МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Гепатит А вирусы. Риновирустар. Аусыл вирусы.





1.Гепатит А вирусы.

Гепатит А –фекальды-оральды жолмен берілетін, бауыр жасушалары зақымданып, морфологиялық бұзылыстар туындап, жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вирусты ауру. Алғашқы рет бұл кеселдің жұқпалы екендігі туралы мәліметті Боткин баяндаған, сондықтан оны “Боткин ауруы” деп атайды. Бауры зақымдануы нәтижесінде дене сарғвюы болғандықтан, тұрғындар арасында бұл індетті “сары ауру” дейді. Гепатит А вирусын 1973ж Фейнстон ашқан.

Вирионы сфера пішінді, мөлшері 25-27 нм, өте ұсақ вирустар тобына жатады. Геномы сегменттелген +РНҚ молекуласынан тұрады. Суперкапсиді жоқ.

Инфекция көзі- айқын немесе симптомсыз түрімен ауырған адамдар. Жұғу механизмі – фекальды-оральды, яғни ластанған тағамдар, су, тұрмыстық заттар, қол, ойыншықтар арқылы жұғады. Аурудың инкубациялық кезеңі 15тен-50күнге дейін, көбінесе 1 ай шамасында болады. Кесел жылдам басталады, температурасы көтеріледі, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады. Кеселдің 5-7 күндері дене сарғаюы байқалуы мүмкін. Ауру көбінесе жеңіл түрде, асқынуларсыз өтеді, 5 жасқа дейінгі балаларда симптомсыз түрде кездеседі. Ауру 2-3 аптаға созылады, асқынулар байқалмайды.

Ауырып тұрғаннан кейін өмірбақилық иммунитет байқалады.

2.Риновирустар.

Риновирустар – жоғарғы тыныс алу жолдарында катаральды қабыну симптомдарымен сипатталатын жедел респираторлы аурулар (ЖРВИ) қоздыратын РНҚ-құрамды вирустар. Алғашқы рет вирус 1960ж жедел ринитпен ауырған науқастан бөлініп алынған.

Вириондары сфера пішінді, симметриясы куб типтес, диаметрі -20-30нм. Олар энтеровирустарға ұқсас, бірақ айырмашылығы сол – риновирустар қышқыл ортада жұқпалылығын жоғалтып алады. Төменгі температурада жақсы сақталады.

Негізгі берілу жолы – ауалы-тамшылы. Инфекция көзі – ауру адам. Риновирустар барлық жерде кездеседі және кең таралған. Олар суық тиюден туындаған аурулардың басты себепкері болып табылады.

Вирус организмге мұрынның, ауыз қуысының, коньюктиваның, бронхының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерлердің эпителиялық жасушаларында шоғырланады. Инкубациялық кезеңі-2-5 тәулік, содан соң жалпы ЖРВИ-ға тән ауру белгілері, яғни, мұрын бітелуі (ринит), бронхит және бронхопневмония дамиды.

3.Аусыл вирусы.

1898 жылы Ф. Леффлер және П. Форш ашқан, бұл вирус адамдардан табылған. Ең алғашқы патогенді вирустың қатарына жатады. Аурудың клиникалық көріністерін алғашқы рет Норвегия дәрігері Сагар сипаттаған.

 Сфера пішінді

 Өте ұсақ вирустар

 Жасуша дақылдарында өсіп-өндіріледі

 Кейбір азық-түліктерде 2-3 айға дейін сақталады (сары майда, тоң майда), өлген жануарлардың сүйек кемігінде, қан ұйығында сақталады

 Бір-неше апта бойы сыртқы орта нысандарында ауру туғызу қабілеттілігін жоймайды

Эпидемиологиясы:

 Аусыл-зоонозды инфекция, дегенмен адамдар да ауырады



 Инфекция көзі – ауру малдар, вирус олардың сүтімен, сілекеймен, несебімен сыртқы ортаға бөлініп шығады

 Ауру малдардың ауызындағы, ерініндегі жара көпіршіктері өте қауіпті

 Жасырын кезеңі – 2-18 тәулік

 1-1,5 жылға типтік- спецификалық иммунитет пайда болады

Микробиологиялық диагноз қою:

- Вирусты бөліп алу (индикациялау)

- Жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ)

- Емізік жастағы тышқандарға (миына) жұқтыру (өлім туғызады)

- Теңіз шошқасының табан терісіне жұқтыру (24-48 сағаттан бөртпелер пайда болады)

- Идентификациялау (серотиптерін анықтау) –БР (бейтараптау реакциясы), КБР (комплемент байланыстырушы реакция)

- Серологиялық диагноз қою – БР, КБР, ГАР (гемагглютинациялық реакция), ИФТ (иммунды-ферментті талдау реакциясы)

- Жедел диагноз қою – ИФР (иммунды-флюоресценттік реакция).

74.Тогавирустар. Альфавирустар. Қызамық вирусы.

1.Тогавирустар.

Тогавирустар (лат. toga – плащ – жамылғы) – буынаяқтылар арқылы жұғатын, адамдарда жүйелі дене қызбасын және вирустық энцефалиттер қоздыратын арбовирустардың (arthropod borne – буынаяқтылармен берілетін) бір тобына жатады.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Togaviridae

Туыстастықтары :

1. Alphavirus (Синдбис вирусы)

2. Rubivirus (Қызамық вирусы).

Вирионның диаметрі 40—70 нм,

 пішіні шар тәріздес,

 липопротеид қабыкка оралған нуклеокапсиды бар.

 Бір тізбекті шұбырынды РНҚ-лы,

 инфекция туғыза алады,

 молекулалық салмағы 4 000 000.

2.Альфавирустар.

Құрылымы күрделі, мөлшері бойынша гетерогенді липидті сыртқы қабаты (суперкапсиді) бар, симметриясы куб типті. Вирустың сыртқы құрамында гамагглютинині болады, гликопротеинді тікенекщелермен қоршалған. Вириондары сфера пішінді, диметрі 45-47 нм. Біржіпщелі (+) РНҚ молекуаласынан тұратын геномы симметриясы куб типтес.

Вирустар буынаяқтылардың тіндері мен ағзаларында, соның ішінде сілекей бездерінде көбейеді. Адамдардың немесе жануарлардың қанын сорған кезде вирус қанға түсіп, ішкі ағзаларға тарайды. Альфавирустар және де дене қызбасы дамитын әртүрлә аурулар, тері беткейлерінде бөртпелер қоздыруы мүмкін, кейде артриттер, қан кету туғызуы ықтимал.

Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Емдеуі. Антивирустық препараттар – рибавирин, интерферон, реаферон т.б. қолданылады.

3.Қызамық вирусы.

Қызамық (латынша: rubrum-қызыл) – қысқа мерзімді дене қызбасымен, майда-дақты экзантемамен, генерализацияланған аденоапатиямен және жүктә әйелдерде ұрықтың зақымдануымен сипатталатын вирустық жедел жұқпалы ауру.

Жетілген вириондары сфера пішінді, диаметрі 60-70нм.

Инфекция көзі-клиникалық белгілері айқын немесе симптомсыз жұқтырған адамдар. Вирус ауалы-тамшылы, транспланцентарлы (анасынан ұрыққа) жолмен, және де инфицирленген заттармен жанасқанда жұғады. Қызамықпен негізінде 1ден-7жасқа дейінгі балалар ауырады, ересектер сирек ауырады.

Вирус жұққаннан кейін мойын, желке және құлақ бездерінің артқы лимфатүйіндерінің жасушларына енеді; сол жерде вирустың біріншілік репродукциялануы басталады. Бездер үлкейе бастайды және пальпациялау(ұстап-көру) кезінде ауырсыну басталады. Сонан соң вирус лимфаға, қанға өтеді де вирусемия тоқтайды.

Ауру дене қызбасының дамуымен, бөртпе шығуымен, жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануымен, буындарының және бұлшықеттерінің ауыруымен басталады.

Тыныс алу жолдары зақымданғанда жасырын кезеңі 11-23 күнге созылады. Аураға тән сипатты белгілері: ашық алқызыл түсті дақты-папулалы бөртпелер шығу. Бөртпе шығудың алдында лимфа түйіндері үлкейеді. Асқынулар сирек болады. Ең ауыр асқынуларға-қызамықтық энцефалиттер және энцефаломиелиттер жатады. Зақымдану ауыр түрде өтіп, 20-25% жағдайларда өліммен аяқталады.

Емдеуі-симптоматикалық.

Вакцина егілгеннен кейін иммунитет 20жыл бойы сақталады.

75. Флавивирустар, олардың сипаттамасы, түрлері.

РНҚ- вирустары:

1 — парамиксовирустар;

2 — тұмау вирусы;

3 — коронавирустар;

4 — аренавирустар;

5 — ретровирустар;

6 — реовирустар;

7 — пикорнавирустар;

8 — капицивирустар;

9 — рабдовирустар;

10 — тогавирустар, флавивирустар;

11 — буньявирустар

РНҚ- вирустар

ДНҚ болмайды;

Генетикалық ақпарат РНҚ кодталған.

Флавивирустар (лат.: flavus – сары) – негізінде трансмиссивті жолмен берілетін, табиғи-ошақты инфекциялар және парэнтеральды гепатиттер қоздыратын, РНҚ-құрамды вирустар.

Флавивирустартуыстастығына жататын вирустар тобы табиғи-ошақты инфекциялар қоздырады. Адамдарда қоздыратын патологиялық процесс жүйелі және геморрагиялық қызбалар, энцефалиттер, және де қызбалар мен энцефалиттер қатар дамитын инфекциялар түрінде байқалады.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Flaviviridae

Туыстастықтары: Flavivirus (сары қызба вирусы)

Pestivirus (бұзау диареясының вирусы)

Hepacivirus (гепатит С, G вирустары)

Құрылымы. Вириондары сфера пішінді, диаметрі 37-50 нм. Капсиді куб симметриялы, сыртқы жағын гликопротеинді тікенекшелерден (ұзындығы шамамен 10 нм) тұратын суперкапсид жауып тұрады. Геномы–біржіпшелі плюс РНҚ-молекулаларынан құралған.

Флавивирустардың репродукциялануыжасушалардың цитоплазмасында жүреді. Фосфолипидті немесе гликолипидті рецепторларымен жасушаға адсорбцияланады. Вирус жасушалық вакуольге рецепторлық эндоцитоз жолымен енеді де, сыртқы қабатынан (суперкапсидінен) босанады.

Инфицирленген жасушада тек қана седиментациялық коэффициенті 45 S геномдық РНҚ табылған. Вириондық РНҚ-ң репликациясы жасушаның ядролық қабықшасында іске асады. Вирустық ақуыздар синтезделіп, РНҚ репликацияланғаннан кейін жетілген вириондардың қалыптасуы басталады. Вириондардың сыртқа шығуы альфавирустар кезіндегідей емес, жасушаның модифицирленген мембранасының эндоплазмалық ретикулимі (эндоплазматикалық торша) арқылы атқарылады. Жасушалар бұл кезде ұзақ уақыт бойы тіршілік қабілетін сақтайды. Альфавирустарға қарағанда флавивирустардың цитопатогенділік белсенділігі әлсіз болады. Репродукциялану циклы – 20 сағаттан асады.

Антигендері.Нуклеокапсид құрамында топтық-спецификалық қасиетімен сипатталатын бір антигені бар. Сыртқы қабатындағы тікенекше тәріздес гликопротеинді өсінділер гемагглютинациялаушы қасиетке ие. Сыртқы ақуыздар типтік-спецификалық антиген болып табылады.

Дақылдандыру.Флавивирустарды өсіп-өндіріп көбейту үшін келесі әдістер қолданылады: тауық эмбрионына жұқтыру; біріншілік және ауыспалы жасуша дақылдарына жұқтыру (айқындығы әлсіз ЦПӘ, таңдақ-дақтар пайда болу); жаңа туылған және де 3-4 апталық ақ тышқандардың бас миының ішіне жұқтыру (сал болу туғызады).

Резистенттілігі.Флавивирустар эфирдің, детергенттердің және формалиннің әсеріне сезімтал. Сыртқы ортаның физикалық, химиялық факторларына төзімділігі альфавирустар сияқты. Бірақ, альфавирустар протеазаның әсерінен белсенділігін жояды, ал флавивирустар керісінше – оған төзімді. Флавивирустардың бөлмелік температураға төзімділігі тұрақты емес, ал - 70°С-та ұзақ сақталады.

Эпидемиологиясы.Флавивирустар жылы және қоңыржай климатты өңірлерде жиірек бөлініп алынады. Флавивирустар қоздыратын инфекцияларға маусымдылық тән, ол тасымалдаушы жәндіктердің белсенділік кезеңімен байланысты. Табиғи резервуары және негізгі иелері – кенелер, масалар. Себебі – олардың арасында вирус трансовариальды жолмен ұрпақтарына беріліп отырады. Сондықтан ұзақ мерзімді вирусемия дамитындықтан көптеген тасымалдаушыларды вируспен жұқтыруды қамтамасыз етіп, омыртқалылар эндемиялық ошақтарда вирус циркуляциясын қолдап отыруда маңызды рөл атқарады. Кейбір вирустар (мысалы, кенелік энцефалит вирусы) трансовариальды немесе алиментарлы (инфицирленген ешкі сүтімен), жанасу және аэрогенді жолдармен де берілуі ықтимал.

Патогенезі, клиникалық көріністері.Вирустың алғашқы репродукциялануы макрофагтарда, гистиоциттерде, тіптен региональды лимфа түйіндерінде де іске асырылады. Содан кейін вирус қанға түседі, ішкі ағзаларға, бас мидың нерв жасушаларына тарайды, сол жерлерде олардың репродукциялануы әрі қарай жүреді.

Ауру, әдетте, бірден басталады, ол қоздырғыштың қанға түсуімен сәйкес келеді. Бас ауыруы, миалгия, буындарының сыздауы, лоқсу, майданүктелі бөртпе шығуы және лимфа түйіндерінің ісінуімен сипатталатын дене қызбасы ауруға тән клиникалық белгілер болып табылады. Тамырлардың бұзылыстарға ұшырауына байланысты дене қызбасы геморрагиялық симптомдармен асқынуы мүмкін. Шырышты қабаттарда қан кету, геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Қызба екі толқынды ағымда өтуі ықтимал: қысқаша ремиссиядан кейін дене қызбасы және жаңа симптомдар (дене сарғаюы, менингиальды симптомдар, энцефалит, миелит) пайда болады, ол әртүрлі ағзалардың зақымданғанын көрсетеді.

Иммунитеті.Ауырып тұрғаннан кейін гуморальдық, көбінесе типтік-спецификалық кернеулі иммунитет қалыптасады. Бұл кезде баяу типті аллергия дамиды. Бір қатар жағдайларда иммундық кешендер пайда болуы байқалады.

Микробиологиялық диагноз қою.Зерттеуге алынатын заттар: қан, ликвор, несеп, секциялық материал. Вирустарды бөліп алу (индикациялау) – тауық эмбрионына, жасуша дақылдарына және ақ тышқандарға жұқтыру тәсілдерімен атқарылады. Идентификациялау – ГАТР, БР, ИФР. Серологиялық диагноз қою – ГАТР, КБР, ИФР, ИФТ, ПТР. Жедел диагноз қою – ЖГАР, ИФТ.

Емдеуі.Симптоматикалық емдеу шаралары және арнайы препараттар (рибавирин, интерферон, неаферон, рибонуклеаза) қолданылады.

Алдын алуы.Жүре пайда болатын жасанды иммунитет жедел алдын алу және емдеу үшін гетерогенді және гомологиялық иммундыглобулиндер қолданады. Спецификалық профилактикасы (вакцина егу) эндемиялық аймақтарда және арнайы көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

76. Коронавирустар және реовирустар.

РНҚ- вирустары:

1 — парамиксовирустар;

2 — тұмау вирусы;

3 — коронавирустар;

4 — аренавирустар;

5 — ретровирустар;

6 — реовирустар;

7 — пикорнавирустар;

8 — капицивирустар;

9 — рабдовирустар;

10 — тогавирустар, флавивирустар;

11 — буньявирустар

РНҚ- вирустар

ДНҚ болмайды;

Генетикалық ақпарат РНҚ кодталған.

Коронавирустар - адамдар мен жануарларда жедел респираторлы аурулар және гастроэнтериттер қоздыратын РНК-геномды вирустар. Вирус 1965 ж жедел ринитпен ауырған науқастан бөлініп алынған.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Coronaviridae

Туыстастығы: Coronavirus –жұқпалы бронхит вирусы

Torovirus –жылқылардың торовирусы.

Адамдар мен жануарларда ауру қоздыратын 10-нан астам түрлері анықталған.

Құрылымы. Вириондары сфера пішінді, d-80-200нм. Вириондардың суперкапсиді бар. Оның сыртында ұзындығы 12-24нм гликопротеинді тікенекшелері болады. Вирионның жүрекшесінде спирал тәрізді симметриялы нуклеокапсид орналасқан. Геномы сегменттелмеген плюс РНҚ-молекуласынан тұрады, онымен нуклеокапсидтік ақуыз байланысқан. Вирионның құрамында ақуыздардың 3 түрі бар: РНҚ-мен байланысқан нуклеокапсид ақуызы, матрикстік ақуыз, суперкапсидтік гликозирленген ақуыздар.

Антигендері. Вирионның құрамында бірнеше антиген болады. Адамдардан бөлініп алынған коронавирустардың антигендері жануарларға патогенділеріне қарағанда антигендік қасиеті бойынша едәуір айырмашылығы бар.

Дақылдандыру. Адамдардың эмбрионынан бөлініп алынған және біріншілік эпителиялық жасуша дақылдарында өсіп-өндіріледі. Дақылдандырудың оптимальды температурасы 33-35°C. Құстарда ауру қоздыратындарын тауық эмбрионына жұқтырып өсіреді.

Репродукциялануы. Жасушаның цитоплазмасында іске асады. Коронавирустар жасушаға эндоцитоз жолымен енеді. Вирионның құрастырылуы эндоплазматикалық торшаның мембранасында атқарылады. Вирустық бөлшектер эндоплазматикалық ретикулумның (Гольджи аппар-ң) ішінде бүршіктенеді. Инфицирленген жасушадан вирус экзоцитоз жолымен сыртқа шығады.

Резистенттілігі. Коронавирустар майеріткіштердің, қышқылдардың, сілтілердің, дезинфектанттардың, Ультракүлгінсәуленің әсеріне сезімтал. 56°C-қа дейін қыздырсақ, 10-15 мин кейін жойылады. Бөлме температурасында бірнеше күн сақталады. Төменгі температураға төзімді.

Эпидемиологиясы. Қоздырғыштардың резервуары – ауру адам. Ауамен, тамшымен беріледі. Күз-қыста жиі байқалады.

Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі – 2-5тәулік. Ересек адамдарда әлсіз. Вирус ауыз арқылы түскенде гастрит дамуы мүмкін. Мұрын бітеледі, катаральды ринит, балаларда – бронхит, пневмония дамиды.

Иммунитеті. Ауырғаннан кейін типтік-спецификалық гуморальды иммунитет қалыптасады.

Емдеуі- симптоматикалық.

Алдын алуы. Спецификалық профилактикасы жоқ. Вакцина дайындау қазіргі кезге дейін жолға қойылмай отыр.

РЕОВИРУСТАР (от первых букв англ. respiratory enteric orphans)

Пішіні шар тәріздес, вириондарының диаметрі 75— 80 нм, бір немесе екі икосаэдр капсиді бар. Липопротеид кабығы жоқ. 10—12 үзіндіге бөлінген, қос тізбекті, сызықты РНҚ-ның жалпы м. с. 15 000 000. Цитоплазмада өсіп-көбейеді, асқазан мен тыныс жолдарының шырышты қабықтарынын эпителий торшаларын зақымдайды. Реовирустар 6 туыстыққа бөлінеді: нағыз реовирустар, орбивирустар және ротавирустар адам мен жануар-ротавирусы ауру туғызады, ал фитореовирустар,фидживирустар және циповирустар тек өсімдіктер мен насекомдарды зақымдайды.

Реовирустар-тыныс алу және ішек жолдары арқылы,кейде трансмиссивті тәсілмен жұғатын,сыртқы қабаты жоқ,екі жіпшелі фрагменттелген РНҚ-құрамды вирустар тұқымдастығына жатады.

Тұқымдастығы терминін бірінші рет А.Сэбин(1959 ж.) адамдардан бөлінген бір топ вирустарды атау үшін ұсынған.Оларды алғашқыда ЕСНО-вирустардың 10-типіне жатқызып келген болатын.Реовирус-ағылшынша respiratory enteric orphan virus-деген сөздердің бастапқы әріптерінен тұрады, қазақша –респираторлық энитериттік жетім вирус –деген мағына береді.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Reoviridae

Туыстастығы: Orthoreovirus-адамдар мен сүтқоректілердің ортореовирустары.

Orbivirus-қойлардың көгерген тіл вирусы,кемерово вирусы.

Сoltivirus-колорадалық дене қызбасының вирусы.

Rotavirus-адамдар мен маймылдардың ротовирустары және т.б.

Бұл тұқымдастықтың көптеген өкілдері табиғатта кең таралған.Олар сүтқоректілермен қатар құстарды,жәндіктерді және өсімдіктерді де зақымдайды.Адамдарға патогенді реовирустар 3 туыстастыққа жатады-меншікті реовирустар,ротавирустар,орбивирустар. Олар вирионының құрылымы бойынша бір тұқымдастыққа топтастырылған.Вирондары екі жіпшелі фрагменттелген РНҚ-нан.екі қабатты (сыртқы және ішкі) капсидтен және РНҚ-мен байланысқан вирус-спецификалық транскриптазадан тұрады.

77. Ортомиксо- және парамиксовирустар.

РНҚ- вирустары:

1 — парамиксовирустар;

2 — тұмау вирусы;

3 — коронавирустар;

4 — аренавирустар;

5 — ретровирустар;

6 — реовирустар;

7 — пикорнавирустар;

8 — капицивирустар;

9 — рабдовирустар;

10 — тогавирустар, флавивирустар;

11 — буньявирустар

РНҚ- вирустар

ДНҚ болмайды;

Генетикалық ақпарат РНҚ кодталған.

Orthomyxovirus (ortho — правильный, прямой, myxo — слизь

Ортомиксовирустар деп аталуы тыныс жолдарының шырышты қабатының мукопротеидтеріне бейімділігімен, яғни жасушалардың беткейлік рецепторларына – гликопротеиндеріне жабысу қабілеттілігімен байланысты.

Оған А және В және С грипінің туыстықтары енеді. Ортомиксовирустар әртүрлі серотиптерге, түраралық айқас серологиялық реакция бермейтін рибонуклеопротеид антигені бойынша жіктеледі. Вирион құрамында 7 құрылымдық белок, 8 сегменттен тұратын, өз бетімен ауру туғыза алмайтын РНҚ (м. с. 5 000 000) бар. Липопротеид қабығының беткі антигендері гемагглютинин меннейраминидаза түрінде кездеседі. Шар пішінді, диаметрі 80—120 нм вириондар цитоплазма мембранасында бүршіктену әдісімен жетіледі. А. грипп вирустары адамнак басқа көптеген құстар мен сүтқоректі жануарларды зақымдайды.

Қоршаған орт төзімділігі – орташа. Грипп вирустары 60°C және одан жоғары темпретаураға, май еріткіштердің, дезинфектанттардың детергенттердің әсеріне сезімтал. Өте төменгі температрада ұзақ сақталады (-70), 4°C температурада бір аптадан кейін патогенділігін жояды, бөлме температурасында 1-2 апта тіршілігін сақтайды.

парамиксовирустар (para — около, mухо — слизь)

Парамиксовирустар – негізінде берілу механизмі бәріне бірдей, аэрогенді жолмен тарайды.

Диаметрі 100— 300 нм. РНҚ-ы сыңар тізбекті„ сызықты, м. с. 7 000 000, өз бетімен ауру туғыза алмайды, нуклеокапсид құрамына кіреді. Вириондар цитоплазма мембранасында бүршіктеніп жетіледі. Сыртында екі антигені (Ғ-белок, НІМ) бар липопротеид қабатымен жабылған. Парамиксовирустар тұқымдастығына 3 туыстық: парамиксовирустар, морбиливирустар,пневмовирустар кіреді.

Парамиксовирустар төзімділігі өте төмен вирустар қатарына жатады. Олар жоғ температураның (50°C), детергенттердің, дезинфекциялық заттардың және т.б. факторлар әсеріне сезімтал келеді. Төменгі температураның әсеріне өте төзімді.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – ауру адамдар және вирус тасымалдаушылар. Вирус аэрогенді және кейбір жағдайда жанасу жолымен беріледі. Жас балаларда кесел өте ауыр түрде өтеді. Паротит және қызылшамен науқастанған балалардың айналасындағыларға жасырын кезеңінен бастап жұқтыру қаупі өте жоғары.

78. Рабдовирустар. (гр. Rhabdos – шыбық)

РНҚ- вирустары:

1 — парамиксовирустар;

2 — тұмау вирусы;

3 — коронавирустар;

4 — аренавирустар;

5 — ретровирустар;

6 — реовирустар;

7 — пикорнавирустар;

8 — капицивирустар;

9 — рабдовирустар;

10 — тогавирустар, флавивирустар;

11 — буньявирустар

РНҚ- вирустар

ДНҚ болмайды;

Генетикалық ақпарат РНҚ кодталған.

Рабдовирустар – сүтқоректілерде балықтарда жәндіктерде қарапайымдарда және өсімдіктерде әртүрлі зақымдану туғызатын РНҚ- құрамды вирустар. Rhabdoviridae тұқымдастығы өкілдерінің табиғи иесі кең ауқымды – олар әртүрлі омыртқалы және омыртқасыз жануарларға патогенді. Адамдарға везикулярлы стоматит және құтыру вирустары патогенді болып табылады.

Рабдовирустар — құрамында РНҚ бар таяқша пішінді вирустар тұқымдастығы. Вириондардың ұзындығы 175 нм, көлденеңі 70 нм. РНҚ сыңар тізбекті, сырты липопротеид қабығына оралған, негативті, м. с, 4000000, оралымды қосжіпті нуклеокапсидтің құрамына кіреді. Торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді. Рабдовирустарға екі туыстық жатады: везикуловирустар (омыртқалылар мен омыртқасыздарды зақымдайды) және лиссавирустар (құтыру ауруының қоздырғыштары) рабдовирустарға бұлардан басқа бір топ өсімдік вирустары жатады. Геномы – біржіпшелі сызықшалы фрагменттелмеген (-) РНҚ. Репродукциялануы жасушаның цитоплазмасында атқарылады.

Ретровирустар.

150-дей түрлерді қамтитын біржіпшелі РНҚ құрамды кері транскриптаза ферменті бар вирустар. Ерекшелігі-геномының құрылысы басқа вирустарға ұқсамайды және құрамынды кері транскриптаза ферменті болады. Ол генетикалық ақпараттың кері бағытталуын қамт.етеді. Осыған байл eng. «кері-retro».

Тұқымдастығы: Retroviridae

Туыстастығы: Alpharetrovirus-құстардың лейкозы, саркома вирустары.

Betaretrovirus-тышқандардың сүт бездері ісігінің вирусы.

Grammaretrovirus-тышқандар лейкемиясының вирусы.

Deltaretrovirus-сиырлар лейкемиясының вирусы.

Epsiloretrovirus-тері саркомасының вирусы.

Lentivirus-адамдардың иммунды-тапшылық вирусы. HIV (АИВ) – ВИЧ.

Spumavirus-адамдардың көпіршік вирустары.

Үш тұқымдастық тармаққа:

• онковирустарға,

• лентивирустарға және

• спумавирустарға бөлінеді

ЖИТС(СПИД,AIDS)-жүре п.б. иммундық тапшылық синдромы, алғаш 1981ж АҚШ-та пневмонисттік өкпе қабынуының өте ауыр түріне шалдыққан жігіттерде (гомосексуалистерде) тіркелкен.

Факторлары-қан, шәует, қынаптық және цервикалдық секретте, емшек сүтінде болады.

Жұғу жолдары-жыныс/қ қат.арқ (85-90пайыз), вертикальды,яғни анасынан ұрыққа жұғу (25-30пайыз) және парентеральды (3-5). Респираторлы, алементарлы, трансмессивті жолмен берілмейді.

Вириондары сфера пішінді, мөлшері 100-120нм-ден аспайды.Сыртқы суперкапсиді гликопротеинді тікенекшелермен шаншылған липидті 2 қабаттан тұрады. Геномы - оң РНҚ-ң екі жіпшесінен тұрады. Құрамында 3 фермент (кері транскриптаза, протеаза, интерграза) бар. Вирус геномы 3 құр-дық геномдерден, 7 реттегіш және функ/қ гендерден тұрады.

Ареновирустар.

Гр. Arenosa-құмша, құм тәріздес, ретикуло-эндотелиальды жүйеге әсер етіп, дене қызбасын, бөрпе шығуын, геморрагиялық үрдістер туғызатын, өкпені, бүйректі және ОЖЖ-ні зақымдайтын РНҚ-геномды вирустар. Алғаш ашқан 1934ж К.Армстронг және Р.Лили бөліп алған.

Тұқымдастығы: Arenoviridae

Туыстастығы: Arenovirus – хориоменингит(ЛХМ), Ласса, Хунин, Мачупо вирустары.

Ophiovirus-цитрус қабыршақтану вирусы.

Tenuivirus-күріштің ала-жапырақтану вирусы.

Deltavirus-дельта гепатит вирусы.(аур.туғ.)

Морф.белг.-вирус бөлшектерінің ішінде электронды-тығыз, құм тәріздес дәнді құрылымдары болады. Сонд.солай аталған. Вириондары-сфера пішінді, Д100-130. Сыртқы тығыз лип.қабыршақпен қапт.Екі фрагменттен тұратын біржіпшелі сызықшалы минус РНҚ. Капсид симметриясы спираль типтес.

Эпидемиологиясы. Ареновирустар робовирустарға жатады, яғни кеміргіштердің бөлінділерімен (несеп,нәжіс,сілекей) ластанған тағамдық өнімдерімен, су және ауа арқ.тарайды. Вирус адамдарға алиментарлы, н/е аэрогенді жолмен, сирек жағд. Жанасу (зақымд.теріден өтіп) арқ. жұғады.

Клин.көр.-дене қызбасы, бөртпелер, ісінулер, өкпе қабынуы, бүйрек қызм/ің жетісп/ші, ОЖЖ/ң зақымдалуы ж/е орг/ң әртүрлі геморрагиялық бұзылыстар дамиды.

Ауырып тұрғаннан кейін ұзаққа соз/н иммунитет қалыптасады.

Филовирустар.

Филовирусы [лат. filum, жіпше] - таяқша және жіпше тәріздес РНҚ вирустар. Вириондарды орташа көлемі - в 14x80 нм.. Нуклеокапсид спиральды , покрытый суперкапсидпен қоршаған . Филовирустар жоғары температураға тұрақты; ультра күлгін сәулелердің және май ерігіш агенттерінен әсерінен инактивирлендеу

Тұқымдастығы: Filoviridae

Туыстастығы: Marburgvirus, Ebolavirus.

Вириондары-РНҚ құрамды ұзын, кейде бұтақшалары болатын ирек жіпше пішінді. Олардың ұзындығы – 1200-4000нм-ге, ені-70-100нм-ге жетеді. Нуклеокапсиді – спиральды симметрия типтес. Сырты суперкапсидпен қоршалған. ГЕНОМЫ – біржіпшелі минус РНҚ молек/н тұрады. Құрамында полимера болады.

Олар жоғ.темп.ға өте төзімді. 30мин.бойы 60-70*та қыздырғанда жұқпалық қасиетін сақтайды.

Аурулары-Африка конт/ң экв/қ және субэкв/қ аудандарында тіркелген. Вирус сақтаушы резервуар-көк мартышкалар. Адамдарға маймылдардан н/е науқас қанымен жанасқанда жұғады, кейде ауалы-тамшылы жолмен. Нег.фактор- геморраг/қ шок жағд/на әкелетін, тромбоциттердің фунц/ң бұзылуы б.т.

Эбола вирусы-1976ж, Оңт.Суданның Эбола деген жерінде бөлініп алынған.

• Қан, шырыш және инфицирленген ағзалар арқылы беріледі. Инкубациялық кезені - 2 - 21 күн.

• Белгілері: дене қызыуы, әлсіздік, бұлшық еттің ауруы , бас ауыруы, тамақтың ауруы , құсу, диарея, бөртпе, бауыр және бүйрек қызметтерінің бұзылуы, қан кету

 

Марбург вирусы-1967ж, ФРГ-ң Мабург қаласы.

• Белгілері: қызба, бұлшық еттің ауруы , бас ауыруы, панкреатит, бөртпе, делирий, сарыауру, қан кету, гиповолемиялық шок

• Инкубациялық кезені – 3-9 күн

Парвавирустар.

Парвовирустар – адамдарға, сүтқоректілерде, құстарда және жәндіктерде әр түрлі ауруларды тудыратын ДНҚ-құрамды вирустар тобының өкілдері кіреді.

Таксономиясы:

Тұқымдастығы: Parvoviridae (150-ден астам вир-тар)

Туыстастығы: Parvovirus (тышқанның майда вирусы)

Erythrovirus-В19 вирусы (адамның парворирусы)

Dependovirus-аденоассоциацияланған вирус.

Парвовирустар-майда, сыртқы қабықшасы жоқ, Д18-26нм, капсиді куб тектес симметрия б/ша құрылған. Геномы бір жіпшелі сызықшалы ДНҚ-ның плюс жіпшесінен тұрады.

Эпидемиологиясы: Инф.көзі-науқастанған адамдар және вирус тасымалдаушылар. Ауалы-тамшылы жолмен жұғады.

Адамдарға ең патогендісі В19 вирус, ол дақты капсулалы бөртпелер шығуымен, буындардың зақымдануымен және созылмалы гемолитикалық анемиямен сипатталатын жұқпалы эритемалар қоздыралы.

Иммунитеті-вирус бейтараптаушы антиденелердің п.б. байланысты.

Емдеуі және алдын алу шаралары әлі жасалмаған, қазіргі кезде қарастырылып жатыр.

Аденовирустар

Аденовирустар (грек. adēn — без және лат. vіrus — у) — құрамында дезоксирибонуклеин қышқылдары (ДНҚ) бар вирустартұқымдастығы. Оны алғаш 1953 жылы А.У. Роу тамағы ісініп науқастанған баланың аденоиды мен бадамша безінен тапқан. Табиғи жағдайда аденовирустар сүтқоректілер мен құстар денесінде болады. Вириондар (вирустық бөлшектер) 252 белоктық қабықша (капсид) мен ДНҚ-дан тұрады. ДНҚ-сы — қостізбекті, шұбалаңқы. Аденовирустың әсерінен болған аурулар жедел өтеді не ұзаққа созылады. Вирионның жиналатын орны — торша. Аденовирустар кеміргіштер денесінде қатерлі ісік туғыза алады. Аденовирустар негізінен: тыныс жолдары мен көзге жұғады. Балалардың жоғарғы тыныс жолдарының қабынуының 20%-і аденовирустар үлесіне тиеді. Ересектерде созылмалы тонзиллит, бронхит сияқты аурулардың жиі қайталанып өршуі аденовирустардың әсеріне байланысты. Емделу аурудың клиникалық белгілеріне қарай жүргізіледі. Аденовирустарға қарсы егілетін не тікелей әсер ететін дәрі әзірше жоқ.

Поксвирустар

Поксвирустар – адамдарда көбінесе шешек (ағыл.: рох – шешек) қоздыратын, ДНҚ-геномды, мөлшері өте ірі вирустар.Поксвирустар — құрамында ДНҚ-лы бар шешек вирустарының тұқымдастығы. Көп вирустардан ірі, құрылысы күрделі.Цитоплазмада көбейеді. Сырт пішіні сопақша немесе тік бұрышты, ұзындығы 200—400 нм. Біліктерінің қатынасы 1,2—1,7. Поксвирустар геномы қос тізбекті сызықты ДНҚ , м. с. 160000000—200000000. Бұл тұқымдастық 2-ге бөлінеді: насекомдар және омыртқалылар вирустары; Кейінгілері 6 туыстасқа бөлінеді. Poxviridae тұқымдастығына 2 тұқымдастықшалар кіреді – омыртқалылар шешегінің вирустары және жәндіктер шешегінің вирустары.Адамдарда патологиялық процестер қоздыруда рөл атқаратындарға нағыз шешек, жұқпалы моллюска, вакциналық немесе сиыр шешегінің және маймыл шешегінің вирустары жатады. Инфекция көзі –аурудың барлық кезеңдеріндегі науқас адамдар. Аурудың алғашқы 8-10 тәулігінде (бөртпе шыққаннан кейінгі) науқас өте қауіпті жұқтырушы болып табылады. Инфекция ауалы-тамшылы жолмен және тұрмыстық заттармен, науқастың киімдерімен жанасқанда жұғады. Бұрынғы кездерде көптеген елдерде шешек індеті пандемия қоздырып отырған, адмзат бұл инфекциядан көп зардап шеккен. 1967 жылы ДДҰ шешек ауруын жою туралы жоспар жасап, іс жүзінде шаралар жүргізудің нәтижесінде шешек ауруы жер шарында жойылды. Сондықтан, шешек ауруына қарсы міндетті түрде егу қазіргі кезде тоқтатылған.

Герпесвирустар

Грек тілінен герпес – қазақша жорғалаушы, жайылмалы мағына береді. Вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауруды герпес деп атайды. Қазақ халқында бұрынан белгілі болып келе жатқан ұшық ауруын тудырады.Басқа да вирустар секілді герпес вирусы да өзіне келесі құрылымдардан тұрады: Вирион, ДНҚ молекулалық құрлымы, Нуклеокапсид, Суперкапсид, Сегмент. Herpesviridae тұқымдастығына жатады. Олар келесідей жіктеледі: α герпес вирусы, β герпес вирусы, γ герпес вирусы. α герпес вирусы: Қарапайым герпес вирусы, ВПГ-1 ВПГ -2, Желшешек вирусы, белдемелі герпес вирусы. β герпес вирусы: Цитомегаловирус, Герпестің 6 типі, Герпестің 7 типі γ герпес вирусы: Эпштейн Барр вирусы, Беркит лимфомасының, Капоши саркомасының, Мұрын жұтқыншағы карциномасының қоздырғыштары. Герпес вирустың негзгі жұғу көзі залалданған адам болып табылады. Ол жанасу арқылы, ауа тамшылы, жыныстық, вертикальді жолмен жұғады. Герпесті инфекцияның патогенезі: 1. Вируыс адам ағзасына шырышты қабаттары арқылы енеді; 2. Эпителийде көбейіп залалданған жасуша некрозы пайда болады; 3. Некроз ошақтары, везикулалар түзіледі; 4. Вирусемия пайда болады; 5. Антидене түзіледі; 6. Вирус паравертебральды сенсорлы ганглийлерде лимфа түйіндерде сақталады. 7. Рецидив береді; Герпесті инфекция клиникалық көріністері: Кең тараған түрі қарапайым герпес. Элементтері жиі ауыз айналасында, ерін шетінде, құлақ маңында. Алғашында бөрпелердің орнында қызу, шаншу сезімі, сосын қызарып ісінеді, тері және шырышты қабаттарда везикула пайда болады (0.1-0.3 см). 1-2 аптаға созылады, қызба, жалпы әлсіздік, аймақтық лифма түйіндер улкейген. Көпіршік ішінде серозды сұйықтық, басқа ауру қосылса іріңді болады. 3-5 күннен кейін серозды сұйықтық жарылып қабыршақтанады. 7-9 күннен кейін іссіз жазылып кетеді

Гепатит В вирусы

В вирусты гепатиті (ағылш. Hepatitis B virus, HBV) — ВГВ вирусымен шақырылатын бауыр зақымы себебінен, сарғаюымен және зат алмасу процесінің бұзылуымен өтетін, өзінен кейін жиі созылмалы гепатитке және бауыр цирррозына әкеліп соғатын инфекциялық ауру. 1967 жылы табылған. Гепатовирустың тобына жатады. Оның геномы 2 жіпшелік ДНК молекуласынан қалыптасады. Ішкі – сыртқы қабыршақтармен қосылған сыртқы ортаға өте төзімді. Кәдімгі бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады. Тоңазытқышта 6 ай, қатырылған түрде 15-20 жыл бойы. ВГВ-ң таралуы өте кең. Инфекция көзі болып әр түрлі клиникалық ауруларымен ауырған адам және созылмалы тасымалдаушылар болып табылады. Зақымдану механизмі: 1.парентеральді; 2.қан. Берілу жолдары.Табиғи және жасанды. Жасанды жолдар: теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж).Табиғи жолмен: жарақаттанған тері қабаттары арқылы. Берілу факторлары:1. қан; 2. плазма; 3. Эритроциттер; 4. фибриноген; 5. протромбин. Міндетті түрде ауруханада емдеу. Комплексті түрде жүргізіледі: 1. күн тәртібі; 2. диета №5; 3, парентеральді түрде дезинстоксикациялық ем; 4. белгілеріне байланысты. Ауыр ағымда глюкокортикостеродттар преднизалон 40-60 мг/тәулігіне дейін. Сулы – электролитті бұзылыс балансын қалпына келтіру үшін гипокалоиемия кезінде панангин, аспаркам. Спазмолитикалық препараттар: но-шпа, эуфиллин. Ішектің төменгі резорбциясы болған жағдайда антибиотик неомицин. Егер де холестаз белгілерінің айқын түрінде болған жағдайда урсодеоксихолий қышқылы (уросан, урсофальк) тағайындалады

87. Папилломавирустар .

Қазіргі кезде адам папилломасы вирустарының 30-дан астам типтері анықталған. Олар-адамдарда эпителиялық қатерсіз ісіктер (тері сүйелдері, өткірұшты кондилома, кеңірдек папилломасы ж.т.б.) пайда болуына себепкер. Папилломавирустар кең таралған және эпителиятропты. Жоғарғы трансформациялаушы белсенділікке ие (әсіресе 11,16,18 және 30 серологиялық варианттары). Олардың геномдары өткірұшты кондилома, жатыр мойнының және кеңірдек карциномасы, сақал тәріздес эпидермодисплазия ж.б. кезінде табылған. Папилломавирустар иесінің организмімен тұрақты байланыста болуымен және онкогенділік қасиетінің вариабельділігімен сипатталады. Адамның папилломавирустарының инфекцияның «өнімсіз» типінен «өнімді» типіне, және де керісінше ауысу қабылеттілігі бар. Бірінші жағдайда вирус жасушамен синхронды репликацияланады, жасушаға зиян келтірмейді; екінші жағдайда- ол жылдам көбейіп, жасушаны өлтіреді. Папилломавирустар ДНҚ синтезінің жасушалық жүйесін өзіне мәжбүрлеуге қабылетті, ал осындай функцияны атқаратын вирустық гендер онкогендер ретінде әсер ете алады. Папилломавирустардың онкогенділігі сақиналы екіжіпшелі ДНҚ-нан тұратын геномның құрылысының ерекшелігімен байланысты.Сүйел және басқа қатерсіз ісіктердің жасушаларында вирус геномы өздігінше плазмидалар реплицирлеуші түрде тұрақты орын алады. Тек қана сирек жағдайда (белгісіз факторлардың әсерінен) вирустық геном иесінің хромосомасына тіркеліп біріге алады. Бұл кезде вирустық геннің айналасындағылар өзгереді және жасушалық гендердің экспрессиялануын бақылау бұзылады. Жасушалық циклды реттейтін ақуыздардың синтезделуін бақылаушы ретінде жасушаны циклдың S- фазасына түсуге итермелейді де, қатерлі ісік пайда болуына әсер етеді.

Эпидемиологиясы. Папилломавирустар тері беткейлі жарақаттанғанда, жыныстық қатынас кезінде және паринатальды жолмен беріледі. Әлемнің 9-13% тұрғындары осындай вируспен инфицирленген. Папилломавирусты инфекция – ең жиі кездесетін жыныстық инфекция. Өмір сүру кезеңінде еркектер мен әйелдердің 70%-да кездеседі. Патогенезі, клиникалық көріністері: Бұл инфекциямен науқастанушылық 18-30 жастағылар арасында жиірек байқалады. Кесел көбінесе симптомсыз түрде өтеді. Клиникалық көріністері қоздырғышына, патологиялық процестің қандай жерде орналасуына және иесінің жауап беру реакциясының айқындығына байланысты болады. Папилломавирустар әйелдердің қынабында, жатырында, несепағарының сыртқы тесігінде гениталдық сүелдер дамуын қоздырады. Еркектерде – жыныс мүшесінің басы мен бүрікбасының, ұмасының және арқы өтісінің (анусының) зақымдануы дамиды. Онкогенез (папилломавирустардың) – жасушалардың қалыптан тыс пролиферациялануы. Жасушаның пролиферациясы реттеуші гендермен оны тежеу немесе стимульдеуші – гендермен жасушалардың бөлінуін белсендіру арқылы басқарылады. Папилломавирустардың онкогенділігі геном құрылысының ерекшелігімен баланысты (сақиналы екіжіпшелі ДНҚ). Сүелдер және басқа қатерсіз ісіктердің жасушаларында вирус геномы өздігінше реципирленетін плазмидалар түрінде тұрақты сақталады. Тек қана сирек жағдайларда (белгісіз факторлардың әсерінен) вирустық геном иесінің хромасомасына тіркелуі мүмкін. Бұл кезде вирустық геннің айналасы өзгереді және жасушалық гендердің экспрессиясын бақылау бұзылады. Жасушалық циклды реттейтін ақуыздардың шексіз синтезделуі ісіктік өсудің пайда болуына әкеледі. Алдын алуы. Папиллома вирусына қарсы екпе жатыр мойыны обырының алдын алу үшін жүргізіледі және жатыр обырының пайда болуын төмендетуге мүмкіндік береді. Папиллома вирусын жұқтырудың жоғарғы шегі көбіне 16-20 жас аралығында. Вакцинаны жасөспірім қыздарға қолданудың өзіндік себебі бар. Егер екпе алғашқы жыныстық қатынасқа дейін жасалса, қатерлі ісікті болдырмауға кепілдік береді. Ал жыныстық қатынастан кейін салынса, тиімділігі алғашқыдай болмауы мүмкін. Сондықтан жастардың жыныстық қатынасқа ерте түсуіне байланысты екпе егу 11-12 жастағы қыздардан басталып отыр. Қазіргі таңда қатерлі ісік аурулары жасарып кетті. Бұрындары ол 40-50 жастағы әйелдерде кездессе, қазір 22-25 жастағы қыз-келіншектерде де байқалып жүр.

Онковирустар

Вирустардың қатерлі ісіктер (рак-обыр) қоздыру қабылеттілігін алғашқы рет америкалық вирусолог П. Раус (1911, 1946 ж.ж.) дәлелдеген. Ресей вирусологы Л.А. Зильбер канцерогенездің (қатерлі ісік пайда болудың) вирустық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша вирустардың геномы провирус түрінде жасушаның хромосомалы аппаратына тіркеліп, оны трансформациялайды да қатерлі ісіктер дамуына себепкер болады. Мұндай вирустарды онкогенді (грек: onkos-көлемді масса) вирустар деп атайды.Онкогенді вирустардың негізгі қасиеті-табиғи иелерінде, зертханалық жануарларда қатерлі ісіктер дамуын қоздыру және жасуша дақылдарында трансформациялық үрдіс туғызу қабылеттілігі. Қазіргі кезде онкогенді вирустардың 200-ден астам түрлері анықталған. Олардың көбісін ДНҚ-геномды вирустар құрайды, ал РНҚ-геномды вирустардың арасынан мұндай қасиет ретровирустарға тән екені анықталды.

Вирустардың онкогендік белсенділігінің механизмдері - Онкогенді вирустар тікелей трансформациялық немесе жанама промоторлық әсер етуі мүмкін. Вирустардың онкогендік белсенділігі трансформациялау қабылеттілігі бар ерекше генмен (онкоген) байланысты. Өзінің геномының құрамында онкогені бар вирустарды onc (+) вирус деп белгілейді (олар көбінесе ДНҚ геномды вирустар). Онкогенін жоғалтқан вирустарды onc (-) вирус деп атайды. Вирустардың тіршілігіне қажетті өте маңызды ақуыздардың репродукциялануын онкоген кодтамайды. Вирустық геном құрылысының ерекшелігіне байланысты тәуелсіз және қосылған немесе біріккен (слитые) онкогендер деп ажыратады. Тәуелсіз онкогендер жеке ақуыз түрінде трансирленеді. Бұл кезде тәуелсіз онкоген вирустық геномның ең соңғы шетінде (мысалы, Раус саркомасы вирусының src гені) және де оның ортасында да (мысалы, тышқандар саркомасы вирусының ras гені) орналасуы ықтимал. Қосылған онкогендер вирустың құрылымдық ақуыздарының аминқышқылдық реттілігін үйлестіретін, бүтін молекула құрамында ісіктік ақуызды кодтайтын РНҚ түрінде транскрибирленеді.

Оnc (-) вирустардың жасушаларды тікелей трансформациялауға қабылеттілігі жоқ, өйткені оларда онкогендер болмайды (олардың көбісі РНҚ-геномды ретровирустар). Протеинкиназалар мен өсу факторларының, яғни жасушалардың бөліну және дифференцирлену процесін бақылайтын өнімдердің синтезделуін кодтайтын жасушалық протоонкогендер onc (-) вирустардың нысанасы ретінде қызмет етеді. Жасушалық протоонкогендерді бағындыру көбінесе вирустық промоторлардың, яғни генетикалық ақпараттың транскрипциялануын инициациялауға жауапты оперондар учаскесінің әсерінен болады. Оперон ген-оператордан, ген-промотордан және бір хромосомада ретімен орналасқан 2 және одан да көп құрылымдық гендерден (ферменттердің қайсы-бірінің синтезделуін бақылайтын бірге жалғасқан) тұрады.

Onc (+) вирустар. Хромосомаға енгізілген онкоген жасушаға шексіз көбею мүмкіндігін береді. Адам жасушаларына қатысты трансформациялаушы белсенділігі бар onc(+) вирустардың гендерінің келесі қасиеттері болады:

● вирустық гендер трансформацияланған жасушаларда табылады, олар жасушалық геномға интеграциялануы немесе плазмидаларда орналасуы мүмкін;

● ісіктік жасушалардан клонданған вирустық гендер адамның жасушаларында қатерлі-ісіктік трансформациялану қоздырады;

● трансформацияға ұшыраған жасушаларда онкогенді вирустардың репродукциялануы болмауы да мүмкін.

Сезімтал жасушаларға onc (+) вирустар жұққан жағдайда өнімді инфекция дамиды. Сезімтал емес немесе сезімталдығы нашар жасушаларға onc (+) вирустар жұққаннан кейін трансформацияланатын инфекция дамиды. Бастапқы кезеңі бойынша сезімтал емес немесе сезімталдығы нашар жасушаларға инфицирленуінің сезімтал жасушаларға қарағанда айырмашылығы жоқ. Вирустық ДНҚ жасушалық геномға интеграцияланады, сол жерде трансформацияланған бөлшекпен кодталған вирустық гендер экспрессияланады. Вирустық ДНҚ-ның немесе оның бөлшектерінің жасушалық хромосоманың құрамына интеграциялануы жасушалық ДНҚ синтезделуінің бұзылуын жартылай жеңілдетеді. Бірақ «ертерек» вирус-спецификалық процестердің белсенділігі жасушада ДНҚ-ң синтезделуін және оның өлуін толық тоқтата алмайды. Onc (+) вирустың жасушаға жұғуы жасушалық ферменттерді (ДНҚ-полимераза, тимидинкиназа, протеинкиназа) белсендіреді, нәтижесінде хромосомамен байланысқан ДНҚ және ақуыздардың синтезделуін күшейтеді. Бұл кезде хромосомалық ақуыздардың синтезделуі жартылай бұзылады, ол құрылымы және қасиеттері өзгерген протеиндердің пайда болуына жасушаларда репродукцияланудың «кешеуілді» сатысы және ұрпақтық популяцияның пайда болуы тежелетіндіктен вирус жұққан жасушалар өлмейді. Сонымен трансформацияланған жасушаларда:

● жасушалық және вирус-спецификалық процестер арасында тепе-теңдік қалыптасады;

● вирус жасушаны өлтірмейді;

● көбею кезінде жасуша вирустық гендерді сақтайды (ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады), ол осындай гендердің бір немесе бірнеше жасушалық гендермен интегрирлену жолымен атқарылады;

●трансформациялануға ұшыраған жасушалардың бәрінің құрамында вирусспецификалық иРНҚ, ақуыздар және ДНҚ түрінде онкогенді вирустың генетикалық материалы болады.

89 Вакцина түрлері

Егу, вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.

Тарихи шолу

Бұл термин алғашында нағыз шешектен сақтану үшін қолданылды. Жұқпалы ауруларға қарсы тірі қоздырғыштардан дайындалған вакцина қолдану тәсілі ерте заманнан бері белгілі. Мысалы, Қытайда біздің заманымыздан бұрынғы 11 ғасырда дені сау адамдардың танауына шешекпен науқастанған адамның іріңді қабыршағын салатын болған. Үндістанда теріні сызаттап, сол жерге шешек қабыршағын ысқылаған, Грузияда шешек іріңі жұқтырылған инемен теріні шаншып егетін болған. Еуропада мұндай әдісті 17 ғасырдың аяғына дейін қолданып келген. Бірақ егудің мұндай әдісі ауыр асқынулармен аяқталып, кейде өлімге де әкелген, ал егілген адам айналасындағыларға жұқтырушы болған. 1796 ж. ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке қарсы вакцина тапқанын жариялады.

Түрлері

Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар:

1. міндетті егу – балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т.б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы;

2. жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы;

3. эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.

Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, шешек) жойылды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына 500 млн. адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 млн-дайы егілмегендер екені анықталып отыр (2007). Сондықтан әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресте егудің маңызы зор екеніне ешбір күмән келтірілмейді.

 

1. Өлі микроорганизмдерден жасалған

арқылы жасайды. . Ол антигендік құрамынан патогендік касиетің алып тастап, микробты клетканы өмір сүру қаблетінен айыру. Осы вакцинаны дайындағанда микроорганизмдерді инактивацилайды. Вакцинаның әсерін күшейту үшін адъюванттарды қосады.

2.Тірі вакциналар аттенуацияланған

Аттенуацияланған вакциналарды қоздырғыштарды организмнен тыс жерде ұзақ уақыт дақылдандыру арқылы жасайды. Мысалы, БЦЖ , сары қызба вирусы, ж.т.б. Тірі вакциналардың артықшылығы – қоздырғыштардың тіндерге қарай миграциялауға, көбеюге каблеті болады және иммундық жауап күшееді. Жергелекті иммунитет тек қоздырғыштар көбейген тінде дамиды. Бур вакциналар аурудың субклиникалық түрін және эффективті қорғануды шакырады.

2. Поливалентті вакциналар

Бірнеше қоздырғыштардың иммунизирлеуші компонентерінен тұрады. Мысалы, АКДС -–көк жөтел, күл және сіреспеге қарсыполивалентті вакцина. Анатоксин дегеніміз – формалинмен инактивацияланған бірақ антигенділігін сақтап қалған токсиндер. Олар иммунизациядан кейін токсиндерді бейтараптады және токсидердің фагоцитозың активтейтің антиденелердін синтезің шақырады.

3. Құрамында бактериялармен вирустардің фрагменттері бар вакциналар

Белокты тасмалдаушымен коньюгацияланған бактериялардың капсулалық полисахаридтері колданады. Бур вкциналар менингококты, пневмококты, гемофилді инфекцияларға қарсы антиденелердің (АД) синтезін эффективті түрде шақырады.

Осы түрдегі вакциналарға вирус суббірліктерінің вакциналары жатады. Мысалы, В гепатиті вирусының беткей антигедері. Аталған вакциналар эффективті, бірақ дайындау технологиясы күрделі де қымбат.

4. Жасанды вакциналар

Вакцина жасау үшін синтетикалық пептидтерді колдану. Вирустардың және бактериялардың эпитоптарына сәйкес келетін пептидтік фрагменттерді синтездейді. Иммуногендікті жоғарлату үшін пептидтерді Т-тәуелді антигендердің тасымалдаушысымен коньюгациялайды.

5.Вакциналарды молекуклалы клондау әдісімен алу (рекомбинантты вакциналар)

Рекомбинантты вакциналар технологиясы белокты молекуланы немесе оның фрагментің қадағалайтын гендерді алуға, оларды керекті векторға нгізуге және сәйкес клеткаларда эксперессиялуға мүмкіндік береді.

Бул вакциналардың реактогендігі төмен, ал қорғаныс әсері жоғары. Рекомбинантты вакциналарды бір микробтың генін вируленттігі аз екінші микробқа енгізу жолы арқылы алады. 1990 жылдардын басында В-гепатитінің вирусына қарсы рекомбинантты вакцина дайындалды. В-гепатиті вирусының беткей антигені бар вирусты болшектер осповакцинасының вирусында

синтезделеді. Гендерді клондау әдісімен вакциналарды алу (рекомбинантты вакциналар) өте үлкен потенциалы бар.

6. Антиидиотиптік вакциналар

Сонғы кезде вакциналарды дайындау үшін кез келген вирусты материалды колданға болмайды деген пікірлер айтылды. Антиидиотиптік вакциналарды дайындау үшін антигенннің кеністіктегі құрылысын иммитациялайтын антиидиотиптік АД колданады. Олар антигенд” детерминанттың “ішкі” образы деп атайды. В-гепатиті вирусының антигенінң біркатар эпитоптарына арналған моноклонды антиидиотиптік АД жиынтығының негізінде В-гепатитіне қарсы вакцина дайындалған.

7. Генетакалық вакциналар

Генетикалық вакциналар (ДНК-вакциналар) Өздігінен жұқпаны шакыралмайтын бактериалды плазмидтер болады. Вакцина жасау үшін плазмидтерге патогеннің бір немесе бірнеше антигенді белоктарға арнайлығы бар гендерді енгізеді. Плазмидтер клетка ядросына еніп, нәтижесінде бул гендердін кошірмесі матрицасында антигенді белоктардың синтезі жүреді. Олар немесе клеткадан шығады немесе МНС-1 класс мо





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.