ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Дыбыстарды жіктеу принциптері. Фонетика 1.Фонетиканың зерттеу объектісі, ғылым саласы ретінде зерттелуі. Адамның қоғамдағы қатынасының ең маңыздысы – тілдік қатынас. әрбір халықтың өзіндік ерекшелігімен байланысты болатын тілдік қатынас ауызша және жазбаша түрде жүхзеге асады. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу арқ орындалады. Сөйлеу – адамзат іс-әрекеттің ерекше формасы. Сондықтан сөйлеу психология, физиология , логопеди, тіл білімі т.б. ғылымдардың қарастыратын нысаны. Сөйлеу тілдік бірліктерге сүйенеді. Тілдік бірліктердің ең кішісі және негізгісі – фонемалар. Жеке тұрғанда ешбір мәні жоқ дыбыстар белгілі бір жүйемен тіркесіп сөзді құрайды, яғни сөздің өмір сүру амалы тілдік дыбыстарға тікелей байланысты болады. Жүнісова М «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: ХІХ ғ түркітанушыларының еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жөнінде біраз пікірлер айтылған. Бұл туралы ең алғашқы мағлұмат берген Н.И.Ильминский болды. Ол : «Қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа бөліп, сегіз дауысты дыбыс, 29 дауыссыз дыбыс», -деп атап көрсетті. Ильминский негізінен дыбыстардың орналасу тәртібіне қарап, ол артикуляциялық жағынан жақындығын ескерген деген болжамдар да бар. В.В.Радлов «Солтүстік түркі тілдер фонетикасы» -деген еңбегінде «қазақ тілінде 9 дауысты, 20 дауыссыз дыбыстарды атап»,- акустика-артикуляциялық топқа бөледі. В.В.Радлов қазақ , түркі тілдерінің жалпы дыбыстық жүйесіне, дыбыстардың сөз ішінде қолданылу ерекшеліктерін олардың дистрибуция кезеңінде, фонетикалық процесстердің заңдарына, сингормонизм құбылысына, екпін категориясына тоқталады. А.М.Мелиоранский қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеп, дыбыстардың жасалу орны мен комбинаторлық алмасуы үндестік заңы екпін мәселесіне қысқаша мәлімет береді. Ол; «Қазақ вокализмі 9 дауысты, консононтизмі 21 дауыссыз»,-деп Мелиоранский де Радлов сияқты Л сонор дыбысын жуан-жіңішке болып айтылатын дербес дыбыс деп түсіндіреді. М.Терентьевтің грамматикасында қазақ тіл дыбыстарының айтылуында комбинаторлық алмасулары (Ч-Ш, Ш-С, М-Б, Л-Д, К-Г) жөнінде қысқаша мәлімет береді. Басқа да В.Катаринскийдің , И.Лаптевтің, Н.Сазоновтың еңбектерінде де фонетика туралы біраз материалдар беріледі, бірақ жоғарыдағы пікірлер қайталанады. Н.Катановтың «Опыт Иследований Урянхайского языки» Қазан 1903 жыл деген еңбегінде де қазақ тіліне тән өзгешеліктерді көрсетеді. Басқа түркі тілдерімен салыстыра зерттеген. Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары деген зерттеуінде (фонетиканың зерттелуіне) арнайы осы жүйесіне қатысты 1-2 пікір бар. қазақ тілі туралы әр жерде алғашқы шаруалардан, жиһанкездердің жазбаларынан басталған. Сондықтан бұл тақырыпты қазақ тіл білімінің ең байырғы және оның дамуының барлық дәуірінде де қайталана қаралып, келе жатқан әрі көне, әрі жаңа тақырыбы деуге болады. Қазақ тілі фонетикасы қалыптасуының алғашқы қадамы тілімізде қандай дыбыстар барлығын айқындаудан басталған. өйткені 20 жылдың аяғына шейін (1929ж) пайдаланып, араб графикасын ешқандай өзгеріссіз араб тілінде қандай болса, сол қалпында қолд келдік. айқап журналының 1912 жылғы бірнеше санында пікіралысу ұйымдастырылды. айтылған пікірлер қазақ тілінде қанша дыбыс бар, олардың 5 дауысты дыб деп жазды. Сөйтіп орыс түркітанушыларының дайын пікірлерін дұрыс пайдалана алмады. Фонетикаға байланысты 20 жылдар ішінде айтылған пікірлерде қазақ тіліндегі акустикалық жағынан жіктеу төңірігенде ғана болды. осы бағытта айтылған пікірлерді жинақтай келе 1929 жылы заңды негіздерге әліппеде қазақ тілінде 29 дыбыс бар. олардың 9 дауысты, 20 дауыссыз деп көрстетті. Ғылыми негізде зерттелу жайы. Қазақ тілінің фонетикасын ғылыми негізде зерттелуі Қазан төңкерісінен кейін ғана басталған.мектептерде арналған оқулықтардың ғылыми граммтикалардың кейбір монографиялық зерттеулердің нысанынан айналған. алғаш рет қазақ тілінің фонетикасы туралы жүйелі мағлұматты Құдайберген Жұбанов берген. 1932-1933 ж – оқу жылында КазПИ-дің залында өз лекциясын Қазақ тілінің фонетикасынан бастаған:1;Фонетика нендей ғылым? 2; тіл дыбыстарын қалай танып келдік, қалай тануға тиіспіз? деген мәселелерден бастаған. Фонетиканың зерттелу нысанын (обьектісін) анықтап, дыбыстардың өзіне тән қасиеттерін белгілейді;1; фонетика дыбыс болған жердің бәрін тексермейді, 2; фонетика адамның шыққан дыбыстардың бәрін зерттемейді.3; музыкада дыбыс, бірақ ол фонетика емес,4; бір тілмен сөйлейтін адамдардың дыбыстарының бәрін тексермейді,5; фонетика тілдік дыбыстарды тексереді,-дейді ол. «Фонетика»- дыбыс тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін тексеретін ғылы» , -деген пікіі бар. 1936 жылғы Қазақстан баспасына шыққан «Қазақ тілі грамматикасының» 4 бөлісмі сөздің дыбыс құрылысына арналған. «Дыбыс деген не?; дыбыс пен мағына; дыбыстардың саны мен сапасы мәселелері» сөз болған. мысалы; осы соңғы дыбыс сапасы мен саны туралы мәселеде І.Жан «Қойшы ойы» деген өлеңінде 488 дыбыс бар. Олар 488 түрлі емес, 28-ақ дыбыс бар, оның 1-і -10 рет,1-і -50рет қайталанады. Сөйтіп 488 болып тұр. Мұндай стилистикалық тәсіл қазірдің өзіндеде лингвистикада жиі қолд. тіпті арнайы сабақ бар. ол пән лингвистикалық статистика деп аталады. Қ.Жұбановтың осы еңбегіндегі пікірлеріне тікелей тоқталайық: қазақ тілінде сапасы жағынан 26 дыбыс, олырды 3-ке бөлесіз: дауысты; дауыссыз; сонар. А,Е,О,У,Ы,Ұ,Ү,І,Ө І. Дыбыстау түріне қарай дауысты дыбыстар 3 бөлінеді: 1.1) толық дауыстылар: а, е, ә, ө, о 2) келте дауыстылар; ы, і мен ү,ұ 3) қосынды дауыстылар: ұу,үу,ый,ій 2. жасалу түріне қарай : 1) ерін дауыстыла: о,ө мен ұ,ү 2) езі дауыстылар: а,ә, ы, і, е ІІ. Дауыссыз дыбыстардың салдары басымдар: қ,к,ш,с,т,п,б,,д,ж,з,ғ,г (12) дауыссыздарды: үнділер, үнсіздер, үздіксіздер, көмей, тіс, ерін, жабысыңқы- жуасыңқы, сыбыр-сыбыс дауыссыздар деп бөледі. ІІІ.Сонар дауыссыздар: 1) тура жолды;у,й 2) айналма жолды:р,л,м,н,ң 3) мұрын жолды айналма: м,н,ң 4) ауыз жолды айналма; Р,Л дыбыстардың жасалуына дыбыс шығаратын апараттарға түгел тоқталады. Үнсіздер: қ, к, т, п, ш,с Үнділер: ң, г, д, б, ж,з Сонарлар: у, й, һ, л, м,н,р Көмей: к,қ, ғ, г,ң Ерін: п,б,у,м Тіс ; т, ш,с,д,ж,з,ң Таңдай: й,р жасалу түрлеріне: 1) жабысыңқы: қ,ғ,г,б,п, 2)жуасыңқы: т,с,д,з,ш,ғ,ж Профессор Қ.Жұбанов – ғылымда 1930 ж бастап көзге түскен ғалым. ол өзінің 1933 жылы «Политехникалық мектеп» деп аталатын журнал беттеріне жарияланған «Қазақ тілінің ғылыми курсу жөніндегі лекциялар» дейтін еңбегінде «Қазақ тілі- осы уақытқа шейін жүйелді түрден тексеріліп ғылым тезіне түспеген ғылым. бұл уақытқа шейін қазақ тілін зертеудің бәрі де тиіп-қашпа зерттеулер, терең қаралмаған, үстірт қана, негізгі мәселелерді қамтымаған. граммтикалық әдебиеттердің барлығы – мектеп граммтикалары, - деп жазды ол. Бұны сол дәуірдегі ғылыми дәрежеге беріәлген әділ баға деп тану керек. Жұбановтың ғылыми курсы фонетикадан бастап: ғылыми фонетиканың нысаны, тіл дыбысмтар, ғылымда орныққан пікірлер, оларға автордың өз көзқарасы тәрізді мәселелрде ғана қамтии алды. оны анықтауға ғалымның өмірі жетпеген. лекцияның соңына жалғасы бар деген белгі ұсынған. Ғылыми фонетикаға қатысы бар тағы бір еңбегі: «История фонетики каз. яз.» деген атпен 1935 жылы мақала түрінде жарияланған. мұнда да тарихи фонетика кіріпсе бастама пікір ғана айтылған. Қ.Жұбанов жекелеген тіл салаларына тоқталған. «Қазақ сөздерінің буындық құрамы мәселесінде: буынның тек дауысты дыбыстар арқ жасалатынын түсіндіре келіп, құрамындағы дыбыстар соңына қарай 1 дыбысты екі дыбысты, 3-4 дыбысты» деп бөледі. Әрқайсысының қандай дыбыстық құрамында болатынын тоқталады. Жұбановтың үндестік заңдары мен екпін мәселесіне тоқталған піәкірлері бар. 1940 ж шейін мектеп оқулығы дәрежесіндегі грамматика болғаны рас. Н.Сауранбаев қазақ тілінде 32 фонема бар дейді: а,ә,б,г,л,е,(э),ж,з,и,к,л,м,н,о,п,р,с,т,у,ш,(ү),ы,і.қ,ө, ұ, ү, ң, е, ф,х. в, һ. 1953 ж Сауранбаев жоғарыдағы ф, х,в,һ дыбыстарын қазақ фонемаларының құрамынан алып, й, у сонар дыбыстарын қосады, 29 деп көрсетеді. 1954 ж «Қазіргі қазақ тілі» оқулығын (автор Смет Кеңесбаев) баспадан шығады. фонетикаға қатысты мәселелер жан-жақты қамтылған. Сондай да тарихи, эксперименттік салыстырмалы фонетикалық салаларының проблемалары шешілмеген еді. 1981 жылға дейін осы проблемалар бойынша бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды. Фонетиканың структуралық және математикалық жолымен анықтау, машина арқылы аударма жұмысын жүргізу мәселесі қолға алынды. Қазақ тілінің дыбыстары соңғы жылдарда эксперименталды зерттеліп, оның анатомиялық-физиологиялық акустикалық жақтарын анықтайтын Қазақстан Респуб Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында тәжірибе фонетиксының лабараториясы құрылды. Апараттармен жабдықталған лабароторияла тіл дыбыстарының ждсалу орнын дәл , анық білуға акустикалық сапасын анықтаужұмысы жүргізіледі. Қазіргі қазақ тілінің тәжірибе фонетикасы бойынша Ә.Жүнісбековтың «Қазақ тілінің дауысыталы артикуляция-спектралдық жағынан талдау» деген жұмысы, М.Райымбекованың «Қазақ дауыстылардың созылыңқылығын зерттеу» , С.Татубаевтың «Дауысты дыбыстар спектіріне статистикалық талдау» зерттеулері бар. Қзақа тілінің дыбыстық жүйесі басқа да түркі тілдерімен салыстырыла зерттеліп жүр. Б.Қалиевтың Қазақ , қарақалпақ тілдеріндегі салыстыра қаралған еңбегі . Тарихи фонетикаға байланысты жазылған еңбектерде Орхон-Енесей жазба ескерткіштері , ортағасырлық әдебие мұраларының дыбыстық жүйесі мен қазақ тілінің тарихи фонетикасына байл зерттеулерді атауға болады. Ә.Құрысжанұлының «13-14 ғ ескі қыпшақ эазба ескерткіштері тілінің фонетикалық құрылысы» . Ж.Аралбаевтың: «Қазақ тілінің тарихи фонетикасы», Ғ.Айдаровтың «Орхон-Енесей жазу нұсқаларының фонетикасына мағлұмат», Қ.Ш.Хұсайыновтың «В.В.Радловтың еңбектерінде қазақ тілінің фонетикасы мен лексиканың зертелуі» атты еңбектері т.б. Фонетиканың даму, қалыптасу жолдары. Тіл білімінің бір саласы б.т\ын фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары-күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы (комбинациясы) арқылы жасалады. Дыбыстардың тіркесуі тілде қалыптасқан белгілі бір заңдылықтарға негізделеді. Фонетиканың зерттеу нысаны: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, дыбыстардың өзара іштей жіктелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, буын, екпін, орфография мен орфоэпият.б. фонетика ғылымы алға қойған мақсатын ақарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар: сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы. 1)Салыстырмалы фонетика-тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастырады (синхрониялық). 2)Тарихи фонетика (далахрониялық) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. 3)Салыстырмалы фонетика- тілдің дыбыстық жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, олардың айырмашылықтарын қарастырады. 4)Салғастырмалы фонетика-тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әр түрлі басқа да тілдермен салыстыра зерттейді. М: қазақ тілі мен орыс тілдерінің не қазақ тілі мен араб тілдерінің байланыстылығын тіл дыбыстары деңгейінде зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айрым белгілерін анықтауосы салғастырмалы фонетиканың міндеті. Қазақ тілінің фонетикасы туралы алғаш пікір Ильминский еңбегінде айтылады. Оның 1860ж жазылған, «материалы кизучению киргизского наречие» деген еңбегі бар. Одан кейін Радлов еңбектерін атауға болады. Ал қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, есімдерімен байланысты. А.Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» атты оқулығы қазақ тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосты.Бұл еңбегінде автор дыбыс, дыбыс түрлері, жіктелуіне тоқталған. Ал Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер»1966ж жарық көрген еңбегінде осы фонетика мәселесі де сөз болған. Сонымен қатар Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, Базарбаева, т.б.көптеген ғалымдар өзіндік пікрлер айтып, фонетика саласын зерттеген. Дыбыстарды жіктеу принциптері. Дыбыс. Дыбыстардың жіктелу принциптері. Түрлері.Адамның тілінің дыбыстық жағы сөйлеу кезінде іске асады. Ұзақ ғасырлар бойы дамып келе жатқан тіл, ең алдымен, ауыздан-ауызға ауызша айту нәтижесінде жеткізіліп келеді.Адам ең бірінші сөйлеуді үйренеді. Қазіргі қоғамымызда жазу кең тарағанымен,айту маңыздырақ, себебі әр адам алдыме сөйлеуді үйренеді де содан соң жазуғк көшеді. Сөздің өмір сүру формасы дыбыс болғандықтан, үндемей ойлау, жазу, оқудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты болады. Ал әріп-сол дыбысқа берілген шартты таңба. Сонымен дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Тіліміздегі сөздердің дыбыстық жүйесін олардың құрылысын, қолдану ерекшеліктерін, әр дыбыстың сапасын, жасалу жолдарын , т.б.қасиеттерін меңгеру арқылы нақтылы фонетикалық заңдылықтарды түсінуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар дауысты және дауыссыз болып 2 үлкен топқа топтастырылады: қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлерді орыс ориенталистері Н.И. Ильминский, В.Радлов, Мелиоранский, Н. Созантов т.б. еңбектерін атауға болады. Ал қазақ ғалымдарынан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Мырзабеков, т.б. атауға болады.Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а,ә,е, и,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,э. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар тілдің қатынасына қарай, жақтың қатынасына, еріннің қатынасына қарай деп 3 топқа жіктеледі: Тілдің қатынасына қарай:жуан: а,о,ұ,ы,у; жіңішке: ә,ө,ү,і,е,у,и. Жуан дауыстыларды айтқанда тіл сәл артқа қарай тардылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішке дыбысты айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Еріннің қатынасына қарай: еріндік : о,ө,ұ,ү,у,. Езулік:а,ә,ы,і,е,и. Еріндік даауыс-ы айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Жақтың қатынасына қарай: Ашық: а,ә,ө,о,е,; қысаң: ұ,ү,ы,і,и,у. Ашық дауыстыларды айтқанда үсііңгі жақ қозғалмай, астыңңғы жақ барынша төмен түседі де, қысаң дауыстыладрды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі.Тілімізде дауыссыз дыбыстар саны 26. Ауаның өкпеден еркін шықпай, дыбыстау мүшелерінің біріне соқтығысуы арқылы жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстар акустика-артикулациялық ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді.1. Дауыстың қатынасына қарай: қатаң: п,ф,к,қ,т,ш,с,х,п,ц,ч; ұяң:б,в,г,ғ.д,д,ж,з; үнді л,м,н,ң,р,й,у; Айтылу жолына қарай: шұғыл :п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч,м,н,ң, ызың:ф,в,с,ш,ж,з,х,һ,ғ,л,й,у, діріл: р. Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де шұғыл қайта жалғасады.Ал ызыңды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады. Діріл дауыссызы тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.3жасалу немесе айтылу орнына қарай: ерін фонемалары: п,в,б, ф,м,ц; тіл фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,ң,л,р,й. Көмей фонемасы:һ. Дауысты дыбыстардың жіктелуі. Ф.Оразбаева, Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі»бойынша: Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Себебі дауыстылар немесе вокализмдер(лат. Дауысты)- сөздің жаны, сөздің жанды тамыры. Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған десек те болады. қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлер орыс ориенталистері Н.И.Ильминский, В.в.Радлов, П.М.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов т.б. зерттеушілердің еңбектерінен табуға болады. Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А.Байт есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты(а,о,ұ,ы,е), он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты деген. Қорыта айтсақ, А.Байт еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі 9 дауысты дыбысты көрсетеді:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,і. Латын жазуына көшумен А.Байтұрсынұлы көрсеткен дауыстыларымыз жеке-жеке таңбаланды да, өз ішінен жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік түрінде жіктелді. Белгілі лингвияст Қ.Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген мақаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударды. Ал автордың «Қазақ тілі граммтикасы» еңбегінде 1936ж бұлар қосынды дауыстылар қатарына енді. 1938 жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қабылданған қаулысы бойынша ең алдымен жазудың принципі өзгерді. Бұғанға дейін жазуда басшылыққа алынатын фонетикалық принцип морфологиялық принципке ауыстырылды. Қазақ алфавитіне жаңадан х,,ф,втаңбалары енгізілді. Қаулыға сәйкес қазақ тілінде а,е,ә,о,ұ,ү,ы.і.и.у,ө дауыстылары нақтыланып, снаы 11-ге жеткізілді. 1940 жылы орыс жазуына көшуге шешім қабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақтап жазуға ден қойылғандықтан, дауыстылардың саны тағы да ұлғайды. Осыған орай, С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген мақалаларында қазақ тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді. Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен бірге келген э,ю,я әріптері қосылды. Осы мақаладан кейін жарық көрген тілші М.Балақаевтың «Қазақ тілінің граммтикасында» 13 дауыстыны (а,о,ұ,ү,і,э,е,у,и.я,б) көрсетеді. 1944 жылы Ғ.Бегалие пен Н.Сауранбаевтың педучилише оқушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілінің граммтикасы» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Мұнда бұрыннан келе жатқан дауыстыларға э дыбысы қосылып, дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді. 1954 жыыл «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл еңбекте қазақ тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы деп атасақ та болады. мұның фонетика тарауын академик С.Кеңесбаев жазған бұл оқудлықта қазақ тілінде 11 дауысты көрсетілді. Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлер мен қалыптасқан көзқарастарды таразылап, қазақ тілінің табиғатын жаңа қырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Ә.Жүнісбеков: «Строй каз языка.Фонетика» деген еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді. Тілші С.Мырзабеков сөздерінің құрамындағы и,у дыбыстарын тілшілеріміз айтып жүргендей дифтонг та, дифтонгойд та емес, әріп деп қарастырып, олардың әрқайсысына екі дыбыстың ұу,ыу,іу,ый,ій қосындысы екенін айтады. Бүгінге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз (а,ә,о,ө,ұ,у.і) дауысты дыбысы бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің әсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын 12 деп көрсетеміз: а,ә,е,и,о,ө,ұ,ү,у.ы.і.э. Қазақ тіңліндегі дауысты дыбыстар жалаң(монофтонг) және құранды (дифтонг)болып 2 бөлінеді. Жалаң джауыстыларға мыналар жатады: а,ә,ы,і,ұ,ү. Құранды дауыстыларға : е,и,о,ө,у Белгісіз автор: Дауысты дыбыстар олардың фонетикалық сипаты. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар акустикалық және артикуляциялық қасиеттерін еқарай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып 2 үлкен топқа бөлінеді. .Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а,ә,е, и,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,э.Қазақ тілінде дауысты дыбыстар: тілдің қатынасына қарай жуан, жіңішке; жақтың қатынасына қарай: ашық, қысаң, еріннің қатынасына қарай: еріндік, езулік болады. Жуан: а,о,ұ,ы,у; жіңішке дауыстылар: ә,ө,ү,і,и,э,е. Жуан дауыстылар дегеніміз-тілдің ұші кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар. Жіңішке дауыстылар деп-тілдің ұшы ілгері қарай созылып жатуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды айтамыз. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық д.дыбыстар дейміз. Оларға:а,ә,ө,о,е. Қысаң дауыстылар дегеніміз-жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды айтамыз: ы,і,ұ,ү,у,и; Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы рақылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дыбыстылары дейміз. Оларға: о,ө,ұ,ү,у. Ал езудің кейін тартылуы арылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауысты дыбыстар д\з: а,ә,ы,е,і,и,э. Дауыстылардың айтылу, жазылу ерекшелктерін талдай келіп, жекелеген дауыстыларға мынадай сипаттама беруг еболады. А-тілде ең көп кездесетін, көнеден келе жатқан дыбыс. А сөздің кез-келген буынында келе береді.а-жеке тұрып сөз, сөздерге жалғанатын қосымша да бола алады. Ал ә дыбысы сөздің басқы буындарында ғана сирек кездеседі. ә дыбысы жіңішке буында келеді. Ы, і, е дыб-ы езулік, қысаң және қолданылуы жағынан бір біріне ұқсайды. Ы, і, е дыбыстары сөздің барлық буындарында жазылады. ө,о,ұ,ү дыбыстары көбіне сөздің басқы буындарында жазылады. И дыбысы орыс тілі арқылы енген сөздердің құрамында ғана кездеседі. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, түрлері. Ф.Оразбаева, Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі»бойынша: Тілімізде дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда саны -25, кейде26. бұл щ дыбысына байланысты туындап отыр. Фонетиканың бас оқулығында «Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,у,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң» дейді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер-дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп болған жоқ. Мысалы: ат,ет, от, өт. мұнда бір ғана т-ның 4 үрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік(ат), жіңішке езулік(ет), жуан еріндік(от), жіңішке еріндік(өт). осындай қасиет у-дан басқа дауыссыздардың бәрінде де бар. Ал у тек жуан еріндік(у) және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә.Жүнісбековтің айтуынша, «қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингорматиптен немесе 66 сингорма-дауыссыздан құралады. Басқаша айтқанда 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар: б,ғ,г,д,ж,з,й,қ,-к,л,м,н,ң,,п,рс,т,у,ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в,ф,х,һ,ц,ч дыбысы жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар. Қазақ тіліндегі дауыссыздыбыстардың саны Н.Ильминскийден бастап кешегі 40ж дейін көбіне 19 делініп келді. Кей текстер мен сөздіктерде қ,ғ мен к,г арқылы берілетін жайлары да кездеседі. Сондай-ақ й,у (кейде р,л) дыбыстарын кезінде А.Байт, х,Досмух және басқалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі. Жоғарыда Ә.Жүніспеков көрсеткен в,ф,ц,ч дыыбстары негізінен орыс сздерімен бірге енгені анық. Фонетиканың бас оқулығында акад.І.Кеңесбаев: «Орыыс графикасы негізінде қазақ әдебюи тіліне в,ф,ч,х тәрізді фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады: «Екі тілде «қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в,ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары еебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады. Дауыссыз дыбыстар аустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай 3 жіктеледі:олар: 1. дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:а) үнділер: л,м,н,ң,р,й,у; ә) ұяңдар: б,в,г,ғ,д,ж,з;б) қатаңдар: п,ф,к,қ,т,ш,с,х,һ,ц, чұяңдар мен қатаңдар үнсіздер делінеді. 2. дауыссыздардың айтылу (ауаның шығу) жолына қарай: а) шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч.м,н,ң; ә) ызың (фрикатив)дауыссыздар: ф,в,с,ш,ж,з,һ,ғ,л,й,у; б) діріл дауыссыз;-р 3. жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай: а) ерін (лабиаль) фонемалары: п,б,в,ф,м,у; ә) тіл (лингваль) фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч.кг.қ,ғ,х,ң,л,р,й; б) көмей (фарингаль) фонемасы:-һ тіл фонемалары 3 бөлінеді: а) тіл алды: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,н,л,р; ә) тіл ортасы: й; тіл арты: г,ғ,к,қ,ң,х белгісіз автор: Дауыссыз дыбыстар. Фонетикалық сипаты. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар акустикалық және артикуляциялық қасиеттерін еқарай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып 2 үлкен топқа бөлінеді. Өкпеден шыққын ауаның кедергіге ұшырап, дыбыстау мүшелерінің біріне соқтығуы арқылы жасалған дыбыстарды дауысссыз дыб.д.а. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс ба. Олар :б,в,г,ғ,д,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,р,с,т,(у), һ,х,ц,ч,ш,қ,ф. Дауыссыздар үн мен салдыр қатынасына қарай қааң, ұяң, үнді болып 3-ке бөлінеді. Тек қана салдырдан жасалған дыбыстар қатаң бауыссыз дыб-р д.а. Оларға : п,ф,к,қ,т,ш,с,х,п,ц,ч; дыбыстары жатады. Үн мен салдардың қатынасы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дау\з дыб\р д.а. Бұларда үн мен салдыр басым болады б,в,г,ғ,д,з,ж,һ. Ал үн мен салдырдың қатынасынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дауыссыз дыбыстар д\з: л,р,м,н,ц,и,у. 2)Дау\з дыб\р айтылу жолына қарай:шұғыл дауыссыздар:п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч,м,н,ң,; ызың дауыссыздар: с,ш,щ,ф,в,ж,з,ғ,л,у,ш,; діріл дауыссыздар:р болып бөлінеді. Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері бір іріне жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл қайта жасалады. Ал ызыңды айтқан кезде дыбыстау мүшелері бір біріне жуысып, ауаның жолын барынша тартады. Діріл дауыссызы (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады. Жасалу не айтылу орнына қарай:ерін фонемалары:п,б,м,ф,в,у; тіл фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,қ,г,ғ,х,ң,л,п,һ,й; көмей фонемасы б\ып 3-кежіктеледі. Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық негізде жіктелуі. Сапархан Мырзабек «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» 1999: Жасалу немес айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен 3 топқа бөлінеді: а) ерін (лабиаль) фонемалар: п,б,в,ф,м,у; ә) тіл (лингваль) фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,гқ,ғ,ң,л,р,й; Б) көмей(фарингаль) фонемасы: һ. Ерін фонемалары іштей еріндік «п,бм,у) және ерін мен тіс (ф,в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п,б,м) немесе дөңгелене ерін үстіңгісі (күрек) тіске жуысады. Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады: тіл фонемалары үшке бөлінеді: а) тіл алды: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,н,л,р; ә) тіл ортасы: й; тіл арты: г,ғ,к,қ,ң,х. Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы т.б. түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады және оның проктикалық мәні аз. Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерінің қатысын (артикуляциясын) білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен,қан, қон сөздерініңң соңындағы н дыбысы қосымша жасалған кезде ң (айтылуы қаңға, қоңған) кейде м (айтылуы «(қанмен, қамды)болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты. ҮНСІЗДЕР:артикуляциялық жақтан ұқсатығының арқасында б,п, және м фонемалары қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында бірін-бірі үнемі алмастырып отырады: мысалы: -бын/-пын/-мын;-мыз/-пыз/-быз; -мен/-бен/-пен, -ма/-ба/-па т.б. сөздің басқы, соңғы позицияларында бұл екі фонема көрші дыыбстардың әсерінен бірімен-бірі алмасып отырады: ақпаба(ақ бала), сәрпай (сәтбай), қабады(қап-ады). Мұның үстіне п кейде у-ға айналып кетеді: тауып(тап-ып), жауып (жап-ып), теуіп (теп-іп). І.Кеңесбаевтың айтуынша, дауыстылар аралығындағы келген б дыбысы? А) б мен в-ның аралығынан айтылады. ә) «ауызекі тілде сол дыбысқа таяу айтылды. Б) в-ға әнтек бейімделу айтылады. М.Дүйсебаева: «Қазақ тіліндегі қос ерінді (билабиаль) б дыбысы екі дауысты дыбыстың арасында, сонар дыбыс пен дауысыты дыбыстың арасында , ұяң з дыбысы мен дауысты дыбыстың арасында в дыбысына жуық айтылады. Мысалы: Бурабай, әрбір, Ақтөқбе, қабақ, әдеби, жазба, жабу, табу, сабақ сөздері Бұуравай, әрвір, ақтове, қавақ, әдеви, жазва, жавұу, тавұу, савақ түрінде айтылып тұр»,-дейді. А.Айғабылов в-ның өрісін ұзарта түседі. Оның түсінгенше, дыбдыр, сыбдыр, күбжіңде, абзал сөздері «тек дывдыр, күвжіңде, авзал» түрінде айталыды., сондай-ақ «алып жібер, сатып же, доп жоқ тіркестері айтылуда алыв жібер, сатыв же, дов жоқ болып айтылады. М.Серғалиев: «Қазақ тілінің табиғатын толық игергісі келген адамның сөйлеу тіліндегі б дыбысының әр алуан дыбысталуын білгені жөн. Сөз ішінде немесе сөз аралығында а,ә,е, о,ө,ұ,ы,і дыбыстарынан кейін екі дауысытының аралығында, сондай-ақ з,й,л,р,у дауыссыздарынан кейін келсе және д,з,ж, дауыссыздарының алдында тұрса, в дыбысына жуық айтылады: жав-жаңа, (жап-жаңа), бір вет(бір бет), бөкевай (бөкебай), кевенек(кебенек). 1941 жылы М.Балақаевтың үлкендер мектебіне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» өңделіп 3-рет басылды. Қаулы мен енген аталған үш әріп (в,ф, х) дауыссыздарыдың қатарынан орын алды. Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу даму ,жолдары» (1987) д.а. еңбегінде аталған әріптердің қөазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сыналып ені жолын қадағалайды. Ол 1944 жылы педучилищеге арналған «Қзақа тілі грамматикасы» оқулығының авторлары Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтің «қазақ сөздерінде қолданылмайтын ф,в,х дыбыстарын қазақ фонемалары тобына қосуларына... қосылуға болмайды»,-десе, «Аталған оқулығының түзетіліп, тек өз атымен ғана 1953 жылы шыққан басылымында Н.Сауранбаев жоғарыда көрсетілген ф,х,в,һ дыбыстарын қазақ фонемалары құрамынан шығарып» тастағанын айтады. ҮНДІЛЕР. Үнді дауыссыздарыда салдырдан үн басым болады да, олар «н –нан» басқасы дауысыталыр сияқтыөзге дыбыстарыдың әсерінен алмасуларға ұшырамайды. М фонемасы артикулияцисы жағынан ұяң б мен ұқсас тек м*да дауыс басым, ауа мұрын арқылы шығады. Үнемі м сөздің барлың позициясында актив қолд және өзге дыбыстардың ықпалынан өзгеріске түспейді. Сөз басында 20955 сөзде ұшырайды. Бұл жағынан ол алғашқы ондықтың қатарында тұр. Н фонемасы тіл алдының үстіңгі күрек тісіне (қызыл иекке) нық тиіп, тиез ажырауынан жасалады. Тіл ұшы төменгі күрек тіске тіреледі. Не сәл жоғарырақ тұрады. Ауа мұрын қуысы арқылы шығады. Н сөздің барлық деңгейінде ұшырайды. Бұл фонемадан басталатын 788 сөздің дені өзге тілдерден енген сөздер. Н өзінен кейінгі көрші п,б,м еріндіктердің әсерінен м: Жампейіс(Жанпейіс), жамбады (жанбады), қаммен( қанмен) және қ ,к,ғ,г-нің әсерінен ң: жаңға(жанға), кеңге(кенге), сәңқой(сәнқой) болып айтылады. Ң фонемасын айтқанда тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жымдасады да тез ажырайды, ауа мұрын жолы арқылы шығады. Ауаның шығу жолына қарай м,н,ң мұрын жолды үнделер д.а. Ң сөз басында мүлдем кездеспейді, ал қалған позицияларда актив қолд, бірақ өзгеріске ұшырамайды. Буын ң-нан бастала береді:жа-ңа, әке-ңе,ата-ңа, ө-ңеш т.б. Л фонемасын айтқанда тілдің ұш жағы үстіңгі күрек тіспен қызыл иекке тіреледі де , орта тұсы ой түсіп, арт жағы жұмсақ таңдайға қарай көтеріліп, кейін тартылады. Тілдің екі бүйірі тқмен түмсіп ауаның өтуіне мүмкіндік береді, мұны әдетте қос бүйір фонема дейді. 2.Буын. Буынның түрлері. Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі» Ф.Оразбаева бойынша: Қазақ тіліндегі буынның түрлерін Қ.Жұбанов 6-ға, Н.Сауранбаев 4-ке, С.Мырзабеков 2-ге бөледі. Ал С.Кеңеспабев 3-ке бөлуі барлық оқулықтарда қайталанып келеді. құрамындағы Дауссыз және дауысты дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тілінде буынның 3 түрі бар.: ашық, бітеу, тұйық буындар. Бұлай бөлу буынның теориялықта, практикалық та мәніне сай келеді. есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауссыздарды В әріпімен таңбалап, буынның түрелірн, оның дыбыстық құрамын бұлай өрнектеп көрсетуге болады. 1) ашық буын жеке дауыссыздан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Дыбыстық құрамы: 1. А:а,ә, а-на; ә-же,а-та, е-не, о-қы 2. ВА : ба-ла-сы, бі-лі-мі; 3.ВВА: ста-нок, ста-кан,4. ВВВА: стра-тег, стра-тегия, 2) тұйық буын –соңғы дауыссызз дыбысқа аяқталатын буын. Дыбыстық құрамы: 1. АВ: ат, от, ай 2. АВВ: ант,өрт, 3)Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауысызға аяқталады. 1. ВАВ: бас-тыр, бас-тық 2ВАВВ: қант, жалт-жұлт, 3.ВАВВВ: пнкут, центр, 4.ВВАВ: шкаф, крем,5ВВАВВ: спорт, штамп 6.ВВАВВВ: спектр. 7.ВВВАВ: штрек, штрих Байырғы қазақ сөздері, қала берді, бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. олар құрылымына қарай алты түрде ғана ұшырайды: А,ВА,АВ,АВВ;ВАВ,ВАВВ. Академик А.Қайдаров қазақ тілінде 1352 бір буынды түбір бар екенін анықтады. Құрылымына қарай солардың 1053 ВАВ,158 АВ, 117 ВАВВ, қалған үш түрі жиналып 40 –тан әрең асады. Буын категориясыСөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз.Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасайды.Буынға тән негізгі белгілер: 1)буын болуы үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуы қажет және оның саны бір буында біреуден артық болмауы керек. 2)буында мағына болмайды.Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. М: ат-ты-лар-ға деген 4 буынды сөздің ат(түбір), 2-ші буыны- ты (сын есім тудыратын жұрнақ) 3-ші буыны –лар (көптік жалғауы) 4-ші буыны –ға (септік жалғауы). 3) қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (бала-ларым-ыз-ды, а-на-ла-ры-мыз-ға т.б.) не жіңішке буынды болып келеді. (бе-ре-ке-лі, сән-ден-ді-ріп). 4)қазақ тілінің төлсөздері де, буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Сонымен қатар айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саны бір-біріне сай келуі шарт емес. Кейбір сөздердің жазылуындағы буын санынан айтылуындағы буын саны болса (М: литр сөзі айтылуында 2 буынды сөз болып айтылады), керсінше, кейбір сөздердің айтылуындағы буын санынан жазылуындағы буын саны көп болады (М: Сарыарқа деген сөздің құрамындағы қатар келген дауысссыздардың алдыңғысының түсіріллуі нәтижесінде айырылуда бір буын кемиді). Дбысқұрылысына қарай буын 3 түрге бөлінеді:1)Ашық буын-жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын түрін айтамыз.М: а-та, ба-ла, ы-ды-ра, ба-ла-сы т.б. 2)Дауыссыздан басталып, дауыссыздан аяқталатын буынды бітеу буын дейміз-нан, бастық, қант, тас, қарт т.б.3)дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын тұйық буын деп аталады. М:өрт, ат, ән,ырс-ырс, ас т.б. Буынның алмасуы, жылысуы. Сапархан Мырзабек «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» 1999ж: Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізі түбір сөздер (түбір морфемалар )мынадай болып келеді: 1) бір буынды: ай, ат, бау, бас.2) екі буынды: а-на,а-та, ә-ке, ба-ла.3) үш буынды: мұ-ға-лім, қа-на-ғат, қа-бі-лет.4) төрт буынды: ы-ра- қы-мет(рақмет),і-ре-зеңке(резеңке), 5) бес буынды: у-ни-вер-си-тет,по-лик-ли-ни-ка. Дыбыстың жылысуы. Сөйлеу кезіндегі ең кішкене единица (елеулі бөлшек)- буын. Жат тілде (мәселен, қытай тілінде) сөйлеп тұрған адамның аузынан жеке сөзден гөрі ылғи бір буындар тізбегі шығып жатқаны ұқсайтыны да содан. Ана тілінде сол буындардың белгілі бір тізбегінен сөз құралып, сөздер жымдасып, бунақ құрап айтылады. Сонда бунақ дегеніміз әлденеше буынның тұтасқан шоғырмағы деуге болады. Басқаша айтқанда, сөйлеу кезінде сөздер кейде жеке көбіне екіден, үштен ұстасып, кірігіп, топ құрап айтылды . Осындай топтарды бунақ дейміз. Фонетиканың бас оқулығында буындар арасында дауыстының түсіп қалуын(тоыр ат-торат), буын ығысуы, «дауыссыздың кейінгі буынға сырғуын» (аты-а-ты) буын жылысуы деп атайды. Соңғыны буын жылысуы дегеннен гөрі дыбыс жылысуы деген дұрыс болар. Буынның жылысуы мен кірігуі мәселесін алғаш айтқан Қ.Жұбанов деуге болады. «Буын жылысса, бір буынның дыбысы екінші буынға ауысады да буынның саны кемімейді?». Мысалы: айт-а-айта; айт-ар-айтар, жаз-ар-жазар. «Буындар кіріксе, буын буынның шегі өзгеріп қана қоймайды, саны да кемиді. Мысалы: ата ене,аға еке, жақсы ат деген айтуда атене, ағеке,жақсат болы кетеді (сонда). Соңғы жағдайда буын жігі қалай айрылатыны айтылмайды. Бұлардың арасында жылысатын тек дауыссыздар болатындықтан буын жылысуын дыбыс жылысуы деген жөн болар. Енді осы жылысатын дауыссызға назар аударайық. Бұл дыбыс бунаққа енген әр түрлі сөздердің (буындардың) арасын жымдастыратын, кіріктіретін дәнекер деуге әбден болады. соның арқасында : сарала(сары ала), мен сарала (етістік), алтай (алты –ай) мен Алтай(жалқы есім). Келесі буынға ылжыған дәнекер дауыссыз бастапқы үнін , реңін (жуан не жіңішке,қатаң-ұяң, еріндік-езулік қалпын) кейде сақтап көбінесе өзгертіп тұратыны бар. Буындар жігіндегі мұндай дыбыстар сөздерді біріне-бірін желімдеп, байланыстырып, қиюластырып зор фонологиялық қызмет атқарпады. Дыбыстың алмасуы. Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолд. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені, жазу сөздің айтылуы дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады.М.жан етістігінен өрбитіңн жанды, жанбады, жанған(жоқ) сияқты формаларда түбірдің басқы қаллпы сақталып жазылады. Алайда, осындағы н әрпі 3 сөз формада 3 түрлі дыбысталады. Тілдің табиғаты фонетикалық заңдылықты жақсы білгенде ғана мұның себебін нақты білуге, түсіндіруге болады. Алмасу-алтернация. (лат. Чередоания) әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші дыбытың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі. Әңгіме морфеманың дыбыстық құрамы болғандықтан, мұның өзі морфонологияның да обьектісі бола алады. Мұны былай түсіну керек: жан,жанбады, жанған-3 түрлі сөзформа.: олардың лексикалық мағыналары бірдей себебі түбірі (жан) ортақ. Сонымен дыбыстық алмасу фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстардың) нәтиждесі мұны комбинаторлық (лат. Біріктіру/тіркестіру) немесе позициялық (лат. Жағдай-шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. Кенет пайда болған, байланныссыз) өзгеріс түр де танылады. Қазақ тіліндегі үндестік заңы. Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі» Ф.Оразбаева бойынша: Адамның тілі – дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылық, жүйе болатыны айтылды. Морфемалардың бірыңғай жуан немесе жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруы дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз. Фонетиканы жақсы меңгеру арқылы қазақ тілінің үндестік заңын аңғаруға , айқындауға болады, мәселен: қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның немесе сөз бен сөздің арасында қатаң к,п,қ дыбыстарының дауыстылармен (сондай –ақ үнді, ұяңдармен) де қатар тұру мүмкіндіктері жоқ деуге болады. ал морфемалардың құрамында бұлар қатар тұрады, айталы береді:апа, әке, ақыл , - еке(Асеке, қалеке, басеке). Бұл тарихи дамудың нәтижесі. Әсіресе, морфемалардың аралығында (мұны жігінде, жапсарында деуге болады) қатар келген дыбыстар (буындар), олар акустика-артикуляциялық жақтан үнемі бір-бірне жуықтап өзара үйлесіп, тіл табысып тұрады. Қазақ тілінде көбіне алдыңғы дыбыс (буын) өзінен кейінгі дыбысқа (буынға) ықпал етіп игереді. Мұны тіліміздегі қосымшаның көп вариантты болып, келуінен көруге болады. мәселен, бір ғана көптік жалғауы 9 нұсқада ұшырайды. Оның аталуы (-лар,-лер/дар/дер/тар/тер) орфонографиялық норма болып есептеледі де, қалған үшуі айтуда ғана кездеседі. Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән негізгі үндестік заңдар төмендегідей: 1) түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады; 2)Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша жіңішке болып келеді; 3)Түбірдің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады. 4) Т.бірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады. 5) Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады. Ерін үндестігі. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі деп атайды. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс.М:Түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту яғни ерін үндесітігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылықтар түрінде танылады. Қазақ тілінде ерін үндесітігі бар ма, бар болса, неше буынға жететін дейтін мәселе әлі күнге дейін толық шешімін таба алмай келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында піікр айтушылар академик І,Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып отыр. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндесітігі тіпті еленбейді болады. осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды». Еріндіктерді «бас буыннан басқасын да келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді» -деп жазуда шектеген А.Байт екені белгілі. Бұған қарағанда олар бас буыннан басқа буында айтылмайтыфн сияқты. Ерін үндесітігін аңғарып, айқындау үшін орыс тілді зерттеушілердің қазақ тілі жөніндегі еңбектерін екшеп , зерделеу керек болды. Сол үшін де біз оларға бірақ тоқталған едік. Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндесітігі мықты болғанын ірі түркологтар В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. ғалымдардың еңбектерінен жақсы көруге болады. академик В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречий» д.а. еңбегінде қазақ (кітапта қырғыз) сөздерін мол қамтыған. Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылған ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін үндестігін айқындау мүлдем қиын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В.В.Радлов қазақ сөздерін : бөлтүрүк , дүрүлдө, тоқшұлұқ түрінде жазылған. Қазақ тілінің гшраммтикасын жазған профессор П.М.Мелиоранский қазақ сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүң, төрөлөргө, төрөлөрдө,төрөлөрдөн, төрөлөрдө, төрөлөрдөй деп септеп, жүдөгөй, жүдөгүймүн, дүдегүйсүң, жүдөгөйсүз деп жіктейді. Сингормониз-тіліміздің тарихи дамуның нәтижемсінде қалыптасқан заңдылық, өзге тілдерден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым. Тіліміздің табиғи жарасылымдылығына ерін үндестігі де жатады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жүйелі түрде зерттеп жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков ерін үндестігін тіл үндестігімен қатар қояды: олардың тілдегі қызметі мен маңызы, қолд ұқсас екендігін ерін үндестігінің күшін бірер буынмен шектеуге әсте болмайтынын айтудай-ақ айтып, дәлелдеп жүр. Оның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған Ұ.Шүленбаева да осы пікірді қуаттап, көп буынды сөздер тұтасымен еріндік болып айталады деген тұжырым жасады. Буын үндестігі – сингармонизм. Майра Жүнісова «Қазіргі қазақ тілі» оқулық бойынша: Сингорманизм (грекше бірге және байланыс, үндесу) түркітілдеріне тән ең күшті заң. Осы уақытқа дейін сингорманизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді. Түбірдегі дауысты жуан не жіңішке болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан не жіңішке болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты. Біртіндеп, сатылап барып, бір буын екінші буынды үйлестірумен бара-бар сөздердің барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы , яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты,бірімен-бірі үндесіп тұрады. Сингорманизмнің басты фонологиялық қызметі қазақ сөзінің өн бойында біркелкі тембердің (фр. Дыбыстың сапасы болуы) сақталуында. Үндіеуропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік (фр. Мағына айқындаушы) қызметін түркі тілдерінде сингорманизм (сингорма) атқарады. Бір ғана дыбыс тілінде түсінетін т. ат, ет, өт, от сөздерінде т,т, Т, т болып 4 түрлі (езулік-жуан, езулік-жіңішке, еріндік-жуан, еріндік жіңішке). Дауыстылардың сингормотиптері жақты қызметіне сай келеді де 3 түрлі болады.1) қысаң дауыстылар дқ, 2)ашықтар да, 3)дифтонгілер-жартылай ашықтар (дд). Сингорманизм туралы тың тұжырымдарды тыңғылықты қабылдап, тиянақты қалыптастыруда осы ұғымға орай қолд терминдердің де маңызы зор. Қ.Жұбанов «сингормонизм грек сөз. Қазақшалағанда – үндесу деген болады». Ә.Жүнісбеков сингорманизмге байланысты қоладнылатын терминді ұсынады тек орыс тілінде. Яғни, дауыстылар үндестігі 4 түрге бөлінеді. 1. сингорманизм-дауыстылар тіркесі үйлесітк 2. аккомодация-дауысты-дауыссыздар тіркесі-бейімдестік 3. ассимиляция-дауыссыздар тіркесі-ұқсастық 4. диссимиляция. Сингорманизм тіл және ерін үндестігі түрінде қарастырылады. Мылтықбай Қараев «Қазақ тілі» 1993: Басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінің дыбыстары да сөз ішінде, сөз бен қосымшаның, сөз бен сөзддің арасында, бірімен-бірі үндесіп, біріне-бірі жасалуы, айтылуы жағынан үйлесіп отырады. Мысалы: бала-лар, ана-лар, мектеп-те, қыстақ-та деген сөздерге қосылған қосымшаларды алайық. Бала, ана деген сөздер үннен тұратын дауыссыз дыбысқа аяқталған. Дауыссыз дыбыстардың ішінде үні көп дыбыстар- үнді дыбыстар. Сондықтан дауыстыға аяқталған сөзге үнді дауыссыздан басталатын қосымша жалғанып, олар бір-бірімен үн жағынан үйлесіп тұр. Сол сияқты мектеп, қыстақ сөздері қатаң дауыссызға аяқталғандықтан оларға қатаңнан басталатын та/те қосымшалары жалғанып олар салдыр жағынан біріне-бірі үндесіп тұр. Сонымен бірге , бұл мысалдардың бәрі жуан жіңішке болып үндескен. Бала , ана, қыстақ деген сөздер жуан болағндықтан, оларға жуан қосымшалар жалғанған. Мектеп деген сөз жіңішке болғанды |