МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Жедел гломерулонефритте олигурия неден пайда болады?





Курс 3

Стоматология»

 

Құрастырған: м.ғ.к. Рахымбердиев Д.С.

м.ғ.к.Даулетова М.Д.

Ермаханова Ж.А.

 

 

Түркістан 2014-2015 оқу жылы

 

Кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № _____ ______201__ ж.

Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.к.,________ Л.Т.Алимбекова

 

1. Тақырыбы «Жедел гломерулонефрит. Этиологиясы және патогенезі жайлы қазіргі көзқарас. Патогенезінде иммундық тетіктің маңызы. Негізгі клиникалық синдромдар. Бүйрек кызметінің зертханалық-аспапты зерттеу көрсеткіштері. Асқынулары. Емі.»

2. Сабақтың мақсаты:Гломерулонефриттердің диагностикасы, емі және алдын-алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: осы пәнді игеру барысында пререквизиттерден және осы пәннен алған білімін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: презентация жасауды дәлділікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді.

Б2.1 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас орнату және топта жұмыс істеу бойынша коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді.

Б2.2 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ

Білім (когнитивті) домені:

Анализ: Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды біледі.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді, диагноз құрастыруды, науқастың емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.

Б2.3 МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР:

Дағдылар (психомоторлы) домені:

  • Дәлділік: бакалавр дәрежесіне сәйкес гломерулонефриті бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;
  • Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады

4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:

а) базистік білімі бойынша:

1. Қалыпты анатомиядан - бүйректің құрылысы.

2. Қалыпты физиологиядан – бүйректің функциясы.



3. Ішкі аурулар пропедевтикасынан – зәр шығару жүйесі науқастарын зерттеу әдістері.

б) сабақ тақырыбы бойынша:

1. Жедел гломерулонефриттің анықтамасы, этиологиясы.

2. Жедел гломерулонефриттің патогенезі.

3. Жедел гломерулонефриттің классификациясы.

4. Жедел гломерулонефриттің клиникасы (синдромдар).

5. Жедел гломерулонефриттің диагностикасы.

6. Гломерулонефриттердің емі және диетотерапия ерекшеліктері.

7. Гломерулонефриттердің асқынулары, оларды емдеу принциптері, болжамы және диспансеризациясы.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық, проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар). Ауызша сұрастыру, тестілеу, науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы, шағын топта жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, қайта байланыс. ПБО.

6. Қолданылатын әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Калимурзина Б.С. Iшкi аурулар. 2005.

2. Жаманкулов К.Ж. Iшкi аурулар. 2008.

Орыс тілінде:

қосымша:

1. Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005.

2. Моисеев В.С и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008.

3. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни, 1-2 том, 2005.

4. Орлов В.И. Руководство по ЭКГ. - М.: Медицина, 1998.

Тесттер

1. Жедел гломерулонефриттің классикалық үштігіне біреуі кірмейді

а) гипертония

б) лейкоцитурия

в) ісінулер

г) несептің патологиялық тұнбасы

2. Жедел гломерулонефритте бел ауырсынуының себебі –

а) бүйректің ишемиялық инфаркты

б) несеп ағар жүйесінде конкременттердің болуы

в) бүйрек паренхимасындағы апостематозды өзгерістер

г) уродинамика бұзылыстары

д) бүйректердің симметриялы ісінуі

 

Жедел гломерулонефритте олигурия неден пайда болады?

а) түтікшелік реабсорбцияның төмендеуінен

б) фильтрацияның төмендеуінен

в) концентрациялау қызметінің төмендеуінен

 

4. Жедел гломерулонефритке тән емес:

а) несепте лимфоциттердің көбеюі

б) несеп тығыздығының жоғарылауы

в) изостенурия

 

5. Бүйрек амилоидозының ең ерте белгісі –

а) изостенурия

б) гематурия

в) лейкоцитурия

г) цилиндрурия

д) жекеленген протеинурия

 

6. Гломерулонефриттің дамуында интерстицийге және түтікшелерге тікелей зақымдаушы әсер етпейтін фактор -

а) барлығы

б) эритроцитурия

в) трансферринурия

г) протеинурия

д) түтікшелердің қанмен қамтамасыз етуінің нашарлауы

 

7. Қай ауруда Штенгеймер-Мальбин жасушалары несепте анықталады?

а) бүйрек амилоидозы

б) гломерулонефрит

в) миеломды ауру

г) пиелонефрит

д) бүйрек инфаркты

 

8. Жедел гломерулонефриттің дамуында қандай инфекция басты роль ойнайды:

а. алтын тәрізді стафилококк

б. В-гемолитикалық стрептококк

в. пневмококк

г. ішек таяқшалары

д. Барлығы

 

9. Залалданғаннан кейін жедел гломерулонефриттің бүркемелі кезеңі қанша уақытқа созылады:

а. 1 ай

б. 2-3 ай

в. 2-3 апта

г. 2-3 күн

д. 1 жыл

 

10. Гломерулонефрит патогенезіне қатысатын келесі факторлар:

а. базальді мембрананың иммунды қабынуы

б. шумақтардың сүзгіш беттеріне антиген-антидене комплекстерінің жиналуы

в. капиллярлық микротромбтардың құрылуы

г. біреуде сәйкес келмейді

д. барлығы қатысады

 

11. Жедел гломерулонефриттің клиникалық көрінісінде келесі негізгі синдромдар білінеді:

а. несеп

б. гипертензивті

в. ісіну

г. несеп, гипертензивті

д. несеп, гипертензивті, ісіну

 

12. Несеп синдромына тән емес:

а. протеинурия

б. изостенурия

в. гематурия

г. лейкоцитурия

д. цилиндрурия

 

13. Протеинурия симптомының пайда болуы немен байланысты:

а. шумақты капиллярларынан плазмалық белоктың көп өтіп кетуі

б. шумақ капиллярларынан плазмалық белоктың аз өтіп кетуі

в. иммундық комплексінің элиминациясы

г. шумақты капиллярларынан плазмалық белоктың көп өтіп кетуі, шумақшы капиллярларынан плазмалық белоктың аз өтіп кетуі,

д. шумақты капиллярларынан плазмалық белоктың көп өтіп кетуі, шумақшы капиллярларынан плазмалық белоктың аз өтіп кетуі, иммундық комплексінің элиминациясы

 

14. Гломерулонефриттегі гематурия қандай себептерге байланысты дамиды:

а. интерстициальді тканьмен зақымдану

б. бүйрек артериоларының некротикалық қабынуы

в. несеп жолдарының инфекциясы

г. лейкоцитурия

д. барлығы

 

15. Цилиндрурия немен байланысты:

а. арналар дистрофиялық өзгеріске ұшыраған

б. иммундық қабынуға

в. несеп жолдарының инфекциясы

г. лейкоцитурия

д. барлығы

 

16. Гипертониялық синдромды тудыратын:

а. натрий және судық ұсталып қалуы

б. ренин-ангиотензин-альдостерон және адренал жүйелерінің активациясы

в. бүйректің депрессивті жүйе функциясының төмендеуі

г. натрий және судың ұсталып қалуы, ренин-ангиотензин-альдостерон және адренал жүйелерінің активациясы

д. натрий және судың ұсталып қалуы, ренин-ангиотензин-альдостерон және адренал жүйелерінің активациясы, бүйректің депрессорлы жүйе функциясының төмендеуі

 

17. Ісіну синдромына байланысты емес:

а. бүйрек шумақтар функциясының төмендеуі

б. бүйрек шумақтар функциясының жоғарылауы

в. организмде су және натрийдің кідіруі

г. айналымдағы қан көлемінің көбеюі

д. капилляр қабырға өткізгіштігінің жоғарылауы

 

18. Гломерулонефриттегі бел ауырсыну синдромның пайда болу себебі:

а. бүйрек көлемінің ұлғаюы

б. бүйрек көлемінің азаюы

в. шумақтарының некрозға ұшырауы

г. несеп ағарлардағы қабыну процесі

д. ауыру синдромы аса тән емес

 

19. Жедел гломерулонефриттегі қан айналым жетіспеушілігінің себебі:

а. айналымдағы қан көлемінің көбеюі

б. бірден жоғары деңгейіне қан қысымының көтерілуі

в. миокардтың метаболикалық өзгерістерге ұшырауы

г. айналымдағы қан көлемінің көбеюі, бірден жоғары деңгейіне қан қысымының көтерілуі

д. айналымдағы қан көлемінің көбеюі, бірден жоғары деңгейіне қан қысымының көтерілуі, миокардтың метаболикалық өзгерістерге ұшырауы

 

20. Нечипоренко сынамасы арқылы білеміз:

а. шумақшаларының фильтрациялық көлемін

б. несептің салыстырмалы көлемін

в. лейкоцитурия, гематурия және цилиндрурия дәрежесін

г. арнайы реабсорбция көлемін

д. протеинурия көлемін

 

21. Жедел гломерулонефрит асқынуларына жатпайтын:

а. жүрек жетіспеушілігі

б. бүйректік эклампсия

в. бүйрек жетіспеушілігі

г. тыныс жетіспеушілігі

д. Барлығы

 

22. Гломерулонефритті дамытушы стрептококк болып дәлелденгенде, антибиотиктермен емдеу қашан басталуы керек:

а. 3 күн болса

б. 3 ай болса

в. 3 аптадан аспаса

г. мерзімі маңызды емес

д. барлығы

Ситуациялық есеп №1

18 жастағы студент қалтырауға, температурасының көтерілуіне, бел аймағының ауыруына, басым сол жағының, бас ауруына, жиі ауырсынулы несепке баруына, делсалдыққа шағынады. 2 күн бұрын ауылда салқын жаңбыр жауып тұрғанда жұмыс істеуімен байланыстырады.

Объективті: жағдайы орта ауырлықта, тері жамылғылары қалыпты. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары ырғақты, тахикардия, ж.с.с 90 минутына. Пульс кернеуі мен толуы қанағаттанарлық. АҚ 105/70 мм сын. бағ. Тілінде ақ шөгінді бар. Іші жұмсақ, сол несепағар тұсын пальпациялағанда қатаң ауырсыну бар. Қағу симптомы екі жағында оң.

Несеп анализі: бұлыңғыр, қышқыл реакциялы, тығыздығы 1012, белок 0,033 г/л, лейк.- к/а тегіс жапқан, эр. 2-4 к/а.

1. Болжам диагнозды негіздеңіз.

2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Дифференциялық диагнозын жүргізіңіз.

4. Клиникалық диагнозы. 5. Емі.

Ситуациялық есеп №2

54 жастағы инженер-құрылысшы дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, кейде бас айналуы, жалпы әлсіздік. Аурудың басталған уақытын айта алмайды. 40 жасында суықтап ауырған соң несеп анализінде өзгерістер болғанын, бірақ оны бағалап ем қабылдамағанын айтады. Соңғы жыл көлемінде бас ауыруы, бел аймағының ауыруы, әлсіздік үдей түскен. Вирусты инфекциялар жиі, бір рет цистит болған.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі қуқыл, таза. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, жүрек ұшында әлсіз, нәзік систолалық шу. Пульс кернеуі мен толуы қалыпты. АҚ 100/70 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Қағу симптомы теріс.

Қан анализі: эр. 3,6х1012/л, Нв 108 г/л, т.к. 0,9, рет 0,3%, лейк. 5,0х109/л, эоз. 4%, т/я 7%, с/я 66%, лимф. 19%, мон. 4%, ЭТЖ 25 мм/сағ.

Несебінде: сары, қышқыл реакциялы, тығ. 1007, белок 0,066 г/л, лейк. 16-18 к/а, эритр. 1-2 к/а, окс+.

Зимницкий сынамасы: күндізгі диурез 800 мл, түнгі диурез 1200 мл, тәуліктік диурез 2000 мл, тығыздығы 1002-1008.

1. Болжам диагнозы.

2. Тексеру жоспары.

3. Дифференциялық диагнозын жүргізіңіз, клиникалық диагнозы.

4. Емін жазыңыз.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Руководство “Нефрология” 2-х том. Ред. И.Е.Тареева. М.1995. том 1-2. 5-99; 370-377; 331.б.

2. Окороков А.Н. “Диагностика болезней внутренних органов”. М.- 2002 ж.

3. А.Н.Окороков. Руководство. “Лечение болезней внутренних органов”.Т4. Том 2. 475-489, 491-516, 530-552.б.

4. Ф.И.Комаров, Е.В.Гембицкий. т.2. М.Медицина. 1996. 251-283, 339-348.б.

5. Е.М.Тареева. “Клиническая нефрология”. М.Медицина, 1983. т.1-2.

6. Н.А.Лопаткин, Б.М.Крендель. “Клиническая нефрология”. Опухоли почки. 328-355. б.

7. О.И.Яхонтова, Я.М.Рутгайзер, Л.Н.Валенкович. “Дифференциальный диагноз основных синдромов заболеваний внутреенних органов”. Санкт-Петербург, 2002. 64-78.б.

8. “Основы семиотики заболеваний внутренних органов” (атлас).Москва,1997.

9. Внутренние болезни. “Дифференциальная диагностика и лечение”. И.Н.Бокорев, В.С.Смоленский. М.Медицина, 1996 ж., 576 б.

10. Федосеев Г.Б. “Синдромная диагностика внутренних болезней”, 1, т. 3.

11. А.Н.Окороков. “Лечение болезней внутренних органов” 4-томды, 3 т.

 

1. Тақырып: Созылмалы гломерулонефрит. Созылмалы нефриттің этиологиясы және патогенезі жайлы қазіргі көзқарас. Клиникалық жіктелуі: нефротикалық, гипертониялық, гематуриялық, аралас, жасырын түрлері. Созылмалы нефрит кезінде жүргізілетін зертханалық-аспапты зерттеу әдістері нәтижесі. Асқынулары. Емі.

2. Сабақтың мақсаты:Гломерулонефриттердің диагностикасы, емі және алдын-алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: осы пәнді игеру барысында пререквизиттерден және осы пәннен алған білімін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: презентация жасауды дәлділікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді.

Б2.1 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас орнату және топта жұмыс істеу бойынша коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді.

Б2.2 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ

Білім (когнитивті) домені:

Анализ: Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды біледі.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді, диагноз құрастыруды, науқастың емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.

Б2.3 МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР:

Дағдылар (психомоторлы) домені:

  • Дәлділік: бакалавр дәрежесіне сәйкес гломерулонефриті бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;
  • Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады

 

4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:

а) базистік білімі бойынша:

1. Қалыпты анатомиядан - бүйректің құрылысы.

2. Қалыпты физиологиядан – бүйректің функциясы.

3. Ішкі аурулар пропедевтикасынан – зәр шығару жүйесі науқастарын зерттеу әдістері.

б) сабақ тақырыбы бойынша:

1.Созылмалы гломерулонефриттің анықтамасы, этиопатогенезі.

2. Созылмалы гломерулонефриттің классификациясы.

3. Созылмалы гломерулонефриттің клиникасы (синдромдар).

4. Созылмалы гломерулонефриттің диагностикасы.

5. Гломерулонефриттердің емі және диетотерапия ерекшеліктері.

6.Гломерулонефриттердің асқынулары, оларды емдеу принциптері, болжамы және диспансеризациясы.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық, проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар). Ауызша сұрастыру, тестілеу, науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы, шағын топта жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, қайта байланыс. ПБО.

6. Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. А.Н.Окороков. “Диагностика болезней внутренних органов”. М.Мед. 2001. 450-456 б.

2. “Нефрология”. Руководство для врачей. Е.М.Тареева. М.Мед. 2000. 448-453 б; 464-483 б.

3. А.В.Виноградов.” Дифференциальный диагноз внутренних болезней”. М.Москва, 1987. 310-325 б.

4. А.Н.Окороков. Руководство.” Лечение болезней внутренних органов”. Т.2. 522-530 б. Минск. 1996 ж.

5. О.И.Яхонтова., Я.М.Рутгайзер.” Дифференциальный диагноз основных синдромов заболеваний внутренних органов”. С-Петербург, 2002. 348-356 б.

Қосымша:

1. “Руководство по нефрологии”. Д.Ж.Витворт., Дж.Р.Лоренса. М.Медицина, 2000. 402-410 б.

2. Ф.И.Комарова. Руководство. “Диагностика и лечение внутренних болезней”. Т.2. М.Медицина, 1996. 293 б.

3. Г.Б.Федосеев. “Синдромная диагностика внутренних болезней”. 2-ші бөлім, т.4. Санкт-Петербург, 1996. 126-135 б.

4. Калимурзина Б.С. Лекционный материал. Нефротический синдром.

5. Б.И.Шулутко. “Болезни печени и почек”. Санкт-Петербург, 1995. 190-196 б.

 

 

 

8. Тест сұрақтары:

 

1. Гломерулонефриттің созылмалы ағымы немен байланысты:

а. тұрақты инфекция ошағының болуымен

б. базальді мембрана антигендеріне тұрақты антиденелер түзеліп тұруымен

в. артериальдық гипертензиямен

г. барлығы

д. бәрі дұрыс емес

2. Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық варианттарына жатпайтын:

а. бүркемелі

б. гематуриялық

в. гипертониялық

г. абортивті

д. нефротикалық

3. Созылмалы гломерулонефрит активтігінің клиникалық белгілеріне жататын:

а. протеинурия (қалыпты мөлшерінен 10 есе және жоғары) көтерілуі және бейімдеуші фактордан кейін гематурияның пайда болуы

б. клиникалық түрлерінің бір біріне ауысуы

в. 1-2 аптадан 1-2 жыл аралығында бүйректің азот бөлу функциясының біртіндеп төмендеу

г. протеинурия (қалыпты мөлшерінен 10 есе және жоғары) көтерілуі және бейімдеуші фактордан кейін гематурияның пайда болуы, клиникалық түрлерінің бір біріне ауысуы

д. протеинурия (қалыпты мөлшерінен 10 есе және жоғары) көтерілуі және бейімдеуші фактордан кейін гематурияның пайда болуы, клиникалық түрлерінің бір біріне ауысуы, 1-2 аптадан 1-2 жыл аралығында бүйректің азот бөлу функциясының біртіндеп төмендеу

4. Созылмалы гломерулонефриттің диагностикалық критерийлері:

а. тұрақты несеп синдромы

б. 1,5 жылда аса ауруы

в. артериальдік гипертензия + ісіну синдромын

г. 1,5 жылда аса ауруы, артериальдік гипертензия + ісіну синдромын

д. тұрақты несеп синдромы, 1,5 жылда аса ауруы, артериальдік гипертензия + ісіну синдромын

5. Созылмалы гломерулонефрит науқастарына кортикостероидты терапия қолданылады, егер:

а. 2 жылдан аса нефротикалық синдромы болса

б. нефротикалық синдром дамып бара жатса

в. ЖҚЖ (жүйелі қызыл жегі) қосылса

г. нефротикалық синдром дамып бара жатса, ЖҚЖ (жүйелі қызыл жегі) қосылса

д. барлық жауаптар дұрыс

 

5. Нефротикалық синдромның басты белгісі

а) массивті протеинурия

б) лейкоцитурия

в) гематурия

г) цилиндурия

д) бактериурия

6. Нефротикалық синдромдағы гипопротеинемияның себебі не?

а) белоктарды несеппен жоғалту

б) белоктардың плазмадан жасушадан тыс сұйықтыққа өтуі

ішектің ісінген кілегей қабығы арқылы белоктың жоғалтылуы

в) b-глобулиндер синтезінің күшеюі

г) глобулиндер катаболизмінің күшеюі

7. Біреуі нефротикалық синдромның патогенездік еміне жатпайды –

а) диуретиктер

б) цитостатиктер

в) антикоагулянттар

г) глюкокортикоидтар

д) белоктық дәрмектер

8. Нефротикалық синдромның емінде цитостатиктерді қолданбайтын жағдайлар –

а) латентті инфекцияның өршуінде, іріңді ауруларда

б) мембранозды нефритте

в) түйіншелік периартериитте

г) жүйелі аурулардағы нефритте

9. Созылмалы гломерулонефриттің ең жиі клиникалық варианты –

а) латентті

б) гематуриялық

в) нефротикалық

г) гипертониялық

д) аралас

10. СГН-тің нефротикалық түріне тән белгілерді біреуінен басқасы құрайды:

а) микрогематурия

б) 3 г/л артық тәуліктік протеинурия

в) ісінулер

г) СГН-тің 10-20%-да кездеседі

д) гиперхолестеринемия

 

11. СГН-ің келесі түрінде БСШ-ның дамуы міндетті емес –

а) гематуриялық

б) латентті

в) гипертониялық

г) нефротикалық

д) аралас

12. Созылмалы гломерулонефритте шумақтық фильтрацияның төмендеуін келесі сынамамен анықтайды –

а) Реберг-Тареев сынамасы

б) Нечипоренко сынамасы

в) Зимницкий сынамасы

г) Аддис-Каковский сынамасы

д) Амбюрже сынамасы

13. Созылмалы гломерулонефриттің қай варианты рецидивтеуші макрогематуриямен (ІgA-нефропатия) жиі білінеді?

а) мембраналық

б) мезангиопролиферациялық

в) мезангиокапиллярлық

г) шумақтардың минимальді өзгерісі

д) фиброплазияық

14. Созылмалы гломерулонефриттің нефротикалық түріне біреуі тән емес –

а) ауырсыну шогы

б) перифериялық флебо-артериотромбоздар

в) тамыріші шашыраңқы қан ұю синдромы

г) нефротикалық криз

д) бүйрек веналарының жіті тромбозы

ж) жүректің жедел шамасыздығы

15. 46 жастағы науқас оң ортан жілігінің созылмалы остеомиелитімен сыр- қаттанды. Несепте: белок - 0,66 г/л, лейкоциттер – 3-4 к/айм, эритроциттер – көру аймағында бірлі-жарым. Гиалиндік цилиндр бар. Сіздің диагнозыңыз?

а) бүйрек амилоидозы

б) созылмалы пиелонефрит

в) созылмалы гломерулонефрит

г) нефротикалық синдром

д) интерстициялық нефрит

 

Ситуациялық есеп № 1

25 жасар науқас әйел, мамандығы инженер, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: бетінің, аяқтарының ісінуі, басының ауыруы, жалпы әлсіздік, дел-салдық, жүрек қағуы, белінде ауырлық сезу, мезгіл-мезгіл бел аймағында күшті ауырсыну мазалайды.

Анамнезінде: 2,5 апта бұрын фоликулалық ангинамен ауырған. Үйінде жанұялық дәрігермен емделген, 8-ші күні жұмысқа шығарылған. 2 күн бұрын көз алдының ісінуін байқаған, несебі - қызыл түсті болған. Дәрігерге қаралмады, артынша ісіну аяғына дейін тарап, кешке қарай кемімей, несебінің мөлшері азая бастады.

Об-ті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғылары қуқыл, бетінде, аяқтарында және бел айтағында айқын ісінулер. Өкпе үстінде айқын өкпе дыбысы. Аускультацияда везикулалық тыныс, сырылдар естілмейді. ТАЖ 21рет минутына. Жүректің үндері басыңқы, ырғақты.

АҚ 120/80 мм.рт.ст. ЖСЖ 88 рет минутына. Бүйрек аймағында ісінулер байқалады, қағу симптомы «теріс» мәнді. ЖҚА: қалыпты.

ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1021, белок – 4,0г/л, эритроциттер 20-25 көру аймағында, лейкоциттер 6-8 көру аймағында, аздаған гиалин цилиндрлері.

1. Болжам диагноз.

2. Емдеу жоспары

Ситуациялық есеп № 2

 

33 жасар ер адам, мынадай шағымдармен дәрігерге қаралды: сол жақ бүйірінің ауырсынуы және зірінің түсінің өзгеруіне (зәрі қызыл түсті), сонымен қатар артериялық қысымға байланысы жоқ басының ауыруы. Кіші дәретке отырғанды ауырсыну сезілмейді.

Ауру тарихынан: Жоғарыдағы шағымдар соңғы 5 жылдың ішінде 3 рет жедел респитаторлық инфекциядан кейін қайталанған.

Об-ті: Жалпы жағдайы орташа. Тері қабаттары бозғылт, таз, ісіктер жоқ. Өкпесінде везикулалы тыныс, сырыл жоқ. Жүректің ырғағы дұрыс, ЖСС 90 - 1 мин.

АД 135/90 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды.

Тексерулер: ЖҚА: Нв – 110г/л, лейкоциты – 6х109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ.

ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1012, белок – 1,066г/л, эритроциттер 20-25 көру аймағында, лейкоциттер 5-6 көру аймағында, аздаған гиалин цилиндрлері. Креатинин 70 мкмоль/л, шумақ фильтрациясының жылдамдығы 95 мл/мин.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз.

2. Қосымша тексерулер.

3. Ем жоспары.

Ситуациялық есеп № 3

22 жасар науқас әйел К., кітапханашы, терапия бөліміне түсті. Шағымдары: бетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі, шөлдеу, аузының құрғауы, бел аймағында салмақ сезінуі, несеп мөлшерінің азаюы, жалпы әлсіздік.

Анамнезінен: үш жыл бұрын баспамен ауырған соң несебінде белок пайда болған. Несебін қайта-қайта тексергенде белок мөлшері өсе түскен. Беті ісінген соң стационарда емделген. Соңғы жыл көлемінде ісіну аяқтарына, сонан соң беліне тарап, дәрмектерге берілмеген. Соңғы өршуі 2 апта бұрын суықтағаннан соң дамыған.

Объективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері жамылғылары мен кілегей қабаттары қуқыл. Бетінде, бел аймағында, аяқтарында айқын ісіну бар. Өкпесінің төменгі, артқы аймақтарынан әлсіреген везикулалық тыныс негізінде ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары әлсіреген. Пульс саны 70 мин, ырғақты, толуы қанағаттанарлық. АҚ 120/70 мм сын. бағ.

Қан анализінде: эр. 3,7х10/л, Нв 105 г/л, т.к.0,85 лейк. 6,8х1012/л, лейкограммасы өзгеріссіз. ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы белогы 60 г/л, альбуминдер 40%, А/Г 0,66, холестерин 10,1 ммоль/л, мочевина 8‚2 ммоль/л, креатинин 0,10 ммоль/л. Несеп анализі: мөлдір, тығыздығы 1021, реакциясы қышқыл, белок 3,65 г/л, ескірген эритроциттер 5-8 к/а, лейк. 2-3 к/а, гиалинді, түйіршікті цилиндрлер 5-6 к/а, балауыз тәрізді цилиндрлер 2-2 к/а.

1. Клиникалық диагнозды негіздеңіз.

2. Қосымша тексеру жүргізіңіз.

3. Дифференциялық диагнозын жүргізіңіз.

4. Емін жазыңыз.

 

Ситуациялық есеп № 4

 

 

48 жастағы науқас әйел, стационарға мына шағымдармен түсті: іріңді қақырықпен жөтел, физикалық күшке айқын ентігу, беті мен аяқтарында ісіну, бел аймағының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, ішінің кебуі, мезгіл-мезгіл ішінің өтуі, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік: Анамнезінде: 20-22 жасында өкпе туберкулезімен ауырған, сол кезден іріңді бронхит қалған. Соңғы бес жыл бойы несебінде белок табылған. Осы жылы аяқтары мен бетінде ісіну пайда болып, несеп мөлшері азайған.

Объективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тері жамылғылары қуқыл, беті, қабақтары, бел аймағы, аяқтары ісінген. Өкпесінде қорап реңкілі өкпе дыбысы. Тынысы қатаң, құрғақ ысқырған сырылдар, төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар. Т.Ж. 26 мин. Жүректің сол шегі бұғана орта сызығынан 1 см тысқары. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. АҚ 110/90 мм сын.бағ. Пульс саны 82 минут, кернеуі мен толуы қалыпты. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен, жұмсақ, серпімді. Талағы қабырға доғасының деңгейінде, консистенциясы қаттылау. Қағу симптомы екі жағында теріс.

Қан анализі: эр. 3,5х1012/л, Нв 102 г/л, түстік көрсеткіш 0,9, лейк. 6х109/л, лейкограммасында ауытқу жоқ. ЭТЖ 35 мм/сағ. Жалпы белогі 56 г/л, альбуминдер 30%, А/Г- 0,4, холестерин 10 ммоль/л. Несеп анализі: сабан сары, қышқыл, мөлдір, тығыздығы 1008, белок 4,4 г/л, эрит. 3-4 к/а, лейк. 10-12 к/а, түйіршікті гиалинді цилиндрлер 1-3 к/а.

1. Тексеру жоспары.

2. Диагнозды негіздеңіз.

3. Дифференциялық диагнозын жүргізіңіз.

4. Емі.

 

1. Тақырып: Созылмалы пиелонефриттің этиологиясы, патогенезі. Зәр шығару қызметінің бүзылуының маңызы. Клиникасы. Зертханалық-аспапты диагностика. Асқынулар. Емі.

2. Сабақтың мақсаты:Пиелонефриттің диагностикасы, емі және алдын-алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: осы пәнді игеру барысында пререквизиттерден және осы пәннен алған білімін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: презентация жасауды дәлділікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді.

Б2.1 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас орнату және топта жұмыс істеу бойынша коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді.

Б2.2 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ

Білім (когнитивті) домені:

Анализ: Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды біледі.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді, диагноз құрастыруды, науқастың емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.

Б2.3 МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР:

Дағдылар (психомоторлы) домені:

  • Дәлділік: бакалавр дәрежесіне пиелонефриті бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;
  • Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады

I.

4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:

а) базистік білімі бойынша:

1. Қалыпты анатомиядан - бүйректің құрылысы.

2. Қалыпты физиологиядан – бүйректің функциясы.

3. Ішкі аурулар пропедевтикасынан – зәр шығару жүйесі науқастарын зерттеу әдістері.

б) осы тақырып бойынша:

1. Жедел және созылмалы пиелонефриттің анықтамасы.

2. Жедел және созылмалы пиелонефриттің этиологиясы, патогенезі.

3. Жедел және созылмалы пиелонефритің клиникалық көрінісі.

4. Жедел және созылмалы пиелонефриттің диагностикасы.

5. Бүйрек ұстамасы кезіндегі шұғыл көмек.

6. Бүйрек ұстамасы тыс уақытта созылмалы пиелонефритті емдеу принциптері.

7. Созылмалы пиелонефрит нәтижесінде дамыған созылмалы бүйрек шамасыздығы.

8. Жүктіліктің созылмалы пиелонефрит барысына әсері.

9. Жедел және созылмалы пиелонефриттің алдын-алу, науқастарды динамикалық бақылау.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық, проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар).

ауызша сұрастыру, тестілеу, науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы, шағын топта жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, қайта байланыс. ПБО.

6. Қолданылатын әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Калимурзина Б.С. Iшкi аурулар. 2005.

2. Жаманкулов К.Ж. Iшкi аурулар. 2008.

Орыс тілінде

қосымша:

1. Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005.

2. Моисеев В.С. и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008.

3. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни, 1-2 том, 2005.

4. Орлов В.И. Руководство по ЭКГ. - М.: Медицина, 1998.

7. Тест сұрақтары:

1 - вариант

1. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі инфекцияның ену жолдары:

а) урогенді (жоғарылау)

б) гематогенді

в) аралас

г) барлығы дұрыс

д) дұрыс жауап жоқ.

2. Созылмалы пиелонефритпен сырқат науқастарда жиі кездесетін шағымдар:

а) бас ауыруы

б) бел аймағындағы ауырсыну

в) полиурия

г) әлсіздік

д) барлығы

3. Созылмалы пиелонефритке тән ауыру сезімінің белгілері:

а) ауырсынудың ассиметриялы болуы

б) жайсыздық, ауырлық сезімінің болуы

в) ауырсынудың қабырға асты аймағына берілуі

г) а,б

д) а,б,в

4. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі несеп синдромына тән белгі:

а) барлығы дұрыс

б) лейкоцитурия.

в) бактериурия.

г) протеинурия.

д) гипостенурия.

5. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі анемияның себептері:

а) уремиялық гастрит.

б) бүйректің эритопоэздік қызметінің төмендеуі.

в) сүйек кемігіне уремиялық токсиндердің әсер етуі.

г) тамырішілік гемолиз.

д) барлығы дұрыс.

6. Пиелонефриттің дамуына әсер етуші факторлар:

а) несеп ағардың таралуы мен бүгілулері.

б) нефроптоз.

в) зәр шығарушы жолдардың аномалиялары.

г) зәр шығару жолдарына сырттан қысым түсуі.

д) барлығы.

7. Пиелонефриттің қоздырғыштары:

а) аталғандардың барлығы.

б) энтерококк.

в) протей.

г) стафилококк, стрептококк.

д) ішек таяқшасы.

8. Жедел пиелонефриттің клиникалық белгілері:

а) ауырсыну сезімі.

б) лейкоцитурия.

в) дене температурасының жоғарылауы,

г) а,б.

д) а,б,в.

9. Созылмалы пиелонефриттің ең жиі түрі:

а) жасырын (латентті).

б) гематуриялық.

в) гипертониялық.

г) нефротикалық.

д) аралас.

10. Пиелонефритте зақымдалады:

а) бүйрек шумақтары

б) бүйрек түбегі

в) қуық

г) несеп ағар

д) несеп шығару жолы

 

2 - вариант

1. Созылмалы пиелонефриттің активті фазасының симптомдары:

а) тұрақты ауырсыну сезімі

б) дизурия

в) гектикалық температура

г) а,б

д) а,б,в.

2. Пиелонефритке артығырақ тән:

а) протеинурия

б) гематурия

в) лейкоцитурия және бактериурия

г)цилиндрурия

д) глюкозурия

3. Жедел пиелонефритте қандай зерттеулердің диагностикалық маңызы бар?

а) несеп анализдері

б) шолулық урография

в) пневморен

г) пиелография

д) цистоскопия

4. Созылмалы пиелонефриттің латентті өтетін сатысында қандай зерттеулердің маңызы бар?

а) Зимницкий сынағы

б) экскреторлық урография

в) Нечипоренко әдісімен несепті зерттеу

г) Аддис-Каковский әдісімен несепті зерттеу

д) барлығы дұрыс

5. Екіншілік пиелонефрит қандай жағдайларда дамиды?

а) қатты суықтағанда

б) жоғарылаушы инфекцияларда

в) шаршағанда

г) дұрыс тамақтанбағанда

д) уланғанда

6. Созылмалы пиелонефритті емдеуге қандай дәрілік зат қолданылмайды:

а) антибиотиктер

б) нитрофуран тобы

в) кортикостероидтар

г) сульфаниламидтер

д) фторхинолондар

7. Созылмалы пиелонефритке тән емес:

а) пиурия

б) протеинурия

в) гематурия

г) цилиндрурия

д) лейкоцитурия

8. Созылмалы пиелонефриттің ағымы бойынша жіктелуі:

а) жасырын (латентті), қайталамалы, үдемелі

б) қайталамалы, баяу үдемелі, жылдам үдемелі

в) жедел, созылмалы, жеделдеу

г) барлығ дұрыс

д) дұрыс жауап жоқ

9. Пиелонефриттің пайда болуына жағдай туғызатын факторлар:

а) қуық-несепағар (везико-уретральды) рефлюкс

б) суықтау

в) бүйректен несеп пассажының және веналық қанның ағымының бұзылысы

г) бактериурия

д) көрсетілгендердің барлығы

10. Созылмалы пиелонефритте тағайындалатын диета №:

а) 1

б) 3

в) 5

г) 7

д) 9

 

Cитуациялық есеп №1

37 жастағы әйел бел аймағының ауырсынуына және кіші дәретінің жиіленуіне шағымданады.

Анамнезінде: 5 жыл бұрын босанғаннан кейін қызба мен бел аймағының ауыруы және дизуриялық шағымдары мазалап ауырып емделген.

Объективті:жалпы жағдайы орта ауырлықты. Тері жамылғысы және көзге көрінетін кілегей қабықтары таза, бозғылт.Температура 370С. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырыл жоқ, ТАЖ -18 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 130/80 мм.с.б. жсс 84 рет минутына. Қағу симптомы бел аймағында екі жақты оң мәнді. Жалпы қан анализінде: лейк – 6,1мың, СОЭ – 20 мм/сағ. Жалпы несеп анализі: салыстырмалы тығыздығы -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер көру алаңында көп, эритроциттер – сілтіленген, өзгеріссіз 3- 5 к.а. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин жасушалары анықталады.

Сұрақ:

1. Сіздің диагноз?

2. Емдеу әдісі?

 

Жауап:

1) Созылмалы екі жақты пиелонефрит, өршу сатысы

2) 1. Диетатерапия

2. антибактериялық препараттар

3. бүйректің дренаждық функциясын жақсарту

4. антиагреганттар

5. антикоагулянты

6. иммуномодуляторы

7. физиотерапия

8. симтомдық терапия

 

Cитуациялық есеп №2

24 жастағы Ж.есімді науқасты бас ауыруы, шөлдеу, құсу, жүрек айну, мұрыннан қан кету, тәбетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік мазалайды.

Анамнезінде: Созылмалы пиелонефритпен 10 жылдан бері сырқаттанады.

Объективті: науқастың жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт, теріде қасу іздері байқалады. Аяқтарын қарағанда балтырының жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін ісінулер байқалады. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. АҚҚ - 180/100 мм.с.б. ЖСС - 100 рет/мин. Қағу симптомы бел аймағында екі жақты оң мәнді. Жалпы қан анализінде: Нв–96 г/л, эрит –2,8 млн., лейк-8,2 мың., ЭТЖ -35 мм/сағ, мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л. Несеп анализі: салыстырмалы тыығыздығы-1005, белок - 4,5 г/л, лейкоцит – 8-12 к.а., эрит – 20-25 к.а.. Бүйрек УДЗ: бүйректің тостағанша-табақша жүйесі деформацияланған, тығызданған, қалыңдаған.

Сұрақ:

1. Науқаста қандай асқыну дамыды?

2. Сіздің емдеу әдісіңіз?

Жауап: 1) Созылмалы екі жақты пиелонфрит өршу сатысы. Нефротикалық синдром. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, азотемия кезеңі 11А.

2) 1. Диетатерапия

2. Артериялық гипертонияның емі (бета-адреноблокатор, АПФ ингибиторлары, кальций антогонисттері)

3. Жүрек шамасыздығы емі (жүрек гликозидтері)

4. Анемияның емі 5.Ренальді остеодистрофия емі (карбонат кальций, гиперфосфатемияны төмендету мақсатында) 6. гемодиализ.

 

1. Тақырып: Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің этиологиясы, патогенезі жайлы қазіргі көзқарас. Клиникалық жіктелуі. Диагностикалық белгілері. Зертханалық-аспапты зерттеу әдістері. Емі.

2. Сабақтың мақсаты БСШ-ның даму себептерін анықтау, адекватты тексеру жоспарын, сатылары бойынша емін жүргізу және дәрігерлік тактика дағдыларын меңгеріп, білімін жетілдіруі.

3. Оқыту мақсаты:

Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: осы пәнді игеру барысында пререквизиттерден және осы пәннен алған білімін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: презентация жасауды дәлділікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді.

Б2.1 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас орнату және топта жұмыс істеу бойынша коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді.

Б2.2 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ

Білім (когнитивті) домені:

Анализ: Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды біледі.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді, диагноз құрастыруды, науқастың емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.

Б2.3 МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР:

Дағдылар (психомоторлы) домені:

  • Дәлділік: бакалавр дәрежесіне сәйкес гломерулонефриті бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;
  • Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады

 

4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:

Базалық пәндер бойынша:

  • Анатомия және физиология курсынан—бүйректің анатомия-физиологиялық ерекшеліктерін, нефронның құрылымы және функциясы;
  • Патофизиология курсынан—БСШ даму сатыларын, БСШ кезіндегі дизурия өзгерістерінің механизмін; су-электролиттік бұзылыстар механизмін, азот қалдықтарының жиналу механизмі;
  • Патанатомия курсынан—нефронның морфологиялық өзгерісін, нефросклероздың дамуын;
  • Ішкі аурулар пропедевтикасынан—бүйрек аурулары бар науқастарды тексеру тәсілдері.

Б. Сабақтың тақырыбы бойынша:

  • Бүйрек қызметін бағалауда қан сары суындағы креатинин мөлшері, Зимницкий тәсіліндегі зәрдің салыстырмалы тығыздығы.
  • СБЖ үдеуін баяулатудағы терапиялык тәсілдер: артериалды гипертензияны реттеу (диуретиктер + АПФ ингибиторлары), гиперпаратиреоздың алдын-алу, белок пен фосфатты қолдануды шектеу, қан сары суындағы фосфат концентрациясын төмендету мақсатында кальций ацетатты тағайындау, су-электролит тепе-теңдігін, ацидозды, гиперлипидемияны, анемияны реттеу.
  • Нефротоксикалық дәрілерді алып тастау (аминогликозидтер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, алтын препараттары, гидралазин, пеницилинамин, рентгеноконтрастты препараттар).

Қосымша

  • БСШ анықтамасы;
  • БСШ этиологиясы және патогенезі;
  • клиникасындағы жетекші синдромдар;
  • БСШ-ның даму механизміне байланысты клиникалық ерекшеліктері;
  • бүйрек шумақшаларының зақымдануынан (соз.гломерулонефрит,жеделдеу гломерулонефрит) болған БСШ;
  • бүирек түтікшелерінің және интерстициінің зақымдануынан (соз.пиелонефрит,интерстицилік нефрит) болған БСШ;
  • бүйректің тум ақауларынан (поликистоз,бүйрек гипоплазиясы, Альпорт синдромы, Фаноки синдромы т.б.) болған БСШ
  • зат алмасу бұзылысынан (ҚД, амилоидоз, подагра, цистиноз) болған БСШ.
  • БСШ-ның жіктемесі
  • БСШ-ның диагноздық критерийлері.
  • БСШ-ның тексеру және емдеу жоспары (БСШ кезіндегі РОД , анемияны ,АГ-ны емдеу).
  • Гемодиализ көрсетпелері және қарсы көрсетпелері.
  • Бүйрек трансплантациясы.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық). Ауызша сұрастыру, тестілеу, науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы, шағын топта жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар

6. Қолданылатын әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

негізгі:

3. Калимурзина Б.С. Iшкi аурулар. 2005.

4. Жаманкулов К.Ж. Iшкi аурулар. 2008.

Орыс тілінде:

қосымша:

5. Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005.

6. Моисеев В.С и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008.

7. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни, 1-2 том, 2005.

8. Орлов В.И. Руководство по ЭКГ. - М.: Медицина, 1998.

Тест сұрақтары:

1. БСШ-ның ең ерте белгісі:

а) несепте белок деңгейінің жоғарылауы;

б) несептің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі;

в) шумақтық фильтрацияның төмендеуі;

г) креатинин деңгейінің жоғарылауы;

д) мочевина деңгейінің жоғарылауы;

2. Терминальді БСШ –ғы уремиялық перикардитте дамитын ерте белгілері :

1) тахикардия;

2) дене қызуының жоғарылауы;

3) жүрек тұсының ауырсынуы;

4) перикард қуысына геморрагиялық сұйықтықтың жиналуы;

5) перикард үйкеліс шуы;

а) 1,3,5.

б) 2,3,4.

в) 1,3,4.

3. БСШ-ғы геморрагиялық синдромның белгілері:

1) гиперкалиемия;

2) тромбоцитопатия;

3) ІV фактор,тромбоциттердің азаюы;

4) тромбоцитопения;

5) протромбиннің азаюы;

а) 1,2,3.

б) 2,4,5.

в) 2,3,4.

4. БСШ-да дамитын анемияның себептері:

а) гемолиз;

б) фолий қышқылының жетіспеуі;

в) темірдің жетіспеуі;

г) осылардың барлығы;

д) эритропоэтиннің тапшылығы;

5. БСШ-ғы терінің қоңырлануы және сарғыштануы байланысты:

а) урохромдар бөлінуінің бұзылысына;

б) тікелей билирубин деңгейінің жоғарылауына;

в) тікелей емес билирурин деңгейінің жоғарылауына;

г) билирубин конъюгациясының бұзылысына;

д) билирубин секрециясының бұзылысына;

6. БСШ –ғы сүйектік аппараттың өзгерістері:

1) остеопороз;

2) гиперостоз;

3) остеосклероз;

4) остеомаляция;

5) остеодистрофия;

а) 1,2,3.

б) 2,3,4.

в) 1,4,5.

7. БСШ –ның терминальді сатысына тән шумақтық фильтрацияның деңгейі:

а) 40 мл/мин.

б) 15 мл/мин.

в) 30 мл/мин.

г) 20 мл/мин.

8. БСШ-ның ауырлық дәрежесін анықтау үшін мына көрсеткіштердің біреуі қажетсіз :

а) қышқыл-сілті жүйе көрсеткіштері ;

б) қандағы креатинин деңгейі;

в) ШФ-ның көлемі ;

г) анемияның ауырлығы;

д) ісіну синдромының ауырлығы;

9. БСШ-да қолданылмайды:

а) калий сақтаушы диуретиктер;

б) эритропоэтин;

в) анаболиктік го





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.