ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | РНН 582200009653, директор Некрасов И.П. Шымкент-2015ж Әдістемелік нұсқаулар «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 5 курс студенттерінбіріктірілген объективті тәжірибелік емтихан әдістемесі негізіндееңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналды гигиена, эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау пәндері бойынша тәжірибелік дағдыларды аттестациялау үшін дайындалған. Құрастырушы: Долтаева Б.З. – м.ғ.к.., доцент, гигиена-1, дене шынықтыру және валеология кафедрасының меңгерушісі; Ермолаева О.А. - гигиена-1, дене шынықтыру және валеология кафедрасының оқытушысы; Ескерова С.У. - м.ғ.к.., доцент м.а., гигиена-2 кафедрасының меңгерушісі; Бейсембаева З.И.- м.ғ.к.., қоғамдық денсаулық сақтау-1 кафедрасының доцент м.а.; Ирсимбетова Н.А.- жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті. Рецензенттер: Жақсыбергенов А.М. - м.ғ.д, профессор м.а., қоғамдық денсаулық сақтау-2 кафедрасының меңгерушісі; Әбіш Ғ.М. – стерилизациялау орталығының директоры. Кіріспе Тәжірибелік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмалардың тізбесі 5 кезеңнен тұрады, тапсырмалар еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналды гигиена, эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау пәндері бойынша барлық негізгі сұрақтарды қамтиды, жекелей алғанда: тәжірибелік іс-әрекетінде заңды, нұсқаулық және әдістемелік мағлұматтарды қолдана алу, халық денсаулығына қоршаған ортаның әртүрлі факторлары мен өмір салтының әсеріне баға беру, тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру, жұқпалы аурулардың алдын алуы мен салауатты өмір сүруді насихаттау. Әрбір тәжірибелік тапсырма жұмыс орнында (кезеңде) орындалады, зал тапсырманы орындауға қажетті заттармен қамтамасыз етілген. 5 кезеңнің әр қайсысына 7 минуттан уақыт беріледі, тапсырушы барлық тапсырмаларды 35 минутта орындау керек. Емтиханның нәтижелерін бағалау студенттің барлық 5 кезеңнен алған баллдарының суммасы бойынша жүргізіледі. Барлық станцияларды өту өлшемі бойынша емтихан тапсырушы қорытындысында 25 баллдан жоғары жинауы тиіс. Кесте1. ОҚТЕ нәтижелерін бағалау белгілері Баллдардың саны | Баллдардың қосындысының ауытқу шегі | Баға | 50-45 | 90-100 | өте жақсы | 44,5-37,5 | 75-89 | жақсы | 37-25 | 50-74 | қанағаттанарлық | 24,5 төмен | 49 төмен | қанағаттанарлықсыз | ОҚТЕ өткізу үшін жүргізілетін ұйымдастырушылық – дайындық шаралары төмендегідей тәртіппен жүргізіледі: Ø емтиханға жіберілген студенттер санын анықтау; Ø аудиторияларды дайындау, тәжірибелік дағдыларды аттестациялауды жүргізу үшін жауапты оқытушы мен лаборантты анықтау; Ø жұмыс орнын ұйымдастыру, әрбір тапсырманы орындаудың уақытын бақылау үшін сағаттармен қамтамасыз ету; Ø ОҚТЕ құжаттарын дайындау (1-3 қосымша, сауалнамалар, хаттамалар, емтихан қағаздары, әрбір кезең бойынша студенттерге арналған тапсырмалар, әрбір қадамның және олардың баллдық түрде бағалануының өлшемі бар емтихан алушыға арналған ақпараттық қағаз, емтихан тапсырушының еркін аттестациялық қағазы, ОҚТЕ нәтижелерін бағалау белгілері). 2. Студентке арналған ақпарат: · ОҚТЕ басталарда студенттерге емтиханның шифры көрсетілген бос аттестациялық парақ пен бейджик беріледі; · Бітіруші өз шифр нөмірін білу тиіс; · Дыбыс сигналынан кейін емтихан басталады; · Студент тапсырманы орындау жағдайына байланысты берілген уақыты біткен соң келесі кезеңге өтеді; · Студент емтихан кезінде тәуелсіз емтихан қабылдаушыға сұрақ қоюына болмайды. 3. Емтихан қабылдаушыға арпарат: · Әр емтихан қабылдаушыға емтихан алдында емтихан өткізуге керекті материалдар жиынтығы беріледі; · Әрбір емтихан қабылдаушылар белгілі кезеңге бекітіліп, емтихан соңына дейін жауапты; · Емтихан қабылдаушы бітірушінің номер шифрын «пән бойынша тәжірибелік дағды мен игеруге қадамдық және жалпы бағалау баллдар» емтихан парағына белгілеуі қажет; · Емтихан қабалдаушы бітірушінің тапсырмасын орындауына «тәжірибелік дағды мен игеру қадамын орындауда емтихан тапсырушының баллдық критериясымен бағалау» және емтихан парағын қадамына баллдарды енгізеді; · Емтихан қабылдаушы жалпы баллды қосып, «емтихан тапсырушының аттестациялық парағына» әр кезең деңгейін жазып бітірушіге беруі қажет; · Емтихан кезінде емтихан қабылдаушы емтихан тапсырушымен байланыста және артық сұрақ қоюға болмайды; · Емтихан соңында емтихан қабылдаушы емтихан парағын хатшыға тапсыруы қажет; · Емтихан қабылдаушы әрбір студент бойынша жалпы емтихан қорытындыларын жасауға қатысуы қажет. 4. ОҚТЕ кезеңдерінің үлестірімділік сызба нұсқасы. Емтихан тапсырушы емтихан тапсыруға дайындық барысында кезеңдердің өту жоспары мен тапсырмалар тізімімен төменде көрсетілген жобаға сәйкес танысады. 5. ОҚТЕ технологиялары мен тәжірибелік дағдыларды аттестациялауға арналған тапсырмалар тізімі. № кезең | Бітірушілерге арналған тапсырмалар | Макси. балл | Уақытта | | Эпидемиология бойынша сіз тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз. | | | | Коммуналдық гигиена бойынша сіз тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз. | | | | Тағам гигиенасы бойынша сіз тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз | | | | Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және еңбек гигиенасы бойынша сіз тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз. | | | | Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша сіз тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз. | | | | Барлығы: | | | Ескерту: Бітіруші өз әрекетін баяндайды. 6. ОҚТЕ жүргізуіне керекті құралдар мен құжаттар, жабдықтар тізімі № | Кезеңдер | Керекті жабдықтар | 1. | Эпидемиология бойынша тәжірибелік дағды | Емтихан алушыға ақпарат, сағат, ручка, калькулятор, нормативті құжаттар, тапсырушыға таза қағаз, эпидемиология бойынша мағлұматтар жиынтығы, бланк, плакаттар, таратылатын мағлұматтардың тақырыптық жиынтығы, сызғыш, қалам, өшіргіш. | 2. | Коммуналдық гигиена бойынша тәжірибелік дағды | Емтихан алушыға ақпарат, сағат, ручка, калькулятор, қағаз, топырақ, таразы, пышақ, резеңке қолғап, ыдыс, елек, қаптар, шпатель, картон, таяқша, ауыз су краны, тығын қақпағы бар шыны ыдыс, нығыздалған тығын қақпағы бар шыны ыдыс, спирт, мақта тампоны, сіріңке, таяқша, пергаментті қағаз, қаламсап, акт, зертханалық зерттеу нәтижелері, қоректік ортасы бар Петри тостағаншасы, термостат, термогигрометр, санитарлық ережелер, нормативтік құжаттар, актілер. | | Тағам гигиенасы бойынша тәжірибелік дағды | Емтихан алушыға ақпарат, сағат, ручка, калькулятор, ет, балық, жұмыртқа, қалбырланған өнімдер, сүт, пышақ, пергамент қағазы, қалам, ыстық су, шыны ыдыс, салфеткалар, тапсырушыға таза қағаз, консервіленген немесе ысталған тағамдар, жіп немесе резеңке, стакан, тамақтанудың физиологиялық нормасы, тағаммен улану жағдайын зерттеу актісі, нормативті құжаттар. | | Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік дағды | Емтихан алушыға ақпарат, сағат, автоқалам, құралдар: электростатикалық алаң күштілігін өлшеуіш, аспиратор, спирометр, люксметр- яркомер, сүзгі қағаз, электронды таразы, шуды өлшейтін аспап, шу деңгейін өлшеуге арналған құрал, дозиметр-радиометр аппараты, бой өлшегіш, медициналық таразы, табақшалы таразы, сантиметрлік лента, волонтер, санитарлық- гигиеналық тексеру актісі, нормативті құжаттар. | | Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша тәжірибелік дағды | Емтихан алушыға ақпарат, сағат, автоқалам, калькулятор, тапсырушыға таза қағаз, ҚДС бойынша мағлұматтар жиынтығы, бланк, плакаттар, таратылатын мағлұматтардың тақырыптық жиынтығы, сызғыш, қалам, өшіргіш. | 7. Кезеңдерді орындау ОҚТЕ әдісімен тәжірибелік дағдыларға қабылдау үшін студентке 5 тапсырмадан тұратын билет- жағдаяттық есеп беріледі. Әрқайсысы 3 «қадамнан» тұрады. Емтихан қабылдаушыға берілген бақылау ақпаратқа байланысты әрбір «қадам» баллдық бағамен бағаланады. №1 билет №27 мектеп-интернатынан 8 тәрбиеленуші іштің ауруымен, жүректің айнуымен, бірнеше рет құсумен, әлсіздік және көздің көру қабілетінің нашарлауымен, екілену шағымдарымен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Жұқпалы аурулар ауруханасы ОҚО-ның Абай ауданының ТҚҚБ-на алдын ала «ботулизм» диагнозы деп шұғыл хабарлама жіберді. 2014 жылы № 27 мектеп-интернатында 1200 оқушы оқиды. Олардың ішінде 300 оқушы әртүрлі аурулармен ауырған. Олардың арасында 2-і ботулизммен, 36-ы гепатитпен, 52-і қызылшамен, 70-і тұмаумен және 140-ы басқа да аурулармен ауырған. Тапсырма: 1-кезең. Эпидемиологиялық анамнез жинау әдісін көрсетіңіз. 2- кезең. Зертханада талдау үшін топырақ сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең. Ботулизмнің дамуына себеп болған азық-түлікті таңдаңыз, одан сынама алып, дұрыс рәсімдеңіз. 4- кезең. Люксметр- яркомер аппаратымен бөлмелердің жарықтану деңгейін анықтау бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 5- кезең. Аталған мекемеде есеп беру жылындағыаурулардың құрылымын анықтаңыз. №2 билет № 5 мектептен 5 оқушы іштің ауруымен, жүрек айнумен, бірнеше рет құсумен, әлсіздік шағымдарымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Жұқпалы аурулар ауруханасы ОҚО-ның Әль-Фараби ауданының ТҚҚБ-на алдын ала «вирусты гепатит А» диагнозы деп шұғыл хабарлама жіберді. № 5 мектеп-интернатында 1200 оқушы оқиды. Олардың ішінде 300 оқушылар әртүрлі аурулармен ауырған. Олардың арасында 2-і ботулизммен, 9-ы гепатитпен, 52-і қызылшамен, 70-і тұмаумен және 140-ы басқа да аурулармен ауырған. Тапсырма: 1- кезең.Эпидемияға қарсы шаралардың алгоритмін құрыңыз. 2- кезең. Бактериологиялық талдау үшін су құбыры кранынан ауыз су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең. Осы ауруға сәйкес диета тағайындаңыз. 4- кезең. Мектеп-интернатты тексеру әдістемесі мен тексеру актысін рәсімдеу және ұсыныс беру бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 5- кезең. Аталған мекемеде есеп беру жылындағыаурулардың құрылымын анықтаңыз. №3 билет Өндірістік қалада қорғасын-мырыш комбинатынан 1 км қашықтықта жекеменшік тұрғын үйлер (түтін шығарытын құбырлар факелі астында) орналасқан. Зауыт аумағындағы топырақ сынамасынан: қорғасынның жоғары деңгейідегі концентрациясы – 800 мг/кг (ШРЕК – 32), мырыш – 1500 мг/кг (ШРЕК – 23), мыс – 50 мг/кг (ШРЕК – 3), кадмий – 6 мг/кг (ШРЕК – 1), топырақ рН – 4,6, сонымен қатар – анаэробты таяқша clostridiumtetani (сіреспе) анықталды. Қорғасын-мырыш комбинаты аумағындағы топырақ құрамындағы металдар, соның ішінде қорғасынның концентрациясын ретроспективті талдау жүргізген кезде келесі мәлімет анықталды: Жылдар | | | | | | | | | | | | | | Топыракта Cu конц. | | | | | | | | | | | | | | Тапсырма: 1 - кезең.Эпидемиологиялық тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізіңіз. 2- кезең. Химиялық талдау үшін топырақ сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең.Қорғасын-мырыш комбинатының жұмысшыларына диета тағайындаңыз. 4-кезең.Аспиратор құралын қолдана отырып ауа сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 5-кезең. Қарапайым вариациялық қатарды құрыңыз. №4 билет К. өндірістік қаласында 100 мың адам тұрады. 2014 жылы 2100 бала туылып, 630 тұрғын қайтыс болды. Қалада хром қосындылар зауыты мен ЖЭО жұмыс жасайды. Зауытта шулы технологиялық операциясымен сипатталатын цех бар, онда шу деңгейі ШРЕД бірнеше рет жоғары. Санитарлық-қорғаныс аймақ маңында тұрғын үйлер, мектеп, бала бақша (зауыттан 1,5 – 2 км алшақ) орналасқан. Зауыт құбырлары түтінінің жалыны тұрғын аумаққа қарай бағытталған және селитебті аумақта келесі металлдар концентрациясы анықталды: хром -25/15 мг/кг (ШРЕК - 0,5), марганец – 2000/1000 мг/кг (ШРЕК – 1500), кобальт – 30/10 мг/кг (ШРЕК - 5), мырыш – 54/30 мг/кг (ШРЕК - 23), мыс – 10/5 (ШРЕК - 3), сонымен қатар – Bacillusanthracis (күйдіргі) спорасы анықталды. Тапсырма: 1- кезең.Эпидемиологиялық тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізіңіз. 2- кезең.Зертханалық тексеру нәтижесі бойынша топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына баға беріңіз. 3- кезең.Хром қосындылары зауытының жұмысшыларына диета тағайындаңыз. 4- кезең.ВШВ-003-М3 аппаратын қолдана отырып шу деңгейін өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 5- кезең. Туу, өлім және табиғи өсім көрсеткішін есептеңіз. №5 билет 40 жастағы К., бойы-150см, салмағы - 66кг, тәуліктік энергия жоғалтуы 2600 ккал облыстық клиникалық ауруханасына «1 дәрежелі артериальді гипертония» диагнозымен науқас түсті. Эпидемиологиялық анамнезінен 15 жыл бойы фермада сауыншы болып жұмыс істейтіні анықталды. Ауруханада төртінші күні дене қызуы 39С-ға дейін көтеріліп, әлсіздік және терлегіштік пайда болды. Зертханалық тексергенде науқаста алтын стафилококк анықталды. Бөлімде 30, палатада 4 науқас емделуде. Науқас К. Б. ауылында тұрады, 15 жыл бойы фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Б. ауылында 780 адам тұрады және соның ішінде 250-і К. науқаспен бірге фермада жұмыс істейді. Ферма жұмысшылары жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. 2014 жылы медициналық тексеру мәліметтері бойынша 90 жұмысшыда әр түрлі кәсіби аурулар анықталды. Олардың ішінде 35-не «созылмалы сарып» диагнозы қойылған. 2000-2012 жылдар арасында осы ферманың жұмысшылары арасында сарып аурушаңдығын ретроспективті талдау жүргізген кезде келесі мәлімет анықталды: Тапсырма: 1- кезең.Эпидемияға қарсы шаралардың алгоритімін құрыңыз. 2- кезең.Бактериологиялық талдау үшін жабық бөлмеден ауа сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең.Энергияға, ақуызға, майға, көмірсуға деген қажеттілікті анықтаңыз. 4- кезең.Электрлік және магниттік өріс өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 5- кезең. 2012 жылы созылмалы сарып аурушаңдығын есептеңіз және талдаңыз. №6 билет Балалар комбинаты А. қаласында орналасқан, онда 97 мың адам тұрады. 2014 жылы 2000 бала туылып, 600 тұрғын қайтыс болды. 06.10 -23.10 аралықтағы кезеңде балалар комбинатындағы 7 топтың ішінен 5 ЖІИ-ның жағдайы тіркелді. Оның ішінде 4-де – дизентерия Зонне 2д және 1 жедел гастроэнтерит. Ауырғандар ішінде 3 бала және 2 қызметкер. Балалар бір мезетте 29.09 бастап ауырған, екеуінде Ds: жедел дизентерия Зонне 2д, біреуінде – жедел гастроэнтерит (бак.талдау теріс). Қызметкерлердің аурушаңдығы белсенді түрде жүргізілген медициналық тексеру барысында анықталған. Қызметкерлерді 2 реттік бактериологиялық тексеруден өткізу нәтижелері теріс. Серологиялық зерттеулер: күтүшінің қанында - РПГА дизентериялық диагностикуммен Зонне 2д 1:400++++, тәрбиешіде – 1:800+++. Күтуші 27.09 - 03.10 аралығында ауру себебімен жұмысқа шықпаған, Ds: гипертониялық криз. Ата-аналары мен балалардан сұрағанда ауырған балалар бала бақшаның тағам мәзірінен тыс үйде балық консервісін жеген. Тапсырма: 1 -кезең.Қызметкерлерге байланысты сезімтал ағзаға бағытталған эпидемияға қарсы шаралардың алгоритмін құрыңыз. 2- кезең.Бактериологиялық талдау үшін су құбыры кранынан ауыз су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең.Консервіні органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз 4- кезең.Балалар мен жасөспірімдер дене дамуына антропометриялықзерттеулер жүргізу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. (бой, бас аумағы мен кеуде аумағын өлшеу) 5- кезең. Туу, өлім және табиғи өсім көрсеткішін есептеңіз. Билет №7 Мектепке баратын 14 жасар жасөспірім туберкулезбен ауырды. Тексеру барысында ФД көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілді. Бойы 160см, салмағы 55кг, кеуде аймағы 57 см. Жыныстық жетілу деңгейі Ах1 Р1 V 0.1 L0.1 . Шымкент қаласында коммуналды пәтерде тұрады. Жанұясында анасы мен әкесі (банкте жұмыс істейді), балалар бақшасына баратын інісіне 4 жас 8 ай және 13 жастағы оқушы қарындасы тұрады. Пәтердегі көршілерінде 11 және 14 жасар екі баласы бар; анасы балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. 2014 жылы қалалық туберкулез диспансерінде жаңадан анықталған 4 туберкулез жағдайы тіркелді. 32 науқас «Д» есебінде тұр. Д. қаласында қалалық аурухананың терапевтік бөлімшесіне стационарлы емделуге 8 науқас түсті. Түскен науқастардың қанағуының жылдамдығын анықтауда келесі мәліметтер алынды: 30, 24, 21, 32, 25, 27, 29, 23 см/сек. Стационардан шығу кезінде оларда келесі көрсеткіштер тіркелді: 35, 35, 34, 36, 36, 35, 35, 34 см/сек. Тапсырма: 1- кезең.Жанасқандарға алдын алу және эпидемиясына қарсы шаралар алгоритімін құрыңыз. 2- кезең.Бөлме ауасының температурасы мен ылғалдылығын анықтау бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең.Осы ауруға сәйкес диета тағайындаңыз. 4- кезең. Жасөспірімнің дене дамуын бағалаңыз. 5- кезең. Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткішін есептеңіз. №8 билет Жазда балалар лагерінде сальмонеллез бұрқ етпесі болды. Лагерде 8 топқа бөлінген барлығы -200 бала бар. Тек қана бір топтың балалары ғана түскі астан кейін 1-2 сағаттан кейін ауырды. Барлық топ балалары жалпы асханадан ас ішкен. Ауырған күні серуендеуге кеткен топ түскі асқа кешігіп, тағамды 14-00 сағаттың орнына 17-00 сағатта ішті. Олар түскі аста келесі тағамдардықабылдаған: борщ, қуырылғанжұмыртқа, қызанақ пен қиярдан жасалған салат, нан, тәтті шәй. Бұл топқа арналған түскі ас ас үйінде сақталып, ішер алдында жеңіл түрде жылытылған. Осы лагердегі сальмонеллезбен аурушаңдық көрсеткіштерінің 5 жылдық мәліметтері төмендегідей: Тапсырма: 1 -кезең. Ауруошағын жою шаралар жоспарын құрыңыз. 2- кезең.Химиялық толық талдау үшін су құбыры кранынан ауыз су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең.«Кінәлі» тағамды, аурудың даму себебін анықтап, азық-түлікке органолептикалық зерттеу жүргізіңіз. 4- кезең.БСЛ-дебалаларға тамақтануды ұйымдастыру ерекшеліктерін атап айтыңыз. 5- кезең.Осы лагердегі сальмонеллезбен аурушаңдық көрсеткішін анықтаңыз. №9 билет Асханада жұмыс істейтін 2 аспазшы бір мезгілде ауырған. Қолдарында «күйдіргі карбункулдары» пайда болған. Ауырардан 2 күн бұрын көршілес ауылдан сатып алынған сиырдың етін өңдеген. Малдың иесі Ф. есімді азамат сату кезінде мал дәрігерінің анықтамасын, малды сатуға рұқсат қағазын - куәлігін көрсеткен. Ауру малдың жарты етін асхана сатып алған, екінші жартысын ет сататын дүкен сатып алған. Ет сататын дүкенді тексеру кезінде еттің 30кг сатып жіберілгендігі анықталған. Асхана 2 күнде ауру малдың етінен жасалған тағамдарды таратқан. Қолдарында түйнемелі көр шиқандар пайда болған асхана жұмысшыларының екеуін де облыстық клиникалық аурухананың (ОКА) жұқпалы аурулар бөлімшесіне орналастырды. ОКА-да сонымен қатар хирургиялық және кардиологиялық бөлімшелер бар. №1 қалалық клиникалық аурухананың (ҚКА) құрылымы ОКА-ның құрылымымен бірдей. Кесте. ҚКА №1 және ОКА-дағы бөлімдер бойынша өлгендер мен науқастарды бөлу. Бөлім | ҚКА №1 | ОКА | Науқастар саны | өлгендер саны | Науқастар саны | өлгендер саны | Кардиологиялық | | | | | Хирургиялық | | | | | Жұқпалы | | | | | Барлығы | | | | | Тапсырма: 1- кезең. Ауруошағын жою шаралар жоспарын құрыңыз. 2- кезең.Бактериологиялық талдау үшін топырақ сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең.Етті органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз. 4- кезең.Асхана қызметкерлерін гигиеналық оқыту мен медициналық тексерулеріне қойылатын гигиеналық талаптарбойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 5- кезең.ОКА-да бөлімшелер бойынша өлім көрсеткіштерін анықтаңыз. №10 билет 32 жастағы комбайн жүргізушісі 1,5 ай бойы ауылда астық жинауға көмектесіп, 18 қазанда үйіне оралған. 4 күннен кейін қалтырап, басы ауырған, тамаққа тәбеті нашарлаған, жарыққа, қатты шуға тітіркену әсері болған, іші жиі өткен. Дене қызуы алғашқы 3 күнде 37,5°- 37,8°, 4-ші күні 38,5° жеткен. Іс-сапар кезінде мектеп жатақханасында тұрған, совхоз асханасында тамақтанған, ауыл тұрғындарынан түрлі тағамдар сатып алып жеген, әртүрлі су көздерінен су ішкен, балық аулап, қуырып жеген, көлде шомылған. Ауру адамдармен қатынаста болмаған. Диагностикалық зерттеулерден кейін ²іш сүзегі² диагнозы қойылған. 32 жасар жүргізуші орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасының стационарында әр түрлі аурулармен 18-45 жас аралығындағы 37 науқас емделуде. 18, 20, 23, 44, 19, 32, 24, 39, 29, 32, 23, 32, 45, 32, 28, 26, 39, 42, 36, 42, 19, 27, 44, 18, 32, 33, 45, 27, 30, 32, 36, 20, 36, 32, 24, 34, 32. Тапсырма: 1- кезең. Ауру ошағын жою шаралар алгоритімін құрыңыз. 2- кезең.Зертханалық толық талдау үшін ашық су көзінен су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең.Балықты органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз. 4- кезең. Әмбебап газанықтағыш құралын қолданубойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 5- кезең.Қарапайым вариациялық қатарды құрыңыз. №11 билет Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында әр түрлі диагноздармен 57 науқас стационарда ем алуда. Солардың ішінде 9 науқасқа ЖІИ диагнозы қойылды. Қалада 100 мың адам тұрады, соның ішінде балалар саны 17 мың. 2012 жылы 630 тұрғын қайтыс болды. Балалар бақшасына бармайтын 2 жас 8 айлық баладан жедел ішек инфекциясы анықталды. Бала жиі ауыратын топқа жатады. Жанұясы 4 адамнан тұрады: 4 жасар ағасы - балалар бақшасына барады, анасы - сыра сатушы, әкесі-зауытта жұмысшы. Жанұя мүшелерінің барлығы ауырмаған. Жанұя 3 бөлмелі пәтерде тұрады, оның бір бөлмесінде басқа жанұя тұрады. Онда екі ересек және 2 жасар бала бар. Олардың 2 жасар бөбектер тобына баратын баласында 4 ай бұрын диспепсия болған, ал 2 айдан кейін қайтадан іші өткен. Ас-мәзірі бойынша 2 - таңертеңгілік асқа балалар сүт ішкен. Тапсырма: 1-кезең.Ауру ошағын жою шаралар алгоритмін құрыңыз. 2- кезең.Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша ауыз су сапасын бағалаңыз. 3- кезең.Сүтті органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз. 4- кезең.Баланың толық жасы мен денсаулық тобын және де қандай антропометриялық зерттеулержүргізілетінін анықтаңыз. 5- кезең. Берілген қаладағы арушаңдық және өлім көрсеткішін есептеңіз. №12 билет А. қаласында 153 000 тұрғын бар.. Қаланың сыртында цемент зауыты орналасқан. Зауыттың цехтарында заттарды майдалау кезінде электростатикалық зарядтар пайда болады. ТҚҚБ бақылауы бойынша электрлі статикалық өріс деңгейі ШРЕД-тен бірнеше рет асық. Облыстық клиникалық ауруханасына К. есімді ауру сол зауытта жұмыс жасайды. Науқас 50 жаста, бойы-165 см, салмағы 69 кг, тәуліктік энергия шығыны 3600 ккал. Есеп беру жылында ТТИ-ның 12 жағдайлары тіркелді.Алдыңғы жылдары да ТТИ-ның бірнеше жағдайлары тіркелген. 2000-2012 жылдар арасында ТТИ аурушаңдығын ретроспективті талдау жүргізген кезде келесі мәлімет анықталды: Тапсырма: 1- кезең.Жиынтық халықтың сырқаттанушылығына ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасына талдау жүргізіңіз (берілген мысал бойынша). 2003-2012 жылдар аралығындағы А. қаласындағы жиынтық халықтың ТТИ сырқаттанушылығының ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасы Жылдар | N | А | I | | 152 000 | | 0,66 | | 152 500 | | | | 152 550 | | 1,96 | | 152 600 | | 3,28 | | 152 750 | | 0,65 | | 152 800 | | | | 152 850 | | 2,61 | | 152 900 | | 3,92 | | 152 970 | | 5,23 | | 153 000 | | | 2-кезең.Елді мекеннің атмосфералық ауасын қорғау бойынша шаралар кешенінің алгоритмін құрастырыңыз. 3- кезең.Энергияға, ақуызға, майға, көмірсуға деген қажеттілікті анықтаңыз. 4- кезең. Электростатикалық. өрісті өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 5- кезең. Осы жағдайдағы ТТИ-таралу көрсеткішін анықтаңыз. №13 билет С. қаласындағы тұрғындар саны 230 000, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 60 мың. Есеп беру жылында 1200 адам өлді және іш сүзегі ауруының 6 жағдайы тіркелген, біреуі қайтыс болған. Алдыңғы жылдары да іш сүзегінің бірнеше жағдайлары тіркелген. Қала орталығында клиника-диагностикалық диспансер орналасқан. Сумен қамтамасыз ету жүйесі орталықтандырылған. Онда радиобелсенді изотоптармен жұмыс істейтін радио-изотоптық зертхана бар. ТҚҚБ тарапынан радиациялық бақылау үнемі жүргізіліп отырады. Ағымды санитарлық бақылау кезінде радиациялық фонның нормадан 2 есе асық екені анықталды. Тапсырма: 1- кезең.Жиынтық халықтың сырқаттанушылығына ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасына талдау жүргізіңіз (берілген мысал бойынша). 2003-2012 жылдар аралығындағы С.қаласындағы жиынтық халықтың іш сүзегінің сырқаттанушылығына ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасы Жылдар | N | А | I | | 229 300 | | 0,43 | | 229 400 | | | | 229 500 | | 0,43 | | 229 600 | | | | 229 700 | | 0,43 | | 229 800 | | 0,87 | | 229 850 | | 1,30 | | 229 900 | | 2,17 | | 229 950 | | 1,73 | | 230 000 | | | 2- кезең.Орталықтандырылған сумен қамту жүйесі су құбырының әр бір нүктесінен ауыз су сапасын анықтау бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 3- кезең.Физиометриялық зерттеулер бойыншаөзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. (ӨӨС спирометр арқылы өлшеу) 4- кезең.Дозиметр-радиометр арқылы радиациялық фонды өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 5- кезең.Осы қаладағы іш сүзегінің таралу көрсеткішін есептеңіз. 1- кезең. Эпидемиология №1 билет Тапсырма: Эпидемиологиялық анамнез жинау әдісін көрсетіңіз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Науқасты отырғызып, шағымын, an.morbi, an.vitae, жинағаннан кейін эпидемиологиялық анамнезді сұрауға көшті. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Сұрақ қойды: «Сіз асханалар мен кафелерде тамақтанасыз ба?». | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Сұрақ қойды: «2 күн бұрын не жедіңіз, қай уақытта, неше рет, кім және қайда дайындалған тағам?». Сұрау нәтижесінде диагноз туралы тұжырымдама жасады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. №2 билет Тапсырма: Эпидемияға қарсы шаралардың алгоритмін құрыңыз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда жұқпаның қоздырғыш көзіне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда жұқпаның берілу механизіміне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. №3 билет Тапсырма: Эпидемиологиялық тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізіңіз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың дайындық кезеңін дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда барлаумен қамтамасыз ету бойынша негізгі шараларды жоспарлауды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда барлауды жүргізуді дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. №4 билет Тапсырма: Эпидемиологиялық тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізіңіз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың дайындық кезеңін дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда барлаумен қамтамасыз ету бойынша негізгі шараларды жоспарлауды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда барлауды жүргізуді дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. №5 билет Тапсырма: Эпидемияға қарсы шаралардың алгоритмін құрыңыз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда жұқпаның қоздырғыш көзіне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда жұқпаның берілу механизміне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. Билет №6 Тапсырма: Жанасқан қызметкерлерге қабылдағыш ағзаға бағытталған шаралардың алгоритмін құрыңыз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда жанасқан қызметкерлерге медициналық бақылау дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда қызметкерлерді зертханалық тексеруді дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда қызметкерлерге шұғыл иммунды алдын алу ұйымдастыруды дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. Билет №7 Тапсырма: Жанасқандарға алдын алу және эпидемиясына қарсы шаралар алгоритмін құрыңыз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда жанасқан қызметкерлерге медициналық бақылау дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда қызметкерлерді зертханалық тексеруді дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда қызметкерлерге шұғыл иммунды алдын алу ұйымдастыруды дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин. №8 билет Тапсырма: Ауру ошағын жою шаралар жоспарын құрыңыз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда жұқпаның қоздырғыш көзіне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда жұқпаның берілу механизміне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. №9 билет Тапсырма: Ауру ошағын жою шаралар жоспарын құрыңыз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда жұқпаның қоздырғыш көзіне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда жұқпаның берілу механизміне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. №10 билет Тапсырма: Ауру ошағын жою шаралар алгоритмін құрыңыз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда жұқпаның қоздырғыш көзіне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда жұқпаның берілу механизміне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. №11 билет Тапсырма: Ауру ошағын жою шаралар алгоритмін құрыңыз. Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері № | Қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағасы | | | өте жақсы | жақсы | қанағат | қанағат\з | | Берілген жағдайда жұқпаның қоздырғыш көзіне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда жұқпаның берілу механизміне бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 3,0-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,49-0 | | Берілген жағдайда ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шараларды дұрыс анықтады. | 4,0-3,6 | 3,5-3,0 | 2,9-2,0 | 1,99-0 | | Барлығы | 10,0-9,0 | 8,7-7,4 | 7,1-5,0 | 4,97-0 | Кезең бойынша максималды балл – 10 Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин. Билет №12 Тапсырма: Жиынтық халықтың сырқаттанушылығына ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасына талдау жүргізіңіз (берілген мысал бойынша). 2003-2012 жылдар аралығындағы А. қаласындағы жиынтық халықтың ТТИ сырқаттанушылығына ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасы Жылдар | N | А | I | | 152 000 | | 0,66 | | 152 500 | | | | 152 550 | | 1,96 | | 152 600 | | 3,28 | | 152 750 | | 0,65 | | 152 800 | | | | 152 850 | | 2,61 | | 152 900 | | 3,92 | | 152 970 | | 5,23 | | 153 000 | | | Тәжірибелік дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының |