МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия





Сабақ бөлімдерінің атауы Название раздела занятия Уақыт тәртібі Временной режим
Ұйымдастыру кезеңі Организационная часть 2 минут
Оқытушының кіріспе сөзі Целевая установка занятия 3 минут
Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме 25 минут
Жаңа тақырыпты түсіндіру Изложение нового материала 40 минут
Жаңа тақырыпты бекіту Закрепление новой темы 10 минут
Баға қою Выставление оценок 5 минут
Аттестация қою 5 минут

 

 

Теориялықсабақтыңбарысы

Ход теоретического занятия

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Организационная часть.

Сәлеметсіздерме! Отырыңыздар. Бүгін топта кім кезекші? Бүгін сабақта кім жоқ? Бүгінгі сабағымызды топ бөліп жүргізетін боламыз. Студенттер 3 топқа бөлінген. Әр топтан топ жетекшісін сайлап аламыз және топ жетекшілерге бағалау парағы таратылады.Топ жетекшісі студенттің қатысуына байланысты «+» белгісін қойып отырады. Сабақ соңында мен қорытынды бағаларын қойып шығамын.

2.Оқытушының кіріспе сөзі. (сабақтың тақырыбы мен мақсатына шолу).

Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)

Бүгін өтетін сабағымыздың тақырыбы:Тілме.Құтырма.

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларды аурулардың этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері, диагностикасы, емі, алдын алу шарасымен таныстыру.

3.Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:

Тақырыбы:«Сібір жарасы». Әр топ студенттері үйге берілген тапсырма бойынша, қосымша жасап келген жұмыстарын қорғайды.Содан кейін өткен тақырыпты «Ойлан тап » ойыны арқылы қорытындылаймыз.

20 – ұяшық: Инфекция көзі?(Жиі ірі қара және ұсақ малдар,жылқы және т.б 60-85%. Сирек-жабайы жануарлар «қоян,қасқыр,аю т.б» ).

20 – ұяшық: Берілу жодары?(Қатынас арқылы «зақымданған тері арқылы, алиментарлы «зақымдалған етті жегенде» ауа-шаң кейде трансмессивті «шыбындар,масалар шағуы»).

20 – ұяшық: Патологиялық анатомиясы?(Қоздырғыштың орналасқан жерінде «тері,өкпе,ішек т.б» тіндердің некрозымен болатын серозды гемморогиялық қабыну дамиды.)

30- ұяшық: Сібір жарасның қай нұсқасы?

(Карбункулезді түрі. )

30- ұяшық: Сібір жарасының қай түрі?

(Эдематозды түрі.)

30- ұяшық: Сібір жарасының қай түрі?

( Буллезді түрі. )

40- ұяшық: Сібір жарасының тілме тәрізді түріне анықтама беріңіз?

(Сирек кездеседі, ісік аймағындағы гиперемия және буллезді элементтердің болуымен сипатталады, улану синдромы аурудың 2-3 күнде басталып, қалтырау, температура 38-40, әлсіздік, бас ауруымен өтеді. Температура ремиттирлеуші, 3-7 күнде түседі, осы уақытта қайтадан ісінумен карбункул дамуы басталады. )

40- ұяшық:Сібір жарасының екіншілік генерализденген түріне анықтама беріңіз? ( Науқаста аяқ астынан қалтырау, температура 39-40, интоксикация синдромы тез басталады, бас ауруы, құсу, тахикардия, гипотония, қозу, сандырақтау, есінің бұзылуы, менингеальды симптомдар болуы, геморрагиялық бөртпелер, ентігу, цианоз ұлғаяды, 2-3 күнде инфекциялық-токсикалық шоктың болуынан өледі. )

 

40- ұяшық: Сібір жарасының өкпелік түріне анықтама беріңіз?(Сепсистік түрінде негізгі симптом тұншығу сезімі, дем алғанда ауырсынулар, ентігу, қан және көпіршікті қақырықпен жөтел болып табылады. Өкпеде ылғалды сырылдар естіледі. Геморрагиялық плевриттің дамуы мүмкін. Науқастар инфекциялық-токсикалық шок және тыныс алу жетіспеушілігінен сырқаттан 2-3 күнде өлуі мүмкін. )

50- ұяшық: Алтын сандық.

50-ұяшық:Диагоностикасы?(Клиникалық, эпидемиологиялық, зертханалық мәліметтер негізінде қойылады:

Бактериологиялық «карбункул, қан, қақырық, нәжістен жағынды алынады.»

Иммунофлюоресценция әдісі

Серологиялық «антиденелердің флюоресценттік әдісі, ТЕГАР, ИФА».

Аллергиялық әдіс «антраксинмен бірге терілік аллергиялық сынама»

ПТР. )

50- ұяшық:Емі? (Клинкалық түріне байланысты, күдіктенген науқасты жедел түрде ауруханаға жатқызады:Төсектік тәртіп, диета «клиникалық түріне байланысты». Клиникалық түрі мен аурудың ауыр ағымына байланысты этиотропты препараттар қолданады.Терілік түрінде «жеңіл ағымы» доксициклин «ішке» тәулігіне 0,1г 2рет, рефампицин 2рет 0,45г, ципрофлоксацин 0,25-0,75г, бензилпенециллин «б/е» 4рет 1млн БР, гентамицин 3рет 0,08г, амикацин 2рет 0,5г, левомициетин сукцианат натрий «көк тамыр» 1рет 70-100мг/кг қолданады. Емнің курсы 7 тәулікте құрайды.)

 

 

 

4.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

Слайд 1 “Семей” медициналық колледжі мекемесі.Тілме.Құтырма.  
Слайд 2 Жоспар: І. Кіріспе бөлім ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Этиологиясы, инфекция көздері,берілу жолдары,мерзімділігі. 2.2.Патогенезі. 2.3. Клиникалық жіктелуі. 2.4. Клиникасы, асқынулары. 2.5. Диагностикасы,cалыстырмалы диагностикасы. 2.6.Емі, диспансеризациясы, алдын алу ІІІ.Қорытынды  
Слайд 3 Тілме дегеніміз не?Тілме –созылмалы және жедел түрде өтетін антропонозды бактериалды инфекциялық ауру.терінің жедел қабынуы.клиникасында қызбамен, интоксикациямен және терінің серозды немесе серозды геморрагиялық ошақтық қабынуымен сипатталады.  
Слайд 4 Этиологиясы: А тобындағы бетта — гемолитикалық стрептококк тілме қоздырғышы болып табылады. Ауру қоздырғышы стрептококктың басқа да сероварлары болуы мүмкін, ал ауру ағымы ауыр жағдайда, патологиялық процесте т. б. микробтар, соның ішінде стафилококк та қатысады.  
Слайд 5 Инфекция көздері: әр түрлі стрептококкты аурулармен (ангина, скарлатина, пневмония, стрептодерлин т.б.) сырқаттанған адамдар; бактерия тасымалдаушылар (өздері сау); Тарау жолдары: экзогенды түрінде – жұғу жарақаттанған тері қабаттары арқылы; эндогенды түрінде – организм өзіндегі стрептококкты ошақтардан тарау; Мерзімділігі: біріншілік түрінде көбінесе жаз-күз айлары, рецидивті түрінде күз-қыс айлары. В.М.Фролов мәліметтері бойынша жұқпалы аурулардың ішінде ЖРВИ,вируты гепатит және дизентериядан кейін 4 орында  
Слайд 6 Патогенезі: Тілме экзогенді және эндогенды жолмен туады. Сырқатты тудыру факторлары: инфекциялық (бактеремия) токсикалық (токсинемия) аллергиялық (БТСЖ) иммунопатологиялық (иммунды жетіспеушілік) Тілменің біріншілік және қайталанған түрлері қоздырғыш организмге көбінесе экзогенды түрінде ену себебінен жедел стрептококты инфекция болып өтеді. Стрептококтар енген орнында (терінің лимфа капиллярларында) көбейіп, эндо және экзотоксин бойы жергіліктік әсерін береді (қабыну), әрі қарай қанға өтіп интоксикацияны тудырады. Интоксикацияның негізгі себебі- токсинемия және сонымен қатар аз уақыт бактеремия да болады.
Слайд 7
Слайд 8 Клиникасы: Инкубациялық мерзімі бірнеше сағаттан 3-5 тәулікке дейін. Клиникалық көріністері 2 синдромға бөлінеді: 1. интоксикациялық 2 . жергілікті өзгерістер (тері бетіндегі) Сырқат көбінесе жедел, интоксикация көріністерімен басталады: қалтырау дене қызуы бірнеше сағатта 39-40С жетеді, кейде 5-6 күнге дейін сақталады. бас ауруы, әлсіздік, селқостық, жүрек айну, құсу жиі лимфа түйіндерінде ауырсынуы. 12-48 сағат ішінде жергілікті өзгерістер қалыптасады.  
Слайд 9
Слайд 10 Тілме төрт жағдайда өтеді: Эритематозды тілме : тері қызарып, ем қолданбастан 3 – 7 күнде жазылып кетеді; Буллезді тілме : терінің қызарған жері суланып, іріңдейді, бұл түрі ұзаққа созылады; Флегманозды тілме : жарақаттанған тері шелденіп, іріңдеп қабынады . Гангренозды тілме: Ең ауыртүрі, терінің өлі еттенуі.  
Слайд 11 Эритематозды тілме : Қабынған орнында эритема қалыптасады. Шыққан кезде қызарған дақ болып біраз уақытта жойылып типті белгілерімен байқалады: айқын шектелген гиперемия. Шекарасы оттың жалыны немесе географиялық карта тәрізді болып көрінеді. пальпация кезінде ауырсынады, әсіресе шеттері.Ісіну байқалады. аурулардың көбінде регионарлы лимфоаденит байқалады.  
Слайд 12 Буллезды-геморрагиялық түрі Тілменің бұл түрінде әртүрлі көлемді, іші түссіз сұйықтыққа толы көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады. Көпіршіктер кейіннен жарылып, орнында эрозиялар, терінің некрозы қалыптасады. Интоксикация синдромы 4-5 күнге дейін созылады.  
Слайд 13 Эритематозды-геморрагиялық тілме Бұл формасында симптомдар эритематозды сияқты өтеді. Бірақ бұл жағдайда эритема орнына зақымдалған тері бөліктерінде қан құйылулар байқалады.  
Слайд 14 Ауырлық дәрежесі бойынша клиникалық көріністері: Жеңіл түрінде аздаған интоксикация белгілері, субфебрильді қызба, жергілікті эритематозды қабыну болады.   Орташа ауырлықты түрінде айқын интоксикация белгілері: қалтырау, жалпы әлсіздік, бас ауру, жүрек айну, құсу, дене қызуының 39°-40°С жоғарылауы болады.Процесс жергілікті және жайылған, эритематозды-геморрагиялық, эритематозды-бул лезді түрде болуы мүмкін Ауыр түріне айқын интоксикация белгілері тән (адинамия,қатты бас ауру, қайталмалы құсу, дене қызуының 39°-40°С және одан жғарылауы ).  
15 слайд
16 слайд
17 слайд Асқынулары: Жалпы асқынулар: инфекциялық-токсикалық шок сепсис тромбоэмболия Жергілікті асқынулары: абсцесс флегиона флебит, тромбофлебит  
18 слайд Диагностикасы: айқын клиникалық көріністер (интоксикациялық белгілер мен тері қабынуы) эпидемиологиялық мәліметтер Диагнозды ешқандай арнайы лабораторлы тексерусіз қоя беруге болады. Тілме кезінде қабыну процесіне байланысты қанның жалпы анализінде нейтрофильді лейкоцитоз, таяқшалардың көбеюі, ЭТЖ жоғарлауы байқалады.  
19 слайд Салыстырмалы диагностикасы: } абсцесс } флегмона } экзема } дерматит } эризипиелоид } Белдемелі теміреткі аурулармен жүргізеді.  
20 слайд Емі: Тілменің ауырлығына қарай ем емханада немесе ауруханада жүргізіледі. Ем комплексты және жекеленген болу керек. Комплексті ем: Этиотропты ем өту дәрежесіне байл анысты. Жеңіл,орташа ағымында монотерапия қолданылады. Спирамицин ішке 3млн ХБ тәу.2 рет, азитромицин ішке 0,5 г тәу 2 рет, рокситромицин 0,15 г тәл 2рет. Емдеу курсы 7-10 күн. Ауыр ағымында: антибиотикотерапия тағайындалады. Бензилпенициллин гентамицинмен бірге 80 мг б/е 3 реттәу. Ципрофлоксацин т/і 800 мг 1 ретнемесеклиндамицин б/е 1,2- 2,4 г .Ем курсы: 10 күн. Патогенетикалық ем: Қабынуға қарсы препараттар (диклофенак , индометацин, найз, ибупрофен, мелоксикам) . Ем курсы 10-14 күн бойы. Дезинтоксикациялық препараттар: ( декстрон , поливидон 5% глюкоза ерітіндісіне 5-10 мл 5% аскорбин қышқылы ) . Тыныштандыратын: ( димедрол, супрастин, тавегил) . иммуномодуляциялық препараттар Жергілікті ем: физиотерапия (УФС, УФУ) көпіршіктер жарылған кезде адсорбенттер (тагансорбент, тагангель) репарацияны жылдамдататын дәрілер (қызыл май, леваниколь және
21 слайд Диспансеризациясы: біріншілік тілме кезінде – 3 ай рецидивті ағымда, соңғы рецидивтен 2 жыл бойы жүргізіледі Алдын алу: Тері жабындыларының тазалығын сақтау; Жарақаттардың, жарықтардың біріншілік өңделуі; Іріңді ауруларды емдеу; Медициналық манипуляциялар кезінде асептика ережелерін қатаң сақтау.  
22 слайд Құтыру Зооноздық топтық, контактілі (сілекеймен) механизммен берілетін жедел вирустық инфекциялық ауру. Нерв жұйесінің ауыр зақымдануымен сипатталады және көбінесе өліммен аяқталады.  
23 слайд Этиологиясы: Қоздырғышы рабдовирус тұқымдасының нейтропты вирусы, құрамында – РНК екі (S және V) антигенді компоненті, сыртқы ортаға төзімсіз келеді.  
24 слайд
25 слайд Берілу жолдары: Контактілі (негізгі) – тістегенде және сілекей арқылы, жарақаттанған теріге жабындыға түседі немесе сыртқы кілегей қабатқа түседі. Аэрогенді жол (зертхана жағдайында апат нәтижесінде, спеологтардың зақымдануында) Ағзалардың трансплантация кезінде.  
26 слайд Патогенезі: Адам организміне вирус тістеген кезде жараланған тері жабындысы арқылы және шырыш қабат арқылы еніп, одан әрі орталық бағыттағы кеңістікпен бас миына және жұлынға тарайды, онда көбейіп толады. Вирустың көбеюі және жиналуы сілекей бездерінің жүйелерінде болуы мүмкін. Вирус нейрондардан кері бағытта вегететивті нерв талшықтарына – сілекей безі, көз, бүйректер, өкпелер, бауыр, ішек, ұйқы безі, бұлшық еттер, тері, жүрек, шаш және т.б. ағзаларға таралады.  
27 слайд Клиникасы: Клиникалық өту кезеңдері: инкубациялық продромды аурудың даму кезеңі паралич кезеңі Летальды жағдай  
28 Лайд Инкубациялық кезең: 7 күннен 1 жыл арасына дейін созылады,орташа алғанда 30-90күн. Жануар бас пен беттен тістегенде инкубациялық кезең қысқарып, дене мен аяқ-қолдарды тістегенде ұзарады. Продромды кезең: 1-2 күн аралығы. Қышу Тістеген жерде қалған тыртықты қабынуда болатын ауырсыну Субфебрильді температура Жалпы енжарлық, бас ауру, тітіркендіргіштік Қорқыныш сезімі, мазасыздық, көңілсіздік Ұйқының бұзылуы Гиперестезия, есту және көру тітіркендіргіштеріне өте жоғары сезімталдық Аузының кебуі, тәбеттің болмауы Жүрек айну, құсу, тершеңдік, жарыққа мидриаз байқалады.  
29 слайд Аурудың даму кезеңі: 2-3 күн аралығы. Кенеттен ұстама, инспираторлы ентігу пайда болады. Науқаста сілекей көп бөлініп: сусыздану болады. Сандырақ пайда болады. Агрессивті жағдай болады. Ми қорабы нервілерінің зақымдануы – диплопия.  
30 слайд Салдану кезеңі: Бұл кезеңде 1-3 күн қысқа мерзімге науқаста жақсару болады (қорқыныш және қозу сезімі жойылады, тамақ ішеді), апатия, салғырттық деңгейі жоғарылайды. Аяқ-қолдарының, бет терінің, ми-қорабы нервісінің, жамбас аймағының бұзылыстары, гипертермия байқалады, жүрек-тамыр жүйесінің қызметі төмендейді. Әдетте 6-8 күнішіндеөлімтуады.  
31 слайд Диагностикасы: Құтыру диагностикасын клиникалық негіздерге байланысты, эпидемиологиялық және зертханалық көрсеткішке байланысты қояды. Салыстырмалы диагностика: Құтырудың салыстырмалы диагностикасын энцефалитпен, сіреспемен, истериямен, атропинмен уланумен және т.б. аурулармен жүргізеді.  
32 слайд Емі Құтырудың емінде тиімді әдіс болып табылатын ем жоқ. Жеке интенсивті емдеу палатасына жатқызу, төсектік тәртіп, патогенетикалық ем жүргізіледі.Инфузиялық тартылуға қарсы , седативтік, көрсеткішіне байланысты бұлшық ет релаксанттары, наркотикалық препараттар және өкпеге жасанды дем беру. Алдын алу: 1.Инфекция көзін табу,жою. Жануарлардың тістеген адамдарға антирабиялық көмек ҚР ДСМ 19.02.2003ж. №140 бұйрығы бойынша жараны өңдеу, антирабиялық вакцина немесе антирабиялық иммундық глобулин (АИГ) енгізу түрінде
33 слайд Қорытынды: Қорытындылай келе тілме, құтырма аурулары өте ауыр түрде білінетін инфекциялық ауру болып табылатындықтан, дер кезінде анықтап, емдеудің маңызы зор дегіміз келеді. Себебі бұл ауруларды толық түрде емдемесе көптеген асқынуларға алып келеді. Емдеу принциптерінің дұрыстығы мен пайдалылығы терең білімді маманға байланысты болады.

5.Жаңа тақырыпты бекіту.

Закрепление новой темы.Вопросы, задания для закрепления.

Тақырыпты бекіту үшін әр топқа аурудың клиникалық көріністеріне байланысты, ситуациялық есептер көрсетіледі. Әр топтағы кез – келген студент жұлдызшаларды таңдау арқылы, болжам диагноздары мен емдеу жоспарын тағайындайды.

1-ситуациялық есеп:

Науқас С., 43 жаста. Жағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырған. Ауру жедел басталған. Дене қызуы cубфебрильді, Науқас аздаған бастың ауруына , әлсіздікке, шағымданады. Обьективті қарағанда лимфа түйіндерінің ұлғаюы, аяқтарында айқын шектелген гиперемия, шекарасы оттың жалыны тәрізді эритема шеттерінде ісіну, эритема үстіндегі тері тығыздалып тартылған. Пальпацияда: лимфа түйіндерінің ауырсынуы, эритема үстінің ауырсынуы. Сіздің болжам диагнозыңыз ?Ем тағайындаңыз?

2- cитуациялық есеп:

Науқас К., 52 жаста. Жағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырған. Ауру жедел басталған. Дене қызуы 39 C градусқа жеткен. Науқас бас ауруына , қалтырау, жалпы әлсіздікке, селқостық , жүрек айнуға , құсуға шағымданады. Обьективті қарағанда лимфа түйіндерінің ұлғаюы,жайылған эритема, эритеманың үстінен әр түрлі көлемді , іші түссіз сұйықтыққа толы көпіршіктердің пайда болуы. Пальпацияда: лимфа түйіндерінің, көпіршіктердің ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз? Ем тағайындаңыз?

3 - cитуациялық есеп:

НауқасЖ ., 59 жаста. Жағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырған. Ауру жедел басталған.Дене қызуы 40 Cградусқа жеткен. Науқас қатты бас ауруына , қалтырау, жалпы әлсіздікке, селқостық , жүрек айнуға , қайталамалы құсуға шағымданады. Обьективті қарағанда лимфа түйіндерінің айқын ұлғаюы , жайылған эритема, эритеманың үстінен іші қоңыр сұйықтыққа толы көпіршіктердің пайда болуы. Кейбір көпіршіктер жарылып, терінің некрозы байқалады. Пальпацияда: лимфа түйіндерінің,көпіршіктердің ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз? Ем тағайындаңыз?

4- ситуациялық есеп:

Науқас С., 43 жаста. Жағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырған. Ауру жедел басталған. Дене қызуы cубфебрильді, Науқас бастың ауруына , әлсіздікке, селқостыққа шағымданады. Обьективті қарағанда лимфа түйіндерінің ұлғаюы, беттерінде қан құйылулар, Пальпацияда: лимфа түйіндерінің ауырсынуы, эритема үстінің ауырсынуы. Сідің болжам диагнозыңыз ? Ем тағайындаңыз?

5 - ситуациялық есеп:

НауқасК., 34 жаста. Жеделжәрдемшақырған. Ауружеделбасталады. Кенеттен ұстама пайда болып, қол – аяғында діріл пайда болған. Бетінің жарты бөлігі қисайып, тоқтаусыз құса бастаған. Тері жабындылары жабысқақ, суық тер басқан. Ұстамасы бирнеше секундтқа созылған. Әртүрлі дыбыстардан, жарықтан қорқу, пайда болған. Сілекейі көп мөлшерде бөлініп, аузынан көбік аға бастаған. Сіздің болжам диагнозыңыз? Ем тағайындаңыз?

6 - ситуациялық есеп:

НауқасА., 29 жаста. Ит тістегеннен кейін келесі күні тістеген аймақтың қышуына, дене қызбасының жоғарылауына, жалпы енжарлық, бас ауруына, қорқыныш сезімі, мазасыздық, көңілсіздікке , ұйқының бұзылуына, аузының кебуіне, тәбеттің болмауына, жүрек айну, құсу, тершеңдікке шағымданады. Пальпацияда:Тістеген жерде қалған тыртықты қабынуда болатын ауырсыну. Сідің болжам диагнозыңыз ? Ем тағайындаңыз ?

Тесттік тапсырмалар

I - нұсқа

1. Зооноздық топтық,контактілі механизмен берілетін жедел вирустық жұқпалы ауру

а)тілме

в)іш сүзегі

с)құтырма

д)кене бөртпесі

е)сібір жарасы

2. Тілменің өту жиілігі бойынша ерте көрінетін түрі ?

а)1 жыл арасында көрінеді

в)1 жылдан аса көрінеді

с)1 жылдың ішінде 3-4 рет қайталанады

д)2 жылдан аса көрінеді

е)мүлдем болмайды

3. Құтырма қоздырғышы

a)Brucella

в)Neissera

с)Yersinia

д)Rhabdoviridae

е)Nairovirus

4. Тілменің асқынулары?

а)жалпы

в)жергілікті және жалпы

с)жергілікті

д)метастазды

е)таралған

5. Жарақаттанған теріге сілекей арқылы жұқпаның берілу жолы қалай аталады?

a)аэрогенді

в)трансмиссивті

с)А типті

д)тамақтану арқылы

е) контактілі

6. Тілменің жергілікті өзгерістері бойынша:

а)эритематозды

в)эритематозды-буллезды

с)эритематозды-геморрагиялық

д)буллезды-геморрагиялық

е)барлық жауап дұрыс

7. Инфекция көзі табиғи ошақтарда

a)ит, мысық

в)жарқанат

с)қасқыр,түлкі

д)қасқыр,мысық

е)түлкі,ит

8. Тілменің инкубациялық мерзімі?

а)бірнеше сағаттан 11-13 тәулікке дейін

в)бірнеше сағаттан 3-5 тәулікке дейін

с)бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін

д)бірнеше жылдарға дейін

е)барлық жауап дұрыс

9. Құтырудың аэрогенді берілу жолы......

a)ағзаларды трансплантациялау кезінде

в)апат нәтижесінде

с)тамақтану кезінде

д)су арқылы жұғу

е)алиментарлы

10. Тілменің клиникалық көрсеткіштері неше синдромға бөлінеді?

а)5

в)3

с)2

д)4

е)1

 

 

ІІ-нұсқа

1. 7 күннен 1 жыл аралығына дейін созылатын құтырманың клиникалық кезеңі

a)аурудың даму кезеңі

в)паралич кезеңі

с)инкубациялық кезең

д)продромды кезең

е)летальді кезең

2. Тілменің қоздырғышы?

а)вирустар

в)пневмакокк

с)бетагенолитикалық стрептококк

д)стафилакокк

е)қоздырғышсыз жұғады

3. Продромды кезеңнің белгілері

a)іш өту,құсу,дененің бөртуі,қалтырау,

в)қышу,ауырсыну,жалпы енжарлық,субфебрильді температура с)құсу,қышу,дененің бөртуі,жалпы енжарлық

д)жалпы енжарлық, субфебрильді температура,қалтырау,талып қалу

е)қалтырау, іш өту, қышу,талып қалу

4. Тілменің қастеттері?

а)факультативті анаэроб

в)Z түріне өте алады

с)сыртқы ортада төзімді

д)бірнеше серологиялық түрлері бар

е)барлық жауап дұрыс

5. Кенеттен ұстаманың пайда болуы құтырманың қай кезеңіне тән?

a)ауру даму кезеңі в)инкубациялық кезең

с)паралич кезеңі

д)продромды кезең

е)летальді кезең

6. Тілменің сырқаттанушылығы көбінесе?

а)бірең сараң оқиғалар түрінде

в)бірнеше оқиғалар түрінде

с)жиі кездеседі

д)сирек кездеседі

е)мүлдем байқалмайды

7. Салдану кезеңінің ұзақтығы

a)1-3 кун

в)1 ай

с)6-8 кун

д)2-3 апта

е)3-5 тәулік

8. Тілменің біріншілік түрінің мерзімділігі?

а)көктем-күз

в)күз-қыс

с)көктем-жаз

д)жаз-күз

е)барлық мезгілде

9. Құтырмадан өлгеннен кейін гистологиялық әдіс нені анықтау үшін жүргізіледі?

a)тромбоцитті анықтау үшін в)стрептокиназаны анықтау

с)Василлукты анықтау д)Эхинококкоздарды анықтау үшін

е)Бабеш-Негри денешігін анықтау

10. Тілменің иммунитетті?

а)тұрақты

в)өте тұрақсыз

с)тұрақсыз

д)қалыпты

е)қалыпты емес

ІІІ-нұсқа

1. Зардап шегуші науқастың жарықтан қорқуы

a)аэрофобия

в)фотофобия с)гидрофобия д)акустикофобия е)қорқыныш

2. Тілменің жалпы асқынулары

а)инфекциялық-токсикалық шок, сепсис,тромбоэмболия

в)абсцесс, флегиона,флебрит,тромбофлебит

с)тромбоэмболия,флегиона

д)абсцесс,инфекциялық-токсикалық шок

е)флебит,тромбофлебит

3. Көп жағдайда құтырма ...аяқталады

a)сауығумен в)жартылай сауығумен

с)салданумен

д)өліммен

е)қорқынышпен

4. Тілме ауруының соңы

а)өлім

в)жазылу немесе өлім

с)жазылу,созылмалы рецидивті түріне өту,өлім

д)созылмалы рецидивті түріне өту,жазылу

е)жазылу

5. АХЖ-10 бойынша құтыру коды

a)А82.0

в)А82.9

с)А82

д)А82.1

е)А82.3

6. Тілменің жергілікті асқынулары?

а)инфекциялық-токсикалық шок, сепсис,тромбоэмболия

в)абсцесс, флегиона,флебрит,тромбофлебит

с)тромбоэмболия,флегиона

д)абсцесс,инфекциялық-токсикалық шок

е)флебит,тромбофлебит

7. Құтырма қоздырғышын 1880 жылы кім ашты

a)Л.Пастер

в)Ф.Эрисман

с)Г.Хлопин

д)В.Вернадский

е)Э.Зюсс

8. Тілме кезінде қанның жалпы анализінде қандай өзгерістер байқалады?

а)ЭТЖ-ның жоғарлауы байқалады

в)нейтрофильді лейкоцитоз

с)таяқшалардың көбеюі

д)нейтрофильді лейкоцитоз, таяқшалардың көбеюі,ЭТЖ жоғарлауы байқалады

е)ешқандай өзгерістер байқалмайды

9. Инфекция көзі ит, мысық арқылы жұғу

a)табиғи ошақтық

В)антропургиялық

с)контактілі

д)аэрогенді

е)алиментарлық

10. Тілменің жергілікті өзгерістердің таралуы бойынша:

а)локальды

в)таралған

с)миграциялық

д)метастазды

е)барлық жауап дұрыс

 

Жауаптар эталоны:

I - нұсқа II - нұсқа III - нұсқа
С С В
А С А
Д В Д
В Е С
Е А С
Е А В
С А А
В Д Д
В Е В
С В Е

7.Үй тапсырмасы.Өткен тақырыптарды қайталау.Эмтиханға дайындық.

Домашнее задание.

Қорытындылау парағы . Тілме. Құтырма.

Аты-жөні I - топ Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты бекіту Жалпы бағасы Қорытын-ды бағасы
Ойлан тап Тест Ситуациялық есептер    
Абдрашитов Тлеухан          
Бектұрғанова Толқын          
Жармұханбетов Ердәулет          
Бикенова Әлемгүл          
Аманбаева Жансая          

 

Аты-жөні II – топ Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты бекіту Жалпы бағасы Қорытын-ды бағасы
Ойлан тап Тест Ситуациялық есептер    
Айдынов Ерасыл          
Камзахан Гүлсая          
Әсенов Рүстем          
Маратова Айзада          
Шотбас Балжан          

 

Аты-жөні III - топ Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты бекіту Жалпы бағасы Қорытын-ды бағасы
Ойлан тап Тест Ситуациялық есептер    
Зейнедолданов Фархад          
Нұрғазы Айнұр          
Сәбитқызы Гүлім          
Нұрланова Ляззат          
Құсайн Кенже          

 

Аты-жөні IV - топ Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты бекіту Жалпы бағасы Қорытын-ды бағасы
Ойлан тап Тест Ситуациялық есептер    
Тұрсынғалиева Мөлдір          
Сәбитқызы Гүлім          
Мерсан Думан          
Советбекова Гульмира          
Каменер Дәурен          

 

Қорытындылау парағы

Аты-жөні I - топ Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты бекіту Жалпы бағасы Қорытынды бағасы
Ойлан тап Тес Ситуациялық есептер    
Абдрашитов Тлеухан          
Бектұрғанова Толқын          
Жармұханбетов Ердәулет          
Бикенова Әлемгүл          
Аманбаева Жансая          

Қорытындылау парағы

Аты-жөні II – топ Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты бекіту Жалпы бағасы Қорытынды бағасы
Ойлан тап Тест Ситуациялық есептер    
Айдынов Ерасыл          
Камзахан Гүлсая          
Әсенов Рүстем          
Маратова Айзада          
Шотбас Балжан          

 

 

Қорытындылау парағы

Аты-жөні III - топ Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты бекіту Жалпы бағасы Қорытынды бағасы
Ойлан тап Тест Ситуациялық есептер    
Зейнедолданов Фархад          
Нұрғазы Айнұр          
Сәбитқызы Гүлім          
Нұрланова Ляззат            
Құсайн Кенже          

 

Қорытындылау парағы

Аты-жөні IV - топ Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты бекіту Жалпы бағасы Қорытын-ды бағасы
Ойлан тап Тест Ситуациялық есептер    
Тұрсынғалиева Мөлдір          
Сәбитқызы Гүлім          
Мерсан Думан          
Советбекова Гульмира          
Каменер Дәурен          

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.