнамаланатын өнімнің жалпы кейпін көрсету. 9. Ескі өнімдерді жаңа әдістермен пайдалану туралы айтатын жаңалық стилімен тарту. 10. Қажет болмаған жағдайда тақырыпты қисайтуға, егер тақырып бір қатарға сыймаған жағдайда тақырыпты екінші сөйлемнің ортасынан бөлмеген дұрыс. Тақырып - программаның, құрылғы драйверінің және т.б. басында орналасатын параметрлер блогы. Ақпараттың негізгі бөлігіне дейін орналасқан құжаттың басқарушы бөлігі; • құжатгың бастапқы бөлігі; мәліметтерді жеткізу желілерінде — берілетін хабардың арнайы басқарушы символынан кейін орналастырылатын және адрес ретінде пайдаланылатын символдар тізбегі; • Windows жүйесіндегі мәтіндерде — құжат беттерінің жоғарғы жағына орналасқан колонтитул ол тарау, тақырып аттарын немесе бет нөмірлерін көрсетіп, сол құжаттың барлық беттеріне орналасады; • терезенің, диалогтық терезенің немесе аспаптар тақтасының жоғарғы бөлігіндегі көк немесе басқа түсті көлденең белдеу. Мұнда программаның, соған жалғасып құжаттың атаулары бейнеленеді. Тақырыптық комплекстерді ресімдеу Тақырып түрлері: тақырып, тақырыпшы, рубрика, шап- ка, анонстар. Мәтінге байланысты тақырыптардың орналасуы: мәтіннің үстінде, жфнында, мәтіннің ішінде, мәтіннің астында. Тақырыпты беттеу: ашық, кесілген, жабық, саңырау, «форточка» Тақырып өшірмесі: форматқа, солға, оңға, қызыл жолаққа (центрге) Тақырып құрылымы: бір, екі, не көпжақты тақырыптар. Тақырып композициясы: «лента», «пирамида», төңкерілген «пирамида», «сатылы», «жалаулы тақырып» және т.б. Күрделі және құрамды комплексті тақырыптар, олардың құрылымы және композициясы. Тақырыптарды шрифтік ресімдеу: біршрифтті газет- тен көпгарнитуралық журналға дейін. Прессаға жарнама ретінде гарнитураның мәтіндік шрифтін таңдау. Тақырыпты және негізгі мәтіннің бірінші бөлігін ресімдеу. Фирмалық белгіні ойластырудың принциптері. Бірыңғай система, логотип, және фирмалық блок. Плакаттық графиканы ресімдеудің элементтері. Фирмалық стильдің плакаттық жарнамаға ұсынысы. Стилистикалық бірыңғайлыққа жетудің жолдары. Фирмалық стильдің түрлері. Қазақстандық заманауи символикалық стиль. Көрнекі материалдар және иллюстрациялардыі функ- циялары:бағдарлық, акценттік, эстетикалық. Иллюстрация түрлері:суреттер және фотолар. Суретті жанр иллюстрациясы: портрет, карикатура, шарж, диа- грамма, фотозарисовка, фотокорреспонденция, фото- очерк, фотомонтаж және т.б. Иллюстрация композициясы. Иллюстрация беттеуның түрлері: кесілген, ашық, жабық, қиылған, саңырау, желбіршек. Жарнаманы безендіру технологиясы Әсіресе жарнамалық хабарламада мына талаптарға сай келетін безендіру ерекше рөл атқарады. Мәселен: - Жарнамадағы өнімге белгілі қызығушылық танытатын және оқырманның назар аударатын; - тауардың артықшылығын көрсетіп, оны қолданудағы нәтижелері немесе әрекеттерді көзбен шолып көрсету; - бірнеше ұсақ безендіруден гөрі , бір ғана көлемді безендіру пайдаланған жөн; - мүмкіндікке қарай суреттер емес фотосуреттер пайдаланған дұрыс. Көркемсурет жәй суретке қарағанда оқырмандардың назарын аударады. Көркесуретке фотосурет, қолмен салынған карикатуралық сурет, компьютермен құрастырылған суреттер ж.т.б бейне көріністерді жатқызуға болады. Осылардың ішінде фотосурет шынайы көрінеді, адамның көңілінде сенім ұялатады. Бірақ фотосурет адамды тауар артықшылығын назарын «тартпауы» керек. Бір жарнамадағы сурет немесе фотосуретті бірге қолданбаған жөн. Жарнама мәтінінің тақырыбы және ұрандар Слоган – жарнаманың ұраны. Ұран жасау «мен нақты нұсқауды талап ететін адаммын» дегендей әрекетті оятады. Жарнама материалындағы слоган жасау – іс-әрекетті оятып назарды тартады. Слогандарды байқайтын адамдарды санайтын болсақ, олар барлық жарнаманы оқитын адамдардан 4-5 есе көп. Слоган - сауда ұсынысының күшті әрекет ететін түрі, әрбір слоганда ұсыныс болуы керек. Жарнама ұранын ойлап табу кезінде мына талаптарды ескерілетін болу керек: - жалпы жарнама тақырыбына сөзсіз сәйкес келуі; - қарапайымдылық: «Ортекс» фирмасының ескі слоганы- «Ортек - не ждет рынка, он формирует, делая ваши рубли свабодно конвертируемымы сегодня!». Фирманың жаңа слоганы (олар екеу)- «Ортекс: сөз - іс! және «Үміт пен сапа - біздің стиль». - Лозунгты есте сақтау үшін ерекше сөздер ойыны жолымен іске асады. - «Пермавиа - акция с вериталным взлетем! » «Пермавиа» фирмасының атауын еске түсіреді. - Жарнамалық хабарламада басты рөл оның тақырыбы болып30 табылады. Тақырыпсыз жарнамалық хабарлама өте тиімсіз. Орта есеппен мәтінге қарағанда тақырыпты бес есе көп оқиды. Тақырыбында 80 пайыз тауар туралы айтылмаған мәтін берілді делік, онда әлеуетті тұтынушылар шынайы бола алмайды. Тақырыптың тұтынушы оқып үлгеретін сөз болатынын ескерген дұрыс. - Тақырыпқа қарап тұтынушы жарнаманы елестету арқылы және тауарды қолданудан түсетін нақты пайда туралы түсінік беретіндей анық болу керек. Газет қазіргі нарық заманында жасау үшін тек ақпарат қана беріп қоймай, оқырмандарды өзіне тарта білуі керек. Қазіргі редакторлардың басылымның оқырмандарға ұсынатын сыртқы көрінісіне, дизайніне мән беруі қажеттілік болып отыр. Әлемдегі атақты газет дизайнерінің бірі Марио Гарсиа «Contemporary Newspaper Design» /Газеттің заманауи дизайні/ деген кітабында газетті безендірудегі жоғары сапа бұл – мәтіннің көрнекі элементтерімен: шрифт, фотосуреттер, түрлі түсті көрнекіліктер, ақпараттық графика мен «ақ таңбаларымен» ұқыпты, саналы түрде бірігуі екенін атап айтады. «Егер осы бірлік дұрыс жасалған болса, онда ол оқырмандарға ақпаратты әсерлі жеткізіп, назарын аударта алады. Дизайн элементтерін /қаріп, тақырып, фотосурет, көрнекілік пен бос жерлер/ қолданудағы тұрақтылық сіздің газетіңіздің сәтті безендірілуін жасау мен іске асырудың негізі болып табылады. Өйткені газет беті безендірілуінің тұрақтылығына оқырмандар тәуелді болып қалады, сонымен қатар олар жаңалықтарды ұсынуыңыздың бірізділігін де күтеді. Сіз оқырмандар сеніміне (сіздің ең құнды өніміңіз) газетіңіздің қалай көрінетініне, яғни дизайнына мұқият қарауыңыз арқылы ие боласыз», – деп нақтылай түседі автор Безендіру деген істің барысы, ал дизайн – нәтиже екенін екенін білдіреді. Егер безендіру ойсыз, эстетикасыз жасала беретін болса, дизайн онсыз іске аспақ емес. Әр дәуір келбетін жаңғырта жеткізуде, бүгінгі заман талабына лайық байлам жасауда әркім әрқалай жолды таңдап алады. Мәселен, тарихшы дәуір тағылымына тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылса, әдебиетші көркем туындылары арқылы үлес қосады. Ал журналист дәуір дауылпазы – публицистика тілімен шындықтың шырайын аша көрсеткенді жөн көреді. Осы орайда газет, оның ішінде «Қазақ әдебиеті» қазақ еліндегі жаңалықтарды, мәдениетке, өнерге, тарихқа, әдебиетке қатысты зерделі мақалаларды қамтып отырған бірден бір басылым екенін айта кетуіміз керек. Газеттің зиялы қауымды мазалап жүрген түрлі тақырыптарды жариялауы оқырманды әділет пен ақиқатқа жақындай түсуіне ықпал етуші қадам болып табылады. Осы тұрғыда сыншы П.А.Вяземскийдің мына пікірі еске оралады: «Қалай болғанда да, екі түрлі пікірдің қатар тууы, бәрібір ақиқатқа жақын пікірді алып шығады». Газет қазіргі нарық заманында жасау үшін тек ақпарат қана беріп қоймай, оқырмандарды өзіне тарта білуі керек. Қазіргі редакторлардың басылымның оқырмандарға ұсынатын сыртқы көрінісіне, дизайніне мән беруі қажеттілік болып отыр. Еліміз жетпіс жыл бойы Ресейге бағынышты болғандықтан газетті безендіру ғылымы да осы мемлекеттің ғалымдарымен байланысты. Газетті безендіру теориясы ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарында «москвалық мектептің» көмегімен жасалған. Атап айтқанда, С.Срединский, М.Дмитриев, П.Керженцев, М.Щелкунов, В.Павлов, А.Гарри, Е.Толкачев, Г.Волчек, Б.Вяземский, М.Урлауб, К.Цыпленков, А.Хатт, Д.Георгиевтер секілді газет дизайнінің Ресей және шетел зерттеушілерінің еңбектеріне сүйене отырып, С.Гуревич, А.Киселев, О.Цыганов, С.Галкин, Е.Фастовец, И.Табашников, В.Бакшин өз мақалаларында, монографияларында, диссертацияларында газетті композициялық-графикалық модельдеу идеясына тоқталып, мерзімді басылымдарды шығаруда және газетті безендіруде осы тәсілді қолданудың тиімділігін негіздеді. Әрбір газет форматын, стилін, көрнекілігін, айдарын мезгіл-мезгіл ауыстырып, өзгертіп тұрады. «Қазақ әдебиеті» газеті де – оқырманға түрлі қырынан көріне білетін басылым. Осы мақалада басылымның айдар мен тақырып қою, мақаланы орналастыру мәселесін сөз еткіміз келіп отыр. Газет бетіндегі мазмұн мен түр бірлігін айта кеткеніміз жөн. Мазмұн дегеніміз – заттың не құбылыстың ішкі құрамы, оларды құрастырып тұрған, элементтердің өзара байланысы, даму процесі. Түр – мазмұнның ұйымдасуы, құрылымы, оның көрініс табуы. Газеттің мазмұны – жарияланған мақалалардың стилі, бағыты мағынасы болса, түрі – форматы, жанрлары, материалдардың орналасуы, яғни безендірілуі. Мазмұн мен түрдің бірлігі, барлық қарама-қайшылықтар секілді бір-бірімен байланысты, түр дамиды, оның қозғалысы мазмұнның өзгерісіне байланысты. Мазмұнға қарағанда, түр тұрақты, ол едәуір өзгерістерде ғана ауысады. «Қазақ әдебиеті» газеті аптасына бір рет, 12779 таралыммен, 12 бет болып, А2 форматымен шығады. Оқырман аудиториясын қазақ тілі мен әдебиетіне жанашыр қауым, зиялылар, жазушылар, ғалымдар құрайды. Газеттің көтеретін тақырып аясы – қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси, әдеби, мәдени проблемалары, елдегі өнер, ғылымға байланысты жаңалықтар, тарихи зерттеулер, көрнекті қайраткерлер өмірінен очерктер. Газеттің биылғы №14 санында «Қазақ үшін, алға» деген тақырыппен берілген материал бас мақаланың қызметін атқарып тұр. Мақала «Ұлы жеңіске – 65 жыл» айдарымен берілген. Оқырман мақала не жөнінде әңгіме қозғайтынын бірден аңғаратыны сөзсіз. Бас мақалалардың үстінде нөмірдің негізгі жаңалықтары қысқаша суреттерімен баян етіліп берілген. Мұны газет бетіндегі аңдатпа десек те болады. Жалпы бұл үрдіс соңғы кездері газеттердің көпшілігінде белең алып отыр. Бірінші бетке жарияланған маңызды мақалалар суреттерімен әрі көлемді болғандықтан олардың жалғасын келесі беттерге бөліп беріліп отыр. «Армысың, Астана театры», «Мың бір сөз», «Көп түкірсе көл», «Біздің дәуір» – бұл бірінші бетке берілген мақалалар тақырыптары. Аңдатпа ретінде берілген мақалалар тақырыптары: «Тарбағатайдағы тасқын тауқыметіне тосқауыл қоятын арыстай азаматтар», «Таным мен талғам биігі», «Өзімшілдіктің өрісі мен қонысы», «Құдаш Мұқашевтің бір өлеңі хақында» және әрбір тақырыптарға суреттері берілген. Оқырман кез келген тақырыпқа көз жүгіртсе болғаны ол не жайында айтылғанын ұға алады . Сәттілік өзгермелі, сондықтан ол үшін күресу керек. Аудитория сұранысына қарай газеттің қызметі де үнемі өзгеріп, кеңейіп келеді. Электронды ақпарат ағымы: теледидар, Интернет, спутниктік каналдар тұтынушыларға жарқын, қимыл, дыбыстық бейнелерді үйіп-төгіп отыр. Бұрындары басылым дизайні аса маңызды емес, сонылықтардың аса пайдасы жоқ, өйткені оқырмандар мен құрылтайшылар арасындағы тұрақты қалыптасып қалған қатынастың арасын бұзады деген пікір қалыптасқан болатын. Дегенмен, қазіргі жағдайда макетті үнемі жаңартып отыру қажеттілік болып отыр. Өмірдің өзі бір орында тұрмайды, дамумен бірге алға жылжып отыратындықтан, газет жобасы да жаңарып отыруы заңды. «Қазақ әдебиетінің» соңғы сандарының бет бойынша тақырыптардың бағыттарын жоғарғы «қалпағындағы» айдарлар айқындап тұрады. Олар көбіне тұрақты болып келеді, кейде белгілі бір науқанға байланысты атауы ауысуы мүмкін. Үстіміздегі жылдың соңғы сандарындағы «қалпақтық» айдарларының тізімі төмендегідей: 9.04.2010 жылғы санының 2-бетіндегісі – Жетіген; 3 – Елден-жерден; 4 – Жалпы сауал; 5 – Белес; 6 – Руханият; 7 – Өнер; 8 – Поэзия; 9 – Ұлы Жеңіске 65 жыл; 10 – Бармасаң-келмесең; 11 – Қобыз сарыны; 12 – Биші қайың [4]. 30.04.2010 жылғы санының 2-бетіндегісі – Жетіген; 3 – Ендігінің сөзі; 4-5 – Ұлы Жеңіске 65 жыл; 6 – Күлтөбе; 7 – Белес; 8 – Поэзия; 9 – Проза; 10 – Тіріліермен тірімін; 11 – Бастау; 12 – Қобыз сарыны. Байқағанымыздай, Жеңіс күні жақындаған сайын оған байланысты мақалалар да алға қарай жылжи бастағанын көреміз. 9.04.2001 жылғы санында «Ұлы Жеңіске 65 жыл» айдары 9-бетте орын тепкен болса, 30-сәуірдегі газетте ол айдар 4-5 беттерге қойылған. «Қазақ әдебиетінде» тұрақты беріліп жүрген айдарлар – «Күлтөбе», «Қобыз сарыны», «Біздің дәуір», «Орта толды», «Есімдегілер», әр санында «Нөмірге хат» айдарымен редакцияға жолданған хатты жариялап келеді. Кейінгі нөмірлерінде Ұлы Жеңістің 65-жылдығына орай пайда болған айдарлар да көз тартады: «Кестелі орамал», «Аттандық майданға», «Біз соғысты көрген жоқпыз». Басылымдағы мақалалардың негізгісі бағанға бөлініп, беттің ортасын иемденеді, ал «Орта толды», «Біздің дәуір» айдарларымен берілетін әдебиет мамандарының пікірі, лебізі жиек жағынан ұзындығынан бір бағанға және төменгі «подвалында» ені бойымен орын тебеді. Басылым фотоколлажды 8-9 беттерде, поэзия мен прозаға байланысты лирикалық бейнелер арқылы қолданады. Газеттің өзгелерінен тағы бір өзгешелігі – авторлардың материалдары фотосуреттерімен қоса берілетіндігінде. Мерзімді басылымдарды шығарудағы компьютерлік технологияны қолдану баспаханаға дейінгі жұмыс барысын едәуір жылдамдатып, жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар түрлі күрделі безендіру міндеттерін орындауда мол мүмкіндіктер туғызды. Басылымның шрифті тақырыпқа орай өзгеше түрлендіріп қойылып отыр. Бірінші беттегі атаудың өзінде «Қазақ» үлкен қаріп және қара түспен, ал «әдебиеті» өзге шрифті, өзгеше көк түспен әрі кішірек етіп басылған. Негізгі деген көлемді мақалалар тек бас әріптермен жазылса, кіші материалдар бас әріппен басталып, сөйлемдегідей етіп беріледі. Безендіру деген істің барысы, ал дизайн – нәтиже екенін екенін білдіреді. Егер безендіру ойсыз, эстетикасыз жасала беретін болса, дизайн онсыз іске аспақ емес. «Қазақ әдебиеті» газетінің кейінгі сандарынан зиялы қауымға, оқымыстыларға жақын басылымға айналғанын байқаймыз. Қорыта айтқанда, ұлт рухының шырақшысы болған «Қазақ әдебиеті» газеті халқымыздың рухани өсуіне, тәуелсіз мемлекетіміздің іргесі бекемдене түсуіне еңбек сіңіріп келе жатқан бірден бір басылым екенін өз үні, өз ұстанымы арқылы дәлелдеп отыр. Дегенмен, басылымның безендіру мен дизайні жағынан әлі де ізденіп, тың идеялар енгізу қажет екендігін газеттің кез келген санынан аңғаруымызға болады, мазмұндық жағынан қазақ елі қамын ойлаған оқырман қауымға жақын болғанымен, тартымды, заманмен үндес болу үшін безендіру жағынан тың қадамдар жасалса, оқырмандар қатары артатынына сенімдіміз. ӘДЕБИЕТТЕР 1. Вяземский В.А. Эстетика и литературная критика. М.: Искусство, 1984. С. 127. 2. http://forfive.ru/print.php?type=A&item_id=9421. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. 344 б. 3. «Қазақ әдебиеті» газеті, №14 (3178), 9-15 сәуір, 2010 ж. 4. «Қазақ әдебиеті» газеті, №17 (3181), 30 сәуір – 6 мамыр, 2010 ж. http://www.rosdesign.com/design_materials2/gazett.htm .5. Глазычев В. Дизайн как он есть. – М., 2006 6. Глазычев В. О дизайне. Очерки по теории и практике дизайна на Западе. – М., 2006 7.Демосфенова Г.Л. К проблеме художественного образа в дизайне. – М., 8.Жердев Е.В. Художественное осмысление объекта дизайна. – М., 1993 9.Кларк П., Фриман Дж. Дизайн. – М., 2004 10.Клонингер К. Свежие стили Веб-дизайна. Как сделать из вашего сайта «конфетку». – М.: «ДМК», 2002 11.Курушин В.Д. Дизайн и реклама. – М., 2006 12.Мандел Т. Дизайн интерфесов. – М., 2005 13.Паркер Р. Как сделать красиво на бумаге. – Спб: Символ-плюс, 1998 14..Сакс Т., Мак-Клейн Г. Дизайн и архитектура современного веб-сайта. Опыт профефессионалов. – М., Вильямс, 2002 |