МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тірі организмдер (тірі зат)





Кіріспе

Пән туралы қысқаша сипаттама:Эволюция ілімінің негізгі мәселелерін биологиядан жүргізетін мемлекеттік емтихан бағдарламасы енгізілген. Генетика,цитология,экология секілді жалпы биологиялық ғылым салаларының негізгі қағидалары ілімінде эволюциялық мазмұнға ие болады. Бұл бағдарлама жоғарыда аталған ерекшеліктерді еске ала отырып түзіледі.

Бұл бағдарламада тарихи бөлім айтарлықтай келеңді орын алады: біріншіден, эволюциялық ой-пікірлердің тарихымен кең көлемде таныстыру биологиядағы теориялық көзқарастардың оңайлықпен қалыптаспағандығы жайлы ұғымды туғызады, екіншіден, арнаулы пәндерде (өсімдіктану,жануартану т.б.) жалпы биологиялық концепцияларға өте аз көңіл бөлінетін, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуымен байланысты түркі халықтарының соның ішінде қазақ халқының табиғаттың эволюциясы жайлы қалыптасқан көзқарастары баяндалады т.б.

Бағдарлама Дарвиннен кейінгі кезеңге де жеткілікті көлемде орын беріледі. Бұл кезеңді зерттеп-білу, эволюцияның синтетикалық теориясы деп аталатын қазіргізаман эволюция ілімі логикасының қалыптасуын түсінуге мүмкіндік береді. Тарихи принцип,ғылым салаларының негізін салушы ғұлама ғылымдардың еңбектерімен танысуға мүмкіндік жасайды. Эволюция ілімін оқытуда осы принцпті кең көлемде пайдалану студенттердің ойлаудың диалектикалық құблыс екендігін түсінуіне және материалды игеруде догматикалық көз қарастарды теріске шығаруына, бұзуына мүмкіндік жасайды.Бұл принцптің тәрбиелік маңызы да жоғары.

Бағдарламаның негізгі бөлімі эволюциялық теориясы пәнің логикалық құрылымына сәйкес түзілді. Қазіргі заман эволюциясы теориясының негізін микроэволюция жайлы ілім құрайды. Бұл көпшілік жағдайда генетиканың және экологияның деректеріне негізделеді. Сондықтан эволюцияның негізін түсіндіру үшін бұл ғылымдарды жақсы білу қажет.

Эволюция ілімі табиғат тарихы дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюция негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негізгі ерекшеліктері.Эволюция құбылысын зерттеу принцптері мен әдістері Биология ғылымдары жүйесінде ілімнің аталатын орны және оның философиямен байланыстылығы Эволюция ілімінің негізгі проблемалары. Магистранттар осы курсты игергенде қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың негізгі шараларымен танысады.

Пәнді оқыту мақсаты:Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы тарихымен, тіршілік анықтамасымен, Жерде тіршілік пайда болу сауалының қысқа тарихымен Ф.Реди және Л.Пастер тәжірибиелерімен таныстыру.

“Панспермия” теориясы, Опариннің ілімі, Биогендік полимерлердің тірі ағзалардың қатысуынсыз түзілу мүмкіншіліктеріне экспериментальдық дәлелдер. Қазіргі негізгі тіршілік пайда болу теориясын, Дж.Бералдың биопоэз теориясын, Биопоэздің негізгі үш сатысын оқыту.



Пәнді оқыту міндеттері:Жердің биологиялық эволюциясының негізгі этаптарымен, Жер геохронологиясымен, жердің сыртқы қабаттарының түзілуінің геологиялық тарихымен, қазіргі кездегі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігімен, негізгі су және құрлықтық биомдармен, Адам-жердің тіршілік эволюциясының шыңымен таныстыру.

 

Пререквизиттер: ботаника және өсімдіктер әлемінің биологиялық алуан түрлілігі. Зоология және жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігі. Цитология және гистология. Адам анатомиясы. Экологиялық білім және дүние таным.

Постреквизиттер:Жалпы генетика және молекулалық биология.Экология және табиғатты пайдалану. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы.

 

2. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ

Семестрі Апта саны Семестр мен сабақ түрінде бөлінген сағат Курс жоба (жұмыс) Жалпы сағаты Соңғы бақылау түрі
лекция лаб.саб МӨЖ ОБМӨЖ
V семестр   Емтихан
Барлығы

3. ПӘН САҒАТЫНЫҢ БӨЛІНУІ

  Тақырып атауы, реті Лек сағ Лаб.жұм.сағ     СОӨЖ сағ
Эволюциялық ілімге кіріспе.
Эволюцияның қазіргі заманғы концепциялары.
Тіршілік және оның маңызды мінездемесі.
Микроэволюция.Популяция.Мутациялар.
Популяциядағы генетикалық процестер.
Ч.Дарвиннің теориясы.Табиғи сұрыптау.
Сұрыптау факторлары.Орта және ағза.
Адаптация (преадаптация,синадаптация)
Түрлердің концепциясы.К.Линей.Изоляция.
Түрлердің генетикалық негізі.
Макроэволюция.Геккель-Мюллердің заңы.
Органдар мен функциялардың эволюциясы. Органдардың корреляциялық заңы.
Морфологиялық және молекулярлық эволюциясы.
Филогенездің эволюциялық топтары.
Антропогенез және оның сатылары.
Барлығы

4.ЛЕКЦИЯНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тобы Күні Лекция тақырыбы және оның жоспары Кредит сағат саны Магистранттың танымдық қызметін белсенді ұйымдас-тыру әдісі және көр-некілік техника-лық құрал Әдебиет-тер (әдебиет №, реті, тарауы, беті)
    Эволюция іліміне кіріспе. 1.Эволюциялық идеялардың даму тарихы. 2.Эволюция анықтамасы. 3.Эволюциялық ілімнің мәні және оның методологиялық маңызы. Сөз көрнекілік әдіс 1,5,8
    Эволюцияның қазіргі заманғы концепциялары. 1.Ламарктің эволюциялық теориясы. 2.Алғашқы эволюциялық концепциялардың жасалуы. 3.Бюфонның, Сент-Илердің еңбектеріндегі тронсформизм идеялары. 4.Кювьенің түсініктері. Сөз көрнекілік әдіс 1,7,9
    Тіршілік және оның маңызды мінездемесі. 1.Тірінің негізгі қасиеттері. 2.Тіршіліктің жүйелілігі және ұйымдасқандығы. 3.Тіршіліктің геохимиялық ролі.Жер бетінде тіршіліктің пайда болу гипотезалары. Сөз көрнекілік әдіс 4,7,9,10
    Микроэволюция.Популяция.Мутациялар 1.Популяция-эволюцияның қарапайым бірлігі.Популяцияның негізгі сипаттамалары. 2.Морфофизиологиялық,экологиялық,генетикалық популяциялар динамикасы. 3.Харди-Вайберг заңы. Сөз көрнекілік әдіс 3,4,8,11
    Популяциядағы генетикалық процестер. 1.Популяцияның негізгі сипаттамалары. 2.Генофонд. Табиғи сұрыпталу әсерінің мысалдары. 3.Қысым және сұрыптау факторларының түсінігі. Сөз көрнекілік әдіс 7,12,16
    Ч.Дарвиннің теориясы.Табиғи сұрыптау. 1.Тіршілік үшін күрес түсінігі. 2.Табиғи сұрыптау. 3.Белгілердің ажырау, дивергенция принцптері. 4.Дарвиннен кейін эволюциялық түсініктердің дамуы-Уоллес,Гексли,Геккель т.б. Сөз көрнекілік әдіс 17,16,4
    Сұрыптау факторлары. Орта және ағза. 1.Табиғи сұрыпталу әсерінің мысалдары. 2.Қысым және сұрыпталу факторларының түсінігі. 3.Жеке және топтық сұрыптау. Жыныстық сұрыптау. 4.Бейімделу-табиғи сұрыптаулың нәтижесі. Сөз көрнекілік әдіс 2,7,15,
    Адаптация (преадаптация, синадаптация). Сөз көрнекілік әдіс 1,5,8
    Түрлердің концепциясы. К.Линней.Изоляция. 1.Түр концепциясының даму тарихы. 2.Түрдің негізгі концепциялары (типологиялық, номиналдық, биологиялық). Сөз көрнекілік әдіс 1,7,9
    Түрлердің генетикалық негізі. 1.түр анықтамасы. 2.Түр біртұтастығының генетикалық негіздері. 3.Түрдің жүйе екендігі. Сөз көрнекілік әдіс 4,7,9,10
    Макроэволюция. Геккель-Мюллердің заңы. 1.Эволюциялық процестің бағыттары және заңдылықтары. 2.Микро- және макроэволюцияның қатынасы. 3.Онтогенез эволюциясы. 2Онтогенез бен филогенездің өзара қатынасы. 4.Мюллер-Геккель заңы. Сөз көрнекілік әдіс 3,4,8,11
    Органдар мен функциялардың эволюциясы. 1.Органдардың корреляциялық заңы. Сөз көрнекілік әдіс 7,12,16
    Морфологиялық және молекулярлық эволюциясы. 1.Меристикалық белгілер мен аллометриялық қатынастардың өзгеру жылдамдығы. 2.Морфологиялық және молекулярлық эволюция. 3.Генетикалық жүйелер эволюциясы. Сөз көрнекілік әдіс 17,16,4
    Филогенездің эволюциялық топтары. 1.Филогенез сұрыптаулардан өткен онтогенездердің тарихи қатары екендігі. 2.Онтогенез эволюциясындағы гомеозистық мутациялардың ролі. Сөз көрнекілік әдіс 2,7,15,
    Антропогенез және оның сатылары. 1.Филогенетикалық топтар эволюциясы. 2.Арогенез, аллогенез-эволюцияның негізгі бағыттары. Сөз көрнекілік әдіс 2,7,15,
Барлығы    
               

5.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тобы Күні Жұмыс атаулары Кредит,сағат саны Тапсырмалар-ды тексеру түрі Әдебиет-тер (әдебиет №, реті, тарауы, беті)
Эволюциялық идеялардың даму тарихы.Линней жүйесі.Жаратылыстанудың метафизикалығы.Ламарктің эволюциялық концепциясы. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 1,2,14    
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы.Ч.Дарвиннің қысқаша өмірбаяны және ғылыми еңбектері.Дарвиннен кейін эволюциялық түсініктердің дамуы. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 3,4,13    
    Тіршіліктің жүйелілігі және ұйымдасқандығы.Тіршіліктің геохимиялық ролі.Биопоэз стадиялары. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 15,13,2
    Популяция-эволюцияның қарапайым бірлігі.Популяцияның негізгі сипаттамалары. Морфофизиологиялық,экологиялық,генетикалық популяциялар динамикасы.Харди-Вайберг заңы. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 4,2,7,6    
    Органикалық дүниенің бірлігімен дамуын дәлелдейтін палеонтологияның,анатомияның,морфологияның,эмбриологияның,биогеографияның молекулалық биологияның мәліметтері. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 5,8,9,11
    Мутациялану жилігі,тіршілік өзгергіштігі,тіршілік өзгергіштіктің мобилизациялану қоры.Полиморфизм.Өзгергіштіктің гомологиялық қатары. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 12,17,
    Табиғи сұрыпталудың негі:қозғаушы,тұрақтанушы,дируптивті,жиліктен-тәуелділік формалары.Жеке және топтық сұрыптау. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 4,7,8,3
    Түр концепциясының даму тарихы.Түрдің негізгі концепциялары (типологиялық, номиналдық, биологиялық).Түр анықтамасы. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 5,2,10,
    Эволюциялық процестің бағыттары және заңдылықтары. Микро және макроэволюцияның қатынасы.Органдармен функциялар эволюциясы. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 6,10,15
    Органдар мен функциялардың эволюциясы.Органдардың корреляциялық заңы. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 2,5,7,14
    Меристикалық белгілер мен аллометриялық қатынастардың өзгеру жылдамдығы.Морфологиялық және молекулярлық эволюция. Генетикалық жүйелер эволюциясы. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 1,6,8,9
    Филогенез сұрыптаулардан өткен онтогенездердің тарихи қатары екендігі.Онтогенез эволюциясындағы гомеозистық мутациялардың ролі. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 3,4,6,7
    Филогенетикалық топтар эволюциясы.Арогенез, аллогенез-эволюцияның негізгі бағыттары. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 2,5,8
    Онтогенез эволюциясы жайлы түсінік.Онтогенездегі организмнің біртұтастығы.Организмнің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның маңызы.      
    Қазақстан экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтар, олардың себептері және биосфераның эволюциясына әсері. Көрнекілік әдіс, бақылау сұрақ-тарына жауап 6,8,9,10
Барлығы:    
                 

6. МОӨЖ САБАҚТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тобы Күні Тақырыбы Кредит,сағат саны Тапсырма- ларды тексеру түрі    
    Эволюция ілімі жайлы түсінік. сұрақтарға жауап
    Макроэволюция ұғымы. сұрақтарға жауап
    Филогенездің негізгі формалары. сұрақтарға жауап
    Филогенетикалық эволюция. сұрақтарға жауап
    Организмнің біртұтастығы. сұрақтарға жауап
    Онтогенез эволюциясы жайлы түсінік. сұрақтарға жауап
    Антропогенез. сұрақтарға жауап
    Адамзаттың пайда болуы. сұрақтарға жауап
    Антропогенездің негізгі дәуірлері. сұрақтарға жауап
    Прогресс құблысын классификациялау. сұрақтарға жауап
    Салыстырмалы прогрессивті өзгерістерге сипаттама. сұрақтарға жауап
    Биосфера эволюциясы. сұрақтарға жауап
    Эволюциялық ілімнің проблемалары. сұрақтарға жауап
    Эволюциялық ілімнің маңызы. сұрақтарға жауап
    Дарвиннің өзгергіштік формалары,заңдылықтары,себептері. сұрақтарға жауап
      Барлығы:  
             

7. ОҚУЛЫҚТАР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ

Негізгі :

 

1.Яблоков А.В.,Юсуфов А.Г.Эволюционное учение. М.:Высшая школа, 1989.

2.А.А.Слюсарев.Биология с общей генетикой.

3.П.П.Гофман-Кадошкинков, Д.Ф.Петров. Биология с общей генетикой\\М., Медицина,1978.

4.Ч.Дарвин Происхождение видов.Сбор. Соч. М-Л., Издательство Ан СССР, 1939

5.Ч.Дарвин Изменения домашних животных и культурных растений. Сбор. Соч. М-А., Издательство Ан СССР. 1961

6.Шмальгаузен И.И.Проблемы Дарвинизм.Наука, 1969

7.Парманов А.А.Дарвинизм М., Просвещение, 1978

8.Дарвин Ч.Происхождение челавека и половой отбор. Соч.Т.5.М-Л., 1959

9.Сверцов А.Н.Главное направление эволюционного процесса. М., изд-во Мос. Ун-та, 1967.

10.Майр Э., Айала Ф.и др. Эволюция. Изд-во Мир, Москва 1981 \перовод с английского\

Б.Қосымша әдебиеттер.

1.Т.Л.Богданова.Биология.Задания и упраждения.М.,Медицина,1966.

2.Н.Грин,У.Стаут,Тейлор.Биология.М.,1990.І,ІІ,ІІІ том.

3.К.П.Соколов.Биология\\М., 1987.

4.Ю.К.Богоявленский.Руководство к лабораторным занятиям по биологии. М., 1988.

 

8. БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ:

түрі мен өткізілу мерзімі

 

1. 1-ші бақылау, 7 апта

2. 2-ші бақылау, 14 апта

3. Емтихан, қысқы сессия кезінде

 

9. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ( МОДУЛЬ) СҰРАҚТАРЫ:

1.Эволюция ілімі қандай ілім

2.Материя эволюциясының негізгі дәуірлері.

3.Органикалық эволюцияның негізгі ерекшеліктері.

4.Эволюция құблысын зерттеу принцптері мен әдістері.

5.Биология ғылымдары жүйесінде ілімнің алатын орыны және оның философиямен байланылыстығы.Эволюция ілімінің негізгі проблемалары.

6.Эволюциялық идеялардың даму тарихы.

7.Ж.Ламарктың эволюциялық концепциялары.

8.Ламарктің түр және адамның пайда болуы жайлы көзқарасы.

9.Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы.

10.Дарвиннің өзгергіштік формалары,заңдылықтары,себептері.

11.Монофилия және полифия принцптері.

12.Қолдан сұрыптау ілімі.

13.Табиғи түрлер эволюциясына әсер ететін негізгі факторлар.

14.Эволюциялық палентологияның дамуы.

15.Биогенетикалық заң.

16.Органикалық эволюцияның зерттеу әдістері.

17.Тіршілік-материя қозғалысының ерекше формасы.

18.Эволюцияның алғашқы дәуірлеріне симбиоздың ролі.

19.Эволюцияның дәлелдемелері мен зерттеу әдістері.

20.Микроэволюция ілімі.

21.Популяция-эволюцияның элементарлы құрылымы.

22.Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі.

23.Оқшаулану типтері.

24.Популяция толқынының типтері.

25.Табиғи сұрыпталу.

26.Сұрыпталу әсерінің статистикалық сипаттамасы.

27.Адаптацияның пайда болуы.

28.Түр концепциясының даму тарихы.

29.Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары.

30.Онтогенез эволюциясы.

10 ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

1. ХҮІІІ ғасырда “Табиғат жүйесі” еңбегін жазған ғалым:

1.Авиценна

2.К.Линней

3.Аристотель

4.Теофраст

5.Ж.Б.Ламарк

2.Өсімдіктермен жануарларды бинарлы номенклатура бойынша атауын ұсынған ғалым:

1.Ламарк Ж.Б.

2.Дарвив Ч.

3.Линней К.

4.Енглер.

5.Флейшер

3.Ж.Б.Ламарктің “Зоология философиясы” деген ғылыми еңбегі баспаға шыққан жыл:

1.1829

2.1809

3.1831

4.1837

5.1838

4.Ж.Б.Ламарктің ұсынған жануарлар дүниесінің деңгейлері:

1.1-сатысы @@ шаштәрізділер, буылтыққұрттар,молюскалар.

2.2-саты @@ балықтармен жорғалаушылар.

3.3-саты @@ құстар менсүтқоректілер.

4.4-саты @@ бунақденелілер мен өрмекшітәрізділер.

5.5-саты @@ сәулелі құрттар.

6.6-саты @@ инфузориялар мен полиптер.

5.Жоффруа Сент Илердің ұсынған ғылыми принцптері:

1.табиғаттың қолдан жасалған жүйесі.

2.даму табиғи жолмен беорганикалық заттардан құралған.

3.тірі ағзалардың бинарлы латынша номенклатурасы.

4.дене мүшелерінің гомологиялық принцпі.

5.дене мүшелерінің корреляциялық принцпі.

6.Дене мүшелерінің коррелциялық принцпін ұсынған ғылым:

1.палинология

2.палеонтология

3.систематика

4.салыстырмалы морфология

5.помология

7.Жылқының филогенетикалық жойылып кеткен ата тегі:

1.бронтозавр

2.археоптермикс

3.гиппармон

4.аннилозавр

5.диплодок

9.Ә.Геннелдің ашқан заңы:

1.геогенетикалық

2.биогенетикалық

3.гомологиялық қатарлар

4.гомологиялық мүшелер

5.эволюциялық бірбағыттылығы

10.Тірі ағзалардың зиготадан бастап өлгенге дейін жеке дамуы:

1.Филогенез

2.онтогенез

3.морфогенез

4.флорогенез

5.геогенез

11.Органикалық формалардың тарихи дамуы:

1.Филогенез

2.онтогенез

3.морфогенез

4.флорогенез

5.геогенез

12.Ч.Дарвин туылған жыл:

1.1787

2.1809

3.1821

4.1911

5.1831

13.Ч.Дарвин іліміне үлес қосқан ғалым-палентологы:

1.Т.Морган

2.И.П.Павлов

3.В.О.Ковалевский

4.К.Линней

5.Ж.Б.Ламарк

14.Салыстырмалы анатомия ғылым саласына үлесін қосқан ғалым:

1.И.П.Павлов

2.В.О.Ковалевский

3.К.Линей

4.Ж.Б.Ламарк

5. Т.Морган

15. Салыстырмалы анатомия ғылым саласына үлесін қосқан ғалым:

1.Ж.Сент-Илер

2.К.М.Берг

3.А.Н.Северцов

4.И.П.Павлов

5.В.О.Ковалевский

16.Эмбриологиялық зерттеулер жүргізіп эволюциялық ілімге үлесін қосқан ғалым.

1.Ж.Сент-Илер

2.К.М.Берг

3.А.Н.Северцов

4.И.П.Павлов

5.В.О.Ковалевский

17.Ч.Дарвиннің “Бигльң кемесімен саяхат жасаған жылдары:”

1.1731-1736

2.1801-1806

3.1831-1836

4.1886-1891

5.1890-1896

18.Палентология ғылымы зерттейтін сала:

1.өсімдіктер

2.жануарлар

3.қазба қалдықтар

4.ұрықтың дамуы

5.анатомия

19.Салыстырмалы анатомияның ашқан заңы:

1.паразитизм

2.гомология

3.аналогия

4.онтогенез

5.филогенез

20.Палентологияға үлес қосқан ғалым:

1Л.Пастер

2. А.Н.Северцов

3.Ч.Дарвин

4.В.О.Ковалевский

5.К.Линней

21.Даму кезінде жойылатын мүшелердің аталуы:

1.гомогохия

2.аналогия

3.рудимент

4.атавизм

5.паразитизм

22.Эмбриологиялық зерттеулер жүргізген ғалым:

1.Ж.Б.Ламарк

2.И.И.Мечников

3.Ч.Дарвин

4.Э.Геккель

5.Л.Пастер

23.Бірінші жануарлар жүйесін жасаған ертедегі табиғатты зерттеуші философ:

1.Авиценна

2.Аристотель

3.Демокрит

4.Теофраст

5.Сократ

24.Тірі ағзалардың келесі ұрпаққа өзінің белгілері мен қасиеттерін беру қаблеттілігі:

1.өзгергіштік

2.тұқым қуалаушылық

3.тіршілік үшін күрес

4.табиғи сұрыптау

5.бейімдеушілік

25.Ағзалардың өз қасиеттері мен белгілерін зерттеу қасиеттері:

1.өзгергіштік

2.тұқым қуалаушылық

3.тіршілік үшін күрес

4.табиғи сұрыптау

5.бейімдеушілік

26.Тапшылық затқа және территория үшін тұрарлық күрес пен бәсекелестік:

1.өзгергіштік

2.тұқым қуалаушылық

3.тіршілік үшін күрес

4.табиғи сұрыптау

5.бейімдеушілік

27.Белгілі тіршілік жағдайларға тірі даралардың бейімделуі:

1.өзгергіштік

2.тұқым қуалаушылық

3.тіршілік үшін күрес

4.табиғи сұрыптау

5.бейімдеушілік

28.Бір түрге жататын даралардың жиынтығы:

1.түр

2.туыс

3.тұқымдас

4.қатар

5.популяция

29.Белгілі уақыттағы попульяция гендерінің жиынтығы:

1.түр

2.туыс

3.тұқымдас

4.қатар

5.популяция

30.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің негізінде табиғи сұрыптаудың бақылауымен жүретін эволюция:

1.макроэволюция

2.микроэволюция

3.қарапайым эволюциялық ілім

4.элементарлы эволюциялық факторлар

5.органикалық қажеттілік

31.Дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтерді берген және олардың жүйесін жасаған ғалым:

1.Ж.Б.Ламарк

2.Аристотель

3.К.Линней

4.Теофраст

5.Ч.Дарвин

32.Ұрпақтарда жаңа гендер комбинациясы пайда болатын өзгергіштіктің аталуы:

1.фенотиптік

2.комбинативтік

3.мутациялық

4.абберациялық

5.транслокациялық

33.Бірінші болып эволюциялық теорияны жасаған ғалым:

1. Ч.Дарвин

2. К.Линней

3.Ж.Б.Ламарк

4.Аристотель

5.Ж.Бюффок

34.Түр деңгейінде, табиғи сұрыптау нәтижесінде, белгілердің ажырауы:

1.конвергенция

2.дивергенция

3.түр түзілу

4.микроэволюция

5.макроэволюция

35.Жаңа туыстардың және тұқымдастардың пайда болу процесінің аталуы:

1.конвергенция

2.дивергенция

3.түр түзілу

4.микроэволюция

5.макроэволюция

36.Ұзаққа созылған популяция генофондының өзгеруі:

1.географиялық түр түзілу

2.кәдімгі эволюциялық құбылыс

3.генефонд

4.экологиялық түр түзілу

5.эволюциялық күштер

37.Түр деңгейінде өтетін эволюциялық процестің аталуы:

1.макроэволюция

2.микроэволюция

3.конвергенция

4.дивергенция

5.мутация

38.Ареал деңгейінде немесе жаңа ортаға бейімделу нәтижесінде түрлердің пайда болуы:

1.географиялық өзгеріс

2.экологиялық эволюция

3.макроэволюция

4.микроэволюция

5.конвергенция

39.Әртүрлі систематикалық топтардың деңгейінде ұқсас жағдайда тіршілік етіп жатқан ағзалардың белгілерінің аталуы:

1.дивергенция

2.конвергенция

3.микроэволюция

4.мутация

5.макроэволюция

40.Еркін шағылысатын, шығу тегі және генетикалық негіздерібар, белгілі ареалда тарамдалған бір түрге жататын түрлердің жиынтығы:

1.генофонд

2.популяция

3.тұқымдас

4.класс

5.туыс

41.Эволюциялық ең қарапайым (элементарлы) құрылым:

1.түр

2.популяция

3.тұқымдас

4.класс

5.туыс

42.Жасушасыз ағзалар:

1.қыналар

2.вирустар мен бактериофагтар

3.бактериялар

4.мүктер

5.саңырауқұлақтар

43.Жасушасыз ядросыз ағзалар:

1.қыналар

2.вирустар

3.бактериялар

4.балдырлар

5.саңырауқұлақтар

44.Бір жасушалы ядролы ағзалар:

1.қарапайымдылар мен бардырлар

2.ішекқуыстылар мен гупкалар

3.бактериялар

4.бактериофагтар мен вирустар

5.көк-жасыл балдырлар

45.Ұлпасыз таломды ағзалар:

1.қарапайымдылар

2.қыналар мен саңырауқұлақтар

3.ішекқуыстылар мен губкалар

4.бактериялар

5.балдырлар

46.Ұлпасы жетілмеген екі қабатты жануарлар:

1.қарапайымдылар

2.қыналар мен саңырауқұлақтар

3.ішекқуыстылар мен губкалар

4.бактериялар

5.балдырлар

47.Жабық тұқымды өсімдіктердің саны:

1.250 000

2.35 000

3. 100 000

4. 2 000 000

5. 20 000

48.Қазіргі уақытта белгілі мүктер саны:

1.251 000

2.35 000

3.100 000

4.2 000 000

5.100 000

49.Бунақ денелілер саны:

1.250 000

2.35000

3.130 000

4.923 000

5.100 000

50.Тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайланына бейімделуі:

1.адаптация

2.тіршілік үшін күрес

3.бәсекелестік

4.конвергенция

5.дивергенция

51.Эволюциялық жылжытқыш күш:

1.тұқым қуалаушылық

2.өзгергіштік

3.тіршілік үшін күрес

4.табиғи сұрыптау

5.бейімдеушілік

52.Сыртқы орта жағдайларының әсері нәтижесінде пайда болатын өзгергіштік формасы:

1.анықтаушы

2.коррелятивтік

3.әдістемелік

4.бағыттаушы

53.Бірнеше белгілердің және ағзалардың қасиеттерінің өзгеруіне байланысты өзгергіштік формасы:

1.анықтаушы

2.коррелятивтік

3.әдістемелік

4.бағыттаушы

54.Марфофизиологиялық ұйымдасуын және түрлер мен попульяциялардың тіршілік қаблеттілігін арттыратын өзгерістер:

1.ароморфоз

2.идиоадаптация

3.дегенерация

4.биологиялық прогресс

5.биологиялық регресс

55.Белгілі жағдайда пайда болған жеке адаптациялық өзгерістер:

1.ароморфоз

2.идиоадаптация

3.дегенерация

4.биологиялық прогресс

5.биологиялық регресс

56.Жалпы ұйымдасу деңгейі төмендеу нәтижесінде пайда болған бейімдеушілік өзгерістердің аталуы:

1.ароморфоз

2.идиоадаптация

3.дегенерация

4.биологиялық прогресс

5.биологиялық регресс

57.Популяцияда өлімнен көбеюі басым болғанда, даралардың саны жоғарылау құбылысының аталуы:

1.ароморфоз

2.идиоадаптация

3.дегенерация

4.биологиялық прогресс

5.биологиялық регресс

58.Популяцияда көбеюден өлім басым болғанда, даралардың саны төмендеу құбылыстың аталуы:

1.ароморфоз

2.идиоадаптация

3.дегенерация

4.биологиялық прогресс

5.биологиялық регресс

59.Шығу тегі және ағзада орналасуы мен құрылысы ұқсас дене мүшелердің аталуы:

1.гомологиялық

2.аналогиялық

3.атавизм

4.рудимент

5.конвергенция

60.Шығу тегі және құрылысы әр түрлі, бірақ атқаратын қызметтері ұқсас дене мүшелердің аталуы:

1.гомологиялық

2.аналогиялық

3.атавизм

4.рудимент

5.конвергенция

61.Филогенезде өзініңм маңызы мен қызметін жоғалтқан қалдық ретінде қалған гомологиялық түзілістердің аталуы:

1.гомологиялық

2.аналогиялық

3.атавизм

4.рудимент

5.конвергенция

11. МАГИСТРАНТЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЕРЕЖЕСІ

Университетте кредиттік оқу жүйесіне өткен академиялық топтарда студенттің білімі мен біліктілігін бақылау рейтингтік жүйеде іске асырылады. Максималды рейтинг 100 балды құрайды. Рейтинг балы екі бөліктен құралады: бірінші бөлігі 60 балды құрайды. Ол магистранттың күнделікті бақылау және МӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балдарының қосындысынан, екінші 40 балл, ол емтихан балынан құралады.

Бірінші рейтингтік бағаны қою кезінде студенттің күнделікті аудиториялық сабаққа қатысу белсенділігі, магистранттың ғылыми жұмыстағы жетістіктері, магистранттың оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы, магистранттың өзіндік жұмысы бойынша жинаған ұпайлары ескеріледі, бірақ сабаққа қатыспағаны үшін жинаған жалпы балл мөлшерінен 1 балдан кемиді.

 

Бақылау түрі Апта Қорытынды ұпайдың проценттік баламасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
2 Күнделікті аудитория-лық сабаққа қатысу + + + + + + + + + + + + + + + + 0,4 15 6,0
Күнделікті сабақ тап-сырмаларын орындау белсенділігі + + + + + + + + + + + + + + + + 1,4 15 21,0
МӨОЖ 2,5
МӨЖ + + + + + + + + + + + + + + + + 0,715 10,5
Блок 10 2 20
Аралық бақылау 60
Емтихан 40
Қорытынды балл 100

Магистрантардың білімі, білгірлігі және дағдылары келесі жүйемен бағаланады

Әріппен белгіленетін баға Баллдардың сандық баламасы Пайыздық мөлшері Традициялық (бұрынғы) жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D + 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлық емес

12. КАФЕДРА ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ ТАРАПЫНАН МАГИСТРАНТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Сізге курста өтілетін материалдар қысқаша түрде алдын ала таратылып берілетіндіктен, ары қарай өз бетіңізше әдебиеттер арқылы немесе оқытушы басшылығымен магистранттың өзіндік жұмысы сабақтары кезінде толықтыруыңызға мүмкіндігіңіз бар. Алған біліміңізді тексеру үшін сізден курс барысын бақылау жұмысы, аралық тесттер, реферат, магистранттың өзіндік жұмысы және емтихан алынады.

Сабақ баллдық жүйемен бағаланатындықтан тақырыптық тесттер, үй тапсырмалары, күнделікті сабаққа белсенді қатысу мен ғылыми конференцияларға қатысу арқылы балл жинауға болады.

Курс бойынша 2 аралық бақылау, тесттер мен коллоквиумдар өткізіледі. Әр бір тапсырма өз уақытысында тапсырылуы қажет. Егер тапсырмалар дер кезінде тапсырылмаса балл төмендетіледі. Қорытындылау негізінде емтихан алынады.

Сонымен бірге сабақтан себепсіз қалу, кешігу, сабақта тыныштықты сақтамау, телефонмен сөйлесу, сабақта басқа нәрсемен айналысу сіздің балдық қорыңызға кері әсерін тудырады, яғни айып балдары алынып тасталынады.

 

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Тақырып 1. Кіріспе. Тірі табиғаттың даму заңдылықтары

Эволюциялық ілім 1859 жылы Ч. Дарвиннің

" Түрлердің пайда болуы "атты негізгі еңбегі жарыққа шығып, тірі табиғат туралы көзқарасты түбегейлі өзгертті. Бұл жұмыс Дарвиннің өзі және басқа ғалымдар жинаған бай материалды зерттеу мен оның мәнін түсіну үшін жасалған жиырма жылдық жұмыстың нәтижесі еді.

Қазіргі кезде 350 мыңнан астам өсімдіктерге, жануарлардың 1,5млн түрлеріне, 100 мыңға жуық саңырауқұлақтар мен 3 мыңнан астам прокариоттарға, сондай-ақ вирустардың 800 түрлеріне сипаттама берілді. Сипаттама берілген тірі организмдердің және әзірше анықталмаған түрлерінің арақатынасына сүйеніп, ғалымдар осы заманғы флора мен фауна организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрлерінен тұрады деген болжам жасайды. Осыдан басқа палеонталогиялық және кейбір өзге мәліметтерді пайдалана отырып, зерттеушілер жердің бүкіл тарихы бойында тірі организмдердің жуық шамамен 1млрд түрлерінің тіршілік еткендігін есептеді.

Енді, адамзат тарихының әр түрлі кезеңдерінде адам баласы өмірдің мәнін, организмдердің алуан түрлілігін және организмдердің жаңа формаларының пайда болуын қалай түсінгендігін қарастырайық.

1.1. Жер бетінде тіршіліктің дамуы туралы тарихи көзқарастар

Өсімдіктер мен жануарлар, олардың тіршілік әрекеті туралы жинақталған білімді жүйелеуге және жалпылауға бірінші талпынысты Аристотель (біздің эрамызға дейінгі ІV -ғасыр) жасады, бірақ оған дейін ұзақ уақыт бұрын әр түрлі көне дәуір халықтарының әдеби ескерткіштерінде негізінен агрономияға, мал шаруашылығына және медицинаға байланысты тірі табиғаттың ұйымдасуы туралы қызықты мәліметтер баяндалды. Биологиялық білімнің бастауы мен тамыры көне заманда жатыр, ол адамдардың тікелей практикалық іс-әрекеттеріне негізделген. Жартас бетіндегі Кроманьон адамының (біздің эрамызға дейінгі 13мың жыл бұрын) суреттеріне қарай отырып, сол уақыттын өзінде адамдар аң аулау объектілері болған жануарлардың көп түрлерін жақсы айыра алғандығын анықтауға болады.

1.1.2. Тіршіліктің мәні мен дамуы туралы көне және орта ғасырдағы көзқарастар.

Біздің эрамызға дейінгі VІІІ-VІ - ғасырларда көне Грецияда біртұтас табиғат философиясы қойнауында көне ғылымның алғы шарттары пайда болды. Грек философиясының негізін қостаушы-лары Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және Гераклит әлемнің пайда болуына өзіндік даму күшімен алғы шарт жасаған материалдық бастапқы негізді іздеген. Фалес үшін бұл бастапқы негізі су болды. Анаксимандр ілімі бойынша, тірі организмдер өлі табиғат объектілері түзілетін заңдылықтар негізінде белгісіз материядан "алейроннан" түзіледі. Үшінші философ Анаксимен әлемнің материалдық бастапқы негізін - ауа деп есептеді: ауадан барлығы пайда болады және барлығы ауаға қайта оралады. Ол адамның жанын да ауамен теңестірген.

Ертедегі көрнекті грек философтарының бірі Гераклит. Оның ілімінде тірі табиғат туралы арнайы қағидалар болған жоқ, дегенмен оның жалпы жаратылыстанудың дамуында сонымен қатар тірі материя туралы көзқарастардың қалыптасуында маңызы зор болды. Гераклит алғаш рет философияға және табиғат туралы ғылымға тұрақты өзгерістуралы нақты түсінікті енгізді. Ғалым әлемнің бастапқы негізі ретінде отты санаған; ол кез-келген өзгеріс күрестін нәтижесі деп оқытқан: "Барлығы күрес арқылы және қажеттілік болғанда пайда болады".

Тірі табиғат туралы көзқарастардың дамуына көне заманның басқа да философ – ғалымдары - Пифагордын, Эмпедоклдың Демокриттің, Гиппократтың және т.б. зерттеулері мен ойша құрастырылған концепциялары үлкен әсер етті.

Көне әлемде тірі табиғат туралы сол уақыт үшін едәуір көп мәліметтер жиналды. Жануарларды жүйелі зерттеумен Аристотель айналысты, ол жануарлардың 500-ден астам түрлеріне сипаттама берді және оларды белгілі бір тәртіппен: құрылысы қарапайымнан күрделіге қарай орналастырды. Аристотельмен белгіленген табиғат денелерінің орналасу реті бейорганикалық денелерден басталып, өсімдіктерден кейін, бекініп тіршілік ететін жануарларға - губкалар мен асцидияларға, одан кейін еркін қозғалатын теңіз организмдеріне қарай жүретін бағытта құрастырылды. Аристотель мен оның шәкірттері сонымен қатар өсімдіктердің құрылысын да зерттеген.

Аристотель, барлық табиғат денелерінің екі жағын бөліп қарастырды. Олар әр түрлі мүмкіндіктерге ие материя және материяның осы мүмкіндігін жүзеге асыратын форма - жан. Ол жанның үш түрін бөліп қараған: өсімдіктер мен жануарларға тән өсіретін немесе қоректендіретін жан; жануарларға тән сезетін жан және бұл екеуінен басқа тек адамға тән ақыл-ой.

Орта ғасырларда Аристотель еңбектері тірі табиғат туралы көзқарастардың негізі болып саналды.

Еуропада Христиан шіркеуі орнаған уакыттан бастап, библияға негізделген ресми көзқарас тарай бастады: тірінің барлығын Құдай жаратқан және өзгермейтін күйде қалады. Орта ғасырдағы биология дамуының бұл бағыты - креационизм(латын тілінен сгeаtiо - жарату, жасау) деп аталады. Бұл кезеңнің ерекшелігі, сол уақытта болған өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне сипаттама беру, оларды жіктеу талпынысы көбіне жасанды (алфавит бойынша) немесе қолданбалы сипатқа ие болғандығында. Жануарлар мен өсімдіктер классификацияларының көптеген жүйелері жасалды. Олардың негізін өз еркімен алынған жекелеген белгілер құрады.

Биологияға деген қызығушылық ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуы (ХV-ғасыр) және товар өндірісінің даму дәуірінде едәуір артты. Қарқынды сауда мен жаңа жерлердің ашылуы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді кеңейтті. Үндістаннан және Америкадан Еуропаға жаңа өсімдіктер дәм қабық (корица), қалампыр, картоп, жүгері, темекі әкелінді. Ботаниктер мен зоологтар бұрын көрмеген жаңа өсімдіктер мен жануарлардың көпшілігіне сипаттама берді. Практикалық мақсаттарда бұл организмдердің қандай пайдалы не зиянды қасиеттері бар екендігі көрсетілді.

1.1.3. К. Линнейдің органикалық табиғат жүйесі

Тез жинақталып келе жатқан білімнің қоры, оларды жүйелеу, ретке келтіру, яғни систематизациялау қажеттілігіне алып келеді. Адам үшін пайдалы немесе келтіретін зияндылығына байланысты өсімдіктер мен жануарларды топтарға біріктірілген практикалық жүйелер жасалды. Мысалы, өсімдіктерді: дәрілік өсімдіктер, бақта өсетін өсімдіктер немесе бақшада өсетін өсімдіктер деп бөлді. "Үй малы" немесе "улы жануарлар" деп құрылысы мен шығу тегі жағынан алуан түрлі жануарлар аталды. Түрлердің практикалық классификациясы ыңғайлы болғандықтан әлі күнге дейін пайдаланылады.

Бірақ пайдалы белгісі бойынша тірі организмдердің классификациясы ғалымдарды қанағаттандыра алмады. Олар өсімдіктер мен жануарларды құрылысы мен тіршілік әрекетінің ұқсастығы бойынша топтарға біріктіруге мүмкіндік беретін қасиеттерді іздестіреді. Алғашқы кезде систематиканың негізі ретінде өз еркімен таңдалған бір немесе бірнеше белгілер алынды. Әрине, мұндай жағдайда бір топқа мүлдем туыс емес организмдер кіргізілді.

ХVI-XVII ғасырларда өсімдіктер мен жануарларға сипаттама беру және оларды систематизациялау жұмысы жалғасты. Табиғат жүйесінің жасалуына көрнекті швед табиғат зерттеушісі Карл Линней үлкен үлес қосты. Ғалым өсімдіктердің 8000-нан астам түрлеріне және жануарлардың 4000-нан көп түрлеріне сипаттама берді, біркелкі терминологияны және түрлерге сипаттама беру тәртібін бекітті. Ол ұқсас түрлерді туыстарға, ұқсас туыстарды отрядтарға, ал отрядтарды кластарға біріктірді. Осылайша ол өзінің классификациясының негізі ретінде таксондардың (грек тілінен taxis тәртіппен орналасу) иерархиялық принципін (яғни өзара бағыну) алды; бұл белгілі бір қатардың систематикалық бірлігі. Линней жүйесінде ең ірі таксон - бұл класс, ал ең кішісі-түр мен түр тармағы. Линней түрлерді белгілеуге арналған бинарлы номенклатураны заңды етіп енгізді.

Ірі ғалым ретінде ол көп жағдайда организмдердің құрылысының ұқсастығы бойынша түрлерге дұрыс біріктіре білді. Дегенмен, классификация үшін белгілерді өз еркімен таңдауы (өсімдіктер үшін аталығы мен аналығының құрылысы, жануарлар үшін - құстардағы тұмсығының пішіні, сүтқоректілердегі тістердің пішіні) Линнейді бірқатар қателіктерге алып келді. Линней өз жүйесінің жасанды екенін түсіне отырып, табиғаттың табиғи жүйесін жасау қажеттілігін ескерткен. Ол «Жасанды жүйе табиғи жүйе жасалғанға дейін ғана қолданылады», - деген





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.