Жедел гастроэнтерит немесе дизентерия Жедел аппендициттен айырмашылығы іштің толғақ тәрізді ауырғандығы, көп рет тамақ аралас құсық, іш кету. Науқас жағымсыз тамақ ішкенін айтады. Ішті пальпациялағанда ауырсынуы қатты жер анықталмайды, құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің қатаюы жоқ, құрсақ тітіркендіру симптомы анықталмайды. Қан анализінде лейкоциттер саны қалыпты. Геморрагиялық капилляротоксикоз (Шенлейн-Генох ауруы) Құрсақ қуысы мүшелерінің серозды қабықшасында ұсақ қан құйылулар пайда болады. Бұл нақты орналаспаған іштегі ауырсыну тудырады. Геморрагия көп болса дененің терісі мен аяқ-қолда байқалады. Операция алды эпикриз Шағымы Оң жақ мықын аймағының ауырсынуы, жүрек айну, құсу 2-3 рет, жалпы әлсіздік. Қазіргі ауру тарихы(Аnamnesis morbi) Науқас өзін бір күннен бері аурумын деп санайды.Ауырсыну эпигастрий аймағынан басталып оң жақ мықын аймағында тұрақталып сақталып қалған. Ауырсыну симтомының сақталуына байланысты жедел жәрдем шақырып, ЖЖКА-на жеткізілді. Хирургпен,терапевпен,гинекологпен қаралып, хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Өмір тарихы(Аnamnesis vitae) Өсіп - дамуы жасы мен жынысына сәйкес. Мектепке уақытылы барған. Боткин ауруымен, туберкулез және тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Зиянды әдеттері жоқ. 2011 жылы Жатыр поликистозына байланысты операция жасалды Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Аллергоанамнез: дәрілерге және тағамға аллергиясы жоқ. Гемотрансфузия болған жоқ. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Status praesens communis Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Санасы айқын,тері жамылғысы қалыпты, Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ – 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты, АҚҚ – 120/90 мм. с.б. PS - 80 рет. Тілі құрғақ, таза. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырсынады. Ровзинг, Роздольский, Ситковский, Воскресенский белгілері оң мәнді. Перитонеальді белгілері жоқ, зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Per rectum: тік ішек сфинктері сақталған, , ампуласы бос,тік ішектің пролапсы және ауырсынуы жоқ Терапевт қорытындысы: терапевтикалық аурулар белгісі жоқ. Гинеколог қорытындысы:гинекологиялық патологиялары жоқ. Диагнозы:Жедел аппендицит Науқасқа шұғыл операция тағайындалды. Жоспарлы операцияның көлемі:Лапроскопиялық аппендоэктомия Қан тобы: А (IV)- төртінші. резус фактор: Rh (+)- оң Операцияға келісімі алынды Дәрігер: Шманов.Д Премедикация мақсатында б/е тағайындалды: Sol.Atropini 0.1% 0.5 Sol.Dimedroliv1% 1.0 Sol.Promedoli 2% 1.0 б/е Дәрігер: Нұрманов.К Операция хаттамасы № 187 Лапраскопиялық аппендэктомия. Кіші жамбас қуысын дренаждау. Операция барысы: операция аймағын үш рет спирт және бетадинмен өңдегенннен кейін, жалпы наркоз беріліп, кіндік үстіне Вереша инесінің көмегімен пневмоперитонеум жасалды. Троакарлар аппендэктомия жасау үшін әрбір нүктеге орналастырылды. Видеоптика жүргізілді. Кіші жамбас қуысын ревизиялау кезінде 20 мл серозды сұйықтық анықталды. Құрт тәрізді өсінді флегманозды және ретоцекальды орналасқан. Өсінді шажырқайы ретпен когуляцияланып алынды, оның негізіне лигатура салынды, аппендктомия 10 мл-лік троакар арқылы жасалынды. Кіші жамбас қуысы дренаждалған. Қабат-қабат тігіс салынды.Асептикалық таңу жасалынды. Макропрепарат: құрт тәррізді өсінді 9 см, ісінген, гиперимияланған, қуысында ірің. Диагноз: Жедел флегманозды аппендицит. Жергілікті серозды перитонит. Хирург: Садуов М. А. Ассистент интерн: Утемисов Г.Н. Анест: Байзаков М. С. О/с Талапгуль Тағайындалған емі: Операциядан кейін: - кетонал 2℅-2мл бұлшықетке - ампициллин 1,0г күніне 4рет 5күн бұлшықетке - вит В 12 2ретх2мл бұлшықетке Тағайындалған ем 1. Операциялық ем 2. Диета 3. Антибактериалық ем Шұғыл түрде оперативті ем. Жоспарланған операция: лапароскопиялық аппендэктомия. Предмедикация мақсатында бұлшық етке тағайындалады: Solutionis Atropini 0.1%-0.5 Solutionis Dimedroli 1%-1.0 Solutionis Promedoli 2% 1.0 Емі: Режим I -Гентамицин 5 мг 2 рет б/e - Митрогил 2,0 б/e - кетонал 2℅-2мл бұлшықетке - ампициллин 1,0г күніне 4рет 5күн бұлшықетке Күнделік 17.04.16. Операциядан кейін науқастың жағдайы орташа. Санасы айқын. Тері жамылғысы мен кілегей қабаты қалыпты. Тілі ылғалды, таза. Төсектегі қалпы енжарлы. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ – 19 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ – 75. АҚҚ-110/70 мм.с.б. Пульс-78 рет минутына. Іші жұмсақ, операция аумағы аздап ауырсынады. Физиологиялық бөлінісі еркін. Таңғыш таза. Дренаждан аздаған серозды геморрагиялық бөлініс бар. Емі жалғасуда. Шағымы: Операциядан кейінгі аймақтың ауырсынуына. Оң жақ мықын аймағында ауырғандық бар. 18.04.16. Науқастың жағдайы жақсы. Санасы айқын. Тері жамылғысы мен кілегей қабаты қалыпты. Тілі ылғалды, таза. Төсектегі қалпы белсенді. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ – 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ – 74. АҚҚ-110/70 мм.с.б. Пульс-76 рет минутына. Іші жұмсақ, операция аумағы аздап ауырсынады. Физиологиялық бөлінісі еркін. Таңғыш таза. Дренаждан аздаған серозды геморрагиялық бөлініс бар. Емі жалғасуда. 19.04.16. Науқастың жағдайы жақсы. Санасы айқын. Тері жамылғысы мен кілегей қабаты қалыпты. Тілі ылғалды, таза. Төсектегі қалпы белсенді. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ – 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ – 75. АҚҚ-110/70 мм.с.б. Пульс-77 рет минутына. Іші жұмсақ, операция аумағы аздап ауырсынады. Физиологиялық бөлінісі еркін. Таңғыш таза. Дренаждан бөліністер жоқ. Емі жалғасуда. Жедел аппендицит – құрт тәрізді өсіндінің бейспецификалық микробтар салдарынан жедел және созылмалы қабынуы. Аппендицит жиі 10-25 жас аралығында кездеседі. Жедел іш қуысының хирургиялық ауруларының ішінде 89,1 % алады, яғни бірінші орын алады. Жедел аппендицит – перитониттің пайда болуының ең жиі даму себебі. Жедел аппендицит этиологиясы мен патогенезі: 1. Рефлекторлы (нервтік-гумор.) 2. Гематогенді жолмен аппендициттің тромбозы 3. Лимфогенді 4. иммунологиялық 5. алиментарлы 6. паразитарлы 7. баугиноспазм 8. Бөгде заттар (түйме, шемішке) Жедел аппендицит классификациясы: Колесов бойынша: Аппендикулярлы шаншу 2. Жедел жәй беткей (катаральды) аппендицит Деструктивты жедел аппендицит а) флегмонозды б) гангренозды в) перфоративты Жедел аппендициттің асқынуы а) аппендикулярлы инфильтрат б) аппендикулярлы абцесс в) пилефлебит г) перитонит |