МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Есту анализаторын тексеру.





І ТАРАУ

НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР

1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу

Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымы мен атқаратын қызметін білмейінше нерв ауруларының диагнозын анықтау мүмкін емес. Демек, неврология мамандығын игеруге талаптанушылар ең алдымен нерв жүйесінін, атқаратын қызметін және осы қызметтің орындалуына ықпалын тигізетін анатомиялық құрылымдар туралы деректерді дұрыс ұғына отырып, оны диагностика процесінде толығынан пайдалануы қажет.

Анатомияның сипаттамалық принципі негізінде нерв жүйесі сыртқы және орталық нерв жүйелері болып екіге бөлінеді.

Сыртқы нерв жүйесіне жұлын түйіндері мен түбіршіктері, өрімдер, жұлын, бас-ми және вегетативтік нервтер, соматикалық және вегетативтік нервтер түйіндері жатады.

Жұлын нервтері қимылдатқыш талшықтардан тұратын алдыңғы түбіршіктер (3) мен құрамында тек қана сезім қабылдағыш талшықтары бар артқы түбіршіктердің (1) бірігуі арқылы қалыптасады. Әрбір жұлын нерві алдыңғы (7) және артқы (6) тармақтары арқылы екіге бөлінеді. Алдыңғы тармақтар (r.r.ventralis) дене мүшелерінің алдыңғы жағына, иық аймағына, қол мен аяққа тарайды. Артқы тармақтар (r.r. ventralis) омыртқа бағанасы бұлшық еттерін, арқа мен мойын тұсын нервтендіреді.

Жұлын нервісінің вегетативтік талшықтары С УІІІ-ЫІ сегмент-теріндегі жұлынның бүйір мүйіздеріне (8) орналасқан симпатикалық орталықтағы мультиполярлы клеткалардың тармақтарын біріктіреді. Соңынан одан ақ түсті біріктірілген бұтақтар немесе постганглионарлы талшықтар (9) арқылы симпатикалық бағана түйіндерімен (II) жалғасады.

І-ІУ мойын жұлын нервтерінің алдыңғы бұтақтары арқылы мойын өрімі пайда болады. Аталған өрімнен көптеген сездіргіш және қимылдатушы бұтақтар шығады. Мойын өрімінің ең ұзын тармағы – көк етті нервтендіретін диафрагма нерві (1). У-ҮПІ мойын және I кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары қолдың бұлшық еттері мен терісін, кеуде мен арқа бұлшық еттерін нервтендіретін иық өрімін (2) калыптастырады. Иық өріміндегі ең үлкен нервтер — қолтық нерві (4), бұлшық-тері нерві (5), ортанғы нерв (7), кәрі жілік нерві (6) және шынтақ нерві (8). Аталған нервтердің бәрі де қоспа нервтер.

Қабырғалар арасы бұлшық еттері мен терісін, плевра мен диафрагманы нервтендіретін он екі кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары — қабырғааралық нервтер (3) өрімдер құрастырмайды.

І-ІУ бел және XII кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары арқылы бел өрімі - (9) пайда болады. Ол үлкен бел бұлшық етінің бойлай орналасқан құрсақ (іш) және жартылай аяқ бұлшық еттерін нервтендіреді. Бел өрімнің ең ірі тармағы - жая сан нерві тізені создыратын санның алдыңғы бұлшық еттер тобын нервтендіреді.



Жартылай IV бел, V бел және сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтары кіші (төменгі) жамбас қуысында сегізкөз өрімін - (10) құрастырады. Оның тармақтары бөксе мен кіші жамбас қуысы, санды ішкі жаққа қозғайтын, сирақ пен аяқ ұшын қимылдататын бұлшық еттерді нервтендіреді. Сегізкөз өрімінің ең ұзын нерві, санның артындағы шонданай нерві - (12). Тақым шұңқыры тұсында аталған нерв екіге бөлінеді: оның біріншісі сирақтың бүйірі мен алдыңғы жағын нервтендіретін кіші жіліншік нерві -(13), екіншісі - сирақтың артқы жағы мен аяқ ұшын нервтендіретін үлкен жіліншік нерві - (14).

Сегізкөз (жая) бен құйымшақ нервтерінің алдыңғы тармақтары кіші жамбас қуысына орналасқан жыныстық және құйымшақ өрімдерін (II) қалыптастырады. Олар кіші жамбас қуысындағы ағзалар мен бұтарасы терісін нерв-тендіреді.

Орталық нерв жүйесінежұлын мен ми кіреді.

Жұлын өзінен жоғары орналасқан бас миын сыртқы сезім мен қимыл аппараттар арақатынасын ұштастыратын орталық нерв жүйесінің бөлімі Ол организмде іс-әрекет (рефлекстік) және қабылданған сыртқы дүние әсерлеріне жетекшілік (өткізгіш) міндетін атқарады.

Жұлынның рефлекстік қызметі сезгіш нервтер қабылдайтын импульстерді қимыл әрекетіне айналдырады. Ол сұр заттардан тұратын сегмент орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Жұлынның артқы мүйізіне (6) омыртқааралық түйіндер клеткаларының орталық бұтақтары - артқы түбіршіктері (5) кіреді, ал алдыңғы: мүйізі (7) қимылдатқыш түбіршіктер арқылы жалғасады. Мәселен, теріде сыртқы әсерлерге өздігінен жауап бере алатын соңғы нерв жалғастары бар.

Байқаусызда саусағыңызға үшкір немесе ыстық бір нәрсе тиіп кетсе ауырсыну сезімі жұлын түйіндеріндегі (II) сезгіш клеткалардың бұтақтары жұлынның алдыңғы мүйізіндегі (10) қимылдатқыш клеткалармен байланысатын нерв жолдары (14) арқылы синапсистік түйісу жасайды да жұлынға (1) ауысады.

Түбіршектері мен нервтер санына сәйкес жұлында 31-32 сегмент бар. Олар: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 (кейде 2) құйымшақ сегменттері.

Жұлынның орташа кесе-көлденең ені 1 см, ол екі жерінде шорланады. Біріншісі - Ү-УІІІ мойын және І-ІІкеуде сегменттерінен тұратын мойын буылтығы, ал екіншісі - 5 бел және жоғарғы сегізкөз сегменттері арқылы пайда болатын бел буылтығы.

Ересек адамның жұлыны омыртқа бағанасынан әлдеқайда қысқа. Жұлын сегменттері мен омыртқалар проекциясы біріне-бірі сәйкеспейді (4). Жұлын түбіршікгері омыртқа өзегіндегі тиісті омыртқааралық тесікке жету үшін кеуде, әсіресе бел және сегізкөз сегменттері тұсында ат қүйрығы (саисіа еяиіпа) тәрізді тігінен төмен түседі. Осыған орай, жұлын сегменттері мойын бөлігінде бір, жоғарғы кеуде тұсында екі, төменгі кеуде белігінде үш омыртқа жоғары жалғасады. Ат құйрығы II бел омыртқа арқылы төмен қарай түседі.

Жұлынның, өткізгіштік қызметі оның сұр затының сыртына орналасқан ақ зат бөлігі арқылы орындалады Ақ зат талшықтарының тікелей катысуымен сырттан қабылданған сезгіш импульстер миға қарай өтіп (1-4, 8), онда пайда болатын- қозғалтқыш (қимылдатқыш) импульстерді бұлшық еттерге жеткізеді (5, 6, 9-12). Бас миына қарай бағытталған импульстерді өткізетін талшықтарды орталыққа таратқыш немесе афферентті (жұлынның жоғары бағытталған өткізгіштері немесе орталық сезгіш неврон) талшықтар деп атайды. Бас миынан жұлын арқылы бұлшық еттерге импульстер өткізетін талшықтар орталықтан таралатын немесе эфферентті (жұлынның төмен бағытталған өткізгіштері немесе орталық, қимылдатқыш) талшықтар болып саналады.

Жұлынның жоғары қарай созыла келіп жалғасатын тұсы - ми бағанасы. Оның құрамына сопақша ми (1, 24), варолий көпірі (25) және ми сирақшалары мен төрт төмпешікті дене (26) кіреді. Осы тұста жұлын нервтері бас сүйек ми нервтеріне (11-22), ал жұлынның сұр заты бас сүйек-ми нервтерінің сезгіш және қимылдатқыш ядроларына ауысады (ұласады). Мұнда жұлындағыдай барлық өткізгіштер шоғырланған. Олар мидың жоғарғы бөліктерін сыртқы дүниемен байланыстырады. Сонымен ми бағанасы жұлынмен қосыла отырып, сегменттік интеграция деңгейінде рецепторлар арқылы келетін құбылыстарды (сигналдарды) қабылдап және оларды қайта жүйелеп жинақтау (өндеу) арқылы эфференттік импульстер туғызады (жасайды).

Қимыл-әрекеттерінің күрделіленуі мен мейлінше жетілдірілуіне байланысты адамда дене тепе-теңдігі мен бұлшық еттер күш-қуатын рефлекстік үйлестіруші орган - мишық (10, 23) аса жоғары дәрежеде дамыған.Ми бағанасы сұр зат жиналған ми қарыншалары қабырғасында аяқталады да негізгі (тіректік) түйіндер немесе ми қыртысы асты құрылымдар деп аталады Бұлардың құрамына құйрықты ядро ( 4, 5), жасымық тәрізді ядро (6,7), дуал (2),бадам тәрізді және көру төмпешігі (8) кіреді. Ми қыртысы асты құрылымдарына сегменттер деңгейінде өңделіп реттелген мағлұматтар жетеді. Біріне-бірі тәуелсіз бірнеше афферентті арналар мен ми қыртысы 6- сурет. Ми құрылымы, 1- сопақша ми; 2- самай бөлімі; 3- бүйірлік сала; 4- ми жартышары; 5- маңдай бөлімі; 6- орталық жыра (сала); 7- төбе бөлімі; 8-9- 10- мишық; 11- иіс даңғылы (жолы); 12- көру нерві; 13- көз қозғағыш (қимылдатқыш) нерв; 14- шығыр нерв; 15- үшкіл нерв; 6- әкеткіш нерв; 17 — бет нерві; 18- есту нерві; 19- тіл жұткыншақ нерві; 20-21- тіласты нерві; 22- қосымша нерв; 23- мишық; 24- сопақша ми; 25- көпір, 26- ми сирақшалары

(аяқшалары); 27- көру даңғылы (жолы); 28- көру нервтерінің қиылысуы; 29- үлкен мидың оң жақ жарты шары; 30- ұзына бойлаған саңылау; 31- мидың сол жақ жарты шары асты эфференттік жүйе болуы арқасында бұл деңгейде аса маңызды информациялар іріктеліп, үлкен ми жарты шары қабыршағында (қыртысында) қабылдануға даярланады. Тік бағыттағы орталык өзектің саңылау тесікке ұқсас үшінші қарынша тұсында орталық нерв жүйесі симметриялы екі бөлімге бөлініп, мидың жарты шарлары пайда болады. Үлкен ми шарлары сүйел денені құрастыратын комиссура талшықтарымен бірігіп, ұзына бойлаған саңылау арқылы бөлінеді.. Сүйел дене талшықтары жан-жаққа таралып, шашыранды сәулелер (1) пайда болады. Олар мидың самай ұштары мен оған жақын орналасқан самай бөліктерінің салаларынан басқа, ми жарты шарларының барлық бөліктерін бір-бірімен байланыстырады. Мидың самай ұшы мен оған көршілес самай бөліктерінің салаларын алдыңғы дәнексрлік байланыс жалғастырады. Сүйел дененің жоғарғы сырт жағы сұр затпен жамылған. Ми жарты шарларының тереңірек орналасқан бөлшектері ақ дақ қоспасымен, яғни ми қыртысы аймақтарын бір-бірімен және нерв жүйесінің төменірек орналасқан бәлшектерімен байланыстыратын талшықтар тобымен құрастырылган. Тікелей сегмент аппаратымен байланысқан ми қыртыс аймағы проекциялық, ал байланыспаған аймағы ассоциативтік деп аталады. Проекциялық талшықтар арқылы жоғарыдан төмен, сондай-ақ төменнен жоғары қарай, ми жарты шары қыртысы өзінің астыңғы жағындағы бөлімдерімен және жұлынға дейінгі барлық орталық нерв жүйесі кұрылымдарымен байланысады. Проекциялык талшықтардың жиынтығы ми қыртысына таяу сәулелі шеңбер ал одан төменірек олардың негізгі бөлімі ішкі капсулаға жиналады.

Ассоциативтік талшықтар ми қыртысы бөліндерін бірімен-бірін байланыстырады. Ми қыртысына бағытталған импульстар алдымен ми қыртысы дроекциялық зоналарына келеді. Мұнда төменгі интеграция деңгейінде бүкіл рецепторлық зоналардан қабылданып сұрыпталған информация кескіні айқындалады. Осы информацияны саралау және топтастыру ми қыртысы гностикалық орталықтарында жүзеге асырылады. Сонымен қабылданған сигналдар салыстырыла отырып танылады. Барлық гностикалық орталықтардын өзара үйлесімді қызметі негізінде қоршаған орта туралы объективті мағлұмат туады (жасалады). Саралау нәтижесінде қозғалыс жүйелерінің дәл сол сәтке лайық жағдайында іс-әрекет жоспары ойластырылып шешім қалыптасады (қабылданады).

Праксис (мақсатқа сәйкес қимылдар) орталықтары қалыптасқан автоматизмді қоршаған ортаның жағдайына қарай іріктеп, әрі ретімен іске қоса отырып, қимыл-әрекет жоспарын жүзеге асырады. Праксис орталықтары қимыл (қозғалыс) әрекеттерін басқарудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Сол себепті төменгі интегративтік деңгейдегі бүкіл (барлық) эфференттік жүйелердің жұмыс ырғағы мен белсенділігі төмен қарай бағытталған (эфференттік) ми қыртысы ықпалына байланысты.

Нерв жүйесінің тұтастай қалыпты қызмет кезінде эфференттік сигналдар ми қыртысы проекциялық қозғалыс аймағын, қыртыс-тасты құрылымдарды, мишықты, сегменттік қимыл аппаратын бойлап, әрқайсысында жүйелі түрде сұрыпталып, төменгі атқарушы органдарға беріледі. Егерде ми қыртысы өзінен төменгі интегративтік деңгейге әсер ететін ықпалынан айрылса, соңғысы дербес қызмет тәртібіне көшеді де өзінің афференттік сигналдарын эфференттік жүйелерге таратады. Міне, жоғарғы нерв орталықтары зақымданған кезде олардан төменгі жүйелер ми қыртысы арқылы тиісті тежелуден айырылады да, автоматты режимге ауысады. Осыған байланысты еріксіз қимыл-әрекеттер пайда болады.

Әрине, жоғарыда айтылған деректердсн нерв жүйесінің билігі тек ми қыртысына байланысты деген ұғым тумауға тиіс. Өйткені орталық нерв жүйесінің, оның ішінде ми қыртысының қызмет белсенділігі афференттік импульстер арқылы үнемі реттеліп турады. Бұл құбылыс мидағы өзіндік ерекшелігі жоқ құрылымдарға (гипоталамус, торлы формация жоне мидың лимбиялық құрылымдары), оның ішінде әсіресе торлы формацияның қызметіне байланысты.

Торлы формация өзінің қосалқы жолдары (жанамалары) арқылы барлық арнайы бағыттағы афференттік өткізгіштермен байланысады. Қазіргі заманғы деректерге сүйенетін болсақ, торлы формация ерекше энергетикалық коллектор болып есептеледі.

Ми қызметін үйлестіруде торлы формацияда жоғары немесе төмен бағытталатын тежегіш (жеңілдеткіш) ықпалдар шығады (алынады), шектеледі. Осының нәтижесінде адамның назары бір мақсатқа арналады да тиісті іс-әрекеттер нысаналы түрде іске қосылады.

1.2. Нерв жүйесінің элементтері

Нерв тканін гистологиялык зерттеу нәтижесінде. нерв немесе нерв түйіндері клеткалары, нерв талшықтары және нейроглия тәрізді құрылымдармен танысамыз.

Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі невронарқылы бірігеді (үйлеседі). Неврон дегеніміз нерв клеткалары мен олардың тармақтары.

Нерв клеткалары ми мен жұлынның сұр заттарында, бас сүйек-ми және жұлын нервтерінің түйіндерінде, сондай-ақ вегетативтік нерв жүйесінде болады. Нерв жүйесінің қызметі нерв клеткаларының көптеген нерв клеткаларынан импульстерді қабылдап, оларды басқа клеткаларға жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Нерв клеткалары өздерінің тіршілігіне қажетті заттарды (медиаторларды, липидтерді, белоктарды және углеводтарды) синтез жасайды.

Аса жоғары қарқынды зат алмасу барлық нерв клеткаларына тән қасиет. Өйткені олар оттегі мен глюкозаның, сондай-ақ басқа да қорекгік заттардың жеткілікті болуын қалайды.

Нерв клеткасында, басқа да соматикалық клеткаға тән денесі, ядросы (1), Гольджи орталық аппараты (10) және клеткалық кірмелер (11) болады. Бүған қоса оның өзіне ғана тән құрамдас бөліктері бар. Олар — жолбарыс тәрізді (тарғыл) Ниссль заты (5) және нейрофибриллдер. Ниссель субстанциясы (5) өзін алғаш ашқан ғалымның атына Ниссель заты деп аталатын нерв клеткасы цитоплазмасындағы базофильді заттың жиынтығы. Олар беті түбірткіштермен қап-талған түтік тәрізді жіңішке заттардан түзіледі (тұрады). Бұл түтіктер - рибонуклеин қышқылының белокпен қосындысы (РНК-Б). Оның құрамында темір мен фосфор бар.Ниссель тарғыл заты нерв клеткасының денесі мен дендриттерінде ( 4) болады. Ал аксонда (14) және оның денеден шығатын тұсында тарғыл зат болмайды.

Ниссель заты нерв клеткасына қажетті энергетикалық қор болып табылады. Аталған қор нерв клеткалары өз қызметін атқару ксзінде шығындалады да, олар тынышталған кезде толығып отырады. Ниссель заты зиянды әсерлерге аса ссзімтал. Сондықтан ол қолай-сыз жағдайларда ұсақ үйінділер тәрізденіп ыдырайды. Бұл қолайлы жағдайда қалпына келетін хроматолиз немесе тигролиз деп ата-латын процесс. Нейрофибрилдер (13) - клетка денесі мен оның тармақтарындағы аса жіңішке талшықтар. Нейрофибрилдер клетка денесінде торлана орналасады, ал тармақтарында жарыса шоғырланып етеді. Олар нерв импульстерін өткізуге ықпал жасайды.

Нерв клеткалары тіршілік әрекетіне байланысты оның құрамында сары-қышқыл липофусцин деп аталатын пигмент (9) пайда болады. Жас адамдардың нерв клеткаларында липофусцин аз, ересектерде ол көбірек болады.

Кейбір нерв клеткаларының құрамында меланин тәріздес заттан тұратын немесе қара-қошқыл пигмент те болады. Мұндай клеткалар қара затта көбірек, ал кезбе нервінің артқы ядросында және жұлын мен симпатикалық түйіндер орталықтарында аз мөлшерде кездеседі.

Гистохимиялық зерттсу арқылы нерв клеткаларының құрамында оксидаза және пероксидаза ферменттері көп болатындығы анықталды. Бұл ферменттер нерв клеткаларында тотықтыра қалпына келтіру процестерін және холинэстеразаны клетка денесімен тармақтары бойында реттеп отырады.

Нерв клеткаларының цитоплазмасында қышқыл фосфатазаға, бетаглюкоронидазаға, қышқыл нуклеазаларға, катепсинге және бірқатар ерігіш гидролитгік ферменттерге аса бай «тығыз» денеше (лизосома) деп аталатын зат табылған. Соңғы кездегі жорамалдарға сүйенсек, осы тығыз денешелер клетка зақымданған кезде ыдырап, оның денелерін ерітуге қатысатын ферментерді сыртқа шығарады.

Нерв клеткасының ядросы (1) домалақ немесс көпіршік тәрізді болып келеді. Оның құрамында хроматині аз және үлкен ядрошасы - шағын ядро (2) бар. Ядрошасы -базофильдік деңгейі жоғаары, РНК мөлшері мол және ол ДНК-ның жұқа қабатына оралған. Ядрошасы нуклеин қышқылы мен белоктарды синтездендіруге белсене қатысады. Ядрошаның бүлінуі нерв клеткаларының жазылмайтын дертке ұшырағандығы және оның құрып біткені.

Нерв клеткаларының өзіндік ерекшелігі олардың бұтақты (бүртікті) болуы (бұтақтана келуі), оларда қосымша (қосалқы) бұтақтардын (тармақтардың) болуы. Нерв клеткалары бұтақтарының екі түрі бар.

1. Дендриттер (афференттік бұтақтар) клетканың жан-жағынан (4) шығады. Бұтақшалардың саны, ұзындығы және формасы әр түрлі болып келеді. Олар клеткадан шығарда діңгек тәрізді келеді де, соңынан ағаштың бұтақтарындай тармақталады. Сондықтан да олар гректің (ағаш) деген сөзімен сипатталған. Дендриттер басқа неврондармен синаптикалық байланыс (6) жасайды. Олар нерв импульстерін тек қана клетка денесіне өткізеді.

2. Аксондар (14) - нейрит немесе білікті цилиндр тәрізді (эфферентті) бұтақтар. Олар импульстарды клетка денесінен өткізеді. Аксон клетканың денесінен немесе оның дендриттерінің бірінен шығады. Әдетте клетканың аксоны біреу ғана болады және ол тармақталмайды.Нерв талшықтары - нерв клеткаларының тармақтары. Нерв тал-шығының ортасында нейтрофибрилл шоғыры - білікті цилиндр (нерв клеткасының тармағы) болады. Нерв клеткасының тармақтары (бұтақтары) сырттай қабықшалармен оралады да, олармен бірігіп нерв талшықтарын құрастырады. Қабықшаларының құрамына байланысты нерв талшықтары жұмсақ және арық талшықшалар боп екіге бөлінеді.

Жұмсақ нсрв талшықтары (немесе миелинді) бүкіл сыртқы нерв жүйесін және орталық нерв жүйесінің ақ затын құрайды. Оның сырты миелинді қабықшамен (15) қапталған. Миелинді қабықшаның құрамында миелин деп аталатын липоид сипатты зат көп кездеседі. Қимылдатқыш (қозғалтқыш) және сезгіш нервтерінің миелинді қабықшасы біріне-бірі тұтаса келіп, аксон төңірегінде шванов клеткаларынан (18) пайда болады.Нерв талшықтарынын миелинді қабықшасы тұтас емес, олар талшық бойының әр тұсында үзіліп қалып отырады. Мұны Ранвье тосқауылы (16) деп атайды. Ранвье тосқауылы тұсында нерв талшықтары тармақтанады. Дәл осы тұста сыртқы нерв талшықтарының миелинді қабықшасын құрастыратын екі шванов клеткасы тоғысады (түйіседі).

Миелинді қабықшада Ранвье тосқауылынан басқа да бір «ақау» бар. Оны Шмидт-Лантерман кертігі деп атайды. Аталған кертіктер аксон мен периневральдік кеңістіктер арасындағы алмасу арнасы қызметін атқарады.

Орталық нерв жүйесінде шванов қабықшасы болмайды, оның міндетін олигодендрология элементгері атқарады.

Арық нерв талшықтары миелинді қабықшадан жұқа. Олар тек қана білікті цилиндр мен шванов қабықшаларынан тұрады. Арық талшықтарға симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесі түйіндерінің соңғы талшықтары жатады.

Орталық нерв жүйесі төңірегіндегі нерв клеткаларының топтануын ядролар, ал талшықтар жиынтығын шоғыр деп атайды.

Синапстар - нерв клеткаларының аса жақын (жанасқан) тұстары. Олар гректің «синапто» (жанастыру) деген сөзіне сәйкес 1897 жылы Шерингтонның қалауы бойынша синапс деп аталды..

Нерв клеткаларындағы динамикалық поляризация заңына сәйкес нерв импульсі нервтің бойымен әдетте (міндетті түрде) бір бағытта дендриттен клетка денесіне, одан аксонға қарай қозғалады. Аксон импульсті дендритке немесе келесі нерв клеткасының денесіне тікелей жөнелтеді.

Орталық және сыртқы нерв жүйелеріндегі синапстар үш түрлі элементтерден тұрады. Олар — пресинаптикалық (1) және постсинаптикалық (3) мембраналар мен синаптикалық саңылау (2). Ішінде көп мөлшерде митохондрийлар мен дөңгелек немесе сопақ-ша түрлі көбіршіктер (везикулалар) бар иресинаптикалық мембра-нада ацетилхолин және басқа да медиаторлар синтезделеді. Олар биоэлектр қуатын жеткізуші болып табылады.

Синапстардың негізінен үш түрге бөлінеді:

1. Аксосоматикалық синапс (1) - аксон мен екінші неврон денесі арасындағы жанасулар (контакт).

2- синаптикалык саңылау;

3- постсинаптикалық мембрана

Синапстардың негізгі түрлері: (орталық нерв жүйесіндегі көп синапстык тіркестер)

1- аксосоматикалық. синапс; 2- аксодендриттік синапс; 3-аксоаксональдық синапс; 4- дендрит; 5- аксон; 6- төмен бағыттағы талшықтар синапсы; 7- жоғарғы бағыттағы талшықтар синапсы.

2.Аксодендриттік синапс (2) - аксон тарамдары мен басқа неврон дендриттері арасындағы жалғасулар.

3.Аксоаксональдық синапс (3) - аксонның басқа аксондардың бірнеше дендриттерінде (4) аяқталып, соңғыларымен жалғасулары. Олардағы көбіршіктер (везикулалар) көбіне пресинаптикалық са-ңылау жағына қарай орналасқан.

Нерв-бұлшық ет синапсындағы нерв үштары мен постсинап-тикалық мембрана (қағанақ) соңғы немесе қозғалғыш пластинка деп аталады. Сыртқы пластинкадағы пресинаптикалық және постсинаптикалық мембраналар, орталық нерв жүйесіндегі синапспен салыстырғанда, кеңірек әрі жуанырақ болып келеді.

Нерв-бұлшық ет, парасимпатикалық нерв жүйесі және кейбір орталық нерв жүйесі синапстарынын медиаторы ацетилхолин. Оларды холинергиялық синапс деп атайды. Егерде синапстарының қоздырғыш медиаторы адреналин тәрізді зат болса. Олар адрена-лергиялық синапстар деп аталады. Басқа да медиаторлары бар си-напстар кездеседі. Олар — гамма-амино-май қышқылы (ГАМҚ), глютамин қышқылы, серотонин, гистамин т.б.

Қозуды нейроннан нейронға жеткізу қазіргі заманда мембраналық-иондық теория негізінде импульстарды невроннан невронға өткізу электр сигналын химия сигналына айналуы тұрғысында түсінуге болады.

Аксон бойымен таралатын импульс соңғы пресинаптикалық саңылаудағы синаптикалық көбіршіктерден медиаторды босатып сыртқа шығарады.

Медиатор молекулалары постисиналтикалық мембранаға түседі де онын, рецепторларымен бірлесіп әрекет жасайды. Соның нәти-жесінде мембрананың арнасы ашылып, натрий иондары клеткаға кіреді де, калий иондары одан шығады. Иондар қозғалысы зарядт-тарды өзгертетіндіктен клеткада электр импульсы пайда болады.

Невроглия.Нерв жүйесінде нерв клеткалары мен талшықтарынан басқа да элементтер болады. Олар нерв элементтері арасындағы қуыстарды толтырып, нерв жүйесі бөлшектеріне белгілі кескін үйлесімі мен тығыздық береді. Осы элементтердің арасындагы ең елеулісі — клеткалар, талшықтар және қантамырлары арасындағы кеңістікті толтыратын невроглия. Ол тор көзді болып және ақ зат-қа қарағанда сұр затта тығыздау болып келеді. Тор түйіндерінде кейіпі мен шамасы әр түрлі бүртіктенген (бұтақталған) глия клеткалары бар.

Глия клеткаларының үш түрі бар:

1. Астроциттармикроглияға жатады да екіге бөлінеді. Олардың біріншісі шашақты болып келеді де көптеген қысқа бұтақты тармақтары (бүртіктері) бар протоплазмалық астроциттар (1), ал екіншісі аздаған ұзынша майда тармақтардан тұратын талшықты (қылшықты) астроциттар. Соңғысын глиофибрилл (2) деп атайды. Протоплазмалық астроциттар ми қыртысында, ал қылшықтары мидың ақ затында көбірек кездеседі. Астроциттардың ядросы ірі, сопақ және оның бетінде хроматинді бұдырлары бар. Нерв клеткаларынан айырмашылығы астроциттардың ядросында ядроша болмайды.

2. Олигодендроциттер (5) нерв жүйесінің жұмсақ талшықтарының миелин қабықшаларын құрастырады. Олардың бұтақтары аз болады да мидың ақ затында көптеп кездеседі. Астроглия мен олигодендроглия экзодерма текті элементтер қатарына жатады.

3.Микроглия (4) - кішкентай ядросы бар ұсақ клеткалар. Олар негізінен мидың сұр затындағы нерв клеткаларының маңайына шахмат тәртібімен орналасады. Микроглиялар нерв жүйесіне қан-тамырларымен бірге кіреді. Олар мезодерма тектес.

4. Эпендималық глия (3) - глия клеткаларының ерекше (айрықша) бір түрі. Олар сыртында бір немесе бірнеше кірпікшелері бар куб (текше) және цилиндр тәрізденіп ми қарыншалары мен жұлынның орталық өзегіне төсеніш болып келеді. Эпендималық клеткалардың қайсыбіріндс (кейбіреулерінде) ұзын цитоплазмалық бұтақтар (тармақтар) бар.

5.Глиялардың негізгі қызметтері:

1.Невроглия неврондардың кеңістіктегі тұрақтылығын қамтамасыз етеді, басқаша айтқанда, оларға тіреуіш (сүйеніш) болып келеді. Оның мәнісі астроцит тармақшалары (бұтақтары) көптеп (көп мөлшерде) олигодендроциттер мен неврондар арасына қыстырылады.

2.Глия клеткалары және онын, тармақтары синаптикалық саңлауды бүркемелеп және жекелеген синапстар мен синапс жиынтықтарын (комплекстерін) қоршай отырып, бұларды (осылардың өзін) синапстік нейрон жалғасуларынан толығынан айырады.

3.Астроциттар мен олигодендроциттер синаптикалық саңылаудағы медиаторларды немесе оларды құрастыратын бөлшектерді белсенділікпен тартып алып, соңғыларын келесі невронға жөнелтеді. Сонымен, глия синаптикалық өткізгішті (таралымды) реттеуші қызметін атқарады.

4.Микроглиялар арқылы капиллярлар мен неврондар арасындағы тығаз байланыс нәтижесінде нерв тканінде зат алмасуы; қамтамасыз етіледі. Сонымен нерв жүйесіне қоректі заттар үздіксіз жсткізіліп тұрады да, оның алмасу кезінде корексізденгендері аластатылады (бөлініп шығады)..

Нерв клеткаларымен салыстырғанда, нсвроглия элементтері патологиялық жағдайларда тез көбейеді де неврондардың орнын толықтырып глия тыртығын қалыптастырады. Нерв жүйесінің за-қымдалғаннан кейін қалпына келе қоймайтындығының бір себебі осы құбылысқа байланысты.

Орталық нерв жүйесіндегі дәнекер тін (ткань) ми мен жұлын қабықшалары, ми затына кірген (жеткізілген) қан тамырлары және ми қарыншаларындағы тамырлы өрімдер арқылы құрылады. Қан-тамырлары мен дәнекер тін аппараты нерв тканін әр түрлі зияндылықтардан корғайды және олар нерв жүйесіне немесе сыртқы нервтерге тигізілгсн залалдармен күрес жүргізеді.

 

// ТАРАУ

РЕЦЕПЦИЯ, СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ ЖӘНЕ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПТЕРІ

 

2.1. Анализатор және оның құрылымы

Нерв жүйесінің аса маңызды қызметі анализатор жүйесі көмегімен организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын және тепе-тендігін қамтамасыз ету болып табылатыны мәлім. Нерв жүйесінің анализаторлық қызметі туралы ілімінің негізін атақты орыс ғалымы И.П.Павлов қалыптастырған. Анализатор дегеніміз сыртқы тітіркеніс энергиясын саналы түрде зерделенген ақиқатқа айналдыратын нерв жүйесі механизмі.

Анализатор үш бөліктен тұрады. Олар рецепторлық, өткізгіш және ми қыртысы бөліктері.

Анализатор теріде, кілегей қабықтарда, сіңірлерде, буындарда, бұлшық еттерде, қан тамырларында және ішкі ағзаларда орналас-қан рецепторлардан басталады. Рецепторлардың құрылымы алуан түрлі. Олар - ерікті нерв жалғаулары, Мейснер, Краузе және Руф-фини денешіктері. Рецептор аппараты құрылымының бұлайша әр түрлі болып келуі сезімділіктің әртектілігіне (ыстық, суық, ауыр-сыну, жанасу т.б.) байланысты. Ерікті нерв жалғаулары ауырсыну тітіркенуін, Краузе денешіктері суықты, Руффини денешіктері жылуды, Мейснер денешіктері жанасу әсерлерін қабылдайды. Де-генмен олардың өзіндік ерекшеліктері біршама. Қалай болғанда да ауырсынуды сезіну ерікті жалғауларды тітіркендіруге ғана байла-нысты емес, сонымен қатар ол Мейснер, Руффини тағы басқа дене-шіктер тітіркенуі арқылы сезіледі.

Анализатордың өткізгіш бөлігі үш нейроннан тұрады. Сыртқы нервтердің сезгіш талшықтары әрқилы. Олар А, В және С талшықтары болып ажыратылады. Миелиннің қалың қабатымен қапталған А талшықтары терең және жанасу импульстарын секундына 50 м жылдамдықпен өткізеді. Жұқа миелин қабатымен қапталған В талшықтары түрақты ауырсынуды және ыстық-суықты қабылдайтын импульстерді секундына 10-14 м жылдамдықпен өткізеді. Миелинсізденген жұқа С талшыктары тұрақсыз ауырсыну сияқты өте жайсыздығымен ерекшеленетін сезіну импульстарын секундына 0,7-1,3 м жылдамдықпен өткізеді.

Анализатордың ми қыртысы бөлігі - ми қыртысына орналасқан бір текті нерв клеткаларының жиынтығы. Анализатордың ми қыртысына тірелетін ұшы қабылданатын тітіркеністерді бірінен-бірін ажыратып, оларды қорытындылайды (жинақтайды).

2.2. Түйсік және оның таралу жолдары

Тітіркеністер рецепцияларда қабылданады да түйсік саналы түрде сезіледі. Алайда рецепция түйсіктен әлдеқайда алшақ екенін білген жөн. Қабылданғандардың бәрі саналы түрде сезіле бермейді. Рецепция адамның санасына қайтседе жете беруге міндетті емес. Ал түйсік адамның санасы арқылы жете түйсінгендікті білдіреді. Түйсік қоршаған ортаның адамның сезім мүшелеріне әсері арқылы пайда болса да оның әзіндік сапалы әзгешеліктері де бар. Дегенмен түйсік арқылы заттардың нақтылы (объективті) қасиеттері бейнеленеді.

Сезім жолдары арқылы ми қыртысына бағытталған импульстардың алғашқы сатысы ми қыртысы асты түйіндер аймағы, соның ішінде көру төмпешігі болып табылады. Онда шартсыз рефлекстік әрекет, сезім, ашулану және құштарлық қажеттері қанағаттандырылады (шешімін табады).

Көру төмпешіктері — сезімталдыққа, ми қыртысы астындағы орталығы. Көру тәмпешіктерінде біріккен бірнеше клеткалар тобы бар. Олардың ішінде алдыңғы ядролар тобы иіс пен дәмге ортада-ғылары (әсіресе оның ішкі жағындағылары) интерорецептивтік сезімталдыққа, артқы ішкі жағындағы ядро жалпы сезімділік жол-дарына қатысы бар. Артқы ядролар тобы құрамына көру төмпешігінің жастығы, сыртқы және ішкі буынды денелер кіреді. Олар көру жәнс есту анализаторларымен байланысты болып табы

лады.

Сезімталдықтың екінші сатысы - бірінші сигнал жүйесіне қатысты ми қыртысы құрылымдары. Бірінші сигнал жүйесі – көрнекі бейнелеу және сезіну арқылы таным, түйсік, елестету және әсерлеу жүйелері. Бұл жүйе малда да, адамда да бар.

Қоршаған орта тітіркеністерін сезінудің үшінші сатысы - екінші сигнал жүйесі. Бұл жүйенің ми қыртысы қызметі арқылы абстракты ойлауға тікелей қатысы бар. Нерв жүйесінің аталған қызметі сөйлеп, ойлауға негізделгендіктен ұғым, пікір, ой қорыту және теория, болжам сияқты нәтижелер береді.

Сонымен түйсіктерді саналы түрде ұғыну барысында сыртқы тітіркеністер импульсы рецепцияда басталып бірінші сигнал жүйесіне өтеді де, одан екінші сигнал жүйесіне жетіп өңделеді.

2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі

Сезімталдықтың барлық түрі жалпы және күрделі сезімталдықтар болып екіге бөлінеді. Дәрігерлік тәжірибеде жалпы сезімділікті экстерорецептивті (үстірт) проприрецептивті (терең) және инте-рорецептивті сезімділіктер деп жіктеуге болады.

Экстерорецептивті (үстірт) сезімталдық контактрецепторлар (ауырсыну, температура, жанасу) және дистантрецепторлар (иіс, есту және көру) қамтамасыз етеді. Проприорецептивті сезімділікке бұлшық ет, буын, діріл, қысу, салмақ және кинестетикалық сезімдер жатады. Интерорецептивті сезімталдық ішкі ағзалар мен қан тамырларынан келетін импульстардың сезінілуін іске асырады.

Сезімталдықтың күрделі түрлеріне мына төмендегілер жатады: дискриминациялық сезімділік — теріде немесе кілегей қабықтарда екі жеке нүктені ажырата білу; қос өлшемді кеңістіктік сезім терідегі суретті ажырата білу; стереогностық сезім («стерео» - кеңістік, «гно-зис» - тану) - заттарды көлемдік белгілеріне, яғни сипау арқылы ажырата білу.

2.4. Үстірт және терең сезімталдықтың жолдары

Ми қыртысына сезімталдық импульстерін жеткізетін жолдар үш невроннан тұрады. Жалпы сезімталдықтың барлық түріне қатысты бірінші невронның клеткаларыжұлын түйіні мен V, VI және X бассүйек ми нервтерінің астындағы түйіндеріне орна-ласқан. Түйіндердегі нерв клеткалары бір бұтақты псевдоуниполярлы болады да клетка денесіне жақындағанда екіге бөлінеді.

Клетканың сыртқы тармағы (дендрит) сыртқы (шеткі) нерв жүйесі-нің құрамында рецепторларға келеді, ал орталық тармағы (аксон) артқы түбіршек арқылы (1) жұлынға (I) барады. Жұлында түрлі сезімділіктер жоғары қарай әр түрлі жолдармен өтеді (көтеріледі). Ауырсыну, температуралық және жартылай жанасу сезімталдық талшықтары жұлынның артқы мүйізіне кіреді де қабылданған им-пульс екінші невронға ауысады.

Екінші неврондардың клеткаларыжұлынның артқы мүйізінде жатады да олардың аксондары сұр зат тұтастығының алдыңғы жағында әр сегменттің тұсында жұлынның қарсы жақ бүйірінен жұлын –көру төмпешігі жолын (2) құрастырады. Бұдан әрі бұл жол жоғары қарай көтеріліп, ми бағанасы арқылы көру төмпешігіне жетеді де оның артқы ішіне қарай орналасқаи ядросында (9) аяқталады.

Терең сезімталдықтың және жартылай жанасу сезімталдығы талшықтары жұлынға кірісімен оның артқы мүйізіне соқпай, артқы:: діңгекке қарай бағытталады. Жұлынның артқы діңгегінде аталған

талшықтар Голль және Бурдах (3) будаларын (шоғырларын) құрастырады. Голль шоғыры дененің төменгі бөлігі мен аяқтағы, ал Бурдах шоғыры дененің жоғарғы бөлігіндегі импульстарды алып жүреді. Голль және Бурдах шоғырлары өз жағымен жоғары көтеріліп сопақша мида өздері аттас ядроларда (4) тоғысады. Мұнда екінші невронның клеткалары бар. Екінші неврондардың аксондары төменгі олива деңгейінде айқасып, медиалдық тұзақ (8) түрінде байланады да үстірт сезімталдық жолымен тоғысады және көру төмпешігінің (9) артқы ішіндегі ядрода аяқталады.

Медиалдық тұзақта (8) терең сезімталдық өткізгіштері ортасына (ішіне) қарай, ал үстірт сезімділік өткізгіштері сыртьша қарай орналасады. Медиалдық тұзақтың өне бойында гипоталамус құры-лымдарына, торлы формацияға және бас-ми нервтерінің ядрола-рына бағытталған қосымшалар шығады.

Көру төмпешігі (9) сезімталдықтың барлық түрлеріне тән коллектор болғандықтан, секреция және ми қан тамырлары жүйелерімен көптеген байланыстары арқасында шартты рефлекстердің іске қосылуында алатын орны ерекше.

Көру төмпешігінің артқы ішіндегі ядрода (9) жалпы сезімталдықтың барлық түрлерінің үшінші неврондарының клеткалары бар. Олардьщ аксондары көру төмпешігі - ми қыртысы шоғырына (10) айналады.

Бұл шоғыр ішкі капсуланын артқы бөлігінен (6) өтіп, сәулелі шеңбер тәрізденіп (согопа гасііаіа) ми қыртысының самай бөлігіне, көбіне артқы орталық ирелеңіне (1, 2, 3, 5, 7 полялар) бағыт алады. Осы тұста ми қыртысының екінші және төртінші қабаттарына (сыртқы және ішкі бүртікті қабаттар) орналасқан ми қыртысы клеткаларында барлық сезімділік жолдары аяқталады.

Сезімталдық жолдарының әрқайсысы бір реттен айқаса өтетіндіктен олар дененің оң немесе сол жағын ми жарты шарларының қарама-қарсы жартысымен байланыстырады. Дененің жарты бөлігі мидың артқы орталық ирелеңіне төңкеріліл қабылданады.

2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері

1. Үстірт сезімталдықты зерттеу

Сезімталдықтың барлық түрлерін зерттеу кезінде сырқаттың көзі жұмулы болу керек.

Жанасу сезімталдығын тексеру кезіндс дәрігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілсрінің әр түрлі жерлеріне тигізсді. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны «иә» деп мақұлдап отырады. Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді.

Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гапе-ралгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп

отырады.

Температура сезімталдығын тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай, екінші пробиркаға 18-20 градус шамасыңда су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тек-серілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп

отырады. Егер тигізген тұсында ыстық немесе суықты сезбесе (термогиперестезия), әйтепесе күштірек сезінсе (термогиперестезия), сезімталдық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақымданған болып табылады.

2. Терең сезімталдықты тексеру

Бұлшык ет - буын сезімталдығы. Дәрігер сырқаттың қол-аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады, соңынан жоғарғы буындарды қозғалтуға кіріседі де сырқаттан «қай саусағыңды немесе қай буыныңды ұстап отырмын», «қай жаққа қарай козғап (қимылдатып) отырмын» деп сұрайды. Егер сырқаттың нерв жүйесінің сезімталдыққа қатысты құрылымдары зақымданбаса ол дәрігердің әрекеттерін дұрыс бағалайды. Ал жауап дұрыс болмаса тексерілушінің сезімталдыққа қатысы бар нерв жүйесінін, белгілі бір құрылымдары зақымданған болып есептеледі. Тексеру арқылы алынған деректерге сүйене отырып, дәрігер сырқатта бұлшық ет-буын сезімталдығы қол немесе аяқ ұшы саусақтарында немесе иық, жамбас-сан буынына т. б. дейін бұзылғандығы туралы тұжырым жасайды.

Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесіндегі қақ сүйектерге (толарсақ, тізе тобығы, жамбас сүйегінің қыры, омыртқалардың қылқанды бұтақтары (тармақтары, өсінділері), біз тәрізді өсінділер, шынтақ өсіндісі, бұғана, бас сүйектегі еміздік тәрізді өсінді) жанастырады да сырқаттан дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін симметриялык екі жағын сұрап біліп отырады. Осындай жерде тексерістер кезінде сырқат камертонның дірілін сезбеуі (апаллестезия) немесе оны болар-болмас қана сезінуі (гипопаллестезия) мүмкін.

Батыру-сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр деп аталатын арнайы аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қалыпты жағдайда батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.

Салмақты сезіну. Дәрігер сырқаттың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып бақылайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 15-20 г шамасында айырмашылығы анықталады.

Кинестетикалық сезім (сезімталдық). Дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқат тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата білуге тиіс.

3. Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу.

Сезімталдықтың тұрақтылығы. Дәрігер қолына бір шөкім мақта немесе шашақша алып сырқат денесінің симметриялы тұстарын нұқу арқылы аталған тітіркендіргіштердің нақтылы әсері сезілген нүктені дәл анықтауы керек. Дені сау адам белгілі нүктені дәл көрсетеді. Ал дертке шалдыққан болса тітіркенген жерін дәлдеп ажырата алмайды, тіпті мүлде баска нүктелерді нұсқауы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар топанестезия немесе топгипестезия деп аталады. Кейбір жағдайда сырқат тітіркенген жерін көрсетем деп, мүлде қарама-қарсы жақты нұсқайды. Бұл құбылыс сирек кездеседі. Мұндай ауытқушылық аллохейрия немесе синестезия деп аталады.

Дискриминациялык сезімді тексеру үшін екі сирағы ортасында щкала сызықшалары бар қарғаша бекітілген Вебер циркулін пайдалану арқылы дәрігер сырқаттың терісіне сипаты бірдей екі тітіркеніс жолдайды. Әуелі циркуль қадамы 8-10 м болса кейінірек циркуль сирақтарын жақындата отырып оның ұшы-мен түртеді. Бұл әрекет сырқат екі тітіркеністің ара қашықтығын айыра алмаған кезінде тоқтатылады да қарғашадағы өлшем мөлшері жазылып алынады. Әдетте сау адам циркуль қадамын саусақ ұшында 2 мм және бел тұсында 60 мм дейін ажырата алатындығы белгілі. Дискриминациялық сезім бұзылған кезде бір мезгілде жанасқан екі тітіркеністі сырқат адам ажырата алмайды, немесе ол қалыпты жағдайдан едәуір ауытқиды.

Екі өлшемді-кеністікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе қарапайым геометриялық кескіндерді (крест, шеңбер) салады. Сау адам денесіне жазылғанын айнытпай айтады. Сырқат цифралар мен фигураларды шатастырып ажырата алмауы (графанестезия) немесе оларды қиналып анықтауы (граф-гипестезия) мүмкін.

Стереогаостикалық сезім. Тексерілуші адамның алақанына ұсақ-түйек бүйымдарды (кілт, қарындаш, түйме т. б.) ұстатып, оларды сипап білуі өтініледі. Егер бір қолымен сипау арқылы аталған бұйымдарды анықтай алмаса, онда оларды екінші қолына ауыстырып сипатады (ұстатады). Сонда тануы мүмкін. Ұстатылған бүйымдарды сипау арқылы ажырата алмауды астереогнозия дейді.

4. Ауырсыну синдромын зерттеу тәсілдері

Егер сырқат белгілі бір мүшелері маңайында немесе дене бөлшектерінде ауырсыну сезетін болса, онда одан дәрігер оларды толық сипаттайтын мағлұматтарды сұрастыру қажет. Ауырсыну шаншу,сыздау, кеміру, шымырлау, солқылдау, күйіп-жану, қатты басу т.б.сипаттамалар арқылы сезінілуі мүмкін. Оған қоса ауырсыну іштей немесе сырттай сезіле ме, үнемі, әлде әлсін-әлсін жаңарып отыра ма, оның пайда болу себептерін, қандай жағдайда күшейеді немесе бәсендегендей болады деген сұрақтарға жауап алу қажет. Тәуліктің қай сәтінде ауырсынудың өршитінін немесе басылатынын, ауа райы құбылыстарының жағатын-жақпайтынын т.б. сырқатқа әсер ететін қоршаған орта және өзгерістер туралы егжей-тегжей сұрап білу дәрігердің міндеті.

Денедегі ауыратын (алгиялық) тұстарды дәрігер бас бармағымен басып немесе П-ІІІ саусақтардың ұшымен 10 секундтай түрткілеу арқылы анықтайды.

Ауыратындықты (ауырсынуды) анықтайтын нүктелер мен аймақтар 1. Үшкіл нерв тармақтарының бетке шығатын нүктелері (Валле нүктелері) (тұстары):

1) көз шарасы үстіндегі нүкте;

2) көз шарасы астындағы нүкте;

3) иек асты нүкте.

2. Мойын, кеуде, бел және сегізкөз омыртқаларының қалқанды тармақтары (бұтақтары, өсінділері) тұсы.

3. Омыртқаның екі жақ қаптарындағы нүктелер (омыртқалар ортасынан 1,5-2 см мойын тұсында, 2-3 см кеуде мен бел тұсында). Бел-сегізкөз аумағында омыртқаның екі жақ қаптарындағы нүктелер Гар нүктелері деп аталады.

4. Желке-(қарақұс) нервтерінің нүктелері: төс-бұғана, еміздіктік бұлшық еттің еміздік тәрізді өсінді тұсы (үлкен желке нерв нүктесі); еміздік тәрізді өсінді мен екінші мойын омыртқаның кылқанды өсіндісінің ара орталығы (кіші қарақұс желке нерві нүктесі).

5. Эрба нүктесі (бұғана үстіндегі нүкте) — бұғанадан 2-3 см жоғары төс-бұғана емізіктік бұлшық еттің артқы тұсы.

6. Бөксе ортасындағы нүкте - үлкен ұршық пен шонданай бұдырының ара орталығы.

7. Сан ортасындағы нүкте.

8. Валле нүктелері : бөксе бүктесіні, тақым шұңқыры; балтыр бұлшық етінің орта тұсы мен сыртқы толарсақтын. артқы шеті.

9. Бехтерев нүктесі (табан бұлшық еті ортасы) табанның ортасына орналасқан.

Ауырсынуды созу әдісімен анықтау белгілері

Зақымданған жұлын түбірлері мен нерв бағандарын созғылау ауырсынудың пайда болуына немесе оның күшеюіне ықпал жасайды. Осыған байланысты ауырсыну белгілерін анықтау үшін созу әдістері пайдаланылады

1. Ласег симптомы (1, 2). Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шоңданай нерві бойымен сыздап ауырады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды (бірінші фаза). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайын ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды. Аяқты қылтасынан қайта игенде шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауырсыну сезілмейді (екінші фаза).

2. Нери симптомы (5). Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер колымен иіп қозғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырады.

3. Ласег симптомына қарама-қайшы немесе Бехтерев симптомы. Сырқаттың сау аяғын жазылған күйінде жоғары көтерсе, қарама-қарсы аяқта және бел-сегіз көз аймағында ауырсыну білінеді.

4. Штрюмпель-Мацкевич симптомы (3). Етпетінен жатқан сыр-каттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді.

5. Вассерман симптомы (4). Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағынан ауыр- сыну білінеді.

6. Сикар симптомы (6). Аяқтың ұшын шұғыл бүккенде шонданай нерві бойы ауырсыну білінеді.

7. Бонн симптомы (9). Аяқтың жамбас-сан және тізе буынын иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында және шонданай нерві өтетін тұстарда ауырсыну білінеді.

8. Турын симптомы (7) - аяқ ұшының үлкен бақайын шұғыл созған кезде балтыр бұлшық етінің ауырсынуы.

9. Брагард симптомы (8) - жамбас-сан буыны бүгілген, тізе буы-нында созылған аяқтың ұшын жазғанда, яғни Ласег симптомын анықтау кезінде ауырсынудың күшеюі. Осыған ұқсас белгілерді мойын-кеуде радикулитына байланысты қолды қайыру арқылы аңғаруға болады.

10. Френц симптомы. Еңкейген басты қарама-қарсы жағына ұрса мойында, иықтың үстіңгі жағында және қолда ауырсыну күшейе түседі. Түшкіргенде, жөтелгенде және басты қарама-қарсы жағына бұрғанда ауырсыну күшейеді. Созылып тұрған қолды артқа қарай бұрып, шұғыл көтеріп қалғанда ауырсыну күшейеді. Бұл симптом аяқта тексерілетін Ласег симптомына үйлеседі.

 

Захарьин-Гед шағылысқан ауырсыну аймақтары

Ішкі ағзалар ауруларына байланысты ауру синдромын дәлірек сипаттау үшін терідегі Захарьин-Гед ауырсыну аймақтарын анықтау қажет. Захарьин-Гед аймағында сырқат шағылысқан ауырсынуды сезінеді, ал дәрігер оны баса сипау арқылы тексере келе гиперестезия және ауыратын тұстарын табады. Ішкі ағзалардың жұлын сегменттері мен тері аймақтарына тікелей қатысы бар (24-сурет). Жүрекке — жұлынның ІІІ-ІУ мойын және І-УІ кеуде, ұлтабарға — ІІІ-ІУ мойын және VI-IX кеуде, ішекке — ІХ-ХІІ кеуде, бауыр мен етке — УІІ-Х кеуде, бүйрек пен зәр ағарға XI кеуде және IV сегізкөз, қуыққа — XI кеуде және IV сегізкөз, жатырға — X кеу





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.