МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Шахта бетіндегі негізгі желдету желдеткіштері





Желдету есіктері

Желдету есіктері бар аралықтар қалыпты аралықтар сияқты рөл атқарады. Ағынды шектеу мақсатында екі есік бірінен соң бірі орнатылады.

Ауа ағымына кедергі жасау мақсатында екі есік бірінен соң бірі орнатылады. Мұндай құрылғы шлюз деп аталады. Желдету есіктері адамдарды өткізу мен көліктің жүру үшін арналған. Соңғы жағдайда шлюз есіктері арасындағы қашықтық бұл бқлікте ең ұзын тіркеме орналасатындай етіп таңдалады. Есік орны аралақтың 30-90% ауданын алады, сондықтан мұндай желдету құрылғыларының аэродинамикалық қасиеттері есіктің беріктігі мен оның бекіту рамасына жанасуына тәуелді. Есіктер ағаш немесе металдан жасалып, бір немесе екі жағына қарай ашылып, жабылады. Метал немесе металмен қапталған ағаш есіктер есіктің сынуына жол берілмейтін, қажетті орындарға орнатылады. Беріктікті арттыру мақсатында ағаш есіктер резеңке мата немесе қабатты темір арқылы қапталып, төменгі бөлігіне белдеме орнатылып, тақтайшалар шпунт арқылы бекітіледі. Есіктер үлкен қысым бөлігіне қарай ашылу керек. Екі жағына қарай қысым айырмашылығы жоғары болған жағдайда, бір адам үшін есікті ашу қиындық туғызады. Есік адамдардың өтуі үшін тұрақты түрде ашық болу үшін, есік арнайы құралдармен жабдықталады. Көлік құралдары жүру үшін есіктер жылжымалы көлік құралдары тікелей әсер еткен жағдайда, ашу мен жабу үшін арнайы жетекпен жабдықталады.

Шлюз құрылғыларын басқару аппаратурасымен жабдықталатын автоматтандырылған желдету есіктері кеңінен қолданысқа ие. Басқару аппаратурасы көлік құралдарын автоматты өткізу мен шлюзді апатты басқаруды қамтамасыз етеді. Шлюздар есіктер жағдайы мен аэродинамикалық қасиеті туралы ақпарат беретін, бақылау аппаратурасымен жабдықталған.

 

Кроссингтер

Кроссингтер жаңа және шығарылатын ағындармен орнату орындарының қиылысына орнатылады. Олар бір немесе бірнеше учаскелі болуы мүмкін, кроссингтер көлік құралдары немесе адамдар қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бір немесе екі шлюзды және тұйық болады. Кроссингте ауа қозғалысының жылдамдығы 10м/с аспау керек. 5м3/с кем ауа өткізетін кроссингтер қима ауданы >0,5м3 метал немесе темірбетон тұрбалардан жасалады, метал тұрба қабырғасының қалыңдығы >2мм. Ауа шығыны >0,5м3/с болған жағдайда, «өтпелі көпір» түріндегі кроссингтер орнатылады. Кроссингтер тас, бетон немесе темірбетоннан жасалады, кроссинг аралықтары тас немесе бетоннан жасалады. Тұрбалардан жасалған кроссингтер үшін ағаштан аралық жасауға болады. Кроссингтерді тұйықтау құрылысты мұқият жүргізу мен беттерді цемент, әктас, су мен сұйық шыны, латекс, полиуретан мен әртүрлі қоспалармен эпоксидті және кумароинден шайыры қоспасымен қаптау арқылы жүргізіледі. Кроссингтер кедергілері әртүрлі құрылым қосылысы болып табылады, ең жоғары кедергі тұрбалы кроссингтер үшін тән. Кедергіні төмендету өткізу өлшемдерін арттыру, кедір-бұдырлы бетті қысқарту, ауаны айдау мен шығару бөлігіне баяу әрекет ететін құралдарды орнату арқылы жүзеге асырылады.



 

5.Өлшеу станциялары

Өлшеу станциялары ауаның қозғалыс жылдамдығын өлшеу мен оның шығынын анықтауға арналған. Станция тікелей қоршалмаған тұрақты бекітілетін орындарда орнатылады. Өлшеу станцияларын орналастыру орны мен құрылысы ауаның бірқалыпты қозғалысы мен қозғалыс жылдамдығының симметриялы профилін қамтамасыз ету керек. Өлшеу станцияларының төбесі мен жанама бөліктері бойынша ұзындығы 5-6м бөлік тегіс тақтайшалармен қапталады, бұл ауаның баяу айдалуы мен шығарылуы үшін жағдай жасайды. Өлшеу станциясын орнатуда станция беті мен қаптама арасындағы ауа қозғалысына жол бермеу қажет. Станциялар бойынша ауа шығыны мен қозғалыс жылдамдығы, ауадағы газ мөлшерін жазу мақсатында тақтайша ілінеді.

 

6.Тұйықтайтын шахта үстіндегі ғимараттар

Шахта үстіндегі ғимараттар тұйықтайтын құрылғылар қатарына жатады. Ғимарат толығымен немесе жартылай тұйықталу мүмкін. Адамдар мен жүкті өткізу мақсатында жартылай автоматты немесе автоматты есіктермен жабдықталған шлюздар орнатылады. Терезе жақтауларының рамалары тығыз бекітіліп, тұйықталады, бункерде биіктігі >4м тау жынысының қабаты қалдырылады. Шахта үстіндегі ғимараттар құрылымының жетілген элементтерін пайдалану жаңа құрылымдарды тұрғызған жағдайда депрессия 1000даПа болған жағдайда, ауаның қабаттық ағуын 5-10% қысқартуға мүмкіндік береді. Көтергіштермен жабдықталмаған ұңғыма үшін оқпанды тұйықтау тұтас аралықтар арқылы жүргізіледі. Депрессия ^15даПа болған жағдайда оқпан кедергісін арттыру мақсатында ауаның қабаттық ағуын 2-2,3 есе қысқартуға мүмкіндік беретін ауа бүркеніштері орнатылады.

 

Шахта бетіндегі негізгі желдету желдеткіштері

Қауіпсіздік ережелері бойынша негізгі желдету желдеткіштері тұйық жабылған ұңғыма, шахта бетіне қондырылады, желдеткіш каналдары өте жауапты және күрделі құрылым болып табылады. Олар ауаны өткізу мен қайта айналымда оның қозғалыс бағытын өзгертуге арналған. Мұндай желдеткіштерге төмендегі талаптар қойылады: құрылым жинақылығы, басқару, пайдалану мен жөндеу қарапайымдылығы, аэродинамикалық кедергі төмен, беріктік. Кедергіні төмендету мақсатында барлық айналымдар бірқалыпты, қабырғалар тегіс болып жасалады. Каналдың көлденең қима ауданы ауаның қозғалыс жылдамдығы <15м/с болған жағдайда, ауа шығыны арқылы анықталады. Желдету ағынының қайта айналымына арналған құрылғы мен канал құрылымы желдеткіш түрі мен өлшемі, желдету тәсілі мен басқа да факторлармен анықталады. Желдеткіштер анйлам каналдары мен каналдарсыз, көлденең және тік кеңістікте әкету мен әкелу каналдары, диффузорлардың көлденең, көлбеу немесе тік орналасуы арқылы болуы мүмкін. Каналдар жер бетіне немесе жер астына толығымен немесе жартылай орналасады. Каналдың оқпанмен жанасу орындары тор арқылы қоршауға алынады.

 

Лекция №15

Желдетуді басқаруды автоматтандыру

Автоматты басқару нысаны ретінде атмосфера құрамын қалыптастыру үдерісі.

Басқару нысаны ретінде желдету үдерісі төмендегі белгілермен сипатталады: жалпы жүйе үшін қамтамасыз ету мақсаты мен жалпы міндеттің болуы – барлық әрекет ететін қондырғыларда метан бойынша атмосфера құрамын тұрақтандыру болып табылады, жүйенің әрекет ету мақсаты – бекітілген деңгейден шахтадағы зиянды газдар мөлшерінің ауытқуын қысқарту, барлық әрекет ететін бөліктер мен элементтер санының көп болуы – қондырғы желісінің біртектілігі, желдеткіштер, желдету құрылғылары, тартудың табиғи көздерінің болуы, элементтер топтарын қосалқы жүйелерге топтастыру мүмкіндігі, жүйенің әрекет ету тиімділігі көрсеткіштері мен жүйелер байланыстарының иерархиялық құрылысы, жүйе ішіндегі кері байланыстар мен әсерлердің кездейсоқ сипатымен байланысты жүйе тәртібінің күрделілігі, сенімді элементтерден құрылған, жалпы жүйенің жоғары сенімділігі.

Басқару теориясы тұрғысынан кен орнында шахта атмосферасы құрамын тұрақтандыру үдерісі қалыпты көп өлшемді нысан болып табылады, оның кіру бөлігінде тиісті ауыспалы мәндері бар векторлы ауыспалы бірлік әрекет етеді, шығу бөлігінде вектор сипаттайтын ауыспалы функция қалыптасады.

Ауыспалы бірлік ретінде тау кен өңдеу жүйесіне түсетін ауа көрсеткіштері қабылданған – жеке газ құрамдас бөлшектерінің шығыны, мөлшері, ылғалдылығы, температура, шаңдануы, сонымен қатар, зиянды қоспаларды бөлу белсенділігі мен анықтайтын көрсеткіштер де ауыспалы бірліктер болып есептеледі. Сондықтан, атмосфераның берілген санын қалыптастыратын тау-кен өңдеу жүйесін кездейсоқ функциялар түрленетін жүйе ретінде қарастыруға болады. Барлық қорытынды ауыспалы мәндерді қалыптастырған жағдайда, ауа шығынын реттеу мүмкін емес, себебі әрбір құармдас бөлшек мөлшері қоспа шығынымен қатар, бөлу белсенділігімен де анықталады. Сол себепті желдетуді ұйымдастыруда максималді зиянды фактор немесе құрамдас бөлшек бойынша тау-кен орындарында ауа шығынын қамтамасыз ету үрдісі басым болады. Шахтадағы тау-кен өңдеу орындары бойынша мұндай факторлар әртүрлі болуы мүмкін. мәселен, көмір шахталарда метан мөлшері басым фактор болып табылады. Метан мөлшерін шекті деңгейде сақтау бойынша тазарту забойы, шығару учаскелері мен шахта бойынша ауа шығыны қамтамасыз етіледі. Бос жыныстарда жүргізілетін дайындық жұмыстарындағы ауа шығыны минималді шаңдануды қамтамасыз ету талабы немесе жарылыс жұмыстарынан газдардың шекті мөлшерін сақтау талабы бойынша анықталады. Терең шахталарда ауа шығыны жылу факторы арқылы, яғни ауаның шекті температурасын сақтау талабы арқылы анықталады.

Атмосфераның газ құрамы дизель машиналары мен жарылыс жұмыстары сияқты газ бөлу көздері арқылы анықталады. Олар әртүрлі зиянды газдар қоспасын бөледі. Әртүрлі жағдайда олардың бөліну белсенділігін бағалау қиындық туғызады. Жалпы алғанда шахталарда газ бөлу үдерісін кездейсоқ деп атауға болады. Сондықтан шахта атмосферасы құрамын қалыптастыру үдерісін кездейсоқ нысандар санатына жатқызуға болады, себебі енгізу мен шығару ауыспалы мәндер арасында біртекті сәйкестік болмайды.

Технологиялық үдерістерді басқару әсер бойынша жүргізілу қажет. Инвариантты деңгейді белгілі бір оңтайлы деңгейге дейін шектеген жағдайда, ауытқу бойынша басқаруды пайдаланған жөн. Нысанның шығуы у-о мәнін құрау керек, шығу бөлігіндегі нақты мәні ауытқу арқылы сипатталады.

Аталған ауытқу реттегіш арқылы нысанға берілетін басқару әсеріне түрленеді. Ауытқу бойынша басқару сызбасының тиімділігі шығару функциясы дисперсиясының азаюмен сипатталады. Басқару нысаны ретінде метан мөлшерінің шығу қызметі арқылы сипатталатын шығару учаскесін қарастырып, газ қондырғысын басқару сызбасы шекті деңгейден метан мөлшерінің ауытқу оңтайлы шешім болып табылады. Бұл функцияның тау-геологиялық және тау техникалық сипаттағы көптеген факторлар әсерінен қалыптасуына байланысты, яғни жер қабаты топырағы мен тау жыныстарының құрамы, серіктердің болуы, қабат қуаты, өндіру машинасының түрі, өнімділігі, забойдың қозғалыс жылдамдығы, тау жынысын басқару әдісі. Әрекет ететін және біртекті болып табылатын көптеген факторларға тікелей шұғыл бақылау жүргізілмейді. Зерттеулер көрсеткендей, метан мөлшерінің функциясы жиілігі әртүрлі газдану дәрежесімен сипатталады. Кейбір шекті өлшем шектелген жағдайда, газдану артып, ауытқу болып табылады, бұл қауіпті жағдайдың пайда болуын білдіреді. Жағдайды автоматты басқару болмаған жағдайда, негізгі әсер учаскедегі электр энергиясын ағыту және көмір өндірісін тоқтату болып табылады. Газдануды шұғыл жою желдету жүйесін автоматты басқарудың негізгі мақсаты болып табылады, бұл технологиялық үдеріс үздіксіздігін қамтамасыз ету мен газ бөліну факторы бойынша технологиялық тізбектің тұрып қалуын жою мен кен орындарында метанның жарылыс қаупін жою мәселелерін шешуге жағдай жасайды.

Шекті мөлшермен салыстырғанда метан мөлшерінің азаю арқылы ауытқуы басқарудың экономикалық тиімділігі тарапынан қарастырылу керек, себебі кен орындарын желдетуге ауа шығынын азайту электр энергиясы шығынын қысқартады.

Осылайша, басқару жүйесі қабылдау учаскесінің газ балансындағы өзгерістер мен өндіру машинасының жұмысы тудыратын ауытқуды жою керек. Сондықтан ауытқу бойынша функцияны басқару сызбасы дара мүмкіндік ретінде қарастырылмау керек, себебі нақты әсерлерге байланысты оның тиімділігі әртүрлі болады және аталған сызбаны шахтаның желдету желісі, өндіру учаскесі мен жеке кен орны бойынша қолдануға болмайды. Газ балансын таратуға мүмкіндік беретін вакуумды қондырғының орналасу орын мен жұмыс жасау көрсеткіштерін өзгерту арқылы, жерасты газ жою сияқты жиілігі төмен қуатты газ әсерлерді өтеу құралдарды қолдануға болады. Әсерлердің пайда болу көздерін басқару да мүмкін.

 

29.2.Шахтаның желдетуін автоматты басқару желдету жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету

Ақпарат – басқару жүйелері туралы ғылымдағы негізгі ұғым. Ақпарат нысан жағдайы, құбылыстар ды түсіндіретін хабарламалар болып табылады. Кез келген басқару үдерісінде басқару нысаны туралы ақпаратты жинақтау, тарату мен өңдеу үдерістері арқылы жүзеге асырылады. Хабарламалар нысан жағдайының өзгеруін сипаттайтын, физикалық шамалар – белгілер арқылы таратылады. Белгілер көзге көрінетін, дыбыстық және электр болуы мүмкін. Белгі ақпараттың материалды тасығышы ретінде қолданылады. Белгілерді орын ауыстыру байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Хабарламаны беру белгілердің белгілі бір жиынтығы арқылы жүзеге асырылады. Әрбір нақты хабарлама белгілердің қатаң жиынтығы арқылы беріледі, бұл код деп аталады. Хабарламаларды белгілер жиынтығына түрлендіру үдерісі кодтау деп аталады.

Автоматты басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету белгілер жиынтығы, топтастыру мен кодтау жүйелері, көрсеткіштер жүйесі, құжаттама жүйесі мен мәліметтерді жазу тілі болып табылады. Желдетуді басқарудың автоматты жүйесін ақпараттық қамтамасыз етунысан жағдайын сипаттайтын белгілер жүйесі, мәліметтер жиынтығы, көрсеткіштерді есептеу әдістері, ақпаратты ұсыну түрлері мен шығыс құжаттарының түрлері, анықтама және негізгі ақпарат, реттеу нысаны туралы бастапқы ақпараттан тұрады. Ол сыртқы және ішкі ақпараттық қамтамасыз ету болып топтастырылады. Сыртқы ақпараттық қамтамасыз ету нормативті құжаттамаға өзгерістер енгізу мен сақтау, жүргізу тәртібі бойынша әдістеме және нұсқама материалдар,негізгі құжаттама, технологяилық және техникалық нормативті-анықтама құжаттама жүйесі, ақпаратты кодтау мен топтастыру жүйесі, нысан жағдайы туралы белгілер жүйесінен тұрады. Ішкі ақпараттық қамтамасыз етумашина тасығыштарда мәліметтердің ақпараттық жиынтығы мен мәліметтерге қол жетімділік, жүргізу, ұйымдастыру бағдарламалар жүйесінен тұрады.

Желдету арқылы автоматты басқару жүйесінде қолданылатын ақпарат қозғалыс бағыты бойынша кіріс, шығыс және аралық болып топтастырылады. Кіріс ақпаратына қойылатын негізгі талаптар – енгізудің бір еселік ұстанымын ұстануда минималді көлемі мен жүйе функцияларын жүзеге асыру үшін мәліметтердің жеткілікті болуы. Кіріс ақпараты алыну тәсілі бойынша – бастапқы хабарлама және жұмысшылар қол арқылы енгізетін мәліметтер болып бөлінеді.

29.2.сурет. Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету сызбасы. 1- ақпараттық қамтамасыз ету, 2- сыртқы ақпараттық қамтамасыз ету,3- ішкі ақпараттық қамтамасыз ету, 4- белгілер жүйесі, 5-топтастыру мен кодтау жүйесі, 6-нормативті-анықтама құжаттар, 7-негізгі құжаттар, 8-әдістеме және нұсқама құжаттар, 9-ақпараттық массивтер, 10-бағдарламалар, 11-енгізу мәліметтері, 12- аралық мәліметтер, 13-шығыс мәліметтер.

Шығыс ақпарат пайдалану мен алу тәсілі бойынша нысанды автоматты басқару үшін УВК ұсынатын хабарлама, жүйенің белгі беру мақсатында ұсынатын хабарламасы, видеотерминал қондырғы экрандарында жұмысшылар үшін бейнеленетін хабарлама, жүйенің тіркеу мақсатында ұсынатын мәліметтері.

Алгоритм қолданысы үшін қажетті реттеу нысаны туралы бастапқы ақпарат тұрақты, шартты тұрақты және негізгі болып бөлінеді. Тұрақты ақпарат кен өндіру учаскесін өңдеу барысында өзгеріске ұшырамайтын, желдету басқару үдерісіндегі кіріс ақпарат болып табылады. Тұрақты ақпарат ағымдары мәліметтерді өңдеу жүйесі іске қосылғанға дейін қалыптасады. Олар директивті, норамтивті, анықтама және басқа да сирек өзгеретін мәліметтерден тұрады. Тұрақты ақпарат ағымдарының мәні мәліметтерді өңдеу циклының басында толығымен немесе жартылай жаңартылады. Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесінде тұрақты ақпарат ретінде төмендегі көрсеткіштер қолданылады: уст-өндіру учаскесінің шығыс ағымындағы метан мөлшерін тұрақтандырудың бекітілген деңгейі, сдоп-метанның шекті мөлшері, спр- метанның шекті рұқсат етілген мөлшері, - АГЗ ықтимал іске қосуда сақтау ұзақтығы, ал, ссш-штрек пен кеннің аэродинамикалық кедергі коэффициенті, 2Л/ - автоматты басқару жүйесіне қосылған өндіру кен саны, 2Ы- метан мөлшері құрылғыларының саны, - ауа қозғалысы жылдамдығы құрылғыларының саны,2А- ауа шығынын реттегіштер саны, Vта-кен ішінде ауа қозғалысының минималді рұқсат етілген жылдамдығы, таХ-кен ішінде ауа қозғалысының максималді рұқсат етілген жылдамдығы, Ьст-өндіру бағанының ұзындығы, Яртш-ашық жағдайдағы ауа шығыны реттегішінің аэродинамикалық кедергісі.

Шартты тұрақты кіріс ақпаратына нысанды басқарудың төмендегі көрсеткіштері жатқызылады, олардың сандық мәні тау жұмыстарын жүргізуден пайда болған аэродинамикалық және тау техникалық факторлардың өзгеруіне тәуелді. Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесінде шартты тұрақты ақпарат ретінде төмендегі көрсеткіштер қолданылады: 5л, 5ш- штрек пен кеннің көлденең қима ауданы, Рл,Рш – кен мен штрек периметрі, Ь -к–н ұзындығы, х-өңделген кеңістік ұзындығы, mия-қабаттың өндірілетін қуаты, /вп – бағанды өңдеу басталғаннан кейін кезең ұзақтығы, 5к-ауа қозғалысы жылдамдығы құрылғысын орнату орнында өндірудің көлденең қима ауданы, Но-учаске депрессиясы, /?в – өңдеудің аэродинамикалық кедергісі, /-ауа шығынын реттегішінің шығыс сипаттамасының коэффициенті, толығымен ашық реттегіш арқылы өтетін ауа шығынына тең, у – ауа шығыны бойынша басқару қателігі.

Негізгі ақпарат бекітілген уақытта учаскедегі газ жағдайы анықталатын кіріс ақпараты болып табылады. Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесінде негізгі ақпарат ретінде төмендегі көрсеткіштер қолданылады: ск-метан мөлшерінің ағымдағы мәні, Х)к- ауа қозғалысы жылдамдығының ағымдағы мәні, Ьк-ауа шығыны реттегішінің тізбекті қозғалысының ағымдағы мәні.

Жүйенің шығыс ақпараты алфавитті-сандық құрылғыларда басылатын шығыс түрлері, видеотерминалды құрылғы экранына шығарылатын индикация түрлері, негізгі ақпарат көрсеткіштерін үздіксіз сызбаға түсіру арқылы ұсынылады. Ақпаратты кодтау кіріс, шығыс және аралық ақпарат құрамында шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесіндегі барлық хабарламаларға таңбалық белгілеу тағайындау арқылы жүргізіледі. Кодтау кіріс және шығыс түрлері, көрсеткіштерді топтастыру мен талдау ыңғайлы болу үшін жүргізіледі. Ақпаратты кодтау үшін ақпаратты үш топқа бөлуге негізделген позициялы әдіс қабылданған. Код жиынтығындағы жоғарғы санат – хабарламада ақпаратты ұсыну түрін, төменгі санат – қозғалыс бағыты, ақпаратты алу мен пайдалану әдісі, берілген хабарламаның реттік нөмірін сипаттайды.

Код хабарламасының бірінші код тобы хабарламада ақпаратты ұсыну түрін білдіретін, төмендегі белгілерден тұрады: С-белгі беру ақпараты, Д-құжаттандырылған ақпарат,И-индициялы алфавитті-сандық ақпараты,М-мәліметтер жиынтығы, П-перфожолақтағы ақпарат. Екінші код тобы қозғалыс бағыты, ақпаратты алу мен пайдалану әдісін сипаттайды: И-нысанда құрылғылар автоматты қалыптастыратын кіріс ақпараты, 12-жергілікті автоматика аппаратурасынан алынатын кіріс ақпараты, 13-құжаттар мен аралық тасығыштардан жұмысшылардың қолмен енгізілетін кіріс ақпараты, 21-нысандарды автоматты басқару жүйесі ұсынатын шығыс ақпараты, 22-жергілікті автоматика аппаратурасы ұсынатын шығыс ақпараты, 23-белгі беру жүйесіне ұсынатын шығыс ақпараты,24-видеотерминал құрылғы экранында бейнеленетін шығыс ақпараты, 25-тіркеу үшін ұсынылатын шығыс ақпараты, 26-сызба түрінде ұсынылатын шығыс ақпараты,31-мәліметтер жиынтығы.

Қарастырылатын топтың қолданылмайтын код жиынтығы қосымша болып табылады және АСУ қызметін кеңейтуде қолданылады. Үшінші код тобы алдыңғы код топтары арқылы анықталатын, берілген типтегі хабарламаның реттік нөмірінен тұрады, реттік нөмірі 1-ден 99-дейін тағайындалады. Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесі қолданылған жағдайда, ақпаратты ұсынудың төмендегі түрлері қарастырылған: 1.қолмен толтырылатын құжаттар, 2.алфавитті-сандық құрылғыларда басылатын құжаттар, видеотерминал құрылғы экрандарында ақпаратты ұсынудың индикатор түрлері,3.көрсеткіштерді жазбаға түсіру.

Қолмен толтырылатын құжаттар АСУ ТП үшін бастапқы ақпараттан тұрады. Мұндай құжаттар перфотізбекті пайдалану немесе пернетақта арқылы баспа құралдары арқылы УВК-ға ақпарат енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Олар мазмұны, кесте мен негіздемеден тұрады. Мазмұны құжат шифры, шахта атауы, құжат атауы мен деректемелері, қосалқы мәліметтерден тұрады. Кесте жүйелі тармақтар мен жеке нысандарды сипаттайтын мәліметтерден тұрады. Негіздеме құжатты толтыру үшін жауапты тұлғалардың куәландыру қолы мен құжатқа қол қою күнін қамтиды. Негіздемеде үлгіні толтыру тәртібін түсіндіретін мәтіндік ескертулер болады.

Ақпаратты түзету тізімдемесі мен басқа да кіріс құжаттары қолмен толтырылады. Алфавитті-сандық құрылғыға басылатын шығыс құжат мазмұны, бастапқы тармақ, кесте, қорытынды тармақ, негіздемеден тұрады. Негіздеме мен кесте мазмұнының құрамы мен қызметтері кіріс құжаттарының балама элементтеріне сәйкес келеді. Бастапқы тармақ кеста атауынан тұрады, және бағандарды бөледі. Олардың әрқайсысы құжат басылған беттің әрқайсысына басылады. Қорытынды тармақ кесте мәліметтері бойынша жалпы немесе қорытынды нәтижеден тұрады.

 

Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесін математикалық қамтамасыз ету

Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесін математикалық қамтамасыз ету техникалық құралдар кешенінің қолданысын қамтамасыз ететін және жүйе қызметтерін жүезеге асыратын алгоритмдер мен бағдарламалардың жиынтығы. Бағдарламалық жабдықтау басқару нысанынан түсетін ақпаратты бақылау мен УВМ есептеу нәтижелерін бақылауды қамтиды. Математикалық қамтамасыз ету операциялық жүйе, жұмысшы бағдарламалар жиынтығы мен бағдарламалауды автоматтандыру жүйесінен тұрады. Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесінде төмендегі құрамдас бөлшектерден тұратын, нақты уақыттың дискілі операциялық жүйесі қолданылады: - жүйенің мультибағдарламалық жұмыс тәртібін қамтамасыз ететін, басқару бағдарламаларының жиынтығы, сыртқы құралдар драйверлері, жабдықтау істен шыққан жағдайда, қалпына келтіру бағдарламасы, қолданушылардың сұраныстарын өңдеу бағдарламалары, - қолданушы мен жүйе арасындағы терминалді интерфейс болып табылатын, оператормен байланыс жүйесі, сонымен қатар жүйе сипаттамаларын динамикалық орнатуға мүмкіндік береді, резидентті емес тапсырмаларын жүктеуші, - нақты уақыттың файлдық опеарциялық жүйесі, қамтамасыз ету бағдарламаларының жиынтығы, қолданушы бағдарламаларын бастапқы өңдеу мен іске қосу бағдарламалары, файлдармен жұмыс жасауға арналған жалпы қолданыс бағдарламалары, яғни бір құрылғыдан екінші құрылғыға файлдарды көшірмелеу, атауын өзгерту, файларды басып шығару мен жою, файлдарды түрлендіру мен файл құрылымын тексеру бағдарламалары. Нақты уақыттың операциялық жүйесі қажетті жұмыс сипаттамалары мен есептеу кешенінің нақты құрылымына есептелген, жүйе нұсқаларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін шоғырландыру құралдарына ие.

Бағдарламауды автоматтандыру жүйесі Макроассемблер мен Фортран ІV бағдарламау тілдері, аталған тілдерден түрлендіру жүйесі мен бақылау жүйелерін қамтиды. Жұмысшы бағдарламалар жиынтығы желдетуді автоматты басқару жүйесінің арнайы мақсаттарын шешетін, арнаулы бағдарламалар мен белгілі бір есептеу әдістері жүзеге асырылатын қалыпты бағдарламаларды қамтиды. Алгоритмдер жүйесі бағдарламаларды жүйелі басқару алгоритмі, бақылау алгоритмі, басқару алгоритмі, жүйе қателіктері мен бұзылуларды анықтау мен түзету алгоритмі, апаттық алгоритмі, қосалқы алгоритмді қамтиды. Басқылау мен басқару алгоритмдерінен төмендегі түрлері қолданылады: метал құралдарынан ақпаратты жинақтау мен өңдеу алгоритмі, ауаның қозғалыс жылдамдығы құралдарынан ақпаратты жинақтау мен өңдеу алгоритмі, желдетуді қауіпсіз кешенді реттеу алгоритмі, желдетуді қауіпсіз баяу реттеу алгоритмі, метан мөлшерін болжалды есептеу алгоритмі, қауіпсіз шұғыл реттеуде ауа шығынын есептеу алгоритмі, ауа шығыны реттегішін басқару алгоритмі, шахтаның желдету жүйесінде оңтайлы ауа тарату алгоритмі. Газ факторы бойынша желдетуді басқару жүйесі үшін негізгі шұғыл бақылау өлшемдері – метан мөлшері мен ауаның қозғалыс жылдамдығы болып табылады. Осыған байланысты, жүйедегі бақылаудың негізгі алгоритмдері – метан млшері құралдарының ақпаратын жинақтау мен өңдеу алгоритмі, ауаның қозғалыс жылдамдығы құралдарының ақпаратын жинақтау мен өңдеу алгоритмі болып табылады.

29.4.сурет. Метан құралдарының ақпаратын жинақтау мен өңдеу алгоритмінің блок-сызбасы: 1-басы, 2-енгізу, 1-есептеу нәтижелерін талдау, 13-есептеу, реттеу, 17-газдануды болжау үшін мәліметтерді жинақтау, 22- есептеу, реттеу, 23-мәндерді қайта индекстеу.

29.5.сурет. Уақыт бойынша метан мөлшерінің өзгеру кестесі. а-есептеудің блок-сызбасына енгізілетін бастапқы шарттар үшін, б-метан мөлшерінің қарқыны, 1-ДМТ-4 құрылғысы тіркеген, метан мөлшері, 2- метанның өңделген мөлшері.

 

29.6.сурет. Ауаның қозғалыс жылдамдығы құралдарының ақпаратын жинақтау мен өңдеу блок-сызбасы: 1-басы,2-енгізу, 5-енгізу, 12-РРВП пердесінің жағдайын бақылау, 15-есептеу, 16-шығару, 17-қайта индекстеу, 18-жағдайды талдау, 19-аяқталуы

29.7.сурет. Ауа шығынын қауіпсіз баяу реттеу алгоритмінің блок-сызбасы. 1-басы, 2-бастапқы мәліметтерді енгізу, 3-аралық көрсеткіштерді есептеу, 6-негізгі ақпаратты енгізу, 9-жағдайды талдау, 10-негізгі ақпаратты бастапқы өңдеу, 12- РРВП пердесінің жағдайын бақылау,15-түзетілген мәнді есептеу, 16-есептеу, 18-есептеу, 19-есептеу нәтижелерін талдау, 20-шығару, 21-есептеу, 22-қайта индекстеу, 23-қауіпсіз негізгі реттеуді пайдалану, 24-аяқталуы.

29.8.сурет. Өндіру учаскесінде уақыт бойынша ауаның есептік шығыны мен метан мөлшерінің өзгеру кестесі.

Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесін техникалық қамтамасыз ету

Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесін техникалық қамтамасыз ету ақпаратты жинақтау, тарату мен өңдеуге арналған теникалық құралдар, басқаратын әсерлерді ұсыну мен жүзеге асыруды қамтиды. Метан мөлшері ДМТ-4 құрылғысы, ауаның қозғалыс жылдамдығы ИСВ-1 құрылғысы арқылы өлшенеді. Өлшеу мәліметтері жер бетіне беріледі. Осылайша, шахтаның желдету жүйесі көрсеткіштерінің жағдайы реттеледі. Құрылғы көрсеткіштері СПТ-3И өлшеу құралдары мен УКБ-200 нысанымен байланыс құралымен әрі қарай енгізу үшін УИС ұшқынға төзімді келісу құралдарына беріледі. УКБ-200 бір шинаға тұйықталған, СМ-1420 екі электронды-есептеу машинасынан тұратын, СМ-1420 есептеу кешенінде ақпаратты шығарады. ЭЕС шығарылатын басқару бұйрықтары УКБ-200,содан кейін басқару құралдарына ТКУ-2 телемеханика жүйесіне беріледі. Басқарудың негізгі атқару құрылғылары ретінде ауа шығынын реттегіштер мен негізгі желдету желдеткішінің электр жетегін реттеу құрылғысы қолданылады.

Ауа шығынын реттегіштер негізгі рама, адамдарды өткізу дәлізі, полидиафрагма, пердесі бар барабан, барабан жетегінің тізбегі, тізбектердің қорғаныс темірқаптары, ПЗ-1 типті реттегіш жетегі, аралық редуктор мен перде жағдайын шеткі ағытқыштардан тұрады. Оның құрылымы полидиафрагманы дәліз есігінің ашылуына қарсы жағына бұрылуын қамтамасыз етеді, ауа шығыны реттегіші жетегін басқару қолмен, КУВ-12 пернелі бекеттен қолмен қашықтықтан және УВМ автоматты жүргізіледі. ПЗ-1 жетегі артық жүктеме мен пердені шеткі жағдайында қозғалтқыштың ағытылуын қамтамасыз етеді. Реттегішті басқару үшін қолданылатын электр қондырғы таза ауа ағыны бойынша орналасады, реттегіш көлденең қимасы 7-12м2 тау кен өндіру орындарда орнатуға арналған. Жоғары және төменгі кернеу электр қозғалтқыштарымен, бір немесе екі реверсивті емес желдеткіштермен жабдықталған шахталық желдету қондырғыларын телемеханикалық басқару және бақылау үшін екі негізгі желдеткішті телемеханикалық және жергілікті басқару, желдеткіштердің ауа ағынын телемеханикалық айдау, электр қозғалтқышты қалыптас тыс тәртіптен қорғау, нөлдік қорғаныс, каналдағы депрресися мен желдеткіштердің берілуін автоматты екі шекті қадағалау, желдеткіш берілуін үздіксіз реттеу, желдеткіш іске қосылған жағдайда, автоматты жарық желдету, майдың айналма жүйесінде желдеткіштің іске қосылуына жол бермеуді қамтамасыз ететін аппаратура қолданылады.

29.10.сурет. Ауа шығынын реттегіш сызбасы: 1-барабан, 2-тізбектердің қорғаныс темірқабы, пердесі бар барабан, 4- полидиафрагма, 5-негізгі рама, 6-адамдарды өткізуге арналған есік, 7-ПЗ-1

Басқару мен бақылау жүйесі – байланыс каналдарын полярлы бөлу арқылы реле және телемеханикалық. Байланыс тізбегі – жеті сымды. Аппаратура диспетчер бекеті ПД-63, басқару станциясы СУ-63, дифманометрді автоматты қосқыш, температураны бақылау аппаратынан АКТФ-1 тұрады. Бекет негізгі желдету желдеткішін телемеханикалық басқару мен жұмыс тәртібі туралы белгі беруге арналған. Басқару станциясы телебасқару бұйрықтарын қабылдау мен жүзеге асыру, желдеткішті жергілікті басқару мен белгі тарату, электр қозғалтқышты әртүрлі қалыптан тыс жұмыс тәртібінен сақтауға арналған. Дифманометрді автоматты қосқыш теріс кеңістікті жалғау үшін қолданылады.

29.9.сурет.Шахтаның желдетуін автоматты басқару жүйесінің құрылымды сызбасы. 1-процессор,2-магнитті дискілер, 3-магнитті жолақтар, 4-баспадан шығару құрылғысы, 5-оператор дисплейі, 6- диспетчер дисплейі, 7-жалпы шина, 8-негізгі жады, 12-магнитті дискілер, 13-магнитті жолақтар, 14-баспадан шығару құрылғысы, 15-нысанмен шапшаң әрекет ететін кешендй байланыс құралдары, 16-келісімді ұшқын қауіпсіз құрылғысы, 17- "Ауа" өлшеу құралдарының жиынтығы, 18-«Метан» өлшеу құралдарының жиынтығы, 19-телемеханика жүйесі, 20-жиілік пен электр қозғалтқышты реттеу құрылғысы, 21-электр қозғалтқышты басқару жүйесі, 22-ауа шығыны мен депрессияны өлшеу құрылғысы, 23-негізгі желдету желдеткіші, 24-телемеханика жүйесі, 25-перде жетегін басқару құрылғысы, 26-перденің аралық және шеткі жағдай құрылғылары, 27-ауа шығынын реттегіш, 28-ауа қозғалысы жылдамдық құрылғысы, 29-ауаны тарату, 30-метан мөлшері құрылғысы, 31-желдеткіш каналындағы қысым ауысымын өлшейтін шығын өлшеуіш көрсеткіші.

АКТФ-1 аппараты артық қыздырылу орнын тіркеу мен желдеткіш мойынтіректерінің артық қыздырылуы туралы автоматты белгі беру мен үздіксіз бақылауға арналған. Аппарат температураның сегіз ферритті құрылғылармен жиынтықта жұмыс жасайды.

 

Желдетуді басқаруды автоматтандырудың

экономикалық тиімділігі

Шахтаны желдетуді автоматты басқару жүйесін қолданудың экономикалық тиімділігі, бір жағынан, материалды қызметтер мен өнім саны мен сапасы, екінші жағынан, өндіріс құралдары мен еңбек шығыны арасындағы қатынас болып табылады. Шахтаны желдетуді автоматты басқару жүйесін қолданудың экономикалық тиімділігінің негізгі факторлары: басқару бұйрықтарын ұсыну мен шахта атмосферасы көрсеткіштерінің жағдайы туралы ақпаратты бақылау, беру мен өңдеудің жоғары жылдамдығы, кен орындарында аэродинамикалық және газ жағдайын шұғыл өзгерту, газданудың дамуын болжау, кен рындарының газдануын жою, газ факторы бойынша жұмыс қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Шахтаны желдетуді автоматты басқару жүйесін қолданудың экономикалық тиімділігінің көздері: қондырғы жұмысын оңтайландыру мен газ факторы бойынша жұмыстың тұрып қалуын қысқарту есебінен қуат пен уақыт бойынша жалпы шахталық, учаскелік және забой қондырғыларын толығымен пайдалану, забойдың өнімсіз жұмыс ұзақтығын қысқарту, материалды және энергетикалық шығындарды толығымен пайдалану, шахтаның желдету тәртібін басқару бойынша еңбек шығынын төмендету, еңбек жағдайларын жақсарту. Автоматтандырудың экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері – пайдалы қазбаның өзіндік құнын төмендету есебінен жылдық үнемдеу, жылдық экономикалық әсер, экономикалық тиімділік коэффициенті, автоматты басқару жүйесін қалыптастыруға шығындардың өтелу мерзімі.

29.1.кесте

Лауазымы Саны, адам Айлық жалақы Тікелей жалақыға төлем коэффиценті Жылдағы жұмыс айларының саны Жалақының жылдық қоры, мың теңге
нақты тізім бойынша
Қызмет басшысы 1,08 3,1
Машина басшысы 1,08 2,2
Инженер-электроншы 1,08 1,8
Инженер-бағдарламашы 1,08 1,8
5санатты электр слесарь 1,42   14,5
Жалақыға үстемақы /9%/           25,6
Барлығы            

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.