Есептерге ЭТАЛОН ЖАУАПТАРЫ Емдеу факультеті Амбулаторлы-емханалық терапия кафедрасы 1.4. ӘдіСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР мамандығы 051301 – Жалпы медицина тәжірибелік сабақтар үшін пәні «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» Блок 1 «Кардиология» Тақырыбы:ЖДТ жедел коронарлы синдром Курс:5 Семестр – IX. X Құрастырған: проф. м.ғ.д. Бижигитов Ж.Б Алматы, 2011 Әдістемелік нұсқаулар кафедра отырысында талқыланып қарастырылды хаттама №______ _____________ 2015 ж. «Бекітілген» Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор _____________________ Бижигитов Ж. Б. 1. «Кардиология» блогы, тақырыбы 1: ЖДТ жедел коронарлы синдром. 2. Мақсаты: жалпы дәрігер тәжірибесінде (ЖДТ) жедел коронарлы синдром кезінде жалпы профилактика принциптері бойынша білімін және ісін, диагностикасын, емін және динамикалық бақылауын құрастыру. 3. Оқу мақсаты: 1. біріншілік медико-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдастыру жағдайында халыққа медициналық көмекті көрсету үшін студенттерді принциптарға, әдістерге және негізгі емдік-диагностикалық әрекеттерге үйрету; 2. дәлелдеу медицинаға негізделген қарап тексеру тәсілдерін, диагностикалық критерийлерін бөлу, салыстырмалы диагностика жүргізу, зерттеу және емдеу бағдарламасын құрастырып білу; 3. амбулаторлы жағдайда коронарлы синдром кезінде динамикалық бақылаудың негізгі принциптеріне, дәрілік-еңбектік экспертизаға, адам және жанұяның дені сау өмірінің принциптерін және әдістерін құрастыруға студенттерді үйрету; 4. өзара қарым қатынас тәсілдерін жетілдіру, дәрігермен және науқас, оның жанұя мүшелері арасындағы қарым қатынастың маңызды екенін түсіну, конфиденциальдық принциптерді сақтау; 5. денсаулық сақтау және гарантия аймағындағы құқық және міндеттері бойынша білімді құрастыру және қамтамассыздау; ҚР негізгі Кодекс ережесіне қарай «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі»; денсаулық сақтау сферасында нормативті-құқықтық және заңды құжаттармен қамтамассыздау; 6. студенттер басқа адамдарды үйрету тиіс және білімін, тәсілдерін жетілдіру қажет, тұрақты түрде кітаптармен, ғылыми және нормативті құжаттармен өзі жұмыс істеу керек. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: · «жедел коронарлы синдром» анықтамасы қандай · классификациясы, жедел коронарлы синдромның клиникасы · жас, егде және қарт адамдардағы коронарлы синдромның ағым ерекшеліктері, клиникалық көріністері; · амбулаторлы жағдайда диагностикалық іздеу алгоритмы; стационарға госпитализациялау көрсеткіштері · коронарлы синдром кезінде қазіргі кездегі лабораторлы-инструментальді әдістер; · дәлелдеу медицинаға негізделген, ЖДТ коронарлы синдромның қазіргі кездегі емдеу принциптері; · амбулаторлы-емханалық жағдайда коронарлы синдромы бар науқастарды динамикалық бақылаудың негізгі принциптері, халықтың денсаулығын жақсарту үшін шаралар жүргізу тәсілі; · дәрілік-еңбектік экспертиза, реабилитациялық бағдарлама, санаторлы- курортты ем. Науқасты үйретудің негізгі принциптері. · коронарлы синдромы бар науқастармен, оның туысқандарымен, коллегаларымен және басқа да медициналық қызметкерлермен эффективті коммуникация әдістері. 5. Оқыту әдістері және сабақ беру (кіші топта, дискуссиялар, ситуациялық есептер, парада жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.) 6. Әдибиеттер негізгі: Руководство по первичной медико-санитарной помощи + СD/ под ред. А.А.Баранова, И.Н.Денисова, А.Г Чучалина. – М., 2006. – 1584 с. Практическое руководство для врачей общей (семейной) практики /под ред. академика РАМН И.Н. Денисова. – М.: ГЭОТАР-МЕДИЦИНА, 2001. – 720 с. Сторожаков Г.И., Чукаева И.И., Александров А.А. Поликлиническая терапия: учебник. – М., 2007. – 704 с. қосымша: Поликлиническая терапия / Под ред. В.А. Галкина. – М.: Медицина, 2000. – 256 с. 3. Поликлиническая педиатрия: учебник/под ред. А.С.Калмыковой. – М., 2008. – 624 с. Керимкулова А.С., Еспенбетова А.С. Ведение кардиологических больных в амбулаторных условиях. Учебное пособие. – Семей, 2006, 2009. – 248с. Дербисалина Г.А., Дербисалин А.С., Миралеева А.И. Коммуникативные навыки в работе врача общей практики. – Актобе Мухин Н.А., Моисеев В.С., Мартынов А.И. Внутренние болезни: учебник: в 2 т.+ СД. – 2-е изд. – М., 2008. Т.1. – 61-92 с. Моисеев В.С., Кобалава Ж.Д. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство/ под ред. В.С. Моисеева. – М., 2008. – 632 с. Шулутко Б.И. Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. - СПб.: ООО «ЭЛБИ-СПб», 2007. – 800 с. Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов. Практическое руководство. - Мн. Высшая школа, Витебск, Белмедкнига, 1- 9 том – 2002–2004. 9. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер): 1. Жедел коронарлы синдромның этиологиясы; 2. Жедел коронарлы синдромның негізгі патогенезі; 3. Жедел коронарлы синдромның клиникалық көрінісі; 4. Амбулаторлы жағдайда жедел коронарлы синдромның диагностикалық критерийлері; 5. Жедел коронарлы синдромның негізгі клинико-лабораторлық өзгерістері; 6. Егде, жас адамдардағы коронарлы синдромның емдеу ерекшеліктерінің принциптері; 7. Жедел коронарлы синдром кезіндегі дәрілік-еңбектік экспертиза. 5 курс студенттеріне арналған тест-бақылау тақырыбы: «ЖДТ тәжірибесіндегі жедел коронарлы синдром» Тесттер Вариант 1 1. Ер адам 48 ж. Шағымдары 600 метр жүргенде және 3 этажға көтерілген кезде пайда болатын төс артындағы қысатын ауру сезіміне, ұзақтығы 5 минут, тоқтаған кезде басылады. Ауру сезім 3 апта бойы мазалып жүр. Объективті: пульсі 75 минутына, артериальді қан қысымы 120/80 мм с.б. Жүрек тондары бәсен, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ритм синусты, дұрыс, ЖСЖ 75 минутына. Жүректің электрлік осі қалыпты. Төменде айтылған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? +A) Алғаш рет пайда болған стенокардия B) Жедел миокард инфаркті C) Күш түсу стенокардиясы ФК III D) Вазоспастикалық стенокардия E) Үдемелі стенокардия 2. Ер адам 55 ж. Шағымдары 500 метр жүргенде және 3 этажға көтерілген кезде пайда болатын төс артындағы қысатын ауру сезіміне, ұзақтығы 5-10 минут. Ауру сезімі 6 ай бойы, кейде нитроглицерин қолданады. Объективті: акроцианоз, пульс 80 минутына, артериальнді қан қысымы 130/90 мм с.б. Жүрек тондары бәсен, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ритм синусты, дұрыс, ЖСЖ 75 минутына. Жүректің электрлік осі горизонтальді. Төменде айтылған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? A) Алғаш рет пайда болған күш түсіру стенокардиясы B) Күш түсіру стенокардиясы ФК I C) Күш түсіру стенокардиясы ФК II D) Күш түсіру стенокардиясы ФК III E) Күш түсіру стенокардиясы ФК IV 3.Ер адам 45 ж. Шағымдары тәңертен төс артындағы қатты қысқан ауру сезіміне, жүрек қағуына, ауа жеткіліксіздігіне, жалпы әлсіздікке. Объективті: акроцианоз, суық тершендік, ЖСЖ 90 минутына. Жүрек тондары бәсен. Электрокардиограммада: ритм синусты, жиілігі 85 минутына. Жүректің электрлік осі қалыпты. Төменде айтылған болжама диагноздардың қайсысы ТӘН болуы мүмкін? А) Күш түсіру стенокардиясы +B) Вазоспастикалық стенокардия C) Үдемелі стенокардия D) Алғаш рет пайда болған стенокардиясы E) Жедел коронарлы жеткіліксіздік 4. Ер адам 60 ж, төменгі жақ астына берілген, кенеттен пайда болған төс артындағы қатты ауру сезімінен оянды, 2 рет изокет қабылдаған, ауру сезімі қайтпаған. Айқын әлсіздік өсе бастаған. Электрокардиограммда: синусты тахикардия 95 минутына. Жүректің электрлік осі горизонтальді. II, III, aVF әкетулерінде Q тісшесі 0,05 секунд және ST сегменті жоғарлаған, I, aVL, V2-V4 әкетулерінде ST сегментінің депрессиясы. Төменде айтылған тексерулердің қайсысы арнайы ТӘН болып келеді? +А) Миоглобин деңгейі B) Лактатдегидрогеназа деңгейі C) Тропонин Т ферментінің деңгейі D) Тропонина I ферментінің деңгейі E) Креатинфосфокиназ деңгейі Е) Уровень МВ-кретининфосфокиназа 5. Әйел 55 ж. физикалық күштемеге байланысты емес, бірақ нитроглицеринді қабылдағаннан кейін басылатын жүрек аймағында болатын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде төменгі аяқ қолдарының варикозды кеңеюі. Объективті: Артериальді қан қысымы 160/90 мм с.б. Электрокардиограммда: ритм синусты, дұрыс, ЖСЖ 75 минутына. Жүректің электрлік осі горизонтальді. Төменде айтылған зерттеулкердің қайсысы тиімді? A) Велоэргометрия В) Обзиданмен сынама C) Эхокардиография D) Коронароангиография +E) Тәуліктік мониторлеу 6. Ер адам 50 ж. Шағымдары 5 мин шамасындай болатын өзімен немесе нитроглицеринді қабылдағаннан кейін қайтатын төстің жоғарғы аймағындағы ауру сезіміне; ауру сезімі көбінесе түнге қарай байқалады. АҚҚ - 120/80 мм с. б., пульсі 62 минутына, ЭКГ тыныштықта патологиялық өзгерістер жоқ. Физикалық күштемемен болатын сынама теріс. ЭКГ- да ауру ұстамасы болған кезде кеуде әкетулерінде ST сегментінің жоғарлағаны тіркелген. Қандай диагноз ТӘН? А) кардиалгия В) нейроциркуляторлы дистония С) күш түсіру стенокардия +D) спонтанды стенокардия Е) обструктивті кардиопатия 7. Жүрек аймағындағы ауру сезім интенсивтілігі максимальды тез өсуі неге тән: А) кардиалгия +В) миокард инфарктісі С) өкпе артериясының тромбоэмболиясы D) қолқаның бөлінуі (расслоения аорты) Е) жедел перикардит 8. Ер адам 50 ж, шылым шегеді, бронхиттің жедел өршуімен, бүгін түнде алғаш рет төс артында күйдерген ауру сезімі пайда болды және мойынға берілді, ұзақтығы жарты сағат, тыныс алумен байланысты емесәлсіздік және тершендік. Қандай диагноз ТИІМДІ? А) мойын остеохондрозы В) спонтанды пневмоторакс С) өкпелік жүрек +D) миокард инфарктісі Е) өкпе инфаркті 9. Алғаш рет пайда болған стенокардия кезінде дәрігердің тактикасы қандай? А) Амбулаторлы жағдайда емдеу В) Емхананың күндізгі стационарында емдеу С) Жоспарлы түрде госпитализациялау +D) Жедел госпитализация Е) Ем жүргізілінбейді 10. Әйел 55 ж, физикалық күштемеге байланысты емес, бірақ нитроглицеринді қабылдағаннан кейін басылатын жүрек аймағында болатын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде төменгі аяқ қолдарының варикозды кеңеюі. Артериальді қан қысымы 160/90 мм с.б. дейін жоғарлайды. ЭКГ 12 стандартты әкетулерде өзгерістер жоқ. Какое первоочередное исследование необходимо провести пациентки для подтверждения Диагнозды дәлелдеу үшін науқасқа ең біріншіден қандай зерттеу жүргізу қажет? А) Фиброгастроскопия В) Өңешті контастирлеумен рентгенография +С) Тәуліктік мониторлеу D) Коронароангиография Е) Қанда ферменттердің деңгейін анықтау 11. Семсер тәрізді өсіңдісінде орналасқан, кеудесі күйдірып ауырса, кеуде қуысының сол жағына, қолға берілсе, жатқан кезде пайда болса, ал тұрғанда әлсіресе немесе жоғалсатын онда қандай патология туралы ойлауға болады? А) Миокард инфарктісі В) Перикардит +С) Көкеттің өнеш тәрізді саңылауы D) Ауруханадан тыс пневмония Е) қабырға аралық невралгия 12. Ер адам 50 ж. Қатты физикалық күштеме түскен кезде пайда болатын сол жақ кеуде қуысындағы ауру сезіміне шағымданды. Сол жақ қолымен қимылдаған кезде және терең дем алғанда ауру тез күшейеді. Перкуторлы тимпаникалық дыбыс. Өкпесін тындағанда сол жағында тынысы әлсіреген. Қандай диагноз болуы МҮМКІН? А) ЖИА. Стенокардия В) остеохондроз С) қабырға аралық невралгия +D) спонтанды пневмоторакс Е) плеврит 13. Науқас М., 40 ж. Мойынға берілетін және дем алған кезде күшейетін жедел төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезім кеше кешке қарай пайда болды және, өсе келе тәңертен максимумға жетті. Бір апта бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ. Қандай диагноз болуы МҮМКІН? А) Миокард инфарктісі В) Жедел трахеобронхит +С) Жедел перикардит D) Остеохондроз Е) Титце синдромы 14. Миокард ишемиясын диагностикалау үшін ST (қанша мм) сегментінің қандай депрессиясы маңызды: А) 0,5 мм В) 0,8 мм С) 1 мм D) 1,2 мм +Е) 1,5 мм 15. Әйел 35 ж, келесі шағымдармен келді жүрек аймағындағы сыздаған ауру сезімі, ентігу, жүрек қағуы, жүрек ырғағының бұзылуы, дене қызуы 38°С. Жоғарлауы. Анамнезінде: тұмаудан кейін 2-апта бойы аурып жүр. Объективті: жүрек- 1 тон бәсендеген, жүрек ұшында систолалық шу, жүректің сол жақ шекарасы солға қарай 1 см кеңейген. ЖҚА: Нв 125 г/л, Эр 4,2х1012/л, Л 10х109/ л, ЭТЖ 30 мм/с. ЭКГ- Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық емес блокадасы, қарыншалық экстрасистолия. Қандай диагноз ТИІМДІ? A) стенокардия B) перикардит +C) миокардит D) эндокардит E) ревматизм 16. Ер адам 65 ж, тұрақсыз стенокардия және созылмалы обструктивты бронхитпен аурады, кенеттен тұншығу ұстамасы, ауа жеткіліксіздігі және төс артындағы қысатын ауру сезімі пайда болды. Объективті: өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, жайылған құрғақ сырылдар, жүрек тондары бәсен, галоп тәрізді ырғақ. АҚҚ 80/50 мм с.б. Нитроглицерин қабылдауы жағдайын жақсартпады. Қандай диагноз ТИІМДІ? A) миокард инфарктісі, ырғақ бұзылысымен асқынған +B) миокард инфарктісі, инфаркт миокарда, кардиогенді шокпен асқынған C) миокард инфарктісінің астмалық формасы D) бронхиальді демікпе ұстамасы E) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы 17. Тұрақты стенокардия кезінде біріншілік ем қандай: А) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар +В) нитраттармен терапия С) антибиотиктермен терапия D) протонды помпа тежегіштері Е) гормональді терапия 18. ААФ ингибиторларын абсолютты қарама қарсы көрсеткіштері қандай: А) систолалық АҚҚ 120 мм с б. жоғары В) систолалық АҚҚ 100 мм с б. төмен С) бүйрек жеткіліксіздігі +D) 2 жақты бүйрек артериясының стенозы Е) миокард дисфункциясының айқын жиырылуы 19. ЖИА бар науқастарға қандай жұмыс істеуге болмайды? A) оқытушы B) хатшы C) бухгалтер +D) диспетчер E) лаборант 20. Күш тасымалдайтын күш түсіру ФК2 стенокардиясы бар науқастың еңбекке қабілеттілігі қандай? А) еңбекке жарамды +В) еңбек қабілеттілігі шектелген С) 1 топтағы мүгедек D) 2 топтағы мүгедек Е) 3 топтағы мүгедек 21. Әйел 53 ж, хирургиялық бөлімшеде жатыр. 8-ші күні операциядан кейін отырайын деген жағдайда кенеттен тұншығу сезімі пайда болды, диффузды цианоз күшейе түсті, суық тершендік болды. Объективті: АҚҚ 50/20 мм с б., тондары керен, тахикардия. Өкпесінде өзгерістер жоқ. Қандай диагноз ТИІМДІ? А) миокард инфарктісі +В) өкпе артериясының эмболиясы С) қолқаның аневризмасы D) жүрек демікпесі Е) нейроциркуляторлы дистония 22. Ер адам 55 ж, жұмысында кенеттен есін жоғалты. Пульсі жиі, толуы аз. Айқын бозарған. Тондары бәсен, ырғақты. АҚҚ 80\60 мм сб. 10 мин. Кейін науқас есін жинады. Бірақ әлсіздік қалды. ЭКГ – бұлшықетте бүйір қабырғасында қшақты өзгерістер бар. Қандай диагноз ТИІМДІ? +А) миокард инфарктісі В) өкпе артериясының эмболиясы С) қолқаның аневризмасы D) жүрек демікпесі Е) нейроциркуляторлы дистония 23. Ер адам 61 ж., автобуста кенеттен есін жоғалтты. Объективті: айқын акроцианоз. Пульс – жоқ. Тынысы сирек, беткей. 5 мин. Кейін жедел жәрдем дәрігері ЭКГ тұсырды. ЭКГ сирек QRS комплекстері тіркелген, ырғақты жиілігі 1 рет 2-3 сек. Қандай диагноз ТИІМДІ? А) есінен тану В) ми инсульті С) ЖИА (Морганьи-Эдемс-Стокс с-мы) +D) кенеттен коронарлы өлім (жүрек тампонадасы) Е) өкпе артериясының эмболиясы 24. Ер адам, 54 ж. Шағымдары жаурын астына берілетін жүрек аймағындағы қысатын ауру сезімі, нитроглицирин қабылдағаннан кейін 30 минутта басылады. Ауру сезімі 1 жыл шамасындай 1-2 рет пайда болады, әсіресе тәңертен. Қандай диагноз ТИІМДІ? А) стабильді стенокардия, ФК 4 В) жедел миокард инфарктісі С) өкпе артериясының эмболиясы +D) спонтанды стенокардия Е) үдемелі стенокардия 25. Ер адам 37 ж, тәңертен жүрген кезде периодты түрде қысқа уақыттай болатын төс артындағы қысатын ауру сезімін, қолдарының жансыздануын байқайды. Терен дем алған кезде ауру сезімі күшейе түседі. Ауру болған кезде науқас жүруін бәсендетеді. Алғаш рет осындай жағдайлар 1 ай бұрын болған. Қандай диагноз ТИІМДІ? А) Стабильді стенокардия, ФК 2 +В) Алғаш рет пайда болған стенокардия С) Вариантты стенокардия D) Көкеттің өнеш тәрізді саңылауы Е) Омыртқаның кеуде бөлімінің остеохондрозы Вариант 2 1. Ер адам 50 ж, шылым шегеді жиі бронхиті өршіп тұрады, бүгін түнде бірінші рет төс артында күйдірген ұстамасы болды және мойынға берілді жарты сағат созылды, тыныс алумен байланысты емес, әлсіздік және тершендігі бар. Қандай диагноз ТИІМДІ болады? А) Мойын остеохондрозы В) Спонтанды пневмоторакс С) Өкпелік жүрек +D) Миокард инфарктісі E) Өкпе инфаркті 2. Әйел 55 ж жүрек аймағында қысатын ауру сезімі мазалайды, бірақ физикалық күштемемен байланысы жоқ, нитроглицерин қабылдағанннан кейін басылады. Төменгі аяқ қолдарында варикозді веналар кеңеюі бар, АҚҚ 160/90 мм. с.б. дейін жоғарлайды. ЭКГ 12 стандартті әкетулерде арнайы өзгерістер жоқ. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет? А) Велоэргометрия В) Обзиданмен сынама +С) Тәуліктік мониторлеу D) Коронароангиография E) Қанда ферменттен деңгейін анықтау 3. Семсер тәрізді өсіңдісінде орналасқан, кеудесі күйдірып ауырса, кеуде қуысының сол жағына, қолға берілсе, жатқан кезде пайда болса, ал тұрғанда әлсіресе немесе жоғалсатын онда қандай патология туралы ойлауға болады? А) Миокард инфарктісі В) Перикардит +С) Көкеттің өнеш тәрізді саңылауы D) Ауруханадан тыс пневмония Е) қабырға аралық невралгия 4. К селективным бета-1 блокаторам относится A) пропранолол B) надолол C) атенолол D) метопролол E) .бетаксолол 5. Для мелкоочагового инфаркта миокарда характерны изменения ЭКГ: А) отрицательный равнобедренный глубокий зубец Т в течение 10 дней В) мерцательная аритмия С) синусовая тахикардия D) блокада правой ножки пучка Гиса Е) появление зубца Q 6. Ер адам 47 ж, екі ай бойы төс артындағы қысатын ауру сезіміне шағымданады, олар орташа темппен 500 м жүргенде немесе баспалдақпен 3-ші этажға көтерілгенде пайда болады. Сирек жағдайда ауру сезімі тыныштық жағдайда болады. Қандай диагноз болуы мүмкін? +A) стабильді күш түсіру стенокардиясы B) жедел коронарлы синдром C) стабильді емес стенокардия D) вариантті стенокардия E) алғаш рет пайда болған стенокардия 7. Ер адам 40 ж. Бұрын остеохондрозбен ауырған. Соңғы айда жүрген кезде жаурын аралығында интенсивті ауру сезімі пайда бола бастады, ол оң жаұ қолға беріледі. Жаурын аралық ауру сезімі 2 минутқа созылады және тоқтаған кезде қайтады. ЭКГ қалыпты. Қандай диагноз болуы мүмкін? А) Омыртқа мойын бөлімінің остеохондрозы В) Қабырға аралық невралгия +С) Күш түсіру стенокардиясы D) Нейроциркуляторлы дистония E) Омыртқа кеуде бөлімінің остеохондрозы 8. Ер адам 40 ж, бухгалтер, шамадан тыс дене салмағы бар, темекі тартпайды, ішімдік ішпейді, келесі шағымдармен келді шамадан тыс физикалық күштемеден кейін төс артында ұстама тәрізді ауру сезімі, 1-2 минуттан жұмысты тоқтатқаннан кейін басылады. Ауру сезімі екі қолға беріледі. ЭКГ өзгерістер жоқ. Қандай диагноз болуы мүмкін? A) НЦД кардиальді тип бойынша +B) стабильді стенокардия ФКІ C) стабильді стенокардия ФКІІ D) үдемелі стенокардия E) жедел миокард инфарктісі 9. Ер адам 50 ж, шылым шегеді жиі бронхиті өршіп тұрады, бүгін түнде бірінші рет төс артында күйдірген ұстамасы болды және мойынға берілді 2-3 сағ созылды, тыныс алумен байланысты емес, әлсіздік және тершендігі бар. Ер адам 50 ж, шылым шегеді жиі бронхиті өршіп тұрады, бүгін түнде бірінші рет төс артында күйдірген ұстамасы болды және мойынға берілді жарты 2-3 сағат созылды, тыныс алумен байланысты емес, әлсіздік және тершендігі бар. Қандай диагноз ТИІМДІ болады? А) Мойын остеохондрозы В) Спонтанды пневмоторакс С) Өкпелік жүрек +D) Миокард инфарктісі E) Өкпе инфаркті А) Мойын остеохондрозы В) Спонтанды пневмоторакс С) Өкпелік жүрек +D) Миокард инфарктісі E) Өкпе инфаркті 10. Ер адам 63 ж. ЖИА, стенокардиясы бар. Соңғы бір аптада ангинозді ұстамалар жиілеп кетті, ұзақтығы 5-7 минут, ауру сезімін басу үшін нитроглицерин қабылдауы керек. Осы жағдайда ЖТД тактикасы қандай. A) ұзақ әсер ететін нитраттарды тағайындау B) кардиолог кеңесіне бағыттау C) қабылдайтын препараттар дозасын жоғарлату +D) кардио бөлімшесіне стац емге бағыттау E) үйде стационар ұйымдастыру 11. Ер адам 65 ж, стабильді емес стенокардиясы және созылмалы обструктивті бронхиті бар, кенеттен тұншығу ұстамасы пайда болды, ауа жетпеу сезімі және төс артында және жүрек аймағында қысытын ауру сезімі. Объективті қарап тексергенде: жайылмалы құрғақ сырылдар, өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар, жұрек тондары бәсен, ритмі галоп тәрізді, АҚҚ 80/50 мм с.б. Нитроглицеринді қабылдау жағдайын жақсартпады. Қандай диагноз болуы мүмкін? A) миокард инфарктісі, ырғақ бқзылысымен асқынған +B) миокард инфарктісі, кардиогенді шокпен асқынған C) миокард инфарктісі астматикалық формасы D) бронхиальді демікпе ұстамасы E) созылмалы обструктивті бронхиттің асқынуы 12. Ер адам 65 ж, жедел миокард инфарктісін алған, кеуде қуысында ауру сезімі пайда болды, қызба, перикардтың үйкеліс шуы, ЭТЖ жоғарлауы, динамикада ЭКГ өзгерістер жоқ. Қандай диагноз болуы мүмкін? A) миокардта жайылған зақымдалу зонасы B) идиопатиялық перикардит +C) инфаркттан кейінгі синдром (Дресслер синдромы) D) миокардтың жыртылуы E) жүрек хордаларының жыртылуы 13. Ер адам 30 ж. Кеуде қуысының сол жақ бөлігіндегі ауру сезімі шағымданады, оны дене қозғалысымен байланыстырады. Терен дем алғанда ауру сезімі болмайды. Ауру тәңертен пайда болды. Бірнеше күннен кейін тумау белгілері пайда болды. Кеуде қуысын пальпациялағанда сол жақ IY қабырға аралығында ауру сезімі бар. Қандай диагноз болуы мүмкін? +A) жедел қабырға аралық невралгия B) сол жақ құрғақ плевриті C) ЖИА, күш түсіру стенокардиясы D) омыртқа кеуде бөлімінің остеохондрозы E) қолқа аневризмасы 14. Ер адама 70 ж, кеуде қуысының сол жақ бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады, ол физикалық күштемеден кейін пайда болады, ентігу және дем алуы қиын. Көп жылдар бойы ӨСОБ эмфиземасы бар. Сол жақ қолымен қимылдаған кезде және терен дем алғанда ауру сезімі күшейеді. Объективті: кеуде қуысы бошке тәрізді, өкпе аускультацияда жайылған құрғақ сырылдар, барлық аймақ бойынша, сол жақтын төменгі бөлігінде тыныс естілмейді, перкуторлы тимпанит. Қандай диагноз болуы мүмкін? A) экссудативті плеврит B) кеуде қуысының остеохондрозы C) қабырға аралық невралгия +D) спонтанді пневмоторакс E) жедел миокард инфарктісі 15. Ер адам 49 ж, жедел миокард инфарктісін алған, кеуде қуысында ауру сезімі пайда болды, қызба, перикардтың үйкеліс шуы, ЭТЖ жоғарлауы, динамикада ЭКГ өзгерістер жоқ. Қандай диагноз болуы мүмкін? A) миокардта жайылған зақымдалу зонасы B) идиопатиялық перикардит +C) инфаркттан кейінгі синдром (Дресслер синдромы) D) миокардтың жыртылуы E) жүрек хордаларының жыртылуы 16. Ер адам 40 ж. Кеуде қуысының сол жақ бөлігіндегі ауру сезімі шағымданады, оны дене қозғалысымен байланыстырады. Терен дем алғанда ауру сезімі болмайды. Ауру тәңертен пайда болды. Бірнеше күннен кейін тумау белгілері пайда болды. Кеуде қуысын пальпациялағанда сол жақ IY қабырға аралығында ауру сезімі бар. Қандай диагноз болуы мүмкін? +A) жедел қабырға аралық невралгия B) құрғақ сол жақ плевриті C) ЖИА, стенокардия D) омыртқа кеуде бөлімінің остеохондрозы E) қолқа аневризмасы 17. Жедел коронарлы синдром (ЖКС) бұл: +А) ЖМИ симптомдарына күдік туғызады В) нейро-циркуляторлы дистония С) стабильді стенокардия D) ауру сезімсіз миокард ишемиясы E) кардиомиопатия 18. МИ және қолқа аневризмасын салыстырмалы диагностикасы кезінде қандай әдіс информативті: А) коронарография +В) өңеш арқылы ЭхоКГ С) фонокардиограмма D) гастродуоденоскопия E) миокардтың сцинтиграфиясы 19. Резорбционді-некротикалық синдром көрсеткіштеріне жатады: +А) лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, гиперферментемия В) гиперкоагуляция С) гиперхолестеринемия D) гипергликемия Е) гипербилирубинемия 20. Резорбционді-некротикалық синдром байқалады: +А) Миокард инфаркте В) тыныштық стенокардиясында С)күш түсіру стенокардиясы D) жұқпалы эндокардит Е) ревматизм 21. Миокард инфаркта этиологиялық себебі болып не табылады: +А) атеросклеротикалық өзгерген коронарлы тамырлардың тромбозы В) интактті коронарлы тамырлардың тарылуы С) атеросклеротикалық өзгерген коронарлы тамырлардың тарылуы D) ревматизм, септикалық эндокардит кезінде тромбоэмболия Е) коронарлы тамырлардың атеросклерозы 22. Науқас жедел миокард инфаркте алған ауру ұстамалары 72 сағат ішінде инфаркт алғаннан кейін қайталанып жатыр. Қандай себеп болуы мүмкін? +А) некроз зонасының кеңеюі В) қайталамалы МИ С) МИ асқынулары D) МИ рецидиві Е) МИ жеделдеу кезені 23. Коронарлы қан айналым бұзылысы жедел МИ алғаннан екі айдан кейін дамиды. Қандай себеп болуы мүмкін? +А) қайталамалы миокард инфаркт В) некроз зонасының кеңеюі С) МИ рецидиві D) МИ асқынулары Е) стенокардия ұстамасы 24. Асқынбаған МИ кезінде тыртықтану уақтысы қанша: +А) 6 айға дейін В) 15 күн С) 20 күн D) 1 айға дейін Е) 10 күнге дейін 25. Ірі ошақты МИ басты ЭКГ-белгісі (некроз) болып табылады: +А) терен және кең Q тісшесі В) теріс Т С) ST изолинияда D) толық атрио-вентрикулярлы блокада Е) сол жақ Гис шоғырының толық блокадасы Ситуациялық есептер. 1. Науқас 45 ж, университетте оқытушы. Кардиология бөлімінен мынандай диагнозбен шыққан: ЖИА. Сол жақ қарыншаның алдынгы қабырғасының ұсақ ошақты миокард инфарктісі, тыныштық күйде стенокардия, коронарлы артериялардың атеросклерозы. Госпитализацияланған себебі тыныштық жағдайда немесе қобалжығанда кеуде куысындағы ауру сезімі, нитроглицеринге басылмайды. Стационарда жатқан кезде бірнеше реи ЭКГ түсірген V1 және V2 әкетулерінде Т теріс. Стационарда болған кезде олар аз өзгерген. Перкуссияда және рентгенологиялық зерттеулерде жүрек шекаралары солға қарай кеңейген. Сол жақ типті ЭКГ V1-4 Т тісшесі теріс. АҚҚ 130/180 мм.с.б. Соңғы 4 ай бойы басының ауырғанын, жүрек қағысын байқайды. Бетінің ыстық болуы, тітіркендіргіш. Омыртқаның кеуде аймағының рентгенограммасында – омыртқа аралық дисклердің остеохондрозы және өзгерістер ол деформирлеуші спондилезға тән. Сол жақ иықтың қосарлануына басқан кезде қатты ауру сезімі пайда болады. Сондай ақ қабырғаның сүйек-шеміршек қосарлануына басқан кезде ауру сезім болады. Стационарда қойылған диагнозбен Сіз келісесізбе? Сіздің нұсқауларыныз және науқастың еңбекке қабілеттілігі туралы пікірініз қандай? 2. Науқас 48 ж, инженер - конструктор, ірі ошақты сол жақ қарыншаның алдынғы қабырғасының миокард инфарктісін алған, айтарлықтай асқынуларсыз өткен. 32 күн бойы кардиологиялық стационарда ем қабылдаған. Шығар алдында баспалдақтын екі маршын меңгерген, коридорда жүрген. Далада таза ауада екі реттен 1000 м. қащықтыққа жүрген. Тыныштық жағдайда және физикалық жаттығуларды жасаған кезде стенокардия ұстамалары болмайды. Науқасты реабилитацияның 2 фазасын өткізуге дайын деп санауға болама? 3. Науқас 44 ж, педагог, жедел трансмуральді алдынғы қабырғалық МИ алған, айтарлықтай асқынуларсыз өткен. Стационарлық емде 45 күн. Стенокардия ұстамалары күніне 1-2 рет, нитроглицеринге басылады. Шығар алдында баспалдақтын екі маршын меңгерген, далада 100 м. жүреді. ЕФК сабағынын кейін пульсі 30 минутқа жиілейді және бастапқы деңгейге 5 минуттан кейін келеді, тыныс алу жиілігі 9 ұлғаяды, систолалық қысым 45 мм.с.б. жоғардайды. Науқасты реабилитацияның 2 фазасын өткізуге және физикалық белсенділігін кеңейтуге дайын деп санауға болама? 4. Ер адам 51 ж, хирургиялық бөлімшесінде жатыр. Операциядан 1 аптадан кейін отырайын деген жағдайда кенеттен тұншығу сезімі пайда болды, диффузды цианоз күшейе түсті, суық тершендік болды. Объективті: жағдайы ауыр. Айқын цианоз. Өкпесінде аускультативті – ылғалды сырылдар, кейде крепетация ТАЖ 30 мин, жүрек тондары бәсен, тахикардия. ЖСЖ 100 мин. АҚҚ 50/20 мм с.б. Іші өзгеріссіз. ЭКГ – 1 әкетуде терен S тісшесі және 3 әкетулерде патологиялық O тісшесі, Р-пульмонале. 1. Диагнозды құрастырыныз. 2. Дұрыс диагноз қою үшін қажетті зерттеулерді анықтаныз. 3. Емдеу тактикасын және алдын алу шараларын анықтаныз. 5. Ер адам 37 ж, тәңертен жүрген кезде периодты түрде қысқа уақыттай болатын төс артындағы қысатын ауру сезімін, қолдарының жансыздануын байқайды. Терен дем алған кезде ауру сезімі күшейе түседі. Ауру болған кезде науқас жүруін бәсендетеді. Алғаш рет осындай жағдайлар 1 ай бұрын болған. 1. Диагнозды құрастырыныз. 2. Дұрыс диагноз қою үшін қажетті зерттеулерді анықтаныз. 3. Емдеу тактикасын және алдын алу шараларын анықтаныз. Есептерге ЭТАЛОН ЖАУАПТАРЫ 1.Сол жақ кеуде қуысының ұзақ ауру сезімі, айқын вегетативті көріністердің болуына (бетінің ыстық болуы, жүрек қағуы, басының ауруы) қарай, ЭКГ динамиканың болмауы климактериялық (дисгормональді) миокардиодистрофия туралы ойландырады. Диагнозды дәлелдеу үшін гинекологтын, эндокринологтын кеңесі және анаприлинмен сынама жасау қажет. Сонымен қатар науқаста омыртқа аралық остеохондроз, кеуде бөлімінің деформирлеуші спондилёзы түбірлік синдромымен. Науқасқа түсіндіру қажет ИМ онда болған жоқ. Науқасты невропатолог және гинеколог қарағаннан кейін өзінің кәсібі жұмысын бастаса болады. 2. Миокард инфарктісі айқын асқынуларсыз өтеді. Реабилитацияның ауруханалық фазасынын аяғында физикалық активтілік, науқас реабилитацияның 2 фазасына дайын деп және тұрақты түрде физикалық жаттығуларды жоғарлатуға болады деген дәрежесіне жеткенде. 3.Науқас физикалық күштемені кеңейтуге әлі дайын емес, өткені күштемеге адекватты реакция болып саналады егер: алғашқы 2-3 минутта және одан кейін күштеме биіктігінде пульстің жиілеу 20 рет минутына немесе 10 рет минутына сирек болса, тыныс алу 6-8 мм.с.б. жиілейді. Қалыпты деп саналады егер пульстің жиілігі 2-3 минутта алғашқы деңгейге келсе. Науқаста осы барлық көрсеткіштер жоғары. Науқас реабилитацияның 2 этапына дайын, бірақ физикалық күштемені кеңейтуге дайын емес. 4. Диагноз: Өкпе артериясының тромбоэмболиясы 5. ЖИА. Алғаш рет пайда болған стенокардия госпитализациялау көрсетілген Информационді-дидактикалық блогы Жедел коронарлы синдромның диагностикасы. ЖКС – стабильді емес стенокардия, миокард инфарктісі. Бұл екі жағдай патологиялық процестің дамуымен болады, науқастың өміріне қауіп туғызады, жоғарылетальдықпен жүреді, тез дәлелді диагностиканы және тез, агрессивті, адекватті емді талап етеді. Жіктелуі Даму сатысына қарай: - Жеделдеуші кезеңі
- Жедел кезең
- Жеделдеу кезең
- Тыртықтану кезеңі
Зақымдалу анатомиясына қарай: - Трансмуральды
- Интрамуральды
- Субэндокардиальды
- Субэпикардиальды
Зақымдалу көлеміне қарай: - Ірі ошақты (трансмуральді), Q-инфаркт
2. Ұсақ ошақты, Q- сыз инфаркт Некроз ошағының орналасуы. - Сол жақ қарыншаның миокард инфарктісі (алдынғы, бүйірлік, төменгі,астынғы, артқы)
- Жүрек үшының изолирленген миокард инфарктісі
- Қарынша аралық перденің миокард инфарктісі (септальді)
- Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісі
- Аралас орналасу: артқы-төменгі, алдынғы-бүйірлік және т.б.
Этиологиясы Миокард инфаркті дамиды егер миокардты қанмен қамтамассыздайтын тамыр саңылауы обтурацияланса (коронарлы артерия). Себептері (кездесу жиілігі бойынша): - Коронарлы артериялардың атеросклерозы (тромбоз) 93-98 %
- Хирургиялық обтурация ( артерияны байлау немесе ангиопластика кезінде диссекция)
- Коронарлы артериялардың эмболизациясы (коагулопатия кезіндегі тромбоз, майлы эмболия )
|