Кэмп-Дэвидский мирный переговорный процесс.(Рамки мира на Ближнем Востоке. Кэмп-Дэвид (США).17 сентября 1978 г. Египетско-израильский мирный договор. Вашингтон.26 марта 1979 г.). Кала статуты Иерусалим қаласы демилитаризацияланады; ол бейтарап болып жарияланады, және оның бейтараптылығын қолдауға ие болады. Оның территориясында ешбір әскери сипаттағы ұйым, жаттығулар, шаралар өткізілмейді. Араб-Израиль шиеленісінің нәтижесіде Израильді мойындамайтынын көрсететіндей және өзінің егемендігін қорғайтын құжат. 1968 ж 17 шілдеде, Каирде қабылданды: 33 бап пен Палестина картасынан тұрады, Картада Палестина мемлекетінің территориясы араб және ағылшын тілінде көрсетілген. Құжат мазмұны: - Палестина арабтардың тарихи жері - Арабтар Палестинаның легитимді қожайыны, Палестинаны босатқан кезде ішкі басқаруды өзі шешеді - Палестиндықтар деп 1947 ж дейін өмір сүрген барлық араб азаматтары таниды, олар Палестнадан тыс жерде оналасса да. 1947 жылға дейінгі Палестиндықтан туған бала Палестинада да, тыс жерде де өмір сүріп жатса да Палестина азаматы болып есептеледі. - Сионисттік интервенциядан бұрын дәстүрлі тұрып жүрген еврейлер де Палестина азаматы болып есептеледі. - Соғыстың әсерінен қашқындарды қайтару - Егемендік үшін қарулы соғыстан бас тартпайды - Палестиндықтардың 3 лозунгы бар: ұлттық бірлестік, ұлттық мобилизация мен бостандық - Мақсаты: палестиндықтар тек бостандық үшін кұресу тиіс - Шиееленісті шешетіндей басқа альтернативаларды мойындамайды, Палестинаны бермейді - Израиль үнемі қауіп тудыратын объект, оған қоныстануға жол бермеу - Осы мақсаттарды орындау үшін Палестина Палестинаны Босату Ұйымын құрады - Палестинаны Босату Ұйымы басқа араб мемлеттермен қарым қатынас жасау кк және саяси бейтарап болу тиіс, себебі ең бірінші өзінің босатуына қол жеткізу кк - Ұйымның өз рәміздері болады 1998 ж Газада Палестиналық Ұлттық кеңесте Израильдің өмір сүруін құқық бермейтін Палестиналық Хартияны жоққа шығарды, отырыста Билл Клинтон болды. Кэмп-Дэвидский мирный переговорный процесс.(Рамки мира на Ближнем Востоке. Кэмп-Дэвид (США).17 сентября 1978 г. Египетско-израильский мирный договор. Вашингтон.26 марта 1979 г.). Кэмп-Дэвид бейбіт келіссөздер үдерісі (Таяу Шығыстағы бейбітшілік шеңберлері. 1978ж. Египет-израиль бейбіт келісімдері. Вашингтон 26 наурыз 1979 ж.) Таяу Шығыстағы бейбітшілік рамкасы Египет, Израиль АҚш қатысуымен жасалды. Израиль мен араб мемлекеттері арасындағы шиеленісті шешу Қауіпсіздік кеңесінің 242 резолюциясы бойынша жасалады. Батыс жағалауы және Газа мәселесі бойынша: Бұл мәселе Мысыр, Израиль, Иордания, Палестина халқы бірлесіп шешуі керек. Батыс жағалауы және Газа бойынша мәселе 3 стадияда өту керек: 1. Мысыр және Израиль келісім бейбітшілік орнату үшін 5 жылға өтпелі кезең орнату. Билік таңдалмағанша, Израиль әскері, үкіметі осында қалады. Бұл мәселені шешуге Иорданияны тарту керек. 2. Иордания, Мысыр және Израиль жаңа үкімет міндеттері мен құқытарын келісіп, шешу керек. Израиль әскері толығымен шығарылады. Мықты полиция құрылады., олар иорданиялықтар бола алады. Иордания мен Израиль шекара қауіпсіздігін тексереді 3. Жаңа үкімет билік жүргізе бастағында: өтпелі 5 жыл орын алады. Алғашқы 3 жыл ішінде өз статусын анықтайды. өтпелі кезең біткенде, Иордания мен Израиль бейбіт келісімге қол қояды. Мысыр Израиль келісімі 1) Соғыс тоқтатылады, бейбітшілік орнатылады грамота ратификациясынан кейін; Израиль Сианйдан Палестина мандатын, Египет шекарасына дейін әскерін әкетеді, Египет Синай суверендігін қайтарады; жақтар достық қатынас орнатады 2) Египет пен Израиль шекарасы Халықаралық шекара бойынша Египет пен бұрынғы Палестина мандат аралығында болады 3) БҰҰ уставын қолданады; суверенитет, территориялық тұтастық, саяси тәуелсіздік сыйлайды; бір бірінің құқықтарын сыйлайды, қауіпсіздік пен бейбітшілікте тұрады; күш қолданудан аулақ болады; экономикалық байкот тоқтатылады 4) Бірлескен қауіпсіздік әрекеттері жасалады; БҰҰ әскер орналасуына қарсы емес 5) Израиль кемелері 1888 жылғы ]константинополь конвенциясы бойынша Суэц каналы, Жерорта теңізінде жүзу құқығына иеленеді; Акаб және Тиран бұғазы Халықаралық су болып табылады 1945 жылы 31 тамызда АҚШ президенті Трумэн ағылшын премьер-министрі Эттлиге хат жібереді, онда ол Европадан Палестинаға 100 мың еврейлерді кіргізуді талап етеді. Бұл-АҚШ-тың Палестина мәселесіне тікелей араласа бастағанын білдіреді. Кейбір әдебиетерде Американың Палестинаға белсенді араласа бастауын келе жатқан президенттік сайлаулармен байланыстырады. Себебі оның қалай болатынына 5 млн. сайлаушы еврейлер мен еврейлердің ірі қаржы магнаттары да әсер ете алды, сионистердің бағдарламалары республикалық және демократиялық партия бағдарламаларына қосылды. Сонымен қатар, АҚШ-тың Палестинаға қатысты саясаты ірі империалистік бәсекелес-Англия мен АҚШ-тың арасалмағына да әсерін тигізетін еді. Англия “Палестинадағы жағдайды” сылтауратып, одан бас тартты, бірақ Палестина мәселесімен айналысатын Біріккен ағылшын-американ комиссиясын құруды ұсынды. Өйткені ол кезде араб әлемінде жағдай шиеленісіп тұрған болатын: ұлт-азаттық қозғалыстар күннен-күнге кең етек алды, оған қоса 1945 жылы наурызда Араб Елдерінің Лигасы құрылды. Ағылшын-американ комиссиясының бағыты біржақты еврейлік болған жоқ, себебі олар араб елдерінің КСРО-дан көмек сұрауынан қорықты. 1946 жылдың шілдесінде жаңа ағылшын-американ комиссиясы құрылады. Олардың жұмысының нәтижесі-“Моррисон жоспары” болып табылады. Ол бойынша, Палестинада 4 бөліктен тұратын федерация құрылу керек болды: 1) араб автономиясы, 2) еврей автономиясы, 3) ағылшын билігіндегі Негев провинциясы және 4) ағылшын билігіндегі Иерусалим провинциясы. Бірақ, АҚШ оны дұрыс деп таппады. Мұнда оның екі жақты саясаты көрінді, яғни біріншіден, Таяу Шығыстағы мұнай үшін арабтармен қатынасты нашарлатпау, ал екіншіден, ағылшын бәсекелесін ығыстыру үшін күннен-күнге ұлғайып келе жатқан арабтардың қозғалыстарын басу үшін еврейлерді қолдау. 1947 жылы қаңтарда Лондонда арабтар және еврейлер қатысуымен “Моррисон жоспарын” талқылау үшін конференция өткізіледі. Бірақ, ол ешқандай нәтиже бермеді. Ақпанда Англия “Бевин жоспарын” ұсынды. Ол бойынша, Палестина жартылай автономиялы араб және жартылай автономиялы еврей мемлекеттеріне бөліну керек болатын, ал олардың еекуі де 5 жыл ағылшын әкімшілігімен басқарылуы тиіс еді. Әрине, арабтар да, еврейлер де “Бевин жоспарынан” бас тартты. Палестина мәселесіне Америка да белсенді араласты. 1947 жылы 19 қаңтарда АҚШ президентімен Палестинаға барып қайтқан Болдуин миссиясы өз ұсыныстарымен бөліседі. Онда негізінен еврейлердің құқықтары басым болады және арабтар ешқашан Палестинаны билемеген деген тұжырымға келеді. Болдуин ұсыныстары мынадай болады: 1) Палестинада белгілі бір шекара аумағында еврей мемлекетін құру; 2) Бұл мемлекетті БҰҰ-да тану; 3) Палестина мемлекетінде еврей сайлаушыларын қосып, сайлау өткізу; 4) Сайлау өте салысымен, Палестинаға ағылшын мандатын жою, 5) 5-жылға БҰҰ-ның комисиясын құру, ол территорияның Британ үкіметінен тазартылуын және еврейлер мен арабтар арасындағы жерді сату-сатып алуды қадағалауы тиіс болды; 6) АҚШ Трансиорданияны мойындайды және оның БҰҰ-на кіруіне көмектесу керек; 7) АҚШ Палестинаға 3млн. көлемінде заем береді және Иордан өзенінің суын гидоэнегргетикалық және ирригациялық мақсаттарда пайдаланатыны туралы келісім жасайды; 8) Палестина өз әскерін құрғанға дейін онда халықаралық қарулы күштер қызмет атқаруы керек. Билтмор жоспарын еврейлер жақсы қарсы алғанмен, арабтар оған наразы болады. Сонда да, бұл жоспар алдыңғылары сияқты еш нәтиже бермей, жүзеге аспай қалады. Империалистер қалай болса да Палестинаны өз қолдарында сақтап қалғысы келеді. 1946 жылы ағылшын үкіметі өз позициясының төмендегенін түсінді және оны АҚШ-қа беруге тырысты. Бірақ, АҚШ оған әлі дайын емес екендігін айтты. Ұлыбритания мандатарий держава ретінде өз тарапынан бұл мәселені реттеуге тырысты. Алайда, оның барлығы тығырыққа тірелді. Сөйтіп ол бұл мәселені 1947 жылы 17 ақпанда БҰҰ-ның қарауына ұсынады. Ал, қаңтар-сәуірінен бастап Палестина мәселесін Бас Ассамблеяның келесі сессияларына қосуды ресми сұрады. Бірақ, БҰҰ-ның шешімі Англия үшін аса маңызды болған жоқ, ол бұл ұйымның шешімін тек кеңес ретінде қарастырды. Палестина мәселесін БҰҰ-ның талқылауына беруге АҚШ та қарсы емес еді. Оның ойынша, бұны талқылау және түрлі келісімдер жасау барысында олар Палестинаны өз қолдарына түсре алады. Басында ол жерге ағылшын-американ бақылауын орнатып, кейін оны түгелдей өз қолдарына түсіруге болады деп ойлады. . Арабтар БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында бұл территорияда ағылшын мандатын тоқтату туралы және Палестинаның тәуелсіздігін жариялау туралы ұсыныстарын айтты. Еврейлер агенттігінің өкілдері болса Палестина территориясында тек еврейлер мемлекетінің құрылуын талап етті. Ал, Совет Одағы Палестинаның тәуелсіздігін жариялауды талап етті, сонымен қатар ол біріккен арабтық-еврейлік федеративтік мемлекет құруды ұсынды. Сөйтіп, бұл мәселені шешу тығырыққа тіреліп, көптеген ұсыныстардың пайда болуына байланысты, БҰҰ 1947 жылдың 15 мамырында Палестина мәселесін зерттеп, шешуді арнайы құрылған комиссияға жүктеді. 11 мемлекеттен тұрған оған ұлы державалар кірмеді. Бұл комиссия өз жұмысын 26 мамыода бастап, 31 тамызда өз баяндамасын ұсынды. Олардың жұмыстарында барлығы бірдей келіскен және ажырап кеткен жерлері де болды. Комиссияның барлық мүшелері бір ауыздан Англия мандатын тоқтату керектігін және Палестинаның тәуелсіздігін жариялау қажеттігін айты. Ал, өтпелі кезең тұсында мемлекеттегі жағдайды БҰҰ-ның бақылауындағы мандатарий реттеп отыру керек (мемлекеттің экономикалық біртұтастығын, діни қасиетті жерлерді қорғау т.б.). 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Асамблеясы арнайы комиссияның “көпшілік жоспарын” басшылыққы алып, 2/3 дауыспен 181/ІІ қарарын қабылдайды. Ол бойынша, Палестинаға Англияның мандаты жойылды, Палестина жері арабтардың және еврейлердің территорияларына бөлініп кетті, Иерусалим және оның маңы ерекше халықаралық режимі бар әкімшілік бірлікке айналды және ол БҰҰ-ның Қамқорлық жөніндегі Кеңесіне берілді.Қарар үшін 33 мемлекет дауыс берді (АҚШ және КСРО-мен қатар), 13 мемлекет қарсы болды, ал 10 мемлекет ешқайсысына да дауысын бермеді (Ұлыбртианиямен қатар). Қарарда: “Палестинаға Англияның мандаты қысқа мерзімде, 1948 жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы керек”,- деп жазылған5. Палестинаны бөлуге қарсы дауыс берген мемлекетер ішінде 6 араб мемлекеттері (Египет, Ирак, Сирия, Ливан, Сауд Аравиясы, Йемен), 5 Азия мемлекеттері (Түркия, Иран, Үндістан, Пакистан, Ауғанстан) және Греция мен Куба болды. Яғни, бұрынғы бүкіл отарлық Азия мен Таяу Шығыс дерлік бұл қарарға қарсы болды. Бұл мемлекеттердің қарсы болуының 3 себебі бар: 1) Олардың саясаты айқын антиколониалдық сипатта болды; 2) Олардың барлығы еврей мемлекетін құруға қарсы болды; 3) Араб және азиялық елдердің қарсы ұсыныстары олардың өскенігін және ондағы халық үшін жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді. 1990 – 2000 жж. басындағы Араб-израиль қарым қатынастары. (1991– 1994 жж. Мадрид бейбіт бастамалары, 1993 ж. Вашингтон декларациясы, 1995ж. Осло-1 және Осло-2, 2003 ж. «Жол картасының» Жоспары,Израильдегі ішкі қайшылықтар және ПБҰ). 1967 ж. араб жерлерін жаулап алған еврейлерге қарсы жасалған 1987 ж. бірінші интифададан кейін, араб-израиль қатынастары мүлдем нашарлады. Оны ұлы державалар (АҚШ, КСРО) реттеуге ұмтылып, 1991 ж. Мадрид конференциясын өткізді. Оған тағы да себептер – Ирактың Кувейтті оккупациялауы және АҚШ-тың Кувейтті босату үшін Буря в пустыне операциясын жүргізуі, ООП-ның әлсіреуі болып табылады. Яғни американдық бейбіт миссияға жол ашылды. Қатысушылары: Израиль, Палестина, Араб елдері Бұл конференцияны АҚШ пен КСРО-ның бірге бастауының себептері: ü АҚШ-тың саяси бағытының өзгеруі (билікке Джордж Буш Герберт Уокер келді) ü КСРО-ның демократизациясы; ü КСРО-ның аймақтық саясатының өзгеруі; ü Интифада; ü Аймаққа қарудың жеткізілуінің жиілеуі. Мақсаты: ü Уақытша реттеу келісімдеріне бір жыл ішінде қол жеткізу; ü 242, 338 резолюциялардың негізінде тұрақты реттеу келісіміне қол жеткізу; Араб елдерінің конференциядағы позициясы: ü Батыс жағалау, Газа секторы, Шығыс Иерусалим құрамына кіретін тәуелсіз палестин мемлекетін құру; ü Оккупацияланған территориялардың өзін басқаруына тек мына шарттармен келісті: егер ол жердегі су, жер және заң актілері олардың билігінде қалса. ü Палестин мемлекетін құрған соң, Иорданиямен конфедерация құру; ü 2,5 миллион палестин қашқындарын қайтару; ü Израильдің жағынан мына әрекеттерді күтті: 10 000 палестиндық саяси тұтқындарды қайтару, оккупацияланған территорияларды палестиндықтардың еркін қоныс аударуына рұқсат беру, палестиналық қалалардың көшелерінен израиль жауынгерлерін шығару; ü Израильдің палестин халқының құқытарын сақтауы; ü БҰҰ 242 резолюциясының Иордан өзенінің батыс жағалауына және Голлан биіктеріне қатысты орындалуы; ü Оккупацияланған территорияларда Израильдің құрылыс жұмыстарын жүргізуді доғаруы; ü Қасиетті Иерусалимнің ерекше статусын мойындау; ü Батыс жағалау мен Газа секторының өзін билеуіне тек бір шартпен келісу: арабтар тұратын қалалардан әскерді шағару; Израильдің позициясы: ü Араб-израиль келіссөздерін екіжақты негізде жүргізу; ü Тәуелсіз палестин мемлекетін құруға және қашқындарды ол жерге қайтаруға қарсы шықты; ü 1967 ж. бері оккупацияланған территорияларды қайтаруға қарсы шықты; ü Иордан өзенінің батысы мен Газа секторында өзін басқаруға мүмкіндік беру, бірақ Иерусалимді Шығыс пен Батысқа бөлуге келіспеу; ü Қаруды бақылау және сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша аймақтық келісімдер жасасу; ü Сирия, Ливан, Иорданияның Израильмен келісімдер жасасып, тең дәрежеде серіктес болуын қалады. ü БҰҰ резолюциясына сәйкес оккупацияланған территориялардан әскерін шығаруға келісімін беру; ü Голлан биіктерін Сирияға тек бір шартпен қайтару: ол жерде еврей тұрғындар мен әскер қалады; ü Батыс жағалау мен Газа секторынан әскерді біртіндеп (тез емес) шығару. Нәтижесі: ü «Территория – бейбітшілікке айырбас» принципінің негізін салды; ü Египеттен бастап араб елдері Израильмен келіссөздер жүргізуге талпынды; ü Екі жақ суды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, қару және қашқындар мәселелерін шешу, экономикалық даму бойынша келіссөздердің басталуына түрткі болды; ü АҚШ Таяу Шығыс мәселесін шешуде басты жаққа айналды. Осло-1. 1993 ж. Норвегияның бастамасымен Израиль мен Палестинаның арасында құпия келісімдер басталды. Бұл келіссөздерге АҚШ пен Европалық Одақтың қолдауымен қол қойылды. Келіссөздер Принциптер туралы Вашингтон декларациясына 1993 ж. қол қоюмен аяқталды. Ол декларацияда қарастырылған негізгі мәселелер: ü 5 жылға Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторына өзін билеуді енгізу; ü Израильдің күштерін Газа секторы мен Батыс жағалаудан шығару және ол жерде Уақытша Палестиндік өзін басқару әкімшілігін құру; ü Бір-бірін мойындау; ü Келіссөздерді ертерек бастау, Иерусалим мәселесін шешу; ü Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, салық салу, туризмді Израильдің армиясының қарамағынан Палестиндық билеушілерге тапсыру; ü Бірікке комиссия құру. 1994 ж. Газа-Иерихон келісіміне қол қойылды. Ол бойынша осыған дейін жасалған келіссөздердің жоспарын және Палестина Автономиясын құру мәселелері шешілді. Осло-2 1995 ж. израиль-араб қатынастарының мүлдем нашарлауына байланысты (Израиль Иерусалимнің арабтық бөлігіндегі 53 гектар жерді және басқа жерлердегі 120 гектар жерді басып алды). Соны реттеу үшін Ослода келіссөздердің екінші кехеңі басталды. Оған Ицхак Рабин мен Ясир Арафат қол қойды. Куәгерлер: РФ, АҚШ, Египет, Иордания, Норвегия, ЕО. Онда қарастырылған мәселелер: ü Израиль әскерлерін дислокациялау; ü Иудеи, Самария, Газа секторын А,В,С зоналарына әскери бақылауы, әкімшілік басқаруы бойынша бөлу; ü Батыс жағалау мен Газа секторында өзінің әкімшілік басқару жүйесін құру; ü Батыс жағалау мен Газа секторын 18 тәулік ішінде Палестина кеңесінің құрамына беру; ü Бір-біріне агрессия көрсетпеу және ортақ комитет құру (еврейлер мен арабтардың саны тең); ü Хевронада өтпелі кезеңге қала халқын қорғау үшін Израиль әскерлерінің бір бөлігін қалдыру (Ал Палестина әскерінің 85%-ы қалды); Алайда келіссөздерге тек еуропалықтар мен американдықтар қуанышты болды. Палестиндықтар оған көңілдері толмады, себебі еурей әскерлерінің оккупацияланған жерлерден шығарылуы өте ақырын жүргізіледі. Израильдықтар Палестинаның бұйрықтарын орындағысы келмеді. Сол жылы Тель-Авивте Ицхак Рабин (Израильдің премьер-министрі) өлтірілді. Бұл Израиль халқы үшін өте ауыр өзгеріс еді. Лидерінен айырылған Авода партиясы енді артқа ысырылып, Ликуданың билігі орнады. Билікке уақытша Шимон Перес келіп, елде антиарабтық, экстремистік тенденциялар байқала бастады. Бірақ, соғани қарамастан, Вифлеем, Дженин, Калькилия, Наблус, Тулькарм, Рамаллах сияқты қалалардын Израиль әскерлері шығарылды. 1996 ж. Арафат Палестина Автономиясының лидері болып сайланды. Бұл экстремистік ХАМАСтың жеңілгендігін, яғни Израиль мен Палестинаның қатынастарында жаңа кезеңді бастады. 2000 ж. екінші интифадаға (Ариэль Шаронның Иерусалимдегі Храмдар Тауына баруына байланысты басталып, сол жердегі мешіттің атымен Аль-Акса деп аталып кетті) байланысты, 2003 Джордж Буш Таяу Шығыс мәселесін реттеу үшін Жол Картасы жоспарын ұсынды. Оған қатысқандар төрттік өкілдері: АҚШ (Колин Пауэл), Ресей (Лавров), ЕО (Хавьер Солана, Крис Паттен), БҰҰ (Кофи Аннан). Жоспардың жасалу себебі: ü Екінші интифада; ü Билікке Шаронның келуі (аггрессивті саясат); ü Аймақтың илсамизациясы; ü Израильдің «Защитная стена» операциясы; ü Израиль Батыс жағалауды басып алды. Мақсаты: ü 2005 ж. қарай араб-израиль мәселесін реттеу; ü Сол үшін терроризмді жою; ü Демократияны орнату; ü Шекарасы үзілмейтін Палестин мемлекетін құру. Жол Картасын үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланды: 1. Террорды жою, палестиндықтардың өмірін жөндеу, палестиналық институттарды құру (екі мемлекет татуласып, Израиль Палестинаға көмектесіп, 2000 ж. 28 қыркүйектен кейін Палестина жерінен әскерін шығарады); 2. Конституция негізінде егеменді Палестина мемлекетін құру; 3. Конфликтінің аяқталуы, қауіпсіздік үшін реформалардың жалғасуы. Квартеттің талаптары: ü Израиль, Палестина жоспар бойынша міндеттерін орындауы керек; ü ХАМАС, Ислам джихады, Аль-Акса топтарының терактілерін сынға алды; ü Террористерге көмектеспеу, пана бермеу; ü Израиль өзін терактілерден қорғау үшін барлық шараларды жасау алады; ü Израиль мен Палестина мемлекеттерін құру; ü Израиль Палестинаға шектеу қоймай, сыйлауы керек; ü Палестина террорды тоқтатуы керек; ü Кез келген мәселе 242, 338, 1397, 1515 резолюцияларға сәйкес шешілуі керек. Нәтижесі: ü Шарон араб жеріндегі Израиль қоныстарын демонтаждауға келісті. Бұл 1967 ж. бері Израильге бағынышты территориялардың «оккупацияланған территория» екендігін сойындатқызды. ü Жоспарда Иерусалим туралы айтылмағандықтан, оған арабтардың қол қоюы Иерусалимнің бөлігін өздерінің астанасы ету туралы талаптарынан бас тартқандығын білдірді. Қолдағандар: Египет, Иордания Қарсы шыққандар: Израильдің оңшыл партиялары, ХАМАС. Алайда, ФАТХ лидері Арафат қайтыс болған соң, билікке ХАМАС келіп, Израильге қарсы эксттемистік тенденциялар кеңінен етек жайды. Ендігі кезекте бейбіт процестерге Ресей араласа бастады. 2. Кувейттік дағдарыс және шығанақтағы соғыс (Құмдағы дауыл операциясы) Құмдағы дауыл операциясы (17 қаңтар- 28 ақпан 1991ж) 1990-1991 жж Парсы шығанағындағы соғыстың бөлігі, Кувейтті азат ету және Ирак әскерін талқандау бойынша көпұлтты күштердің операциясы. Алғышарттары 1988 жылы Иранмен соғыстан кейін Ирак президенті Саддам Хусейн күрделі экономикалық проблемаға ұшырады- ол соғыс кезінде жиналған қарыздарды тез арада Сауд Аравиясы мен Кувейтке қайтару керек болды. Бұл мәселені Саддам радикалды жолмен шешпекші болды. 1990 жылы 18 шілдеде Ирак Кувейтті 1980 жылдан бері Иракпен шекаралас Румейла жерінен мұнайды келісімдегіден артық өндірді және Ирактық ұңғымадан (скважина) бензин ұрлайды деп айып тағып, Кувейттен 2,4 млрд доллар өтемақы төлеуін, Барба және Бубиян стратегиялық аралдарынан шегінуін немесе Иракқа арендеға беруін, иран-ирак соғысы кезіндегі 10млрд доллар қарыздарын өшіруін талап етеді. Кувейт бас тартты. · 1990 жылы 2тамызда ирак әскерилері Кувейтке басып кірді. БҰҰ Иракқа қарсы операциялар ұйымдастырды. · 1990 жылы 19 тамызда Хусейн Ирак және Кувейт территориясындағы шетел азаматтарын (25 мың еуропалықтар мен американдықтар) тұтқындар деп жариялап, Иракқа қарсы әскери әрекеттер қолданылған жағдайда олар «тірі қақпа» ретінде пайдаланылатынын жария етеді. · 29 қарашада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 678 резолюциясын қабылдайды, ол Кувейтті азат ету үшін әскери күштерді қолдану туралы санкция. Иракқа ультиматум жаряланды, ол бойынша Ирак әскерлері 15 қаңтарға дейін Кувейттен шығарылуы тиіс болатын, бірақ Хусейн бас тартты. · Хусейн Кувейтті Ирактың 19шы провинциясы деп жариялап, ешқандай келіссөздерге көндікпей, тіпті химиялық қару пайдалану туралы қоқан лоқы жасаған соң 1991 жылы 17 қаңтарда операция басталды. Жоспар бойынша оны 2 сатыда жүргізу керек еді: 1. Әуеде- әуедегі басшы рөлін иелену, Ирак және Кувейт территориясындағы негізгі объектілер мен әскерлерге соққы беру, әуе шабуылына қарсы қорғаныш жүйесін жаншу.ирак әскерлерінің оңтүстік топтарына мүмкіндігінше максималды зақым келтіру. 2. Әуе, жер, құрлық және теңіз әскерлері Кувейт және Ирактың оңт. Ирак қарулы күштерін жан-жақты қоршап жою. Операция 42 күн жалғасты (жерүсті әскери әрекеттер – 100 сағат) и ирак әскерлерінің жеңілуімен аяқталды. Только убитыми Ирак потерял более 100 тыс. человек. Потери многонациональных сил составили 223 человек (из них 146 американцев). · 1991 жыл 25 ақпанда ирак ұкіметі Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясын мойындады · 28 ақпан Бағдатқа шабуылдаған ұлтаралық күштер әскери әрекеттерін тоқтатты · Кувейт босатылды · Саддам Хусейн режимі сақталды, бірақ мүмкіндіктері шектелді. Өйткені Иракқа қарсы экономикалық санкциялар сақталды, АҚШ Хусейнге қарсы ирактық курдтармен одақтасты · Иракта курдтардың автономды территориясы болды және ол жақта ирак әуе транспорттарының ұшуына тыйым салынды. · Парсы шығанағындағы соғыстың нәтижесінде АҚШ Таяу Шығыста доминион болды. 3. Қазіргі халықаралық қатынастардағы Орта Шығыс орны (Ауғанстан мәселесі) Ауғанстан мәселесін Женевалық ретке келтіру 5 құжатты қамтыды: · «Өзара қарым-қатынас, араласпау және интервенциядан бас тарту жөнінде Ауғанстан Республикасы мен Исламдық Пәкістан Республикасы арасындағы екіжақты келісім»"; · «Қашқындардың еркін оралуы туралы Ауғанстан Республикасы мен Исламдық Пәкістан Республикасы арасындағы екіжақты келісім»; · «Халықаралық кепілдіктер туралы Декларация»; · «Ауғанстанға қатысты жағдайды реттеу үшін өзара байланыс туралы келісім»; · «Өзара түсінушілік Меморандумы » Алғашқы екеуіне Ауғанстан мен Пәкістан қол қойды. Бұл келісімдер бойынша Пәкістан Ауғанстанның ішкі істеріне араласуды тоқтатуға міндеттенді, ал Ауғанстан Үкіметі Пәкістанда жасырынған қашқындардың легалды түрде қайта оралуына рұқсат берді. Территориалды мәселе бұл келісімдерде қарастырылған жоқ. Үшінші мен төртінші құжатта АҚШ пен КСРО жасалған Женева келісімдерінің орындалуының кепілдігін өз мойнына алды. КСРО ауған территориясынан өз әскерлерін шығаруға келісті, ал АҚШ КСРО әскерлері континенттен шығарылғаннан кейін бұл аймаққа араласпауды уәде етті. Бесінші құжат өзара түсінудің төртжақты меморандумы түрінде көрініс тапты. Онда бес құжат біріккен комплексті құрып, орындалуды міндетті түрде қажет ететіні айтылған. Келісім бойынша КСРО 1988 жылдың 15 мамырынан бастап өз әскерін шығаруы тиіс, 9 айлық мерзімде. КСРО-ның әскер шығаруы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі 1988 ж. 15 тамызға дейін созылды. Тоқтатылу себебі: Пәкістанның келісім шарттарын орындамауы. КСРО әскерлерін Ауғанстаннан шығару басталысымен, Пәкістан Ауғанстан істеріне араласа бастады. Шекара арқылы опозициялық күштердің әскери отрядтары, қару партиялары ағыла бастады. Сонымен қатар, Пәкістан үкіметінің қолдауымен Пешаварда «өтпелі ауған үкіметі» құрылды. Бұл әрекеттер екіжақты келісім шарттарын бұзды. Дегенмен де КСРО әскерлері 1988 ж. 15 қаңтарынан 1988 ж. 15 ақпанына дейін толығымен шығарылды. Наджибулла үкіметінің жағдайы нашарлады. 1989-1991 жж. Тек КСРО-ның әскери және экон. көмегі арқылы сақталынып қалды. 1992 ж- оппозиция күштері Кабулға шабуыл жасап, Ауғанстан Ислам Мемлекеті деп жарияланды. 4. Қазіргі халықаралық қатынастардағы Орта Шығыс орны (Иран мәселесі) Иран-ирак соғысы Иран Ирак соғысы 1980-1988 ж болды. 1980 жылдардан бұрын Иран өз мұнайын ұлттандыру үшін АҚШ-қа қарсы бірнеше көтерілістер жасады (мұнай ТНК қуды). АҚШ Иранннан жеңіліп, Иранның мұнайын ұлттандыруға келісті. Ирак жағынан Саддам Хуссейн Хоймениге қарсы агрессиясын 1980 жылы бастады. Иран 8 жыл бойы Иракпен күресіп, 1988 жылы БҰҰ-ның 598-ші Резолюциясына (оқ тоқтатуға) келісуге көнді: Иракқа АҚШ, ССАГПЗ (Парсы шығананғының араб елдері), Батыс Еуропасы Саддма Хуссейнге әскери көмек беріп отырды, Иран бұл күресте жеңіске жете алмайтынын түсінді 5. Қазіргі халықаралық қатынастардағы Латын Америкасы орны (аймақтық экономикалық институционалдық құрылымдар) 1990 жылы АҚШ сырт саясатында «Инициатива для Америк» жоспарын қабылдады: КАРИКОМ, СЦАИ, МЕРКОСУР, НАФТА шеңберінде ынтымақтастық орнату. Ондағы мәселелер: арзан жұмыс күші, мигранттар (испан тілді азаматтардың АҚШ-та көп болуы), наркотрафик. Анд қауымдастығы 1969 ж. 26 мамыр. Қол қойған елдер: Боливия, Колумбия, Перу, Чили(1976 ж. шықты), Эквадор. 1973ж –Венесуэла кірді, 2001 ж шықты. Картахен келісіміне қол қойылды. Келісім бойынша он жыл ішінде кеден одағы сияқты Анд тобы құрылады. Жоғары органы- Картахен келісімінің комиссиясы-ықпалдастықтың негізгі бағыттарын анықтайды, кеден саясаты мен экономикалық дамудың координациясы бойынша бағдарламаларды бекітеді. Орналасуы-Лима, Перу Картахен келісімінің қарастыратыны: · ортақ нарық құру; · өндірістік сала мен инфрақұрылымның біріккен даму бағдарламалары арқылы шетел капиталға қатысты келіслген экономикалық саясат жүргізу; · ішкі және сыртқы қаржы ресурстарының мобилизациясы; · одақтың дамуы артта қалған мүшелері- Боливия мен Эквадорға арнайы льгота жасау. Анд тобының негізгі бағыттары: · біріккен экономикалық саясат жасап шығару; · заңшығарудың гармонизациясы:Анд тобы шеңберінде құрылған құқықтық нормаларды бақылау; · Анд тобының аймақтары мен органдары арасында тығыз қарым-қатынастар орнату. Анд пакті дамушы мемл-дің интеграциясы тарихында ерекше танымалдыққа ие болды. Ол тұтас топтың шеңберінде шетел монополиялардың ықпалын шектеуге тырысты. Бұл шаралар одақтың алғашқы жылдарында жүзеге асырыла бастады. Басты шара- «Шетел капиталы, сауда маркалары, патенттері, лицензияларына қатысты ортақ режим», ол трансұлттық корпорациялардың қызметіне бақылау орнатуға бағытталды. Осының салдарынан шетел өнеркәсіптері ұлттық не араласқа айналдырды. КАРИКОМ- Кариб қоғамдастығы мен ортақ нарық- 1973 ж. 4 шілдеде құрылды. Қол қойған елдер: Ұлыбританияның бұрынғы колониялары-Барбадос, Гайана, Ямайка, Тринидад, Тобаго. Чагуарамаста жасалды, сол себепті Чагуарамас келісімі негізінде жасалған ұйым. КАРИКОМ 1968 жылы құрылған еркін сауданың Кариб ассоциациясын алмастырды. Кейін келісімге келесі ағылшын тілдес Кариб бассейні елдері қосылды: Антигуа мен Барбуда, Белиз, Доминика, Монтсеррат, Сент-Винсент пен Гренадины, Сент-Киттс пен Невис, Сент-Люсия. Багам аралдары ұйымның саяси бөлігіне- Кариб қоғамдастығына кіреді, ал экономикалық одақ –Ортақ нарыққа кірмейді. Орналасуы- Джорджтаун (Гайана) 1995 ж.- ағылшын тілдес емес алғашқы мемлекет –Суринам келісімге қосылды. Жаңа қоғамдастық кариб елдерінің экономикалық және саяси қызметін координациялау үшін құрылды. Ұйым міндеттеріне сонымен қатар біріккен сауда мен өнеркәсіптік саясат және артта қалған мүше елдерге техникалық және қаржылай көмек көрсету кірді. Қоғамдастық шеңберінде сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым мен техникағ салық салу салаларында ынтымақтастық орнатылды. МЕРКОСУР. Фолкленд соғысы кезінде АҚШ-тың көмегінен үміт үзген оүтүстік америкалық елдер аймақтық негізде біріге бестады. 1986 ж- Латын Америкасының екі ірі экономикалық державалар- Аргентина мен Бразилия экономикалық ынтамақтастықтың біріккен даму жобасын жасап, өзге елдерге ашық деп жариялады. Екі ел арасындағы буферлік мемл-тер- Уругвай мен Парагвай көп ұзамай келісімге қосылды. 1991 ж. Наурызда – «Асунсьон келісімі» - Асунсьонда кеден одағы мен ортақ нарық МЕРКОСУР-дың құрылғаны туралы төртжақты келісім жасалды. Сол жылдан бастап, күрделі дайындық жұмысы жүргізілді. 1994 ж.- Асунсьон келісіміне толықтыру ретінде тағы келісім жасалды. 1995 ж.- келісім күшіне еніп, блоктың сыртқы шекараларында ортақ кедендік тарифтер енгізілді. Ұйым беделі өсіп, 1996 ж. ассоциацияланған мүше ретінде Боливия , 2000 ж.- Чили қосылды. 2006 ж. – Ұйымға Венесуэла кірді. 6. Латын Америкасы елдерінің территориалдық шиеленістері |