МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Электронды микросуретті диагностикалау.





МПД

ОҚТЕ әдісі бойынша гистология

пәніне арналған тәжірибелік нұсқау

 

 

1 КЕЗЕҢ

Жарық микроскоптың құрылысы. Микроскоптау техникасы.

Емтихан алушы үшін мәлімет: студенттің жарық микроскопты, микроскоптау техникасын толық түсіндіруін бағалау.

 

Қадамның бағалау шарттары Баллдық баға
«5» «4» «3» «2»
Студент жарық микроскоптың бөлімдерін дұрыс атады және көрсетті. Гистологиялық микропрепараттың кесіндісін микроскоптау техникасын дұрыс көрсетті. 3,6-4,0 3,0-3,52 2,0-2,96 1,9 -0
Студент гистологиялық микропрепаратты дұрыс анықтады. Гистологиялық микропрепараттың бояуын дұрыс анықтады. 3,6-4,0 3,0-3,52 2,0-2,96 1,9 -0
  Барлығы 8,0

 

Жоғарғы балл – 8,0

Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

№1 кадам.Жарық микроскоптың құрылысы.

Студенттердің сабақтарда қолданатын негізгі аспабы жарық микроскопы болып табылады. Ол объектінің үлкейген және керісінше кескінін көруге мүмкіндік береді.

 

  1. Сызба - жарық микроскоптың құрылысы. Микроскопта 3 жүйе болады - оптикалық, жарық беруші механикалық.

 

 

1. Оптикалық жүйенің құрамына объектив және окуляр кіреді. а) Объектив (1) – тубусқа (2) төменгі жағынан қондырылатын және объектіге тікелей бағытталған (аты осыдан шыққан) линзалар жүйесі болып табылады. объективтің әдеттегі үлкейтулері: х8, х20, х40 (құрғақ объективтер), х90 (иммерсиялық объектив). Соңғы объективті қолдану үшін препараттың жабынды шынысына тамызылған 1 тамшы май қарағайдың (иммерсиялық) майына объективті матырып, содан соң қарайды. б)Окуляр (3) тубусқа жоғарғы жағынан орнатылады. Қолданылатын окулярлардың үлкейту дәрежелері х7, х10, х15 в) микроскоптық қортынды үлкейтуі – объектив пен окулярдың үлкейту дәрежелерін көбейту көрсеткішіне тең болады, мысалы: 20 10 = 200 есе.
2. Жарық береу жүйесі - жарық көзі (4) айна (5) конденсор (6) диафрагма (7). а) жарық көзі (4) біріншіден микроскоп құрамына кіруі мүмкін, немесе микроскоптан тыс орналасуы мүмкін (мысалы, кәдімгі үстел лампасы).
3. Механикалық жүйе - тубус (2), штатив (8), бағана (9) және заттық үстел (10).

 

Микроскоппен қарау техникасы

1. Гистологиялық препаратты қарау, әуелі жарықты дұрыс тұрғылаудан басталады.

2. Препаратты заттық үстелге жабынды шынысын жоғары қаратып орналастырады.

3. Препаратты зерттеуді кіші үлкейтумен бастайды, бұл тұрғыда кіші үлкейту объективі линзасының фронталды беті мен препараттың жабынды шынысының арасындағы арақашықтық 1см маңайында болуы шарт.

4. Анық көріну дәрежесін макробұранда көмегімен келтіреді.

5. Объектіні кіші үлкейтумен зерттеп болған соң, препараттың үлкен ұлғайтумен зерттелуін қажет ететін учаскесін көру алаңының орталығына дәлдеп қояды.



6. Ауыспалы револьверін қондырғының көмегімен үлкен ұлғайту объективін (х40) қояды.

7. Анық көріну дәрежесін ендігі жағдайда, тек қана микробұранданы жартылай ғана, алға және артқа бұрау нәтижесінде іске асырады.

 

№ 2 кадам. Препарат № 1. Өсімдік жасушаның митозы.Темірлі гематоксилин бояуы

Препарат № 2. Сүтқоректілердің аналық жасушасы. Гематоксилин - эозин бояуы

Препарат № 3. Сперматозоид. Гематоксилин бояуы.

Препарат № 4. Адамның бала жолдасы. Гематоксилин - эозин бояуы

Препарат № 5. Көздің қасаң қабығының эпителийі. Гематоксилин - эозин бояуы.

Препарат № 6. Саусақ терісінің эпителиі. Гематоксилин - эозин бояуы.

Препарат № 7. Бүйрек каналдарының эпителиі. Гематоксилин - эозин бояуы.

Препарат № 8. Адам қанының жағындысы. Романовский-Гимза әдісімен боялған.

Препарат № 9. Борпылдақ дәнекер тіні.Темірлі гематоксилин бояуы.

Препарат №10. Гиалинді шеміршек. Гематоксилин - эозин бояуы.

Препарат № 11. Көлденең кесіндідегі түтікшелі сүйектің диафизі. Шморль әдісімен

боялған.

Препарат № 12. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті. Тіл кесіндісі.

Темірлі гематоксилин бояуы.

Препарат № 13. Тегіс бұлшықет ұлпасы. Гематоксилин - эозин бояуы.

Препарат № 14. Жұлынның жүйке жасушасындағы базофилді заты. Ниссель бояуы.

Препарат № 15. Миелинді нерв талшығы Осми қышқылымен импрегнациялау

 

2 КЕЗЕҢ

Гистологиялық микропрепаратты диагностикалау.

Емтихан алушы үшін мәлімет: гистологиялық микропрепараттың диагностикасын жасай білуін бағалау, жарық микроскоппен жасушалардың ядро және цитоплазмасын жасушаларын анықтау, микропрепараттардағы жасушалық және жасушасыз тіннің құрылымдарын анықтай алуын бағалау.

 

Қадамның бағалау шарттары Баллдық баға
«5» «4» «3» «2»
Микропрепараттың тинкториалды ерекшеліктеріне толық жауап берді. 2,7-3,0 2,25-2,67 1,5-2,22 1,4-0
Гистологиялық микропрепараттың құрылымдық қызметін толық анықтады. 2,7-3,0 2,25-2,67 1,5-2,22 1,4-0
  Барлығы 6,0

 

Жоғарғы балл – 6,0

Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

№1 кадам. Өсімдік жасушаның митозы (пияз түбіртегінің кесіндісі).

Препаратта митоздың 4 фазасын - профаза, метафаза, анафаза және телофазаны айыруға болады.

 

I. Профаза

 

Темірлі гематоксилин бояуы. Профазада мынандай құбылыстар өтеді: хромосом конденсациясы - әр хромосом центриолармен (1) байланысқан 2 хроматидтен аналық тұрады. ядрошықтың жоғалуы. митотикалық ұршықтың түзілуі –микротүтікшеден тұратын биполярлы құрылым. ядролық қабықтың майда фрагменттерге бөлінуі.  

 

II. Метафаза

(алғашқы метафаза) (соңғы метафаза) Жасушада ядролық қабық болмайды. Центриолдер жасушадағы полюстеріне жылжиды. Барлық хромосомалар ортасына қарай жылжып центромерлермен экваторлық жазықта орналасады. Олардың қырынан қарағандағы көрінісі-метафазалық пластинка, полюстерінен - аналық жұлдыз деп аталады.  

III. Анафаза

Анафаза - ең қысқа стадия. 1. а) Хроматидтер өзара байланыстарын жоғалтады және жасуша полюстеріне тарай бастайды. б) олардың орналасуы: центромерлі бөлімшелердің – полюстеріне қарай сәйкес болады, ал теломерлі (соңғыларында) – жасуша экваторында орналасады.  

 

IV. Телофаза

(алғашқы телофаза) (соңғы телофаза) 1.Таралған хромосомдардың құрамы, диплосомға жақындағанда, тоқтайды.   2. Оның жан-жағынан ядролық қабықша құралады   3. а) Хромосомдар жайлап деконденсацияланады;   б) ядрода ядрошықтар пайда болады     4. Плазмолеммалардың жасуша ішілік тартылысының құралу жолымен ядролар арасында дене жасушасының бөлінуі пайда болады (цитотомия)     Қортындысында екі қыздық жасуша пайда болады  

 

№2 кадам.Қызметі – соматикалық жасуша түзу.

 

№ 2 препарат.

№1 қадам. Сүтқоректілердің аналық жасушасы.

Толық өлшем Аналық жасушасы. Гематоксилин - эозин бояуы. Овоцитті қоршап орналасқан фоликулляры (5) жасушалар сәулелі тәж құрайды. Овоцитпен сәулелі тәж арасында жақсы көрінетін мөлдір қабық (4) орналасады. Овоцит цитоплазмасында ядро (2), оның ішінде ядрошықтар (2) және сарыуыз (3) қосындылары болады. Перифериясында кортикальді түйіршіктер орналасқан.

 

№2 кадам.Қызметі – ұрықтануға қатысады.

№ 3 препарат.

№1 қадам. Сперматозоид

Толық өлшем 1. Сперматозоид. Гематоксилин бояуы. Суретте сперматозоидтың негізгі компоненттері көрінеді: басы (1) және құйрығы (2), Басы ядро мен акросомадан (3) тұрады.

 

 

Толық өлшем   Адам сперматозоидының суреті. Мойнында центриоль (4,5) орналасады. Аралық бөлімі митохондриялармен толтырылған митохон-дриалды спираль (6) құрайды. Аралық бөлімнің өзекті бөлігінде микротүтікшелер 9+2 типті құрылым құрайды. Құйрық жағында тығыз фибриллдер электронды тығыз материалдан тұратын фибриллярлы футлярмен (8) қапталған. Аксонеманың (7) сыртында, электронды тығыз материалдан тұратын 9 тығыз фибрилл орналасады. Фибрилл мойыннан басталып, дене арқылы өшіп, құйрықтың ортасында бітеді.

 

№ 2 қадам. Қызметі – ұрықтануға қатысады.

№ 4 препарат.

№ 1 қадам. Адамның бала жолдасы.

 

  Толық өлшем Адамның бала жолдасы. Бояуы – гематоксилин - эозин.   Плацентаның ұрықтық бөлімі сыртынан бір қабатты призмалық эпителимен (1) және амниотикалық (2) қабықпен жабылған. Эпителий астында ірі тамырлары бар хориалды (3) табақша жатады. Одан ары трофобластпен жабылған хориальды мезодерма және хорион тамырлары болады. Өсінділері (4) аналық қанмен толған лакунада (5) жатады.  

 

№ 2 қадам. Қызметі – трофикалық, шығару, эндокринді.

 

 

№ 5 препарат.

№ 1 қадам. Көпқабатты жазық қабыршақталмайтын эпителий. Көздің қасаң қабығы.

 

Толық өлшем 5,а. Көздің қасаң қабығы. Гематоксилин - эозин бояуы. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда қасаң қабықтар дәнекер ұлпаның (2) негізін ажыратуға болады. Бір жағынан оны көпқабатты жазық эпителий (1) жапқан. Эпителиалды пластың әртүрлі қабатында жасушалар әртүрлі пішінді болады.     Базалды қабат (1)- базалды мембранада (А) жататын аласа цилиндрлі жасуша қабатынан тұрады. Тікенекті қабат (2) – цитоплазмалық өсінділері бар жасушалардан тұрады, базалды қабаттың үстінде жатады. Эпителий беткейі жазық жасуша (3) қабатынан тұрады.    

№ 2 қадам. Қызметі – қорғаныс.

№ 6 препарат.

№ 1 қадам. Саусақтың көп қабатты жазық қабыршақтанатын эпителиі.

толық өлшем 6,а. Көп қабатты жазық мүйізденуші эпителии Гематоксилин - эозин бояуы. 1. Эпителидің бұл түріне тері эпидермисі жатады. 2. Ол бес қабаттан тұрады. І. Базальды қабат (1) II. Тікенекті қабат (2). ІІІ. Дәнді қабат (3). IV. Жылтыр қабат (4). V. Мүйізді қабат (5).  

 

 

№ 2 қадам. Қызметі – қорғаныс

№ 7 препарат.

№ 1 қадам. Бүйрек каналдарының бірқабатты куб тәрізді эпителиі.

толық өлшем Бүйрек каналдарының бірқабатты куб тәрізді эпителиі. Бояуы – гематоксилин - эозин.   1. Бүйректің көлденең кесіндісінен жасушаның куб тәрізді эпителиін көруге болады. Олардың барлығы айналасындағы базальды мембранамен тікелей қатынаста болады. Жасушаның апикальды беті каналшық қуысына (1) бағытталған. Базальды мембрана сыртын құрамында қан тамырлары бар дәнекер ұлпасы орналасқан. 2. Жасушалардың цитоплазмасы (2) эозинмен ашық қызыл (розовый) түске боялады. домалақ ядролары (3) – гематоксилинмен күңгірт түске (фиолетовый) боялады.

 

№2 қадам. Қызметі – біріншілік несептің қайта сорылуына (реабсорбция) қатысады.

 

№ 8 препарат.

№ 1 қадам. Адам қанының жағындысы.

 

Толық өлшем 8. Адам қанының жағындысы. Романовский-Гимза әдісімен боялған.   Эритроцит – құрамында сілтілік ақуыздың (Нв) көптігінен жасуша қызғылт түске боялған (эозинофилия) жасушаның орталық бөлігінің әлсіз боялуы эритроциттің пішініне байланысты.  

№2 қадам. Қызметтері – газ алмастыру.

№ 9 препарат.

№ 1 қадам.Борпылдақ дәнекер ұлпасы.

толық өлшем 9. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы. Темірлі гематоксилин бояуы. Препаратта көрінеді: екі түрлі жасуша - фибробласттар (1) және макрофагтар (2), екі түрлі талшықтар - коллагенді(3) және эластикалық (4), олардың арасында орналасқан матрикс(5)  

 

№ 2 қадам. Қызметі – тіректік, метаболизм, қорғаныс.

№ 10 препарат.

№ 1 қадам. Гиалинді шеміршек.

толық өлшем 10. Кеңірдектің гиалинді шеміршек ұлпасы. Гематоксилин - эозин бояуы. Препаратта кеңірдектің барлық қабаттары көрінеді сонымен қатарфиброзды – шеміршек қабықшасы (1) ол оксифилді шеміршек үстімен қапталған (2А; 2Б). фиброзды – шеміршек қабықшасын гиалинді шеміршекнегізін құрайды.

 

 

2. а) гиалинді шеміршекте көп мөлшерде хондроциттер (3) кездеседі - б) Олар күңгір-ашық қызыл (фиолетово-розовый) түске боялатын жасуша аралық затта (4) орналасады.

 

 

№ 2 қадам. Қызметі – пішін түзуші, сүйек сынғанда-сүйек ұлпасының түзілетін орны.

№ 11 препарат.

№ 1 қадам.Көлденең кесіндідегі түтікшелі сүйектің диафизі.

 

толық өлшем 11. Көлденең кесіндідегі түтікшелі сүйектің диафизі. Шморль әдісімен боялған. Осы көру орталығында – сыртқы жалпы пластинкалар (1): олар сүйек үстінің астында (2) жатады сүйекті қоршайды.  

 

№2 қадам. Қызметі: тіректік

 

№ 12 препарат.

№ 1 қадам. Қаңқа бұлшықеті. Тіл кесіндісі.

 

толық өлшем 12. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті. Тіл кесіндісі.Темірлі гематоксилин бояуы.   Көлденең талшықтарда көрінеді Ұзына бой кесінділері және ядролары (1) цитоплазманың шетінде орналасады.  

 

№2 қадам. Қызметі – жиырылу.

 

 

№ 13 препарат.

№ 1 қадам. Тегіс бұлшықет ұлпасы.

толық өлшем 13. Тегіс бұлшықет ұлпасы. Гематоксилин - эозин бояуы.   1. Тегіс миоциттердің бумаларының ұзына бой кесінділері (1) және көлденең жолақты (2) кесінділері көрінеді.   2.а) соңғысында көлденең жолақтылары көрінбейді б) Ядролары (3) ортасында орналасады  

 

№2 қадам. Қызметі – жиырылу.

 

№ 14 препарат.

№ 1 қадам. Жұлынның жүйке жасушасындағы базофилді заты.

толық өлшем 14. Жұлынның жүйке жасушасындағы базофилді заты. Ниссель бояуы. 1. а) Базофилді зат(немесехроматофилді субстанциясы) әр түрлі мөлшердегі дән сияқты көрінеді. б) Ол денеде (1) және дендриттерде (2) орналасады, бірақ, аксондаанықталмайды.

 

 

№2 қадам. Қызметі – ақуыз синтезі.

№ 15 препарат.

№ 1 қадам. Миелинді нерв талшығы

 

толық өлшем 15. Миелинді нерв талшығы Осми қышқылымен импрегнациялау.   Бұл препаратта өзекті цилиндр (1), миелинді қабық (2) және басқа да құрылымдар көрінеді. Миелин қабатының айналасында ашықтау түсті сыртқы қабат – нейролемма орналасқан. Ранвье перехваттары миелин қабығындағы үзілістер сияқты көрінеді.

 

№2 қадам. Қызметі – нерв импульсын өткізу.

 

3 КЕЗЕҢ

Электронды микросуретті диагностикалау.

Емтихан алушы үшін мәлімет: студенттің электронды микросуретті білуін, әртүрлі жасушалы және жасушасыз құрылымдарды ажырата алуын, электронды микросуреттерді жасушалардың жалпы және арнайы органеллаларды анықтай білуін, мүшедегі тін элементтерінің дұрыс аталуын бағалау.

 

Қадамның бағалау шарттары Баллдық баға
«5» «4» «3» «2»
Электронды микросуретте гистологиялық құрылымдарды дұрыс анықтады.. 1,8-2,0 1,5-1,76 1,0-1,48 0,9-0
Жасушалардың жалпы және арнайы органеллаларын тапты, тіндік құрылымдарды анықтады. Электронды микросуретте гистологиялық құрылымды дұрыс анықтады. 1,8-2,0 1,5-1,76 1,0-1,48 0,9-0
Жасушалардың жалпы және арнайы органеллаларын тапты, тіндік құрылымдарды анықтады. 1,8-2,0 1,5-1,76 1,0-1,48 0,9-0
  Барлығы 6,0

 

Жоғарғы балл - 6,0

Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

№1 қадам -микросуреттің аталуы: Биологиялық мембрана (А) мен жасуша қабығының (Б) құрылысы

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-липид молекуласы; 2-билипид қабаты; 3-интегральды белоктар; 4-шеткі белоктар; 5-жартылай интегральды белоктар; 6-гликокаликс; 7-мембрана асты қабаты; 8-актинді микрофиламенттер; 9-микротүтікшелер; 10-аралық филаменттер; 11-гликопротеиндер мен гликолипидтердегі көмірсулардың молекулалары.

 

№ 3 қадам– қызметі: тосқауыл

№1 қадам -микросуреттің аталуы: Гольджи кешені.

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1- гамма цитомембрана; 2-вакуольдер;

3-көпіршіктер.

№ 3 қадам– қызметі: секреторлы заттың синтезі

 

 

№1 қадам -микросуреттің аталуы: Митоздағы жасушаның метафаза кезеңі.

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-центриольдер; 2-ахроматин заты

(микротүтікшелер); 3-хромосомалар.

 

№ 3 қадам– қызметі: соматикалық жасушаларды түзу

 

№1 қадам -микросуреттің аталуы: Аналық жыныс клеткасының құрылысы.

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-ядро; 2- цитолемма; 3-фолликулярлы эпителий; 4-сәулелі тәж; 5-кортикальды гранулалар; 6-сарыуыз қосындылары; 7-мөлдір аймақ (зона); 8-Zp3-N-ацетилглюкозамин фракциясындағы рецептор.

№ 3 қадам– қызметі: ұрықтануға қатысу.

№1 қадам -микросуреттің аталуы: Электронды- микроскопиялық зерттеулерге сәйкес адам сперматозоидының құрылысының үлгісі.

 

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: А. Басы, мойны, ортаңғы бөлігі мен құйрығының жоғарғы бөлігінің көлденең кесіндісі; 1-басының қапшықшасы; 2-вакуоль; 3-ядролық құрылым; 4-центриоль; 5-митохондриялар; 6-терминальды (соңғы) сақина; 7-біліктілік филаменттер; 8-қабық;

Б. Мойны және ортаңғы бөлігі жағынан қарағандағы созылыңқы келген басы; 9-бас қапшығының жиегі; 10-митохондрия иірімі;

В. Құйрықтың терминальды бөлігі мен соңғы бөлігі (Б мен В аралығында үлгіде көрсетілмеген бөлік орналасады).

Г-Е. Сперматозоидтың ортаңғы бөлігі мен құйрығы арқылы өткен көлденең кесінді үлкейтіліп көрсетілген (кесіндінің деңгейі бағыттағыштармен көрсетілген)

№ 3 қадам– қызметі: ұрықтануға қатысу.

№1 қадам -микросуреттің аталуы: Көп қатарлы кірпікшелі эпителий (кеңірдек).

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-кірпікшелі эпителиоцит (а-кірпікшелер); 2-бокал тәрізді экзокриноцит (б-кілегейлі секрет); 3-қыстырма эпителиоцит.

№ 3 қадам– қызметі: қорғаныстық.

№1 қадам -микросуреттің аталуы:Жасушаның кірпікшелері.

 

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-клетка қабығы (цитолемма); 2-кірпікшенің цитоплазмасы; 3-шеткі қос микрофибриллалар; 4-орталық қос микрофибриллалар; 5-базальды денешік (кинетосома); 6-клетканың дистальды бөлімінің цитоплазмасы.

№ 3 қадам– қызметі: қорғаныстық.

№1 қадам -микросуреттің аталуы:Эпителидің ішіндегі безді жасуша

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-бокал тәрізді экзокриноцит; 2-ядро; 3-кілегейлі секрет; 4-микробүрлі эпителиоцит; 5-Гольджи кешені; 6-микробүрлер.

№ 3 қадам– қызметі: шырыш түзу.

 

№ 1 қадам -микросуреттің аталуы:Бастапқы промиелоцит

 

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-ядро; 2-ядрошық; 3-Гольджи кешені; 4-түйіршікті эндоплазмалық тор; 5-митохондриялар (ұсақ, әрі тығыз).

 

№ 3 қадам– қызметі: лейкоциттің бастапқы пішіні.

 

 

№ 1 қадам -микросуреттің аталуы:Мұрын пердесіндегі гиалинді шеміршек құрамындағы хондроциттердің изогенді тобы.

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-хондроциттер; 2- жасуша аралық матрикс.

 

№ 3 қадам– қызметі: шеміршектің матриксін түзу

 

 

№ 1 қадам -микросуреттің аталуы: Гиалинді шеміршек матриксіндегі жасушалар мен талшықтар

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: А-коллаген талшықтары. Б-шеміршек лакунасындағы хондроцит. (СЭМ)

 

№ 3 қадам– қызметі: пішін түзуші.

 

№ 1 қадам -микросуреттің аталуы: Талшықты дәнекер тінінің макрофагы.

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-микробүрлер; 2-лизосомалар; 3-фаголизосомалар; 4-митохондриялар; 5-эндоплазмалық тор; 6-ядро

 

№ 3 қадам– қызметі: фагоцитоз.

№ 1 қадам -микросуреттің аталуы: Саркомер.

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-көлденең жолақты миофибриллалардың бөлігі; 2-жуан (миозин) миопротофибриллалары; 3- жіңішке (актин) миопротофибриллалар, екі түрлі жіпшелердің аралығындағы көлденең байланыстар; 4-Т жолағы (телофрагма); 5-И дискісінің бөлігі; 6-М жолағы (мезофрагма); 7-А дискі; 8-саркомер.

№ 3 қадам– қызметі: бұлшықет талшықтарының құрылымдық функционалды бірлігі

 

 

№ 1 қадам -микросуреттің аталуы: Көлденең жолақты бұлшықет талшығы.

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: Көлденең жолақты миофибриллаларда орналасқан жіңішке (актин) және жуан (миозин) миопротофибриллалар; І-бойлық кесінді; ІІ-көлденең кесінді; И-изотропты дискілер; А-анизотропты дискілер; М-мезофрагма; Т-телофрагма; Н-ашық жолақ; 1-жуан (миозин) миопротофибриллалар; 2-жіңішке (актин) миопротофибриллалар.

№ 3 қадам– қызметі: қысқарту.

№ 1 қадам -микросуреттің аталуы:Нейроциттердің морфологиялық жіктелуі.

 

 

№ 2 қадам -микросуреттің сипаттамасы: 1-биполярлы (екі өсінділі);

2-псевдоуниполярлы (жалған бір өсінділі); 3-мультиполярлы (көп өсінділі); 4-дөңгелек; 5-ұршық тәрізді; 6-жұлдыз тәрізді; 7-пирамида тәрізді; 8-алмұрт пішіндес: а-дендрит; б-аксон.

 

№ 3 қадам– қызметі: нерв импульсін өткізу.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.