МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Сократ философиясы. Майевтика ілімі





Даосизм

Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.

Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген.

«Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып, табиғат қоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао (әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеялар Қытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады.

«Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтылады.

Легизм философиясы

Легизм (заңшылдар немесе Фацзия мектебі) Көне Қытайдың тағы да басқа әлеуметтік ілімі.

Легизмнің негізін қалаушы Шан Ян мен Хан Фэй болған .(390-338 б.э.д) (288-233б.э.д)ЦиньШи Хуа императорының кезінде (ІІІ ғ б.э.д) Легизм ресми идеология болды.Легизмнің негізгі сұрағы: Қоғамда қалай басқару? Легистер заңға сүйенетін мемлекеттік зорлау арқылы бақару керек дейді.Сонымен , легизм –нақты мемлекеттік биліктің философиясы болып табылады.

Легизмнің негізгі постулаттары .

Адам бастапқыдан қатал табиғатқа ие адами қылықтардың қозғаушы күші жеке эгоистік мүдделер болып табылады. Тәртіп бойынша,жеке инвалидтердің мүдделері өзара қайшы келеді.Тұтас қастықтан, дауласудан қашу керек, қоғамдық қатынастарға мемлекет араласуы қажет.Мемлекет (армия мен шен ) заңды тыңдаушы азаматтарды қорғап, заңға бағынбағандарды қатал жазалауы керек. Көптеген адамдардың заңдық тәртібінің негізгі стимулы – жазалаудан қорқу болып табылады.Заңды және заңсызтәртіптерді шектеудің негізі заң.

Заң барлығына бірдей болуы керек, ал жазалауды бастыққа да, қарапайым адамға да егер ол заңды бұзсса қолдану.Мемлекеттік аппарат пен кәсіби мамандардан қалыптасуы қажет.Мемлекет –қоғамды реттейтін басты механизм, сәйкесінше қоғамдық қатынастарға экономикаға азаматтардың жеке өміріне құқығы

12,Көне Үнді философиясының негізгі мектептері

Г Жайнизм — көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы — біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды.



Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса — тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя — ұрлық жасамау; сатья — шыншылдық; апариграха — үйірсектікке (М.Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде осы ұғымды «жабыспау» деп аударған) тиым салу

Нирвана — адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру. бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.

Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация — йога деп көрсетеді

Архат — «жауды жеңуші» дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананын тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

Атман — бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: «мен», «езімді», «дене». Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы — индивидуальдік және универсальдік космостық психикалық болмыс ретіндегі «адам». Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан, сез бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, «брахман» ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

Брахман— бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брах-мандардың екілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.

Будда — «нұрланған», «оянған». Кең мағынасында — арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында — будда дінінің негізін қалаушының аты.

Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (сіһагта) — бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің кви-нэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы — болмыстың элементтері. Әлемдік процесс — себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, еткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі -абсолюттік тыныш күйге, сенуге жету.

Иога— әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жет-ілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога — терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (риdgа1а) жеке элемент-теден тұратын рухани белік пен атомдардан тұратын физикалық құры-лымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгерте алады.

Бұл элементтер — бағалық сараптау жасай білу қабілеті және ойларымызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Sаmаdhі немесе уоgа деген осы.

Карма— «іс-әрекет». Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, — жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, — міндетті түрде салдар туғызады, ол жақс немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пай да болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.

Нирвана -«жоғалу», «сөну». Күнделікті өмір — бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана — осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикада және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғым арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен баланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ ол зұлымдық пен құмарлықтар-дың тынышталуы, сезінбеудің толық дәр жесіне жету.

Сансара — азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры – білместікте, сондықтан одан құтылу жолы — нирванаға өну.

13. Упанишада. Ведалар философиясы, түсінігі, түрлері.

Упанишадтар ( санскрит उपनिषत्) Ведалық санскрит тілінде мәтіндер жинағы, діни–философиялық трактат.Буддизм және джайнизм діни ілімдеріндегі және кейбір ерте пайда болған индуизм орталық діни ұғымдарын қамтиды.

Упанишадтар кейде Веданта («Веды ақыры») деп аталады. Себебі Упанишадада ведалардыӊ негізгі ұғымы түсіндірілген.

Ведалар – бұл магиялық дұғалар мен салтанатты әуендердің, қасиетті әндер мен құрбан шалу формаларының жиынтығы.

Олардың ең маңыздысы және ең алғашқысы – Ригведа. Ригведаның гимндерінде атақты құдайларды мадақтап, көтеріңкі әдемі түрде олардың іс - әрекетін жариялау, туысқандық байланыстары мен ұлы потенциясын, негізгі функциясын айқындау бар.

Екінші веда, Самаведа, негізінен Ригведаның гимндерін қайталайтын самхит.

Үшінші – Яджурведа, әртүрлі мектептерге лайық самхиттердің бірнеше варианттарын ұсынады.

Атхарваведа – төртінші және соңғы самхит.

Ведалық дәуір біздің дәуірімізге дейінгі XV-VII ғасырларды қамтиды. Ведалық әдебиеттің төрт түрін көрсетуге болады:

самхиттер – гимндер жинағы;

брахмандар – ведалық текстерге түсініктеме және ритуалдарды баяндау;

араньяктар («орман кітаптары» орман кезіп, өмір сүретін дервиштерге арналған жинақ);

упанишадтар – жартылай поэтикалық, жартылай философиялық трактаттар.

14. Буддизм және оның негізгі идеясы.

Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VIҮндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т.

Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Буддаболды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.

Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.

Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір,шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.

Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап,жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.

Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».

Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: «Сендер бүл ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы барлық касталардың осы діннің туы астына бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер». Шындығында да, будда дінін әлемнің көптеген халықтары мен қоғамның түрлі топтары шын ықыластарымен қабылдады. Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік принциптерін алға тартқан бұл дінҮндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Моңғолия мен Комбоджадакеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.

Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келді. Оның біріншісі — махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы — хинаяна Цейлонда қалыптасты. Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңірген Нагарджуна болды. Будда дінінің бүл саласында Будда құдай дәрежесіне жеткізіліп, оған құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері Буддамен байланыстырылды. Мұндай жағдай, бір жағынан, брахманизмге білдірілген үлкен құрмет болатын, сөйтіп буддизм үнді халқының бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі діндерімен одан әрі жақындаса түсті.

Қытайда будда дінінің идеялары б.з.б. I ғасырда тарай бастады. Будда дінімен бірге Қытайда үнді өнерінің де ықпалы күшейе бастады. Ол Қытайға ғана емес Кореяға, одан әрі Жапонияға да қанатын кең жайды. Тибетте буддизм ламаизм түрінде қалыптасты. Ламаизм бойынша жоғарғы шіркеу қызметкерлері құдайдың сүйікті құлдары болып саналады, ал монахтар (ламдар) діндар адамдарға ұстаздық етумен айналысады.

Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм мен даосизмнің өзара ұштасуының нәтижесінде дзэн-буддизм ағымы пайда болды. Сыртқы дүниені менсінбеушілік, жеке бастың мәселелеріне баса назар аудару, интуитвизм бұл ағымның басты белгілері болып табылады. Дзэн-буддизм кейіннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-самурайлардың ықпалымен бүл ілімде әскери өнерге айрықша мән беріліп, ол адамның жан-жақты жетілуінің тез жүзеге асырылатын төте жолы деп тұжырымдалды. XX ғасырдың ортасына қарай дзэн-буддизм Батыс Еуропа елдеріне де тарап, өзінің өміршеңдігін байқата бастады.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, махаяна үнді халқының дәстүрлі діни наным-сенімдеріне өте жақын болып шықты. Өкімет тарапынан барынша қолдау тауып, қаншама шіркеулер тұрғызып, үнді қоғамында айрықша беделге ие болған будда дінінің өз позициясын (беделін) ешбір қарсылықсыз индуизмге бере салуын қалай түсіндіруге болады екен? Бұл сұраққа мәнді жауап беру үшін будда дінінің рухани дәстүрлерінің әлеуметтік негіздерімен толығырақ танысуымыз қажет. Үнді еліне келген арийлер варналарға бөлудің (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер және шудралар) негізін қалады, ал құлдар мен шетелдіктер варналарға кірмеді. Варналарға бөлу — үнді қоғамының негізі болып табылатын село қауымының беделін бұрынғыдан да көтере түсті. Оларды ақсақалдар бас- қарды, қауымдар өз іштерінде туындаған мәселелерді өздері шешті және өкіметке белгілі бір мөлшерде салық төлеп түрды. Өкімет тарапынан болатын озбырлықтардан оларды қатаң діни наным- сенімдер, салт-дәстүрлер және т.б. қорғап қалып отырды. Мұндай қауымдар шаруашылығы — натурадцы шаруашылық болды, онда жалдамалы еңбек кеңінен қолданылды. Қауымдар өмірінің тұйықтық сипатта болуы, олардың саяси қақтығыстар мен толқулардан тысқары қалуларына себепкер болып отырды. Қауым басшылары өзгеріп отырғанмен, қауым тіршілігінің қаймағы бүзылмады. Бүл жайында Д. Неру былай деп жазды: «Үндістанның саяси құрылымының негізі — өзін-өзі басқаратын село қауымы болды. Қоғамдағы өзгерістер бұл құрылымға ішінара өзгерістер енгізгенімен, оның тамырына балта шаба алмады. Ел билеу- шілерінің бірде-біреуі село қауымының құқығын бүза алмады және оларға берілген жеңілдіктерді орындауға мәжбүр болды».

Мемлекеттің басшылық орындарында кшатрийлер отырды, бірақ олардың билігін селолық қауымдар дер кезінде тежеп отырды. Әрі діндар, әрі білімді брахмандар кшатрийлерден жоғары түрды жөне қоғамда үлкен роль атқарды. Демек, брахмандар да, кшатрийлер де өз варналарында қалды, брахманның отбасында өмірге келген жас сәби брахман болып қала берді, өйткені ол еш уақытта да кшатрийге айнала алмады. Касталық құрылыс жүйесінің келесі өкілдері вайшьилер (диханшылар, қолөнершілер мен саудагерлер) және шудралар (жалдамалы жқмыскерлер, жалшылар) болды. Осы аталған төрт варна Үндістанның касталық құрылысының негізін қалады. Ал Үндістанға қоныс аударып келген түрлі халықтардың өкілдері бұрынғы касталарды толықтырып отырды немесе өздерінің дербес касталарын құрды. Мысалы, кәсіптеріне сәйкес тас қалау- шылардың, үсталардың, тері илеушілердің касталары құрыла бастады.

Касталық құрылыс жағдайында қалыптасқан ережелерді мүлтіксіз орындау талап етілді. Мысалы, касталар арасында үйленуге қатаң тыйым салынды, тіпті түрлі касталар өкілдері дастархан басында бірге отырып тамақ та іше алмайтын болды. Буддизм осы касталардың ішінде кшатрийлердің дүниета- нымы ретінде қалыптасты, сондықтан да болар, брахмандардың озбырлықтарынан зардап шеккен қарапайым халықтың басым көпшілігі кшатрийлерді батыл қолдап отырды. Осы орайда село қауымдарының буддизмнің әлсіреуіне себепкер болғандығын атап өтпеске болмайтын сияқты. Буддизм мен джайнизмнің күштемеу принциптеріне ерекше көңіл бөлінуінің арқасында диханшылыққа деген көзқарас өзгере бастады. Бір кездерде үнділер мен арийлердің мақтанышына айналған егін шаруашылығының қоғамдағы рөлі төмендеді, соның салдарынан шаруашылықтың бүл саласымен айналысушы диханшылар қоғамдық өмірде төменгі сатыдан орын алды. Сөйтіп, селолық қауымдар ешбір діни соғыстарсыз, айтарлықтай қарсылықсыз буддизмнен индуизмге бет бұра бастады. Бірақ, олар будда дінінің көптеген діни-адамгершілік қағидаларын өз бойларында сақтап қалды.

15. Ежелгі грек философиясы: даму кезеңдері, сипаты

Ежелгі Грекия философиясының ерекшеліктері

1. Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.

2. Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.

3. Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.

4. Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грекияда аса жарқын филосо-фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.

Көне Грекия философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Ита-лияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина. Көне Грекия философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:

1. Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мс фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің ғашқы бастауы мәселесін қарастырды.

2. Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Ари-стотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін ке-нейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.

3. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грекияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәу-елсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философия-сының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпшуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.

Көне Грекия философиясынын негізгі өкілдері

Милет мектебі

Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір – субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес – су, Анаксимандр – апейрон, Анакси-мен – ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Әлея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы – от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады. Б.д.д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рацио-нальдік танымға деген қүштарлық күшейді. Адамдардың орісін кеңейтіп, қоғамдық, саяси омірге дайындайтын, созге шешен, ақылды, халықтың көшбасшысы бола алатын мемлекет қайраткері болуға дайындайтын ин-теллектуалдар пайда бола бастады, олар өздерін софистер, яғни дана адам-дармыз деп атады. Өз еңбектері үшін белгілі бір ақы ала отырып, софистер ғылымның барлық салаларынан мағлұмат беріп отырды, адамдарды практикалық өмірге, мемлекеттік және жеке өмірдің кез-келген жағдайларында қиындықтан жол таба білуге үйретті. Софистердің тәлімгерлік ақылы қызметі білім мен мәдениеттің шеңберін грек қоғамының ақсүйектерімен шектемей, қоғамның барлық топтарының рухани дамуына мүмкіндік берді. Софистиканың көрнекті өкілдері ретінде Протагор, Горгий және Гиппийді атауға болады.

Сократ

Ежелгі Грекия философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық – зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!» қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель -Г.Н.) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты. Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды. Философия тарихында Сократ метод мәселесінің негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен. олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.

Платон

Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді. Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. «Идея» – Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу – ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек. Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады. Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызы жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі.Солардың алғашқыларының бірі Платон болды. Оның «Мемлекет», «Заңдар» және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мылекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанының бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды үш тапқа бөледі.

Аристотель

Аристотель – біздің дәуірімізге дейінгі 384 жыл шамасында Стагирде дүннеге келген. Платонның Академиясында философ ретінде қалыптасу шеңінен өтті, ұстазының философиялық ілімін жалғастырды. Аристотель зерттеген мәселелер аумағы өте кең. Философияны Аристотель «бірінші философия» және екінші философия» немесе метафизика және физика деп боледі. Оның пікірінше, мета-физика – барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді: 1) Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп «Неден?» деген сұраққа жауап береді. 2) Форма – заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді. 3) Қозгалтушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, «Қозғалыс қайдан басталады?» деген сұраққа жауап береді. 4) Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, «Не үшін?» деген сұраққа жауап береді. Фитканың зерттеу объектісі – денесі бар және қозгалушы нәрсе. Ари-стотель- қозғалыс деп кез-келген өзгерісті, мүмкіндіктің жүзеге асуын түсінеді және оның төрт түрін атап көрсетеді: 1) субстанционалдық қозгалыс – пайда болу және жойылу; 2) сандық қозгалыс – өсу және азаю; 1) сапалық қозгалыс – айналу, альтерация (заттың басқаға айналуы); 4) кеңістіктік қозгалыс – орын ауыстыру, трансляция. Адам қызметінің жалпы мақсаты, Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену- Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік – өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің жетілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат – асыл қасиетке жетуде. Аржттепъдің мемлекет туралы ілімі де асыл қасиет ұғымына негіздел-ген. Мемлекетті араласудың ең жетілген түрі деп түсіндірген Аристотель оның басты мақсаты – өз азаматтарын асыл қасиетке тәрбиелеу дейді. Александр Македонский билік құрған кезең – біздің дәуірімізге дейінгі 334 жылдардан бастап оның универсалдық құдайы монархия идеясы жүзеге аса бастады, ол өзінің қол астына әр түрлі қалаларды ғана емес, тұтас елдерді, халықтарды біріктіре бастады. Грек полисмемлекеті дағдарысқа ұшырады, өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, құлдырады. Сократ, Платон, Аристотель дамытқан еркін философиялық ойлардың орнын полистен жаттанған, өмірдің мәнін жоғалтқан, болашаққа сенімсіздікпен қарайтын, пессимистік пайымдауларға көбірек берілген философтардың экзистенциалдық және практикалық пікірлері басты.

Эпикур

Осы эллинизм дәуірінің көрнекті өкілі Эпикур болды Физика, логика және этиканы зерттеген Эпикур философиясының басты мәселесі – адам және бақыт. Философияны ол үш бөлікке бөледі: каноника – ақиқаттың критерийлері туралы диалектикалық зерттеулер; физика -табиғаттың пайда болуы және бұзылуы туралы ғылым; этика – өмір салты, нені таңдап, неден бас тарту керектігі және түпкілікті мақсат туралы ғылым.. Табиғат туралы ілімінде Эпикур Демокриттің атомдар ілімін қолдайды

Марк Туллий Цицерон

Марк Туллий Цицерон – біздің дәуірімізге дейінгі 106 жылы Арпи-нумде дүниеге келіп, б.д.д. 43 жылы қайтыс болды. Оның философиясы теориялық пайымдаумен шектелмейді, практикалық сипатқа ие болуға ұмтылады. Цицеронның ойынша, философия көне гректердегі секілді қолы бос, өмірді сырттай бақылап қана қойып, тұжырымдар жасайтын адамның ісі емес, өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектеспейтін философияның, даналықтың қажеті де шамалы. Философияның мақсаты – жан жарасын жазу, адамның назарын өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары құндылықтарға аудару, құмарлықтардан, қорқыныштардан арылту, сондықтан римдіктер философияны менсінбеуді қойып, оны терең зерттеуге ұмтылуы тиіс. Луций Анней Сенека – біздің дәуірімізге дейінгі 5-жыл шамасында Йспанияда, Кордовада дүниеге келіп, біздің дәуіріміздің 65-жылы қайтыс болды. Логика, физика, метеоролия салаларын зерттеумен айналысқанымен, антропологиялық және құдайы ілімдердің практикалық мазмұнына көбірек көңіл болді, философияның міндеті пайымдауға емес, іс-әрекетке үйрету, адамның рухын қалыптастыру, өмірін реттеу, өмір ке-месінің басшысы болу, 40 таза, асқақ философия ісі ғана адамды еркіндікке жеткізеді деп түсіндірді. Адамның ар-ұятын Сенека одан қашып құтылу мүмкін емес зор рухани күш, адамның моральдық фундаменті, ішкі дауысы, интуициясы ретінде қарастырады. Эпиктет – 50-жылдар шамасында Гиерапольде дүниеге келіп, 138 жылы Никопольде дүниеден өткен. Эпиктет философияның мақсаты – адамның бойында асыл қасиеттерді тәрбиелеу деп түсінеді. Ол адамдарға қажет адамгершіліктік ережелері ретінде мынадай қағидаларды ұсынады: Құдайға және оның адамдарға қамқорлығына, дүниенің және заттардың жүйелі, ақылдың көмегімен дамитындығына, адам рухының Құдайға ұқсастығына сенім. Кейбір зерттеушілер оны философтан гөрі Құдайға қызмет етуші, оның идеяларын таратушы, адамгершілік қасиеттерді насихаттаушы деп қарастырады. Қорыта айтсақ, көне грек философиясы мазмұны бай, зерттеген мәсе-лелер ауқымы өте кең, санқырлы, философияның натурфилософия, фи-лософиялық антропология, онтология, гносеология, этика, эстетика, логика және тагы басқа салаларын кеңінен қамтыган, фшософияның классикалық үлгісі деп атауга болатын философия десек, артық емес.

16. Ежелгі Грецияның алғашқы фил-лық мектептері

Ежелгі Грецияның Сократтыққа дейінгі философиялық мектебі б.э.д. VII-V ғ пайда болды. Ерте ежелгі грециялық полистерде пайда болды.

 

Ежелгі Греция ең танымал философиялық мектеп

 

1. Мемлекеттік мектеп

 

2. Пифагорлар мектебі

 

3. Гераклит Эфесскийдің мектебі

 

4. Элейстер мектебі

 

5. Атомистер

 

Ерекшеліктері : Жарқын сипатталатын космоцентризм қоршаған табиғат құбылыстарын түсіндіру мәселелеріне деген өте жоғары көніл бөлу.Барлық алғашқы тіршілікті тудырған бастаманы іздеу.

 

Гилозоизм (өлі табиғаттың тірілуі) Философиялық ілімнің дискуссиялық емес сипаты

 

Сократ философиясы. Майевтика ілімі

Сократ өзін құдайдың сүйген пендесі деп санады. К.Маркс: «Сократты жүзеге, іске асқан философия үлгісі» - деді, өйткені Сократ философия тарихында тұңғыш рет өз идеясының құрбаны болды. Сократтың айтқан нақыл сөздері: «өзіңді өзің таны»; «мен өзімнің түк білмейтінімді білемін, кейбіреулер оны да білмейді»; «өмір сүру үшін тамақжеу керек, бірақ тамақ жеу үшін өмір сүрмеу керек»; «жамандық – жақсылықтың не екенін білмеуден туындайды»; «өз қамыңды өзің ойла». Сократ антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салды. Сократтық әдіс бойынша ақиқатқа жету – сұхбаттасу арқылы жүзеге асады. Ол ақиқатты анықтаудағы өз өнерін «майевтика» - «кіндік шеше» өнері д.а. Бұл тәсіл сұрақ беріп, оған жауап алу арқылы адамның ақиқатқа өз бетінше жетуі, яғни ақиқатқа жете отырып ұғымды анықтау. Сократ үшін философия дегеніміз нақты өнегелік, әдептілік, моральдық құбылыстарды қарастырып, олардың мәнін ашу. Ол этикалық реализмнің негізін салды. Сократ философиясының, тұлғасының маңызы: кез келген білім – игілік, жақсылық; жамандық, зұлымдық – білместіктен туындайды; Сократ адамзаттың мәңгі мәселесі – жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен қайырымдылық, игілік, махаббат, ұждан және т.б. жауап іздеді; қазіргі білім беруде кең қолданылатын майевтика әдісін ашты; ақиқатты табудың диалогтық әдісін енгізді; индуктивтік әдістің де негізін салды. «Сократтық мектептер» - Сократ идеяларының ықпалымен пайда болған мектептер, философиялық ілімдер: Платон Академиясы; Киниктер мектебі; Кирендік (киренаиктер) мектеп; мегарлық мектеп; элидтік-эритрийлік мектеп. Платон Академиясы – б.з.д. 385ж. Платон ұйымдастырған философиялық мектеп. Бұл мектеп философиялық мәселелерді, құдайлар мен шығармашылық шабыт, шабыттанудың табиғаты және т.б. мәселелерді қарастырып б.з. Viғ. Дейін (1000 жыл) өмір сүрді. Киниктер – қоғамнан тыс, бейқоғами еркіндікті (асоциалды еркіндік) аңсаған философиялық мектеп өкілдері. Оның белгілі тұлғалары – Антисфен, Синоптық Диоген (оны Платон «ақылынан адасқан Сократ» деп атаған) . (Киник, Циник – «ит»). Киниктер философиялық ізденістерін өздерінде сынаған. Олар жалғыздықты көксеген, қаңғыбас өмір сүрген, мемлекет пен заңды, отбасы, ошақ қасын мойындамаған, дәстүрлі мәдениет, мораль, байлықты жек көріп, адамның теріс мінез-қылықтарын зерттеуге көп көңіл бөлген. Кирендік мектепті Сократтың шәкірті Кирен қаласының тұрғыны Аристип б.з.д.IVғ. құрды. Бұл мектептің өкілдері (киренаиктер): табиғатты зерттеуге қарсы болды; ең жоғарға игілік ләззаттану деп санады; өмірдің мәні – ләззаттану, бақытты болу; байлық – ләзаттануға жету жолы деп түсінді. Мегар мектебін б.з.д. IV ғасырда Мегар қаласының тұрғыны Сократтың шәкірті Евклид ашты. Бұл мектептің өкілдері – Евбулид, Диодор Крон. Мегарлықтар дәлелдеуге болмайтын абстрактты жоғарғы игілік – Құдай, парасат, өмірлік энергия болады деп санады. Ал жоғарғы игілікті терістеуге (абсолюттік зұлымдық) болмайды деді. Мегарлықтар теориялық ізденіспен қатар белсенді практикалық қызметпен де (шын мәнінде софистикамен) айналысты.

 

18. Платон философиясы. Платон философиясының тарихи маңызы.

 

Платон (б.з.д. 427-347 ж.ж.) – шын аты Аристокл, денесі ірі болғандықтан Plato-дәу деп аталып кеткен, Сократ шәкірті. Платон адамзаттың ұлы ойшылы; диалектика, таным теориясы, педагогика, эстетика, өнер, мемлекет теориясы, лбъективтік идеализм, философиясының негізін салды. Платонның айтқан сөздері: кешіру оңай, бірақ ұмыту қиын; біреуге өкпелегеннен гөрі, өзіңе өкпелегенің дұрысырақ; адамдар өзінің бақытсыздығына, мүшкіл халіне құдайды, тағдырды, кім көрінгенді кінәлайды, бірақ өз кінәсін мойындағысы келмейді. Платонның шығармалары диалог түрінде жазылған, оның маңыздылары: «Сократ апологиясы», «Лахес», «Кратил», «Той», «Федон», «Горгий», «Мемлекет», «Парменид», «Тимей», «Теэтет», «Заңдар» және т.б. Платон идея («түр») туралы ілім, идеализмнің негізін салушы: идея болмыстың, оның қасиеттері мен қатынастарының қайнар көзі; идея-үлгі, қалып, соған қарай Тәңір заттар дүниесін жасайды; идея-мақсат, нысана, оған мәртебелі игіліктей барлық тіршәләк иелері ұмтылады; идея-жалпылық, ол ойлаудағы заттар мәні туралы тектік ұғым; материалдық заттар өзгермелі, тұрақсыз және уақыты келе өз тіршілігін жояды; қоршаған дүние («заттар дүниесі») де уақытша, өзгермелі және шын мәнінде дербес субстанция ретінде өмір сүре алмайды; шындықта тек таза (денеіз) идеялар («эйдостар») тіршілік етеді; таза (денесіз) идеялар ақиқат, мәңгі әрі тұрақты; бар әлем таза идеялар (эйдостар) бейнесі. Платон сонымен бірге триада туралы филолһсофиялық ілімді дүниеге әкелді: барлық мәндік үш субстанциядан (түпнегізден) тұрады: «бірлік», «ақыл», «жан». «Бірлік» дегеніміз: бар болмыстың негізі; ешқандай белгі, қасиет жоқ (басталуы да, соңы да, бөлігі де, бүтіні де, формасы дф, мазмұны да, және т.б. жоқ); ештеме; бар болмыстан, бар ойлаудан, бар түйсіктен жоғары; барлығының алғы бастамасы – барлық идеялардың, барлық заттардың, барлық құбылыстардың, барлық қасиеттердің бастамасы. «Ақыл» дегеніміз: «бірліктен» туындайды; «бірлікпен» бөліседі; «бірлікке» қарама-қарсы; барлық заттардың мәні; жер бетіндегі бар тіршіліктің жалпылануы. «Жан» дегеніміз: жылжымалы субстанция, ол «бірлікке-ештеме» мен «ақыл-барлық тіршілікті» біріктіріп, байланыстырады және баолық заттар мен барлық құбылыстарды да байланыста ұстайды; жан әлемдік жан және жеке адам жаны болуы мүмкін; гилозоистік тұрғыда алғанда заттар мен өлі табиғат жандануы мүмкін; адам жаны (заттар) әлемдік жанның бөлігі; жан өлмейді; адам тәні өледі, ал жаны басқа тәндік қалыпқа көшеді; жанның тұрақтылығы мен тәннің форма өзгеруі – Ғарыштың табиғи заңы. Платон диалектикасы мен таным теориясы. Платон диалектиканы заттарды және заттар туралы ұғымды тектерге бөлу және тектің өз ішіндегі түрлерді ажырату өнерідеп ұғынды. Бар мәнділіктің жоғары тегі (категория): болмыс; қозғалыс; тыныштық; барабарлық; өзгеріс. Осылардың әрқайсысы әрі бар, әрі бар емес; әрі бір-біріне тең, әрі тең емес; әрі өзінде барабарлықта, әрі қарама-қарсылықта және сонымен бірге өзінен «өзгеге» өтеді. Сөйтіп, болмыс-бейболмысты, біртұтастық – көптілікті, тыныштық – қозғалысты, барабарлық – айырмашылықты ұйғарады. Дегенмен, Платон жүйесі тарихты, дамуды білмейді; бұрынғы болған процестер қайталанып, циклді шеңбер түрінде айналымға түседі. Платон гносеологиясында дүниені идеалистік бейнелеу басым: материалдық дүние тек «идея дүниесінің бейнесі болғандықтан, таным пәні ең алдымен «таза идеялар» болуы тиіс; «таза идеяларды» сезімдік таным арқылы тану мүмкін емес, мұндай таным түрі анық білім емес, тек «докса» - пікірлер ғана; «таза идеяларды» тек ақылмен, жоғары рухани қызмет (идеалистік таным) арқылы тануға болады; жоғары рухани қызметпен тек дайындығы барлар айналысуы мүмкін – білімді зиялылар, философтар, демек тек солар ғана «таза идеяларды» зерделеп көре алады. Платонның қоғам мемлекет туралы ойлары. Платтон қоғамды нағыз білімді философтар басқарулары тиіс деген. Ол мемлекеттік билік пен заңдардың қажеті болмайтын идеалды «болашақ мемлекеттің» болуын көкседі, бірақ ондай мемлекетті қазір құруға болмайтынын біліп, өз заманындағы мемлекеттің алты түрін қарастырды: монархия – бірадамның әділетті билігіне негізделген; тирания – бір адамның әділетсіз билігіне негізделген; аристократия – азшылықтың әділетті билігі; олигархия – азшылықтың әділетсіз билігі; демократия – көпшіліктің әділетті билігі; тимократия – көпшіліктің әділетсіз билігі, атаққұмарладың, әскерилердің билігі. Тирания, олигархия және тимократия мемлекеттің әділетсіз формалары, ал демократия – өте сирек әділетті форма болатындықтан, ол әдетте қайтадан тирания, олигархия немесе тимократияға айналып кетеді, сондықтан мемлекеттің ең тұрақты және қолайлы формалары – аристократия мен монархия болуы мүмкін. Сонымен бірге Платон мемлекеттік құрылыстың өзіндік жобасын жасады: мемлекеттің барлық тұрғындары үш қауымға бөлінді – философтар, әскерилер, жұмыскерлер. Жұмыскерлер, яғни шарулар мен кәсіпкерлер ауырдене еңбегімен айналысып, материалдық байланыстар жасайды, олардың шектелген жеке меншігі болуы мүмкін. Әскерилер дене шынықтырумен, жаттығумен айналысып, тәртіп сақтайды, қажет болған жағдайда – соғыстарға қатысады. Философтар (даналар) – философиялық теория, ілімдер жасайды, білім береді, мемлекетті басқарады. Философтар мен әскерилердің жеке меншігі болмауы керек. Мемлекет тұрғындары бос уақытын бірге өткізеді, бірге тамақтанады. Некеге отыру, некелесуге болмайды, барлық әйелдер мен балалар ортақ. Құлдардың, тұтқындардың еңбегін пайдаланукерек. Платон философиясының тарихи маңызы. Тұңғыш рет ұғымдық ойлауды, диалектиканы, философиялық категорияларды (болмыс- қалыптасу, мәңгілік – уақытшалық, тыныштық – қозғалыс, бірлік – көптілік және т.б.) дүниеге әкелді. Ұлы философтың жазған еңбектері қазіргі күнге дейін сақталып, адамзаттың алтын қорының жәдігеріне айналды. Идеализм философиясының негізін салды. Тек қана табиғатты емес, сонымен бірге мемлекетті, қоғамды терең зерттеу қолға алынды. Платон Академиясының тәрбиесін көрген атақты ойшылдар: Аристотель, Ксенокрит, Кратет, Аркесилай, Карфагендік Клитонах, Ларисалық Филон және т.б.

Аристотель философиясы

Аристотельдің философиялық көзқарасы «Метафизика», «Рух туралы», «Категориялар» және «Алғашқы және кейінгі Аналитика» деген шығармаларында жете пайымдалған. Аристотель философияны "шынайы ғарыштың себептерін зерттейтін ілім" деп бағалады. Бұл Платонның философияны "Идеяны тану ілімі" дегеніне қарсы айтылған. Ұстаз да, шәкірт те философияны ғарышты тану деп түсінген. Бірақ ғарышты қалай тану және ғарыштың негізгі мәні не деген мәселеде екеуі екі бағыт ұстанды. Платонның айтуынша, идея барлық нәрсені сомдаған арытқы себеп. Алдымен ғарыштық идея өмір сүреді, ол тұрақты, баянды, бірегей, мәнді, ал құбылыс идеяның көрінісі болып, уақыттық, ауыспалы, өткінші нәрсе[26]. Аристотель бұған келіспеді. Ол әрбір нақты нәрсені негіз етіп ғарышты зерттеудің ғана болашағы бар екенін, егер нақты осы заттар болмаса идея да өмір сүрмейтінін уәж етті. Платонда нақты нәрсе мен идея ортасындағы байланыс күңгірт болып, идея ғарыштың бір қалыбы, үлгісі дегеннен ары ұзамады. Платон нақты нәрсе туралы білім мәнді білім емес, шынайы білім біртұтас идеяны білу деп есептеді. Аристотель тек нақты білім ғана шынайы білім береді, біз өз тәжірибеміз бен зердеміз арқылы нақты нәрселерді зерттегенде барып дүниенің мәнін түсіне аламыз деп есептеді

Аристотель ғылым классификациясында онтологиялық философияны ең жоғары орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана зерттеумен шұғылданса, онтологиялық философия болмыстың жалпы табиғатын зерттейді деп есептеді.

Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.” (Метафизика, М., 1934,с45).

Аристотель айтқан "Табиғат философиясы" сөзі табиғат дүниесіндегі қозғалыс, жарық, физика заңдары қатарлылы құбылыстарды зерттеуге қаратылады. Бұл араға бәлен ғасыр салып қазіргі заманның ғылымына, ғылыми зерттеу методикасына арқау болды және арнайы пәндер болып философиядан бөлінді.

Қазір философия десе көбінесе метафизика саласы көзде тұтылады, бірақ табиғат дүниесін ғылыми зерттеу айтылмайды. Өйткені табиғатты танитын ғылым әлдеқашан философиядан бөлініп кеткен. Аристотель заманында философия барлық білім қабатын түгел қамтыған болатын.

Негізінен айтқанда, Аристотель философия мен логикалық тұжырымдауды бір нәрсе деп есептеп, философияны ғылыми түсінді. Яғни, ғарыш туралы, не басқа туралы кез келген ойда ғылыми логикалылық болса, онда ол философия есептеледі. Бұл қазіргі ғылымдар философиядан бөлініп кеткен замандағы нақты ғылымдардың түрлі ғылыми әдістеріне ұқсамайды.

Аристотель бойынша, ғылым (логикалық тұжырым) дегеніміз не нақты, не қиялдауға болатын, не теориялық нәрсе. "Нақты" дегеніміз этика, саясаттану секілді қолданылу мағынасы бар екендікті білдірсе, ал "қиялдауға болатын" деген сөз поэтика, эстетика секілді тек елестету арқылы түсінуді көрсетеді. Ал теориялық дегеніміз физика, математика, және метафизика секілді терең зерттеу, толғаныс салаларын көрсетеді.

Метафизика мен философия Аристотельдің анықтамасы бойынша "пішінсіз затты тану", яғни "бірінші философия", "теориялық философия", немесе "ең жоғары дерексіз қабаты тану" деп атады. Ал, логиканы (анализдеу) осынау жоғары деңгейдегі философияны үйренудің алғашқы сатысы деп есептеді.

Аристотель Философияны 3 негізгі пәнге бөлді:

1. Теориялық пәндер — математика, жаратылыстану ғылымы, метафизика деп аталған бірінші философия. Кейінгісі болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы туралы ілімдерді көрсетеді.

2. Тәжірибелік пәндер — адамдардың іс-әрекеті турлы ілімдер, мысалы этика, саясаттану, экономика, стратегия және риторика

3. Поэтикалық пәндер — ақындық шығармашылық, сурет, музика қатарлылар.

Аристотель өз философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлді. «Метафизика» кітабында Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданды. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз – форма және мән

20.Эллиндік философияның бағыттары: эпикуреизм, стоицизм, неоплатонизм

элиндік тән белгілер:киниктердің антиқоғами фил-на тән қоғами белгілер, фил стоикалық бағытының п.б,Эллинизм дәуірінде платондық Академия, аристотельдік Ликей киники мен кирен мектебі өз қызметін жалғастыруы, эпикур фил. Эллиндік фил ерекшелігі:антикалық мораль мен фил құндылықтардың дағдарысы, тән мен жан сүйенішін өзінен табу, шындықтан алшақтап қиялға берілу, дүниеге матералистік көзқарастың үстем болуы, Осы кезде эллиндік дүниеге өз ықпалын жүргізуге бәсекелес үш жаңа филос. мектеп:неоплатонизм-платон ілімін дамытты идеализ тұрғысынан табиғатты ғарышты адамды тануға ұмтылды.негізгі ағымдары:адамның құдай табиғатын мойындай келе сонымен бірге онығ өзіндік болмысын микрокосм ретінде қарастырды,схоластикалық фил қарсы Платон идеясына негізделген жаңа ж&





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.