лекция. Сенімділікті стандартау шарттары МИНИСТРЛIГI М.О.Әуезов атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Сейткасимова Л.А «Химия өнеркәсіптерінің технологиялық машиналарының сенімділігі» пәнінен лекциялар жинағы 5В072400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар » мамандығындағы студенттері үшін Шымкент 2014 Лекция. Кіріспе Заманауи машиналар үшін сенімділік проблемасының маңызы. Пәннің мақсаты мен міндеттері Жоспар: 1. Химия индустиясы өндірістерінің ерекшеліктері 2. Химия өнеркәсібі технологиялық процестеріне әне жабдықтарына қойылатын едәуір шектеулер және осыған байланысты оларға диагностика әне болжам жааудың маңызы 3. Диагностикалық зерттеулердің үйелік элементтері 4. «Технологиялық машиналардың сенімділігі» пәнінің мақсаты мен міндеттері Қазіргі заманғы машиналар туралы ғылым үш бөлімнен тұрады: жалпы машинатану, өндіріс теориясы және машиналар сенімділігінің теориясы. Бұл бөлімдердің әрқайсысы жекелеген пәндерде қарастырылады. Жалпы машинатанудың негізгі теориялық негізі болып: машиналардың жұмысшы және қосалқы процестерінің теориясы; машиналардың кинематикасы мен динамикасы; машиналардың беріктік теориясы; машиналарды жобалау теориясы. Машиналар сенімділігі туралы ғылым кейінгі жылдары өз алдына жеке ғылым болып қалыптасты. Бұл пән машиналар туралы ғылымның жаңа және толықзерттелмеген бөлімі болып табылады. Машиналар сенімділігі теориясында келесі мәселелер қарастырылады: 1) физико-химиялық (фрикционды тозу теориясы, пластикалық және де тозудың басқа түрлері) тозу; 2) сенімділіктің статикалық теориясы (сенімділікті бағалау және есептеу теориясы, ақаулар туралы мәліметтерді жинақтау және талдау, сұлбалар сенімділігінің теориясы, сынау әдістері, моделдеу және т.б.); 3) сенімді машиналарды құрастыру әдістері (сенімділікті экономикалық талдау әдістері, қоршаған ортаның әсерін есептеу әдістері, техникалық психофизиология); 4) өндірістегі сенімділікті қамтамасыз ету әдістері (сенімділік көрсеткіштері бойынша материалдарды, дайындамаларды және технологиялық процестерді бағалау әдістері); 5) пайдалану және жөндеу теориясы (сенімділікті сақтауды қамтамасыз ету әдістері, жөндеу әдістері); 6) машиналар сенімділігінің экономикасы. Машиналар туралы ғылымның құрылымын талдау арқылы төмендегідей тұжырым жасалады: қазіргі заманғы ғылым машиналарды жасаудан бастап, оларды пайдаланудың барлық сатыларындағы мәселерді қарастырады. Яғни, машиналарды жасаудың әрбір сатысында сенімділікті жоғарылатуды қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы әдістер қолданылуы тиіс. Көптеген машиналардың құрылымының кемшіліктері олардың бөлшектерінің және тораптарының уақытынан бұрын тозуы мен істен шығуына байланысты болады. Температуралар өзгерісінің жоғарылығынан, соққы күштерінен, белсенді орталардың әрекетінен, жоғары жылдамдық пен қысымнан қазіргі машиналар бөлшектерінің жұмыс жағдайы күрделенді. Осыған байланысты материалдардың сипаттамаларының және олардың жұмысшы беттері қасиеттерінің статикасын білу жеткіліксіз. Химия өнеркәсібі, пластмассалар, лактар, бояулар жасанды талшықтар резинотехникалық бұйымдар, газ-мұнайөңдеу және т.б. көптеген салалар өндіріс жүйесінің аса күрделі структуралық звеносы болып табылады. Аталған өндірістердің ерекшелігі басқа кез-келген өндірістерде пайдалынылатын процестермен (жылыту, бөлу, араластыру, массажылуалмастыру және т.б.) қатар шикізат пен материалдарыды химиялық өзгеру процестері кеңінен пайдаланылады. Бұл факторлар технологиялық процесс пен тиісті жабдықтың көптеген технологиялық, конструктивтік, экономикалық және экологиялық параметрлеріне едәуір шектеулер қояды. Осындай шектеулер бір жағынан апаттар, бұзылу немесе машина мен аппараттың үйлесімсіз жұмысынан туатынтөтенше зияндықтар, екінші жағынан аса маңызды инженерлік проблема ретінде жабдықтың техникалық жағдайы мен кез келген технологиялық жүйенің сапалы көрсеткіштері арасындағы детерминделген ғылыми дәлелденген байланысты анықтауды талап етеді. Бар нақты байланысты ғана емес, сонымен қатар болашақтағыны да білу керек. Бұл жағдайда жұмыс істеп тұрған технологиялық құрылғыларды зерттеу құралы – қазіргі жағдайда қатынасты диагностикалық және келешектегіге қатынасты болжам жасаудың рөлі күшейеді мұнсыз осы заманғы технологиялық процестің және әртүрлі құрылғылардың саналы түрде және дәлелденіп басқарылуы мүмкін емес. Бақылау сұрақтары: 1. Қазіргі заманғы машиналар туралы ғылым қандай бөлімнен тұрады? 2. Машиналар сенімділігі теориясында қандай мәселелер қарастырылады? 3. Қазіргі күнге дейін қай ғалымдардың машина бөлшектерінің тозуының физика-химиялық құбылыстарын талдау негізінде ұсынған бірнеше классификациясы белгілі? 4. Химия өнеркәсібінің ерекшелігі неде? 5. Химия өнеркәсібі технологиялық процестеріне және жабдықтарына қойылатын едәуір шектеулер немесе түсіндіріледі? 6. Жұмыс істеп тұрған технологиялық құралдарға диагностика және болжам жасаудың маңызы. 7. ТМС пәнін оқытудың маңызы мен міндеттері өнінде айтып беріңіз. 2 лекция. Машина сенімділігінің негізгі теориясы. Жоспары: 1. Машиналардың сенімділігі. 2. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері мен терминдері. Машиналардың сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде машиналардың сенімді, берік болуына өте мән беріліп жүр. Себебі машиналар, агрегаттар, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді. Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан қазір машина бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда. Машина мен олардың жұмыс істеу шартын анықтау үшін, алдымен МЕСТ 27002-83-те берілген ұғымдармен танысқан жөн. Көрсетілген стандартта берілген ұғымдарды 4 топқа бөліп қарастырған тиімді. Олар біріншіден есепке алушы зат, объект, екіншіден сол объектінің жағдайлары, үшіншіден олардың қасиеттері мен ерекшеліктері және соларды анықтайтын көрсеткіштер. 1 топ. Объект зат. Бұйымдар, заттар – оларға түрлі машиналар немесе олардың бөлшектері, приборлар, жабдықтар және т.б. заттар жатады. Бұйымдар элементі – машина бөлшектері, бөлшектер және басқа зат бөлшектері. Ремонттауға келетін бұйымдар істен шыққан жағдайда, қайтадан жұмыс істеу қалпына келтіруге болады. Бұған көптеген машиналар, автомобильдер, станоктар, крандар және т.б. жатады. Ремонттауға келмейтін бұйымдар - машиналар жұмыс істеп тұрған кезде оларды жөндеп қалпына келтіруге болмайды. Мысалы, электролампа, домалау подшипниктері, сондай-ақ тісті берілістер, біліктер және т.б. Тісті берілістер, біліктер, подшипниктер ремонттауға келеді, бірақ ол үшін машинаны тоқтатып, айтылған бөлшектерді зауытқа не юшеберханаға жеткізу керек. 2 топ. Жағдайлар мен оқиғалар. Жөнделген немесе қалыпқа келтірілген деп, бұйымдардың, заттардың техникалық құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкестігін айтады. Жөнделмеген немесе қалыпқа келтірілмеген деп, техникалық құжатта көрсетілген бір немесе бірнеше шарт орындалмаған жағдайды айтады. Жұмыс істеу қабілеттілігі деп, машина мен механизмнің техника көрсеткіштеріне сай жұмыс атқара алуын айтады. Мысалы, жеңіл автомобильдің бір жері майысып немесе бояуы көшіп кеткен болса, ол оның жұмыс істеу қабілетінен айырылғанын көрсетпейді, ол тек жөнделмеген, қалыпқа келтірілмегенін ғана көрсетеді. Істен шығу, бұзылуы деп, жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайды түсінуіміз қажет. 3 топ. Қасиеттер мен ерекшеліктер. Сенімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздеріне жүктелген міндетін, негізгі көрсеткіштерін сақтай отырып, белгілі бір мерзімде сақталу қасиетін айтамыз. Машина мен механизмдердің сенімділігі олардың тоқтап қалмай, ұзақ жұмыс атқарып өзінің көрсеткіштерін сақтап қалу ерекшеліктерімен анықталады. Істен шықпау, бұзылмау деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің еріксіз бұзылмай жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады. Шыдамдылық, төзімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің керекті жөндеу жұмысын жүргізіп қажетті күтім жасап, уақтылы майлау арқасында тозығы жеткенше жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады. Жөндеуге ыңғайлылық – тозуды немесе тоқтап қалуды алдын-ала болжап, оларды кезінде түзеп отыруға ыңғайлылық қасиетімен анықталады. Сақтауға ыңғайлылық деп бір жерден екінші жерге ауыстыруда және белгілі мезгілде сақтау кезінде бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздерінің техникалық құжатында көрсетілген көрсеткіштерін сақтап қалу қасиетін айтады. 4 топ. Сандық көрсеткіштер. Жұмыс көрсеткіші немесе істелген жұмыс деп, машина мен механизмдердің, бұйымдардың пайдалану уақытын немесе бітірген жұмысын, жүрген жолын және т.б. көрсететін көрсеткішті айтамыз. Бұзылуға дейінгі жұмыс деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің екі жөндеу (ремонт) аралығында орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады. Бірінші бұзылуға дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткіші деп, машина мен оның бөлшектерінің бірінші рет істен шығуына дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады. Ресурс – тозығы жеткенге дейінгі жұмыс көрсеткіші. Жөндеу аралығындағы ресурс деп, бірінші капиталды жөндеуге дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады. Мысалы, транспорт машинасының жүрген жолы, экскаватордың қазған топырақ мөлшері, машина бөлшектерінің жұмыс істеу мерзімі көрсетіледі. % - проценттік ресурс жасалынған бұйымдардың, машина мен оның бөлшектерінің белгілі бір проценті ( көбінесе 90% шартпен) көрсетілген ресурсты атқаруы қажет. Мысалы, домалау подшипниктердің катологта көрсетілген динамикалық жүк көтергіш көрсеткіші сол текті, сол өлшеммен шығарылған домалау подшипниктерінің 90% -ті көрсете алады деген сөз. Берілген ресурс деп, машина мен оның бөлшектерінің қандай жағдайда болғанына қарамастан осы берілген ресурстан соң тоқтатылуын айтады. Жұмыс істеу мерзімі деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің тозығы жетіп жұмысқа жарамсыз болғанға дейінгі уақытты айтады. Жөндеуге кеткен орташа уақыт деп, жөндеу кезінде сынған жерді тауып, оларды қалыпқа келтіруге кеткен орташа уақытты айтады. Дайындық коэффициенті деп, бұйымдардың, машина мен механизмдерінің планмен алынған техникалық күтім аралығында қандай да бір уақытты алсақ та олардың жұмыс істеуге дайын тұру ықтималдығын көрсетеді. Істен шықпай, бұзылмай жұмыс істеу ықтималдығы деп, белгілі уақыт аралығында немесе берілген жұмыс көрсеткіштер аралығында тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы. Бұзылу жиілігі деп, белгілі бір уақытта барлық істен шыққан бұйымдардың сол уақытта жұмыс істеп тұрған бұйымдардың барлық санына қатынасын айтады. Бұл термин тек жөндеуге келмейтін бұйымдар үшін қолданылады. Бақылау сұрақтары: 1. Машиналардың сенімділігі деген не? 2. Көрсетілген стандартта берілген ұғымдарды қандай топқа бөліп қарастырған тиімді? 3. Бұйымдар, заттарға не жатады? 4. Бұйымдар элементіне не жатады? 5. Ремонттауға келетін бұйымдарға не жатады? 6. Ремонттауға келмейтін бұйымдарға не жатады? 7. Жөнделген немесе қалыпқа келтірілген деп нені айтады? 8. Жөнделмеген немесе қалыпқа келтірілмеген деп қандай сәйкестігін айтады? 9. Істен шығу, бұзылуы деп нені айтады? лекция. Сенімділікті стандартау шарттары Сенімділік көрсеткіштері машина пайдаланылатын шарттар мен оның жұмыс істеу режиміне тәуелді. Машина жұмыс жасайтын ортадағы жүктеме, жылдамдық, температура, ылғалдылық, шаңдану басқа көрсеткіштердің өзгерісі бұйымның шығыс параметрлерінің өзгерісі процесінің кездейсоқ сипатының негізгі себептері болып табылады. Қоршаған орта заводтың сыртында функционалданатын және атмосфера немесе басқа ортамен тікелей байланысқа түсетін машиналарға ықпал етеді. Әсіресе әртүрлі климаттық зоналарда функционалданатын транспорттық машиналар үшін сыртқы шарттар диапазоны кең өріс алды. Біздің еліміздің Орталық Еуропалық бөлігінде теңдей шарттарда жердегі қысым 720-дан 790 мм с.б. аралығында өзгереді, ал Орта Азияның жоғарғы-таулы шарттарында 400-450 мм с.б. дейін жетеді. Ауа температурасы жерде Ө=220÷320 К өзгеру диапазонына ие. Жердегі желдің жлдамдығы 20-30 м/с және одан жоғары жылдамдыққа жетеді, бұл жағдайда ол бұйымға қатысты әртүрлі бағытта болуы мүмкін. Қалыпты зауыт шарттарында жүретін пайдаланудағы машиналар көбінесе әртүрлі жүктемелерді қабылдайды және көршілес машиналар мен агрегаттардың әсеріне ұшырайды. Сондықтан машина мен оның элементтеріне әсер ететін пайдаланымдық жүктемелер спектрін анықтау және олардың мүмкін сипаттамалары сенімділікті бағдарлау мен анализ жасау үшін міндетті шарт болып табылады. Соңғы жылдары әртүрлі типті машиналардың пайдалану шарттары мен жүктемелер сипатын көрсету бойынша көпретті зерттеулер жүргізілген. Бұл мәліметтер машинаның құрылымын ғана көрсетіп қоймай, бірінші кезекте сырты факторлар әрекетін көрсетуі керек. Алынған пайдаланымдық жүктемелердің спектрлерінің сенімділікті бағалау жобалау кезеңінде жаңа машиналарды есептеу кезінде қолдануға болады. Пайдаланымдық жүктемелер спектрі әртүрлі машиналар мен олардың элементтері үшін әдетте сәйкес факторлардың мүмкіндігінің қисықтық тығыздығы түрінде көрсетіледі. Мысалы, токарлы станоктар шпинделінде қуаттың таралуын зерттеу станоктарды жүктеу кезінде жоғарғы теңсіздікті және шекті жүктемелерді аз қолдануды көрсетеді. ЭНИМС берілгендері бойынша аппологиялық көрініс әмбебап станоктардағы шпиндельдің айналу жиілігінің таралу анализі кезінде де бақыланады. Бұл тәуелсіздіктер көп жағдайда Ресей заңымен логарифмдік-қалыптық немесе реттеудің басқа ассиметриялық заңдарымен суреттелед әсер етуші факторлардың таралуы. Таралудың қалыпты заңына бағынады, мысалы өздік жүрісті комбайнның артқы бөлігінде жарты өсту моментінің таралуы мен теміржол арбаларындағы рамаларда кернеулердің таралуы. Машинаға әсер ететін жүктемелерді бағалау үшін әдетте машинаның динамикалық жүйесі бар сыртқы факторлардың өзараәрекетті есепке алынады, ал оларды қабылдау арқылы сырты әрекеттерді күшейтуге немесе әлсіретуге болады. Осылайша, машиналардағы механикалық жүктемелер үшін жоғарғы мәнді амплитудалық резонанстық зоналардың болуы мен серпімді жүйелердің тербелу процестерінде сәйкес кернеулердің болуы тән. Мысал ретінде әртүрлі режимдер мен пайдалану шарттарында жүк автомобилінің рульдік бөлшектерін басқарудағы жүктеме процестерін бағалау бойынша техникалық ғылымдар кандидаты Л.М.Аксенов жүргізген зерттеулер нәтижелерін көрсетуге болады. Бұл жағдайда процесс тек математикалық күтім мен дисперсичмен ғана емес спектрлік тығыздық функциясымен G(f)-де сипатталады. Түзусызықтық аумақ бойынша тұрақты жылдамдықпен автомобильдің қозғалу шарттарында жүктелу процесі (қалыпты) кездейсоқ процестер қатарына жатады. Қарапайым ауыспалы жұмыс режимдерінде жүктелу процесінің G2 дисперсия жұмысы v жылдамдықта G2=a+bvm типті тәуелділік деңгейімен байланысты, яғни процесс қалыпты емес күйге өтеді. Пайдалану режимі әртүрлі кезеңдерден тұратын көптеген машина типтерінде машинаға орташа әсер ететін әрекеттер көрсетілетін машина жұмысының типтік графигі құрылады. Осы берілгендер машинаға әсер ететін сыртқы әсер сипаттамаларының мүмкіндігімен үйлесе отырып, әртурлі пайдалану шарттарында оны сенімділікке бағдарлау мен сынау үшін шығыс мәліметтері болып саналады. Машинаның жоғары жылдамдық жүктеме қуатқа жетуі бойынша оның потенциалдық мүмкіндіктері олардың белгілі бір үйлесімінде шекті емес жұмыс режиміне алып келуі мүмкін. Мысалы заманауи ұшаұтарда орнатылған қуаттық реактивтік қозғалқыштар ұшудың жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз етеді. Егер ұшу режимінің екі параметрін қарастырсақ-жылдамдық v және биіктігі Н қарастырсақ, онда тынық емес ауада ұшу кезінде n жүктемесімен ұшақ қанатында жылдамдықтың напормен бұл екі параметрдің максималды мәні Ө температурасында шектеледі. Егер әртүрлі биіктікте қозғалтқыш қамтамасыз ететін максимал жылдамдықты vmах ескерсе, онда ұшақтың ұшуы үшін шекті режимдер аумағын есептеуге болады. Бұйымның шекті жұмыс режимі аумвғында көрсетілетін басқа мысалдар ретінде аз жылдамдықта жұмыс жасайтын үйкелістің прецизонды түсушінің жұмыс анализі болуы мүмкін. Туындайтын үйкеліс күштері механизм жұмысы тұрақсыз болатын релаксационды тербелістің туындауына алып келеді. Аталған сипаттамаларды фрикционды контактің тұрақсыз үйкелісу аумағына өту жағдайында негізгі ықпалды жетек қатаңдығы с мен қозғалыс жылдамдығы v көрсетеді.олардың шекті мәндерін спр және vпр тұрақтылық қорында Ку>1 механизмнің таңдалған жұмыс режимдері үшін әрбір және бойынша анықтайды. Шекті мәндер спр және vпр өз кезегінде үйкеліс күшінің сипаттамаларына бірінші кезекте үйкелістің сипаттамалық және динамикалық коэффициентерінің айырымы мен үйкелістің статикалық күшін контактық ұзақтығымен байланыстыратын тәуелділіктер тәуелді. Пайдаланымдылық жүктемелердің спектрлерін анықтау есебіне машина жұмысы жүретін және тозу процесінің қарқындылығына айтарлықтай әсер ететін шарттарды бағалау кіреді. 4 лекция. Типтік технология. Технологиялық схемалар типтері және химиялық өндіріс стадиялары Жоспар: 1. Технологиялық схемалардың типтері. Олардың сипаттамасы 2. Бастапқы шикізатты өңдеудің стадиялары 3. Технологиялық жүйе структурасының сатылары 4. Технологиялық жүйе элементтерінің өзара байланыстарын анықтаудың бүкіл жүйені және оның элементтерін дұрыс есептеу мен жобалау үшін маңызы. Типтік технология Кез келген технология бір апараттарда бір уақытта немесе тізбектеліп жүретін химиялық және физикалық процестер қатарынан тұрады. Осыған сәйкес технологиялық схемалар екі түрге бөлінеді: 1. Ашық тізбекті. 2. Циркуляциялы циклді. Ашық тізбектегі схема реагенттер бір рет өтетін аппараттардан құралады. Бір аппараттағы реагенттердің өзгеру дәрежесі шамалы болғанда схема каскад бойынша орналасқан бірнеше бір типті аппараттарды қамтиды. Мұндай схемалар күкірт, азот, тұз қышқылы және басқа өнімдер өндірісінде қолданылады. Схемалардың екінші варианты бойынша гетерогенді процесстің барлық әрекеттесуші массалары немесе бір фазасы бірғана аппараттың өзіне бастапқы шикізаттың берілген өзгеру дәрежесіне жеткенше бірнеше рет қайтарылады. Мұндай принциппен амиак, спирттер, матор отындары өндірісінің схемалары жұмыс істейді. Кез келген химиялық өндіріс бастапқы шикізатты өңдеудің үш стадиясын қамтиды: Шикізатты дайындау, химиялық өзгертудің өзі және мақсатты өнімді бөлу. Осы стадиялар химия технологиялық жүйе сияқты аса күрделі жүйені құрайды. Осындай структура (1-сурет) үш сатыны қамтиды, химия технологиялық жүйе (ХТЖ) структурасының ең төменгі сатысын химия өндірісінің типтік (үлгі) процестері және оларды басқарудың локальді системалары құрайды. Иерархиялықекінші сатысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің көмегімен басқарылатын агрегаттар, комплекстре және жүйенің басқа құрамды бөліктері құрайды. Үшінші саты – шикізатпен қамтамасыздандыру және дайын өнімді тарту, әлеуметтік – экономикалық және басқа мәселелермен байланысқан, аумағында жоспарлау мен басқару жүргізілетін цехтар және олардың комплекстері деңгейіндегі подсистемелер. Осындай күрделі жүйенің структуралық бірлігі болып басқа элементтермен материалдық, энергетикалық және информациялық принципті іске асырғанда күрделі пролцесстер жеке блоктар түріндегі подсистемалар жиынтығы ретінде қарастырылады. Блоктардың әрқайсысы элемент бойынша талданып ХТЖ иерархиясын құрайтын зертелген блоктар синтезделеді. Осындай ХТЖ-ны анализ – синтездеу жүйеде жүретін процестің заңдылықтарын аңықтау.  1-сурет. Химиялық өндіріс иерархиясы: І, ІІ, ІІІ – иерархиялы жүйе сатылары. 1. Технологиялық схемалардың қандай типтері болады? 2. Бастапқы шикізатты өңдеудің қандай стадиялары бар? 3. Технологиялық жүйе стурктурасының сатылары жөнінде айтыңыз? 4. Жүйе элементтерің және олардың өзара байланыстарын зерттеудің маңызы бар ма? 5. Химиялық техниканың жағдайына диагноз қоюдың қажеттілігі 5 лекция. Типтік технологиялық процесс. Жоспары: 1. Типтік процесс структурасының принципиалды блок-схемасы 2. Процесс структурасы блок схемасының жекелеген бес блоктарына кіретін, процестері туралы 3. Аппаратура жағдайларына диагностика қоюдың ұжымдастырылуы бойынша есепке алатын факторлар 4. Химиялық техниканың Типтік технологиялық процесс Бірыңғай ХТЖ блоктарындағы жүретін процестердің заңдылықтарына сүйене отырып, химиялық технология типтік процесінің стуктуралық блок-схемасы жасалған. Бірінші блок сұйықтар қозғалысы, газдардың қысылуы мен қозғалысы, біркелкісіз сұйық және газдық жүйелерді бөлу және олардың қозғалысы, қатты және паста тәрізді заттарды майдалау, тасымалдау, жіктеу және араластыру процестеріне қатысты заңдылықтарды сипаттауға мүмкіндік береді. Екінші блокта бірінші блок процестеріне жылуылық процестер: жылыту, суыту, буландыру және ерекше жылуалмасу суытқыш (тоңазытқыш) процестері қосылады. Үшінші блокта жоғарыда аталған процестерге диффузиялық немесе масса алмасу процестері қосылады. Төртінші блокта алдағыларға химиялық процестер енгізіледі. Соңғы бесінші блокта жоғарыда аталған процестер клетка ішіндегі және клеткааралық деңгейде жүретін процестермен толықтырылады. Аппаратуралық – технологиялық орындалуы және аппаратура жағдайына диагностика қоюдың ұйымдастырылуы бойынша химиялық процестерге тән екі фактор есепке алынуы керек. Біріншіден, үздіксіздігі бойынша химиялық технология процестері периодты (мерзімді) және үздіксіз болып бөлінеді. Екіншіден, параметрлерінің уақыт бойынша өзгеруіне байланысты (жылдамдықтың, температуралардың концентрациялардың және т.б) тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған (нестационарные) немесе өтпелі болып бөлінеді. Химиялық технология процестерінің көбі тұрақтандырылған болып есептеледі, өйткені үздіксіз процестер пайдаланылады олар үшін тұрақтандырылмаған режим теек жұмыс режиміне шығу жағдайына ғана тән, сондықтан есептеулерде бұл периодтыелемейді. Бұдан тұрақтандырылмаған режим процестеріне көңіл қоймауға болады деген ұғым тумауы керек. Тұрақтандырылмағандық сонымен қатар мына себептерден болады: дұрыс жобаланған технология, үйлесімсіз пайдаланылған жабдық, қате есептелінген және құрылымдалған аппаратура, дұрыс жобаланған және үйлесімді жұмыс істеп тұрған аппаратураның сынуы және апатқа ұшырауы және т.б. Осыдан аталған оқиғалардың болуы себептерін ашудың, яғни химиялық машиналар мен аппараттарда жүретін химиялық процестерді үйлесімді басқару мақсатымен химиялық техниканың тиісті жағдайларына диагноз қоюдың шұғыл қажеттігі туады. Бақылау сұрақтары: 1. Типтік процесс стурктурасының блок-схемасы не үшін жасалады? 2. Блок схеманың жекеленген блоктары қандай процестерді қамтиды? 3. Химия технология процестерінің үздіксіздігі бойынша қаншаға және қандайларға бөлінеді? 4. Химия жабдықтарына неліктен диагноз қою керек? 6 лекция. Типтік химия-технологиялық процесстің (ХТП) іске асырылуының шарттары. Жоспары: 1. ХТП іске асырылуының негізгі шарттары 2. Процесс нәтижелерінде алынған өмір сапасының хабарлау тәртібі факторларына тәуелділігі 3. Процесс тұрақтылығын қамтамасыз етудің оның басқарудағы маңызы 4. Автоматты басқару жүйесі, оның құрамы және структуралық схемалары Типтік химия-технологиялық процестің (ХТП) іске асырылуының шарттары. Типтік ХТП – ның іске асырушылығы шарттарының бірі оның басқаруылуы. Бұл түсінік процестің хабарлануы (информативность, мәлімдік) түсінігі мен байланысты яғни оның параметрлері түрлері және құралдарымен. Технологиялық процестің нәтиждесінде алынған өнім сапасы хабарлану тәртібінің мына факторларына тәуелді: Біріншіден – технологиялық процесс жөніндегі информация көлемінің жеткілітігі Екіншіден – пайдаланылатын құралдар мен өлшеу әдістерінің дәлдік дәрежесі, Үшіншіден – пайдаланылатын өлшеу әдістері нәтижелерінің дұрыстығы және өлшеу құралдарының сенімділік дәрежесі. Осы факторларды ескеру ХТП-ның қажетті дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Технологиялық процесс продукция сапасы көрсеткіштері мәндерінің жайылу өрісі біршама уақыт ішінде берілген мүмкіндік өрісне сәйкес болуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар, процесті басқарудың маңызды мәселесі болып оның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мәселелерді шешудің бір құралы – бұл сенімді жұмыс істеп тұрған автоматты бақылау жүйесі. Ол бақылау объектісінен және өлшеу функциясын орындайтын әр түрлі құралдардан тұрады (2-сурет.). 2-сурет. Автоматты бақылау төртэлементті жүйесінің структуралық схемасы. О-обьект, СЭ-сезгіш элемент БЖ-байланыс жүйесі, ӨҚ-өлшеу құрылғысы. СЭ-сезгіш элемент тікелей бақылау элементінде орналасады, өлшенетін (бақыланатын) параметірдің мәнін ұғынады (қабылдайды) онан соң сол белгілі сигналға айналдырып, байланыс жүйесі арқылы өлшеу құрылғысына беріледі. Өлшеу құрылғысы сезгіш элемент ретінде де пайдаланылғанда, схема оңайланады. Егер прибор обьектінің өзінде орналасса схема былай көрсетледі. Істеп тұрған бақылау жүйесінің схемалары көп нүктелі болып дайындалады. – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – Дистанциялық бақылау көп нүктелі жүйесінің сземасы. О – обьект, СЭ – сезгіш эжлемент С(Д) – сезгіш (датчик), ҚП – қосымша прибор. Бұл схема өлшеу нәтижелерін цифрлы түрге айналдырып басып шығарады параметрлердің белгілі шектерден ауытқуы жөнінде операторға сигнал жібереді. Процестерді бақылаумен қатар әртүрлі және көптеген параметрлерді реттеу жүргізіледі, ол негізінен автоматты түрде атқарылады. Бақылау сұрақтары: 1. 1. Процесс нәтижесінде алынған өнім сапасын хабарлау тәртібінің қандай факторларына тәуелді? 2. ХТП-нің қажетті дәлдігі қалай қамтамасыз етіледі? 3. Пайдаланылатын құралдар мен өлшеу әдістерінің дәлдік дәрежесі өнім сапасына қалай әсер етеді? 4. Сезгіш элемент қалай қызмет атқарады? 7 лекция. Бақылау жасау және техникалық күтім көрсету, жабдықтың күйін диагностикалау Жоспары: 1. Процесті автоматты басқаруда айнымалы параметр мәнінің бақылау мәндерінің ішінде сақталуы 2. РН шамасын автоматты реттеу .йесінің (АРЖ) стурктуралық схемасы 3. Оптимальды технологиялыұ процесс. Процесті оптимизациялаудың мақсаты. Кез келген жабдықтың жұмыс сипаттамаларын белгілі бір көрсеткіштер арқылы шамамен бағалауға болатын процестің жүрумен сипаттауға болады. Сонымен білікті ұсатқыштың білігі айналуы жылдамдылығымен; араластырғыштың жұмыс істеуі кезінде пайда болатын шу, материалды құю дәрежесімен; элеватордың тіреуіштерінің қызуы температурамен сыпатталады. Әрбір мұндай параметрлер мәні келесі үш негізгі параметрлерге тәуелді болады: берілген жұмыс тәртібі, қоршаған ортаның күйі; машинаның өзіндік техникалық жағдайы. Машинаның техникалық жағдайын анықтау барысында жұмыс тәртібі мен қоршаған ортаның күйі берілген және тұрақты деп қабылдау шарт. Мұндай ұйғарулар барысында жұмыс процесінің параметрлері тек қана машинаның техникалық жағдайына байланысты. Кез келген түйіннің параметрі оның толық алғандағы жұмысын және де жеке элементтерімен байланысты анықтайды. Сонымен білік-тіреуіш қосылы үшін мұндай параметрлер, білік пен тіреуіштің жанасу беттері арасындағы саңылау мен сығылым шамасы, жанасу бет элементтерінің овалдығы мен олардың бірөстігі және т.б. Кез келген жабдықтың жұмыс істеу процесінде, оның техникалық жағдайын сипаттаушы параметрі бастапқы бір мәннен мүмкін шектік мәнге дейін өзгеріп отырады. Техникалық жағдайының параметрлерінің өзгеру жылдамдығы бөлшектің тозуымен және де жұмысқа пайдалану факторларымен шартталады. Машинаның техникалық күйінің шекті параметрлері, оның жұмыс кезіндегі істен шығаруының басталуы мен немесе жұмыс көрсеткіштерінің - өнімділігі , энергияны тұтыну дәрежесі, жұмыс қауіпсіздігі мүмкін болатындай шектен төмендеп кетпеуімен шартталады. Осы себепті жабдықты диагностикалау үшін, ең алдымен машинаның істен шығуын анықтаушы параметрлерді қолдану қажет. Құрылғыларда структуралық параметрлерін тікелей өлшеу мүмкіндігі шектелген, сондықтан техникалық күйіне баға беру үшін жұмыс істеп тұрған машинада туындайтын жанама көрсеткіштерге көңіл бөлінеді. Мұндай көрсеткіштерді диагностикалық белгілер деп атайды. Жабдықтарды диагностикалау үшін көрсеткіштердің диагностикалық белгісі ретінде тиімді жұмыс көрсеткіштерін, діріл мен шудың деңгейін, герметикалығын, түйіндері мен бөлшектерінің температурасын, өндірілуші өнім сапасын қолданады. Механизмнің диагностикалық белгілері мен структуралық параметрлері арасындағы орнатылған байланысқа сай оның техникалық күйін жеткілікті дәл анықтауға болады. Диагностикалық нәтижесі бойынша қорытынды жасалынады және де бұл қорытынды мыналарды қарастырады: · жарамсыздықты анықтау; · техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жүргізудің қажеттілігі; · жабдықтың қалдық ресурсы. Жабдықтың жағдайын диагностикалаудың негізгі тәсілдері бұл – механика-технологиялық көрсеткіштер комплексі бойынша жұмыс тиімділігін бағалай; «бос» жүріс және жұмыс тәртібіндегі жұмысында энергияның нақты шығындарын анықтап табу; қозғалмалы қосылыстардағы саңылаудың мәнін анықтау; тіреуіштер температурасын және редуктордағы майлау майының қызу дәрежесін тексеру; жабдықтың акустикалық және дірілдік күйін анықтау. Автоматты реттеу процесті басқару құралы Процесті автоматты басқаруда айнымалы параметр мәні (мысалы: қысым сұйық, газ немесе бу шығыны, температура, сұйық сусымалы материал деңгейі заттардың физика-химиялық қасиеттері және т.б) арнаулы орындаушы құрылғылардың көмегімен реттеу жолымен бақылау мәндерінің ішінде сақталады орындаушы құрылғыларға команда (әмір) өлшеу құралдарынан хабар түсімімен беріледі. Мұндай химия өндірісінің жүйелеріне қойлатын талаптар күмән туғызбайды. Көптеген жоғары тиімділікті структурасы бар химиялық прцестерде ортаның РН-ын автоматты реттеу жүйесі (АРЖ, САР) қажет. 1 1-салыстыру элементі; 2,3-үздіксіз жәнге позициялық регулятор; 4-масштабтау блогы; 5-жинақтау блогы, 6-реттеу объектісі; 7-сызықтық емес (өзгерткіш) түрлендіргіш. 4-сурет. РН шамасын АРЖ (САР)-нің структуралық схемасы Схема РН шамасын үздіксіз және позициялық реттегіштерді (3) параллель қосып реттеуді көздейді. Масштаб блогы (4) позициялық реттегіш шығу сигналын км рет кішірейтеді. Реттеу объектісі (6) кларанды, нейтрализация реакторын және РН датчигін қамтиды. Сызықтық емес өзгерткіш (7) объектінің статикалық сипатын линеаризациялайды, реттейді және реттегіш әрекет жылдамдығын күшейтеді. Бұл схема бойынша технолоргиялық тізбектің бір элементіндегі ғана параметр автоматты реттеледі. Осыдан бүкіл өндіріске тиісті процестерді басқарудың қиындығын ұғу қиын емес. Сонымен қатар, уйлестіру (оптимазация) тәсілін жүзеге асыруға басқарудың қажеттігі түсінікті. Үйлесімді (оптимальды) технологиялық процесс Процесті басқарудағы басты мақсаты – оның жұмыс істеу тиімділігін арттыру, негізгі технологялық операторлардың (араластыру, химиялық өзгерті жэәне бөлу операторлары) жұмыс істеу көрсеткіштерін жақсарту және жүйеде әрекет жасайтын технологиялық операторлардың технологиялық байланысын өзгерту жолымен, сонымен қатар қосымша және негізгі технологялық операторлар енгізумен, жаңа технологиялық байланыстарды жасаумен шешіледі. Декомпозициялық тәсілдің жәрдемімен жүйені оптимизациялау мәселесін оны құрайтын жеке подсистемалды оптимизациялаудың өзара байланысқан мәселелеріне келтіреді. Оптимизациялаудың бұл есептеулерінің өзара байланысы оптимизациялауды жалпы есептеудің декомпозицияның әртүрлі амалдарымен есептелетін подсистемалардың өзара байланысымен себептеледі. Осы тәсілмен технологиялық процестің оптимальді режимін оның іске асырылуының қатаң шектерімен таңдауға және тұрақтандыруға мүмкіндік аламыз. Бақылау сұрақтары: 1. РН шамасын АРЖ-сінің структуралық схемасын келтір және қандай элементтері бар? 2. Оптимизациялау (үйлесімді) процесіне түсінік бер? 3. Процесті оптимизациялау (үйлесімді) нені көздейді? 4. Процесті оптимизациялау (үйлесімді) қандай жолдармен жүреді? 8 лекция. Үйлесімсіз ( оптимальды емес ) технологиялық процесс. Жоспары: 1. Экономикалық критерий негізінде оптимизацияланған химия-технологиялық үйенің (ХТЖ) кемшіліктері 2. Термодинамикалық талдау мен экономикалық оптимизациялаудың комбинациясы негізіндегі оптимизациялаудың термоэкономикалық принципі 3. Оптимальды процесс түсінігінің оның сенімділігі жөніндегі көрініс бере алмауы 4. Технологиялық жүйе сенімділігінің технологиялық құрылғыларының оптимальды конструкциясын жасаумен қамтамасыз етілуі Оптимальды емес (үйлесімсіз) технологиялық процесс Кез келген оптимизацияланған өндіріс барлық жағынан ең жақсы өндіріс болып табылады ма? Оптимизацияланған өндіріс тиімсіз болып шығуы да мүмкін. Мысалы, жалпы алғанда барлық химия технологиялық жүйенің мақсаты – функционалды (G-L)-дің максимизациясы ретінде анықталуы мүмкін, G – ұтыс, ал L – шығын. Жақын уақытқа дейін ХТЖ иерархиялық стркутурасының барлық сатыларында оптимизацияның сөзсіз критерийі ретінде экономикалық критерий пайдаланылды, өйткені ХТЖ-де өтетін процестердің тиімділігі мен жетілгендігі энергетикалық және материалдық баланстарды талдау негізінде бағаланады. Бірақ басқарылуы оптимизация принциптеріне құрылған химия зауытының жоғары механизацияланған, автоматтандырылған технологиялық процестері жоғары сапалы деп айта алмаймыз, өйткені процесс экономикасының біржақты бағытталуы энергетикалық және шикізат ресурстарының регион және мемлекет көлемінде ысырапшылығына және қоршаған ортаның өндірістің технологиялық және басқа қалдықтармен ластануының экспоненциалды өсуіне әкеп соғады. Процестің үйлесімділігі жөніндегі түсінік оның сенімділігі жөніндегі көріністі бере алмайды, осының себебінен оптималды процесс сенімсіз, ал оптималды емес процесс жоғары сенімді болып шығуы мүмкін (яғни сапасы қойылған талаптарға қанағаттандырылып өнімінің берілген көлемінде шығарылуы). Бір жағынан бақылау және реттеу құралдары мен приборлары жетілдірілген сайын жүйенің жұмыс істеу сенімділігі артады, ал екінші жағынан приборлар мен құралдар саны көбеюімен жүйенің тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы оны құрайтын элементтерінің тоқтаусыз жұмыс ықтималдығынан төмен. Сонымен, технологиялық жүйенің сенімділігін қамтамасыз ету проблемасы технологиялық және қосымша құрылғыларының оптималды конструкциясын жасауға саяды (тіркеледі). Бақылау сұрақтары: 1. Оптимизациялаудың (үйлесімді) экономикалық критерийінің кемшілігі неде? 2. Неге оптимальді процесс сенімсіз, ал оптимальді емес процесс жоғары сенімді болуы мүмкін? 3. Оптимизациялау термоэкономикалық принципті неге негізделген? 9 лекция. Технологиялық құрылғының үйлесімді конструкциясы. Жоспары: 1. Химиялық машиналардың пайдалану стадиясындағы комплексті бағалануының техникалық, технологиялық, техника-экономикалық көсреткіштері және сенімділік көрсеткіштері арқылы орындалуы. 2. Машиналардың сенімділігі ретінде оның ұмысының орташа ресірсының, тоқтаусыз жұмысының орташа уақытының, техникалық пайдалану коэффициентінің қабылдануы. 3. Жабдықтың оптимальды конструкциясын талдаудың оның барлық жұмыс істеу этаптарындағы сенімділігін зерттеумен толықтырылуы Технологиялық құрылғының үйлесімді (оптимальды) конструкциясы НИИХиммаш жасаған химиялық жабдықтың сапасы мен сенімділігі жөніндегі нұсқауына сәйкес химиялық машиналардың пайдалану стадияларындағы комплексті бағалануы техникалық, технологиялық, техника-технологиялық көрсеткіштері және сенімділік көрсеткіші арқылы орындалады. Бірінші критерий бойынша мәліметтер: конструкцияның техникалық деңгейі, оны модернизациялау (жаңарту) қажеттігі, қызметінің нақты мерзімі, пайдалануының нақты мерзімі машиналарды пайдалану барысында конструкцияның бұл түрінің істеп шығарылу сапасы машина жасау зауытынан алынады. Технологиялық көрсеткіштер бойынша бағалау машинаны пайдаланған зауыттардан алынған информацияны талдау негізінде атқарылады. Бұл мәселелер машина жұмысының технологиялық режимін конструкцияның жұмыс істеу қабілетіне тікелей әсер ететін шамалардың: процесс жылдамдығының, орта температурасының, аппараттағы қысымының, бөліну дәрежесінің және т.б. жәрдемімен зерттеу арқылы шешіледі. Бұған шикізат пен дайын өнімінің физика-химиялық қасиеттері жөніндегі мәліметтер қатыстырылады. Машиналардың сенімділігі жөніндегі бірінші күрделі жөндеуге дейінгі немесе бірнші күрделі жөндеуден екіншіге дейінгі период ішіндегі орташа ресурс, тоқтап қалуға немесе тоқтаусыз жұмыстың орташа уақыты, техникалық пайдалану коэффициенті қабылданады. Соңғысы , (1) Мұнда t- күрделі жөндеуге дейінгі жұмысының жалпы нақты уақыты, сағ; - сол уақыттағы жоспардан тыс және жоспарлы (орта және ағымдағы) жөндеулердің жалпы нақты уақыты, сағ; - сол уақыттағы машинаны техникалық күтудің жалпы уақыты, сағ; Машинаны тоқтап тұру уақыты және едәуір екенін еске алсақ, кейбір жағдайларда жөндеуге кететін шығын соншалықты көбейіп, тіпті машинаның бастапқы бағасынан да асып кетеді. Бұл жағдайда машинаның оптималды конструкциясы жөнінде мәселе қою ешқандай қарсылықты туғызбайды. Сондықтан машинаның немесе аппараттың оптимальды конструкциясын таңдау оның барлық жұмыс істеу этаптарындағы сенімділігін зерттеумен толықтырылуы керек. Бақылау сұрақтары: 1. Машинаның комплексті бағалануының техникалық көрсеткіштері қандай мәліметтер негізін анықтайды? 2. Машинаны технологиялық көрсеткіштер бойынша бағалау машинаны пайдаланған зауыттардан алынған қандай ақпараттарды талдау негізінде атқарылады? 3. Ақпарат сенімділігі көрсеткіштері ретінде қандай мәліметтер пайдаланылады? 4. Машинаны техникалық пайдалану коэффициенті қалай анықталады? 10 лекция. Технологиялық құрылғының сенімді конструкциясы. Жоспары: 1. Жабдыққа жұмсалатын қаражаттың сенімділік деңгейінен жіне уақыттан тәуелділігі. 2. Машиналар мен аппараттардың жұмыс периодтары. 3. Жабдықтың істен шығу түрлері және оған сәйкес машина конструкциясы, «өмірдің» түрлі этаптарында шығатын себеп топтары. 4. Машина жасау технологиялық процесстерінің жетімсіздігіне байланысты істен шығарудың топтастырылуы. 5. Сенімділікті зерттеудің және тиісті информацияны жинау тәсілдері. Ақауларды жоюға арналған жұмыстарды ұйымдастыру схемасы. Технологиялық құрылғының сенімді конструкциясы Сенімділік конструкциясын ұзақтық беріктікпен байланыстырады. Ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жағдайы мәселенің осылай қойылуына түзетулер енгізеді: конструкция жай ғана ұзақтық беріктікпен және снімділікпен емес, қазіргі кездегі және белгілі орындағы қажеттілісі керек. Ұзақтық берік және сенімді полимерлі материалдар (пайдаланып болғаннан кейін бүлінбейтін) ғалымдарды бүлінетін полимерлерді құрылымдаумен әдейі шұғылдануға мәжбүр етті, мұның өзі сенімділікті жеткілікті дәл шектерде реттеу қажеттігін растайды. Жалпы түрде жабдыққа жұмсалатын қаражат оны істеп шығаруға және оны пайдалануға, жөндеуге жіберілетін шығындардан тұрады. Суреттің А сызығы көрсететіндей (5-сурет), сенімдірек жабдық үшін жөндеуге кететін шығын төмендейді, оның есесіне сенімділік дәрежесін жоғарылатуға байланысты жабдықтың құны өседі (В сызығы). Графиктен көрінетіндей, жиынтық сызықтың (С сызығы) апаратура сенімділігін оптимальды дәрежесіне сәйкес келетін шығын минимумы болады.  5-сурет. Жабдық сенімділігі деңгейінің шығындардан тәуелділігі Сенімділік дәрежесі шығындарға тікелей ғана емес, уақыт арқылы да әсер етеді. 6-суретте жабдықты тұтынуға негізгі шығындардың (негізінен пайдалану этапы) уақытқа тәуелділік сипаты бейнеленген. Амортизациялық қаржы бөлу жабдықтың құнына пропорционалды, ал пайдалану уақытына кері пропорционла болғандықтан уақыт өтумен төмендейді (D). Жөндеуге бөлінетін қаржы уақыт ұзаруымен жабдықтың ескіруіне және тозуына байланысты үздіксіз өседу (Е сызығы). Жиынтық шығындардың (F сызығы) экстремум-минимум бар, мұның өзі машина конструкциясы пайдалану ұзақтығының рационалды периодының болатынын, шектерінен ары сенімділігінің қамтамысыз етілуі тиімсіз екендігін көрсетеді.  6-сурет. Шығындардың уақыттан тәуелділігі Төмендегі 7-суретте пайдалану ұзақтығының мерзімі ΔT2 – ескіру мен тозу периоды. Суреттен көрінгендей машина конструкциясының сенімділігін осы конструкцияның пайдалану мерзімін ΔT2 периодының рамкасымен шектеумен қамтамасыз етуге болады, ΔT2 – ны ΔT1 –мен ΔT3 – терді кішірейтумен ұзартуға болады.  7-сурет. Машиналар мен аппараттардың жұмыс периодтары Бірақ, бұл мерзімдерді бірлестірумен конструкция сенімдігіне кепілдік беруге болмайды, өйткені машина конструкциясында оны жасау және пайдалану этаптарындағы әртүрлі өзгерістердің пайда болу, жиналу және сапалы ауысу заңдарының мәні әртүрлі болуы мүмкін. Машина жасау кәсіпорындардың технологиялық операцияларын талдау технологияға байланысты істен шығу өрісін анықтауға мүмкіндік берді (8-сурет). Дәлелсіздік техникалық Шарттар (ТШ) | Технологиялық процестің жеткіліксіз сенімділігі | |