ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Бюджеттік сыпыптама. Бюджет балансы. Бюджеттік кредиттер Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады. Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады. Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады: кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері; шығындар; таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу; қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер; бюджет тапшылығы (профициті); бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары. Бюджеттік сыпыптама. Бюджет балансы. Бюджеттік сыныптама / Бюджеттік жіктелім - бюджетке түсетін түсімнің және бюджеттен жұмсалатын шығынның орталық атқарушы орган бекітетін атқарымдық, идаралық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастырмасы. Бюджеттің кірісі мен шығысы, сондай-ақ оның тапшылығын қаржыландыру көздері заң жүзінде белгіленген бір текті белгілер бойынша топтастырылады.Бюджеттің кірістері мен шығыстарының егжей - тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңгай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысты қамтамасыз етеді; дара сметалар мен қаржы жоспарларын жиынтық сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттік көрсеткіштердің үйлесуі мен салыстырымдылығын қамтамасыз етеді. Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры. 19. Бюджеттік үдеріс, оның кезеңдері. Бюджеттік үдеріс / Бюджеттік процесс - мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және оған басқа да қатысушылардың бюджетжобаларын, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің жобаларын жасау және қарау жөніндегі, осы бюджеттерді бекіту және атқару жөніндегі, сондай-ақ олардың атқарылуын бақылау жөніндегі құқықтық нормалармен тәптіштелетін қызметі. Бюджеттердің құралуының негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Қазақстан аумағында бюджеттердің құралуы мен атқарылуын реттейтін басты акт — Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі (24.04.2004). Бюджеттік үдеріс төрт сатыны қамтиды, олар: бюджет жобаларын жасау; оларды қарау; бюджеттерді бекіту; бюджеттерді атқару. Бюджеттердің атқарылуы. Мемлекеттік, аумақтық және салалық бағдарламаларды, мемлекеттік органдарды дамытудың стратегиялық жоспарларын қаржыландыру. Бюджет жүйесінің буындары арасында кірістермен шығыстарды бөлу. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп.Жергілікті қаржылардың мәні, қаржы жүйесінің құрамындағы олардың орны. Өңірлердің әлеуметтік экономикалық дамудағы жергілікті қаржыларың маңызы. Қаржылық саясатты жүргізудегі басқарудың жергілікті органдары дербестігінің проблемалары. Жергілікті бюджеттердің кірістері, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық құрылымды дамытудағы олардың рөлі. Арнаулы экономикалық аймақтардың (АЭА) және технопарктердің қаржысын ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы олардың рөлі. Басқарудың жергілікті органдары мен жекеше бизнесті ұйымдастырудың нысаны ретіндегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар. 20. Бюджеттік бағдарламалар. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң тiкелей нәтижесi - бұл бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң есептi кезеңде ұсынған қызметтерiнiң (орындалған жұмыстарының) көлемiн сипаттайтын сандық көрсеткiш. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң соңғы нәтижесi - бұл бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджетті атқару процесiнде мемлекеттiк саясат мақсаттарына қол жеткiзуiн сипаттайтын сапалық көрсеткiш. Көрсетілген өлшемдер өлшенетiн және тексерілетiн болуы тиiс. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалаудың сапалы деңгейiн және бағдарламаны iске асырудың жоғары нәтижелерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне тиiстi бюджет комиссиясының шешiмi бойынша алдағы қаржы жылына қосымша бюджет қаражаты көзделуi мүмкiн. Бюджеттік есеп / Бюджет есебі — бюджеттің атқарылуына және бюджеттік мекемелер шығысының сметаларына бухгалтерлік есеп жүргізу; шаруа- шылық есебі бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі. Бюджеттік есеп барлық деңгейдегі бюджеттердің атқарылуы барысы туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің, қорытындылаудың ғылыми негізделген жүйесі болып табылады. Шаруашылық есебін жүргізу жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде бюджеттік есепте оның үш түрі қамтылады, олар: бухгалтерлік есепте басты рөл атқаратын оперативтік, бухгалтерлік және статистикалық бюджеттік есеп. Бюджеттік есепте бюджеттердің атқарылуы үдерісімен байланысты барлық қаржы-шаруашылық операциялар қамтылады. Ол қазынашылық, қаржы, салық органдарында бюджеттің атқарылуын, бюджеттік мекемелердің кірісі мен шығысы сметаларының атқарылуын есептеуден түрады. 21. Ең төменгі күн көріс денгсйі және түтыну қоржынының құны, оны анықтаудың амалдары. Қазақстандагы төменгі күнкөріс деңгейі мен тұтыну ссбеті көрсеткіштерінің динамикасы Үй шаруашылықтары экономикалық қызметінің субъектілері ретінде. Ұдайыөндірістік үдерістегі экономикалық ресурстардың толық айналымын қамтамасыз етудегі үй шаруашылықтардың рөлі. Өндіріс факторлардың рыногы және оған үй шаруашылықтарының қатысуы. Үй шаруашылықтары қаржысының мәні, олардың функцияларының мазмұны. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстарының ұғымы,олардың құрамы мен құрылымы. Үй шаруашылықтарының бюджеті.Кірістердің қалыптасуы. Ақшалай қорлар: дара,бірлескен қорлар.Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың сыныптамасы. Үй шаруашылықтарының жалпы табысы. Үй шаруашылығының тұрақты және ауыспалы табыстары.Үй шаруашылықтарының табыстарын қалыптастыруда еңбекке ақы төлеудің рөлі. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Кәсіпкерлік қызметтен түскен табысты бөлу. Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу. Ең төменгі күнкөріс деңгейі және тұтыну себетінің құны, оны анықтаудың амалдары. Қазақстандағы төменгі күнкөріс деңгейі мен тұтыну себеті көрсеткіштерінің динамикасы. Кедейшілік, кедейшілік индикаторлары, зейнетақымен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің реформасы. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер. Зейнетақымен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің реформасы. Мемлекеттік жәрдемақылар. Халықтың әлеуметтік топтарының табыстарын салықтық - бюджеттік реттеу. Лоренцтің қисық сызығы. Үй шаруашылықтарының шығыстары, олардың сыныптамасы және құрылымы. Ақшалай шығыстар. Түпкілікті тұтыну мен қорланымға жұмсалатын үй шаруашылықтарының шығыстары. 22. Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандырудың ерекшіліктері, оның экономикалық мәні және функциялары. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды. Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүдделі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) кабілетті (толық немесе ішінapa) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулердің сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Көлік құралдарын сақтандыру көлік кұралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктерің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 23.Жалпы мемлекеттік қаржылардың сипаттамасы. Кез келген қоғамда мемлекет біркатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси кұрылысына, калыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалықкызметке қатысады. Мемлекеттің қоғамдағы экономикалык қызметі тұтас алғанда оның мына функцияларында көрінеді: 1) экономикалық дамудың калыпты барысына мүмкіндік туғызатын кұқ- ықтық базаны анықтау; 2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау; 3) табыстар мен байлықты қайта бөлу; 4) экономиканы тұрақтандыру; 5) ресурстарды қайта бөлу. Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «каржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді. Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалакыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды кіріктіреді. 24.Жинақтаушы зейнетақы қоры Жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөнінде қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппензейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын занды тұлға. Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық, корпоративтік қорлар болуы мүмкін. Ашық жинактаушы зейнетақы қорлары, алушының жүмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдайды. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы корлары сол жинактаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлері үшін құрылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 25.Жергілікті қаржылардың мәні, қаржы жүйесінің құрамындагы олардың рөлі. Жергілікі қаржы - акшалай нысандағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану үдерісіндегі қаржылық қатынастардың жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті орғандарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді. Жергілікті қаржылардың құрылымы мен бағыты биліктің жергілікті орғандары басқарудың - мәслихаттардың (депутаттар жиналыстарының), жергілікті әкімшіліктің және жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларымен айқындалады. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын. Бүгінде, рыноктық қатынастар және елімізде басталған өкілетті дәйекті орталықсыздандыру жағдайларында жергілікті органдар қызметінің сферасы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады. Қазіргі кезде орталықтан өңірлерге екі жарым мыңға жуық функциялар мен құзырлар берілді,бұл жергілікті атқарушы және өкілетті органдарды күшейтіп, жергілікті өзін-өзі басқару орғандары ретіндегімәслихаттардың рөлін арттырды. Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік қаржыға ұксас. Басқарудың жергілікті орғандарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша маңызды міндеттер жүктелінген. 26.Жергілікті бюджеттердің кірістері, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық құрылымды дамытудағы олардың рөлі. Жергілікті бюджет бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады. Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумактағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықты ң салықтық түсімдері (40,9%) құрап отыр (15.1 кестені қараңыз). Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеггің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету;қорғаныс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет спорт, туризмжәне ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс; жергілікті атқарушы орғандардың борышына қызмет көрсету. Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды - білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру экономикалық салалардан - көлікке және отын-энергетика кешеніне жұмсалған шығыстар басым болып отыр. Қорғаныска жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс. Трансферттерде - жоғарғы бюджетке беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық тазасы және тиісінше, салықтық түсімдердің жоғары деңгейі бар облыстарда болады. Субвенциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкімшілік-аумақтық 27.Инфляция мен қаржының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті. Инфляция– бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың жалпы және бірдей емес өсуінен көрінетін, ақшаның құнсыздануы. Инфляция кезінде, қоғамдық өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерден және ақша санының артық эмиссиясымен туындайтын, ақша айналысындағы заңдардың бұзылуы орын алады. Қаржылар мен инфляция өзара тәуелді. Қаржылар инфляциялық процестерді жеделдетушіге айналғанда, инфляция да қаржылық қатынастарға әсерін тигізе бастайды. Ақшаның құнсыздануы мен бағалардың көтерілуі бюджет шығыстарының көбеюіне, мемлекеттің нақты шығыстарының кемуіне, салық ауыртпалығын күшейтудің қажеттілігіне, мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан туындайтын мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеледі. Инфляцияның жоғары қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салық кірістері мен займдар белгілі бір уақыт аралықтарында түседі, сондықтан да, құнсызданады. Мемлекеттік қарыз проблемасы да осыған ұқсас асқына түседі, өйткені займдар тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын ссудалық пайыз деңгейінен ерексіз жоғары көтереді. Қаржылық қатынастар мен инфляциялық процестердің бір бағыттағы келеңсіз сипаты бір-бірін толықтыра отырып экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге әкеледі. Инфляция бағалар индексімен: аталған уақыт кезеңіндегі қызмет көрсетулер мен тұтынуға арналған тауарлар жиыны үшін бағалар сомасының арақатынасымен және базалық кезеңдегі осындай жиынның (салыстыру үшін тауарлардың бастапқы жиыны таңдалуы мүмкін) сомасымен өлшенеді. Бүкіл тауарлар бағасының динамикасы бағалардың ортақ жиын индексімен өлшенеді; өлшеу үшін, сондай-ақ бағалардың топтық индексі, мысалы көтерме бағалар индекстері қолданылады. Инфляция қарқынының көрсеткіші есепті және базалық кезеңдер инфляциялары индекстерінің арақатынасымен өлшенеді. 28.Инфляцияны өлшсу, инфляцияның түрлері мен тұрпатгары. Инфляция - ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші – Ìб пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің (“нарық себеті”) белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталадщы. Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінді және одан жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей әсіре инфляцияға сәйкес келеді. Бағалар өсуінің қарқаны бойынша: баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның наминалдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды; өршімелі – баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталнуы өседі; әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; Инфляцияның түрлері. Сұраныс және шығын инфляциясы экономиканың дамуына, әсіресе оның макро және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына (саяси, әлеуметтік және т.б.) байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық береді: баяу, қарқынды және ұшқыр (гиперинфляция). Инфляцияның айқындалу формалары. Бүгінгі жағдайда инфляция негізінен коп факторлы құбылыс ретінде анықталады. Инфляцияның монетарлық және монетарлық емес факторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас инфляциялық процесс деп қарастырады. 29.Инвсстициялық және инновациялық қорлар. Инвестициялық қор – компаниялардың құнды қағаздарды сатып алуға жұмсайтын қаржысы. Инвестициялық қор ашық және жабық нысанда болады. Ашық инвестициялық қорда компанияжаңа акцияларды ұдайы сатады да, ескілерін сатып алады, одан түскен табыстарын басқа компаниялардың құнды қағаздарына сатып алуға жұмсайды. Жабық инвестициялық қорда компаниядәл белгіленген мөлшерде капиталданады, тек ескі акциялардың негізінде ғана жұмыс істейді. Инвестициялық қордың жұмысына мемлекет лицензия береді. Ұлттық инновациялық қордың табыстарын алудың негізгі нысаны қор инвестицияларының бастапқы құны мен шығу кезіндегі олардың өткізу құны арасындағы айырма болып келетін оның қаржыландырылатын жобалардан шығып қалу кезіндегі табыстар болып табылады. Басқа табыстар Ұлттық инновациялық қордың уақытша бос ақшаларын басқарудан түсетін табыс, дивидендтер нысанындағы табыстар, көрсетілетін консультациялық қызметтерден түсетін табыстар,ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық талдамалардың нәтижелеріне мүліктік құқықтарды өткізуден түсетін табыстар болып табылады. Қордың жылдық есебін бекітудің жиыны бойынша Ұлттық инновациялық қордың таза табысы резервтік капиталды қалыптастыруға бағытталады. Ұлттық инновациялық қордың таза табысын бөлудің тәртібін ұлттық басқарушы компания анықтайды. Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметінде негізгі құжат Қордың инвестициялық саясаты туралы меморандум болып табылады. Меморандум Қор инвестициялық саясатының негізгі басымдықтарын анықтайды,инвестициялық қызметті жүзеге асыру бойынша, қаржыландырылатын жобалардың, инвестицияланатын компаниялардың қаржылық жай-күйінің мониторингі және өткізуге талдау бойынша; Ұлттық инновациялық қордың инвестицияланатын компаниялардан шығуы туралы шешім қабылдау бойынша негізгі кағидаларды ұстайды; сандық және сапалық параметрлерді және Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметін шектеуді белгілейді. Меморандумды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 30.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары- ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді. Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді. Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады. Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады. 31.Капиталды инвестициялау үдерісіне салыктардың әсері. Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. 32.Коммерциялық шаруашылық субъектілердің қаржы қорлары, оларды қалыптастыру мен пайдаланудың негіздері. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Бұдан бұрын атап өтілгендей, коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері, сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ІЖӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану үдерістерін қамтиды. Олар негізінен ІЖӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану үдерісіндегі экономикапық қатынастарды айтады. Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақшалай немесе қаржылық қатынастар деп 33.Коммерциялық емес қызметті қаржыландырудың негізгі көздері Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері. Кез келген тауарларды өндіру, қызметтер көрсету, игіліктер шығындармен байланыстыболғандықтан, қызметтің аталған түрлері олардын ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз ету үшін қаржыландырылуы тиіс. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қызметінқаржыландырудың көзі де әр түрлі болып келеді. Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әркайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын құрылымдарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі. Мұндай өнім өндіріс шығындарын жабатын және нормаланатын деңгейде пайданы қалыптастыратын бағалар бойынша: қолайлы өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұйымның - кәсіпорын иесінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін сатылады. Сөйтіп, өнім, әдеттегідей, бәсекелік рынокқа шықпайды, коммерциялық ұйымның ішінде қолдануға арналады. Алайда шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесі өндіріс, айналыс сферасындағы анық шекараларды анықтамайды және экономикада болып жатқан өзгерістер бірқатар коммерциялық емессалалар қызметінің уәждемесінде бейнеленеді. Олардың көптеген құрылымдары өзінің өнімімен және қызметтерімен ашық рынокқа шығады, сөйтіп, өз құрылымының және жалпы осы сала жүйесінің жақсы дамуын қатамасыз етеді. Мысалы: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің ақылы қызметтері кеңінен дамып отыр. Ал сыныптау мен қаржыландыру критерийлері бойынша бұрын аралық жағдайда болған халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты салалар коммерциялық негіздерге көшті. 34.Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьекгілер қаржысын ұйымдастырудың қағидаттары. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: · Коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау); · Жоспарлық; · Меншіктің барлық нысандарының теңдігі; · Қаржы резервтерінің болуы. Коммерциялық есеп- кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық- қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарлық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметінен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді. Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады. Өзін-өзі өтеушілік- шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі- залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі Өзін-өзі қаржыландыру- нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндеті шарты. 2.Жоспарлық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылтынын білдіреді. 3.Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары- мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. 4.Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты- басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің болуы. 35. Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет, шаруашышық жүргізуші субъектілер қаржысын үйымдастыруға оның әсер етуі. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн. Меншік нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік және жеке меншік мекемелер болып бөлінеді. Мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері заңнамалық актілермен реттеледі. Негізінен коммерциялық емес қызмет қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтерді өндіру және олармен қамтамасыз етудің қажеттігімен айқындалады. Қызметтің коммерциялық емес түрлері жөнге келген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, әр түрлі қайрымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады. 36. Қазақстан төлем балансының құрылымы, оның ерекшеліктері мен динамикасы. Кез келген елдің дүние жүзінің басқа елдермен экономикалық байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі. Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық опреациялары жалпы қорытылып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол мына бөлімдерді қамтиды: · Ағымдағы есеп (сауда балансы); · Капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың есебі; · Резервтік архивтер; · Таза қателер мен рұқсатнамалар. Ағымдағы есеп мыналарды қамтып көрсетеді: тауарлармен жасалынатын операцияларды- экспорт пен импортты; қызметтер көрсетуді- жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметтері, гранттар. Қызмет көрсету факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факторларын- еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған табыстардын тұрады, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар, капиталдан түсетін табыстар дивиденттер, пайыздар, басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызмет көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, туризмді, байланысты, көрсететін консультациялық және оқыту қызметтері түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді. Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен жасалынатын шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады; ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды. Резервтік активтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды, басқа елдерге қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады. өзгертіп жасау салаларының өнімі бойынша да ұлғайтуды талап етеді. 37. Қазақстандағы сақтандыру нарығының дамуы. Соңғы жылдар қатарында, заңдылық негiзiн жетiлдiру жалпы iшкi өнiмнiң өсiмiмен байланысты халықтың жан басына кiрiс, валюталық нарықтың тұрақтандыруына байланысты Республиканың жалпы экономикалық дамуы сақтандыру нарығының дамуына ықпал еттi. Тұрақты сақтандыру нарығын қалыптастыру және шыншыл бәсеке құру мақсатында сақтандыру нарығын реттеу және қызметiн бақылау бойынша мiндеттi мемлекеттiк орган сәйкесiнше функциялармен жүктелген, сақтандыру қызметiн бақылау бөлiмiмен заңдылық негiзiн жетiлдiру, сақтандыру ұйымдарының қысқаруы, аз қаржыландырылған әлсiз компанияларының арқасында iс жүзiндегi компаниялар каржысының көбеюi, олардың активтерiнiң сапасын көтеру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Қазіргі кезде ҚР-ның сақтандыру нарығы дамудың бастапқы кезеңінен өтті деп айтуға болады. Сақтандыру заңы халықаралық стандартты реттеу және қадағалау есебінен құрылған. Сапалы жаңа деңгейге жету үшін сақтандыру ұйымдарының қызметіне талаптар қойылған, әсіресе қаржылық тұрақтылықты қамсыздандыру; міндетгі сақтандырудың әртүрлі болуына шаралар қабылдау; сақтандыру тұтынушыларының қызметін, яғни сақтандырушылардың заңды қызығушылығын қорғайтын жүйені тудыру бойынша анықталған іс-шараларды жүзеге асыруы; инфрақұрылымдық сақтандыру нарығын дамыту. 38. Қаржы жүйесінің жетекші буыны ретіндегі шаруашылық жүргізуші субъекгілердің қаржысы, ұдайы өндіріс үдерісіндегі олардың рөлі, әлеуметтік-экономикалық мәні.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы- бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-комуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды. Экономикалық реформалар барысында пайд болған мемлекеттік меншіктің республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару органдарының- қоғамдардың, ассоциоциалардың, концерндердің, концерндердің, концорциумдардың және тағы сол сияқты көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтарды өзін-өзі басқарумен өзін-өзі қаржыландыруға көшуге мүмкіндік береді. 39.Қаржының табиғаты мен қажеттілігітауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.Қаржының табиғаты тауар-ақша қатынастарының болуымен құн заңының әрекет етуінен келіп шығады. Қаржы негізінен екі функцияны атқарады: Ұлттық табысты бөлу: -қаржылық-бюджеттік әдіс; -несиелік-банктік әдіс Ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу: -қоғам мен кәіпорынның, фирманың материалдық және ақша ресурстарын ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді. 40.Қаржы жүйесінің сыныптаудың белгілері. Функциялық белгі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы. «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин: а) бір – бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады. Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпы мәлім, әдетте тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектеледі. Класикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген көрнекті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО –ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергіліекті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады. «Жүйе» термині өзара байланысты элементтердің түрлі криутерилері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс- қимылын білдіреді. 41.Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары. Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған: Қаржы жүиесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды бекітіп беруде, оларға әр түрлі мақсатты айналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды. Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Бұл қағидат қаржы қатынастарында аймақты дамытудың қабылдауға болатын деңгейі сияқты ұлттық теңдікті қамтамасыз етуді де талап етеді. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрнісі мемлекеттік мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. 42 Қаржы құрамы, оның іс-әрекеті ортасы. Жалпы қаржы жүйесінің құрамы – бұл қаржы қатынастарының әр түрлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құрылып, пайдаланылады.Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн. Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттік бюджет жүйесі; арнаулы бюджеттен тыс қорлар; мемлекеттік кредит; жергілікті қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; халықтың қаржысы. Қаржы қатын |