МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Екінші эталондарды жасау негіздемелері





· Алғашқы эталондарды алдын-ала тозудан сақтау мақсатында;

· Сенімдеу жұмыстарды рационалды ұйымдастыру;

· Эталондарды сәйкестендіруді қамтамасыз ету;

· Алғашқы эталондардың жаңғыртқан бірліктердің шамасын өзгермеуін бақылау;

 

Екінші эталонның мысалы ретінде №26 платино-иридииялық гирі түрінде салмақтың бірлік килограмның эталон-көшірмесі жəне тот баспайтын болаттан жасалған килограмның жұмыс эталоны қызметі етеді.

Өзінің метрологиялық міндеті бойынша екінші эталондар келесі түрлерге бөлінеді:

- көшірме эталондар;

- салыстыру эталондар;

- куəгер эталондар;

- жұмыс эталондар.

Көшірме эталоны жұмыс эталондарға бірлік мөлшерін беруге арналған екінші эталоны болып табылады. Ол əрдайым мемлекеттік эталонның физикалық көшірмесі бола алмайды.

Салыстыру эталондары бір-бірімен қандай бір себептермен тікелей сәйкестендіре алмайтын эталондарды өзара сәйкестендіру үшін қолданатын екінші эталон.

Куəгер эталон – бұл мемлекеттік эталондардың сақталуын тексеру жəне бүлініп немесе жоғалған жағдайда ауыстыруға арналған екінші эталон.

Жұмыс эталон үлгілі жоғары дəлдікті өлшеу құралдарына жəне қажетті жағдайда ең дəл жұмыс өлшеу құралдарына бірлік мөлшерін беру үшін қолданылатын екінші эталон.

Екінші эталондары жеке эталон, топтық эталон немесе эталондық жиынтық кешенді өлшеу құрал түрінде іске асырылады.

Жеке эталон бір типті басқа өлшеу құралдардың қатыссыз өзі бірліктердің жаңғыртуды немесе сақтауды қамтамасыз ететін, бір өлшеу аспаптан немесе бір өлшеу қондырғыдан жəне бір шамадан турады.

Жеке эталондардың мысалы ретінде салмақ бірліктің екінші эталон – платино-иридиялық жəне болат гирі түріндегі килограм қызмет етеді.

 

Топтық эталон бірлікті сақтау сенімділігін жоғарлату үшін өлшеу аспаптар немесе басқа өлшеу құралдар қолданатын, бір типті шамалардың жиынтығынан құрылады.

Топтық эталонда сақталатын бірлік мөлшері топтық эталонның құрамына кіретін жеке шамалар жəне өлшеу аспаптар мен жаңғыртылатын шамалардың арифметикалық орташа мəні мен анықталады.

Топтық эталонға кіретін жеке шамалар мен өлшеу аспаптарды жеке жұмыс эталон ретінде қолданады, егер олар бірлікті сақтау шарты бойынша мүмкін болса.

Топтық эталондардың тұрақты жəне ауысмалы құрамдары болады. Топтық эталонның ауысмалы құрамына мезгілінде жаңаға ауыстырып тұратын шамалар жəне өлшеу аспаптар кіреді.

Эталондық жиынтығы өлшенетін шамалардың əртүрлі мəндерге немесе əртүрлі аймақтағы мəндерге арналған бөлек өлшемдер немесе өлшеу аспаптардың жиынтығы мен белгілі бір диапазонда шаманы өлшеу немесе бірлікті сақтай алатын өлшеу аспаптардың жиынтығы немесе өлшем жиынтық түрінде болатын эталон болып табылады.



Топтық эталондардың эталондық жиынтығы тұрақты жəне ауысмалы құрамында болу мүмкін.

Ең бірінші ресми түрінде бекітілген эталондары 1799 ж. Францияның ұлттық архивына сақтауға берілген, Францияда дайындалған, метр жəне килограмның прототиптері болып саналады, сондықтан оларды “Архивтік метр” жəне “Архивтік килограм” деп атайды. 1872 ж. бастап килограм “Архивтік килограм”-ның салмағына тең ретінде анықтамасы берілді.

Халықаралық СИ жүйесінің əр негізгі немесе туынды эталондардың ғылыми зерттеулермен жəне эксперименттер мен байланысты өзінің

тарихтары бар.

Мысалы, 1791 ж. Францияның Ұлттық жиналыста эталон метр париждік меридиан дуганың төртінші бөлігінің ондық миллиондық бөлігіне тең деп қабылдады, бірақ 1837 ж. қайта қарастырып, Франция ғалымдар меридианның төртінші бөлімінде 10 миллион емес, 10 миллион 856 метр екенің белгіледі. Сол сияқты, еңгізілген өзгерістер көп емес болса да, Жердің мөлшер жəне формасына өзгеріс еңгізгенде белгілі болады. Осыған байланысты 1872 ж. Петербургтың ғылыми академиясының ғалымдар метр эталонға өзгеріс еңгізу туралы мəселені мақсатқа сай шешу үшін халықаралық комиссияны құру ұсыныс жасады.

Комиссия жаңа эталон құру шешім қабылдаған жоқ, ал ұзындықтың бастапқы бірлік ретінде Францияда сақталатын “Архивтік метрді” қабылдады. 1875 ж. Халықаралық метриялық конвенциясы қабылданды. Осы жылды метрологтар метрді халықаралық ұзындық бірлікте екінші рет туынды деп есептейді.

 

Өлшеу құралдарын сенімдеу

Сенімдеу мемлекеттік метрологиялық қызмет ретінде жүзеге асады.

Өлшеу құралдарын сенімдеу өлшеу құралдарын орнатылған техникалық талаптармен сәйкес анықтау және бекіту мақсатында жүргізілген әрекеттердің жиынтығы.

Сенімдеу нәтижесі бойынша өлшеу құралдарды таниды немесе қолдануға жарамды болады немесе бракқа кетеді.

Қолдану жарамдылығын сенімдеу аралық интервалдарында ғана мойындайды, яғни сенімдеу – сенімдеу бойынша талап етілген нормативті құжаттардың талабына сәйкес орнатылған жағдайда өлшеу құралдарына оның метрологиялық және техникалық талаптарының сәйкестігін бекітеді.

Түзетусіз қолдану үшін арналған өлшеу құралдарын сенімдеу кезде олардың метрологиялық сипаттамасы орнатылған шектен шығып кетпеуін, жіберетін мәннен асып кетпеуін анықтайды.

Ескертумен түзетулергеарналған өлшеу құралдарын сенімдеу кезде олардың көрсеткішіне міндетті түрде қателіктердің мәнін анықтау қажет.

Сенімдеу процесінің жұмысы көп, және де сенімдеу кезде қолданылатын эталондардың қателігін ескеру қажет.

Сенімдеу эталондардан бірлік мөлшерін жұмысшы өлшеу құралдарына беру процестерінің қатары болып табылады. Эталондармен байланыс өлшеу тұтастығының қажеттілік шарты б.т.

 

Сенімдеу әдістерінің келесі түрлері бар:

а) тікелей сәйкестендіру;

б) салыстыру (компарирование);

в) эталондық шама бойынша сенімдеу;

г) өлшеумен жаңғыртылған шамаларды сенімделетін өлшеу құралдарымен өлшеу.

Күрделі өлшеу құралдары кешенді және элементтер бойынша сенімдеу болып бөлінеді.

Салыстыру (компаратор) аспаптарын қолданусыз ұзындықтың штрихтық өлшемдерін, сыйымдылық өлшемдерін, термометрлерді эталондардың көрсеткіші мен сенімделетін өлшеу құралдарын тек тікелей сәйкестендіру жолымен сенімдеу мүмкін.

Сенімдеудің бұл әдісі дәлдігі аз өлшеу құралдарына қолданады.

Сенімдеу принципі – тек бір шаманы ғана эталонмен және сенімделетін өлшеу құраладарымен бірмезгілде өлшеу. Бұл жерде ең маңыздысы нақты тек бір ғана шама өлшену керек.

Салыстыру аспаптардың көмегімен шамаларды сенімдеу компарарлық құрылғылардың көмегімен шамаларды эталондармен сәйкестендіру.

Компаратор - біртекті шамалардың өлшемін сәйкестендіруге арналған салыстыру құралы.

Сенімдеудің дәлдігі салыстыру аспаптарының метрологиялық сипаттамасына байланысты:

· Әртүрлі разрядтағы эталондардың салмағы (гір тасын сенімдеу кезінде);

· Тұрақты және айнымалы тоқтардың көпірлері (кедергі, индуктивтілік, сыйымдылық өлшемдерін сәйкестендіру кезінде);

· Потенциометр (кедергі, қалыпты элемент ЭҚК өлшемдерін сәйкестендіру кезінде) және т.б.

Салыстыру аспаптардың метрологиялық сипаттамаларының бірі – олардың сезгіштігі.

Компаратор соншалықты сезгіш болуы қажет, яғни оның көмегімен эталондық өлшемдердің қателік мәндерінен асып кетпейтіндей өлшенетін шаманың өзгерісін табу қажет.

Мысалы, 1 кг сенімделетін гір тасының жіберетін қателігі 100 мг. Оны сенімдеу үшін қателігі 20 мг-нан аспайтын эталондық гір тасын қолдану керек. Өлшемдерге сәйкестендіру жүргізген кезде таразылардан, жүктемелер 20 мг-ға өзгерген кезде көрсеткіш 1 делениеден кем ауытқымауын талап етеді.

Екіншіден, салыстыру аспаптарының конструкция элементтері орнықты болуы қажет (Мысалы, таразылардың иықтарының теңесуі орнықты болуы қажет).

Иықтарын теңестіру мүмкін емес, сондықтан да иықтарының теңсіздігін болдырмайтын әртүрлі өлшеу әдістері (Менделеев, Борда әдістері) қолданылады.

Эталондық өлшем бойынша өлшеу құралдарын сенімдеу эталондық өлшеммен жаңғыртылатын шамаларды сенімделетін өлшеу құралдарымен өлшеу болып табылады. (эталондық гір тасының көмегімен циферблатты таразыларды сенімдеу).

Жоғарыда аталған барлық әдістер кешенді болып табылады, яғни өлшеу құралдары барлық құрама бөлімдерімен толық кешенді түрде сенімделеді. Бұл жағдайда сенімдеу дәлдігі еш күмән тудырмайды.

Кейбір жағдайларда сенімдеу элементтер бойынша жүргізіледі.

Элементтер бойынша сенімдеу әр бөлшектерінің қателіктері бойынша өлшеу құралдарының қателіктерін анықтау болып табылады.

Сенімдеудің мұндай әдісі өлшеу құралдары әр бөлшектерінің өзара әсерлесу заңдылығы нақты белгілі болса және оның көрсеткішіне сырттан әсер болмаған жағдайда мүмкін болады.

Кешенді әдістің жұмысы қиын болса немесе эталондық өлшемдерді таңдау күрделі болса, элементтер бойынша сенімдеуге сүйенеді.

Көп жағдайда элементтер бойынша сенімдеуді кешенді сенімдеумен үйлестіріп жүргізеді (манометрді жүк поршенді эталондармен сәйкестендіруден басқа, жүк поршенді манометрлерді сенімдеген кезде жүктердің массасын бөлек анықтайды).

Салыстырудың өлшеу аспаптары (компараторлар) эталондық өлшемсіз бөлек өлшеуге жарамсыз б.т. Бірақ олар өлшеу құралдары ретінде қарастырылады және сенімдеуге жатады. Компараторларды сенімдеу кезде оларды қолданғанда әртүрлі жағдайларда өлшеудің нәтижесіне енгізе алатын қателіктер бағаланады. Салыстыру аспаптарын сенімдеу элементтер бойынша жиі іске асады.

 

Сенімдеу түрлері

Сенімдеудің келесі түрлері бар:

  • Алғашқы;
  • Периодты;
  • Кезектен тыс;
  • Инспекциялық;
  • Экспертті;

 

Өлшеу құралдары алғашқы сенімдеуге олар өндірістен шыққан кезде, жөндеуде болған кезде, сонымен қатар импорт бойынша келген кезде душар болады.

Импортталатын өлшеу құралдары Қазақстан Республикасында алғашқы сенімдеуге душар болады, егер басқа елдерде жүргізілген сенімдеу нәтижелерін сенімдеу нәтижелері өзара тану туралы халықаралық келісімге сәйкес уәкілетті орган мойындаған жағдайда.

Алғашқы сенімдеуді

  • Өлшеу құралдарын дайындау орнында;
  • Өлшеу құралдарын жөндеу жүргізу орнында;
  • Өлшеу құралдарын қолдану орнында

жүргізеді.

 

Өлшеу құралдарын пайдалану процесстерінде белгілі сенімдеу аралық интервалдарында периодтық сенімдеу жүргізіледі.

Егер өлшеу құралдары тұрақты түрде қолданылатын болса, периодты сенімдеу өлшеудің барлық диапазондарына және физикалық шамалардың барлығына жүргізіле бермейді.

Осындай жағдайларда өлшеу құралдарында қолдану облысы көрсетілетін шартты белгілер болуы қажет. Сәйкес жазбалар пайдаланатын құжаттар мен сертификаттарда болуы қажет.

Кезектен тыс сенімдеу периодты сенімдеу мезгілі келгенге дейін жүргізіледі, бірақ келесі жағдайларда:

  • Сенімдеу аралық интервалдарын түзету кезде;
  • Сенімдеу аралық интервалдарын бекітудің қажеттілігі кезде;
  • Сенімдеу таңбасында суретті пломбасы зақымданған кезде және сенімдеу туралы құжаты жоғалған кезде;
  • Сенімдеу аралық интервалдарының жарты мезгілі өтіп кеткенде өндірушілермен іске аспаған өлшеу құралдарын тұтынушыға жіберген кезде.

Инспекциялы сенімдеу өлшеу құралдарының жөнділігін орнату, соңғы сенімдеудің нәтижесінің дұрыстығын, қабылданған сенімдеу аралық интервалдарының дұрыстығын бағалау және өлшеу құралдарының пайдалану дұрыстығын орнату үшін мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау болған кезде жүргізіледі.

Экспертті сенімдеу метрологиялық сипаттама бойынша даулы мәселе туындаған жағдайда, өлшеу құралдарының түзулігіне және оны қолдану жарамдылығына, сонымен қатар соттың, прокуратураның, орындаушы билік органдарының, заңды және жеке тұлғалардың жазбаша талаптары (арыздары) бойынша жүргізіледі. Экспертті сенімдеу нәтижесі бойынша арызданушыға жіберілетін қорытынды жасайды.

Сенімдеуді шамаларға сәйкес өлшеу құралдарын сенімдеу бойынша дайындықтан өткен және орнатылған тәртіппен сенімдегіш ретінде аттестатталған жеке тұлға жүргізеді.

 

 

Өлшеу құралдарын сенімдеу нәтижесін рәсімдеу.

Көп жағдайларда сенімдеу процесі кезінде сенімдеудің нормативті құжатында көрсетілге формасы бойынша хаттама жүргізіледі.

Сенімдеу аяқталуы бойынша және хаттаманы талдап болғаннан кейін өлшеу құралдары қолдануға жарамды және жарамды емес туралы қорытынды шығарады және хаттамаға сәйкес жазбаларды кіргізеді.

Сенімдеу хаттамасы заңды мағынасы бар негізгі құжат болып саналады, сондықтан оны жасауда оған көп назар аудару керек. Жазбаларды бөлек қағазға жазып, оны қайтадан көшіруге болмайды, өйткені қате кетуі мүмкін.

Егер реттеу жүйесіне (бөлшектеріне) рұқсат бермеу қажеттілігі туындаса, онда өлшеу құралдарына нөмірлі пломбалар іліп қояды немесе сенімдеу таңбасының нөмірлі суретті жапсырмаларды қояды, яғни олардың зақымданусыз өлшеу құралдарының мехнизмін ашуға болмайтындай.

Сенімдеу таңбасының суретінде таңба әрекетінің екі соңғы цифрынан, ӨМЖ реестрінің белгісі, кәсіпорынның шифры, сенімдегіштің жеке белгісінен тұрады.

Өлшеу құралдарын таңбалаудан басқа, сенімдеу оң нәтиже берген жағдайда орнатылған үлгімен сенімдеу туралы сертификат беріледі, яғни онда өлшеу құралдары сол және басқа да нормативті құжаттар талаптарына сәйкес туралы ақпараттар немесе өлшеу құралдарының көрсеткішіне түзетулер көрсетіледі.

Сенімдеудің теріс нәтижесінде сенімдеуші өлшеу құралдары қолдануға жарамсыз туралы хабарлама жібереді.

Сенімдеуге жатпайтын өлшеу құралдары калибрленеді.

Өлшеу құралдарын сенімдеу

       
 
 
   

 


Өлшеу құралдарын калибрлеу

Сенімдеуге жатпайтын өлшеу құралдары өндірістен, жөндеуден шыққанда, импорт бойнынша келгенде, өндірушілермен немесе осы өлшеу құрал тұтынушымен анықталатын қатарды іске қосу кезінде калибрленеді.

ҚР-ң өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік жүйенің бір бөлігі блып табылады.

Калибрлеу жүйесі – өлшеу тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған және ұйымдарға орнатылған талаптар жүйесі және өлшеу құралдарын калибрлеу жүргізу негізінде жүзеге асатын калибрлеу жұмыстарының және қызмет субъектілерінің жиынтығы.

 

ҚР-ң калибрлеу жүйесіндегі негізгі қызметтер:

· Калибрлеу облысында заңды тұлғалардың біліктілігін бағалау мақсатында олардың метрологиялық қызметін аккредиттеу;

· Өлшеу құралдарын калибрлеу;

· Калибрлеу зертханасы қызметін бақылау;

· ҚР калибрлеу жүйесінің ережелері мен негізгі принциптерін орнату.

 

Өлшеу құралдарын калибрлеу - шынайы метрологиялық сипаттамасын орнату немесе мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жатпайтын өлшеу құралдарының жарамдылығын орнату мақсатында берілген өлшеу құралдарының көмегімен алынған шамалардың мәндері мен эталон көмегімен анықталған шамалардың сәйкес мәндері арасындағы қатынас орнататын іс-әрекеттер жиынтығы.

 

Калибрлеуді кім жүргізеді?

Өлшеу құралдарын калибрлеуге, орнатылған тәртіппен аккредиттелген, заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет бөлімшелерінің құқы бар.

Аккредиттелу ерікті түрде жүргізіледі.

Калибрлеу зертханаларының заңды тұлғалық статусы немесе заңды тұлғалық бөлімшесі болуы қажет және де келесі талаптарға жауап беруі қажет:

· Өлшеу құралдарын калибрлеу кезінде өзіндік шешім қабылдауға сәйкес құқы болуы қажет;

· Сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін метрологиялық қызметі болуы қажет;

· Калибрлеу шартына сәйкес ғимарат болуы қажет;

· ӨҚ-н калибрлеу үшін қажетті сәйкес техникалық база болуы қажет;

· Ұйымды және калибрлеу жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативті құжаттары болуы қажет;

· Калибрлеу жұмысы сапасының құжатталаған жүйесі болуы қажет.

 

СМС бойынша уәкілетті органға калибрлеуге құқықты аккредиттеу үшін құжаттар пакеті ұсынылады:

· Орнатылған формада заявка;

· Аккредиттеу облысы;

· Калибрлеу зертханасы туралы Ережелердің копиясы;

· Сапа бойынша басшылық;

· Аккредиттеуге дайындық кезінде қызмет көрсету бойынша органмен құрылған заңды тұлғаның метрологиялық қызметінің тәуелсіз экспертті бағалау актісі;

Құжаттарды қарастырып болғаннан кейін уәкілетті орган шешім қабылдайды. Оң шешім қабылдаған кезде

· Аккредиттеу аттестаты рәсімделеді;

· Аккредиттеу облысына қол қойылады;

· Калибрлеу лабораториясының реестріне заңды тұлғаны тіркеу жүргізіледі.

 

Калибрлеу зертханасында калибрлеуді кім және қалай жүргізеді?

 

Калибрлеу зертханасында ӨҚ-н калибрлеуді профессиональды дайындығы және мамандығы бар, яғни сәйкес курстарды бітіргені туралы растайтын құжаттамалары бар тұлғалар жүргізеді.

ӨҚ-н калибрлеу шама бірліктерінің мемлекеттік эталонына бағынатын калибрлеу құралдарын қолдана отырып калибрлеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

 

Калибрлеу әдістемесін кім дайындайды?

Калибрлеу әдістемесін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі – өндірушілер, ӨҚ-ң иегерлері немесе қолданушылар, немесе олардың тапсырысы бойынша басқа заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі дайындайды.

Әдістемелер міндетті түрде тапсырушылармен келісіледі.

Калибрлеу әдістемесін дайындаудан бұрын ӨҚ сенімдеу бойынша сәйкес нормативті құжаттарды қолдануға рұқсат етіледі.

 

ӨҚ-н калибрлеу аралық интервалын ӨҚ-н іске қосу кезінде тұтынушының өзі орнатады.

Қажет болған жағдайда калибрлеу нәтижесі бойынша калибрлеу хаттамасы рәсімделеді.

Калибрлеу нәтижесі бойынша ӨҚ-н қолдануға жарамды болса, онда оған калибрлеу белгісі қойылады немессе калибрлеу туралы сертификат рәсімделеді.

Заңды немесе жеке тұлға жақтан калибрленген ӨҚ-на калибрлеу сертификатын рәсімдеу міндетті.

Заңды немесе жеке тұлға жақтан калибрлеуге ұсынылған ӨҚ-н жарамсыздығын орнатқан жағдайда тапсырушыға міндетті түрде калибрлеу зертханасының басшысы мен орныдаушыларының қолы бар калибрлеу хаттамасы беріледі.

Калибрлеу белгісінің суреті келесі ақпараттардан тұрады:

· Қызметтің аймақтық орналасуы туралы. Облыс коды ҚР территориясы классификаторларына сәйкес орнатылады;

· Калибрлеу жүргізген заңды тұлға немесе лабораориялық қызмет туралы;

· Калибрлеу датасы;

· Бір немесе одан көп калибрлеу белгісі бар және пайдаланатын калибрлеу тұлғасы туралы.

Калибрлеу белгісін заңды тұлға өз бетінше жасайды. Калибрлеу белгісін қолдану жылы аяқталғаннан кейін олар жойылады.

 

Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.