емдеу мекемесіне тасымалдау. 1)науқастың жағдайын үнемі қадағалаңыз. Ескерту: 1)Криз кезінде артериялық қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады, емдеу мекемесіне тасымалдау. 2)дәрілік заттарды артериялық қан қысымын қадағалай отырып енгізіңіз! Манипуляция – Өкпеге топографиялық перкуссия жасау әдісін көрсетіңіз. Диагностикалық мәні. Өкпенің топографиялық перкуссиясы- өкпенің жоғарғы ұшын анықтау (өкпенің жоғарғы шекарасы), Кренинг кеңістігінің ені; Мақсаты: өкпе шекараларын анықтау. Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, қатерлі ісік, ателектаз, өкпе инфаргі, экссудативті плеврит, гидроторакс, гемоторакс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абсцесс, өкпе туберкулезі; Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ Асқынулары: жоқ Керекті заттар:сабын, бір реттік сүлгі, орындық. Жасап көрсету реті: 1. Бөлме жылы және тыныш болу керек. 2. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болу керек. 3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз. 5. Тексерулішінің алдында тұрыңыз. Өкпенің жоғарғы ұшын алдынан анықтаңыз (өкпенің жоғарғы шекарасы). 1. Қалақша саусақты бұғанаға параллель қойыңыз. 2. Бұғана ортасынан бастап жоғары қарай бәсең перкуторлы дыбысқа дейін перкуссия жасаймыз. 3. Анық дыбыс естілген жерін белгілейміз. 4. Кейін тексерулішінің артына тұрыңыз. Өкпенің жоғарғы ұшын артынан анықта (өкпенің жоғарғы шекарасы) 1. Қалақша саусақты жауырын үсті ойыққа қойыңыз. 2. Қалақша саусақты жоғары жүргізе отырып, VII мойын омыртқаның тұсынан 3-4 см сыртқа орналасқан қарай перкуссия жасаймыз. Кренинг кеңістігінің енін анықтау. 1.Трапеция тәрізді бұлшық етке қалақша саусақты көлденеңнен қойыңыз және алдымен жоғары қарай ,кейін сыртқа қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасаңыз. 2. Анық дыбыстан тұйық дыбысқа ауысқан жердегі нүктелердің арасын сантиметрмен өлшеңіз. Ескерту: 1. Өкпенің жоғарғы шекерасы алдынан – қалыпты жағдайда- 3-4см. 2. Өкпенің жоғарғы шекарасы артынан- VII мойын омыртқаның өсіндісінің тұсына сәйкес келеді 3. Крениг кеңістігінің ені қалыпты жағдайда – 4-7см. Сол жақта бұл аймақ , оң жақа қарағанда 1-1,5см артық. 4. Крениг кеңістігінің азаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының төмендеуі – өкпе ұшының солуы кезінде, туберкулез кезінде анықталады. 5. Крениг кеңістігі ұлғаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының жоғарылауы – өкпе эмфизема ауруында, бронх демікпесінің ұстамасы кезінде анықталады. Жедел көмек: Стенокардия кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету Мақсаты:ауырсыну ұстамасын басу Көрсеткіші:стенокардия ұстамасы. -ауру сипаты: қысып, күйдіріп, жаншып. -пайда болу шарттары:физикалық және эмоционалық күш түскенде, тыныштықта және ұйқы кезінде, ЖИА вазоспастикалық түрінде және созылмалы ЖИА ұзаққа созылған түрінде . -Ұзақтығы - 2-15 минут. - Орны: төс сүйегінің артында ,сол қолға, (сирек оң қолға), мойынға, жақ астына, иыққа,сол жақ жауырынға. Қарама –қарсы көрсеткіштері: Мүмкін болатын асқынулары: Қажетті заттар: лоток, дәрілік заттар, этиль спирті 700,нитроглицерин таб. 0,0005, нифидепин таб.10 мг, корвалол (валокордин)- тамшылар,қыша қағаздары . Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасты тыныштандыру, корвалол (валокордин) беру — 30-40 тамшы ішке. 2. Кеуде тұсының ауырсынуын жою қажет. 3.Дәрігердің келуіне дейін үйдегі тыныштандыратын (валериана),алдандыратын ( ауырсыну орнына қыша қағазын қою) дәрілерді беру. 4. Тіл астына ниттроглицерин беру (1 таблетка немесе 1% ертіндеден 1-2 тамшысын қантқа, валидолға тамызып беру. 5. Көмектеспеген жағдайда 2-3 минуттан кейін қайталап нитроглицерин 0,0005 мг таблеткасын тіл астына беру. 6.Нитроглицеринді 5-10 минут сайын екі – үш рет қайталап беру көмектеспесе тез жедел жәрдем шақыру керек, , 1% ертіндіден 3-10 тамшысын тіл астына тамызу керек немесе нитроглицеринді ауыз қуысына 3 ретке дейін шашу керек. Вотчал 3-15 тамшы тіл астына -нифидепин 10 мг ( 1 драже) тіл астына. 7. Ем нәтижесіз болса,10 мин бойына промедол 1-2% - 1 мл ерітіндісшн т/а ,омнопон 1-2 % - 1 мл ерітіндісін т/а Ескерту: -егер 10 мин нәтиже болмаса, науқас жағдайы ангинозды статус ретінде бағаланады.Бұл миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Манипуляция - Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтауды жасап көрсетіңіз. Мақсаты:дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау. Көрсеткіші:крупозды пневмония, экссудативті плеврит,өкпе эмфиземасы,бронх демікпесі, абсцесс, өкпе туберкулезі, пневмоторакс. Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ. Асқынулары: жоқ Керекті заттар: сабын, бір реттік сүлгі. Жасап көрсету реті: -Бөлме жылы және тыныш болуы керек.. -Тексерушінің қолы жылы ,тырнағы алынған болуы керек. -Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз. -Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз. -Тексерілушінің алдында тұрыңыз. -Алақаныңызды кеуде қуысының оң және сол бөлігінің симетриялы жеріне қойыңыз-алдынан 111 қабырғаға дейін. -Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаған кезде науқас сөзді қатты айтуы керек. -Науқастан «Р» әріпі бар сөзді айтуын сұраймыз, мысалы «трактор», «қырық төрт». -Кейін науқастан арқамен бұрылуын сұраймыз. -кеуде қуысының артынан алақаныңызды жаурын үстіне ,жаурын ортасына 2 рет, жаурын астына қойыңыз. -. Тағыда науқастан «Р» бар сөзді айтуын сұраңыз, мысалы «трактор», «қырық төрт». -Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаңыз. Ескерту: -Дауыс дірілінің өткізгіштігі дауыстың тембрына және кеуде қуысынығ қалыңдығына ғана емес дауыс дірілінің өткізгіштігі өзгертетін өкпедегі патологияға да байланысты. Өкпенің белгілі бөлігінде тығыз орта болса (мысалы,сұйықтық, қабыну ошағы, қысылған өкпе) дауыс өткізгіштігі күшейеді. -Дауыс дірілінің өткізгіштігі азаяды немесе жойылады-плевра қуысына ауа немесе сұйықтық толғанда, плевра ісіктерінде. --Дауыс дірілінің өткізгіштігі өкпенің барлық үстінен беркелкі әлсіреген өкпе эмфиземасында. --Дауыс дірілінің өткізгіштігі күшейді, егер өкпеде ірі ошақты тығыздалу болса,және өкпе ұлпасында ауа азайса, мысалы крупозды пневмонияда, өкпе инфарктісінде,толық емес компрессионды ателектазда, өкпеде қуыс пайда болғанда, ( абсцесс, туберкулезді кавернада), егер қуыс үлкен болып ірі брохымен жалғасса және айналасында тығыздалған өкпе ұлпасы болса. --Дауыс дірілінің өткізгіштігі жойылады-өкпе ұлпасы солғанда (толық ателектаз) брох қуысы толық пітелгенде,мысалы,ісікпен немесе ұлғайған лимфа түйіндерімен қысылғанда Жедел көмек Миокард инфарктісі кезінде дәрігерге дейінгі көмек Мақсаты:ауру сезімін басу ; Көрсеткіштері: ОКС, инфаркт миокард; Қарама- қарсы көрсеткіш: жоқ Асқынулары:жедел өкпе текті жүрек, кардигенді шоқ, қарыншалардың фифриясиясы Қажетті заттар: сабын,бір рет қолданылатын сүлгі, ақ жаймалар,кушетка,адам фантомы,танометр,фанендоскоп,оттегі жастықшасы,қысқыш, марлы салфеткасы,таблетка нитроглицерин,аспирин, анаприлин таблеткасы, стакан суымен, изотоникалық натрий хлориді,дәрілердің ерітінділері: фентанил 0,005% –2мл, промедол 2% -1-2мл, дроперидол 0,25%-1-2мл, cтрептокиназа- 1500000ЕД, гепарин- 5000ЕД, лидокаин 2%-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, дофамин 4% – 5мл (200мг), 400,0 мл реополиглюкин немесе 5% глюкоза ерітіндісі, верапамил 5-10мг, АТФ 1-2мл 1% ерітіндісі,қол муляждары,ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив,пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 70%, лейкопластырь, бір реттік қолданылатын қолғап, бір реттік қолданылатын щприцтер-5 мл, 10 мл. Іс- әрекет алгоритмі : 1. Науқасты жайлы жатқызыңыз 2. Толық физикаалық және психикалық жағынан тыныштандырыңыз; 3. Қысып тұрған киімдерін босатыңыз; 4. Таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз; 5. Тез арада дәрігерді шақырыңыз; 6. Аспириннің 0,25-0,35 г беріңіз; 7. Оксигенатерапия 8. Инъекцияға арналған дәрілерді дайындаңыз; Дәрігердің тағайындауы бойынша: 1) анаприлин 10-40мг тіл астына ; нейролептоанальгезия: 2)фентанил 0,005%–1мл + дроперидол 0,25%-1- до 4мл –ді 10мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі немесе морфин1%1мл + дроперидол 0,25%-1-мл,10 мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға; 3) стрептокиназа 700 000-1500000ЕД 200 мл –ден изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға тамшылатып енгізу. 4) гепарин- 5000ЕД к/т тездетіп, кейін сағатына 100 ЕД к/т тамшылатып Ескерту: Кеуде клеткасының түрін анықтауды көрсетіңіз Қалыпты жағдайдағы кеуде клеткасының түрлері: Нормостеникалық (коникалық) кеуде клеткасы.(нормостениялық дене бітімі бар адамдарда) формасы кесілген конусқа ұқсайды, негізі жақсы жетілген иық бұлшық ет түзілген және жоғары бағытталған. Алдыңғы артқы (төс омыртқасы) өлшемі бүйір өлшемінен кішірек, бұғанаойыға аз бөлінеген. Төстің денесімен сабы арқыла түзілген бұрыш анық көрінеді. Эпигастр бұрышы 90 градус қабырғалар қиғаш орналасқан. Жауырындар бір деңгейде орналасады. Дененің кеуде бөлігін ұзындығы іш бөлігінің ұзындығына тең. Гиперстеникалық кеуде клеткасы ( гиперстеникалық дене бітімі бар адамда) цилиндр формасына ұқсас. Алдыңғы артқы өлшемі бүйір өлшеміне сәйкес, бұғана үсті ойығы жоқ, тегістелген төстің денесі мен сабымен қиылысқан бұрыш аз бүлінген. Эпигастральді бұрыш 90 градус жоғары. Бүйіріндегі қабырғалар бағыты горизантальді бағытқа сәйкес ұқабырға аралық кеңістік азайған, кеуде бөлігі іш бөлімінен кіші. Астеникалық кеуле клеткасы(астеникалық дене бітімі бар адамдарда) жіңішке, ұзын. Алдыңғы артқы өлшемі мен бүйір өлшеміне тең. Бұғана үсті және бұғана асты ойығы ашық көрінген. Төстің денесімен сабымен біріккен бұрыш жоқ. Эпигастральді бұрыш 90 градус төмен. Бүйір қабырғалары вертикальді бағытта орналасқан. Х қабырға төске бекімеген, қабырға аралық кеңістік кеңіген. Жауырын қанат тәрізді кеуде клеткасынан алыстаған бел аймағы бұлшық ет аз дамиған, иығы түсінік, кеуде бөлімі бөлімінен үлкен. Манипуляция- Жүрекке перкуссия жасау әдісін жасап көрсетіңіз. Диагностикалық мәні; Мақсаты: жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау; Көрсеткіші: жүрек аурулары; Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ; Асқынулары: жоқ; Керекті заттар: сабын,бір реттік сүлгі,кушетка,төсек жаймалары; Іс-әрекет алгоритмі: 1) Бөлме жылы және тыныш болу керек; 2) Тексерушінің қолы жылы,тырнағы қысқа алынған болуы керек; 3) Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз; 4) Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз; 5) Науқастың оң жағында тұрыңыз; 6) Перкуссияны қабырғааралық бойынша ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай жүргізіңіз; 7) Жүректің үш шекарасын анықтаңыз; 8) Перкуссияны науқастың жағдайына байланысты отырғызып,тұрғызып,жатқызып жасайды;. Жүректің оң жақ шекарасы: Оң жақ өкпенің төменгі шекарасын бұғана орта сызығымен VI қабырғаға дейін анықтаңыз; 1) Қалақша саусақты табылған шекарадан бір қабырғааралық жоғары қойып,анықтайтын шекараға паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз (қ.ж IV қабырғааралық); 2) Қалақша саусақты төске қарай жылжыта отырып,тұйықталған дыбыс пайда болғанша тыныш перкуссия жүргізіңіз; 3) Саусақты анық дыбыс естілген жағынан белгілеңіз.Бұл жүректің салыстырмалы оң жақ шекарасы; Жүректің сол жақ шекарасы: 1) Пальпация арқылы жүрек соғысын анықтаңыз; 2) Жүрек соғысы анықталған қабырғааралықпен (V қабырғааралық) алдыңғы қолтық сызығына қалақша саусақты паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз 3) Қалақша саусақты V қабырғааралық бойынша алдыңғы қолтық сызығына қиғаш қойып,анық дыбыстан бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз; 4)Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің сол жақ шекарасы; Жүректің жоғарғы шекарасы: 1) Қалақша саусақты II қабырғааралыққа көлденең қойып,төстің сол жақ шетінен 1 см сыртқа қойып,төмен қарай анық дыбыс бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз; 2) Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің жоғарғы шекарасы; 1) Жүректің оң жақ шекарасы-қалыпты жағдайда IV қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен 1-1,5 см сыртқа; 2) Жүректің сол жақ шекарасы-қалыпты жағдайда V қабырғааралықта 1-1,5 см ішке сол жақ бүғана орта сызығынан; 3)Жүректің жоғарғы шекарасы-III қабырғааралық тұсында; Жедел көмек Жүрек демікпесі кезінде дәрігерге дейінгі көрсетілетін медициналық көмек Мақсаты: Өкпе ісінуіне өтуіне мүмкіндік бермеу; Көрсеткіші: кенеттен ентігк,әлсіздік,суық тер басу,мазасыздық,беті көкшіл,тыныс алу қиын,кеудесінде бұрқылдаған сырыл естіледі; Қарама-қарсы көрсеткіштері: жоқ; Асқынулары: өкпе ісінуі; Керекті заттар: оттегі,система, жгут, шприцтер, стерильді мақталар,марлі,лоток,дәрілік препараттар, этиль спирті 700. Іс-әрекет алгритмі: 1.Дәрігер шақырыңыз; 2.Таза ауамен қамтамасыз ету; 3.Науқастың қысып тұрған киімін шешу; 4. Науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызыңыз (арқасын тіреп отыру үшін жастық қойыңыз); 5.Резиналы баллон арқылы аузынан шырыш пен көпіршікті сорып алыңыз; 6.Тіл астына нитроглицерин таблеткасын беріңіз (ААҚ 100 мм с.б артық болса); 7.Оттекті көпіршікті басқыштан өткізіп беріңіз (10% антифомсилан немесе спирт); 8.Инъекция түрінде салатын дәрілерді дайындау: 9.морфин гидрохлорид 1% 10.дроперидол 0,025% 11.димедрол 1% 12.Фуросемид (лазикс)-40-160мг. 13.Преднизолон-30-60 мг. 14.Пентамин 5% (АҚҚ жоғарылағанда) 15.эуфиллин 2.4% 16.строфантин 0.025% 17.кордиамин 25% 18.АҚҚ қайта өлшеңіз және пульс 19.Дәрігер тағайындаған дәрілерді салыңыз. Ескерту: - дәрілер болмаған жағдайда аяқ-қолына байлам салыңыз; - зеңбілмен тасымалдаңыз; Манипуляция – жүрек пальпациясын көрсетіңіз (ережесі, пальпация тәсілі). Жүрек пальпациясы – жүрек ұшын анықтау. Мақсаты: жүрек ұшының локализациясын, кеңдігін, биіктігін және күшін. Көрсеткіші: эксудатты плеврит, бір жақты гидроторакс, гемоторакс,пневмоторакс,миокардит,жүрек ақауы,кардиомиопатия,гипертоникалық ауру,ревмокардит,жүрек жеткіліксіздігі,пирикардит,тиреотаксикоз. Қарама-қарсы көрсеткіші:жоқ. Болатын асқынуы:жоқ. Ресурстары:сабын,бір қолданбалы орамал,кушетка,жайма. Іс-әрекет алгоритмі: 1) Бөлме жылы және тыныш болуы қажет 2) Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болуы қажет 3) Қолды гигиеналық дәрежеде жуу 4) Науқастан киімді беліне дейін шешуді өтіну 5) Оң қолдың алақанын тексерілушінің кеудесіне білекті кеудеге, ал саусақтарды қолтық асты аймаққа 4 және 7 қабырғалар арасына қою қажет 6) Аздап бүгілген үш саусақпен 5 қабырға аралықта алдыңғы қолтық асты сызығына аз күшпен пальпация арқылы жүрек ұшын сезіну 7) Көлемін,биіктігін,күшін,резистенттілігін анықтау(қалыпты жағдайда жүрек ұшы 5 қабырға аралықта ортаңғы бұғана сызығынан 1-1,5см ішке қарай анықталады) Ескерту: Жүрек ұшының сипаттамасы: 1) Көлемі-қалыпты жағдайда 1-2см тең,жүрек ұшыны кеудеге соққысының көлемі 2см үлкен болса-жайылмалы егер 1 см кіші болса шектелген. 2) Биіктігі жүрек ұшы аймағының тербеліс амплитудасымен сипатталады:жоғарғы-сол жақ қарынша гипертрофиясында;төменгі-сол жақ қарыншаның жиырылу қабілетінің тқмендеуінде,осыған орай көлеміде өзгереді 3) Күші-сол жақ жүрекшенің жиырылу қабілетін жүрек ұшын пальпация жасаңан кезде қандай күшпен болғанын анықтайды 4) Резистенттілігі-тікелей жүректің бұлшық етінің тығыздығын сипаттайды.Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы және дилатациясы жүрек ұшын жасайтын оның локализациясы және бастапқы сапалары өзгереді,бұндай сапаларға көлемі,биіктігі,күші және резистенттілігі жатады.Қалыпты жағдайда жүрек ұшы пальпацияланбайды.оң жақ қарыншаның гипертрофиясында жүрек түрткісі кеудеден сол жаққа қарай пальпацияланады. Манипуляция - Жүректі тындау әдісін жасап көрсетіңіз. Жүректі тыңдау Мақсаты:жүректің жұмысы кезінде пайда болган үндерді тыңдау және бағалау. Көрсеткіші:аритмиялар,туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек ақаулары,анемиялар,артериялды гипертезия,өкпе –жүрек жетіспеушілігі,миокардит,эндокардит,перикардиттер,кардиомиопатиттер,тиреотоксикоздар. Қарама-қарсы көрсеткіші:жоқ Асқынулары: жоқ Керекті заттар: сабын бір реттік сүлгі,кушетка,төсек жаймасы. Жасап көрсетер реті: -бөлме жылы және тыныш болуы керек -тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болуы керек -фонендоскоп жылы және дұрыс жұмыс істеуі керек -қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз -науқастың беліне дейін шешінуін сұраңыз. -науқастың оң жағында тұрыныз. -фонендоскопты спиртпен сүртіп науқастың денесіне тығыз басыңыз. - жүрек клапындарын тындау жүргізілетін 5 негізгі тыңдау нүктелерін науқастан анықтаңыз . -фоендоскопты тыңдау нүктелеріне қойыңыз: a) жүрек ұшында митрльді клапын б) 11 қабырға аралықта төстің оң жағында аорты клапына в)11 қабырға аралықта төстің сол жағында өкпе артериясың клапыны г )төстің семсер бөсіндісінің түбінде үш жақтаулы клапыны д) III-IV қабырғаның төстің сол жақ шетіне бекітілген жерінде Боткин-Эрба нүктесі аорта клапына. Жедел көмек Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіз. Мақсаты: тамыр тонусын көтеру, АҚҚ қалпына келтіру; Көрсеткіші :артериальды және венозды қымсымның кенеттен төмендеуі, пневмония , перитонит, нейротоксикоз, қан жоғалту, сусыздану, улану, элетрожарақат, организмге күн өту , кез келген аурудың терминальді кезеңі. Қарама-қарсы көрсеткіші :жоқ Асқынулары: ,жүрек жұмысының бұзылуы,өліп кетуі мүмкін Қажетті заттар: кофеин бензоат натрия ертіндісі 10%- 1 мл , кордиамин 2мл,камфор және этил спирті,жылтқыш, одеяло, реополиглюкин, натрия хлордің изотоникалық ертіндісі, норадреналин 0,2%- 1мл,5% глюкоза ертіндісі, ,допамин,нашатыр спирті , ертінділерді көк тамырға тамшылатып құюға арналған штатив ,мақта шариктері, этил спирт 700, лейкопластырь, қолғаптар, залалсыздандырылған, шприцтер бір реттік-5мл, 10мл, 20мл, бір реттік система, зембілдер, тонометр, фонендоскоп, марлі салфеткасы; Іс –әрекет алгоритмі: 1.Тездетіп дәрігер шақыру; 2.Науқасқа ыңғайлы көлденең жағдай беру, аяқ жағын 30–45° бұрышта сәл көтеру. 3. Еркін тыныс алуды қамтамасыз ету- қысып тұрған киімін шешу,бөлмені желдету. 4. Пульсті тексеру, артериальды қысымды өлшеу 5 минут сайын манжетті шешпей тұрып өлшеу. 5. Науқастың мұрнына нашатыр спиртіне матырылған мақта дөңгелегін әкелу; 6. Аяғын камфор немесе сумен ерітілген этил спирімен уқалағыз немесе массаж жасаңыз. Науқастың аяқ қолына жылтқыш қойыңыз, одеяломен жабыңыз. Дәрігер тағайындауымен: 1. кофеин бензоат натрия 10% -1 мл немесе кордиамина2-3мл ертіндісін т/а енгізу. 2.көмектеспесе мезатон 1%-1,0 мл б/е, т/а немесе преднизолон (30—60 мг) к/т тамшылатып инфузиялы терапиямен (реополиглюкин, натрия хлорид изотоникалық ертіндісі). 3. норадреналин 0,2%- 1мл ертіндісін 5% -50 мл глюкоза ертіндісімен к/т тамшылату 10–20 там/мин, ауыр жағдайда 20–30 там/мин. АҚҚ бақылай отырып. 4. көмектеспесе допамин 8–10 мкг/кг/мин ,АҚҚ және ТАЖ бақылай отырып 5.Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін реанимация бөліміне және интенсивті терапия бөліміне жатқызады. Ескерту: - Еске сақтаңдар! Науқасқа еш қашан нитроглицерин, валидол, но-шпу, валокордин, корвалол бермеңіздер. Бұл дәрілер тамырды кеңейтеді, қазіргі уақытта тамыр тонусы төмендеген. Егер науқас ессіз болса , дәрі мен су ауыз арқылы берілмейді.Науқастың бетіне шапалақтап есіне келтіруге болмайды. Жедел көмек Естен танған кездегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіз. Мақсаты: тездетіп есін келтіру; Кқрсеткіші : кенеттен есі тұманданып басы айналу,құлағы шулау,лоқсу, есінеу,терісі кенеттен бозару,аяқ қолы мұздау,беті терлеу, көз қарашығы кеңею,тамыр соғысы бос,АҚҚ төмен,естен танады; Қарама-қарсы көрметкіші: жоқ; Асқынуы: тырысулар; Қажетті заттар: оттегі, система, байлам, шприцтер, залалсыздандырылғанмақта, марлі, лоток,дәрілік заттар, этил спирті 700. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Дәрігер шақыру 2.Таза ауамен қамтаамасыз ету 3.Пациенттің қысып тұрған киімін шешу 4.Науқасты шалқасынан жатқызып басын сәл төмендету 5.Жағасын босату 6.Таза ауамен қамтамасыз ету 7.Мұрнына нашатыр спиртіне матырылған мақтаны әкелу 8.Бептіне суық су шашау 10.Аяқ қолына жылтқыш беру. Дәрілік заттарды дайындау: 12. кофеина 10% -1 мл ертіндісін т/а немесе кордиамина 2 мл 13. эфедрин ертіндісі 5%- 1мл 14. мезатон 1%- 1мл т/а 15.норадреналин 0,2%- 1 млт/а Ескерту: 1.Қайталап естен танса ауруханаға жатқызу. Лимфа түйіндерінің пальпациясы Мақсаты:көлемін,тығыздығын,ауырсынуын,қозғалғыштығын,өзара және терімен біріккен және бірікпегенін,бетінің кедір-бұдырлығын анықтау. Көрсеткіші:жедел созылмалы инфекциялы аурулар,рак ауруының таралуы (метастазы),туберкулез,қан аурулары. Қарама – қарсы көрсеткіші:жоқ Мүмкін болатын асқынулары:жоқ Қажетті заттар: сабын,бір реттік сүлгі,төсек жаймасы. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Бөлме жылы және тыныш болу керек; 2. Тексерушінің қолы жылы,тырнағы қысқа алынған болуы керек; 3. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз; 4. Науқастың беліне дейін шешінуін сұраңыз; 5. Пальпацияны шүйде аймағынан бастаңыз,кейін құлақ айналасы,жақ асты,бұғана үсті,қолтық асты,шынтақ,шат аймағын екі жақтан тексеріңіз; 6. Пальпацияны екі қолдың саусақтарын бүгіп және сәл басып жүргізіңіз; 7. Көлемін,тығыздығын,ауырсынуын,қозғалғыштығын,өзара және терімен біріккен және бірікпегенін,бетінің кедір-бұдырлығын анықтаңыз; Ескерту! 1.Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері,әсіресе үлкендерде анықталмайды. 2.Лимфа түйіндерінің ұлғаюы және олардың ауырсынуы жақын орналасқан қабыну ошағымен немесе қатерлі ісік процесімен байланысты. 3.Лимфа түйіндерінің аздап ұлғаюы және тығыздалуы кейбір созылмалы инфекциялы ауруларда байқалады (мысалы: туберкулез,бруцеллез,балаларда рахит ауруында). 4.Барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы,лимфа түйіндерінің «топтасып» ұлғаюы лимфогранулематоз,лейкоз,жүре пайда болған иммундық тапшылықты,қатерлі ісік ауруының бар-жоғын анықтау талап етіледі. Жедел көмек Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету Мақсаты:шокты болдырмау,тыныс алуды және мүшені қанмен қамтамасыз етуді қалпына келтіру Көрсеткіші: Қарама-қарсы көрсекіші: жоқ Мүмкін болатын асқынулары:жедел көмекті уақтылы көрсетпеуде,негізгі мүшелердің функциясының төмендеуі,жүрек қызметінің бұзылуы,өлім. Кеш кездесетін асқынулар: (аллергииялық миокардит,гепатит,гломерулонефрит,неврит,жүйке жүйесінің диффузды зақымдануы),науқастың өліміне себеп болады.Шоктан кейін 1-2 аптадан соң бронх демікпесі,қайталанған есекжем,Квинке ісігі пайда болады,ал дәрілік аллергендермен жиі байланыста болса-«коллагенді аурулар»(жүйелі қызыл волчанка,түйінде периартерит). Қажетті заттар: көк тамырдан ерітінділерді құюға арналған штатив,пинцет,залалсыздандырылған мақта шариктері,этиль спирті 70%,лейкопластырь,залалсыздандырылған қолғап,бір реттік шприцтер-5мл,10мл,20мл,бір реттік система,зембіл,тонометр,фонендоскоп,марлі салфетка,0,1% адреналин ерітіндісі,жылытқыш,мұзды мұйық,1%-1мл мезатон ерітіндісі,преднизалон,1% димедрол,тавегил ерітіндісі немесе 2% супрастин ерітіндісі,5% глюкоза ерітіндісі,0,2%-2мл норадреналин ерітіндісі,2,4%-10 мл эуфиллин ерітіндісі,0,05%-1мл строфантин ерітіндісі. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Тез арада реакция шақыратын аллергенді тоқтату; 2. Науқасты кушеткаға жатқызу (басын төмендету),басын бір жағына бұру тіліне тұншықпау үшін және құсығына тұншықпау үшін,төменгі иегін алға жылжытыңыз,тіс протезін анықтау; 3. Инъекция салатын орыннан жоғары жгут байлау (25минутқа),егер антиген аяқ-қолына салынса; 4. Тезарада дәрігер және реанимация бригадасы шақырылады 5. Тіл астына (тамырды іздеуді жоғалтпау үшін) 6. Адреналин 0,3-0,5 мл 0,1 % ерітіндісін бұлшықетке енгізіңіз (балаларға 0,05-0,1 мл /жасына), адреналинді физерітіндімен 10 рет ерітіп (0,01% ерітінді алу үшін ) көктамырға енгізу 7. Дәріні енгізген аймақта адреналин 0,2-0,3 мл 0,1% ерітіндісімен 4,5 мл физ.ерітінді және аллергеннің алдын алу үшін мұзды мұйық қою 8. Аллергеннің түсуінің алдын алу үшін физиологиялық ерітінді және мұзды мұйық қою 9. Науқасты жылылаңыз,жылытқыш, жылы тамақтандыру 10. Бөлмені ылғалды ауамен желдетіңіз; Дәрігердің тағайындауымен: 1. 0,3-05 мл 0,1% адреналин ерітіндісін 0,2% норадреналинді теріастына енгізіңіз немесе дененің әр бөлігіне әрбір 10-15 минут сайын1% мезатон салу 2. Егерде науқастың жағдайы жақсармаса көктамырға баяу 0,5-0,1 мл 0,1 % адреналинді 20 мл изатоникалық натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісін енгізу. 3. Егер бұл іс-әрекет нәтижессіз болса, көктамырға тамшылатып 300мл 5% глюкоза ерітіндісі және 1-2 мл 0,2 % норадреналин (немесе 1% мезатон ),120мг –ға дейін преднизалон енгізу 4. Антигистаминді препараттарды 1% димедрол немесе тавегил немесе 2% супрастин ерітінділерін бұлшықетке ,көктамырға қанайналым қалпына келген соң салады, себебі олар АҚҚ төмендетеді. 5. Бронх тарылғанда : эуфиллин 2,4%- 10 мл . Көктамырдан 10 мл натрий хлоридін изототоникалық ерітіндіде 6. Егер комплексті ем көмектеспесе , тракосстомия жасау керек 7. Қатты қозу , тырысу байқалса- дроперидол 1-2 мл көктамырға салу 8. Пенициллин салғаннан кейінгі анафилактикалық шок кезінде- пенициллиназа 100000 ЕД бұлшықетке+ 2мл изотоникалық ерітіндіде натрий хлорид 9. Өкпе ісінгенде - строфантин 0,05% - 5мл көктамырға + 40% глюкоза ерітіндіде эуфиллин 2,4% -10мл .120 мг преднизалон. 10. Ісіну қатты байқалған кезде (өкпе ісігі ) жоғарғы осматикалы қысымы бар ерітінді құю керек (активті плазма, натрий хлориді реополиглюкин , изотоникалық ерітінділер) 11. 1 аптаға дейін бақылауға алу 12. Егу жұмысы аяқталғаннан кейін системаның зажимін бекітіп, көктамырдан инені алыңыз, 3 мақта шаригін дайындай отырып спиртке 3-5 минут малыңыз. Қан ағу болмау үшін науқастың қолын бүгуін сұраңыз. 13. Системадан инені ажыратып , қолданылған мақта шариктерін, қолғаптарды КБУ-ға салыңыз. 14. Қолыңызды жуыңыз,кептіріңіз. Жедел көмек: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі көрсетілетін жедел көмек Мақсаты:тұншығу ұстамасын жою Көрсеткіші:Бронх демікпесінің ұстамсы Қарама –қарсы көрсеткіші :жоқ Асқынулары:астматикалық статус (демікпе күйі) Қажетті заттар:муляждар, кушетка, оттегі жастықшасы, қысқыш, марлы салфеткасы, ерітінділер: Эфедрин 5%-1 мл,эуфуллин 2,4 %-10 мл, димедрол 1%-1-2мл, пипольфен 2,5%-2 мл к/т; преднизалон60-90мг немесе гидрокортизон 125-250 мгрітінділерді көктамырға енгізуге арналған штатив.пинцет, залалсыздандырылған мақта шаригі, этиль спирті 96%, лейкопластрь, залалсыздандырылған қолғап, бір рет қолданылатын щприцтер- 5мл,10мл,20мл, бір реттік система Іс- әрекет алгоритмі: 1.Таза ауамен қамтамасыз ету; 2.Пациентке физикалық және психикалық тыныштық беру; 3.Қысып тұрған киімін шешу ; 4.Пациентке басын жоғарылатып, қолын тіреп отыратын ынғайлы жағдай беру. 5.Аллергия тудыратын себептерді жоб; 6.Дәрігер шақыру; 7.қалта ингаляторы бронхолитиктермен (беротек,сальбутамол, алупент, вентолин ), қолдану. 8.Пациентке ылғалды таза ауа беру; 9.Пациентке жылы тағам беру; 10.Дәрігердің нұсқауымен дайындау керек; a. Эуфиллин 2,4% - 10мл көк тамырға b. Эфедрин 5% - 1мл c. Димедрол 1% - 1-2мл немесе пипольфен 2,5% - 2мл көк тамырға d. Преднизолон 30-120мг немес гидрокортизон 125-250 мг к.т 11.Пациенттің жағдайына байланысты бөлектейміз; Ескерту; 1, Бронхиалдық ұстама кезінде реанимация бөліміне тасымалдау. Манипуляция – Ісіктерді анықтау әдісін жасап көрсетіңіз. Ісіктерді анықтау: Мақсаты:Жасырын және анық ісіктерді анықтау. Көрсеткіш: жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек аурулары, бауыр циррозы. Керекті заттар:сабын, бір реттік сүлгі, кушетка, төсек жаймасы. Жасап көрсету реті : -Бөлме жылы, жарық болу керек. -Тексерушінің қолы жылы, тырнағы қысқа болуы керек. -Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. -Науқастың сырқы киімін шешуін сұраңыз. -Науқасты кушеткаға жатқызыңыз. -Науқастың оң жағында тұрыңыз. -Оң қолдың екінші, үшінші саусағымен теріні сүйекке басып ісікті анықтаңыз: тобық, балтырдың ішкі бетінде, төсте, бел аймағында. Ескерту: -Егер ісік болса қолды алған кезде 1-2 минут бойында біртіндеп жойылатын ісік анықталады. Манипуляция – Ішке үстіртін пальпация жасау әдісі. Диагностикалық мәні. Ішке үстіртін (беткей) пальпация жасау әдісі. Мақсаты: іштің бұлшықетінің қатты-жұмсақтығын,ауыратын-ауырмайтындығын,жарық және қатерлі ісіктің,тығыздалу,түйіндерін анықтау Көрсеткіші: іш қуысы мүшелерінің аурулары,перитонит,ішек және асқазан жара ауруының асқынуы,аппендицит кезіндегі тесілу, холецистит. Қарама-қарсы көрсеткіштері:жоқ Асқынулары: жоқ Қажетті заттар: сабын, бір реттік сүлгілер,кушетка, ақ жаймалар. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Бөлме жылы,жарық және құрғақ болу керек; 2. Тексерушінің қолы жұмсақ,таза,жылы тырнақтары алынған болу керек; 3.Қолды гигиеналық деңгейде жуу; 4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз; 5. Науқасты кушеткаға немесе қатты жерге жастықсыз жатқызу; 6.Науқастың қолын кеудесіне қойып,аяғын созып,басын жастықсыз жатуын сұраймыз,басы жоғары болса іш бұлшықетінің қатаюына алып келеді,ол пальпация жасауға кедергі болады; 7.Науқастың оң жағында,бетпе-бет қарап отырыңыз,орындық науқастың төсегімен бірдей деңгейде болу керек; 8.Оң қолыңызды науқастың ішіне қойыңыз (алақан жазылып,саусақтар бүгулі болу керек); 9.Науқастың аузымен терең дем алуын сұраймыз,мүмкіндігінше іш бұлшықеттері тыныс алуға қатысу керек,бұл кезде іш бұлшықеттері босайды; 10.Пальпацияны сау мүшеден бастайды; 11.Оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп науқастың ішіне қойыңыз және ақырындап,тереңдемей ішке пальпация жасаңыз; 12.Пальпация сол жақ мықын аймағынан бастап және біртіндеп сол жақ қабырға астына көтеріліңіз,эпигастрии аймағы,оң жақ қабырға астына көшіңіз,оң жақпен төмендеп,оң мықын аймағына түсіңіз; 13.Осылайша пальпация сағат тіліне қарсы бағытта жүргізіледі; 14.Сосын іштің ортаңғы бөлігіне пальпация жасап,эпигастрии аймағынан бастап,төмен қасағаға қарай жүргізіңіз; 15.Іш бұлшықетінің айырылуын және кіндік айналасында,ақ сызықта жарықтың бар-жоғын анықтаңыз; 16. Ол үшін оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп,төстің семсер өсіндісінінен төмен іштің ақ жолағына қолыңызды қойып,науқастын басын көтеруін сұраймыз; 17. Іштің үстіртін беткей пальпациясын жүргізіңіз: 1.іштің алдыңғы бөлігінің қатты-жұмсақтығын анықтау; 2.іштің алдыңғы бөлігінің ауыратынын-ауырмайтындығын анықтау; 3.іштің тік бұлшықетінің айырылуын,кіндік айналасында және іштің ақ сызығында жарықтың бар-жоғын анықтау; 4.іш қуыс мүшелерінің ұлғаюын,үстіртін орналасқан ісікті анықтау; Ішке терең сырғымалы , жылжымылы пальпация әдісін жасап көрсетіңіз. Ішке терең сырғымалы пальпация жасау. Мақсаты: терең орналасқан дене мүшелерінің жағдайын бағалау; Көрсеткіші: бүйрек , кіші жамбас, ішек, бауыр, көк бауыр, бұлшық ет, буындар аурулары. Қарама-қарсы көрсеткіші: іш мүшелерінің жедел қабынуы және зақымдануы; Асқынулары:жоқ; Қажеттті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, кушетка, төсек жаймасы. Іс әрекет алгоритмі: 1.Бөлме жылы, жарық болуы керек; 2.Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ, тырнағы қысқа алынған болуы керек. 3.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 4.Науқастан шыртқы киімін шешуін сұраймыз 5.Науқастың кушеткаға жатып, қолдарын кеудесіне қойып,аяғын созып, дем алуын сұраймыз . 6.Төсектің оң жағында науқаспен бетпе бет қарап орындыққа отырыңыз,орындық биіктігі науқас төсегімен бірдей деңгейде болуы керек . Бірінші кезең: 1.Оң қолыңызды науқастың ішіне қойыңыз(алақан жазылған, саусақтар сәл бүгулі). 2.Сол қолыңыздың сасақтарын оң жақ бел аймағына қойыңыз, оң қолдың бүгілген саусақтарын іштің алдынғы бетіне қойыңыз, яғни зерттелетін мүшеге перпендикулярлы немесе зертелетін мүшенің шетіне қойыңыз. Екінші кезең:Терең дем алғанда теріні кіндікке қарай тартып, теріні жиырамыз. Үшінші кезең-дем шығарғанда оң қолды ішке тереңдете енгізеді, сол қолдың басына қарай бағыттап тереңдетеді.Терең пальпацияның негізі іш жұмсарған кезде саусақтар іштің артқы бетке дейін жетеді. Төртінші кезең–дем шығарған кезде іштің үстімен жылжыйды немесе кіндіктен шыртқа қарай жатқан ішекке перпендикулярлы ішек үстімен сырғыйды. Ескерту: 1.Пальпация жасағанда анықтайды – мүшенің орналасуын, қозғалмалығын, консистенциясын, диаметр, бетін, (тегіс, түзу емес, кедір-бұдыр),пальпацияда шұрылдауы немесе ауырсынуы анықталады. Жедел көмек Асқазаннан қан кеткен кезіндегі көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек Мақсаты:қан кетуді тоқтату, АҚМ толтыру. Көрсеткіші:құсығы кофе түстес(шоколад түстес), қара май тәрізді нәжіс(мелена)-қара түсті. Қарама-қарсы:орнынан тұруға, шұғыл қыймылдауға, тамақ ішуге, су ішуге, темекі шегуге, дәрі ішуге болмайды. Асқынулары:өмірлік маңызды мүшелерде қайтымсыз өзгеріс болуы мүмкін. Қажетті заттар: кушетка, мұзды мұйық, залалсыздандырылған материал, залалсыздандырылған лоток,дәрілер, жгут(байлам), шприцтер, система; этил спирті 700, мақта шариктері; Іс-әрекет алгоритмі: 1. дәрігер шақыру; 2.пациентті көлденең жастықсыз жатқызу; 3.абсолютты тыныштық беру; 4.су ішуге, тамақ ішуге,дәрі ішуге тыйым салынады; 5.асқазан тұсына мұзды мұйық қою; 6. 5% р-р аминокапрон қышқылын ас қасықпен қайталап беру; 7.құсқан кезде көмек беруге керекті заттарды дайындау; 8 пульсті санап, АҚҚ өлшеңіз; 9.(дәрігер тағайындауымен) енгізілетін заттарды дайындау: 10.аминокапрон қышқылы 5%-100 мл, 11.этамзилат (дицинон)12,5%-2 мл. 12.адроксон 0,025%-1мл. 13.викасол 1% -1 мл, 14. хлористі кальций 10%-10 мл, 15.полиглюкин + қаналмастырушылар Ескерту: - хирургия бөліміне зембілмен тасымалдау; - гемодез, реополиглюкин салуға болмайды(тромбтарды ерітуі мүмкін); Бауыр перкуссиясы.ОБРАЗЦОВ В.П. бойынша бауыр тұйықтығының көлемдері Мақсаты: абсолютті бауыр тұйықтығының жоғарғы және төменгі шекарасын анықтау. Көрсеткіші: жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек ,ішек,бауыр,көк бауыр аурулары; Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ; Мүмкін болатын асқынулар: жоқ Қажетті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, кушетка, төсек жаймасы. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Бөлме жылы және тыныш болуы керек 2.Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек. 3.Қолыңызды гигиениялық деңгейде жуыңыз. 4.Науқастың сыртқы киімін шешіп, кушеткаға жатып, қолын кеудесіне қоюын, аяғын созып, жәй дем алуын сұраңыз. 5.Төсектің оң жағында науқаспен бетпе –бет отырыңыз,орындықтың биіктігі науқас төсегімен бірдей деңгейде болуы керек. 6. Қалақша саусақты анықтайтын шекараға параллел қойыңыз, анық дыбыстан тұйық дыбысқа дейін жәй перкуссия жасаңыз. 7.Анықталған шекараны қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз. Образцов В.П. әдісі бойынша бауырдың жоғарғы шекарасын перкуссия жасап анықтаңыз 1.оң жақ төс маңы сызығы бойынша II қабырға аралыққа қалақша саусақты қойыңыз ,жәй перкуссияны төмен қарай V1 қабырғаға дейін жүргізіңіз, тұйық дыбыс естілген жерде қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз 2.оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойыншаII қабырға аралыққа қалақша саусақты қойыңыз, жоғарыдан төмен қарай қабырға аралықпен V1 қабырғаға дейін жүргізіңіз, дыбыс өзгерген жерді белгігеңіз. 3. оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша II қабырға аралыққа қалақша саусақты қойыңыз, жоғарыдан төмен қарай қабырға аралықпен V11 қабырғаға дейін жүргізіңіз, дыбыс өзгерген жерде қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз. Образцов В.П. әдісі бойынша бауырдың төменгі шекарасын перкуссия жасап анықтаңыз 1. Қалақша саусақты анықтайтын шекараға параллел кіндік тұсына қойыңыз,алдыменоң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша, кейін оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынша,содан соң оң жақ төс маңы сызығы бойынша және алдынғы ортаңғы сызық бойыншатөменнен жоғары қарай тимпаникалық дыбыстан тұйық дыбысқа дейін жәй перкуссия жасаңыз, дыбыс өзгерген жерді белгілеңіз. 2.сол жақ қабырға доғасына қалақша саусақты тігінен қойып X1 қабырғадан бастап төс сүйегіне қарай тыныш перкуссия жүргізіңіз, тимпаникалық дыбыстан тұйық дыбысқа өткенде белгілеңіз. Ескерту: 1.бауырдың жоғарғы шекарасы оң жақ төс маңы сызығы және ортаңғы бұғана сызығы бойынша VI қабырға тұсында, оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойыншаVI I қабырға тұсында орналасқан. 2. бауырдың төменгі шекарасыоң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы - X қабырға, ортаңғы бұғана сызығы бойынша –қабырға доғасамен сәйкес, оң жақ төс маңы сызығы- қабырға доғасынан 2см төмен, алдыңғы ортаңғы сызығы бойынша төстің семсер өсіндісінен 4-6 см төмен,сол жақ қабырға доғасы бойынша – сол жақ төс маңы сызығы тұсында. 3. қалыпты жағдайда бауыр өлшемдері оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша- 10-12см,оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынш9-11 см, оң жақ төс маңы сызығы бойынша– 8-11 см. Бүйрек перкуссиясы Мақсаты:ауырсынуды анықтау; Көрсеткіші:пиелонефрит,бүйректің тас ауруында,гидронефроз, паранефрит; Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ; Мүмкін болатын асқынулар: жоқ; Қажетті заттар:сабын, бір реттік сүлгі, кушетка, төсек жаймасы. Іс -әрекет алгоритмі: 1.Бөлме жылы және тыныш болуы керек 2.Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек. 3.Қолыңызды гигиениялық деңгейде жуыңыз. 4.Науқастан беліне дейін шешінуін сұраймыз. 5.Сол қолды науқастың беліне бүйрек тұсына қоямыз. 6. Саусақпен немесе алақанның қырымен немесе оң қолдың басымен сол қолға қысқа жай күпен соғамыз. 7.Егер науқас соққылап ұрғанда ауырсыну сезсе,симптом оң деп бағаланады(Пастернацкий симптом) 8.Бүйрек тас ауруында, паранефритте бұл белгі оң деп бағаланады. Ескерту: 1.Орналасу ерекшелігіне байланысты бүйрекке перкуссия жасалмайды. 2.Тек бүйрек тұсына соққылап ұру белгісі қолданылады, оны киев дәрігері Ф.И.Пастернацкий ұсынған. 3.Тек бүйректің қатерлі ісік ауруында немесе ішектің гидронефроз ауруында шетке ығысқан, сол ісік үстінде перкуссияда бәсең дыбыс естіледі Манипуляция – Өкпені тындау әдісін жасап көрсетіңіз. Өкпені тыңдау: Мақсаты:Өкпенің барлық үстінен(негізгі және қосымша) тыныс алу шуларын анықтау және бағалау. Көрсеткіші: Бронх – өкпе аурулары, жүрек тамыр жүйесі, превра аурулары. Керекті заттар: Сабын, бір реттік сүлгі, орындық, кушетка, төсек жаймасы. Жасап көрсету реті. - Бөлме жылы және тыныш болуы керек. -Тексерушінің қолы жылы, тырнағы қысқа болуы керек. -Қолыңызды гигиениялық деңгейде тазалап жуыңыз. -Науқас беліне дейін шешіну керек. -Тыныс алу шуларын тындау, науқастың жағдайына байланысты отырғызып, тұрғызып, жатқызып жүргізіледі. -Фонендоскоп жылы болу керек және дұрыс жұмыс істеу керек. -Өкпені тыңдау алдынан, екі бүйірінен және артынан жүргізіледі. -Фонендоскопты науқастың кеудесінің оң және сол жақ бөлігінің бірдей жеріне (симетриялы)және тығыз қойыңыз (салыстырмалы аускультация) . Шұғыл көмек: Гипогликемиялық комадағы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету; Мақсаты:комадан шығару, қандай қант төмендеуінен байланысты науқастың жалпы жағдайын жақсарту. Көрсеткіші: жартылай немесе толық есін жоғалту, қандаңғы глюкозаның төмендеуінен инсулинді көп енгізу. Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ. Асқынуы: қауыпты асқынуы- ми ісіну ол менингиальді симптомдармен , құсумен, гипертермиямен, тыныс алу мен жүрек жүмысын бұзылуымен көрінеді. Керекті құрал жабдықтар: 40%-20,0-80,0 глюкоза ерітіндісі, немесе 1,0-1,5 л 5% глюкоза ерітіндісі, глюкометр 150-200мг, аминолон, кавиритон, церенбролизин, штатив, пинцет, стерильді мақта шариктері, 70%спирт, лейкопластер, қолғап, бір рет қолданылатын2,5,10,20мл шприц, система зеңбіл, фантом адам муляжы, кушетка, тонометр, фонедоскоп қыша қағазы, жылытқыш, марлі салфеткасы Әс-әрекет алгоритмі: Гипогликемияның жеңіл түрін болдырмау үшін (есі сақталған) науқасқа 20 глюкоза беріңіз (1 сткан жеміс шырынын немесе лимонад; немесе 4-5 түйір қант,немесе 5-6 конфет).Егер нәтиже болмаса, (5-10 минтан кейін) қайталап беру керек.Гипогликемиялық ұстаманы жойғаннан кейін , ұстаманың қайталануын болдырмас үшін жеңіл қортылатын тамақ ішу қажет. Ауыр естен танған гипогликемиялық жағдайда: 1.дәрігерді тез шақырту керек 2. дәрігер тағайындауы бойынша 40%-40-80 мл глюкоза ертіндісін көк тамырдан бірден енгізу керек, жәтиже болмаса глюкозаны қайталап енгізу керек. 3.егер науқас есіне келмесе , 5% глюкоза (1-1,5 л) ертіндісін көк тамырдан енгізу керек. 4. Қандағы глюкоза мөлшерін 30 минут сайын бақылау керек және глюкоза мөлшерін6,0-9,0 мм/л деңгейінде ұстау керек. 5.шұғыл жүргізілген іс әрекеттен кейін 15-20 минуттан кейін есі кіреді. 6.егер жүргізілген іс әрекеттен кейін есі кірмесе, 150-200мл гидрокартизонды к/т,б/е енгізу керек. 7. гипогликемиялық комадан шығарғаннан кейін қан айналымды жақсартатын және ОЖЖ зат алмсуды күшейтетін дәрілер енгізу керек(глютамин қышылы, аминалон, кавинтон,церебролизин т.б.) ЕСКЕРТУ: 1. Кома жағдайын анықтағанша, қандағы глюкоза мөлшерін анықтап, инсулин салуға болмайды,кейде қауіпті, гипогликемиялық комада инсулин жағдайды ауырлатады. 2. ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ КОМА Жүктілікке дейін. Жүктіліктің кез келген мезгілінде әсіресе жүктіліктің екінші жартысында күшейеді. 3. Диабетпен ауыратын жүкті әйел дәрігердің қатаң қадағалауында болуы керек.ол инсулин мөлшерін реттейді. Қалқанша бездің пальпациясы. Мақсаты: консистенциясы, тамыр соғысы және дірілі («мысық пырылы»), қозғалмалылығы, ауырсынуы, көлемі және түйіндердің бар |