МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Жерді жеке меншікке кім сатып ала алады?





Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукцион арқылы жеке меншікке сатып алады.

Егер жер жалға берілген болса, қазақстандықтар оны 10 жылға ұзарта отырып, аукционсыз жартылай бағасына сатып алады.

Жерді сатып алған қазақстандық оны шетелдік азаматқа сата алмайды (ҚР Жер кодексінің 23 және 24 баптары).

 

7. Заңнама қаншалықты жерді жеке меншікке алу үшін шетелдіктердің айналып өтуінің мүмкіндіктерін ескереді?

Біздің заңнамада шетелдіктерге жерді жеке меншікке алу мүмкіндігін шектейтін тетіктер қарастырылған.

Мысалы, егер шетелдік жеке меншігіне жалған неке арқылы жерді сатып алуға тырысса, онда бұл неке заңсыз болып есептелінеді.

Ал егер шетелдік жеке меншігіне ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе қайталама нарықта жерді сатып алғысы келсе, әділет органдары бұндай жағдайларды тіркеуге қабылдамайды. Ал бұндай тіркеуден өтпеген жағдайда меншік құқығы туындамайды.

Осылайша, мемлекет тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Сонымен бірге, шетелдіктерге жер сатып алу туралы шектеу нотариуста келісім жасау кезінде белгілі болады.

Тіркеуші органдар немесе нотариус тарапынан осындай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда – құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғайтын болады.

 

8. Қоғамда шетелдіктер жерге жеке меншік құқы бар қазақстандық заңды тұлғаның үлесін сатып алу жолымен жер телімдерін алуы мүмкін деген қауіп бар ма. Бұл солай ма?

Бұл олай емес. Егер шетелдік сатып алатын үлес 50%-дан асатын болса, онда бұл компанияның жер телімдері алынуға жатады немесе жер пайдалану (жалға беру) құқығы қайта ресімделеді.

Бұл талапты орындамаған кезде, Әкімдік жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы талап арыз береді.

Егер де шетелдіктің үлесі 50%-дан кем болса, онда жердің заңды иесі Қазақстан азаматтары болады.

9. Егер де, шетелдік 50%-дан кем үлес сатып алған болса, бұндай заңды тұлға шектеуді айналып өтпей ме?

Бұл күмәнді сейілтсек деймін. Заңға сәйкес бұндай жер телімінің иесі шетелдік азамат емес, заңнамамыз бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін, тіркелген Қазақстан резиденті болып табылады.

Егер де шетелдік қатысушылар құрамынан шыққысы келсе, онда ол заңнаманың талаптары бойынша жеке меншік құқығына өзінің жер үлесін ала алмайды.

Бұл жағдай – заңды тұлғаның қатысушысы жұбайлар болып, оның біреуі шетелдік болған жағдайға да қатысты.

Бұдан басқа, қазақстандық компанияда акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені, тіпті акцияның 100% үлесіне ие шетелдік акционердің өзі де жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

Айтылғандарды түйіндей келе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және қатысушылар құрамынан шыққан кезде шетелдік азамат өз үлесін жер теліміне жеке меншік құқығын емес, ақшалай түрде алады.



 

10. Мемлекет жерді қайтарып алуға құқылы ма?

Иә, әрине. Жерді қайтарып алу тетігі заңмен реттеледі. Жерді қайтарып алудың негіздемелері:

Біріншіден, егер жер мақсаты бойынша пайдаланылмаса, мысалы, жер өңделмесе, өнім өндірілмесе.

Екіншіден, егер жер тиісті рационалды емес (тыйым салынған химикаттар қолданылса, егіс айналымының технологиясы сақталмаса, арамшөптер толып кетсе, аурулар, тұздану пайда болса), нәтижесінде жердің құнарлылығы азаяды және эрозия пайда болуы мүмкін. Жердің өнім беруі 3 жыл ішінде нормативтен төмен болса да жерді қайтарып алудың негізі болады.

Үшінші, жер иелерінің қаржылық міндеттемелерді орындамауынан жер қайтарып алынады (ұзақ мерзімге сатып алу төлемдері мерзімінің аяқталуы бойынша 3 айдың ішінде жер салығын өтемеу).

Төртінші, мемлекет мұқтаждығы үшін жерді қайтарып алу (қорғаныс қажеттіліктері үшін, пайдалы қазбалар табылған жағдайда, маңызды нысандар үшін).

Заң бұзылған жағдайда егер жер мемлекеттік қажеттіліктер үшін қайтарылатын болса жер иесіне немесе жалға алушыға Ұсыным немесе Хабарлама беріледі, кейін сұрақ сотқа қойылады.

 

11. Қазақстан азаматы жерді сатып, немесе жалға ала ма?

Иә, алады. Қазақстандықтар үшін ерекше жеңілдік жағдайлары қарастырылған: жалға берілген жерді 10 жылға дейін ұзартылған мерзімде жарты бағасына сатып ала алады. Ал шетелдіктер үшін мұндай ереже қарастырылмайды.

 

12. Қазақстандықтарға немесе шетелдіктерге жалға берілген жер олардың жауапкершіліксіз пайдалану әрекетінен тозуға және тыйым салынған химикаттармен улануға ұшыраса, жалға берілген жерге не болады? Бұл жағдайды кім және қалай бақылауға алады?

Пестицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің агрохимия қызметі мен Әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.

Қосымша, ауыл шаруашылығынан алынатын барлық өнімдерді нитраттар, нитриттер мен пестицидтер мөлшерінің болуы мен асып кетуін анықтау үшін зертханаға жіберіледі.

Заңнама бұзылған жағдайда жерді қайтарып алуға дейін баратын қатаң шаралар қолдану қарастырылған.

Анықтама үшін.

Әкімдіктер жанындағы бақылау органдары жер заңнамасының қадағалануын бақылау үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің жер телімдеріне тексеріс жұмыстарын жүргізді. 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша 263,9 мың га жердің ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтындығы анықталды.

Өткен жылы 187 жеке меншік иелері мен жер пайдаланушыларға жер заңнамасында орын алған заң бұзушылықтарды жою туралы жарлық берілсе, соның ішінде 171 субъекті 169,5 млн. теңге айыппұл мөлшеріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

13. Жер қанша тұрады?

Жер телімінің нақты құны базалық ставкаларға сәйкес анықталады, оны әр өңірдің мәслихаты бекітеді.

Базалық ставкалар жер телімі жағдайының сапасына, орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, қызмет көрсету орталығынан алыс-жақындығына және т.б. байланысты түзету коэффициенттері қолданылады.

Мысалы, жер телімі елді мекеннен, инфрақұрылым нысанынан алыстаған сайын, коэффициенті де, яғни бағасы төмендейді. Жердің құнының соңғы базалық ставкасын мәслихат бекітеді.

Осы базалық баға аукционға қойылатын бастапқы баға болып табылады.

Мысалы, Алматы облысының Талғар ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 га суармалы жер – 125 000 теңге, ал 1 га суармалы емес жер – 50 000 теңге тұрады.

 

14. Аукциондар мен конкурстар ашық және әділ өтеді дегенге күдігіміз бар. Осы бағытта қандай шаралар жүргізілуде?

Сатуды өткізудің тәртібі заңмен нақты белгіленген, аукцион – жерді сату үшін, оған тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады, ал конкурс – шетелдіктерге жалға беру үшін өткізіледі.

Аукцион кезінде - көбірек сомма берген, конкурскезінде – ең жақсы шарттар ұсынған жеңімпаз болып табылады. Сатуды (аукцион, конкурс) өткізу тетігі жерді бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар жер телімдерін жалға алу құқығы тек конкурстық негізде беріледі.

Қазақстандықтарғажалға беру сатып алу құқығымен 49 жылға дейін, ал шетелдіктерге сатып алу құқығынсыз 25 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Конкурс өткізу кезінде құрамында 5 мүшеден кем емес Комиссия құрылады, олар қатысушылардың өтінімдерін қарайды және олардың ішінен ең үздік бизнес-жоспарларды анықтайды.

Адам факторын мүмкіндігінше болдырмау мақсатында критерийлер әзірленді, оларды Комиссия өтінімдерді қарау барысында басшылыққа алады, әсіресе мыналар ескеріледі:

- жерді қорғау, оларды рационалды және тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар;

- іс-шаралар жоспарының және ауыспалы егіс жүйесін ендіру және сақтау, топырақ құнарлылығын арттыру бойынша міндеттемелердің болуы;

- алдыңғы агротехнологияларды ендіре отырып, жерлерді пайдалану жөнінде ұсыныстар;

- қосымша жұмыс орындарын құру;

- бизнес-жоспар бойынша сарапшы топтың оң қорытындысы (өндірістік бағдарлама).

Екі немесе одан да көп тең шарттарымен өтінімдер болған жағдайда, конкурс жеңімпазын анықтау кезінде басымдық қазақстандықтарға беріледі.

Сатуды өткізу тетіктерін әрі қарай жетілдіру, жемқорлықты болдырмау мақсатында сатуды ұйымдастыруды электрондық форматқа көшіруді жүзеге асыру жоспарланады, бұл адам факторын мүмкіндігінше болдырмайды.

 

15. Заңнама нормаларын күшіне енгізген жағдайда Қазақстандықтар осыған дейін жалға алған жерлерінен айырылып қалмайды ма?

Қабылдаған заңнамамен бұрын жерді жалға алып пайдаланушылардың құқығы бұзылмайды.

Жалға алған жерлерін дәл қазір сатып алу қажеттігі міндеттелмейді. Жалға алу мерзімінің аяқталуына дейін жерді еркін пайдалана алады.

Сонымен қатар, жер пайдаланушының бұрын жалға алған жер телімін жеке меншігіне 50% жеңілдікпен сатып алу құқығы беріледі.

Бұдан басқа, аталған соманы 10 жылға ұзартылған мерзіммен рәсімдеп, төлеуге болады.

(2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, Жер кодексінің 171 - бабы).

 

16. Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?

Ауылшаруашылығы үшін арналған жерлер Қазақстандықтарға бәсекелі сауда-саттық арқылы сатылады. Сауда-саттыққа қатысу үшін әкімдікке өтініш білдіру керек. Әкімдіктер сауда-саттықтың өтуі туралы хабарландыруларды оның өткізілетін күннен күнтізбелік он бес күн бұрын кешіктірмей жариялайды.

Сатылуға қойылған жер телімдері туралы хабарландыруларды мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайтынан және Электрондық үкімет платформасынан табуға болады.

2016 жылдың 1 шілдесінен Қазақстан азаматтары үшін 1,7 млн. га ауылшаруашылық жерін сатуға шығару жоспарланған.

 

17. Шетелдік азамат жалған неке құру арқылы Қазақстан Республикасының азаматы атанып, жер үлесіне ие бола ала ма?

Жоқ. Егер де, шетелдік азамат азаматтық алу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматымен жалған некеге тұратын болса, оның азаматтық алу мәселесі жойылады.

Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты бекітілген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» Заңның 6 тармағы, 21 бабымен көрсетілген. (Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таниды)

Қазақстан Республикасының азаматтығына: Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының азаматымен ең кемі 3 жыл некелескен тұлғалар қабылдана алады. Аталған норма Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» Заңының 16 бабына сәйкес реттелген.

18. Ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншік құқығын енгізу, ұзақ мерзімді жалға беруге қарағанда, оның тиімді қолданылып жатқаны туралы қандай объективті көрсеткіштермен дәлелденеді?

Мұндай жағдайда, жердің жекеменшікке немесе жалға берудегі экономикалық пайдасын салыстырудың қажеті жоқ. Өйткені екі жағдайда да аталмыш жерде мемлекет емес, жеке шаруа жұмыс жасайды. Әрине, жеке шаруа жеріне аса жауапкершілікпен қарағандықтан, оны мүмкіндігінше тиімді пайдаланып, нәпақасын табады.

Жерді мемлекет тарапынан жалға беру, оның шетел азаматының жекеменшігіне сатылып кетпеуінен қорғайтын заңды механизм болып табылады. Оларға жерді тек 25 жылға жалға алу мүмкіндігі ғана берілген. Бірақ, жер толығымен мемлекеттің бақылауында қалады.

19. Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұрған шетел азаматы жердің меншік иесі бола алады ма?

Жоқ. Ауылшаруашылық жерлері тек Қазақстан Республикасы азаматының жекеменшік құқығына беріледі. Ал шетел азаматы жерді тек жалға ала алады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының заңында нақты көрсетілген.

Қазақстандық пен шетелдік ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда, ортақ жер Қазақстан Республикасының азаматының жекеменшігінде қалады, ал шетел азаматы жерді тек қана жалға алумен шектеледі.

20. Жерді сатып алушы компанияның үлесінде болашақ шетелдік үлескердің иелігі 50 пайыздан асқанда, сонымен қатар жер шетелдік банкте кепілдік есебінде тіркелген жағдайда жериеленуші компанияның жерге байланысты болашағы қандай болмақ?

Жер кодексінің 24 бабына сәйкес заңды тұлғалардың капиталында шетелдіктер үлесі 50 пайыздан асқан жағдайда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер тек қана 25 жылға жалға беріледі.

Егер заңды тұлғаның шетелдік қорындағы үлесі ұлғайған жағдайда, жер қайтарылады немесе жалға алу құқығы 3 ай мерзім ішінде рәсімделуі тиіс. Бұл Жер Кодексінің 66 бабында нақты көрсетілген.

Көрсетілген заңды талаптар орындалмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган жерге байланысты, сот органдарына жер телімін мемлекет меншігіне қайтару бойынша шағымданады.

Егер, қазақстандық жер телімі шетелдік банкке кепілдікке қойылса, шетелдік банк жерді меншігіне өткізе алмайды.

Анықтама: Жер кодексінің 24 бабына сәйкес (2016 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген өзгерістердің негізінде), шетелдік тұлғалар ауылшаруашылығына қатысты жерлерді 25 жылға жалға алып, тек қана уақытша қолдану құқығына ие бола алады.

21. Жер қалай сатылады?

Жер телімі аукционға құнын арттыру тәсілі бойынша екі рет шығарылады. Осы уақытта оны сатып алушы табылмаса, тағы бір рет аукцион өткізіледі, онда жер телімінің құны 50% дейін төмендетілуі мүмкін. Егерде осы жағдайда да сатып алушы табылмаса, жер телімі аукционнан алынады.

Аукцион жер телімі бойынша келісімнің ашық болуына кепілдік ету үшін енгізіледі. Оған тек қана Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары қатыса алады. (2016 ж. 1 шілдесіндегі редакциялаумен Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-1 және 171 б., ҰЭМ 31 наурыз 2015 ж. №290 бұйрығы)

22. Демек, жерді сату арқылы мемлекет бюджетті толықтырғысы келе ме?

Жоқ. Ауылшаруашылығы мақсатында қолданылатын жерді сатқаннан түсетін қаржы бюджетке емес, Ұлттық қорға аударылады. Негізгі міндет – ауылшаруашылыққа жаңа технологиялар және инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу мен ауылшаруашылығын дамыту арқылы ауыл жағдайын көтеру болып табылады.

Ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер жеке меншікке берілген жағдайда алатмыш жер телімдері залог ретінде қолданыла алатын болады. Бұл өз кезегінде, шаруалрға мемлекеттен немесе екінші деңгейлі банктерден өндірісті дамытуға керекті қаражатты несие түрінде алу мүмкіндігін жасайды. Одан басқа, жекешелендіру ауыл шаруашылық жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттырады, өйткені бірлескен шаруа қожалықтарын құру барысында жер телімдері жарғылық капитал үлесі ретінде пайдалануы мүмкін.

23. 49 жылға дейінгі мерзіммен жалға алынған жер телімдеріне не болады?

Жерді 49 жылға дейін жалға беру туралы норма сонау 2003 жылы, Жер Кодексін қабылдаған кезде енгізілген болатын. 2016 жылғы 1 шілдеден кейін де жалға беру туралы келісімшарт өз күшін сақтайды, ол жерлерді ешкім қозғамайды. Есесіне, бүгінгі жалға алушылардың, Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының осы телімдерді жеңілдік шарттылықтарымен сатып алуына мүмкіндік туындайды. Бұл үшін әкімдікке өтініш жазу керек. Сол жерде тікелей сату келісімшарты жасалып, яғни аукционға түсірілмей, жалға алушы жердің иесіне айналады. Бұл ретте жер телімінің құны кадастрлық құнның 50 пайызын құрайды және жалға алушы жер телімін 10 жылға бөліп төлеу мерзімімен сатып алу мүмкіндігіне ие болады. (ҚР Жер Кодексінің 49 б.)

 

24. Қазақстандық азамат алдымен жерді сатып алып, кейін оны шетелдікке сата ала ма?

Егер Қазақстан азаматы жерді сатып алып, кейін шетелдікке сатқысы келсе, оған заң бойынша тыйым салынады. Егер ол сондай қадамға барғанның өзінде жасалған келісімшарттың заңды күші болмайды. Заңнамаға сәйкес мұндай мәмілені тіркеуге нотариустардың құқы жоқ, ал әділет ұйымдары мәміледен туындайтын құқықты тіркемейді. («Нотариат туралы» заңның 18 және «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» заңның 25 бабы, ӘМ 31 қаңтар 2012 ж. №31 бұйрығы).

25. Жерді мақсатты пайдалану жағдаяты қандай?

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап телімдерді мақсатты пайдалануды өзгертудің жеңілдетілген рәсімдері енгізіледі. Бұрын, мәселен, көкөністі өсіруді сүт өндірумен алмастыру тәрізді қызмет көрсету түрін өзгерткен кезде мақсатты пайдалануды өзгерту керек болса, қазір ол талап етілмейді. (2016 ж. 1 шілдесіндегі редакциялаумен Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 97 б.3т.)

26. Жерді ұтымсыз пайдалану деген не? Ауыл шаруашлығы нысынындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда құзырлы органдардың іс-әрекеті қандай?

Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану – тыйым салынған гербицидтер мен пестицидтерді пайдаланудың әсерінен жердің күйзеліске ұшырауы, немесе жер мүлдем пайдаланылмай арамшөптерге толып кетуі.

Бүгінде әкімдіктер жанында жерді ұтымды пайдалануды бақылау бойынша арнайы ұйым – жер инспекциялары бар. Оның басты қызметі жерді дұрыс және ұтымды пайдалануды бақылау.

Бұзушылық орын алған жағдайды анықтау барысында, оны жіберген тұлғаларға әкімшілік тараптан шаралар қолданылып, жерді қайтарып алуға дейін барылады (ҰЭМ 27 наурыз 2015ж. №268 бұйрығы).

Егерде жерді пайдаланушы тиімсіз пайдаланса, оған заң бұзушылықты жою туралы ескерту беріледі. Келер жылы берілген ескерту орындалмаған жағдайда ол жер сотпен қайтарылады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.