ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Сократ философиясы. Майевтика ілімі Аристотель философиясы Аристотельдің философиялық көзқарасы «Метафизика», «Рух туралы», «Категориялар» және «Алғашқы және кейінгі Аналитика» деген шығармаларында жете пайымдалған. Аристотель философияны "шынайы ғарыштың себептерін зерттейтін ілім" деп бағалады. Бұл Платонның философияны "Идеяны тану ілімі" дегеніне қарсы айтылған. Ұстаз да, шәкірт те философияны ғарышты тану деп түсінген. Бірақ ғарышты қалай тану және ғарыштың негізгі мәні не деген мәселеде екеуі екі бағыт ұстанды. Платонның айтуынша, идея барлық нәрсені сомдаған арытқы себеп. Алдымен ғарыштық идея өмір сүреді, ол тұрақты, баянды, бірегей, мәнді, ал құбылыс идеяның көрінісі болып, уақыттық, ауыспалы, өткінші нәрсе[26]. Аристотель бұған келіспеді. Ол әрбір нақты нәрсені негіз етіп ғарышты зерттеудің ғана болашағы бар екенін, егер нақты осы заттар болмаса идея да өмір сүрмейтінін уәж етті. Платонда нақты нәрсе мен идея ортасындағы байланыс күңгірт болып, идея ғарыштың бір қалыбы, үлгісі дегеннен ары ұзамады. Платон нақты нәрсе туралы білім мәнді білім емес, шынайы білім біртұтас идеяны білу деп есептеді. Аристотель тек нақты білім ғана шынайы білім береді, біз өз тәжірибеміз бен зердеміз арқылы нақты нәрселерді зерттегенде барып дүниенің мәнін түсіне аламыз деп есептеді Аристотель ғылым классификациясында онтологиялық философияны ең жоғары орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана зерттеумен шұғылданса, онтологиялық философия болмыстың жалпы табиғатын зерттейді деп есептеді. Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.” (Метафизика, М., 1934,с45). Аристотель айтқан "Табиғат философиясы" сөзі табиғат дүниесіндегі қозғалыс, жарық, физика заңдары қатарлылы құбылыстарды зерттеуге қаратылады. Бұл араға бәлен ғасыр салып қазіргі заманның ғылымына, ғылыми зерттеу методикасына арқау болды және арнайы пәндер болып философиядан бөлінді. Қазір философия десе көбінесе метафизика саласы көзде тұтылады, бірақ табиғат дүниесін ғылыми зерттеу айтылмайды. Өйткені табиғатты танитын ғылым әлдеқашан философиядан бөлініп кеткен. Аристотель заманында философия барлық білім қабатын түгел қамтыған болатын. Негізінен айтқанда, Аристотель философия мен логикалық тұжырымдауды бір нәрсе деп есептеп, философияны ғылыми түсінді. Яғни, ғарыш туралы, не басқа туралы кез келген ойда ғылыми логикалылық болса, онда ол философия есептеледі. Бұл қазіргі ғылымдар философиядан бөлініп кеткен замандағы нақты ғылымдардың түрлі ғылыми әдістеріне ұқсамайды. Аристотель бойынша, ғылым (логикалық тұжырым) дегеніміз не нақты, не қиялдауға болатын, не теориялық нәрсе. "Нақты" дегеніміз этика, саясаттану секілді қолданылу мағынасы бар екендікті білдірсе, ал "қиялдауға болатын" деген сөз поэтика, эстетика секілді тек елестету арқылы түсінуді көрсетеді. Ал теориялық дегеніміз физика, математика, және метафизика секілді терең зерттеу, толғаныс салаларын көрсетеді. Метафизика мен философия Аристотельдің анықтамасы бойынша "пішінсіз затты тану", яғни "бірінші философия", "теориялық философия", немесе "ең жоғары дерексіз қабаты тану" деп атады. Ал, логиканы (анализдеу) осынау жоғары деңгейдегі философияны үйренудің алғашқы сатысы деп есептеді. Аристотель Философияны 3 негізгі пәнге бөлді: Теориялық пәндер — математика, жаратылыстану ғылымы, метафизика деп аталған бірінші философия. Кейінгісі болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы туралы ілімдерді көрсетеді. Тәжірибелік пәндер — адамдардың іс-әрекеті турлы ілімдер, мысалы этика, саясаттану, экономика, стратегия және риторика Поэтикалық пәндер — ақындық шығармашылық, сурет, музика қатарлылар. Аристотель өз философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлді. «Метафизика» кітабында Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданды. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз – форма және мән 2. Аврелий Августин: христиан католик шіркеуінің негізін салушылардың бірі. Букіл Христиан философиясыныц ipi тұлғаларының 6ipi - киелі Августин. Ол 354 ж. Тагаст каласында (Африка) дүниеге келеді. 19 жаска келгенде Августин манихейлік дінді кабылдайды. Бұл діннің Heri3iH қалаған - парсылық Мани (3 ғ.). Ол өз ілімінің кайнар көзі Зороастра, Будда жэне Христос деп есептеген. Манихейлік ілім дүниеде eKi 6ip-6ipiHe қарсы тұрған негіз бар дейді. Олар кун мен тун, игілік пен зұлымдық. Алғашқы уақытта олар 6ip-6ipінен бөлек өмір сүреді. Екінші дәуірде зұлымдык, (материя) сәуле әлеміне кіріп, екі негіз 6ip-6ipiнe араласып кетеді. Уакыттың үшінші сатысында сәуле мен тунектің өзара күресі ізгіліктің жеңісіне әкеліп, материяның калдықтары дуниежузілік өртте кұриды. Адамга келер болсак, ол - тунектің туындысы. Оның денесі жанды (сэуледен шыккан) өз ішінен жібермей тұтқындап тұр. Иса пайгамбар осы адамдардың жанын кұтқару ушін жiбepiлгeн. Күнә мэселесіне келер болсак, манихейлистер ол адамның еркінің ауытқуынан емес, ол Дуниенің екінші түнек жагының адамның жан дуниесіне Kipyiнeн шыгады дейді'. 10 жылдан кейін Августин манихейлік дінді тастап, көп ізденіс, зардап шегіп, ақырында Христиан дінін қабылдап, өмірінің соңында осы дүниенің үлкен тұлғасына айналады. Августиннің Heri3ri философиялық еңбектері: «Кұдай өаласы жөнінде», «Сыр шегу», «Академиктерге қарсы», «Жанның өлместігі» т.с.с. Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дініне өтуi және оны букіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен iз қалдырды. 3. Араб тілдік философиядағы универсализм, энциклопедизм, пантеизм, перипатетизм : әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, ибн-Рушд Түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина — оқулықтарда “араб философтары” болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы” деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза ағайындар” ілімі — оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім — Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі — әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі — ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы — Ф.Бэконнон (1561 — 1626) Спинозаға (1632 — 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.А. ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты 10-11 ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. 4. Асан Қайғының дүниетанымы. Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. Ғалымдар зерттеуі Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов). Философия дүниетанымы Асан Қайғы Қаласының философия дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді: этикалық дүниетаным – ұлы жыраудың философия ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды. Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары. Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіс пеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Асан Қайғы Оқшы ата қорымына жерленіп, басына кесене тұрғызылған. Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан ата кесенесі "Жеті әулие" қорымында 5. Абай философиясы. Абайдың филос. көз қарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүние танымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді (қ. Психологиялық көзқарасы, Дінге көзқарасы). Солай бола тұрса да ақын құдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің езі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді» (соңда, 142-6.). Абай көз қарасынан антропол. принциптерде көрініс тапқан. Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, филос. ойларының көпшілігіңде адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17- 19 ғ-лардағы антропологизм, тіпті, Фейербахтың езі де, адамды абстрактылы гүрде, жайғанабиол.тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін табиғи шығу тегіменен ғана түсіндірді. Абай адамды табиғаттың бір белігі деп санап, оның имандылық қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал объективті дүниенің құбылыстары адам басыңда сәулеленеді де, оның психикалық қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай әр түрлі: филос. , биол.- психол. , эстетик. және әсіресе, этик. көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтып атын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзіндег. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демеулік... Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды», -дейді ойшыл-ақын. Объективті шындықты тануға деген бұл құмарлықты ақын адамның ең жоғарғы талабы деп біледі. Абай адамның қасиеті туралы ойын өрістете келіп: «Адам баласы екі нәрсеменен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсіби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Азба, кеппе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, булардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - булар - кәсіби», - деп атап көрсетеді. Қ. Бейсембиев ақынның адам бойындағы туа бітетін «екі бастау» туралы тұжырымдарына «Абай дуализмге жол берді» деп есептеді («Қазақстандағы саяси-қоғамдық және философиялық ой тарихының очерктері». - А., 1976, 206- б.). Ақиқатында Абай да Чернышевский сияқты адам бойындағы заттық және рухани бастауларының бірлігін, адамның тұтастығын айқынырақ ашып көрсетуді мақсат етті. Ақын орыс ойшылдарының еңбектері мен өз қолына түскен жаратылыстану ғылымының деректері негізінде табиғатқа материалистік монизм тұрғысынан қарап, адамның «рухани қызметін» оның дене еңбегінен бөліп алу дұрыс емес деп есептеді. Ал, бұл бір-біріне тәуелсіз материалистік және идеалистік, жеке дара екі бастауды мойындаудан келіп шығатын дуализмге түбірімен қайшы нәрсе. Герцен жазғандай дуализмнің ең басты принциптері «... шын мәнісінде бөлуге болмайтын нәрсені - мысалға, дене мен рухты -жасанды қарама-қарсылықтарға бөлу болып табылады, бұл дерексізденулерді бір-біріне қастықпен қарсы қою және мызғымастай болып біріккен нәрселерді жасанды жолмен өлшеу» (Г е р- ц е н А. И. Тандамапы философиялық шығармапары. -М. , 1948, т. 2, 113-6.). Абай әлемді тануға болатындығын мойындап, болмыс пен сананың шегін ажыратуға болмайтындығын теріске шығарады, бір бүтіннің бөлшектері ретінде адам мен табиғаттың тұтастығы туралы айқын тұжырымдар жасап, саналы адамның біртұтас табиғаттың үздіксіз дамуының нәтижесі екенін дәлелдейді. Әлемнің тұтастығы туралы мәселе философия тарихындағы ең күрделі тақырыптардың бірі екені белгілі. Абай мұны сана тудырған емес, өзінше объективті өмір сүретін әлемнің материалдық тұтастығы, бірлік деп түсінді. «Бір» демеклік... алла тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін, - деп жазды Абай, - мүмкін аттың (болуы мүмкін нәрселер) ішінде не нәрсенің үждуі (бар болу, бар болушылық) бар болса, ол бірліктен құтылмайды». Әлемнің материалдық тұтастығы туралы тұжырымдарында Абай Чернышевскийдің «Философиядағыантропологиялық принцип» деген еңбегінде материалистік философияның аса маңызды ережелерін негіздеп берген бағытты одан әрі жалғастырды. Абай әлемнің материалдық тұтастығын атап көрсетіп, «қудай жалғыз» деп дәлелдейтін діни қағиданы теріске шығара келіп, бұл туралы: «Біз алла тағала«бір»дейміз, «бар»дейміз, ол «бір» демеклік...-ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз», - деп жазды. Ол дуалистерге көрісінше «езінің өзі жасаушысы және себепкері» болып табылатын табиғаттың ғана өмір сүретінін мойындады. «Бұл ғылым құдірет... кезге көрілген, көңілге сезілген ғаламды қандай хикметпен жарастырып, қандай құдіретпен орналастырған... адам пендесінде ақыл-хүкімші қайрат, қуат қызмет қылушы еді. Соған қарап ойлайсың: алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс», - деп, Абай адамды аллаға теңестіру арқылы объективті шындықтың, яғни, табиғаттың өзіне-өзі себеп болатынын, оның барлық заттардың мәні мен болмысының себепшісі болып табылатынын, өз болмысы үшін ешқайсысына тәуелді еместігін атап көрсетті. Табиғатты «Аллаға» теңеп, құдайға адам кейпін бергенде Абай, сөз жоқ, Спиноза мен Фейербах философиясының материалистік тұжырымдарын негізге алған. Ойшыл-ақын олардың негізгі пікірлерімен ең алдымен Чернышевский шығармалары арқылы танысқан. Орыс ойшылы өз еңбектерінде Фейербах ілімінің мәнін жан-жақты баяндап қана қоймай, сонымен қатар одан ілгері кетті, ал бірқатар мәселелер бойынша оның дүниетанымындағы шектеулілік бағыттарынан асып түсті. Фейербах қудай туралы түсініктердің психол. негіздерін ашып, құдай идеяларының мазмұны қиялдағы тіршілік иесіне жорамалданған, абсолюттендірілген адамның мәні екенін көрсетіп берді. «Қудай дегеніңіз, - деп жазды ол, - басқа ештеңе де емес, адамның о бастағы, арман еткен адам: құдай қандай болса, адамда сондай болуы керек, сондай болғанын қалайды немесе тым құрымаса бір кезде сондай болғанын қалайды» (Ф е й - ербах Л. Таңдаулы философиялық шығармалары. - М. , 1955, т. 1, 155-6. ). Фейербах табиғат себебін сол табиғаттың өзінен іздеу керек екендігін дәлелдеді. «Табиғат... өзіне өзі себепші», - деп қайталады ол Спинозадан соң. «Адамның қудай туралы айтқандарының барлығы да іс жүзінде оның өзі жайлы айтқандары болып табылады... Адам құдай және сол арқылы тек өзін ғана іздейді... Сөйтіп, адамның құдай санап отырған объектісі тек өз қызметі ғана болып табылады»(сонда, 59-61-6.).Бұл ойлардың көрінісін Абайдан да табамыз.Абай шындыққа жету, таным жолындағы ойлаудың қызметі мәселелеріне ерекше мән берді. «Адаспай тура іздеген хакимдер болмаса, дүние ойран болар еді. Фиғыл пенденің (адамның) қазығы - осы жақсы хакимдер, әр нәрсе дүниеде солардың истихражы (істеу, ойлау) бірлән рауаж табады. Хакимдердің ғақлияты бірлән жетсе, иман якини (шын иман) болады. Бұл хакимдер... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ пенен батылдықты айырмақты үйреткендігі - баршасы нәфиғлық (пайда беруші) болған соң, біздің оларға міндеткерлігімізге дауа жоқ». Ғалым алған білімінің көлемімен, көп оқығандығымен ғана ардақты емес, ол өз білімін үздіксіз толықтырып, жаттығып, логик. ережелерді еркін меңгеріп, шеберлігі мен өнерін шыңдай түсуге тиісті. Ойшыл-ақын Әл-Фарабидің, сол арқылы Аристотельдің логиканың мәні ғылым ретіңде баяндалатын филос. еңбектерімен жақсы таныс болды. Оның логик. түйіндеу шеберлігін еркін меңгергендігін қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары», соңдай-ақ, өзіне қастандық жасалған оқиғадан соң 1898 ж. Сенатқа жазған хаты айқын дәлелдейді. Абайдың бұл құжаттағы сөз жүйелеуі, тұжырымдарының дәлелділігі, ойының айқындығы оның логика саласындағы алымының кеңдігін танытады. Ол жауласқан екі жақтың куәларының сөздеріндегі фактілер мен мысалдарды тиімді пайдаланып, олардан бірден-бір дұрыс қорытынды жасайды. «Егер куәлар өздері бір мезгілде көрген бір оқиға жайында ұқсас пікір айтса, онда мұндай жағдай әлгіндей оқиғаның болмағаңдығына дәлел бола алады...»(Үкімет - Сенатқа. «Білім және Еңбек», 1985, №8, 15-6.). Абай неғұрлым негізделген логик. заңдылыққа сүйене отырып, шындықтың жекелеген үздік-үздік мысалдар арқылы ғана ашылмай, деректерді тұтас, өзара байланыстыра отырып күдіксіз дәлелденуін, сөйтіп, оның дұрыс тұжырым жасап, танымның шынайы нәтижелеріне жетуге қызмет көрсетуін талап етеді. Ол логик. дәлелділік әдістерін басшылыққа ала отырып: «Мен былай деп ойлаймын: егер бір оқиға жайлы бірді-екілі емес, көп адам тусінің берсе және ол жайында мүлде ұқсас пікір айтса, онда мұның өзі оқиғаның ойдан шығармағандығын, шын мәнінде болғандығын дәлелдейді. Әлбетте, сол адамның да әлдебір мүдделер көздеп мүлдем болмаған, яки болған оқиғалар жайлы нақ болғандағыдай етіп айтпауы да мүмкін жай, ондай жағдайда мұны жоққа шығару әңгімелер ұқсас екен деген бірер тұжырыммен түйінделмей, әлгі әңгімелерді істің басқаша жағдайларында және басқа адамдардың куәліктерімен тексеруден өткізумен түйінделуге тиіс» (сонда, 15-16-6.), - деп жазды. Абай ой тұжырымдауды себеп пен салдардың объективті байланысының қорытындысы деп қарайды, оның бұл түсінігі - сол байланыстың нәтижесінде күмәнсіз білім туындайды дейтін ғылыми социологизм принциптеріне толық сай келеді. Ол силлогистик. тұжырымдау ережелеріне сүйене отырып, ойлаудың түр жағынан ғана емес, мазмұны жөнінен де, объективті шындықтың сәйкестігі жағынан да дұрыс болуын талап етті. Силлогизмді тиянақтылық пен тұжырым жасаудың байланысы деп қараған ойшыл ақын тұжырымдаудың шындық пен жалғандық жағдайларына толық қорытынды жасап, куәлардың толық немесе ішінара жалған тиянақсыз сөздерінен мысалдар келтіреді. «Осындай ой түйіндеу арқылы теріс те, оң да қорытындыға келуге болады - түсініктемелер ұқсас па, демек, олар - жалған; ақиқатқа көз жеткізу үшін түсініктемелер бір-бірімен қабыспайтын болуы қажет; бірақ, мынадай дасиллогизм жасауға болады - түсініктемелер бір-бірімен қабыспайма, демек, олар жалған; ақихатқа көз жеткізу үшін түсініктемелер бір-біріне ұқсас болуы керек» (сонда). Ол логик. қарама-қарсылықтар заңына сүйеніп: қарама-қайшы пікірлер шын, не жалған болуы мүмкін, ал ешуақытта да екеуі қатар болмайды деген тұжырым жасайды. Ол силлогизмге қарама-қарсылықтар арқылы ой жүгірткенде де жоғарыда көрсетілген заңға сүйенеді. Абай шартты силлогизм теориясын негізге апа отырып, қарама-қарсылықтар арқылы шыңдыққа жетуге болатынына көңіл бөледі. Егер шындық ретінде тиісті объективті шындыққа сай дәлелді пікірлер айтылса ғана ой тұжырымдау дұрыс болады деп есептейді. «Логикалық жағынан екі жағдайдағы түйтіңдеу де дұрыс, бірақ, мәселе онда емес, - деп жазды Абай, - мәселе болған оқиғаның ақиқаттығына көз жеткізу үшін соның негізінде ой түйінделген жеке бастың уәж нанымы ғана емес, фактілерге негізделген уәж-нанымның қажеттігіңде болып отыр, ал мұндай наным болмаған жерде - түсініктемелер мейлі ұқсас, мейлі әрқилы болсын - бәрібір оқиғаға сайма-сай келетін түйін жасауға болмайды, фактіге негізделмеген пікірге ғана келуге болады» (сонда). Абай дерек туралы ой тұжырымдауда нақты бар заттардың байланыстары мен қатынастарының объективті көрінісіне негізделген логик. операциялардың негізгі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ұсынады. Абайдың логик. дәлдері көп ретте Аристотель менәл-Фарабидің- қолдайтын және теріске шығаратын пікірлер, жағдайға қарай пайымдау, дұрыс және қате, қысқартылған және күрделі силлогизмдер, логика заңдарының субъективті мәні ғана емес, олар шыныңда да болған заттардың түрін де көрсететіні туралы тұжырымдарымен үндесіп жатыр (Бурабаев М. С. және басқалар. Әл-Фарабидің логикалық ілімі туралы. - А., 1982,112-168-6.). 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ қоғамында орнаған қоғамдық қатынастардың деңгейі ойшыл ақынның бірқатар мәселелерді шешуде, мыс., әлемнің материалдығын, себептілік, таным және ойлау қызметтерін түсінуде материалистік белгілері айқын сезілгенімен, қоғамдық болмыс құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсінуіне мүмкіндік бермеді. Абайдың тарихи еңбегі оның өз дәуірі үшін философия саласында қазақтың қоғамдық ойының дәстүрлі қағидаларына бірқатар соны да жаңа пікірлер ұсынғандығында болып табылады. Ақынның идеялық мұрасы қазақтың қоғамдық-филос. ойы мен мәдениетінің даму тарихын сапалық жаңа белеске көтерді 6. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі. Ж.Аймауытов,А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Дулатов,Х.Досмұхаметов осы аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсенді де абыройлы жетекшілері деп атауға болады.Осы жолда олар «Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана -сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді.Олардың бәрі дерлік 1917 ж болған екі революцияны да қабылдап, олар қазақ еліне шын бостандық,теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады.Өз өмірлеріінің алдына төнген қаіпке қарамастан,халықты ағарту, оның өзіндік сана-сезімін дамыту ісін олар тоқтатқан жоқ.Өйкені олар халықтың болашағын көздеді,ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететініне сенді. 20 ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялыларының қоғам алдындағы жауапкершілігі, отансүйгіштігі мен биік мақсаттары – бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Олар біз үшін халық алдындағы адалдықтың, рухани кемелдіктің, ұлтжандылықтың үлгісі іспетті. 1890 жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық орман институтына түсерде өрімдей жас Ә.Бөкейханов өзінің шығармасында: «Өзгеге жамандық тілеу – өзіңе жамандық жасау, себебі, басқалармен қосылып барлығымыз бір адамзат баласымыз. Адам баласы үшін ең қиыны рухани тыныштық жағдайына жету, оған біз санамен де, байлықпен де жете алмаймыз, тек ілім мен білім жолына түсу арқылы ғана адам баласы толыққанды рухани кемелдікке жете алмақ» деген екен. Кейінірек Алаш Орда көсемі Ә.Бөкейханов өзінің еңбектерінің бірінде: «Мен тірімін, дем аламын, туған елімнің ауыр жүгін арқалап өмір сүремін және мен үшін отанымның жарқын болашағынан асқан бақыт жоқ… Оны ойлағанда түн ұйқым төрт бөлінеді» деген болатын. Алаш қайраткерлері халықтың рухани және ұлттық санасын ояту жолын таңдап, қазақтың мемлекеттігі жолында аянбай тер төкті. Олар өзінің халқын азаттықта көруді армандап өтті. «Біздің басты мақсатымыз – елімізді өз тағдырын өзі таңдай алатын жағдайға жеткізу. Тек автономия алған жағдайда ғана халқымыз өз тізгінін өз қолына алады» деп Жанша Досмұхамедов те өз заманында айтып кеткен. Алаш қайраткерлері ұлттық сана-сезімді мемлекеттік деңгейге көтере білді. Алаш партиясы сол қиын уақыттардағы тығырықтан шығуға бағытталған шешімдер жиынтығын ұсына білген қазақ даласындағы алғашқы саяси ұйым еді. Алашшылардың негізгі ұраны осы күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған елдің береке-бірлігі болды. Алашордашылар заман ағымына сай өздерінің позициясын табандылықпен қорғап қана қоймай, әккі саясатты да ұстана білді. Алаш қозғалысының басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін құру, елдің даму жолын таңдауда ұлттық болмысқа ден қою, Ресейдің ішкі губернияларынан қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыруды доғару, әлемдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып қазақ қоғамын жаңғырту болды. 7. Ақиқат ұғымы ,мәсселесі,өлщемдері ,түрлері Ақиқат мәселесі, яғни күмәнсіз, шынайы, адекватты (латынша аЬаедиаШв - теңестірілген) білім мәселесі Ежелгі Грецияда қойылып және пайымдалған. Оның мәні неде? Элеаттар мен софистер әсіресе сезімдік қабылдауға негізделген біздің біліміміздің қоршаған орта туралы шынайы мәлімет беріп және оны дұрыс бейнелейтініне күмән келтірген болатын. Платон мәңгі және өзгермейтін идеялар туралы білім ғана мүмкін, ал сезімдік элем туралы мәлімет, пікірлер жалған деп санады. Сондықтан да объективті құбылыстар мен білімнің арасындағы сәйкестікті бекіту мәселесі пайда болды. Философияда мұндай сәйкестік ақиқат деген атауға ие болды. Аристотель былай деп жазды: "ажыратылғанды ажыратылған, байланысқанды - байланысқан деп есептейтін адам шын сөйлейді, ал жалған сөйлейтін адам - заттардың нақтылығы туралы кері ойлайтын адам". Аристотельдің бұл сөздері ақиқаттың классикалық концепциясын қалыптастырып, ол біздің заманымызға дейін жетті. Бұл концепция бойынша, ақиқат - бұл объективті құбылыстар мен процестер және жекелеген ұғымдар арасындағы сәйкестік емес, белгілі бір түйіндер, яғни, пікірлер және істің объективті жағдайы арасындағы сәйкестік болып табылады. Ақиқат түсінігінде тарих философиясында да, қазіргі философиялық ағымда да әр алуан пікірлер бар. Мысалы, ақиқаттың когерентті концепциясының жақтаушылары рационалистердің көзқарастарын біржақты қолдай отырып, берілген түйін дұрыс, егер ол алдында ақиқат деп есептелген пікірлерден белгілі логикалық ережелерге сәйкес туындайтын болса деп санайды. Математикадағы шарт осындай. Теорема бірқатар аксиомалардан келіп шығады. Аксиоманың шынайылығына біз күмән келтіре алмаймыз, ал теорема болса (тұжырым), егер ол логикалық түйіннің дәл ережесіне сәйкес аксиомадан туындайтын болғанда дәлелденген немесе ақиқат деп саналады. Алайда, "ақиқат" және "жалған" ұғымдары көп мағыналы, білімнің әр саласына қатысты әртүрлі мәнге ие болады. Мысалы, математикада ақиқат ұғымы мынадай тұжырымның - "теорема дегеніміз мынадайда, мынадай ережелермен дәлелденеді” деген тұжырымның синонимі ретінде көбірек қолданылады. Және мұнда ешқандай қателік жоқ. Бұл ерекше сөз тіркестері, математика үшін формальды дұрыстық, формальды есептеудің немесе қорытынды шығарудың ең негізгі мәселе (жалғыз болмаса да) екендігін баса көрсетеді. Алайда математиканы практикада - ғылым мен техникада қолдануға келгенде мәселе түбірімен өзгереді. Мысалы, көп өлшемді геометрияда жалаң формальды жолмен ғана бекітілген және формальды ақиқат деп есептелетін теоремалар мен тұжырымдар бар. Және әзірше олар ешқандай нақты физикалық процестерге қолданыла алмайтындықтан, олардың нақтылықпен сәйкестілігі туралы сөз қозғау артық. Сонымен бірге, оларды жалған деп есептеуге де болмайды, өйткені, олар қатаң дәлелденген. XIX ғасырда Лобачевскийдің, Риманның және Больяидің евклидтік емес геометриясы ашылған кезде, оларды материалдық нақтылыққа қолдануға келмейтін математикалық курьез деп есептеді. Олар тек дәлелдеуші, дұрыс құрылымдар ғана деп саналды. Алайда, XIX ғасырда Эйнштейн гравитацияның жаңа теориясын - салыстырмалылықтың жалпы теориясын құрды. Ол евклидтік емес геометрияға сәйкес келетіндей физикалық процестер кеңістікте жүзеге асатындығын дәлелдеді. Салыстырмалылық теориясы эксперименталды түрде дәлелденді. Философтардың кейбіреулері ақиқаттың өлшемі деп — тиімділікті, пайдалылықты және жайлылықты (прагматизм), енді біреулері жалпыға танымалдыльқты ұсынады, үшіншілері жаңа білімдерді ескі білімдермен қиыстыратын, ақикаттың формалды логикаөлшемімен шектеледі, төртішпілер білімнід ақиқаттылығын жалпы шартты келісу ісі деп түсінеді. Аталған жағдайлардың бәрінде ақиқаттың елшемі ақылдан тысқары шығарылмайды, сондықтан білім езімен-өзі түйықталады, ал акикатты айкындауға практикалык қызмет үдерісінде білімді объектімен қатар қоя қарастырғанда ғана кол жеткізуге болады. Мүндайда ақикат өлшемі шарттарын практика, демек, қоғамдық — тарихи үдеріс ретінде түсіндіретш материалдык кызмет қана қанағаттандыра алады. Практика коғамдағы адамның қоршаған дүниені материалдық игеруі болып табылады 8. А. Бөкейхановтың саяси философиялық көзқарасы. Алаш идеясына деген адалдық пен сенім - бізден соны талап етеді. Ал қазақ үшін Алаш идеясынан, оның бес ұлы идеясынан артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ. Ол идеялар мыналар: бірінші: жер мәселесі. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Екінші: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын. Үшінші: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың же-рінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. Төртінші: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негіз-делген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді. Жер үшін, жер мен аспан байлығы үшін, тәуелсіз экономи-ка үшін, тіл мен діл үшін, дін үшін, қазақ ұлтының көзқарасы мен ар-ожданын қорғайтын, ұлтты сыйлауға мойынсындыра-тын тәуелсіз заң мен тәуелсіз ойлау жүйесін қалыптастыратын тәуелсіз ғылым үшін күрес жолы енді басталды. Демек, Алаш идеясы бүгін де, ертең де өзінің жалғасын табады. Жаһандастыру дәуіріндегі рухани тәуелділіктен қорғайтын бірден-бір ұлттық бағдарлама осы болып табылады 9. Әлеуметтік философия .Философиялық ой тарихында қоғам туралы түсініктің эволюциясы Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Егер әлеуметтік философия қоғам туралы білімдердің жоғары дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы. Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен‚ қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі, шым-шытырық, тіпті шатасылған, онда күтпегендік жиі болып тұрады. Ол әртүрлі көріністерге өте бай, оның көріністерінің терең қабаттарына бойлай отырып, ондағы заңдылықтарды анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт керек. Қоғам туралы түсінік Қоғам дамуының маңызды заңдылықтары ХІХ-ХХ ғасырларда ғана алып ойшылдар Гегель, К.Маркс, П.Сорокин шығармашылығында ашылған. Қоғам дегеніміз-табиғаттан салыстырмалы тәуелсіз, рухани-материалдық жүйе, материя эволюциясының нәтижесі. Оның мәні адам іс-әрекетінің әртүрлі формаларымен байланысты. Ол адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарының қисынынан туындайды. Қоғам - материя қозғалысының жоғарғы деңгейі. Оның қалыптасуының негізгі факторы еңбек болып табылады. Еңбек ете отырып, адам табиғаттан тыс, одан тіпті басқаша болмысты дүниеге келтірді. Осы жаңа болмыс, адамның еңбегімен жасалған болмыс қоғам - деп аталады. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамдық өмірдің әртүрлі көріністерінің иесі-адам. Ол-қоғамды, оның тарихын жасаушы, қоғамдық өмір кеңістігінің күре тамыры. «Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады. Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық. 1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі — «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: “ әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”. С.Л Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары мынадай сұрақтарға жауап беру төңірегінде: Қоғамдық өмір деген не? Адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты неде? Адам өзінің қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жетуі мүмкін? Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні неде? Қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін құрайтын абсолюттік бастаулар мен құндылықтарға қатынасы қандай? Оның айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін” зерттеумен айналысатын философиялық таным. “Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің” – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы. Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлер шырмауынынан шығып, адамның қоғамдық және индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы қандай да бір нағыз сөзге ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз санасы көмегі арқылы ие болу формасы ретінде, өзін «жинақтауға» деген саналы рухани жігер ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап іздеу негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болар теориялық-методологиялық конструкцияларды, терминдерді, категорияларды іздейді және табады. 10. Әл-Фарабидің қоғамдық-саяси көзқарастар: Фараби өз еңбектерінде құдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің ізімен құдай дүниесі бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп – «алғашқы түрткі» ғана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз дайындылығымен құдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны қуаттайды. Керітартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар осы сияқты «күпірліктері», қателіктері үшін Әбу Насырды қудалаған кездері болған деседі кейбір зерттеушілер.Фараби «ақиқат біреу-ақ, оған әржақтан, әртүрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін», – деп санайды. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондықтан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-теологиялық сипат алды. Демек, Фарабидің философиялық ілімі – негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. Фарабидің философиялық жүйесінде идеализм мен материализм арасындағы ауытқулар байқалады. Ол бүкіл орта ғасырлар философиясындағы проблемаларды қамтиды. Олар: болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы мәселе, адамның тану әрекеті проблемасы, логика мәселелері, ақыл және адамның қоғамдық іс-әрекетіндегі алатын орны, этика, эстетика мәселелері, натурфилософия және ғылымдар методологиясы проблемалары т.б. Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактатын терең талдай келіп, Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизді зерттеу принципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу ғылымы – білімнің қайнар көзі, адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип – Фараби философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады. 11. Б.Спиноза философиясындағы субстанция мәселесі Тағы да бір жаңа дәуір философиясының көрнекті ұлы ойшыл философы Бенедикт Спиноза. Ол 1632 жылы Амстердам қаласында еврей көпесінің отбасында дүниеге келген. Сондай-ақ ол сол Амстердамдағы еврейлердің діни училищесінде оқып, Ван ден Эндан атты тәлімгер, мұғалім, ұстаздың ықпалында болады. Спиноза жас кезінен Дж. Бруно, Ф.Бекон, Томас Гоббс шығармаларына ден қойып, құныға оқыған. Спинозаның бұл көзқарасын жан-жағындағы еврейлер діни қауымдастығы қабылдамай, Еврей дін өкілдерінің қудалауына алынып, басқа бір жерлерге бас сауғалап кетуіне мәжбүр болған. Сондықтан Бенедикт Спиноза ауылдық жерге қашып барып, сонда өз күнін көре бастайды, сол жерде өзіндік шығармашылық жұмысын жалғастырып, түрлі еңбектер үстінде жұмыс істей бастайды. Былайша айтқанда біз Спинозаны кей біргі мәліметтер бойынша ХҮІІ ғасырдың ұлы философтарының бірі голландық Декарт ізбасары, Декарт, Гоббс сияқты рационалист, бірақ философиядағы өз жолын тапқан ойшыл деуімізге әбден болады. Б.Расселдің Спиноза бойынша пікірі төмендегідей: «Спиноза ұлы философтардың ішіндегі ең ізеттісі және ұнамдысы, сондықтан мен Бенедикт Спиноза жайлы әңгіме қозғағанда қорықпастан былай деп айта аламын: интеллект жағынан, кейбір философтар одан жоғары тұруы мүмкін, бірақ адамшылығы жағынан оған тең келері жоқ». Жас жағынан дін мектебі Синагогада білім алғандықтан дін жайлы, Інжілді, Тауратты жете білген. Бірақ еврейлер сопысы раввин болудан бас тартып, философияға және ғылымға ден қойған. Дін жолымен жүрмегендіктен раввиндер тарапынан қудалауға ұшырап, көнбегесін түрлі сыйлықтар, стипендиялар беріп сатып алмақ та болысқан. Еврей раввиндері Спинозаның көнбегеніне қарап, Спинозаны өлтірмек те болады. Ақыры соңында оны еврейлер қауымынан аластайды. Сол кездегі дәстүрге сай қауымнан аластау ауыр жаза болатын. Ешкім тіпті тума-туысқандары да онымен қарым-қатынас жасамауы керек болатын. Бірақ Спиноза өз өмір тағдырына мойымады. Амстердамның айналасындағы кішігірім деревняны паналап күнкөріс үшін әйнекті тегістеу ісімен шұғылданады. Тек түнгісін ғылыммен, философиямен айналысқан. Математиканы, философия тарихын, логиканы жете меңгеріп, Декарт іліміне ден қойған. Декарт ілімін оқып, жіктей келе оның дуалистік көзқарасын қабылдамады. «Дүние тұтас, Құдай да, ойлау да, рух та табиғаттан тыс дүниелер емес» деген Бруно, Кузинскийден келе жатқан пантейстік көзқарасты тиянақты жүзеге келтірді. Спинозаны дінге қарсы шықты деп айыптағанмен ол атеист болмаған, Құдайды жоққа шығармайды. Табиғаттағы, өмірдегі үйлесімділіктің көзі Құдай деп есептейді. Бірақ Құдай табиғаттан тыс күш емес, табиғат заңы, табиғатпен етене біріккен құдірет. Дін мен білімді қарсы қоймайды, дін шындық білімге арқа сүйейді деп мәлімдейді. Діни сенім мен ескі наным бір емес: ырымның түбірі – надандық, ал діннің негізі даналық – дейді. 12. Буддизм және оның негізгі идеясы. Буддизм (санскритше – बुद्धधर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VIҮндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Буддаболды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті. Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды. Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті тү |