Письма представления (рекомендательное) Сенімхат Сенімхат– сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат. Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады. Сенімхаттың екі түрі бар: - кәсіпорындарға берілген – ресми сенімхат
- Азаматтарға (жеке тұлғаларға) берілген – жеке сенімхат;
Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, тауар – материалдық құндылықтарды алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан кәсіпорынның өкіліне беріледі.Оның мынадай деректемелері болады: - Ұйымның атауы;
- Ұйым туралы анықтамалық деректер;
- Құжат түрінің атауы;
- Құжаттың күні
- Құжаттың тіркеу нөмірі;
- Құжаттың мәтіні;
- Лауазымды тұлғалардың қолы;
- Кәсіпорынның мөрі.
Сенімхаттың мәтінінде: - сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері; - сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы; - іс-әрекеттер түрі; - сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі: Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде рәсімдеуге болады. Сенімхата көрсетілген іс- әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға байланысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас есепшісі қол қояды. Көбінесе, сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады. Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтардың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды стипендияларды, банктердегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақшалай және сәлемдемені алуға беріледі. Атап көрсетілген сенімхаттар нотариустың куәландыруын қажет етпейді.Жеке сенімхаттың мынадай деректемелері болады: · Құжат түрінің атауы; · Құжаттың күні; · Мәтіні (сеніп тапсырушы, сенімді тұлға және сенімхат бойынша іс-әрекеттің түрі көрсетіледі.); · Сеніп тапсырушының қолы және оның талдамасы; · Сенімхатты растаған лауазымды тұлғаның қолы; · Сеніп тапсырушы жұмыс істейтін ұйымның немесе тұратын жері бойынша тұрғын үй – пайдалану ұйымының мөрі. Сенімхат онда көрсетілген іс-әрекетті өткізу мерзіміне беріледі. Егер сенімхаттың мерзімі көрсетілмесе, онда күшіне енген сәттен бастап, бір жыл бойы сақтайды. Сенімхаты берген күн көрсетілмесе, онда ол жарамсыз болып табылады. Сенімхат үш жыл сақталады. Доверенности Доверенность - это документ о предоставлении права доверенному лицу на совершение каких – либо действий от лица доверителя (предпрития или гражданина). Доверенность является документом для представления доверенного лица от имени доверителя перед третьими лицами. Доверенности бывают двух разновидностей: - Официальные, выданные предприятием;
- Личные, выданные гражданином (физическим лицом);
Официальная доверенность – выдаетсяпредставителюпредпрития на совершение сделок, получение денег, товарно-материальных ценностей или других действий от имени предпрития. Она должна иметь следующие реквизиты: - наименование организации;
- справочные данные об организации;
- наименование вида документа;
- дату документа;
- регистрационный номер документа;
- текст документа;
- подписи должностных лиц;
- печать предприятия.
В тексте доверенности должны быть указаны: · должность и паспортные данные доверенного лица; · организация, в которой производятся действия по доверенности; · вид действий; · образец подписи лица, получившего доверенность; · срок действия доверенности. Доверенность может быть оформлена на бланке предпрития. Если действия указанные в доверенности, касаются денежных или материальных ценностей, она подписывается руководителем предпрития и главным бухгалтером. Личные доверенностивыдаются от лица доверителя (гражданина) на получение зарплаты или других выплат, связанных с трудовыми отношениями, на получение пенсий, пособий и стипендий, вкладов в банках, корреспонденции, в том числе денежной и посылочной. Перечисленные доверенности нотариального удостоверения не требуют. Личная доверенность должна иметь следующие реквизиты: - наименование вида документа;
- текст (с указанием доверителя, доверенного лица и вида действий по доверенности);
- дату документа;
- подпись и расшифровку подписи доверителя;
- подпись должностного лица, заверившего доверенность;
- печать организации, в которой доверитель работает, учится или жилищно- эксплуатационной организации по месту жительства.
Доверенности выдаются, как правило, на срок проведения действий, указанных в ней. Если срок действия в доверенности не указан, она сохраняет силу в течение года со дня ее выдачи. Доверенности хранятся 3 года. Үлгі бойынша жеке сенімхат жазыңыз Сенімхат Мен, Жанатов Жәнібек Қайратұлы, 15.08. 2001ж. ҚР ІІМ (Ішкі Істер Министрлігі) берген № 003554232 жеке куәліктің иесі, АЭБУ -дан 2012ж. қазан айындағы шәкіртақымды алуды 13.08.2001ж. ҚР Әділет Министрлігі берген 006634451жеке куәліктің иесі Қасым Нұрлан Оразбекұлына сеніп тапсырамын. (күні, айы, жылы) (қолы) Ж.Қ.Жанатов М.О. Ж.Қ.Жанатовтың қолын куәландырамын. Нотариустың қолы Үлгі бойынша ресми сенімхат жазыңыз Халықаралық Бизнес Академиясы Ұйымның коды: БИК: СТТН: ХБА-ның есеп нөмірі: № 124 Сенімхат Халықаралық Бизнес Академиясы есеп-қисап бөлімінің қаржы есепшісі Қасым Нұрлан Оразбекұлына банктен есеп ашуды және ақша аудару мәселелерін жүргізуді сеніп тапсырады. ХБА КЕББМ бас есепщісі: (М.О.) Б.Ж.Тоқанова Қолхат Бұл – қағаз иесінің біреуден не мекемеден бір затты (бағалы зат, құжат) алғандығын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін құжат. Мұнда алынған заттың аты, көлемі, саны, тізімі т.б. беруші адамның аты-жөні, қызметі, және заттың қайтарылу мерзімі толық көрсетіледі. Сандық белгілер жақша ішіне жазумен жазылады. Соңынан қолхат берген адамның аты-жөні толық жазылады. Күні айы, жылы қойылады. Расписка (Қолхат) Расписка – документ, показывающий, что лицо взявщее из учреждения или от физического лица вещь (ценные вещи, документ) обязан во время вернуть, за указанной срок. Здесь показывается названия вещи, размер,число,количество,список и другие реквизиты владелца этих вещей, срок, время когда должен вернуть. Числа пишутся в кавичках. В конце пишется полностью число,месяц, год., ф.и.о. лица написавщий расписку. Үлгі бойынша қолхат жазыңыз Қолхат Мен, Бейсенова Жанат Ертайқызы кітапхананың абонемент бөлімінен қазақ тілі кабинеті үшін 20 кітап (жалпы бағасы 50000 теңге) алдым. Кітаптарды оқу жылының соңында қайтарамын. Жек куәлік № 003554232, ҚР Әділет Министрлігі 15.08. 1998ж. берген. 01.09.2000ж. (жеке қолы) Письмо-просьба (Өтінішхат) Письмо-просьба – один из видов деловых писем. Пишутся между взаимоотношениями физического лица и юридическими лицами, также между учреждениями и организациями, фирмами и компаниями, когда выделяются разные виды просьб. Значит, письма-просьба применяются широко в ежедневных взаимоотношениям, это производство,продукция,оказания услуги, их цены, так же открывает возможность при получении информации о физических и юридических лицах. Письмо-просьба – это начало в деловых отношениях, диалогах, при получении письма лицо заинтеросававщийся внимательно читает. Оформление, написание письма об авторе остается хорошее впечатления. В этом случае получитель письма адресат обязан вам обратно ответить. Письмо запроса (Сұраныс хат) Письмо запроса – с целью запроса с определенного учреждения нужную информацию или документ. Цель этого письма – запрос нужной информации, его сведения, документ и другие материалы. В письмах запроса ставится подпись ответственного служащего определенного учреждения. Письма представления (рекомендательное) (Ұсыныс хат немесе кепіл хат) Письма представление - пишется с целью устраивания на службу определенного человека, на должность руководителя. Целью этого письма является – сделать представление, предложение руководителю. Дается гарантия на подходящее место и службу названного человека. В письме ставится подпись представителя. Письма позравления (Құттықтау хат) Письмо поздравления – составляется в случаях награждения правительственными наградами, на праздниках, значимых событиях, день рождениях и в других случаях. Их можно встретить в ежедневной прессе на страницах разных видов. В письмах пишется достижения, служба Родине, имеющий большие заслуги перед народом, об успехах. После этого пишется наилучшие пожелания. В конце пишется ф.и.о. позравителя, заканчивается словами, «от чистого сердца, с уважением» Келісімшарт Келісімшарт – өнім, тауар немесе жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету,ақшалай қаражат төлеу, несие беру жөнінде екі тарап немесе көп тараптар арасында жасалған келісім. Келісімшарттың негізгі түрлері: Биржалық келісімшарт - биржада белгіленген ережелер бойынша жасалған биржалық мәміле. Валюталық келісімшарат – белгіленген күні бір валютаны екінші валютаға күні бұрын белгіленген бағам бойынша айырбастау туралы келісім. Мұндай келісімшарт валюта бағамының өзгеруінен сақтандыру үшін жасалады. Еңбек келісімшарты – қызметкер мен кәсіпорын, мекеме, фирма арасында жасалатын жазбаша еңбек шарты. Онда келісімшарттың қолданылу мерзімі көрсетіледі. Қызметкер мен жұмыс берушінің өзара қатынастарының елеулі қырлары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері, еңбекақы төлеу және оны ұйымдастыру жағдайлары, өндірістік, кәсіпорынның салалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, тараптардың қабылдаған міндеттемелерін орындауы үшін қажетті әлеуметтік – тұрмыстық т.б. жағдайлары қарастырылады. Кепілдікті келісімшарт – келісімшарттың олданылу кезеңінде белгілі қызметтер көрсетуге кепілдік беретін шарт. Мемлекеттік келісімшарт - мемлекет тарапынан жасалатын шарт. Бұл шартқа сәйкес жеткізуші (орындаушы) тауарларды тапсырыскерге не оның нұсқауымен өзге тұлғаға беруге міндеттенеді. Ал мемлекеттік тапсырыскер жеткізілген тауарлардың ақысын төлеуге міндеттенеді. Мемлекеттік келісімшарт тапсырыскердің мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарлар жеткізу жөніндегі жеткізуші (орындаушы) қабылдаған тапсырысы неізінде жасалады. Сатып алу –сату келісімшарты - сатып алу–сатудың барлық шарттары: жеткізілетін тауарлар және оның көлемі, тауардың сапасын анықтау тәсілдері, жеткізу мерзімі, жеткізетін жері, жеткізілімнің базистік шарттары, бағасы мен жалпы құны, төлем шарттары, тауарларды өткізу мен қабылдау тәртібі, кепілдіктер мен санкциялар, арбитраж туралы шарттар, көлік шарттары, тараптардың заңи мекенжайлары, сатып алушы мен сатушының қойған қолдары мазмұндалған құжат. Сыртқы сауда келісімшарты - тараптардың бірі шетелдік заңи тұлға болып табылатын және ол сатып алушы (импортшы) немесе сатушы (экспортшы) ретінде қол қоятын келісім. Шартта тараптардың тауарлар айырбастау, қызмет көрсету т.б. саладағы белгілі құқықтары мен міндеттері беліленеді. Келісімшарттың негізгі талабы – тауарға меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға көшуі. Ұзақ мерзімді келісімшарт – тәуелсіз сатып алушы мен мен сатушы арасындағы келісімшарт. Мұнда тауарлар топтамасын 2 жылдан астам уақыт кезеңі бойына жеткізу көзделеді. Баға оны жасау кезінде белгіленеді немесе тауарды жеткізу сәтінде биржалық баға белгіленімі негізінде не кезеңдегі орташа баға негізінде белгіленуі мүмкін. Халықаралық келісімшарт – белгіленген мөлшерде тауарлар жеткізу немесе қызметтер көрсету жөнінде түрлі елдер орналасқан екі немесе бірнеше тараптардың арасында жасалған келісім. Келісімшарт халықаралық сипатқа ие болу үшін оның субьектілері (тараптар,серіктестер) түрлі елдерде орналасқан кәсіпорындар болуы керек. Фьючерстік келісмшарт - сатып алу –сату келісімшарты, яғнибиржада белгілі бір сападағы және мөлшердегі тауарларды уәделескен сәтте белгіленген бағамен жеткізу жөнінде жасалған келісім. Келісімшарт бағалы қағаз ретінде сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Кепілдеме Кепілдеме– жеке адам туралы өз саласындағы кәсіби шеберлігін, жетістігін сипаттай отырып жазылатын іс қағазы. Кепілдеме құрылымы жағынан мінездемеге ұқсас. Кепілдемеде жеке адамның іскерлік қасиеттері, жеткен жетістіктеріне байланысты ұсыныс жасалады, кепілдік беріледі. Кепілдеменің қорытынды бөлімінде «ұсынамын», «кепілдік беремін» деген сөздер жазылады. Құрылымы: 1. Құжаттың атауы 2. Негізгі мәтін: а) кепілдеме берілген адамның аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы,ұлты, азаматтығы ә) бітірген оқу орны, мамандығы б) қызмет істеген жылдары, қызмет орны в)кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы) г) жеке басының мамандығына қатысты іскер қасиеттері, жеткен жетістіктері 3. Қорытынды 4. Кепілдемені талап етуші мекеменің атауы 5. Кепілдеме беруші тұлғаның қызметі, лауазымы, аты-жөні 6. Кепілдеме берілген күн, ай, жыл Ескерту! Кейбір жағдайларда кепілдеменің жоғары жағында мекеменің фирманың белгісі (логотипі)көрсетілген арнаулы бланктерде де жазылады. Мекеме басшысының қолымен расталады. Кепілдеме еркін, ресми стильде жазылады. Келісімшарт Келісімшарт –жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді,тоқтатуды реттейтін, нотариальды түрде куәландыратын ресми құжат. Мысалы: сатып алу-сату, ауыстыру,сыйға беру т.б. Қатысатын адамдар санына қарай екі жақты немесе көпжақты келісімшарттар болады. Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәмленің мазмұны толық көрсетіледі. Тараптар немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді. Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және күні, айы, жылы жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктердің нөмірі, куәлікті берген мекеменің атауы, қашан берілгені көрсетіледі. Содан кейін келісімшарт мәтіні жазылады. Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның біреуі нотариалдық кеңседе сақталады, қалған даналары тараптарға беріледі. Келісімшарт мындай жағдайларда жасалады. 1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмлелер: а) тұрғын үйді сату-сатып алу туралы; ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы; б) тұрғын үйді ауыстыру туралы; 2. Жер телімдері туралы мәмлелер: а)жер телімдерін сыйға беру туралы; ә) жер телімдерін ауыстыру туралы; б) жер телімдерін сату-сатып алу туралы; 3. Көлік құралдары жөніндегі мәмлелер: а)көлік құралдарынсыйға беру туралы; ә) көлік құралдарыауыстыру туралы; б) көлік құралдарысату-сатып алу туралы; 4. Ақша қаражатын заемге алу, заемге беру туралы мәмлелер: а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы; ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы Келісімшарттың құрылымы: · құжат атауы · күні, айы, жылы, жасалған орны (қала, облыс) · тараптар туралы деректер (аты-жөні, мекенжайы,жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан, кім бергені) · келісімшарттың мәтіні · тараптардың қолы · нотариустың жазбасы · нотариустың атауы,аты-жөні, қолы, мөрі Договор Договор –это, письменный, официально-деловой документ, нотариально заверенное соглашение (сделка) между двумя или несколькими физическими или юридическими лицами, которые регулирует установление, изменение, или прекращение гражданских прав и обязанностей. Содержание договора показывается в польном обьеме и делается письменно. Обе стороны или представители обеих сторон, ставят свои подписи, после чего текст договора заверяется нотариально. Договор охватывает следующие реквизиты: В самом начале на первой строчке пишется адрес, где закючается договор. На второй строчке прописывается срок заключения договора: день, месяц, год. На следующих строчках пишется фамилия, имя, отчество, год рождения. адрес прописки, номер и дата выдачи личного удостоверения представителей сторон, заключающих договор. После эого пишется текст договора, указываются необходимые сведения. В конце договора пишется текст о заверении нотариусом данного договора. Договор составляется в трех экземплярах. Первый подшивается в дело нотариуса, остальные два выдаются представителям сорон, заключивших договор. Между юридическими лицами заключаются официальные договора по различным многочисленным вопросам. Например: стройка, ремонт,доставка, продажа, торговля, аренда и др. Между юридическими и физическими лицами заключаются договора по различным многочисленным вопросам. Например: трудовой договор, договор о предоставлении услуг, договор о повышении квалификации и многие другие |