Жетісегментті дешифраторлы индикатор  Жетісегментті дешифраторлы индикатордың құрылымы жетісегментті индикаторға салыстырғанда қарапайым, оның төрт ғана кірісі бар. Әрбір оналтылық сандар (0-ден 9-ға дейін және A-дан F-ге дейін) 4 битті екілік эквиваленті қабылдаған кезде ғана бейнеленеді. Ауыстырып қосқыш  Бірполюсті ауыстырып қосқыш клавиштің (перне тақтаның) батырмаларын басқан кезде тұйықталады немесе ажыратылады. Бақылау-өлшеуіш аспаптары Менюде төрт бақылау-өлшеуіш аспаптары орналасқан: Вольтметр Сөз генераторы Логикалық анализатор Логикалық түрлендіргіш Вольтметр  Вольтметр сұлбаның кезкелген нүктесіндегі кернеу немесе потенциалдар айырмасын өлшейді. Мысалы жоғары деңгей +5 В(вольт), төменгі деңгей 0В (вольт) түрінде бейнеленген. Сөз генераторы  Сөз генератор кіріс ақпараттық сигналдарды (сөз) беруге арналған электрондық құрылғы. Сонымен қатар сұлбаны синхрондаушы сигналды алу үшін де пайданалады. Кіріс сөзі (Ввод слов) Сөз генераторына разрядтық комбинацияларды немесе сөздерді беру үшін 1 немесе 0 символын тілшені немесе редактирлеу клавишінің батырмаларын пайдалануызға болады Жұмысқа даярлау (активизация) Бөліп алған сөзді сұлбаға беру үшін Step (Шаг) командысын орындаңыз. Бөліп алған сөзден бастап барлық 16 сөзді беру үшін Burst (Всплеск) командысын орындаңыз. Сөздерді үздіксіз беру үшін Cycle (Цикл) командысын орындаңыз. Оны тоқтату үшін CTRL+T батырмаларын басыңыз. Сөздерді сақтау және оларды көп рет пайдалану Сөздерді өшіру үшін сөз генераторының (clear), сақтау үшін (save) немесе жүктеу үшін (load) кнопкаларын басыңыз Triggering(Запуск-іске қосу) Сөз генераторы ішкі синхрондаушы импульс немесе сыртқы сигал арқылы да іске қосылады. Ішкі синхрондаушы импульстің деңгейі жоғары болған жағдайда ғана ол генератордың шығысында пайда болады Логикалық анализатор ( осциллограф)  Сегізарналы логикалық анализатар (талдағыш) тікбұрышты сигналдардың уақыттық жедел өзгерістерін көрсете алады. Ол сонымен қатар, екілік және оналты разрядтық кодаларды да береді. Clearкнопкасы логикалық анализатарды тазалайды. Triggering - (анализаторды іске қосу) Кіріске қосылған, яғни іске қосушы сигналды пайдалану үшін Burst (Всплеск) командасын орындаңыз. Сыртқы кіріс сигналын пайдалау үшін External (сыртқы) командасын орындаңыз. Көрсетілген сөз кескінін іске қосушы сигнал ретінде пайдалану үшін Pattern (Образ) командасын орындаңыз,содан кейін толық кескінді бейнелеу үшін бірлік немесе нөл мәндерін беріңіз. Логикалық түрлендіргіш (преобразователь)  Логикалық түрлендіргішмына түрлендіру функцияларын атқарады: - шындық кестесіндегі сұлбаны; - буле өрнегіндегі шындық кестесін; - сұлба немесе шындық кестесіндегі буле өрнегін. Шындық кестесіндегі сұлбаны түрлендіру Логикалық түрлендіргішсегізге дейін кірісі және бір шығысы бар сұлба үшін шындық кестесін құра алады. Сұлбаның шындық кестесінен шығу үшін мына суретте көрсетілген кнопканы басыңыз.  Шындық кестесін логикалық түрлендіргіштің кнопкасын пайдаланып та редакциялауға немесе түрлендіруге болады. Шындық кестесіне кіру Шындық кестесін құру үшін логикалық түрлендіргіштің жоғарғы бөлігіне горизонтал орналасқан кіріс арналарының А-дан Н-ге дейінгі нөмерлерін шертіңіз. Әрбір кіріс күйлеріне олардың шығыс мәндері дұрыс сәйкес келгенін қадағалаңыз. Шамаларды өзгерту үшін 1, 0 немесе Х мәндеріне шертіңіз (X символы 1 және 0 мәндерінің кезкелгенін қабылдайды) Буле өрнегіндегі шындық кестесін түрлендіру Буле өрнегіндегі шындық кестесін түрлендіру үшін мына суретте көрсетілген кнопканы басыңыз.  Буле өрнегі инструменттің төменгі жағында пайда болады. Оны өшіруге немесе түрлендіруге болады. Буле өрнегін минимизациялау Буле өрнегін ықшамдау (кішірейту) үшін мына суретте көрсетілген кнопканы басыңыз.  Electronics Workbench бағдарламасы минимизациялау үшін Квайн әдісін пайдаланады. Шындық кестесіндегі Буле өрнегін түрлендіру Шындық кестесіндегі Буле өрнегін түрлендіру үшін төмендегі батырманы (кнопканы) шертіңіз:  Буле өрнегін минимизациялау үшін, алдымен оны шындық кестесінде түрлендіріңіз, содан соң минимизациялауға болады. Буле өрнегін сұлбада түрлендіру. Буле өрнегінен сұлбаны алу үшін төмендегі батырманы басыңыз:  Сұлбаның логикалық элементтері жұмыс тақтасынд пайда болады. Таңдап алған компоненттерді сұлбаның әртүрлі жеріне орын ауыстыруға немесе көшірмесін алуға (copy) және тиісті орнына ендіруге (paste) болады. И-НЕ логикалық элементтерден сұлба құрастыру Тек ғана И-НЕ Логикалық элементтерден құралған сұлбаны құрастыру үшін төмендегі батырманы басыңыз.  Менюдерді пайдалану Меню жүйесі мына командалармен жабдықталады: File (Файл ) Edit (Редактирлеу) Circuit (Сұлба) Window (Терезе) Help (Көмек) Менюден командаларды таңдап алудың екі тәсілі бар: 1) Қажетті менюді шерту және команданы таңдау; 2). File менюін ашу үшін алдымен, ALT, мен F батырмаларын бір мезгілде бірге басыңыз, содан кейін қажетті символдық команданы басыңыз. File менюі File менюі файлмен жұмыс атқаратын командалармен қамтамасыз етіледі: New (CTRL+N) - Файлды құру; Open... (CTRL+O) - Файлды ашу;.. Save (CTRL+S) - Сақтау; Save As... - осылай сақтау; Revert to Saved.. -. Қайтадан қалпына келтіру;... Print... (CTRL+P) - Баспаға беру (басу); Print Setup... - Баптау; Exit (ALT+F4) - Шығу. Edit менюі (редактирлеу) Редактирлеу менюі сұлбадағы ақпараттарды пайдалану, өшіру немесе көп еселеу командыларынан құралады: Cut (CTRL+X) - Кесіп алу; Copy (CTRL+C) - Көшірмелеу; Paste (CTRL+V) - Ендіру; Delete (DEL) - Өшіру Select All (CTRL+A) - барлығын оқшаулау (бөліп алу) Show Clipboard - Көру (бақылау) Circuit менюі Сұлба менюі сұлбаны құру және тестілеу командалардан құралады: Activate (CTRL+G) - Активтендіру (ток көзіне қосу); Stop (CTRL+T) - Стоп (тоқтат); Pause/Resume (F9) - Кідіріс/Жалғастыру (Пауза/Продолжить) Label... (CTRL+L) - белгілеу (Метка);... Value... (CTRL+U) - Параметр;... Model... (CTRL+M) - Модель;... Zoom (CTRL+Z) - Размер (Өлшем); Rotate (CTRL+R) - Айналдыру (бұру) Fault... (CTRL+F); Дефект........... -....бұрмалану; Subcircuit... (CTRL+B) - Сұлбаша (Сұлбаның кіші түрі);... Wire Color... - Өткізгіштің түсі (реңі); Preferences... (CTRL+E) - Сілтеме (Ссылки); Analysis Options... (CTRL+Y) Опции Анализа;... Restrictions... Шектеу.... Команда Activate (жүйеге немесе ток көзіне қосу)(CTRL+G)  Команда Stop (тоқтату) - (CTRL+T). Команда Pause/Resume (Кідіріс/Жалғасу) - (F9). Команда Label(Метка) - (CTRL+L). Команда Value (Шама) - (CTRL+U). Команда Zoom (өлшемін өзгерту) - (CTRL+Z). Команда Rotate (бұрылдыру) - (CTRL + R). Команда Subcircuit (кіші сұлба-сұлбаша) - (CTRL+B). Сұлбашаны құру: Сұлбашаны құру үшін алдымен оны жұмыс үстеліне құрыңыз, содансоң Edit, Select All командаларын орындаңыз. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР Тәжірибелік жұмыс № 1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕСЕПТЕГІШ МАШИНАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ және САНДЫҚ (цифрлік) ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ СИНТЕЗДЕУ Жұмыстың мақсаты: - логикалық алгебраның элементар функцияларын атқаратын логикалық элементтердің жүйесімен танысу; - ELECTRONIC WORKBENCH сұлба-техникалық моделдеу бағдарламасымен танысу және оны ЭЕМ-лардың сандық құрылғыларын талдау, синтездеу үшін қолдану - күрделі логикалық функцияларды шешу және логикалық сұлбаларды ықшамдау, синтездеу. Теориялық кіріспе Сандық (цифрлік) электрониканың және есептеу техникасының математикалық негізі - логикалық және буле алгебра Буле алгебра айнымалы немесе (X) аргументке тәуелсіз 0 немесе 1символдары арқылы берілетін екі мәнді ғана қабылдайды. Тәуелді айнымалы немесе (Y) функциясы да 0 немесе 1екі мәннің біреуін ғана қабылдайды. Логикалық алгебраның функция мына түрде сипатталады: Y= F (X1, X2,... Хn) Алгебралық функциялардың негіздері: – НЕ – логикалық терістеу (жоққа шығару - инверсия) Y= X – ИЛИ – логикалық қосу (дизъюнкция) Y= X1+ X2 или Y= X1 v Х2 – И – логикалық көбейту (конъюнкция) Y=X1 * X2 или Y= X1 Ù X2 Кейбір күрделі функциялар: – бірдей мәнділік функциясы (эквивалентности) Y= X1 ~ Х2 – бірдей емес мәнділік функциясы (екі модулі бойынша қосу) Y= X1 Å X2 –ИЛИ- НЕ - Пирс функциясы (логикалық терістеуі бар қосынды) Y= X1 + X2 – И - НЕ- Шеффера функциясы (логикалық терістеуі бар көбейтінді) Y= X1 * X2 Буле алгебрасы үшін орындалатын заңдар мен ережелер: – үлестіру заңы X1 ( Х2 + Х3) = X1 * Х2 + X1 * Х3 X1 + X2 * Х3 = (X1 + X2) ( X1 + Х3) ; – қайталау ережесі Х * Х = Х, Х + Х = Х ; – терістеу ережесі Х *`Х = 0, Х +`Х = 1; – де Морган теоремасы X1 + X2 = `X1 * `X2, X1 * Х3 = `X1 + `Х2; – теңдік Х * 1 = Х, Х+0=Х, Х * 0 = 0, Х + 1 = 1. Логикалық функцияларды атқарушы сұлбаларды, логикалық элементтер деп атайды. Негізгі логикалық элементтердің бір шығысы (Y) және аргументтерінің санына байланысты (X1, X2, Х3 . . . Xn) кірістері бар логикалық элементтердің шартты белгілері мен олардың атқаратын логикалық функцияларының кестесі: 1. НЕ элемент, – логикалық терістеу 1-сурет 2. ИЛИ - элемент (2-сурет) және И - элемент (3.-сурет) логикалық қосу және логикалық көбейту функцияларын орындайды. 2. -сурет 3. -сурет 3. ИЛИ-НЕ- элемент (4-сурет) және И-НЕ – элемент (5-сурет) Пирс және Шеффер функцияларын атқарады. 4 -сурет Пирс элементін ИЛИ және НЕ элементтерін тізбектей қосу, ал Шеффер элементін И және НЕ элементтерін тізбектей қосу арқылы құрастыруға болады. 6 және 7-суреттерде шығарып тастаушы ИЛИ және НЕ, шығарып тастаушы ИЛИ, элементтері келтірілген. Олар бірдей емес мәнділік және бірдей мәнділік функцияларын Жалпы конъюнкция, дизъюнкция операцияларын, Пирс және Шеффер функцияларын атқаратын логикалық элементтердің жалпы жағдайда n кірісі, ал олардың кіріс айнымалыларының комбинациялары саны N= 2n болады. Кезкелген күрделі логикалық функцияларды логикалық элементтер атқара алады. Электрондық есептегіш машиналардың көптеген цифрлік құрылғылардың жұмысын логикалық алгебраның операциялық амалдары анықтайды. Бұл логикалық функция сандық құрылғының құрылымдық сұлбасын анықтайды. Мұндай құрылғы үш кірісі бар төрт И элементтен, төрт кірісі бар бір ИЛИ элементтен және екі НЕ элементтен құралады. Сандық құрылғынын синтездеу сұлбасын құрастыру кезінде ескеретін жағдай: логикалық элементтердің саны аз болу және атқарылатын операцияның біртектілігі. Элементтердің санын азайту (минимизациялау) үшін логикалық алгебраның ережелері мен заңдарын, Карно картасын (Вейч диаграммасы) қолданады. Мысал:Y (Х1, Х2, Х3) фукциясының мәні төмендегі кестеде келтірілген. Мұндағы кестеден Y функциясының мәні мына төмендегі төрт логикалық қосынды түрінде анықталады: Y=Х1Х2 Х3+Х1 Х2Х3+Х1Х2Х3+Х1Х2 Х3 Бұл логикалық функция сандық құрылғының құрылымдық сұлбасын анықтайды. Мұндай құрылғы үш кірісі бар төрт И элементтен, төрт кірісі бар бір ИЛИ элементтен және екі НЕ элементтен құралады. Сандық құрылғынын синтездеу сұлбасын құрастыру кезінде ескеретін жағдай: логикалық элементтердің саны аз болу және атқарылатын операцияның біртектілігі. Элементтердің санын азайту (минимизациялау) үшін логикалық алгебраның ережелері мен заңдарын, Карно картасын (Вейч диаграммасы) қолданады. 5-сурет атқарады. 6-сурет 7-сурет 2-кесте Х1 | Х2 | Х3 | Y | МИН ТЕРМ | | | | | - | | | | | `Х1, `Х2, Х3 | | | | | `Х1, Х2, `Х3 | | | | | - | | | | | Х1, `Х2, `Х3 | | | | | - | | | | | - | | | | | Х1, Х2, Х3 | Элементтердің санын азайту (минимизациялау) тәсілінін бірінші мысалы Қалыпты дизъюнктивтік функцияның түрі: Y=Х1Х2Х3 +Х1Х2 Х3 +Х1 Х2Х3 +Х1Х2Х3. Қайталау ережесін, терістеу ережесін және үлестіру заңының негізінде функцияны мына түрде жазуға болады: Y=Х1 Х2 Х3 +Х1Х2 Х3 +Х1 Х2 Х3 +Х1Х2Х3 +Х1Х2Х3+Х1Х2Х3 =Х2Х3(Х1+Х1)+ +Х1Х3(Х2+Х2)+Х1Х2(Х3+Х3)=Х2Х3+Х1Х3+Х1Х2 Жұмысты орындау реті: 1. ELECTRONICS WORKBENCH бағдарламасының сандық бөлігімен, жұмысты орындау ретімен және нұсқауымен танысыңыз. 2. Бағдарламаның сандық бөлігі ашыңыз. Тапсырма № 1 2-кестеде берілген функияның кестелік үлгісінің бір нұсқасын алып, оны алдымен синтездеп, содан соң бағдарламаның жұмыс үстеліне комбинациялық сұлбаны құрастырыңыз. Кіріс айнымалыларының әртүрлі комбинациялары үшін сұлбаның жұмысын тексеріңіз. Сұлбаның жұмыс принципін зонд (Probe) - индикаторлық элементттің көмегімен бақылаңыз. Сөз генераторын (Word Generator) пайдаланып, кестеге сәйкес кіріс айнымалыларын бере аласыз. Берілген функцияны логикалық алгебраның ережелері мен заңдарының негізінде және EWB бағдарламасының көмегімен минимизацияланады. Жұмысты мына рет бойынша орындаңыз: 1. Түрлендіргіштің диалогтық терезесіне кестенің мына мәндерін енгізіңіз. Х1 =А, Х2=В, Х3 =С. 2. Кестелік мәндерді қалыпты дизъюнктивтік түрге келтіріңіз. 3. Алынған функцияны минимизациялаңыз. 4. Логикалық элементтердің сұлбасындағы минимизацияланған функцияны түрлендіріңіз. 2-кесте Х1 | Х2 | Х3 | Y1 | Y2 | Y3 | Y4 | Y5 | Y6 | Y7 | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Импульстік және сандық электрониканың сұлба-техникалық құрылымын зерттеуге арналған Тәжірибелік жұмыстар Тәжірибелік жұмыс №2 Дешифратордің (декодер) синтездеу және жұмысын зерттеу. Дешифратормен жұмыс істеу әдістемесі Жұмыстың мақсаты: Дешифратордің жұмыс принциптерімен танысу және оларды Electronics Workbench (EWB) бағдарламасының көмегімен зерттеу. Теориялық кіріспе Көптеген электрондық құрылғыларда, әсіресе электрондық есептеу техникаларында кодаланған сигналды, яғни коданы қолданады. Кода деп әр түрлі ақпараттарды қабылдау, түрлендіру үшін қолданатын электрлік сигналдар жүйесін айтады. Электрондық есептеу техникаларында сигналды логикалық 0 және 1 символдары арқылы сипаттайтын екілік және екілік–ондық кодаларын пайдаланады. Әртүрлі кодалық комбинацияларды (сөз) шешуге арналған құрылғыны дешифратор(декодер) деп атайды. Әрбір сөзге дешифратордың шығыстарының біреуінің «1» символы сәйкес келеді. 1.1 –суретте төрт разрядты екілік сандарды 0 –ден 9 –ға дейінгі ондық сандарға түрлендіретін дешифратордың шартты белгісі көрсетілген.  1.1 –сурет Кіріс кодаларын шығыс кодаларына, мәселен екілік коданы екілік–ондық кодаларға және керісінше түрлендіретін дешифраторларды кода түрлендіргіштері деп атайды. Ондай түрлендіргіштердің кірісіне берілген әрбір сөзге белгілі бір шығыс сөзі сәйкес келеді. Дешифраторлар есептеу және ақпараттық өлшеу техникаларында әртүрлі мақсатпен қолданылады. Солардың бірі – символдық ақпараттарды ондық санау жүйесі арқылы бейнелеп көрсететін индикаторларды басқару. 1.2 –суретте сұйық кристалл және сәуле диодына негізделіп құрылған жеті сегментті индикатордың сұлбасы берілген. Мұдағы – суретете индикатордың құрылымы, ал – суретете индикатордың таблосынан көруге болатын ондық сандарының қатары көрсетілген. Индикатор жұмыс жасауы үшін екілік – ондық коданы түрлендіретін дешифратор керек. Индикатордың сәуле сегменттері дешифраторға қосылады, оның болған жағдайда – сегмент сәулеленеді. а) ә) 1.2 –сурет 1.3-сурет Кейбір дешифраторларда ақпараттық кірістен басқа бір (рұқсаттаушы) немесе оданда көп (адрестік) кірістері болады (1.3а-сурет). Рұқсаттаушы кірістері арқылы дешифратордың мүмкіншілігін кеңейтуге болады. Мысалы дешифратордың 5-ін біріктіріп дешифраторды құруға болады. Кода түрлендіргіштерді дешифратор-шифратор сұлбасының негізінде де құруға болады (1.4-сурет). Алдымен дешифратор кіріс кодасын ондық сандарға түрлендіреді, ал содан кейін шифратор (матрицалық диодтық) болса шығыс кодасын қалыптайды. Мұндағы дешифратордың барлық кірістерінде логикалық «1» болған кездеоның 0 шығысында логикалық «1» пайда болады да ол өз кезегінде және логикалық «1» пайда болуына себепші болады. 1.4-сурет 1.5-сурет Жалпы дешифратор –кең қолданыс тапқан логикалық құрылғылардың бірі. Оны әртүрлі комбинациялық құрылғыларды құру үшін қолданады. Дешифратордың шығысына ИЛИ логикалық элементін қосу арқылы кезкелген логикалық функцияларды атқаруға болады (1.5-сурет). Мұндай 3х8 дешифратордың атқаратын функциясын төмендегі логикалық өрнектердің жүйесі сипаттайды:         1-кесте (А,В) екі кірісі және төрт шығысы бар дешифратор кестесі. Төменде берілген кестедегі кодаланған сигналдар комбинациясында дешифратор шығыстарының біреуінен ғана сигнал шығарады. Ол әртүрлі кодаланған комбинацияларды айыруға қолданылады. Кестеден дешифратор шығысы үшін логикалық өрнектерді алуға болады: Y1=A’B’; Y2=A’B; Y3=AB’; Y4=AB.  1.6-сурет  1.7-сурет Мұндағы суретте логикалық өрнектерге сәйкес дешифратордың сұлбасы құрастырылған (1.6-сурет). Берілген тапсырма бойынша 1.6-суреттегі сұлбаны құрастырып, содан соң генератордан алынған әртүрлі кіріс кодалық комбинациялары үшін дешифратордың жұмысын зерттеңіз. Шығыс сигналдарына Probe индикаторлық элементтің көмегімен талдау жасаныз. Есеп беру мазмұны. 1. Зерттелетін триггерлердің сұлбаларын сызыңыз. 2. Триггердің жұмысын сипаттайтын уақыт бойынша диаграммаларын сызып, ауысу кестелерін толтырыңыз. Бақылау сұрақтары 1. Триггерлік құрылымдар қандай белгілер бойынша классификацияланады? 2. Синхронды триггерлердің асинхрондық триггерден айырмашылығы неде? Синхронды RS-триггердің ауысу кестесі қандай? 3. Т-триггер қалай жұмыс істейді? Т-триггердің уақыт бойынша жұмысын анықтаңыз. JK-триггер дегеніміз не? Тәжірибелік жұмыс №3 Триггерлерді зерттеу. Триггерлердің жалпы сипаттамалары Екі орнықты күйі бар, сыртқы басқарушы сигналдың көмегімен бір күйден екінші күйге шұғыл өтетін электрондық құрылғыны триггер деп атайды. Триггердің бір орнықты күйден келесі орнықты күйге ауысу процессі аударылып түсу немесе төңкерілу деп аталады. Аударылып түсу процессі нәтижесінде аса қысқа уақыт мезетінде ток және кернеу өз мәндерін шұғыл ауыстырады. Токтің және кернеудің мәндерін шұғыл өзгерту үшін оң кері байланысты қолданады. Триггерлердің кірісі, оларға берілетін сигналдарға байланысты екіге бөлінеді: ақпараттық және көмекші. Ақпараттық сигалналдар триггердің күйін басқарады. Көмекші кіріске берілген сигалналдар триггерді берілген күйге баптау, оны синхрондау міндетін атқарады. Триггерлердің шығыстары және кірістері сигналдарына сәйкес мына латын әріптермен белгіленеді: S, R, D, Q, J және т.б. Триггерлер функционалдық мүмкіншіліктеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді: 1) «0» және «1» жекеленген қондырғылы триггер (RS-триггер); 2) ақпаратты бір кіріс бойынша ғана қабылдайтын, яғни күттіретін триггер (D-триггер); 3) санайтын кірісі бар триггер (D-триггер); 4) әмбебап триггер (JK-триггер). Ақпаратты қабылдау қабілетіне байланысты триггерлер екі топқа бөлінеді: 1) асинхрондық триггерлер; 2) синхрондық триггерлер. Асинхрондық триггерлер ақпараттық сигналдарды кірісіне пайда болған кезде дереу сезіп қабылдайды. Синхрондық триггерлер арнаулы тексеретін С кірісінде рұқсаттайтын сигнал болған жағдайда ғана ақпараттық сигналдарды қабылдайды. Синхрондық триггерлер өз ішінен С - кірісі бойынша статикалық басқармалы және динамикалық басқармалы болып екі топқа бөлінеді. Статикалық басқармалы триггерлер С - кірісіне «1» (тура С - кіріс) немесе «0» деңгей (инверсиялық С - кіріс) берілген кезде ақпараттық сигналдарды қабылдайды. Динамикалық басқармалы триггерлер С - кіріс сигналы «0» -ден «1» - ге (тура динамикалық С - кіріс) немесе «1» -ден «0» - ге (инверсиялық динамикалық С - кіріс) өзгерген кезде ақпараттық сигналдарды қабылдайды. Құрылу принципіне байланысты статикалық басқармалы триггерлер бір және екі баспалдақты болып екіге бөлінеді. Бір баспалдақты триггердің ақпараттық жадысының да бір ғана баспалдағы болады. Екі баспалдақты триггердің ақпараттық жадысының екі баспалдағы болады. Триггерлер электрондық есептегіш машиналарда, автоматика мен телемеханикада ақпараттарды сақтау, логикалық және сандық сигналдарды санау, импульстерді жиіліктері бойынша бөлу және оларды потенциалдық деңгейлерін ауыстырып қосу және т.б. көптеген мақсапен қолданады. Тапсырма №1 Біртактілі синхронды RS-триггерінің жұмысын зерттеу Жұмысты орындау тәртібі: 1. Electronic Workbench (EWB) үстеліне 2.1-суретте көрсетілген триггердің сұлбасын құрастырыңыз. Триггердің күйін бақылау үшін Probeиндикаторлық элементтердіқолдануға болады. Ақпараттық сигналдарды енгізу үшін сөз генератор(Word Generator) пайдаланамыз. Триггердің сұлбасындағы әртүрлі нүктелердегі кернеу өзгерісінің уақыттық диаграммаларын алу үшін сигналдардың анализаторын(Logic Analyzer) пайдаланыңыз.  2.1-сурет 2. Сөз генераторынан 1-кесте сәйкес берілген ақпараттық сигналдарды рет-ретімен орнатыңыз. 1-кесте Ол үшін: а) Сөз генераторыныңпиктограммасына тінтуірдің тілшесімен екі рет түртіңіз. Ашылған терезеде генератор мен оның баптау элементтерінің басқару тақташасы көрінеді (2.2-сурет). Жоғарғы нөлдік қатар нөлдік шығысынан алынған он алты акпараттык сигналдардың уақыттық кезектілігін көрсетеді. Әрбір горизонталдық қатарға өзінің шығысы сәйкес келеді.  2.2-сурет б) 1-кестеге сәйкес, нөлдік және бірінші қатарды пайдалана отырып, S және R кірісіндегі ақпараттық сигналдарды рет-ретімен орналастырыңыз. Ол үшін, тінтуірдің тілшесімен жоғарғы қатардың сол жақ разрядына түртіңіз. Осыдан кейін пернетақтасынан 0 санын алыңыз. Бірінші разрядта 0 саны шығады. Тінтуірдің тілшесімен қатардың келесі разрядына түртіңіз. Пернетақтада 1 санын теріңіз. Екінші разрядта 1 шығады. Осылайша, 1-кестеге сәйкес қалған 14 разрядтағы сигналдарды енгізіңіз. Триггердің R кірісіне енгізілетін сигналдардың екінші қатарын да, 1 қатардағыдай толтырамыз. CLK (clock) белгісі бар генератор шығысынан триггерге синхрондаушы импульстар беріледі. 3 Статикалық режимдегі триггерді зерттеңіз. Ол үшін: а) генератордың STEPбатырмасына түртіңіз; б) RUN (пуск) батырмасына түртіңіз. Триггердің шығыстарына ақпараттық сигналдар беріледі. Триггердің шығысына қосылған индикаторлық элеменнтер оның күйін көрсетеді. STEP батырмасына басу арқылы 1-кестеге сәйкес ақпараттық сигналдарды беріңіз; в) осциллографтың көмегімен алынған ақпараттық сигналдардың уақыттық диаграммаларын сызып алыңыз; г) ауысу кестесін толтырыңыз (2-кесте). 2-кесте Тапсырма №2 Есептеуіш триггердің жұмысын зерттеу ( Т- триггер ) Жұмысты орындау тәртібі: - Жүмыс үстелінде Т-триггердің сұлбасын құрастырыңыз (2.3-сурет).
- Триггердің уақыттық диаграммаларын зерттеңіз.
- Ауысу кестесін толтырыңыз (3-кесте).
 2.3-сурет 3-кесте T | T | T-1 | T-2 | Q-1 | Q-1 | Q-2 | Q-2 | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Тапсырма № 3 JK-триггерінің базасындағы Т-триггердің жұмысын зерттеу Жұмыс орындау реті: 1. Әмбебап JK-триггерінің базасындағы Т-триггердіңсұлбасын құрастырыңыз (2.4-сурет).  2.4-сурет 2. Уақыт бойынша диаграмманы түсіріңіз. Есеп беру мазмұны. 3. Зерттелетін триггерлердің сұлбаларын сызыңыз. 4. Триггердің жұмысын сипаттайтын уақыт бойынша диаграммаларын сызып, ауысу кестелерін толтырыңыз. Бақылау сұрақтары 4. Триггерлік құрылымдар қандай белгілер бойынша классификацияланады? 5. Синхронды триггерлердің асинхрондық триггерден айырмашылығы неде? Синхронды RS-триггердің ауысу кестесі қандай? 6. Т-триггер қалай жұмыс істейді? Т-триггердің уақыт бойынша жұмысын анықтаңыз. JK-триггер дегеніміз не? Тәжірибелік жұмыс № 4 |