Пешкова В.Е. Педагогика. Курс лекций. Учебное пособие в 7-ми частях. Майкоп:АдыгГУ, 2010. АЛМАТЫ 2016 5B012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ҚР МЖМБС сәйкес 5B012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан ендірілген пәннің типтік және оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бағдарламаны құрастырушылар п.ғ.д., проф. А.А. Булатбаева, п.ғ.к., доцентЗ.М. Садвакасова, аға оқытушы А.Б. Отарбаева Бағдарлама педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № ____ «____» ____________ 2016 ж. Кафедра меңгерушісі_______________ А.А. Булатбаева Факультеттің әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданды Хаттама № ____ «____» ____________ 2016 ж. Әдістемелік кеңес төрайымы______________ Н.С. Жұбаназарова 5B012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын бакалавриатта меңгерту мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мемелкеттік емтихан тапсыру диплом жұмысын қорғаумен аяқталады. Қорытынды аттестацияға бакалавриатта мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жұмыс-оқу жоспары мен оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес оқу үдерісін аяқтаған студенттер жіберіледі. Мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеде және 5B012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспарындағы бекітілген уақытта 2016 жылдың 16 мамыр мен 28 мамыр аралығында, диплом жұмысын қорғаудың алдында кем дегенде 1 ай бұрын өткізіледі. Мемлекеттік емтиханға келесі базалық және бейіндік пәндер циклінің міндетті компоненттер пәндер кіреді. Ped 2202 – Педагогика (3 кредит), МPS 3209 – Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі (3 кредит);SP 3302– Әлеуметтік педагогика (3 кредит). Кешенді емтиханды табысты аяқтаған студент диплом жұмысын қорғауға жіберіледі. Қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер мемлекеттік емтиханды тек келесі қорытынды аттестация кезінде тапсыра алады. 1. Базалық пән:Ped 2202 – Педагогика (3 кредит). Студентбілуі тиіс:педагогиканың жалпы және әдіснамалық негіздерін, әдіснамалық ұстанымдарды, ғылыми-педагогикалық зерттеу құрылымын және логикасын, тәрбие мазмұнын және мәнін, тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдарын, әдістерін, тәрбие формалары және құралдарын, педагогиканыңaксиологиялық негіздерін, тұлға дамуы жайлы қазіргі теориялар, тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар, тұлға дамуындағы жас және жеке ерекшеліктер, дидактика негіздерін, заңдарын, оқытудың заңдылықтары және ұстанымдарын, оқытудың әдіснамалық және психологиялықнегіздерін, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін. Студент игеруі тиіс:алған білімдерін оқушылардың жас және жеке типологиялық ерешеліктерін ескеретін педагогикалық, оқу-тәрбие және ғылыми-әдістемелік міндеттерді, оқушылар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін және нақты педагогикалық жағдаяттарды шешуде қолдану, оқушыларға білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін анықтау; оқушыларды оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін болжау; оқу-тәрбие жұмыстарында ағымдық және келешек жоспарларды жүзеге асыру; оқушыларды оқыту және тәрбиелеу деңгейін ескеріп, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес оқу материалдарын жүйелеу, талдау және іріктеу; оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формаларын, құралдарын, әдістерін шығармашылық қолдану, дәлелді таңдау; мектептің білім беру үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Дағдыларды меңгеруі тиіс: заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру; педагогикалық жағдаяттарды шығармашылық тұрғыда шешу; оқушылардың бағдарламалық материалдарды терең меңгеру деңгейін анықтау, олардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту; балалардың белсенділігін және мінез-құлқын басқару; өзбетінше білім алу әдістерін игеру, жинақтау тәсілдерін, ақпаратты жүйелеу және жинақтау, білімін өмірде, практикалық іс-әрекетінде қолдану; оқушылар ұжымымен педагогикалық мақсатты өзара қарым-қатынас орнату, кіші топтармен және жеке оқушымен, баланың ұжымдағы қарым-қатынасына әсер ету; оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формаларын және құралдарын, қолданылатын әдістердің тиімділігін айқындау; сынып жетекшісі қызметін орындау; балалардың жас және жеке ерекшелігін зерттеу, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. Ped 2202 – Педагогика (3 кредит) міндетті пәні бойынша мемлекеттік емтиханға дайындауға арналған сұрақтар тізімі. 1. Қазіргі әлемдегі білім берудің рөлін анықтаңыз. 2. Педагогиканың негізгі категорияларын атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз. 3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын айқындаңыз. Осы байланыстарға сипаттама беріңіз. 4. Педагогика ғылымының жүйесін сипаттаңыз. 5. Педагогика ғылымының әдіснамасы ұғымының мәнін ашыңыз. 6. Педагогикалық зерттеу әдістерін атаңыз. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикалық-құрылымдық сызбасын құрастырыңыз. 7. Зерттеудің тәжірибелік-эмпирикалық деңгей әдістері тобының мазмұнын ашыңыз. 8. Зерттеудің теориялық деңгей әдістері тобының мазмұнын ашыңыз. 9.«Тәрбиелеу», «дамыту», «әлеуметтендіру» ұғымдарына анықтама беріңіз. Бұл ұғымдардың өзарабайланысын көрсетіңіз. 10. Педагогикалық құндылықтарға анықтама беріңіз. Білімді жалпыадамзаттық құндылық ретінде түсіндіріңіз. 11.Тұтас педагогикалық үдеріс мәнін және оның негізгі мазмұндық компоненттерін сипаттаңыз. 12. Дүниетаным мәнін және оның ішкі құрылымын ашыңыз. 13. Оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бойынша мектеп пен отбасының өзара іс-әрекеті қалай жүзеге асырылатынын айтыңыз. 14. Қазақстан Республикасы «Білім заңына» қысқаша сипаттама беріңіз. 15. Балалар ұжымының даму деңгейі және кезеңдеріне сипаттама беріңіз. 16. Жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу ерекшеліктерін айтыңыз. 17. Орта сынып (5-9 сынып) оқушыларын тәрбиелеу ерекшеліктерін айтыңыз. 18. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу ерекшеліктерін айтыңыз. 19. Тәрбие мақсаты және оның қоғамдық-тарихи сипатын түсіндіріңіз. 20. Білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттарға сипаттама беріңіз. 21.Қазақстандағы орта білім беруді реформалау кезеңдерін сипаттаңыз. 22. Үздіксіз білім беру жүйесін сипаттаңыз. 23. Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың нысаны, пәні, қызметі және міндеттерін атаңыз. 24. Оқыту ұстанымдары және заңдылықтарын анықтаңыз. 25. Білім беру мазмұнының мәнін ашыңыз. 26. Оқыту әдістері ұғымы. Дәстүрлі оқыту әдістеріне сипаттама беріңіз. 27. Белсенді оқыту әдістеріне анықтама беріңіз. Сіз қандай белсенді оқыту әдістерін білесіз. Оларға сипаттама беріңіз. 28. Инновациялық және дәстүрлі оқыту әдістерін салыстырыңыз. Олардың күшті және әлсіз жақтарын сипаттаңыз. 29. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз. 30. Оқытудың сыныптық-сабақжүйесін дамытудағы Я.А.Коменскийдің рөлін анықтаңыз. 31. Я.А.Коменскийдің педагогикалық ұстанымдарын атаңыз және оларды оқу үдерісінде қолдануға мысалдар келтіріңіз. 32. Сабақ мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі ретінде сипаттаңыз. Сабақтың тиімділігін жетілдіру жолдарын ұсыныңыз. 33. Тәрбие қызметтері және міндеттерін атаңыз. Тәрбие түрлерін сипаттаңыз. 34. Тәрбие ұстанымдары және заңдылықтарына сипаттама беріңіз. 35. Тәрбие мәнін және оның ерекшеліктерін ашыңыз. Тәрбиенің негізгі бағыттарына сипаттама беріңіз. 36. Тәрбие әдістері ұғымына анықтама беріңіз. Тәрбие әдістерін жіктеңіз. 37. Педагогикалық қарым-қатынас стильдеріне SWOT (күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері, қауіп-қатері) талдау жүргізіңіз. Сізге қандай педагогикалық қарым-қатынас стилі ыңғайлы? 38. Орта білім беру жүйесінің қазіргі даму тенденциясын анықтаңыз. 39. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз. 40. Оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып сабақ жоспарын құрастырыңыз. 41. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» сабағындағы танымдық іс-әрекетін белсендіруге арналған екі әдісті мысал ретінде көрсетіңіз. 42. Педагогикалық технологиялар мәнін түсіндіріңіз және жіктеңіз. 43. Девиантты мінез-құлықты балалардың ата-аналарымен тиімді өзара әрекет ету бойынша сынып жетекшісіне ұсыныстар беріңіз. 44. Баланы сотқарлыққа (еркелікке) алып келетін отбасы тәрбиесінің типтік қателігіне 5 мысал келтіріңіз. 45. Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру бойынша сынып жетекшісіне ұсыныстар беріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер: 1.Алгожаева Н.С. Педагогика. Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. 2. Педагогика: учебник для бакалавров/ Л П. Крившенко [и др.]; под ред. Л. П. Крившенко - 2-е изд., перераб. и доп. - Москва: Проспект, 2013. - 488 с. 3.Коджаспирова Г.М. Педагогика: учебник. - М.: КНОРУС, 2010. - 744 с. 4.Сериков В.В. Развитие личности в образовательном процессе / Логос, 2012, 448 с. Пешкова В.Е. Педагогика. Курс лекций. Учебное пособие в 7-ми частях. Майкоп:АдыгГУ, 2010. 6.Педагогика/ Под ред. Хайруллина И.Т.- Алматы, КазНПУ, 2005. 7.Пидкасистый П.И. Педагогика. Учебное пособие. - М., 2008. 8. Алгожаева Н.С. Педагогика: Учебно-методический комплекс.- Алматы: 2006. 9.Педагогика. Курс лекций. - Алматы: «Нурлы элем», 2012. 10.Сластенин В.Л., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика. - М, 2006. 11.Педагогика: Педагогические теории, системы, технологии/ Под ред. С.А.Смирнова. - М., 2000. 12.Пидкасистый П.И. Педагогика. Учебное пособие. - М.: Педагогическое общество России, 2000. 13.Джуринский А.Н. Педагогика: история педагогических идей. - М.: Педагогическое общество России, 2000. - 352 с. 14.Смирнов С.А., Котова И.Б., Шиянов Е.Н, и др. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии. - М., 2003. Қосымша әдебиеттер: 1. Юркина Л.В.Курс лекций по психологии и педагогике. Часть I, Учебное пособие. – М.-2010 г.- 80 с. 2. Мешков Н.И., Харитонова И.В. Педагогика. Краткий курс лекций: учебное пособие, 2010 г. – 250 с. 3. Законодательство об образовании в РК. - Алматы: Юрист, 2002. - 172 с. 4. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика. Учебник для вузов. - СПб.: Питер, 2001. - 304 с. 5. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь: для студ. высш. учеб. и сред.пед. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. – 176 с. 6. Рудакова И.А. Дидактика. - Ростов-на-Дону, 2005. 1. Базалық пән: МPS 3209 – Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі (3 кредит). Студент:оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізгі құндылықтарын; рухани-адамгершілік білім беру мемлекеттік бағдарламасын; мектепте өзін-өзі тануды оқытудағы классикалық және инновациялық әдістерін; оқытудың негізгі тұжырымдамаларын; білім беру жүйесіндегі білім беру мен оқыту теорияларын; өзін-өзі тану бойынша сабақтарды ұйымдастырудың интерактивті және классикалық формаларын; өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастырудың жалпы, әдістемелік, психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарын; өзін-өзі тану сабақтарындағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесін; өзін-өзі тану бойынша оқушылармен жүргізілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен өткізілу талаптарын білуі тиіс. Студент:мектептегі өзін-өзі тану сабағын оқытудың қазіргі таңдағы түрлі әдістерін қолдану; мектепте өзін-өзі тану бойынша түрлі формадағы сабақтар өткізу және талдау; оқушылардың өзін-өзі тану сабағындағы оқу әрекетін, сабақтағы және сабақтан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастыру; педагогикалық іс-әрекетті жоспарлауды меңгеруі қажет. Қалыптастыратын дағдылары: семинар сабақтарының, дәрістің әдістемелік-жұмыс жоспары сценарийін құру; педагогикалық іс-әрекетті жоспарлаудың біліктері мен дағдыларын; кәсіби іс-әрекетті ұйымдастырудың нақты әдістерін таңдай білу «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту аумағында құзыретті болудағдылары. МPS 3209 - Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі міндетті пән бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық үшін сұрақтар тізімі 1. Адамзаттың рухани-құндылықтың мұрасының «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының негізі болып табылатынын дәлелдеңіз. 2. «Өзін-өзі тану» пәні мен лингвистикалық цикл пәндерінің кіріктірілуіне мысалдар келтіріңіз. 3. «Өзін-өзі тану» пәні мен гуманитарлық цикл пәндерінің кіріктірілуіне мысалдар келтіріңіз. 4. Оқушының өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуындағы педагогикалық қолдаудың мәнін түсіндіріңіз. 5. «Өзін-өзі тану» сабағында «Жағымды күйге келу» тәсілін не үшін қолдану қажет екенін түсіндіріңіз. 6. «Өзін-өзі тану» сабағындағы шығармашылық іс-әрекет кезінде қолдануға болатын белсенді оқыту әдістерін атаңыз. 7. Өзін-өзі тану сабағының келесі тәсілдерін сипаттаңыз: дәйексөз, мәтінмен жұмыс, топпен ән айту. 8. Өзін-өзі тану сабағының сапасын көтеруші құрал ретінде «дәйексөз» түсінігіне анықтама беріңіз. 9. ЖОО –да «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың негізгі формаларын сипаттаңыз. 10. Өзін-өзі тану мұғалімінің гумандық стилін сипаттаңыз. 11. Оқушының өзін-өзі тануын қолдаудағы педагогтың қызметін атаңыз. 12. «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнын іріктеу тәртібіндегі дидактикалық негіздемелерді сипаттаңыз. 13. Мектептегі «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының логикалық құрылымындағы негізгі компоненттерді сипаттаңыз. 14. Оқушылардың санасы мен танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың құралы ретінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу тапсырмаларының жіктелуін сипаттаңыз. 15. Тұтас педагогикалық үдеріске «Өзін-өзі тану» РҚББ бағдарламасын енгізу мәселесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз. 16. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістерін сипаттаңыз. 17. Адамның өзін-өзі тану мен шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруға қажеттілігінің мәнін түсіндіріңіз. 18. Жалпыадамзаттық құндылықтар «Ішкі тыныштық» негізінде мақсаты мен міндеті тұжырымдалатын сабақ жоспарына талдау жасаңыз. 19. Өзін-өзі тану сабақтарындағы жағымды ойлаудың рөлін түсіндіріңіз. 20. «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнындағы әрбір бағыттың ерекшелігін көрсетіңіз. 21. Жалпыадамзаттық құндылықтар «Қиянат жасамау» негізінде мақсаты мен міндеті тұжырымдалатын сабақ жоспарына талдау жасаңыз. 22. Өзін-өзі тану адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтық бағдарын анықтайтын үдеріс болып табылатынын дәлелдеңіз. 23. Қалыптасуы нақты жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес келетін, тұлға сапаларын жіктеңіз. 24. Өзін-өзі тану сабағы бойынша конспект-жоспар құрастырыңыз. 25. «Өзін-өзі тануды» оқытудағы ойындық имитациялық БОӘ ерекшелігін көрсетіңіз. 26. «Өзін-өзі тану» сабағында қолданылу қажет педагогикалық карым-қатынас стильдерін ұсыныңыз. 27. Өзін-өзі тану сабағындағы педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігін сипаттаңыз. 28. «Адамзаттың рухани тәжірибесі» бағыты бойынша сабақтардың негізгі тақырыптарын анықтаңыз. Өзіңіздің түсінігіңізге толық дәлелді жауап беріңіз. 29. «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнындағы «Отбасындағы махаббат» бағыты бойынша сабақтардың негізгі тақырыптарын түсіндіріңіз. 30. «Қоғамдағы махаббат?» бағыты бойынша сабақтардың негізгі тақырыптарын анықтаңыз. Өзіңіздің түсінігіңізге толық дәлелді жауап беріңіз. 31. «Бастысы танылу емес, болу» пікірін талдаңыз. Нағыз көшбасшылардың өмірінен мысал келтіріңіз. 32. «Адамзаттың бірлігі» бағыты бойынша сабақтардың негізгі тақырыптарын анықтаңыз. Өзіңіздің түсінігіңізге толық дәлелді жауап беріңіз. 33. «Ынтымақты отбасы» бөліміндегі сабақтарды талдаңыз. Бұл бөлімді ашатын негізгі бағдарларға сипаттама беріңіз. 34. Жалпыадамзаттық құндылықтар «Дұрыс әрекет» негізінде мақсаты мен міндеті тұжырымдалатын сабақ жоспарына талдау жасаңыз. 35. «Ғасыр даналығы» бөлімінің тақырыптарын талдаңыз және әрбір сабақтың мазмұнын ашыңыз. 36. Жалпыадамзаттық құндылықтар «Сүйіспеншілік» негізінде мақсаты мен міндеті тұжырымдалатын сабақ жоспарына талдау жасаңыз. 37. Жалпыадамзаттық құндылықтар «Ақиқат» негізінде мақсаты мен міндеті тұжырымдалатын сабақ жоспарына талдау жасаңыз. 38. «Адам болу» бөлімі сабақтарына қандай тақырыптар ұсынылатынына талдау жасаңыз және түрлі деңгейдегі оқушылар үшін сабақтың міндеттерін айқындаңыз. 39. Қайырымдылық жәрмеңкесін өткізудің және дайындаудың кезең бойынша жоспарын құрыңыз. 40. Егер адам ашу жағдайында тұрса, әрекеттің қай нұсқасы барынша орынды екеніне талдау жасаңыз. Өзіңіздің түсінігіңізге толық дәлелді жауап беріңіз. 41. Жағдайға талдау жасаңыз, төменде келтірілген отбасылардың қайсысында жетістікке жоғары қажеттіліктегі бала өсіп шығады: - ата-ана өз баласына аса қамқор отбасы; - ата-ана өз балаларындағы дербестікті мадақтайтын отбасы; - ата-ана өз балаларында достарының көп болғанын қалайтын отбасы; - ата-ана балаларының кіммен дос болатынын өздері таңдайтын отбасы. Өзіңіздің түсінігіңізге толық дәлелді жауап беріңіз. 42. «Өзін-өзі тану» сабақтарында әңгімелесу әдісінің қолданылуын сипаттаңыз. 43. «Өзін-өзі тану» сабақтарында ойынды қолдануға мысалдар келтіріңіз. Өзіңіздің түсінігіңізге толық дәлелді жауап беріңіз. 44. Өзін-өзі тану сабақтарында мұғалім айтатын аңыз әңгімелердің рухани-құндылықтық негізін талқылау үшін қойылатын сұрақтардың орналасу ерекшелігіне талдау жасаңыз. 45. Өзін-өзі тану сабақтарында музыканы қолдануға мысалдар келтіріңіз және өз мысалыңызды дәлелдеңіз. 2. Базалық пән:SP 3302 – Әлеуметтік педагогика (3 кредит). Студент: ҚР «Білім беру» заңдары, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау және медициналық-педагогикалық жұмыстар туралы», БҰҰ Бала құқығы туралы Конвенциясы мен ҚР әлеуметтік саясатының негіздерін; әлеуметтік педагогиканың категориялары мен әдіснамалық негіздерін; полимәдени қоғамда әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерін: түрлі мәдениеттер, діндер, этностар, әлеуметтік топтар; жағдайы нашар елді мекендерге әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік көмек көрсетудің технологиясы мен тәжірибеде жүзеге асатын моделін және өңдеудің теориялық негіздерін білуі тиіс. Студент:үздіксіз білім беру жүйесінде балалардың, жасөспірімдердің және жастардың тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуін қамтасыз ету; білім беру ұйымдарында тәрбие тұжырымдамасын қолдану; әлеуметтік педагогика бойынша алған білімдерін өз бетінше тәжірибеде қолдануа алуды меңгеру қажет. Қалыптастыратын дағдылары:оқу-тәрбие үдерісіндеәлеуметтік –педагогикалық ойлау мәдениеті; балалар мен жасөспірімдермен қарым-қатынасты, сыни және шығармашылық ойлауды ұйымдастыру; тұтас педагогикалық үдерісте инновациялық технологияларды қолдану дағдылары қалыптасуы тиіс. SP 3302 - Әлеуметтік педагогика міндетті пән бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық үшін сұрақтар тізімі 1. Педагогика ғылымы және тәжірибесі саласы ретіндегі әлеуметтік педагогиканың мәнін ашыңыз және негізгі міндеттері мен пәнін сипаттаңыз. 2. Әлеуметтік педагогиканың негізгі қызметін сипаттаңыз және оның мағынасын түсіндіріңіз. 3. Әлеуметтік педагогикадағы ұстанымдар жүйесінің мағынасы мен мәнін ашыңыз. 4. «Тұлғаның әлеуметтік тәрбиесі» ұғымының мәнін ашыңыз: негізгі бағыттарын сипаттаңыз. 5. «Қиын тәрбиеленуші» ұғымына әлеуметтік –педагогикалық сипаттама беріңіз және осы мәселе бойынша өз көзқарасыңызды негіздеңіз. 6. «Педагогикалық ақаулық» ұғымына әлеуметтік-педагогикалық сипаттама беріңіз. Олардың түрлерін сипаттаңыз. 7. «Қиын балалар» ұғымының мәнін ашыңыз. Олардың түрлерін сипаттама беріңіз. 8. Әлеуметтік –педагогикалық қызметтің мәнін Сіз қалай түсінесіз? Жауабыңызды дәйектеңіз. 9. Әлеуметтік –педагогикалық үдерістің негізгі кезеңдерін, құрылымын және қызметін ашыңыз. 10. «Тұлғаның әлеуметтенуі» ұғымының мәнін ашыңыз және оны жүзеге асыруда әлеуметтік педагогтың қызметін сипаттаңыз. 11. Әлеуметтік-педагогика саласы бойынша жетекші ғылыми мектептерге сипаттама беріңіз. 12. Адам өмір сүретін ортаның әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі мәнін ашыңыз.Әлеуметтік –мәдени ортаға тән сипаттарға: тіл, қарым-қатынас, әдеттер, қабылдауларға сипаттама беріңіз. 13. Адам туралы өзге ғылымдар жүйесінде әлеуметтік педагогиканың орны мен құрылымын ашыңыз. 14. «Тәрбие» және «әлеуметтену» ұғымының ара қатынасын негіздеңіз. 15. «Қалып», «әлеуметтік ауытқушылық» ұғымының мәні мен мағынасын ашыңыз. 16. Балалар мен жасөспірімдердің «девиантты мінез- құлық», «деликвентті мінез-құлық» ұғымының мәнін салыстырмалы түрде сипаттаңыз: қалыптасу және пайда болу себептерін ашыңыз. 17. Әлеуметтік педагогика үшін гуманизм ұстанымының мәнін ашыңыз. 18. «Социализация, десоциализация және ресоциализация» ұғымының мәнін салыстырмалы түрде сипаттаңыз. Педагогикалық әлеуметтенуді талап ететін десоциализация мәселелерін түсіндіріңіз. 19. Тұлғаның «адаптация, дезадаптация және реадаптация» ұғымының мәнін ашыңыз. Балалар мен жасөспірімдердегі дезадаптацияның типтік көрінісін сипаттаңыз. 20. Жасөскелең ұрпақты қоғамдық өмірге дайындаудағы отбасы тәрбиесінің рөлі мен орнын негіздеңіз. 21. Тұлғаның әлеуметтенуіндегібаланың тұқымқуалаушылық және туа біткен ерекшеліктерінің әсерін түсіндіріңіз. 22. Әлеуметтік педагогикадағы жеке даралық тұрғыдан келу мәнін сипаттаңыз, жүзеге асыру ерекшеліктерін, мазмұнын, мәнін ашыңыз. 23. «Табиғисәйкестілік»ұстанымының және оның әлеуметтік педагогика үшін маңызын ашыңыз. 24. «Мәденисәйкестілік» ұстанымының және оның әлеуметтік педагогика үшін маңызын ашыңыз. 25. Әлеуметтік педагогика технологиясыныңмәнін және оның әлеуметтік педагог үшін маңыздылығын түсіндіріңіз. 26. «Педагогикалық қолдау» ұғымының мәнін ашыңыз және педагогикалық қолдау көрсетуге мысалдар келтіріңіз. 27. Әлеуметтік педагогтің жетім балалармен жұмысын сипаттаңыз. Осы категориядағы балалармен жұмыс технологиясын түсіндіріңіз. 28. Тіршілік әрекеті жағдайында тұлға әлеуметтену үдерісіндегі әлеуметтік бақылау мен салыстырмалы бағыттылық және стихиялық көріністерді түсіндіріңіз. 29. Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясын сипаттаңыз. 30. Әлеуметтік –педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі кезеңдерін сипаттаңыз. 31. Әлеуметтік педагогтың қызметіндегі диагностикалау әдістемесінің мағынасын ашыңыз. 32. Кәмелет жасына толмаған құқықбұзушыларға арналған арнайы оқу-тәрбие мекемелерінің тәрбиелеуші колониялардан айырмашылығын түсіндіріңіз. Олардың түрлерін, негізгі міндеттері мен қызметтерін ашыңыз. 33. Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың тәрбиесі мен әлеуметтік дамуын сипаттаңыз. 34. Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметінің негізгі салаларын атаңыз. Әлеуметтік педагогтың қызметіне мазмұнды сипаттама беріңіз. 35. Әлеуметтік педагогтің қызметінде негізге алатын нормативті–құқықтық құжаттарға сипаттама беріңіз. 36. Әлеуметтік педагогикалық зерттеулерде қолданатын әдістерді атаңыз және ашыңыз. Жауабыңызды мысалдармен дәлелдеңіз. 37. Жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлқын алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтің жұмыс бағыттары мен мазмұнын ашыңыз. 38. Әлеуметтік педагогтің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетіндегі әдістердің мәнін ашыңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз. 39. Әлеуметтік педагог қызметін жоспарлау талаптарын сипаттаңыз. 1 айға әлеуметтік педагогтың жоспарлау жобасын құрастырыңыз. 40. Тұлғаны диагностикалау әдістемелерін жіктеңіз және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз. Жауабыңызды мысалдармен дәйектеңіз. 41. Әлеуметтік педагогтің девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудағы өзіңіздің «Алтын ережеңізді» құрыстырып, ұсыныңыз. 42. Әлеуметтік институт ретіндегі діннің қызметі және оның әлеуметтік педагогика мәселелеріне қатынасын анықтаңыз. Жауабыңызды мысалдармен келтіріңіз. 43. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен жұмыс жасаудағы жеке профилактикалық технологияның мазмұнын ашыңыз. 44. Әлеуметтік педагогтің бала асыраушы отбасылармен жұмыс жасау ерекшеліктерін анықтаңыз. Жауабыңызды мысалдармен келтіріңіз 45. Ішімдікке әуес балалармен әлеуметтік педагогикалық іс әрекеттің мазмұнын талдаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер: 1. Закон Республики Казахстан «О правах ребенка».–Астана, 2012. – 12 с. 2. Конвенция «О правах ребенка». 2000 3. Мудрик А.В. Социальная педагогика. М., 2014 4. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика. М., 2010 Қосымша әдебиеттер: 1. Беличева С.А. Основы превентивной психологии. –М., 2010.-199с. 2. Бочарова В.Г. Педагогика социальной работы. Пособие. – М.,2014 –207 с. 3. Вульфов Б.З., Семенов В.Д. Школа и социальная работа: взаимодействие.- М.: Знание, 2013. 96 с. 4. Воспитание детей в школе: Новые подходы технологии (Под ред. Н.Е. Щурковой). – М., 2011 5. Загвязинский В.И. Методология и методика социально-педагогического исследования: Книга для социальных работников и социальных педагогов. – М., 2014 6. Исторический опыт социальной работы в России. – М., 2008 7. Кон И.С. Социализация личности.- М., 2015 Әр пән бойынша емтихан нәтижелерін бағалау шкаласы Әріпжүйесібойыншабағалау | Балдардыңсандықбаламасы | %-тікмазмұны | Дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша | A | 4,0 | 95-100 | Үздік | A- | 3,67 | 90-94 | B+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы | B | 3,0 | 80-84 | B- | 2,67 | 75-79 | C+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық | C | 2,0 | 65-69 | C- | 1,67 | 60-64 | D+ | 1,33 | 55-59 | D | 1,0 | 50-54 | F | | 0-49 | Қанағаттанғысыз | I (Incomplete) | - | - | "Пәнаяқталмады" (GPA шығарғандаесептелмейді) | P (Pass) | - | - | "Сынақ " (GPA шығарғандаесептелмейді) | NP (NoPass) | - | - | "Сынақтанөтпеді" (GPA шығарғандаесептелмейді) | W (Withdrawal) | - | - | "Пәннен бас тарту" (GPA шығарғандаесептелмейді) | AW (AcademicWithdrawal) | - | - | "Академиялықсебептерменпәндіалыптастау" (GPA шығарғандаесептелмейді) | AU (Audit) | - | - | "Пәнтыңдалды" (GPA шығарғандаесептелмейді) | Атт. өтті | - | 30-60 50-100 | "Атт. өтті" (GPA шығарғандаесептелмейді) | Атт. өттпеген | - | 0-29 0-49 | "Атт. өттпеген" (GPA шығарғандаесептелмейді) | R (Retake) | - | - | "Повторное изучение дисциплины" (GPA шығарғандаесептелмейді) | Емтихан нәтижесін бағалаудың критерийлері Кешенді емтихан пәндері бойынша емтихандық бағалау шарттарын анықтауда келесі критерийлерді басшылыққа алу ұсынылады: - «өте жақсы» бағасын бағдарламалық материалды жан-жақсы, жүйелі және терең білетінін, қойылған сұрақтың ерекшелігіне байланысты тапсырманы еркін орындау қабілетін көрсеткен студенттер иеленеді. Ереже бойынша, «өте жақсы» бағасы пәннің негізгі түсініктері мен олардың тәжірибедегі мәнімен байланысы арақатынасын меңгерген, түсінуде, мазмұндауда және оқу материалын пайдалануда шығармашылық қабілеттерін танытқан студенттерге қойылады; - «жақсы» бағасы бағдарламалық материалды толық білетінін көрсеткен, бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды сәтті орындайтын, бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиетті меңгерген студенттерге қойылады. Ереже бойынша, «жақсы» бағасы пән бойынша жүйелік сипаттағы білімді көрсеткен және оны әрі қарайғы оқу мен кәсіби іс-әрекет барысында өз бетінше толтыру мен жаңартуға қабілетті студенттерге қойылады; - «қанағаттанарлық» бағасына негізгі бағдарламалық материалды мамандық бойынша әрі қарайғы оқу мен жұмысқа керекті көлемде меңгерген, бағдарлама қамтыған тапсырмаларды орындай алатын, бағдарлама ұсынған негізгі әдебиетпен таныс студенттерге ие болады. Ереже бойынша «қанағаттанарлық» бағасы емтихандағы жауапта және емтихан тапсырмаларын орындауда маңызды емес қателіктер жіберген студенттерге қойылады; - «қанағаттанарлықсыз» бағасы негізгі бағдарламалық материалды игеруде үлгермеген, бағдарлама қарастырған тапсырмаларды орындауда маңызды қателіктер жіберген студенттерге қойылады. Ереже бойынша, «қанағаттанарлықсыз» бағасы оқуды жалғастыра алмайтын немесе жоғары оқу орнын бітіріп, сәйкес пән бойынша қосымша оқусыз кәсіби іс-әрекетке кірісе алмайтын студенттерге қойылады. |