Залалсыздандыру (стерилизация) Апат дегеніміз не? a) зақымдары ауыр тұрмыстық жарақаттар; b) жол-көлік апаттары; c) бұл өте тез өтетін, нәтижесінде адам өлімі және мүлік қирайтын оқиға; d) өндіріс орындарында болатын жаппай жарақат алу; e) қоғамдық көлікте болатын жарақаттар 24. Апат орнында зардап шеккеннің жағдайын бағалау үшін ең алғашқы шаралардың бірі болып табылады: a) артериалдық қан қысымды өлшеу; b) көзбен қарап тексеру; c) электрокардиография; d) рентген көмегімен тексеру; e) зертханалық нақтама 25. Зардап шеккендерді құтқару тиімділігінде бірінші кезекте маңызды рөл атқарады a) зақымданудың ауырлық дәрежесі; b) сұрау, анықтау; c) медициналық қорғаныс құралдары; d) алғашқы көмектің дер кезінде болуы; e) медикаментердің толық жиынтығының болуы «Ішкі аурулар» пәнінен тест сұрақтары 1.Таңертең ауызға толы іріңді қақырықтың бөлінуі қай ауруға тән? a) Бронх демікпесіне b) Бронхоэктатикалық ауруға c) Крупозды пневмонияға d) Экссудативті плевритке e) Ошақты пневмонияға 2.Крупозды пневмонияның асқынулары: a) Бронх демікпесі b) Бронхит c) Плеврит d) Өкпе рагы e) Антракоз 3.Реанимацияның қарапайым әдістері: a) Жүрекке тікелей массаж b) жүрекке жабық массаж жасау c) жүрекке электр тогымен әсер ету d) Пациентті басқарымалы тыныс алу аппаратына қосу e) жоғарыда аталғандардың барлығы 4.Жүрек гликозидтеріне жатады: a) Изокет, изомак b) Кордиамин, мезатон c) Строфантин, коргликон d) Пентамин e) Нитроглицирин 5.Артериалды гипертония – ол: a) жүрек бұлшық етінің қабынуы b) тамыр тонусы реттелуінің бұзылуы c) жүрек қызметінің декомпенсациясы d) эндокардтың зақымдануы e) перикардтың зақымдануы 6.Ревматизмнің екіншілік алдын алуы: a) Бициллин – 3, бициллин – 5 b) Бронхолитиктер c) несеп айдайтын дәрі-дәрмектер d) Спазмолитиктер e) Нитраттар 7.Поллинозбен ауыратын пациент тұншығуына шағым жасап ФАП-қа келді. Объективті: экспираторлық типіндегі ентікпе, перкуссияда өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпе дыбысы. Аускультацияда - сырылдары құрғақ, шашыраңқы. Қан қысымы 120\80 мм с.б.Сіздің диагнозыңыз: a) жүрек демікпесі b) өкпе ісігі c) Бронх демікпесі d) Іркілген жүрек жетіспеушілігі e) Кардиогенді шок 8.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамуының себебі: a) Ревматизм b) Гломерулонефриттер мен пиелонефриттер a) c)Созылмалы гастриттер және энтероколиттер c) Өткір циститтер d) Бүйрек шаншу ұстамасы 9.Созылмалы гломерулонефриттің нефротикалық формасына тән: a) жоғары қан қысымы, ісіктер, зәрде протеинурия; b) қан қысымының төмендеуі, ісіктердің болмауы; c) аяқтарындағы ісіктер, қан қақыру, тұншығу; d) қалыпты қан қысымы, лейкоцитурия; e) жиі несеп бөлу, несеп бөлгенде ашып ауруы 10.Шат аймағына және сыртқы жыныс мүшелеріне берілетін белдің қатты ауруы, жиі ауырсынумен болатын кіші дәрет, ұстама жүгүруден, физикалық күш түскеннен болатын белгілер қай ауруға тән? a) Созылмалы пиелонефриттің өршуі b) Өт кір цистит c) Созылмалы гломерулонефриттің өршуі d) Бүйрек шаншу ұстамасы e) Өткір гломерулонефрит 11.Атеросклероз дамуының қауіп-қатер факторы: a) Холестериннің жоғары деңгейі b) Дене шынықтырумен айналысу c) Айқындалмаған (ауыртпалық түсірмейтін)тұқымқуалаушылық d) Тиімді тамақтану e) Барлық жауаптар дұрыс 12.Кеш «ашығу», түнгі аурулар қай ауруға тән? a) созылмалы гастритке b) асқазанның ойық жарасына c) он екі елі ішектің ойық жарасына d) бауыр циррозына e) созылмалы холециститке 13.Асқазанның тесілген жарасының негізгі клиникалық белгісі: a) эпигастрий аймағындағы қанжармен сұққан тәрізді өткір ауру; b) кіндік маңындағы толғақ тәрізді ауру; c) іштің төменгі жағындағы аурулар; d) ішінің бүкіл жеріндегі сыздап қақсап ауыру сезімі; e) жүрегінің айнуы және құсу 14.Өңеш көк тамырларының кеңеюі қай ауру кезінде пайда болады? a) Гастритте b) Колитте c) Холециститте d) Бауыр циррозында e) Панкреатитте 15.Ревматоидты полиартритті диагностикалау белгілеріне жатады: a) жүрек ақаулары, миокардиттер; b) ұсақ буындарының симмериялық зақымдалуы, таңертең қозғалмай қалушылығы; c) ірі буындардың зақымдалуы және аурулардың ұшпалы болуы; d) созылмалы жүрек жетіспеушілігі; e) бүйректердің қосымша зақымдануы 16.Наркотикалық дәрілермен улану кезіндегі антидоттарға жатады: a) Кордиамин, коффеин b) Адреналин, мезатон c) Налоксол, налорфин d) Унитиол, тиосульфат натрий e) 40% глюкоза 17.Қай симптомдар кезінде өкпе туберкулезіне қатысты сақтық білдіру қажет? a) 3 аптадан асқан мерзім жөтелу, тершеңдік; b) дене қызуының төмендеуі; c) дизуриялық бұзылыстар; d) кеуденің төс артында қысып ауруы; e) тәбеттің жоғарлауы. 18.Ауыз ұрғақтығы, шөлдеу, әлсіздікдің дамуы, өршуі, кейіннен тежелу, есінен тану, «Куссмауль» тынысы, ацетон иісі, жұмсақ көз алмалары, терінің құрғақтығы, тахикардия тән: a) Тиреотоксикалық криз b) Анафилактикалық шок c) Есінен тану d) Гипотиреоидты кома e) Диабетикалық кетоацидотикалық кома 19.Теміржетіспеушілік және В12фолий жетіспеушілік анемияларының даму себептері: a) секрецияның төмендеуімен асқазан аурулары, энтериттер, гельминтоздар; b) ұйқы безі аурулары; c) айқындалған (отягощенная) тұқымқуалаушылық, стрестік жағдайлар; d) ауыр физикалық және жүйке жүйесіне күш түсу; e) гиповитаминоз. 20.Қандағы эритроциттердің 2-3х1012/л дейін төмендеуі, Нв – 80-100г/л, қай ауруға тән? a) тромбоцитопениялық пурпураға; b) геморрагиялық васкулитке; c) жүйелі қызыл жегіне; d) жетіспеушілік анемияға; e) дұрыс жауабы жоқ 21.Экзофтальм, тахикардия, гипертензия, тремор, жүдеу, тітіркенушілік, тершеңдік қай цауруға тән? a) улы зобқа(тиреотоксикозға); b) гипотиреозға; c) эндемиялық зобқа; d) қант диабетіне; e) бүйрек үсті безінің ауруларына 22.Қанның клиникалық анализіндегі лейкемиялық төмендеуі(провал) қай ауруға тән? a) созылмалы лейкозға; b) теміржетіспеушілік анемияға; c) В12фолий жетіспеушілік анемияға; d) өткір лейкозға; e) геморрагиялық васкулитке 23.Қант диабетінің себебі болып табылады: a) инсулиннің жоғарланған секрециясы; b) инсулиннің төменделген секрециясы; c) тиреоидті гормондардың жоғарланған секрециясы; d) тиреоидті гормондардың төменделген секрециясы; e) бүйрек үсті бездері қабығы қызметінің төмендеуі 24.Әлсіздік, ашығу сезімі, тершеңдік, физикалық және психикалық мазасыздану, тырысулар, брадикардия қай ауруға тән? a) диабетикалық кетоацидотикалық комаға; b) тиреотоксикалық кризге; c) гипотиреоидтік комаға; d) анафилактикалық шокқа; e) гипогликемиялық комаға 25.Эндемиялық зобтың алдын алуына қолданады: a) бигуанидтер; b) тиреодин, левотироксин; c) бүйрек үсті безі қабығының гормондары; d) инсулин; e) калий иодиді, иодомарин 26.Өт шаншу ұстамасы кезінде: a) жедел,қатты ауруы b) құсу c) лихорадка d) барлығы e) дұрыс 27. Жедел басталатын панкреатитті тудыратын себеп a) алкоголь қолдану b) ұйқыбездің жарақаттары c) іш қуысына хирургиялық ем қолданғанда d) тиреотоксикозада e) артық тамақтану 28.Созылмалы панкреатиттің клиникалық көрінісі: a) қант диабеті b) сыртқы секрецияның (гипоферментемия) функциясы төмендеуі c) сарғаю d) активтілігі жоғарлау аминотрансфераз e) гепатомегалия 29.Спленомегалия, асцит и "голова медузы" тән: a) портальды гипертензияға b) белсенді гепатитке c) барлығына d) ешқайсысына 30.Өттас ауруын тиімді емі: a) хирургиЯЛЫҚ b) диеталық c) ультрадыбыстық d) фармакотерапия e) минералды сумен Aкушерство гинекология 1. Босанғаннан кейінгі жараның белгісі: A) іштің төменгі жағынын ауырсынуы b) жарадағы ірің с) қан-іріңді ақ кету d) Щеткин-Блюмберг белгісі e) жатырдың жанында инфильтрат 2. Маститтің белгісін табыңыз: a) үрпілердің тілінуі b) сүт безіндегі инфильтрат c ) сүт безінің ұлғаюы d ) сүт безі жүмсақ, сүт бөлінуі аз мөлшерде e ) сүт бездері өзгермеген 3. Ұрықтану деген: a) аталық және аналық жасушаларының қосылуы b) ұрықталған жасушаның бөлінуы c ) ұрықталған жасушаның жатыр кілегей қабатына енуі d) органогенез e) бүрлі қабығынын қалыптасуы. 4. Жүктіліктің мүмкіндік белгілеріне жатады: a) құсу b) ісіну c ) етеккір тоқтауы d) ҚҚ көтерілуі e ) жерік болу. 5.Босанудың бірінші кезеңі: a) нәресте шығу кезеңі b) нәресте жолдасы шыгу кезеңі c) жүктілік және босану кезеңдегі өзгерістерінің орнына келу d) жатыр мойнының ашылу кезеңі e) қағанақ суының кетуі. 6. Толғақ деген: a) жатыр бұлшық етінің жиырылуы b) жатыр мойнының ашылуы c) жатыр және көлденең-жолақты бұлшық еттерінің жиырылуы d) нәрестенің босану жолдарынан шығуы e) қағанақ көпіршігінің құрылуы. 7. Плацентаның ажырау белгісіне жатады: a) Довженко белгісі b) Абуладзе әдісі c) Леопольд әдістері d) Пискачек белгісі e) Снегирев белгісі. 8. Нәресте арқасының жатырдын оң немесе сол жағына қатынасуы a) нәресте келісі b) нәресте позициясы c) нәресте жатысы d) нәресте мүше орналасуы e) позиция түрі. 9. Жеңіл эклампсия алдына тең: a) ҚҚ 140/90 -160/100 мм.с.б., ақ уыз 0.3 г/л b) ҚҚ 160/100 мм.с.б., ақ уыз 2г/л c) ҚҚ 170/110 мм.с.б., бас ауруы d) ҚҚ 180/110 мм.с.б. тырысу e) ҚҚ 110/80- 120/80мм.с.б. 10. Мерзімі жетпеген нәресте белгілеріне жатады: a) нәресте салмағы 2500 гр жоғары b) нәресте салмағы 2500 гр төмен c) нәресте ұзындығы 45 см жоғары d) жұмыртқалар ұмаға түскен e) нәресте басының жіктері және еңбектері тар 11. Қауіпті түсік белгілері: a) іштің төменгі жағының сыздап ауырсынуы b) ауырсыну және көп мөлшерде қан кету c) жүктілік белгілерінің жойылуы d) ауырсыну және аз мөлшерде қан кету e) Щеткин-Блюмберг белгісі. 12. Қалыпты жамбас өлшемдері: a ) 25-28-30-20см b) 25-25-30-18см c) 25-28-30-17см d) 23-26-28-18см e) 23-26-28-20см 13. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы сипатталады: a) локалді ауырсынумен b) іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауырсынумен c) ауырсынбаған жыныс мүшелерінен қансыраумен d) ретті босану қуаттарымен 14. Жатыр жыртылу қауіптілігінің белгісі: a) қатты, ауырсынған толғақтар, контракциялық сақина кіндіктен жоғары b) қатты, ауырсынған толғақтар, қанды сұйық кету c) кенеттен босану күштерінің тоқтауы, шок d) жатырдағы тыртықтын ауырсынуы, «ниша» белгісі e) жатыр қатты, ауырсынады. 15. Септикалық аурулардын I сатысына жатады: a) сепсис b) перитонит c) пельвиоперитонит d) эндометрит e) кольпит. 16. Эндометриттің белгісі: a) босану жолдарынан қан кету: b) аралықтағы іріңдеген жара c) лайлы, жағымсыз иісті лохилар d) Щеткин-Блюмберг белгісі оң e) іштің төменгі жағынын ауырсынуы. 17. Гинекологиядағы негізгі зерттеу әдістері: a) метросальпингография b )бимануальді зерттеу с) жатыр мойының биопсиясы d) кольпоскопия e) гонококка жағынды алу 18. Пельвеоперитониттың негізгі белгісі: a) еттеккір циклының бұзылуы b) іш пердесінің тітіркену белгісі c) қынап қышуы d) іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы e) зәр шыққанда ауырсыну 19. Гинекологиядағы консервативті емдеу әдісі: a) қынап ванночкалары b) жатыр мойының электрокоагуляциясы c) полипэктомия d) жатыр қуысын қыру e) миомэктомия 20. Жатырдан тыс жүктіліктің негізгі белгісі: a) бас айналуы b) ҚҚ көтерілуі c) әлсіздік d) ауырсынудың тік ішекке берілуі e) құсу 2-нуска Балар ауруы 1 Полиомиелитке қарсы вакциянаны салу жолы: a) Көк тамырға; b) Бұлшық етке; c) Тері астына; d) Пероральді ; e) Тері ішіне. 2. Емшекпен тамақтандырудың артықшылықтарын көрсетіңіз: a) сүт стерильді, құрамында амин қышқылдары мен кальций тиімді мөлшерде, өсу факторы, иммуноглобулиндерге және А дәруменіне бай; b) сүт құрамында Са, казеина, В тобындағы дәрумендер бар, А, С дәрумендері жеткіліксіз; c) сүт стерильді, құрамында микроэлементтердің, эритроциттердің оптималды мөлшері бар; d) емшек сүтінде галактоза, глюкоза, фруктоза бар; e) сүттің құрамында ақуыздар, майлар, көмірсулар, крахмал, тұздар бар. 3. Қыз балаға 5 жас. Жиі кіші дәретке отыруына және дәретке отырғанда ауыруына, бел аймағының ауыруына шағым жасайды. Дене қызуы 39,0. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Жалпы зәр талдауында – дәреті лайланған, ақуызы 0,1 г/л, лейкоциттері 30 көру аймағында. Зәрінің бактериологиялық егісі: ішек таяқшасы. Диагнозы: a) гломерулонефрит; b) цистит; c) пиелонефрит; d) бүйрек тас ауруы; e) вульвовагинит. 4. Патронаж – ол: a) ауруханада емдеу; b) емханада қабылдау; c) балаларды шақыру бойынша тексеру; d) амбулаторлық емдеу; e) балаларға шақырусыз үйде қызмет көрсету. 5. Сау балада сүт тістерінің шығу мерзімдері: a) 2 ай; b) 3 ай; c) 6 ай; d) 12 ай; e) 18 ай. 6.Конституция аномалиясына (диатездер) тән белгілерін таңдаңыз: a) эритематозды-папулезді бөртпе; b) гнейс; c) полилимфоаденопатия; d) «географиялық» тіл; e) аталғандардың барлығы. 7.Туа біткен жүрек ақауларына күмән туғызатын белгілер: a) тамақтандыруда, айқайлағанда пайда болатын цианоз; b) ентікпе; c) физикалық дамуы тежеліп қалған; d) жүрек аускультациясында дөрекі шудың болуы;; e) аталғандардың барлығы. 8. Балаға 12 жас. Іріңді ангинамен ауыруынан 3 аптадан кейін дене қызуы 38,0 дейін көтерілген, тізе аймағында, одан кейін тобық буынында ауырсынатын ісіктер пайда болған, қызметтері бұзылған. Жүрек шекараларының кеңеюі және жүрек тондарының тұйықталуы, жүрегінің ұшында дөрекі систоликалық шу пайда болған. Шамаланған диагнозы? a) ревматоидты артрит; b) септикалық эндокардит; c) ревматизм; d) ревматикалық емес кардит; e) жүрек ақауы. 9. Емшек сүтімен тамақтанған баланың ішегінің басым микрофлорасы: a) ацидофильді таяқшалар; b) ішек таяқшалары; c) бифидум-бактериялар; d) энтерококтар; e) клебсиелла. 10. Бірінші клиникалық қан талдауы сау балаға қай жаста жүргізіледі? a) 1 айында; b) 2 айында; c) 3 айында; d) 6 айында; e) 1 жасында. 11. І типтегі қант диабетіне тән белгі: a) Аурудың жіті басталуы; b) Жасөспірімдік жас; c) Салмақ түсіру (жүдеу); d) полидипсия, полиурия; e) жоғарыда аталғандардың барлығы. 12. Жіті лейкоздың морфологиялық субстраты болып табылатын не? a) лимфоциттер; b) промиелоциттер; c) бласттар; d) гранулоцитарлы қатардағы жетілген жасушалар; e) промиелоциттер. 13.Туғаннан кейін нәресте қай мерзімде басын бекіп қатты ұстай алады? a) 2 аптада; b) 1 айында; c) 2 айында; d) 4 айында; e) 6 айында. 14. Балалардың тыныс алу ағзаларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері: a) Мұрын жолдары тар, шырыштылары жіңішке, бездері жеткіліксіз дамыған, қанмен қамтамасыз етілуі бай; b) Мұрын жолдары кең, мұрын кеуілжірі жіңішке, шырыштылары ісінген; c) Қосалқы қуыстары қалыптасқан, көз жасы-мұрын түтігі кең; d) Евстахиев түтігі ұзын, тар, қысқа тамырлары бай; e) Көмейі төмен орналасқан және саңылау кең. 15.Зертханалық көрсеткіштерде «Д» гипервитаминозының негізгі көрінісі a) анемия; b) лейкоцитоз; c) диспротеинемия; d) гиперкальциемия; e) ацидоз. 16.Жас туған нәрестенің орталық жүйке жүйесінің анатомиялық -физиологиялық ерекшеліктері: a) шартты рефлекстері айқын; b) шартсыз рефлекстері айқын; c) көру қабілеті жақсы дамыған; d) мидың сұр заты жақсы дифференциацияланған; e) жоғарыда аталғандардың барлығы. 17. 2 жасар балада ұстама тәрізді, қақырығы әрең бөлінетін жөтелі байқалады. Тынысы алуы қатты, құрғақ, ысқырлы сырылдар және әр түрлі ылғалды сырылдар. Өкпе дыбысы қорапты тәрізді, экспираторлы ентікпе бар. Шамаланған диагнозы: a) жіті қарапайым бронхит; b) жіті обструктивті бронхит; c) жіті бронхиолит; d) жіті пневмония; e) ЖРВИ. 18. Скарлатинаға тән үштік белгілері: a) интоксикация, ангина, ұсық дақты бөртпе; b) мұрынның бітелуі, жөтел, таңқурай түсті тіл; c) жөтел, ентікпе, қызба; d) везикулярлы бөртпе, гиперемия, құсу; e) Бельский-Коплик дақтары, конъюнктивит. 19. Балаға 10 ай. Сәуір айында құрысқақ жағдайы бойынша ауруханаға түсті. Тексеріп қарау кезінде мешел белгілері анықталды. «Д» дәруменімен мешелдің постнатальді спецификалық профилактикасын алмаған. Қандағы кальцийдің деңгейі 1,6 мкмоль/л құрады. Хвостек, Маслов белгілері – оң. Сіздің шамаланған диагнозыңыз: a) менингит; b) энцефалит; c) спазмофилия; d) эпилепсия; e) мидың ісігі. 20.Сарыптың үлкен критерийлеріне жатпайтыны қайсы? a) кардит; b) кіші хорея; c) полиартрит; d) артралгиялар; e) ревматикалық түйіндер. 21.Қыз балаға 13 жас. Созылмалы тонзилитпен ауырады. Тонзилит қабынғаннан кейін 2 аптадан соң аяқ қолдарының еріксіз қимылдауы пайда болды, жүрісі өзгеріп, ашушаң, эмоциясы тұрақсыз бола бастады. Зерттеу кезінде қимылдар координациясының бұзылуы, бұлшық ет гипотониясы анықталды. Шамаланған диагнозыңыз: a) Мезілегіштік қимылдар неврозы; b) Кіші хорея; c) Мишық ісігі; d) неврастения; e) энцефалит. 22. Бүйректердің негізгі қызметі: a) артериялық қысымды реттеу; b) аминқышқылдарының экскрециясы; c) ішкі бездер қызметі; d) ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ету (гомеостаза); e) осморегуляция. 23.Қосымша тамаққа жатпайды: a) ботқалар; b) көкөніс езбесі; c) шырындар; d) айран; e) ірімшік. 24. Спазмофилия кезіндегі құрысулардың себебі: a) гипофосфатемия; b) гипокальциемия; c) фосфатаза белсенділігінің төмендеуі; d) гиперкальциемия; e) жоғарыда аталғандардың барлығы. 25. Көкжөтелдің алдын алуына қолданады: a) тұмауға қарсы вакцинаны; b) қызылша вакцинасын; c) АКДС вакцинасын; d) паротит вакцинасын; e) полиомиелит вакцинасын. Хирургия 1. Ес-түссіз жатқан зардап шеккендi тексеріп қарау қай жерден басталады a) Омыртқасын; b) Басын; c) Ішін; d) Аяқ қолдарын; e) Терісін. 2. Құрсақ қуысына қарай ішкі қан құйылудың жалғасып жатуының белгісі: a) ес-түсінен айырылу, тахикардия, терең тыныс алу; b) ес-түсінен айырылу, денесінің құрысып тырысуы, терісінің бозаруы; c) шөлдеуі, қатты терлеуі, аяқ-қолының дірілдеуі, денесінің қызуы; d) өрши беретін тахикардия, терісінің бозаруы, шөлдеуі, ұйқы басуы, гипотония; e) мазасыздануы, тахикардия, тыныс алудың жиелеуі, АҚ-ның көтерілуі, бетінің қызаруы. 3. Қан бойынша топ тиістілігін анықтау белгісі: a) Резус-фактор; b) Сәйкестілікке сынама; c) Құрамында агглютиногендер мен агглютининдердің болуы; d) Құрамында эритроциттердің болуы; e) Құрамында гемоглобиннің болуы 4. Қан құю кезінде биологиялық сынама жүргізу үшін қажет: a) 1 рет көк тамырға ағызып 25 мл қан құю 5 мин. бақылау b) 3 рет көк тамырға аралығы 5 минуттан 20 мл қанды ағызып құю, бақылау c) көк тамырға аралығы 5 минуттан 3 мәрте 20 мл қанды тамшылатып құю d) көк тамырға үш рет арасы 10 минуттан, ағызып 15 мл\ ден қан құю e) көк тамырға 25 мл қанды тамшылатып құю 5. Бірінші хирургиялық өңдеу: a) жараның шетін, түбін, қабырғасын кесіп алып, тігу b) жараны жуу c) жарадан қан ұйықтары мен бөтен заттарды алып тастау; d) жараның жиегін кесіп алып гипертониялық ертіндімен таңғыш салу; e) жараның жиегін кесіп алып дренаж қою 6. Кеуде торы қысылып қалғанда, жансыздандыру дәрісін еккеннен кейін a) ішімен жатқызу керек b) арқасымен жатқызу керек c) бүйірімен жатқызу керек d) жартылай отырғызуы керек e) бір жақ бүйіріне жатқызу. 7. Жараның біріншілік жазылу үшін a) жиектердің тегістігі, бірінен-бірі тегіс тиісіп тұру керек b) жиектері тегіс емес, араларында қашықтық болуы крек c) жарасы іріңдеген d) жараға дренаж қою e) майлы таңба салу 8. Жараның ең қауіпті белгісі a) қан ағуы b) инфекция түсуі. c) терінің ақауы d) зақымдалған дененің қызметі бұзылған e) жүрек – қан тамыр жүйесінің бұзылуы 9. «Ұзақ уақыт сырттан жаншылу» синдромы кезінде алғашқы көмек a) промедол енгізу, өттегі беру, аяқ, қолға тығыз дәкелік таңба салу, транспорттық иммобилизация b) атропин енгізу, сілтілі сұйықтық ішу, аяқ және қолдың иммобилизациясы, жеден тасымалдау c) новокаиндық тежеу, аяқ немесе қол иммобилизациясы, жансыздандыру, оттегі беру d) оттегі беру, жедел тасымалдау e) жансыздандыру, дәкемен аяқ-қолдарын байлау, имммобилизациялау 10. Жараның тез тазаруы үшін қолданады: a) антибиотиктер b) фурациллин c) гибитак d) ерітуші ферменттер e) повидол - йод. 11. Жамбас сүйегі сынған науқасты қалай жатқызу қажет a) бақа тәрізді пішінге b) жартылай отырғызып c) етбетімен d) жамбасты көтеріңкіреп e) бір жағына 12. Жұлынның зақымдану белгілері: a) салдану, құрыспа b) тік өсімдіктің аймағында шықырлау (крепитация) c) омыртқа аймағы пішінінің өзгеруі, ісіну d) бастағы ауырсыну сезімі e) зақымдану аймағында қанды ісіктің болуы. 13. Ми шайқалуының жеңіл дәрежедегі негізгі белгілері a) бас ауруы,қан қысымының көтерілуі b) құсу, бірнеше сағат бойы естен тануы c) бас ауруы, жүрек айнуы, әлсіздік d) құсу,қан қысымының төмендеуі, ретроградтық амнезия e) құсу, естен тану 14. Ашық пневмоторакс кезінде науқасқа көрсетілетін жедел жәрдем көлемі a) асептикалық таңғыш b) тасымалдық бекіту, жақтау салу c) тығын тәрізді окклюзиондық таңғыш d) кеуде торына байлау e) циркулярлық таңғыш. 15. Гемодинамикалық әсер ететін препарат: a) Полиглюкин; b) Трисамин; c) Липофундин; d) Дисоль; e) Трисоль. 16. Қан құйған кезде науқастың жағдайы ауырлады төс аймағында, бел тұсында ауырсыну сезімі пайда болды. Басы қатты ауырып, айналып, әлсіздікке шағымданды. Бұл белгілер қай асқынуға тән a) геморрагиалық шок b) цитраттық шок c) гематрансфузиялық шок d) анафилактикалық реакция e) пирогендік реакция 17. Донор мен реципиент қанының жеке сәйкестігін анықтау үшін қажетті компоненттер: a) донордың сар суымен реципиенттің тазартылған сары суы. b) реципиенттің сар суымен пен донордың тазартылған сары суы c) донордың сары суы және рецепиенттің қаны d) рецепиенттің тазартылған сары суы және донордың қаны e) рецепиенттің және донордың тазартылған сары суы 18. Қабынудың қатаю \инфильтрат \ кезеңінде антибактериалды терапиямен қатар қандай емдік шара жасау қажет a) натрий хлорид гипертониялық ерітіндіге малынған дәкелерді қолдану b) спирттік компресс, физиотерапиялық ем c) майлы компресс d) инфильтратты тілу e) инфильтратты тесу 19. Іріңдеген жараны тазалағаннан кейін қандай таңғыш салынады a) антибиотикпен b) гипертониялық ерітіндімен c) фурацилин ерітіндісімен d) құрғақ асептикалық таңғыш e) «Левомиколь» майы 20. Сан сүйегі сынған кезде қай буындарды бекіту қажет: a) Тобық, тізе және ұршық буындарын; b) Тізе және тобық буындарын; c) Тек тобық буынан ғана; d) Тек тізе буынын; e) Тізе және ұршық буындарын. 21. Бүйрек жарақатының белгісі: a) Гематурия; b) Полиурия; c) Никтурия; d) Жүрек айну; e) Құсу. 22. Зәр шығару жолдарына инфекция кіруінің ықтимал жолдары: a) Гематогенді жолмен; b) Лимфагенді жолмен; c) Уриногенді жолмен; d) Жоғарыда аталған жолдармен; e) Дұрыс жауабы жоқ 23. Агглютиногендер қайда орналасқан: a) Эритроциттерде; b) Плазмада; c) Лейкоциттерде; d) Тромбоциттерде; e) Лимфациттерде. 24. Аталғандардың қайсысы дәрігерлік құпияны сақтауға жауапты емес: a) Науқастың палатадағы көршілері; b) Дәрігерлер; c) Бас медбике; d) Аурухананың медицина қызметкерлері; e) Дұрыс жауабы жоқ. 25. Спасокукоцкий-Кочергин әдісі бойынша қолды өңдеуде қолданады: a) 5% йодтың спирттік ерітіндісі; b) 1% хлорамин ерітіндісі; c) 0,5% нашатырь спиртінің ерітіндісі; d) 3% бор қышқылының ерітіндісі; e) 1% йодтың спирттік ерітіндісі. Ішкі аурулар Тест №1 Митральді саңылау стенозының белгілері: a) қан қақыру, ентікпе; b) жүректің айнуы, құсу; c) қалтырауық, басының ауруы; d) қасаға асты маңының ауруы; e) барлық жауаптар дұрыс. Тест №2 Өткір тамыр жетіспеушілігіне жатады: a) өкпе ісігі; b) коллапс; c) жүрек демікпесі; d) гипертониялық криз; e) барлық жауаптар дұрыс Тест №3 Стенокардия кезінде ауруды басу үшін таңдап алынатын препарат: a) Адреналин,норадреналин b) Кордиамин, мезатон c) Нитроглицерин, изокет d) Дибазол, сульфат магния e) Валидол, сасықшөп Тест №4 «Ниша» рентгенологиялық симптом айқындалады: a) гастритте; b) жара ауруында; c) асқазан рагында; d) холециститте; e) панкреатитте. Тест №5 Стенокардия кезінде тромбтың пайда болуының алдын алу үшін қолданады: a) Анальгин, кеторол b) Строфантин, коргликон c) Нитроглицерин, изокет d) Аспирин, плавикс ( зилт) e) Дұрыс жауабы жоқ Тест №6 Қақырықта атиптік клеткалар анықталады: a) бронхитте; b) пневмонияда; c) өкпе рагында; d) туберкулезде; e) трахеитте Тест №7 Стационарға дене қызуы 39°C, көп мөлшерде іріңді қақырықты жөтелімен, ауырғанына 3 апта болған науқас келді, ауыруын қатты суық тиюімен байланыстырады. Рентгенограммасында оң жақ өкпесінің төменгі бөлігінде сұйықтық деңгейі бар дөңгелектенген көлеңке айқындалған. Сіздің диагнозыңыз: a) крупозды пневмония; b) бронх демікпесі; c) өкпенің оң жақ абсцесі; d) созылмалы бронхит e) эмфизема. Тест №8 Сальбутамол, тербуталин, беротек, беродуалды қолданады: a) ошақты пневмонияда b) Туберкулезде c) Плевриттерде d) Жүрек демікпесінде e) Бронх демікпесінде Тест №9 «Тат басқан қақырық» түкіру қай кезде болады: a) Асқазаннан қан кету; b) өкпеден қан кету; c) ошақты пневмония; d) крупозды пневмония. e) Өткір бронхит Тест №10 Гипертониялық криздер кезіндегі асқынудың негізгі түрі: a) Өткір жүрек жетіспеушілігі b) Ишемиялық немесе геморрагиялық инсульт c) Стенокардия d) Миокард инфарктісі e) барлық жауаптары дұрыс Тест№11 Созылмалы гломерулонефриттер кезіндегі негізгі терапия: a) гормондар; b) жүрек гликозидтері; c) спазмолитиктер; d) несеп айдағыш дәрі-дәрмектер; e) витаминдер Тест №12 Бел аймағының ауруы, бетіндегі ісіктер, қан қысымының жоғарлауы, зәрдің түсі «ет шайындысы» тәрізді қай ауруға тән? a) өткір цистит; b) созылмалы пиелонефрит; c) «бүйрек шаншуы» ұстамасы; d) гипертониялық криз; e) өткір гломерулонефрит Тест №13 Созылмалы пиелонефрит кезіндегі Нечипоренко сынамасына тән: a) гематурия; b) лейкоцитурия; c) бактериурия; d) глюкозурия; e) протеинурия Тест №14 Оң жақ бүйрек коликасы ұстамасы кезіндегі шұғыл жәрдем: a) урологтың шұғыл кеңесі; b) наркотикалық анальгетиктерді салу; c) жергілікті жылытуды қолдану; d) жалпы жылытуды(ванна) қолдану; e) антибиотиктерді қолдану Тест №15 Несеп айдайтын дәрі-дәрмектерге жатады: a) Эгилок, атенолол, бисапролол b) Строфантин, коргликон, дигоксин c) Кордиамин, коффеин, сульфокамфокаин d) Фуросемид, гипотиазид, верошпирон e) Нитроксолин, фурадонин, фурагин Тест №16 Танқұрай түсі тәрізді, «жылтыр», ауыршаң тіл, бозару, парестезия, ас қорыту ағзалары бағыты бойынша ауыруы, тітіргеніштік, ентікпе, жүректің қатты соғуы қай ауруға тән? a) В12фолий жетіспеушілік анемияға; b) Теміржетіспеушілік анемияға; c) Постгеморрагиялық анемияға; d) Созылмалы лейкозға; e) Геморрагиялық диатезге. Тест №17 Жетілдіру мақсатында созылмалы панкреатитті емдеуде тағайындайды: a) Алмагель, смекта, маалокс b) Но – шпа, папаверин, платифиллин c) Панзинорм, фестал, креон, мезим d) Холосас, аллахол, холензим e) Анальгин, кеторол, найз Тест №18 Бауыр циррозының асқынулары: a) өңештен қан кету; b) асқазан перфорациясы; c) пенетрация; d) пилоростеноз; e) өкпе ісігі Тест №19 Бауыр коликасы ұстамасына тән белгілер: a) Іштің төменгі жағының ауруы, іш өту, құсу; b) Оң жақ қабырға астының ауыруы, жүрек айну, көз ақ қабығының сарғаюы; c) Қыжыл, қышқыл кекірік; d) Шат аймағына берілетін белінің ауруы; e) Дұрыс жауабы жоқ Тест№20 Иісті газбен уланғанда шұғыл арада жүргізу қажет: a) Жүрекке тұра емес массаж жасау; b) Жүрек гликозидтерін жіберу; c) Науқасты тыныштандыру; d) Зардап шеккен адамды аймақтан алып шығу, оттегімен қамту, тыныс алу аналептиктерді жіберу; e) Асқазанын жуу Тест №21 Туберкулез кезінде қақырықта айқындалады: a) Атиптік клеткалар; b) Микобактериялар; c) Эозинофилдар, d) Куршман спиралдері; e) Эластикалық талшықтар Тест №22 Сізге пациент келесі шағымдарымен келді: шырышты қақырық бөлетін жөтел, дене қызуы 37,8°C дейін жоғарлаған. Өткір респираторлық ауру бойынша амбулаторлы емделген. Өкпесінде – тыныс алуы қатты, шашыраңқы құрғақ сырылдары естіледі. Сіздің диагнозыңыз: a) өткір трахеит; b) өткір бронхит; c) өкпе абсцесі; d) экссудативті плеврит; e) өкпе эмфиземасы. Тест №23 Пациентке дренажды жағдай қай ауру кезінде жасалады: a) бронхоэктатикалық ауруда; b) бронх демікпесінде; c) құрғақ плевритте; d) ошақты пневмонияда; e) экссудативті плевритте Тест №24 Өкпе рагының асқынулары: a) өкпеден қан кету; b) өкпе эмфиземасы, c) созылмалы бронхит; d) бронх демікпесі; e) дұрыс жауабы жоқ Тест №25 Аллергологтың қарауы қажетті: a) өкпе туберкулезі кезінде; b) өкпе рагы кезінде; c) өткір бронхит кезінде; d) бронх демікпесі кезінде; e) созылмалы абсцесс кезінде тест26 ойық жараны тудыратын дәрілер тобы a) кортикостероидтар b) ацетилсалицил қышқылы c) индлметацин d) резерпин e) барлығы Тест 27 Ойық жара ауруына тән: a) «ашығу» эпигастри аймағында b) түнгі ауру c) қыжыл d) созылмалы гастродуоденит e) барлығы тест 28 бауыр циррозында науқасты объективті қарау нәтижесі: a) бауырдың тығыздалуы,қалыңдауы; b) пальпацияда эпигастрии аймағындағы түіннің сезілуі; c) алақан эритемасы; d) тілде ақ тұнба, құсу. e) барлығы Тест 29 Ревматикалық артриттің ерекшелігі: a) симметриялық, ұшқынды ауруы; b) буын тұсының ісінуі. c) гиперемия; d) барлығы Тест 30 Созылмалы гастриттің негізгі этиологиялық себебі: a) алкоголь; b) химиялық факторы; c) стероидты емес препараттар; d) Helicobacter pylori. e)темекі шегу Акушерство гинекология 1. Үлкен жамбастың сыртқы конъюгатасы: 1. 18-19см 2. 20-21см 3. 23-24см 4. 22-23см 5. 25-26см 2. Нәрестенің позициясы анықталады 1. Леопольдтің 1 әдісі бойынша 2. Леопольдтің 3 әдісі бойынша 3. Леопольдтің 2 әдісі бойынша 4. Леопольдтің 4 әдісі бойынша 5. қынап арқылы зерттегенде 3. Босану екінші кезеңінің басталу белгісі 1. толғақ 2. кілегей тығының кетуі 3. нәресте басының тесіп шығуы 4. күшену 5. қағанақ суының кетуі 4. Босанудың 3 кезеңінің патологиялық қансыраудың мөлшері: 1. 50,0 2. 150,0 3. 250,0 4. 300,0 5. 400,0 және одан да жоғары 5. Бас ауыруы, «көз алдында бұлдырлау» болады: 1. жүктілік кезіндегі ісінуде 2. эклампсия алды ауыр дәрежесінде 3. жүктілік кезіндегі токсикозында 4. эклампсияда 5. эклапсия алды жеңіл дәрежесінде 6. Плацентаның ажырау белгісі: 1. жатыр түбінің кіндік деңгейінде болуы 2. жатыр созылып қабырга астына шалқаюы 3. босану жолдарынан қан кету 4. кіндік бауының ішке кіруі 5. басқанда жатырдың ауырсынуы 7. Имплантация деген: 1. аталық және аналық жасушаларының қосылуы 2. ұрықталған аналық жасушаның бөлінуі 3. ұрықталған аналық жасушаның жатыр кілегей қабатына енуі 4. органогенез 5. бүрлі қабығының қалыптасуы 8. Жүктіліктің мүмкіндік белгілері: 1. жерік болу 2. ҚҚ төмендеуі 3. құсу 4. жатыр мойынының көгеруі 5. ісіну 9. Жүктіліктің анық белгілері: 1. ісіну 2. жатыр ұлғаюы 3. нәресте қимылы 4. етеккір тоқтауы 5. әлсіздік 10. Босанудың екінші кезеңі: 1. нәресте шығу кезеңі 2. нәресте жолдасы шыгу кезеңі 3. жүктілік және босану кезеңдегі өзгерістерінің орнына келу 4. жатыр мойнының ашылу кезеңі 5. қағанақ суының кетуі 11. Күшену: 1. жатыр бұлшық етінің жиырылуы 2. жатыр мойынының ашылуы 3. жатыр және көлденең-жолақты бұлшық ет жиырлуы 4. нәрестенің босану жолдарынан шығуы 5. қағанақ көпіршігінің құрылуы. 12. Плацентаның ажырау белгісі: 1. Креде-Лазаревич әдісі 2. Альфельд белгісі 3. Леопольд әдістері 4. Пискачек белгісі 5. Снегирев белгісі. 13. Асқынған көлденең орналасу белгісі: 1. нәресте басымен келуі 2. нәресте үш үлкен бөлігінің анықталуы 3. нәресте қолының түсіп кетуі 4. жамбаспен келу 5. нәресте жүрек соғысы кіндіктен төмен 14. Ауыр эклампсия алдына тең: 1. ҚҚ 140/90 -160/100 мм.с.б., ақ уыз 0.3 г/л 2. ҚҚ 160/100 мм.с.б., ақ уыз 2г/л 3. ҚҚ 170/110 мм.с.б., асқазан үстінің ауырсынуы 4. ҚҚ 180/110 мм.с.б. тырысу 5. ҚҚ 120/80- 130/90мм.с.б. 15. Мерзімі жетпеген нәресте белгілері: 1. нәресте салмағы 2500 гр жоғары 2. нәресте салмағы 3000 гр төмен 3. нәресте ұзындығы 45см жоғары 4. жұмыртқалар ұмаға түскпеген 5. нәресте басының жіктері және еңбектері тар. 16. Басталған түсікте: 1. іштің төменгі жағы сыздап ауырсынады 2. ауырсыну және көп мөлшерде қан кетеді 3. жүктілік белгілерінің жойылады 4. ауырсыну және аз мөлшерде қан кетеді 5. Щеткин-Блюмберг белгісі болады. 17. Плацентамен келу сипатталады: 1. локалді ауырсынумен 2. іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауырсынумен 3. ауырсынбай жыныс мүшелерінен қан кетумен 4. ретті босану қуаттарымен 5. су көптілікпен. 18. Гипотоникалық қансырауда: 1. жатыр қатты, қансырау бар 2. жатыр жұмсақ, қансырау бар 3. плацентаның бөлігінің болмауы 4. қансырау және ауырсыну 5. босану жолдарының бүтіндігінің бұзылуы. 19. Жатырда болған жыртылу белгісі: 1. қатты, аурсынған толғақтар, контракциялық сақина кіндіктен жоғары 2. қатты, аурсынған толғақтар, қанды сұйық кету 3. кенеттен босану күштерінің тоқтауы, шок 4. жатырдағы тыртықтын ауырсынуы, «ниша» белгісі 5. жатыр қатты, ауырсынады. 20. Септикалық аурулардың II сатысына жатады: 1. сепсис 2. перитонит 3. пельвиоперитонит 4. эндометрит 5. кольпит 3-вариант Балалар ауруы 1. Тірі вакциналарға жатпайды: a) АКДС вакцинасы; b) полиомиелит вакцинасы; c) қызылша вакцинасы; d) паротит вакцинасы; e) БЦЖ вакцинасы. 2.Жас туған нәресте терісінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелікері: a) Капиллярлық жүйесі мол, тер бездері әлсіз дамыған, майлы бездері жақсы дамыған; b) Капиллярлы жүйесі әлсіз, тер бездері жақсы дамыған; c) Терісі айқын қызыл, қатпары тығыз; d) Терісі бозарған, әжім басқан; e) Жоғарыда аталғандардың барлығы. 3.А гемофилиясына келесі гемостаз факторының дефициті тән: a) III фактор; b) V фактор; c) VII фактор; d) VIII фактор; e) IХ фактор. 4. Гемофилияға қай белгі айтарлықтай тән? a) синусит; b) фарингит; c) гемартроз; d) нефрит; e) плеврит. 5.Геморрагиялық васкулиттің клиникалық көрінісіне қай белгі тән? a) симметриялық папулёзді-геморрагиялық бөртпе; b) полиморфты полихромды экхимоздар; c) лимфаденит; d) гемартроз; e) құрыспа синдромы. 6. Баланы объективті тексерудің реттілігін анықтаңыз: a) пальпация, перкуссия, лабораторлық диагностика, сыртқы қарау; b) сыртқы қарау, пальпация, перкуссия; c) лабораторлық диагностика, пальпация, перкуссия; d) аускультация, лабораторлық диагностика; e) перкуссия, сыртқы қарау. 7.Бала өмірінің қай кезеңі емшек жасы деп аталады? a) 1 айға дейінгі; b) 3 айға дейінгі; c) Өмірінің 29-шы күнінен бір жасқа дейінгі; d) Бір жасынан 2 жасқа дейін; e) Туғаннан бастап 2 жасына дейін. 8. 1 типтегі қант диабеті (инсулинге тәуелді) үшін қай белгі тән емес? a) жүдеу; b) семіру; c) полифагия; d) полидипсия; e) терісінің құрғақтығы 9. Денсаулық тобы нешеу: a) 4 топ; b) 2 топ; c) 3 топ; d) 5 топ; e) 6 топ. 10.Бастың түкті бөлігіндегі, шырыштыларында, денесіндегі везикулалар төмендегі аталған аурулардың қайсысына тән? a) қызамық; b) қызылша; c) жел шешек; d) менингококк инфекциясы; e) жәншау (скарлатина). 11. Менингококты инфекцияға тән: a) жұлдызша тәрізді бөртпе; b) Керниг симптомы; c) Брудзинский симптомы; d) Желке бұлшықеттерінің сіреспелігі; e) Аталғандардың барлығы. 12. Шынайы круп қай ауруға тән? a) Күлге; b) тұмауға; c) парагриппке; d) жел шешекке; e) қызылшаға. 13.Секрециясы жоғарланған созылмалы гастритке тән белгіні таңдаңыз: a) құсу; b) кекіру; c) эпигастрий аймағындағы ауырлық, дискомфорт сезімі; d) қыжыл; e) метеоризм. 14. Жас туған нәрестелердің физикалық дамуының қалыпты орташа көрсеткіштерін белгілеңіз: a) салмағы 3,200гр., бойы-53см., басының шеңбері-34см., кеудесі-33см; b) салмағы 4000гр., бойы -58см., басының шеңбері -37см., кеудесі -35см.; c) салмағы 2,700гр., бойы -47см., басының шеңбері -30см., кеудесі -29см.; d) салмағы 2,500гр., бойы -45см., басының шеңбері -31см., кеудесі -30см.; e) салмағы 4,500гр., бойы -53см., басының шеңбері -36см., кеудесі -34см. 15. Жас туған нәрестені қай уақыттан бастап емшекке салу керек: a) 6-8 сағаттан кейін; b) Туғаннан кейін; c) 24 сағаттан кейін; d) Екінші тәулігінде; e) 12 сағаттан кейін. 16. Емшек сүтімен тамақтандыру саясаты нені қарастырады: a) Тамақпен қамтамасыз етуі кепілін; b) Ана мен нәресте арасында эмоциялық байланыс қалыптасады; c) Нәрестенің оптималды физикалық мен интеллектуалды потенциалы дамуының кепілі; d) Инфекциядан қорғайды; e) Аталғандардың барлығы. 17. Талу кезінде аталғандардың қайсысы қолданылмайды? a) Жатқызып, төсектің бас жағын төмен түсіру; b) Еркін тыныс алуын қамтамасыз ету; c) Таза ауанің келіп түсуін қамтамасыз ету; d) Бетін суық сумен бүрку; e) Несеп айдағыш дәрі дәрмектер. 18.Ұл балаға 14 жас. Түнгі уақытта ашқарынға ішінің ауруына шағым жасайды, тамақ ішкеннен кейін ауыруы басылады. Пальпацияда – іші қатайған, әсіресе пилородуоденалды бөлігінде., ол жерде ауыруы анықталмайды, тері гиперестезиясы. Ауыруы арқасына беріледі. Шамаланған диагнозыңыз: a) асқазан секрециясы жоғарланған созылмалы гастрит; b) асқазан секрециясы төменделген созылмалы гастрит; c) асқазан жарасы (кіші иіні бойынша); d) буылтық және 12 елі ішек ойық жарасы; e) өт жолдарының дискинезиясы. 19.Өт жолдары дискенезиясының дамуы себептеріне қайсысы жатпайды? a) өт қабының туа біткен аномалиялары; b) майлы және майға қуырылған тамақты шамадан тыс қолдану; c) аз қимылдау; d) инфекцияның созылмалы ошақтары; e) хеликобактериялар. 20. Анафилактикалық шоктың клиникасына тән: a) төмен артериялық қысым b) жоғары артериялық қысым c) жүрек тондары анық d) аталғандардың ешқайсысы e) жүрек тондары тұйық 21.Қол мен аяқтардағы қан қысымының дұрыс қатынасы сақталмайтын туа біткен жүрек ақауын анықтаңыз: a) аорта стенозы; b) аорта коартациясы; c) ашық артериялық түтік; d) өкпе артериясының стенозы; e) ашық сопақша терезе. 22.Пиелонефрит кезінде зәр талдауындағы тән көрсеткіш: Характерным в анализе мочи при пиелонефрите является: a) макрогематурия; b) протеинурия 3 г/л; c) цилиндрурия; d) лейкоцитурия; e) бүйрек эпителиінің жасушалары. 23.Нефротикалық синдромы бар гломерулонефрит кезінде биохимиялық талдауда байқалады: a) гипопротеинемия; b) диспротеинемия; c) гипергаммаглобулинемия; d) гиперлипидемия; e) аталғандардың барлығы. 24. Анафилактикалық шок үшін тән емес белгі: a) өкпе ісігі; b) ми ісігі; c) көмей ісігі; d) қан қысымынің көтерілуі. e) бронхоспазм. 25 .4 жасар балада құрғақ жөтел, дауыстың дірілдеуі өзгермеген, өкпенің барлық алаңдар бойынша тыныс алуы қатты, құрғақ және ірі ылғалды көпіршікті сырылдар. Басқа ағзалар бойынша өзгеріссіз. Шамаланған диагноз: a) жіті қарапайым бронхит; b) жіті бронхиолит; c) жіті пневмония; d) бронх демікпесі; e) созылмалы бронхит. Хирургия 1. Бұғанасы зақымданған науқасқа көмек көрсету үшін қажет: |