МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

іс-шаралар жоспары туралы.





Алматы 2015

Мазмұны

 

Кіріспе .............................................................................................................3

 

1. Әйтеке би кенті әкімінің аппаратының атқаратын қызметтері..............4

 

2.Ұйымдастыру бөлімінің ағымдағы жағдайын талдау............................................................................................................12

 

3.Әйтеке би кентіндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы....................................................................................................20

 

Қорытынды...................................................................................................26

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................... 27

Кіріспе

 

«Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі– әкімнің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және

заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды

тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Әйтеке би кенті әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

Өндірістік тәжірибенің негізгі объектісі- кенттегі тұрақты әлеуметтік – саяси жағдайды қалыптастыратын, кенттің экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасайтын Әйтеке би кенті әкімінің аппараты болып табылады.

Тәжірибенің негізгі мақсаты болып- негізгі қызмет барысымен танысу, құжаттармен жұмыс істеу және білікті кадрлардан тәжірибе жинау.

Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттемелер туындайды:

· Әйтеке би кені әкімінің аппаратының жұмысын зерттеу;

· Негізгі міндеттері мен мақсаттарын, атқаратын функцияларын анықтау;

· Өндірістік тәжірибені өту барысында негізгі жұмыстарды атқаруға белсенді қатысу;

· Тәжірибеге қатысты негізгі іс- шаралармен танысу;

· Мамандыққа қажетті материалдар тізімін жинау;

· Ұйымдастыру бөліміндегі кадрлардан тәжірибе жинау;

· Оқу барысында жинақтаған білімімді тәжірибе барысында пайдалануды үйрену;

Тәжірибе барысында Әйтеке би кентіндегі стратегиялық, әлеуметтік, экономикалық мәселелер қарастырылып, жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру зерттелді.

 

 

1.Әйтеке би кенті әкімінің аппаратының мақсаттары мен міндеттері

Әйтеке би кенті әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Әйтеке би кенті әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.



Әйтеке би кенті әкімінің құрылымы

1. Ішкі саясат бөлімі

2. Есеп және шаруашылық бөлімі

3. Ұйымдастыру бөлімі

4. Құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтық жұмыстар бөлімі

5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

6. Құрылыс бөлімі

Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері функциялары,

құқықтары мен міндеттері

Аппараттың миссиясы:

- Әйтеке би кенті аумағында әлеуметтік, құқықтық, аумақтық даму мен

стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды және аудан бюджетінің орындалуын ұйымдастыру мен жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.

Міндеттері:

· Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

· Жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық саясатқа сай келмейтін шешімдерінің қабылдануына жол бермеу;

· Қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;

· Өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстану;

· Кенттегі тұрақты әлеуметтік – саяси жағдайды қалыптастыру;

· Кент әкімінің іс – қимылын құжаттамалық қамтамасыз ету;

· Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентерінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулыларын, облыс, аудан әкімдігі қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің және жоғары органдардың басқа да актілерін орындау;

· Кенттің экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсартуға, экономикалық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, меншіктің барлық түрлеріне қарамастан дамыту мақсатындағы мемлекеттік (оның ішінде облыстық, аудандық) бағдарламаларды жүзеге асыру;

· «Мемлекеттік қызмет туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік органда кадр саясаты мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, кадарлардың оқуы мен қайта даярлауын ұйымдастырады.

Функциялары:

· Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

· Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі.

· Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік баңдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін аудандық әкімдіктің қарауына енгізеді;

· Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

· Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

· Кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай - ақ кентте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

· Шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

· Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай – ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

· Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

· Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

· Қылмыстық – атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетеді;

· Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жәрдемдеседі;

· Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

· Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсету, таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

· Жергілікті өзін – өзі басқару органдарымен өзара іс – қимыл жасайды;

· Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

· Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

· Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

· кенттегі абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

· туысы жоқ адамдарды жерлеуді ұйымдастырады және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп – ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

· ауданда көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы орынға ұсыныстар енгізу, сондай – ақ кентте оқушыларды мектепке дейін және кейін тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

· Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

Құқықтары мен міндеттері:

· Жергілікті мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

· Өз құзыры шегінде мемлекеттік басқарушы органдардың қарауына мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар беруге;

· Мемлекеттік баңдарламалар бойынша қызмет түрлері, тауарларды, жұмыс түрлерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға;

· Заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

1- кесте. Әйтеке би кенті әкімі аппаратының құрылымы

Р/с Тегі, аты, жөні Лауазымы
Аманов Самат Кемалович Әйтеке би кентінің әкімі
Сансызбаев Куаныш Каражанович Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары
Кузембаев Нурбек Кенжебаевич Есеп және шаруашылық бөлімінің басшысы
Кулмуратов Тауиржан Задашович Ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Сералиев Нуркен Құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы
Сайлыбай Тиллагул Есеп және шаруашылық бөлімінің бас маманы
Еримбетов Бакытбек Андасович Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
Өтепбай Кылышбек Елубекұлы Құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтықжұмыстар бөлімінің бас маманы
Алтынбаев Елемес Шоланович Есеп және шаруашылық бөлімінің жетекші маманы
Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы Ішкі саясат бөлімінің басшысы
Көбейсінов Алмас Әнуарұлы Құрылыс бөлімінің басшысы
Оңталапов Нұржан Ертасұлы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Әйтеке би кентінің әкімінің функционалдық міндеттері:

1. ҚР Заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың және облыс, аудан әкімдіктері мен әкімдерінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауға алу.

2. Мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдемдесетін шешімдер қабылдау, олардың орындалуын бақылау. Мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшін дербес жауапкершілікте болу. Мемлекеттік органның жұмысын басқару.

3. Экономиканы жедел басқару, өңірлік және инвестициялық саясат және бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен өзара байланысын үйлестіру мәселелері мәселелері. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сауда және тарифтік саясат, бағаны тұрақтандыру бағытында жұмыс жасау.Индустриялық-инновациялық даму, сауда және мемлекеттік сатып алу, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру.

4. Ішкі саясат, ұлтаралық келісім және тіл саясаты, әлеуметтік-мәдени саладағы бағдарламаларды жүзеге асыру. Әлеуметтік-саяси ахуалды зерттеу және болжау, партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдарымен ҚР Президенті мен Үкіметінің ішкі мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Әлеуметтік қарама-қайшылықтардың алдын алу мен жою, діни экстремизмді болдырмау тетіктерін қалыптастыру. Білім беруді, ақпаратты, мәдениетті, спортты, әлеуметтік саясат пен әлеуметтік әріптестікті дамыту.

5. Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешен, ауылдық аумақтарды дамыту, жер, су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту, ауылшаруашылығы құрылымдарын қаржылай сауықтыруда инвестициялар тарту, маркетингтік қызметі, селекциялық және тұқымды жұмысты жақсарту, суды тиімді пайдалану және суландыру жүйесін дамыту мәселелері. Мал шаруашылығын, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда жұмыстар жүргізу.

 

Әйтеке би кентінің әкімінің орынбасарының функционалдық міндеттері:

1. Кент әкімі актілерінің дайындалуы және орындалу бөлігінің жүзеге асырылуын, атқарушы органдардың жоғары тұрған ұйымдары актілерінің орындалуын бақылау.

2. Кент әкімі аппаратының аудан әкімдігімен, басқа да жоғары органдардың аппараттарымен, сонымен қатар жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

3. Әйтеке би кентінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету.

4. Мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру, электрондық Үкімет және электрондық әкімдікті енгізу, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын енгізу және оны бақылауды қамтамасыз ету.

6. Әйтеке би кент әкімінің кадр саясатын жүзеге асыру және кент әкімі тағайындайтын кадрлар жөнінде зерттеу жүргізу, оларды марапаттау немесе тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныстар енгізу.

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы-Тәртіптік кеңесімен өзара іс-әрекетте болып, тиісті жұмыстарды үйлестіру және кенттегі мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелері (Ар-намыс кодексі) талаптарын орындауын қадағалау.

9. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жұмыстарын үйлестіру, бағалауға сәйкес берілетін статистикалық ақпараттарды бақылау.

10. Өз өкілеттіктері шегінде жетекшілік ететін іс-қимыл бағыттары бойынша қоғамдық, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру.

11. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да жоғары мемлекеттік органдардың, мемлекеттік басқарудың республикалық органдары актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.

12. Кент әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жасауда жұмысты тиімді және нәтижелі ұйымдастыра білу.

 

2.Ұйымдастыру бөлімінің ағымдағы жағдайын талдау

 

Ұйымдастыру және кадр бөлімі

Жалпы ережелер

1.1. Ұйымдастыру бөлімінің бастығы Әйтеке би кенті әкіміне, кент әкімінің орынбасарларына, кент әкімі аппараты басшысына бағынады және тиісті қызметтік нұсқаулар мен тапсырмалар алады.

1.2. Кент әкімі ұйымдастыру бөлімінің бастығын конкурстық негізде немесе біліктілік талаптары сай келген жағдайда қызметшінің және уәкілетті органның келісімімен іріктеусіз ауысу тәртібімен қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасы “ Мемлекеттік қызмет туралы” Заңында көрсетілген жағдайларға сәйкес қызметінен босатады.

1.3. Ұйымдастыру бөлімнің бастығы өз қызметінде өзінің қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің жарлықтарын мен қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешім, өкімдерін, нормативтік актілерді және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

 

2- кесте. Ұйымдастыру бөлімінің қызметшілері

 

  Ұйымдастыру бөлімінің басшысы   Кулмуратов Тауиржан Задашович
  Ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы   Есмамбетова Гулсара
  Ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы   Құрманова Бақыт

 

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі басшысының құқығы

2.1. Қазақстан республикасының заңнамасын орындаудағы, аудан экономикасын тұрақтандыру мен көтеруге, әлеуметтік ахуалды жақсартуға, нарықтық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, меншіктің барлық түрлерін дамытуға жағдай жасаудағы, аудандық бағдарламаларын жүзеге асырудағы кент және басқа жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмыс тәжірибесін зерттеу мен жинақтау;

2.2. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігінің және кент әкімнің актілерін, орындауды ұйымдастыру және олардың кент, өзге де жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жүзеге асырып жатқанына бақылау;

2.3. Мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен тұлғалардан кент әкімдігі мен әкімнің құзырына жататын мәселелер бойынша тиісті ақпараттар мен құжаттар сұрауға және алуға, сараптама және кеңес жүргізу үшін мамандар мен тәуелсіз сарапшылар тартуға;

2.4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, кент әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған бұрмалаушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға;

2.5. Нормативтік – құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
2.6. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2.7. Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
2.8. Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға, лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

2.9. Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

2.10. Жеке басының қадір- қасиетінің құрметтелуіне, басшылар,өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.11. Біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға, жұмыс сапасына, тәжірибесіне және осы Заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

2.12. Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;

2.13. Өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге, қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

2.14. Еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

2.15. Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға, мемлекеттік қызметттен өз қалауы бойынша босауға, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

2.16. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі басшысының міндеттері

3.1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Заңдарының , Үкімет қаулыларының, облыс, аудан, кент әкімдерінің өкім, шешімдерінің, қаулыларын орындалуын қамтамасыз ету. 3.2. Ішкі саясат, ұлтаралық келісім және тіл саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени салада шаралар қабылдау және оны жүзеге асыру. Саяси партиялармен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік байланыс жасау жұмыстарын үйлестіру.

3.3. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауының кент көлемінде өз деңгейінде насихатталуын және кенттегі ақпараттық насихаттық топтарымен жұмыстарды ұйымдастыру, кент әкімдігі қабылдаған нормативтік актілердегі тапсырмалар мен бағдарламалардың орындалуын қадағалау.

3.4. Аудандық білім, мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және денсаулық сақтау саласымен өзара қызметтік байланыста болып, бірлескен іс- шараларды жүзеге асыру.

3.5. Орталық және облыстық сайлау комиссияларының нұсқау тәртібіне байланысты шаралар кешенін жүзеге асыру, тиісінше аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе жұмыс жасау, сайлауалды дайындық жұмыстарын үйлестіру және сайлауды өткізуді ұйымдастыру.

3.6. Саласына қарай кент әкімі орынбасарларының іс- қимылын ұйымдастыру. Кент әкімі тапсырмаларының орындалуын тиісті салалар арқылы үйлестіру.

3.7. Қатыстылығына қарай кенті әкімдігі мен аппарат мәжілістерінде берген тапсырмалардың орындалуын тиісті салалар арқылы үйлестіру.

3.8. Кент әкімінің есеп беру жиналысын өткізілуін, оларды берілген тапсырмалар мен ұсыныс- пікірлердің орындалуын және олардың БАҚ- тарда жариялануын ұйымдастыру.

3.9. Кент бойыша ұйымдастырылатын іс- шараларға қатысу.

3.10. Қатыстылығына қарай кент әкімдігі мен кент әкімі аппараты мәжілістері мен селекторлық мәжілістерінде қаралатын мәселелерді дайындау.

 

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі басшысының жауапкершілігі

4.1. Бекітілген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше (уақытылы, сапалы) орындамағаны үшін жеке жауаптылықта болады.

4.2. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақтамағаны үшін арнайы жауапқа тартылады.

4.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Мемлекеттік қызмет туралы т.б. заң талаптарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

4.4. Қызметтік құжаттардың конфиденциалдығын сақтау.

 

Ұйымдастыру бөліміндегі атқарылған қызметтер барысы

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.

Елбасымыздың саралы саясатын қолдап, оны орындау барысында ұйымдастыру бөлімі қажырлы еңбек атқаруда.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған кенттік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл Ассамблея – татулық темірқазығы Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, руханикелісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблеямемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!

Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті

Жолдауды қолдау барысында бөлімде келесідей тапсырмалар берілді және орындалды:

- Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын мерекелеу жөніндегі аудандық, қалалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту;

-Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған көрнекі насихат құралдарының нобайларын әзірлеу мен шығаруды қамтамасыз ету;

-Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған көрнекі насихаттық құралдарды (билборд, керме) орналастыруды қамтамасыз ету;

- Әйтеке би кентінде орналасқан мектептерде “Бейбітшілік және келісім” сабағын, Қазалы техникалық колледжінде кенті әкімінің лекциясын ұйымдастыру;

-Әйтеке би кенті әкімінің қолдауымен этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдардың арасында ғылыми жұмыстар конкурсын өткізу; және т.б тапсырмаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша қызметтер атқарылды;

 

Сайлау 2015

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес елбасымыз қаулы еткен болатын. Қаулы бойынша:

-Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындалсын;

-Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан- жақты көмек көрсетсін деген болатын.

Соған байланысты Әйтеке би кентінде 10 сайлау учаскесі жұмыс жасайды.

2015 жылғы 9- 12 сәуір аралығында кенттегі сайлау участкелерінің сайлауға дайындығы жөнінде пресс- тур ұйымдастырылды. Мұнда БАҚ өкілдері Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға байланысты №58, №61, №63 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты. №61 сайлау учаскесінде 206 сайлаушы тіркелген.

Жалпы сайлау учаскелерінің дайындық жұмыстарына республикалық бюджеттен 38 млн 176 теңге қарастырылған. Әйтеке би кенті бойынша 10 сайлау учаскесі бар. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған арнайы жәшіктер орналастырлған. 11 сәуірден бастап барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімі ілінді.

Сайлау учаскелері Әкімшілік- аумақтық бірліктер Орналасқан жері
  № 56 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, Әйтеке би көшесі N 1 үй
  №57 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Қазалы ауданының білім бөлімінің Жанқожа батыр атындағы N 70 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Владимир Счастнов көшесі N 17 үй
  №58 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Қазалы ауданының білім бөлімінің N 266 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Желтоқсан көшесі N 20 үй
  №59 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі" білім беру мекемесі, Владимир Счастнов көшесі н/ж
  № 61 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Қазалы ауданының білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы N 216 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі, N 92 үй
  №57 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Қазалы ауданының білім бөлімінің Б.К.Мергенбаев атындағы N 226 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Үмбет Би көшесі N 8 үй
  №62 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Қазалы ауданының білім бөлімінің Ж.Жабаев атындағы N 234 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қобыланды батыр көшесі N 20 үй
  №63 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Қазалы ауданының білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы N 165 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ш.Айманов көшесі, N 4 үй
  №92 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Қазалы көліктік-техникалық колледжі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, Михайлюк көшесі, N 12 үй
  №93 сайлау учаскесі Әйтеке би кенті "Қазалы ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы N 204 орта-мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Михайлюк көшесі, N 5 үй

 

Ұйымдастыру бөлімінде тәжірибе барысында сайлауға байланысты үй аралау, шақырту, есепке алу, статистикалық мәліметтермен жұмыс атқарылды.

Ұлы жеңіске 70 жыл

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 - жылдығын мерекелеуге байланыстыҚызылорда облысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөнінде облыс әкімінің 2014 жылдың 14 тамызында № 505- ө өкімімен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қызылорда облысының делегациясын (17 адам), оның ішінде Әйтеке би кентінен 4 адам Астана қаласында өтетін мерекелік іс-шараларға қатыстыруға 3,5 млн. теңге бөлінді. Делегация мүшелерін бірыңғай киім нысанымен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 1,2 млн. теңге бөлінді.

Жеңіс мерекесі қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапаттауға 2 ардагер ұсынылды.

Тағзым алаңындағы «Даңқ аллеясына» орналасатын мәрмәр ескерткіште көрсету үшін «Боздақтар» кітабына енген Ұлы Отан соғысына қатысушылар есімдерінің тізімі жасақталып отыр.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұйымдастыру бөліміне берілген тапсырмалар мен атқарылған қызметтер тізімі:

-Қазақстан Республикасы Президентінің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» құрмет орденімен және Қазақстан Республикасы Президентінің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалімен марапатталатын азаматтардың ұсынымдарын дайындау;

-Облыстық ардагерлер ұйымының және әскери басқару жергілікті органдарының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, ардагерлік қозғалыстың белсенділерін, құрбан болғандарды мәңгі есте сақтауға, әскери-патриоттық жұмысқа, азаматтарды батырлық-патриоттық тәрбие беру, ардагерлік қозғалысқа көмек көрсету 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларын ұйымдастыруға маңызды үлес қосқан Қызылорда облысының басқа да азаматтарын мемлекеттік наградалармен наградтау туралы ұсынымдарды дайындау;

-1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде қайтыс болған (қаза тапқан, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің жесір әйелдерін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлерін әлеуметтік қолдаудың қосымша нысандары бойынша шаралар қабылдау (қосымша материалдық көмек көрсету, коммуналдық қызметтерді төлеу үшін жәрдемақы беру, отынмен қамтамасыз ету және көмектің басқа да түрлері, газеттер мен журналдарға жазылу, азық-түлік жиынтығын тапсыру, тіс протезін салу, монша және шаштараз қызметтері, әлеуметтік такси қызметі, экскурсиялық турлар, санаторлық-курорттық емделу)

-1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға Астана және Мәскеу қалаларына Қызылорда облысынан, оның ішінде Әйтеке би кентінен делегация мүшелерінің тізімін қалыптастыру және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Астана қаласына жіберуді қамтамасыз ету;

-Қазіргі таңдағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің өмірлері, еңбектері, ерліктері жайлы облыстық БАҚ-та кеңінен жариялау, кітап шығару, арнайы билбордтар, бейнероликтер мен альбомдарды жасау;

-Қазіргі таңдағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің өмірлері, еңбектері, ерліктері жайлы бейнефильмдерді түсіру, бір таспаға жинақтап Қызылорда облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының қорына өткізу;

-1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған имидждік материалдарды (күнтізбелерді, плакаттарды, буклеттерді және басқа да полиграфиялық өнімдерді, «Даңқ» орденіне кішкене ленталарды) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде шығаруды ұйымдастыру;

-Мемлекет басшылары кеңесінің 2013 жылғы 25 қазандағы ұсынысы бойынша армияны Ұлы Отан соғысы жылдары барлық қажетімен қамтамасыз етуде ерекше маңызды рөл атқарған қалалар үшін «Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беруге ұсыныс дайындау;

Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында Әйтеке би кенті әкімінің жүлдесі үшін үстел теннисінен аудандық жекелей біріншілік өткізілді. Саламатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында үстел теннисін насихаттау, шеберліктерін шыңдау, спортпен жүйелі шұғылдануға тарту мақсатында өткізілген жарысқа Қазалы ауданы орталығындағы мектептерден барлығы 30 оқушы қатысты.

Ұйымдастыру бөлімі Әйтеке би кентінің ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік функцияларды іске асырады.

3.Әйтеке би кентіндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларға жыл сайын ішінара өзгерістер енгізіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылуда:

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында, «Даму Старт Ап» бағдарламасы бойынша ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары жеңілдетілген түрде ұсынылуда.

Сонымен қатар, ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеялары бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін болса қайтарымсыз негізде 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын сомада грант беру қарастырылып отыр.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бағыты бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына 497 адамнан несие алуға өтініш түскен.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы бойынша 2014 жылға МІҚ мал басын 2361 басқа көбейту жоспарланған.

Жалпы 2014 жылдан бастап «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы немесе тиісті бөлімшелерімен жүргізілетін болады.

2014 жылға мал басын көбейту мақсатында 15 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп отыр және «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша мал шаруашылығын дамытуға 260 адам 515,0 млн. теңге несие алуға өтініштерін берген.

Мал шаруашылығын дамыту бойынша «Шебер Жоспармен» сатып алу арқылы мүйізді ірі қара, жылқы, түйеуақ мал, мал басын көбейтуге басымдық беріліп отыр.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 2014 жылдан бастап қаржыландыру бағыттарына өзгерістер енгізіліп «Жылыжай», «Кәсіпкер» бағдарламалары енгізіліп отыр.

«Жылыжай» бағдарламасы
5 жылға 9,5 пайызбен 3,0 млн. теңгеге дейін шағын жылыжайды дамыту шаруашылығын дамытуға

 


 

5 жылға 14 пайызбен 3,0 млн. теңгеге дейін ауылшаруашылығы саласынан дамыту

«Кәсіпкер» бағдарламасы
арнаулы техникалыр мен құрал-жабдықтар алуға несие беру
«Сәтті» бағдарламасы

 


Ал жекелеген кәсіпкерлік қызмет көрсету орындары бойынша 20-дан астам кәсіпкерлік нысаны жаңадан пайдалануға беріліп 217адам жаңа жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Сонымен қатар 2014 жылға ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, шағын нан өндіру цехы, құс шаруашылығын дамытып жұмыртқа өндіру, қызмет көрсету бағытында «Бизнес инкубатор» ұйымдастыру, көкөніс өнімдерін өндіру, өңдеу бағытында бизнес-жоба әзірлеп ұсыну жоспарлануда.

Бұл өз кезегінде әрбір ауылдан кемінде 4-5 жаңа жұмыс орнын ашуға өз ықпалын тигізетін болады.

Бөлім тарапынан ауданда шағын кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлікті дамытушылар арасында өнім өндіру бағытындағы қызметтердің (жұмыстар) көлемін ұлғайту, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына ауыл кәсіпкерлерінің белсенді қамтылуына ықпал ету, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы әрбір берілген несиенің өз мақсатында пайдаланылып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті салық базасының көбеюіне ықпал ету кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекет тарапынан беріліп жатырған барлық көмектердің пайдалануына ықпал етілетін болады

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының пайыздық ставканы субсидиялау бағыты бойынша 5 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінен мақұлданып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ы Қызылорда облыстық өкілдігі арқылы субсидияланды. Нәтижесінде 64 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

1. Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 16,65 млн. теңге құрайтын «Құрылыс материалдарын өндіру жобасы бойынша «Қазақстан халық банкі» АҚ-ы арқылы алынған 12,0 млн. теңгесі;

2. Жеке кәсіпкер М.Төлегеновтің жалпы құны 10,0 млн. теңге құрайтын «Кондитерлік өнімдер өндіру цехы» жобасын жүзеге асыру үшін «Банк Центр Кредит» АҚ-ы арқылы алынған 3,0 млн. теңгесі;

3. «Ақниет» балабақшасы» ЖШС-нің жалпы құны 15,0 млн. теңге құрайтын «Мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру қызметін кеңейту» мақсатында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы арқылы алынған 3,24 млн. теңгесі;

4. «Ақмарал» жеке балабақшасы» ЖШС-нің жалпы құны 10,0 млн. теңге құрайтын «Мектепке дейінгі білім беру қызметін кеңейту» мақсатында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы арқылы алынған 12,0 млн. теңгесі;

5. Жеке кәсіпкер К.Аманов тарапынан жалпы құны 20,0 млн. теңге құрайтын «Газобетон шығару» жобасы бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ-ы арқылы алынған 12,0 млн. теңгесі.

«Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының» Қазалы ауданы бойынша 2014 жылдың 6 айында орындалуы туралы

ҚР үдемелі индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Қазалы ауданында аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2013 жылдары жалпы құны 2981,5 млн. теңгені құрайтын 14 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. 12 жоба толық іске қосылып 159 жаңа жұмыс орны ашылды.

1. «Рза» АҚ-ның жалпы құны 2228,4 млн. теңге құрайтын«660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты жобасы» іске асырылып, қазіргі таңда асыл тұқымды мал саны 1598 басты құрап отыр.

Нақты кезеңде 570 сауынды сиырдан күніне орташа есеппен 26,6 литрден сүт сауылуда. 2014 жылдың 6 айында 2616,7 тонна өнім өндіріліді.

Жоба бойынша ірі қара өсіру кешені мен сүт өңдеу зауытында 102 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы 40-45 мыңтеңге көлемінде.

Бүгінгі таңда аталған жобаның ІІ кезеңін іске асыру бойынша жоба-сметалық құжаттары рәсімделуде.

2. Балық өнімдерін өңдеу мақсатында«Бақыт» шаруа қожалығы мен «Қызылорда» ӘКК» АҚ-ы бірлесіп жалпы құны 150,0 млн. теңге құрайтын«Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы бойынша «СПК Қызылорда балық» ЖШС-і құрылып, жұмыс жасауда.

«СПК Қызылорда Балық» ЖШС-і 2013 жылы 927,0 тонна балықты мұздатылған күйінде сатып, 154,6 тонна балық филесін өндірді. Бұл «жоспарлы қуаттылықтың» 103,0 пайызы.

2014 жылдың 6 айында 62,9 тонна балық мұздатылған күйінде, 141,75 тонна балық филесі, 3,64 тонна фарш әзірленді.

Серіктестіктарапынан өндіріс көлемін азайтпау мақсатында балық аулау лимиті көлемін толық орындап, қосымша Арал ауданының Бөген елді мекенінде құны 10,0 млн. теңге құрайтын балық сүйегінен ұн дайындайтын цехы мен селолық дайындау орталығының балық сақтау қоймасын пайдалануға берді.

Бағдарлама шеңберінде 2014 жылы жалпы құны 610,0 млн. теңге болатын 10 жоба іске асырылып, түрлі өнім өндіретін цехтар пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның 5-уі «Өндірістік аймақта» жүзеге асатын жобалар.

Оның ішінде, 4 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінен оң қорытынды алды.

Атап айтқанда, 1. «Сыр маржаны» ЖШС-нің жалпы құны 444,14 млн. теңге құрайтын «500 басқа арналған мал бордақылау кешенін салу» жобасы.

2. Жеке кәсіпкер Р.Мәмбетжановтың жалпы құны 50,0 млн. теңге құрайтын темірбетон бұйымдарын шығару жобасы.

3. Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 16,65 млн. теңге құрайтын құрылыс және жиһаз бұйымдарын дайындау цехын іске асыру жобасы.

4. Жеке кәсіпкер М.Абдрасулованың жалпы құны 9,2 млн. теңге құрайтын алкогольсіз сусындар шығару цехын іске асыру жобасы.

Сонымен қатар, қазіргі таңда 6 жобаның құжаттары әзірленуде.

Атап айтқанда, 5. Жеке кәсіпкер Т.Бисенәлі жалпы құны 10,0 млн. теңгені құрайтын нан өнімдерін дайындау цехы және 200 тонналық ұн сақтау қоймасының жобасы.

6. «Ар-М-Кон» ЖШС-нің жалпы құны 6,0 млн. теңге құрайтын брусчатка шығару цехын іске қосу жобасы.

7. Жеке кәсіпкер Н.Қожабергеновтың жалпы құны 5,5 млн. теңге құрайтын құрылысқа қажетті қаңылтыр жабындыларын дайындау цехын іске асыру жобасы.

8. «Энергомера» ЖШС-і тарапынан жалпы құны 40,0 млн. теңге құрайтын электрмен жабдықтау өндірістік базасы және темірден құрылысқа қажетті бұйымдар шығару жобасы.

9. Жеке кәсіпкер Ж.Қарымсақовтың жалпы құны 22,0 млн.теңге құрайтын темірбетон және кірпіш шығару жобасы.

10. Жеке кәсіпкер Е.Алданазаровтың жалпы құны 6,5 млн. теңге құрайтын «Тазартылған, құйылмалы ауыз су шығару» жобасы.

Осы жобалар толық іске асырылғанда 102 адамды жаңа жұмыспен қамтуға мүмкіндік болады

«Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасының Қазалы ауданы бойынша 2014 жылдың 6 айында орындалуы туралы

2014 жылы «Қол жетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 12 арендалық тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады. Бөлінген қаржы 73,0 млн. теңге (РБ-45,0 млн. теңге, ОБ-28,0 млн. теңге). Бас мердігері «ҚазалыСтройСервис» ЖШС-гі.

Бүгінгі күнге 7 үйдің кірпіші қаланып, 2 үйдің ірге тасы құйылды. Қалған 3 үйдің жер жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар,аталған бағдарлама аясында жоспарланып отырған тұрғын үйлерді инженерлік коммуникацялық инфрақұрлыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүруде. Жоба құны 457,8 млн теңге. Бас мердігері «Қазалы жолшы» ЖШС-гі.

Осы мақсатқа 2014 жылға 203,5 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары жүруде (РБ-157,8 млн. теңге, ОБ-45,6 млн. теңге). Нысанды тапсыру мерзімі 2014 жылдың 30 қазан айы.

Бүгінгі күнге жер жұмыстары 4,325 км, жол жабыны (дорожная одежда) 3,525 км, электрмен жабдықтау ВЛ10 кВ-5,329 км, ВЛ04 кВ-6,014 км электр желісінің жұмыстары атқарылды. Жарықтандыру жұмыстары жүруде.

Сондай-ақ Әйтеке би кентінен бір 18 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда. Жоба құны 206,1 млн. теңге. 2014 жылға бөлінген қаржысы 33,0 млн. теңге. Бас мердігері «Болашақ» ЖШС-гі.

Бүгінгі күнге тапсырыс берушімен мердігер арасында келісім-шартқа отыру жұмыстары жүруде.

 

 

Әйтеке би кенті әкімінің ағымдағы және таяу болашақтағы

іс-шаралар жоспары туралы.

Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару заңының талаптарын жүзеге асыру;

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және олардың алдын алу мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастыру;

Әйтеке би кентіндегі көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын кезеңімен жөндеуден өткізіп, түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, оның ішінде кенттің шет аймағындағы жаңадан ашылған кварталдардың проблемалық мәселелерін шешуге жұмыстар жасау;

2014 жылы Әйтеке би кенті - Қазалы қаласы аралығынан жаңадан ашылатын кварталдарға инфрақұрылым жүргізу және бұл аймақтан 80-ге жуық жеке тұрғын үйге жер учаскелерін кезекке сәйкес бөлу;

Кент тұрғындарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту мақсатында мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының тиімді және сапалы орындалуына қол жеткізу;

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес азаматтарға тұрғын-үй салу үшін жер учаскелерінің кезектілігімен берілуіне және жаңадан ашылған кварталды инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмыстар жасау;

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бағытында халықтың шағын кәсіпкерлік субьектілерін ашуына, шағын несиелер алуына мүмкіндіктер жасау;

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыруды ұйымдастыру;

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылуын ұйымдастыру;

Жастарды өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араластыру мақсатында жастардың жұмыс орындарымен қамтылуына жұмы





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.